Төртжолақты қарашұбар жылан (лат. Elaphe quatuorlineata) - қабыршақтылар отрядының Сарыбас жыландартәрізділер тұқымдасына жатады.
Төртжолақты қарашұбар жылан | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||||||||
Elaphe quatuorlineata (, 1789) | ||||||||||||||||||
Coluber quatuorlineatus , 1789 |
Мекені
Дүние жүзінде Сицилия аралы мен Апеннин түбегінен бастап, Украинаның оңтүстік бөлігі мен Кавказ арқылы Қазақстанға дейін таралған. Республика жерінде Маңғыстауда, Үстірт пен Аралдың солтүстігінде кездеседі. Бекінген не жартылай бекінген құмдарды, сазды және сортаңды жерлерді, тасты шөлдер мен өзен аңғарларын мекендейді.
Сипаттамасы
Ұзындығы 160 см, денесінің үстіңгі жағында ұзына бойына созылып жатқан төрт қара сұр жолақ не қара дақтар болады. Бүйірінде бір қатар майда дақтар орналасқан. Бүйіріндегі қабыршақтар қызғылт не қызғылт сары түсті. Ересектерінде көзінің артынан езуіне дейін созылған қара жолағы бар, ал жас жыландарда бұл жолақ танау тесігінен көзінің алдына дейін созылады. Жас жыланның басындағы ерекше сурет есейе келе жойылып, басының түсімен бірдей болып кетеді. Ересектерінің үстіңгі ернінің қалқаншалары ашық сары түсті, көзінің нұрлы қабығы – қара. Бауыры сарғыш, аздаған дақтар көрінеді, кейде олардың болмауы да мүмкін. Қысқы ұйқыдан сәуірде оянады. Күндіз және ымыртта белсенді. Кеміргіштердің інін, жарықшақтарды, қуыстарды баспана етеді. Маусымда 6 – 16 жұмыртқа салады, олардан қыркүйектің соңы – қазан айының басында жас жыландар шығады. Негізінен ұсақ сүтқоректілермен, құмтышқандармен, құстар мен олардың жұмыртқалары, кесірткелермен қоректенеді. Қолға тез үйренеді, ұстауға қолайлы, усыз жылан. Мазалаған кезде құйрығының ұшын дірілдетіп, дыбыс шығарады. Төртжолақты қарашұбар жылан Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Дереккөздер
- Boulenger, G.A. 1894. Catalogue of the Snakes in the British Museum (Natural History), Volume II. London.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tortzholakty karashubar zhylan lat Elaphe quatuorlineata kabyrshaktylar otryadynyn Sarybas zhylandartәrizdiler tukymdasyna zhatady Tortzholakty karashubar zhylanDүniesi ZhanuarlarZhamagaty HordalylarTaby Bauyrymen zhorgalaushylarSaby ҚabyrshaktylarKishi saby ZhylandarTukymdasy Sarybas zhylandartәrizdilerKishi tukymdasy Tegi Tүri E quatuorlineataElaphe quatuorlineata 1789 Coluber quatuorlineatus 1789 Elaphis quadrilineatus 1839 Elaphis quaterradiatus amp 1854MekeniDүnie zhүzinde Siciliya araly men Apennin tүbeginen bastap Ukrainanyn ontүstik boligi men Kavkaz arkyly Қazakstanga dejin taralgan Respublika zherinde Mangystauda Үstirt pen Araldyn soltүstiginde kezdesedi Bekingen ne zhartylaj bekingen kumdardy sazdy zhәne sortandy zherlerdi tasty sholder men ozen angarlaryn mekendejdi SipattamasyҰzyndygy 160 sm denesinin үstingi zhagynda uzyna bojyna sozylyp zhatkan tort kara sur zholak ne kara daktar bolady Bүjirinde bir katar majda daktar ornalaskan Bүjirindegi kabyrshaktar kyzgylt ne kyzgylt sary tүsti Eresekterinde kozinin artynan ezuine dejin sozylgan kara zholagy bar al zhas zhylandarda bul zholak tanau tesiginen kozinin aldyna dejin sozylady Zhas zhylannyn basyndagy erekshe suret eseje kele zhojylyp basynyn tүsimen birdej bolyp ketedi Eresekterinin үstingi erninin kalkanshalary ashyk sary tүsti kozinin nurly kabygy kara Bauyry sargysh azdagan daktar korinedi kejde olardyn bolmauy da mүmkin Қysky ujkydan sәuirde oyanady Kүndiz zhәne ymyrtta belsendi Kemirgishterdin inin zharykshaktardy kuystardy baspana etedi Mausymda 6 16 zhumyrtka salady olardan kyrkүjektin sony kazan ajynyn basynda zhas zhylandar shygady Negizinen usak sүtkorektilermen kumtyshkandarmen kustar men olardyn zhumyrtkalary kesirtkelermen korektenedi Қolga tez үjrenedi ustauga kolajly usyz zhylan Mazalagan kezde kujrygynyn ushyn dirildetip dybys shygarady Tortzholakty karashubar zhylan Қazakstannyn Қyzyl kitabyna engizilgen DerekkozderBoulenger G A 1894 Catalogue of the Snakes in the British Museum Natural History Volume II London Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VIII tom Bul biologiya bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz