Қадырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді.
Қадырғали Қосымұлы Жалайри | |
---|---|
Дүниеге келгені: | 1530 жылы |
Қайтыс болғаны: | 1605 жылы |
Мансабы: | Тәуекел сарайында қызмет етіп, , кеңесшілік рөл атқарған |
Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахан әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген.
Өмірбаяны
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри қазақтың ұлы хандарының бірі Тәуекел сарайында қызмет етіп, ақылшы, кеңесшілік рөл атқарған. Ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жақсы меңгергендіктен, асқан зор білімінің арқасында жас бекзадаларды оқытып, тәрбиелеген. Әсіресе оның үлкен үміт еткені — Оразмұхаммед сұлтан еді. Өзінің ғылыми еңбегінде бұл туралы былай дейді: "Менің аталарым Оразмұхаммед сүлтанның аталарына қызмет етті. Өзім Оразмұхаммедтің қасында болдым".
ХVI-ХVII-ғасырларда жалайырлардың бір бөлігі Ұлытау, Көкшетау аймағында көшіп жүрген. Қазіргі географиялық картада, Арқа жақта Жалайыр, Керей көлі, Найман деген ұзыннан ұзақ бел-белестер бар. ХVIII-ғасырдағы Жоңғар қалмақтары жасаған жойқын шабуылда ("Ақтабан шүбырынды, алқакөл сүлама" заманында) Жалайырлар әуелі Бетбақдалаға ығысып, кейін құба қалмақтар жеңіліп, қазақтың кең даласы жаудан тазара бастаған соң, жылжи-жылжи Шу, Іле, Қаратал өзендерінің жағалауына келіп орналаса бастайды.
Қазақ хандарының қыстық қонысы Түркістанда болған да, жазда Арқа жаққа, Көкшетауға көшіп барады екен. Хан-сұлтандар ол кезде аң аулауға жеке дара шықпайды, көп нөкер, саятшы ерткен. Бұл кезде бір орталыққа бағынып,жаңа күшейіп келе жатқан орыс патшалары оңтүстік-шығыстағы көршісі қазақ хандығымен қарым-қатынасын кеңейтуге мүдделі-түғын. Шығысында пайда болған үлкен мемлекет Жоңғар хандығы, оңтүстік батысында өзбек әмірлері, Жайықжақтан башқұр мырзалары тыныштық бермей отырған қазақ хандары да орыстармен сыпайы сауда-саттық қатынас жүргізіп жатқан. Оқта-текте Мәскеуге елшілері де барып қайтатын. Бірақ өздерін ішке кіргізбейтін. Сол кездердің өзінде-ақ қазақ хандығы әлсірей қалса, ұлан байтақдаланы иемдену сияқты түпкі арам ойы бар орыс патшалары сол елдің ішкі-сыртқы жағдайын, тарихын, салт-санасын, әскери күшін, қорғану қабілетін жете білуге тырысуы заңды еді. Осы мақсатпен олар ханның айналасындағы адамдардан түтқын алуды бұрыннан ойлап жүрген. Жас сұлтан Оразмұхаммедтің аңшылыққа құмар екенін, жылма-жыл ерте көктемде, күзде Ертіс, Тобыл бойын жағалап ит жүгіртіп, құс салатынын жансыздары арқылы біліп отырған Сібірдегі орыс әкімдері (патшаның тапсырмасы бойынша) аңдып жүріп, Тобыл алқабында қаршыға салып, көңіл көтеріп жүрген Оразмұхаммедті, Қадырғали Жалайри бастаған саятшы, нөкерлерімен қоса тұтқынға алады да, "аманат" ретінде Мәскеуге жөнелтеді. Бұл 1588 жыл еді.
Оразмұхаммедтің хан ордасы адамы екенін, Қадырғали Жалайри Шығыс тарихын, мәдениетін жақсы білетінін, көп тілдерді игерген ғұлама екенін сезген соң, орыс патшасы оларды жақсы қабылдайды, өз маңайында ұстайды. Әскер өнерін жетік білетін батыр жігіт Оразмұхаммед 1590-91 жылдары орыстардың Шведтерге, Қырым хандығына қарсы жүргізген соғыстарына қатысып, ерлік көрсетеді. Соны ескерген жөне оның хан тұқымы екенін білетін патша Федор Иоанович 1592 жылы Ока өзені бойындағы мұсылмандар мекендейтін бұрынғы Қасымов хандығынан Оразмұхаммедке жер бөліп береді, 1600 жылы ұлы патша Борис Годунов Оразмұхаммедті Қасымов ханы етіп тағайындаған. Өзінің арғы тегі жалайыр екенін білді ме, жоқ па — әйтеуір Қадырғали Жалайри бек те зор құрметке бөленіп, бас уәзірлік қызметін атқарады. Қазақ елінің тарихы жөніндегі ғылыми еңбекті де Борис Годуновтың тапсырмасы бойынша жаздым деуі орынды. Себебі бұл еңбек ақ патшаға арналған және алғашқы тарауында соның билік жүргізу жүйесін бейнелейді.
Қадырғали Жалайридің бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ш.Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Байұзақ Албани: "Тарихнамада оның есімі Әбілғазы, Бабыр, Бенаи сияқты ғүлама тарихшылармен қатар аталады. Орыс ғалымдары Н.И.Ильминский, И.Н.Березин, В.В.Вельяминов-Зернов оның еңбегін жоғары бағалады", — дейді "Тарихи таным" атты кітабында. (195-бет). Оразмұхаммед пен Қадыр Әлі бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы, көне тарихымыздың білгірі Мүхтар Мағауин "Аласапыран" атты романында кең және көркем баяндаған. Бұл романы үшін оған Мемлекеттік сыйлық берілгені белгілі. Соңғы кездері Қадыр Әлінің еңбегін әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінің профессоры М. Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр.
Байұзақ Албани былай дейді: "Ол жырақта жүрсе де, қазақ хандарының саяси-өлеуметтік жағдайлары, Қазақстанда рулық-патриархалдық қатынастардың қалыптасуы, хан төңірегіндегі сұлтандар мен қаршылар, бектер мен хафиздер т.б. жайында деректі жазып қалдырды. Автор жылнамада Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген жалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керейіт, алшын т.б. түркі ру-тайпаларына тарихи анықтама берді. Ол Рашид ад-Диннің парсы тіліндегі "" шежіре кітабына сүйене отырып, Шыңғысхан әулеті және оның өзі жайында аса мол деректер келтіреді, қазақ хандарының өмірбаянына тоқталады. Онда қазақ жері, оның қалалары, ХIII-ХVӀ ғ. аралығындағы қазақ жеріндегі оқиғалар, қазақ хандарының ішкі-сыртқы жағдайлары, әлеуметтік топтар және қазақжерін мекендеген ежелгі рулар бірлестігі жайында деректер бар.
Қадырғали сол Қараша мырза ма?
Тарихшылар Қадырғали Жалайыридың "Жамиғ-ат-Тауарихын" ғана төңіректеп жүр. Ал, орыс жылнамаларында Қараша мырза деп берілген ғалымның ханның ымыраға келгеніне қарамастан Ресей шеңгеліне түскен түркілерді үлкен көтеріліске бастағаны, Ермактың 5 қолбасшысының үшеуін өлтіргені әлі аз зерттелген, өзімізде аз насихатталған. Осыдан жеңілгеннен кейін Қазақ даласына қайта қашып, кейін Оразмұхамедке ілесіп аманатқа барған...
"Түрлі дерт пен аштық әскерінің біразын жусатып салған Жармақ аңғалдық пен жеңілтектігінің де зардабын шекті. Мырза әлде кінәз Қараша өз Патшасына ескертпестен Тар Ұлыста, Искерде көп тыңшы ұстады, айналадағы барлық Жұртта оның тілекшісі, жақтасы, достары көп болды; өзін отанды құтқарушы көрсеткісі келді, уақытын күтті, сөйте жүріп түрлі сый-сыяпат, Ноғайлардан қорғау туралы өтініш айтып Ресейліктерді алдаумен болды, Жармаққа да адал дос болуға сөз берді. Содан Жармақ оған Иван Кольцо бастаған қырық сарбазын қонаққа жіберді. Осы бір топ адам отқаруды екі-үш мәрте гүрс еткізіп мыңдаған жабайыны тым-тырақай ете алар еді, тек тағдыры ажалға айдаған Козактар жалған достарына сеніп барып, қынадай қырылды, Жармақтың маңдайалды баһадүрлері, айқаста арыстанша алысқан ерлері Тар Ұлыста құрбандық қойдай қанға бөкті!.. Осыдан кейін бізге олжа салушы Татар, Сібір Естектері Ресейліктерге қарсы шығып, разьезде Атаман Яков Михайловты өлтірді, майдан алаңында Қарашаға қосылып Искер маңын түндей тұтты, Жармақ тар қоршауда қалғанын көрді." (Н.М. Карамзин)
Жылнамалар жинағы
"Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда профессор И.Н.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: "Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз". Сөйтіп, ол Қадыр Әлі еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша "" — "Жылнамалар жинағы" деп атауды ұсынған. М.Қойгелдиев былай дейді: "Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербургтен табылган екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол "" — "Жылнамалар жинағы" атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадыр Әлі би еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды". ("Қазақ тарихы" журналы, 4-нөмір, 1994 жыл.)
Кейін «Жылнамалар жинағы» деген атпен әлемге әйгілі болған өзінің атақты еңбегін жазады. «Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөздерге қанық көптеген кітап оқыған адаммын» дейді ол өзі жайында. «Жылнамалар жинағы» - орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда қазақ хандығының Х ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген. Еңбек үш бөлімнен тұрады: 1. Борис Годунов билігін бейнелеу. 2. Рашид ад-Диннің «Джами ат-Таварих» атты еңбегінің қысқаша аудармасы. 3. Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы.
Күміс сандық құпиясы
Қадыр Әліге аса жоғары баға берген үлы ғалымдарымыздың бірі — академик Әлкей Марғұлан, 1981 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің 1-нөмірінде жарияланған "Күміс сандық қүпиясы" атты көлемді мақаласында былай дейді:
"Оразмұхаммедтің кітапханасында сақталған кітаптардың ең бағалысының бірі — өзіне дос болған серігі, әрі атақты биі, көркем тілде қазақша жазатын жазушы Қадырғали Жалайыридің шығармасы. Оның кітабы 1598 жылы жазылып біткен, әуелдегі аты қандай екені белгісіз. Жазудың бас-аяғы жоғалып кеткен... Шоқан оған зор ғылыми мән беріп, бүл қазақ тілінің жақсы бір мұрасы деп білген. Оның түсіндіруінше: "В отношении сведений о киргизах самое первое место занимает "Сборник летописей" издания Березина, замечательный тем более, что представляет единственные памятники прошедшей жизни казахов. Он написан в конце царствования Бориса Годунова... В нем степных уподоблений, поговорок бездна"... Оған бірінші көңіл қойған жазушы —Абылғазы. Бүл кісі Қадырғалидың кітабын Есім ханның үйінде қонақ болып, Түркістанда жатқанда оқыған болу керек. Есім — Тәуекелдің інісі, Оразмұхаммедтің ағасы. Москвадан қазақ елшілері алып келген Қадырғалидың кітабы Тәуекелде, Есімде болуы айдан анық. Сондықтан бұл кітапты Абылғазы бір ғана Түркістан қаласында оқиды. Орта Азияда өзге қалаларда бүл кітап болмаған. Ресейде бүл кітапты жақсы білген П.И.Рычков, Н.М.Карамзин оның керек жерін пайдаланып отырған. Абылғазы оқып шыққан бүл кітаптың бір көшірмесін Ибрагим Халифиннің Френге жазуынша, 1918 жылы Қазан Университетінің кітапханасы сатып алады...
Жалайыр тайпасынан шыққан
Қадырғали араб, парсы, түркі, орыс тілдерін бірдей жақсы білген... Қадырғали—Жалайыр тайпасынан шыққан қазақтың ойшыл ғалымы, жазушысы, өрнек қалдырған мәдениет мұрагері. Өзінің жазуында да жалайыр тайпасын жоғары көтеріп ардақтаған: "Алаш мыңы арасында үлығы тарақ тамғалы Жалайыр болған. Оның жазғандарын қазақ жазу мәдениетінің бірінші үлгісі деп тану керек".
Соңғы жылдары қазақ ғалымдарының күш салуы арқасында Қадыр Әлі еңбегі өз халқымыздың алтын қазынасына айналғанын айта кеткен жөн.
Еңбек үш бөлімнен тұрады: 1.Борис Годунов билігін бейнелеу. 2.Рашид ад-Диннің "Джами ат-Таварих" атты еңбегінің қысқаша аудармасы. 3. Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы. Бұларға қосымша алтынордалық ірі қайраткер Едіге батыр жайында дастаны берілген. Қадыр Әлінің бұл еңбекті жазудағы негізгі мақсаты — өз әміршісі Шыңғыс хан ұрпағы Ондан сүлтанның баласы Оразмұхаммедтің хан тағына лайық екенін дәлелдеу. Екінші бір мақсат: "... патша Борис Федоровичтің мәңгі әділдігін, ақтығын айту және тағы жоғары мәртебелі Оразмұхаммед ханды жоғары мәртебелі патшаның қүрметпен хандыққа отырғызғанын көрсету үшін жазылды". (И.Н.Березин. "Библиотека восточных источников". I том, Казань, 1854.)
Одан әрі Қадыр Әлі былай дейді: "... бүкіл орыс патшасы Борис Федоровичтің үкім жарлығымен оңды-солды қаршыларды, қүрметті бектерді отырғызып, көше-көше, орам-орам мылтық андаздармен маңғазданып және саясатпен қол қусырып, бас иіп, игі жақсылар түрды. Осындай салтанатпен Оразмұхаммед Ондан Сұлтанұлын аса құрметтеп, көрініске алып, бұл жерде патша хазіреті таққа отырғызды" (Қасымов қаласында). (Қасым хандығы Мәскеуден 250 шақырым Оңтүстік шығыста, Ока өзенінің сол жағалауына орналасқан.)
Орыс хан туралы былай деген: "Оны барлыгы аға тұтып, патшалыққа отырғызды. Одан соң Орыс хан Алатау төңірегіне қоныс тепті. Ол жер өте үлкен және биік тау еді. Онда жақсы жайылымдар, сулар мен бұлақтар да көп болған... Отырар, Сайрам шаһарлары... Шу, Талас, Ыстықкөл, әуләяттары болған. Халқы өте көп, іргелі, мықты, даңқты және батыр болған".
Қадыр Әлі бұдан кейін Құйыршық хан, Барақ сұлтан, , Қасым хан жайында баяндайды. "Оразмұхаммед Орыс ханнан Жәнібек ханға дейін төртінші буын еді", — дейді. "Шығай хан батырлығымен мәлім болды. Оның ұлы Ондан сұлтан ержүрек, батыр, садақ атудың керемет мергені еді. Әрқашан сыртқы жауларға қарсы күресте көп ерлік көрсетті... Ақырында қалмақтармен шайқаста отыз жасқа келген жігіт шағында шаһит болды. Оның қабірі Қожа Ахмет Яссауи (қасында) жерленді".
Жалпы, Қадыр Әлі еңбегі қай сұлтанның, қай ханның, қай жерде шаһит болғанын, жерленгенін көрсетуімен де қүнды. Тәуекел ханды "Ислам мемлекетінің басшысы" деп атаған. Онда сұлтан шаһит болғанда Оразмұхаммедтің он үш жаста жетім қалғанын айтады. "Он алты жасында жалпы христиан басшысы Борис Федоровичке қызмет істеуге дайын болды" дейді (Оразмұхаммед 1610 жылы Лжедмитрий мен Василий Шуйский арасындағы қантөгісте ерлікпен көз жүмған.).
Қадырғали Жалайри еңбегінің маңызы
"Қадырғали Жалайри еңбегінің қазақ халқының, қазақ хандығының қалыптасу процесін зерттеп білуде алатын орны ерекше, бұл мәселелерді анықтау барысында тарихшылар оған әлі талай рет оралатын болады, — дейді одан өрі М.Қойгелдиев. — Мәселен, Қадырғали бидің сол түстағы қазақ елін "Алаш мыңы" атау себебі ғылыми әдебиетте әлі күнге дейін жан-жақты баяндалған емес... Аса маңызды тарауларының бірі — "Орыс хан дастаны". Бұл дастаннан біз басқа еңбектерде кездесе бермейтін мынадай фактілерді байқаймыз: біріншіден, Жәнібек ұлысының, яғни қүдіретті Алтын Орданың ыдырау барысы, оған Фетка Науакрат бастаған әскердің "қосқан" үлесі, Фетка Науакрат деген кім, қайдан келген — бұл әлі анықталмаған мәселе. Екіншіден, осы салған алаңнан кейін Орыс ханның Алатау жаққа кетіп, сонда орын тебуі. Ал бұл Орыс хан қазақ хандары династиясының негізін қалаушы болғандығы мәлім. Үшіншіден, Қадырғали би бұл дастанында Жетісудың сол тұстағы (ХIV-ғасыр) қалаларын атап, әскерін сипаттап, елінің ірі, ержүрек келетіні туралы да айтқан" (38-бет). "Қазақ тарихы" журналының сол нөмірінде Қадыр Әлі еңбегінің "Орыс хан және оның ұрпақтары" деген тарауы берілген. Жалпы, Қадыр Әлі еңбегі қолдан қолға көшірілгенде көп қателер кеткені анық, сонда да оған әлі талай тарихшы айналып соғары сөзсіз.
Шығыс жылнамашыларының, әсіресе, Рашид әд-Диннің, , , Қадырғали Жалайырдің тағы басқа ғалымдардың жазбаша еңбектерін оқып отырғанда ағайын-туғандар бақ-дәулет, үшін қаншама ғасырлар бойы өзара қырғын соғыстар ашқанына көз жеткізу қиын емес. Бірақ, бүл — тарих. Ал тарихтан келер үрпақсабақалып, өсіп-өркендеуге тиіс. Ол үшін өткен тарихқа жиі-жиі көз жіберіп отыруымыз керек. Қадыр Әлі бидің еңбегі — бұл салада айрықша көзге түсетін .
Қосымша
Қадырғали Қосымұлы (1530-1605 ж.ж.) қазақтың орта ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалымы әрі атақты биі. Қадырғали бидің түп тегі ұлы жүздің тарақ таңбалы Жалайыр тайпасынан шыққан. Сондықтан да ол көбінесе "Қадырғали Жалайри" аталып кеткен. Ата-бабалары ертеде Сырдария бойын мекен етіп көшіп-қонып жүрген. Кейін Ескелді, Балпық билер, сияқты батырлардың басшылығымен Жалайыр әулеті осы күнгі Талдықорған облысына келіп қоныс тепкен. Қадырғали бидің ата-бабалары бері ел басқарған ықпалды кісілер болған. Әкесі Қосым да беделді би.
Оның әкесі , баһадур Анжы баһадур Адымшейх мырза ағасы Қараш бек Құбай Қамбар мырза Айтаулы бек Шейх Софы бек Тебребек Саба баһадур Сартақ ноян бәрі-бәрі батыр, бек, би болыпты.
Ата, әке жанында жүріп, олардан тәрбие алған Қадырғали жас кезіненақ хан ордасындағы жас бекзадалардың ақылшысы, кейіннен ханның ордасындағы жас бекзадалардың ақылшысы. Кейіннен ханның кеңесші биі болады. Жалайыр елін қалмақтар шауып, берекесін алған жылдары оның аталары Көшім ханның қол астына барып қосылады. Онда барған соң да ол ханға ақылгөй би боп тұрады. Қадырғали би өзінің "Жами ат-тауарих" ("Жылнамалар жинағында") кітабында: "Менің аталарым Ораз Мұхамед сұлтанның аталарына қызмет етті. қасында болдым" деп жазады. Осыдан-ақ оның атақты Ораз Мұхамедпен қызметтес болып, қарым-қатынаста жүргені аян. Сібір сұлтаны Сейдектің де кеңесші биі болып тұрған. 1588-1598 жыл аралығынды Қадырғали Ораз Мұхамедпен бірге Мәскеуде патша сарайында қызметте болады. мен шведтер және Қырым хандығы арасындағы соғысқа қатысады. Сол соғыста ерлік көрсеткені үшін орыс патшасы Ораз Мұхамед Сұлтанға Ока өзені жағалауынан жер бөліп беріп, өз алдына хандық құруға рұқсат берген. Ол хандықтың орталығы Қасым қал асы болған. Қадырғали сол Ораз Мұхамед басқарған хандықта уәзір, би болып қызмет атқарады. Қадырғали би сол жылдардан бастап ғылыммен айналыса бастайды. 1600-1602 жылдары Қасым қаласында ол өзінің "Жами ат-тауарих" атты кітабын жазып бітіреді. Енді оның атақ-даңқы осы тарихи шежіре кітабы арқылы бүкіл дүние жүзіне мөшһүр бола бастайды. Түрік тілінде жазылған, бұл еңбегінде қазақ сахарасында өмір сүріп, тіршілік еткен Үйсін, Жалайыр, Арғын, Қыпшақ, Қаңлы, Сіргелі, Қоңырат, Керей, Найман, Алшын т.б. түрік тектес ру-тайпалардың түп ата-тегін таратып ғылыми талдау жүргізеді. Оғыздар мен дәуіріне сипаттама береді. Ертедегі және одан бергі хандар дәуірін әсіресе Шыңғыс хан және оның өулеті мен қазақ ұлыстарынан шыққан хандар, сұлтандар, бектер және олар билеген қазақ халықтарының ішкі-сыртқы шапқыншы жаулармен күресі т.б. саяси-әлеуметтік жайлары баян етілген. Қадырғали бидің бұл еңбегін кезінде Шоқан Уәлихановтан бастап көптеген халықтардың белгілі зерттеуші ғалымдары жоғары бағалған. Енді осы "Жылнамалар жинағынан" бірер үзінді келтірейік:
"...Тоқтамыс хан Еділ бойында өтті: Тайқожа ұланның ұлы еді. Құтлу Қия ұлы Едіге Күчүк оның кеңесшісі, серігі еді.
...Тоқтамыс ханның мәлім, белгілі ұлдары мыналар: Аттарын таратып айтсақ Жалаладдин сұлтан, екіншісі Күшік сұлтан, үшіншісі Жафарберді сұлтан, төртіншісі Қалымберді сұлтан, бесіншісі Қадырберді хан, қызы Жанике атты еді. Оны Едіге би алды. Едіге Күчүк Жаникені алганда Қадырберді хан үш жасар еді.
...Темір-Қүтлу Едіге бекпен бірі хан, бірі бек еді. Заманында көбейіп; ұрпақ өсіріп өмір кешті. Темір-Құтлу ханның ұлы Темір хан. Оның ұлы Болат хан. Оның ұлы Кичик Мұхамед хан. Оның ұлы Ахмед хан. Сол Ахмед ханның үш әйелінен тоғыз ұлы болды.
...Қажы Керей ханның атасы Жанкерей Сұлтанды Қоңырат бектері өлтірген соң өлі жас Қажы Керей сұлтан қашып Чақырған байта жалданып жүргенде бектер өз араларында бірімен-бірі жараса алмай Қажы Керей Сұлтанды іздеп тауып хандыққа қойды... "Шежіреде Едіге бидің әуел бабасы АбуБакир (Мухаммед пайғамбардың ең 1-төрт Халифасының бірі) одан бірнеше ата-бабалардан соң Керемет-Әзіз, Жалаладдин келеді. Оның Адһам, Баба Тұқлас (Бабай Түкті Шашты Әзіз) деген екі ұлы болады. Баба ТҮклас Қатбада патша болады. Оның Терме деген ұлы Еділ Жайықта тұрып ңайтыс болды. Терменің ұлы Карачиде, Карачидің ұлы Ислам Қияда, оның ұлы Қадір Қияда Еділ-Жайықта тұрып қайтты. Қадір Қияның ұлы Қүтлу Қия Құмкентте қайтыс болды. Оның ұлы Едіге би, Алла оган рахымын жаудырсын... Баба Түкластың төрт ұлы бар еді. Бірі Қагбада, бірі Қагбаның жанында, бірі Үргеніште, бірі Қырымда жатыр. Енді бір деректе Баба Тұқластың (Абас, Ғабұл Рахманқожа, Терме деген) үш баласы болған дейді. Едіге би Тоқтамыс ханның ұлысын биледі. Едіге 63 жасында барып сарайдың қастандыгынан өлді. Едігенің Нұраддин мырза, Қасым мырза, Сейдутали мырза және жастай екеуі қайтыс болған. Осы бес ұл Қожаханың Бақтыла деген қызынан ту ған..."
Қадырғали би бұл кітабының соңғы жагында өзінің жан досы әрі ұстзы Ораз Мұхамед туралы былай деп жазады: "Оның әкесі Ондан Сұлтан, оның әкесі Шығай хан, оның әкесі Иадік хан, оның әкесі Жәнібек хан, оның әкесі Барақ хан, оның әкесі Құйыршық хан, оның әкесі Орыс хан...
Олардың әрбірі бірнеше ата болып өз уәлаяттарында патшалық қылып, атақты болып өтті. Олардың арасында аса белгілі болған Қасым хан еді. Ол Жаған бикемнен туған еді. Ұзақ уақыт атасының ұлысында патшалық етті. Төңірегіндегі уәлаяттарды өзіне қаратты...
сегіз жасында өзара қақтығыста қаза болған ұлы бабасы Шығай ханнан айрылды. Он үш жасында әкесі Ондан Сұлтан шаһит болып одан айрылды. Бірақ уақыт тарлықта Сейдақ бидің алдында кіріптарлық шекті. Одан он алты жасында барлық христиан падишасы құлдығына әзір болды. Сол күннен қазірге дейін Борис патшаның қызметінде. Ұлы мәртебелі патша құлын жарылқады.
...Жиырма жасында ұлы мәртебелі Ораз Мұхамед хандыққа отырды. Алла дәрежесін ғұмылық етсін..."
Соңғы кезде Қадырғали Жалайри би жөнінде жаңа деректер табылып жатыр. Соның бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Жанғара Дөдебаевтың Қадырғали би туралы "Алматы ақшамы" газетінде (30 шілде 1997) жарияланған мақаласы.
Автор осы зерттеуінде (ол кезде өзінің арғы бабасы Қараш бек есімімен аталып жүрген Қадырғали бектің Сібірдегі атаман Ермак бастаған басқыншылығына қарсы қалай соғысқанын жан-жақты жазыпты. Осы зерттеу мақаласының соңын автор былайша тұжырымдайды:
...Сөйтіп, атаман Ермак бастаған шабуыл жеңіліс табады. Ермак опат болады.
...Атаманның сауыты Қайдауыл мырзаға, қафтаны Сейдекке сыйға тартылады, қылышы мен белдігі Қарашаға беріледі . Бұған Караганда, Ермак қолын жою жолындағы соғыста осы аталған үш адамның атқарған қызметі аса зор болғанға ұксайды. Ермак өлгеннен кейін бұлар Сібір хандыгындағы ең беделді, ықпалды кісілердін қатарында қалған.
Сібір жылнамалары мен байырғы зерттеу еңбектерде атаман Ермак бас таған қарақшылардың жорығына қарсы тұрып, оның бар ауыртпалығын тікелей көтерген бірден-бір ірі тұлға Қараша:
- Ермактың шапқыншылығына, тонауына алғаш ұшыраған соның ұлысы;
- Сібірге үлкен күшпен келген Сейдекті қарсы алып, соның тобына қосылатын осы азамат;
- Атаман Ермакқа жансыз жіберіп, оның күшін екіге бөлетін, сөйтіп өз аулына атаман Иван Кольцо бастап келген қырық қарақшыны түгелдей қырып салатын тағы да сол;
- Ермак бастаған қарақшылар қолында қалган Сібір астанасын қоршауға алып, бүкіл Сібір қарулы күшін жаулаушыларға қарсы Отан азаттығы үшін соғысқа көтеретін де осы жан;
- Ермак бұзақыларынан Сібір астанасын азат ету жолындағы ұрыста жасақтары үлкен шығынға үшырап, екі батыр ұлы ерлікпен қаза табатын бек те осы;
- ақырында, Ермактың белдігі мен қылышын беліне тагынатын қаһарман да сол;
- Ораз Мұхамед ханзадамен, Сейдекпен бірге Данила Чулқовтың тұтқынына түсіп, Мөскеуге жеткізілетін де осы Қараша еді.
Сібірдің азаттығы үшін осынша қан мен тер төккен батыр қолбасы, мемлекет қайраткері Қадырғали бек екені туралы қазақ ғалымдары осы күнге дейін екі ұшты пікірде. Біздіңше, татар ғалымы М. А. Усмановтың: "Сібірлік Қараша мен Қадырғали бек бір адам" , - деп тұжырымдауы дәлелді, дәйекті әрі онда үлкен шындық бар.
Сібір тарихы туралы алғашқы дерек көздері мен зерттеулерде Ораз Мұхамедпен, Сейдекпен бірге Данила Чулқовтың түтқынына түсетін Қараша "Көшім ханның ақылғөй қарашасы" ("Царя Кучумова думной қарача") деп үзілді-кесілді, анық көрсетіледі ".
Сілтемелер
Сыртқы сілтемелер
Жалайыри
Дереккөздер
- Миллер Г. Ф. Описание Сибирсқого царства и всех происшедших в нем дел. СПб., 1750
- Усманов М. А. Татарские исторические источники ХVII-ХVIII вв. Казань, 1972. С. 45
- Сибирские летописи. с. 293-294
- Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
- "Қазақ энциклопедиясы"
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қadyrgali Zhalairi Қadyr Әli Қosymuly bi argy tegi Zhalajyr dep atalgan bul kisi HVI gasyrdyn ortasy men HVII gasyrdyn basynda omir sүrip 1530 1605 zhyldary kazak halkynyn tarihynda oshpes iz kaldyrgan Resejdin atakty patshasy Boris Godunovtyn kol astynda zhүrip 1602 zhyly Zhylnamalar zhinagyn zhazyp bitirgen Bul kazak tilinde zhazylgan tungysh gylymi enbek Zhinaktyn tildik kurylymyn zhazu mәnerin zerttep kornekti galym R Syzdykova arnajy kitap zhazgan Yazyk Zhamiat tauarih Zhalairi Almaty 1989 zhyl Қadyr Әli derekterine Shokan Uәlihanovtan bermen karaj talaj tarihshylar zertteushiler sүjenip keledi Қadyrgali Қosymuly ZhalajriDүniege kelgeni 1530 zhylyҚajtys bolgany 1605 zhylyMansaby Tәuekel sarajynda kyzmet etip kenesshilik rol atkargan Tugan zheri Қazakstan zherindegi Syrdariya bojy Қadyrgalidyn ata babalary Қarahan әuleti biliginen beri үzdiksiz han sarajynda kyzmet etip hannyn akylshy kenesshisi kol bastar batyrlary bolgan Onyn oz atasy Temshik Shygaj hannyn batyry bolsa әkesi Қosym bek lauazymyn ielengen ӨmirbayanyҚadyrgali Қosymuly Zhalajyri Қadyrgali Қosymuly Zhalajyri kazaktyn uly handarynyn biri Tәuekel sarajynda kyzmet etip akylshy kenesshilik rol atkargan Ana tilimen katar arab parsy tilderin zhaksy mengergendikten askan zor biliminin arkasynda zhas bekzadalardy okytyp tәrbielegen Әsirese onyn үlken үmit etkeni Orazmuhammed sultan edi Өzinin gylymi enbeginde bul turaly bylaj dejdi Menin atalarym Orazmuhammed sүltannyn atalaryna kyzmet etti Өzim Orazmuhammedtin kasynda boldym HVI HVII gasyrlarda zhalajyrlardyn bir boligi Ұlytau Kokshetau ajmagynda koship zhүrgen Қazirgi geografiyalyk kartada Arka zhakta Zhalajyr Kerej koli Najman degen uzynnan uzak bel belester bar HVIII gasyrdagy Zhongar kalmaktary zhasagan zhojkyn shabuylda Aktaban shүbyryndy alkakol sүlama zamanynda Zhalajyrlar әueli Betbakdalaga ygysyp kejin kuba kalmaktar zhenilip kazaktyn ken dalasy zhaudan tazara bastagan son zhylzhi zhylzhi Shu Ile Қaratal ozenderinin zhagalauyna kelip ornalasa bastajdy Қazak handarynyn kystyk konysy Tүrkistanda bolgan da zhazda Arka zhakka Kokshetauga koship barady eken Han sultandar ol kezde an aulauga zheke dara shykpajdy kop noker sayatshy ertken Bul kezde bir ortalykka bagynyp zhana kүshejip kele zhatkan orys patshalary ontүstik shygystagy korshisi kazak handygymen karym katynasyn kenejtuge mүddeli tүgyn Shygysynda pajda bolgan үlken memleket Zhongar handygy ontүstik batysynda ozbek әmirleri Zhajykzhaktan bashkur myrzalary tynyshtyk bermej otyrgan kazak handary da orystarmen sypajy sauda sattyk katynas zhүrgizip zhatkan Okta tekte Mәskeuge elshileri de baryp kajtatyn Birak ozderin ishke kirgizbejtin Sol kezderdin ozinde ak kazak handygy әlsirej kalsa ulan bajtakdalany iemdenu siyakty tүpki aram ojy bar orys patshalary sol eldin ishki syrtky zhagdajyn tarihyn salt sanasyn әskeri kүshin korganu kabiletin zhete biluge tyrysuy zandy edi Osy maksatpen olar hannyn ajnalasyndagy adamdardan tүtkyn aludy burynnan ojlap zhүrgen Zhas sultan Orazmuhammedtin anshylykka kumar ekenin zhylma zhyl erte koktemde kүzde Ertis Tobyl bojyn zhagalap it zhүgirtip kus salatynyn zhansyzdary arkyly bilip otyrgan Sibirdegi orys әkimderi patshanyn tapsyrmasy bojynsha andyp zhүrip Tobyl alkabynda karshyga salyp konil koterip zhүrgen Orazmuhammedti Қadyrgali Zhalajri bastagan sayatshy nokerlerimen kosa tutkynga alady da amanat retinde Mәskeuge zhoneltedi Bul 1588 zhyl edi Orazmuhammedtin han ordasy adamy ekenin Қadyrgali Zhalajri Shygys tarihyn mәdenietin zhaksy biletinin kop tilderdi igergen gulama ekenin sezgen son orys patshasy olardy zhaksy kabyldajdy oz manajynda ustajdy Әsker onerin zhetik biletin batyr zhigit Orazmuhammed 1590 91 zhyldary orystardyn Shvedterge Қyrym handygyna karsy zhүrgizgen sogystaryna katysyp erlik korsetedi Sony eskergen zhone onyn han tukymy ekenin biletin patsha Fedor Ioanovich 1592 zhyly Oka ozeni bojyndagy musylmandar mekendejtin buryngy Қasymov handygynan Orazmuhammedke zher bolip beredi 1600 zhyly uly patsha Boris Godunov Orazmuhammedti Қasymov hany etip tagajyndagan Өzinin argy tegi zhalajyr ekenin bildi me zhok pa әjteuir Қadyrgali Zhalajri bek te zor kurmetke bolenip bas uәzirlik kyzmetin atkarady Қazak elinin tarihy zhonindegi gylymi enbekti de Boris Godunovtyn tapsyrmasy bojynsha zhazdym deui oryndy Sebebi bul enbek ak patshaga arnalgan zhәne algashky tarauynda sonyn bilik zhүrgizu zhүjesin bejnelejdi Қadyrgali Zhalajridin bul shezhiresi ertedegi kazak tilinde zhazylgan tungysh tarihi enbek ekeni ayan Sh Uәlihanov bul kitaptyn anyzdan gori akikaty basymyrak dep bagalagan Bajuzak Albani Tarihnamada onyn esimi Әbilgazy Babyr Benai siyakty gүlama tarihshylarmen katar atalady Orys galymdary N I Ilminskij I N Berezin V V Velyaminov Zernov onyn enbegin zhogary bagalady dejdi Tarihi tanym atty kitabynda 195 bet Orazmuhammed pen Қadyr Әli bastagan kazaktardyn Resejde bolu okigasyn kornekti zhazushy kone tarihymyzdyn bilgiri Mүhtar Magauin Alasapyran atty romanynda ken zhәne korkem bayandagan Bul romany үshin ogan Memlekettik syjlyk berilgeni belgili Songy kezderi Қadyr Әlinin enbegin әl Farabi atyndagy Қazak ulttyk Universitetinin professory M Қojgeldiev arnajy zerttep zhүr Bajuzak Albani bylaj dejdi Ol zhyrakta zhүrse de kazak handarynyn sayasi oleumettik zhagdajlary Қazakstanda rulyk patriarhaldyk katynastardyn kalyptasuy han toniregindegi sultandar men karshylar bekter men hafizder t b zhajynda derekti zhazyp kaldyrdy Avtor zhylnamada Shygys elderine onyn shaһarlaryna sholu zhasap kazak saharasyn mekendegen zhalajyr argyn kypshak kanly najman konyrat kerejit alshyn t b tүrki ru tajpalaryna tarihi anyktama berdi Ol Rashid ad Dinnin parsy tilindegi shezhire kitabyna sүjene otyryp Shyngyshan әuleti zhәne onyn ozi zhajynda asa mol derekter keltiredi kazak handarynyn omirbayanyna toktalady Onda kazak zheri onyn kalalary HIII HVӀ g aralygyndagy kazak zherindegi okigalar kazak handarynyn ishki syrtky zhagdajlary әleumettik toptar zhәne kazakzherin mekendegen ezhelgi rular birlestigi zhajynda derekter bar Қadyrgali sol Қarasha myrza ma Tarihshylar Қadyrgali Zhalajyridyn Zhamig at Tauarihyn gana tonirektep zhүr Al orys zhylnamalarynda Қarasha myrza dep berilgen galymnyn hannyn ymyraga kelgenine karamastan Resej shengeline tүsken tүrkilerdi үlken koteriliske bastagany Ermaktyn 5 kolbasshysynyn үsheuin oltirgeni әli az zerttelgen ozimizde az nasihattalgan Osydan zhenilgennen kejin Қazak dalasyna kajta kashyp kejin Orazmuhamedke ilesip amanatka bargan Tүrli dert pen ashtyk әskerinin birazyn zhusatyp salgan Zharmak angaldyk pen zheniltektiginin de zardabyn shekti Myrza әlde kinәz Қarasha oz Patshasyna eskertpesten Tar Ұlysta Iskerde kop tynshy ustady ajnaladagy barlyk Zhurtta onyn tilekshisi zhaktasy dostary kop boldy ozin otandy kutkarushy korsetkisi keldi uakytyn kүtti sojte zhүrip tүrli syj syyapat Nogajlardan korgau turaly otinish ajtyp Resejlikterdi aldaumen boldy Zharmakka da adal dos boluga soz berdi Sodan Zharmak ogan Ivan Kolco bastagan kyryk sarbazyn konakka zhiberdi Osy bir top adam otkarudy eki үsh mәrte gүrs etkizip myndagan zhabajyny tym tyrakaj ete alar edi tek tagdyry azhalga ajdagan Kozaktar zhalgan dostaryna senip baryp kynadaj kyryldy Zharmaktyn mandajaldy baһadүrleri ajkasta arystansha alyskan erleri Tar Ұlysta kurbandyk kojdaj kanga bokti Osydan kejin bizge olzha salushy Tatar Sibir Estekteri Resejlikterge karsy shygyp razezde Ataman Yakov Mihajlovty oltirdi majdan alanynda Қarashaga kosylyp Isker manyn tүndej tutty Zharmak tar korshauda kalganyn kordi N M Karamzin Zhylnamalar zhinagy Zhylnamalar zhinagynyn zhalgyz koshirme danasyn Қazan Universiteti kitaphanasyna tatar galymy I Halfin tapsyrgan eken Sol koshirmeni shygys kolzhazbalar zhinagyna bastyrganda professor I N Berezin bylaj dep algy soz zhazypty Biz shygarmaga kandaj at berilgenin bilmejmiz birak kitaptyn negizgi boligi Rashid ad Dinnin әjgili tuyndysynyn kyskasha audarmasynan turgandyktan biz onyn atyn da kolzhazbamyzga bere alamyz Sojtip ol Қadyr Әli enbegin onyn nagyz aty anyktalatyn koshirmesi tabylgansha Zhylnamalar zhinagy dep ataudy usyngan M Қojgeldiev bylaj dejdi Өkinishke oraj kolzhazbanyn kejinirek Peterburgten tabylgan ekinshi koshirmesinde de enbektin avtor bergen aty zhok bolyp shykty da ol sol Zhylnamalar zhinagy atangan kүjinde kala berdi Bul zhagdaj tarihshy galymdar arasynda Қadyr Әli bi enbeginin derbes derektik mәnin tura bagalauga edәuir kedergi zhasady baskasha ajtkanda ony Rashid ad Din zhumysynyn tүrikshe nuskasy retinde gana karauga negiz boldy Қazak tarihy zhurnaly 4 nomir 1994 zhyl Kejin Zhylnamalar zhinagy degen atpen әlemge әjgili bolgan ozinin atakty enbegin zhazady Men dүnie zhүzindegi neshe tүrli memleketterdi aralagan әdil үkim nakyl sozderge kanyk koptegen kitap okygan adammyn dejdi ol ozi zhajynda Zhylnamalar zhinagy orta gasyrdagy kazak tilinde zhazylgan tungysh tarihi shygarmalardyn biri Munda kazak handygynyn H gasyrdyn basynan bergi ishki syrtky zhagdajlary kazak tajpalarynyn halyk bolyp kalyptasuy onyn halykaralyk zhagdajlary handardyn zhәne olardyn toniregindegi tүrli әleumettik toptardyn sayasi ahualdary zhoninde asa kundy mәlimetter berilgen Enbek үsh bolimnen turady 1 Boris Godunov biligin bejneleu 2 Rashid ad Dinnin Dzhami at Tavarih atty enbeginin kyskasha audarmasy 3 Orys hannyn Orazmuhammed sultanga dejingi kyskasha audarmasy Kүmis sandyk kupiyasyҚadyr Әlige asa zhogary baga bergen үly galymdarymyzdyn biri akademik Әlkej Margulan 1981 zhyly Қazak әdebieti gazetinin 1 nomirinde zhariyalangan Kүmis sandyk kүpiyasy atty kolemdi makalasynda bylaj dejdi Orazmuhammedtin kitaphanasynda saktalgan kitaptardyn en bagalysynyn biri ozine dos bolgan serigi әri atakty bii korkem tilde kazaksha zhazatyn zhazushy Қadyrgali Zhalajyridin shygarmasy Onyn kitaby 1598 zhyly zhazylyp bitken әueldegi aty kandaj ekeni belgisiz Zhazudyn bas ayagy zhogalyp ketken Shokan ogan zor gylymi mәn berip bүl kazak tilinin zhaksy bir murasy dep bilgen Onyn tүsindiruinshe V otnoshenii svedenij o kirgizah samoe pervoe mesto zanimaet Sbornik letopisej izdaniya Berezina zamechatelnyj tem bolee chto predstavlyaet edinstvennye pamyatniki proshedshej zhizni kazahov On napisan v konce carstvovaniya Borisa Godunova V nem stepnyh upodoblenij pogovorok bezdna Ogan birinshi konil kojgan zhazushy Abylgazy Bүl kisi Қadyrgalidyn kitabyn Esim hannyn үjinde konak bolyp Tүrkistanda zhatkanda okygan bolu kerek Esim Tәuekeldin inisi Orazmuhammedtin agasy Moskvadan kazak elshileri alyp kelgen Қadyrgalidyn kitaby Tәuekelde Esimde boluy ajdan anyk Sondyktan bul kitapty Abylgazy bir gana Tүrkistan kalasynda okidy Orta Aziyada ozge kalalarda bүl kitap bolmagan Resejde bүl kitapty zhaksy bilgen P I Rychkov N M Karamzin onyn kerek zherin pajdalanyp otyrgan Abylgazy okyp shykkan bүl kitaptyn bir koshirmesin Ibragim Halifinnin Frenge zhazuynsha 1918 zhyly Қazan Universitetinin kitaphanasy satyp alady Zhalajyr tajpasynan shykkanҚadyrgali arab parsy tүrki orys tilderin birdej zhaksy bilgen Қadyrgali Zhalajyr tajpasynan shykkan kazaktyn ojshyl galymy zhazushysy ornek kaldyrgan mәdeniet murageri Өzinin zhazuynda da zhalajyr tajpasyn zhogary koterip ardaktagan Alash myny arasynda үlygy tarak tamgaly Zhalajyr bolgan Onyn zhazgandaryn kazak zhazu mәdenietinin birinshi үlgisi dep tanu kerek Songy zhyldary kazak galymdarynyn kүsh saluy arkasynda Қadyr Әli enbegi oz halkymyzdyn altyn kazynasyna ajnalganyn ajta ketken zhon Enbek үsh bolimnen turady 1 Boris Godunov biligin bejneleu 2 Rashid ad Dinnin Dzhami at Tavarih atty enbeginin kyskasha audarmasy 3 Orys hannyn Orazmuhammed sultanga dejingi kyskasha audarmasy Bularga kosymsha altynordalyk iri kajratker Edige batyr zhajynda dastany berilgen Қadyr Әlinin bul enbekti zhazudagy negizgi maksaty oz әmirshisi Shyngys han urpagy Ondan sүltannyn balasy Orazmuhammedtin han tagyna lajyk ekenin dәleldeu Ekinshi bir maksat patsha Boris Fedorovichtin mәngi әdildigin aktygyn ajtu zhәne tagy zhogary mәrtebeli Orazmuhammed handy zhogary mәrtebeli patshanyn kүrmetpen handykka otyrgyzganyn korsetu үshin zhazyldy I N Berezin Biblioteka vostochnyh istochnikov I tom Kazan 1854 Odan әri Қadyr Әli bylaj dejdi bүkil orys patshasy Boris Fedorovichtin үkim zharlygymen ondy soldy karshylardy kүrmetti bekterdi otyrgyzyp koshe koshe oram oram myltyk andazdarmen mangazdanyp zhәne sayasatpen kol kusyryp bas iip igi zhaksylar tүrdy Osyndaj saltanatpen Orazmuhammed Ondan Sultanulyn asa kurmettep koriniske alyp bul zherde patsha hazireti takka otyrgyzdy Қasymov kalasynda Қasym handygy Mәskeuden 250 shakyrym Ontүstik shygysta Oka ozeninin sol zhagalauyna ornalaskan Orys han turaly bylaj degen Ony barlygy aga tutyp patshalykka otyrgyzdy Odan son Orys han Alatau toniregine konys tepti Ol zher ote үlken zhәne biik tau edi Onda zhaksy zhajylymdar sular men bulaktar da kop bolgan Otyrar Sajram shaһarlary Shu Talas Ystykkol әulәyattary bolgan Halky ote kop irgeli mykty dankty zhәne batyr bolgan Қadyr Әli budan kejin Қujyrshyk han Barak sultan Қasym han zhajynda bayandajdy Orazmuhammed Orys hannan Zhәnibek hanga dejin tortinshi buyn edi dejdi Shygaj han batyrlygymen mәlim boldy Onyn uly Ondan sultan erzhүrek batyr sadak atudyn keremet mergeni edi Әrkashan syrtky zhaularga karsy kүreste kop erlik korsetti Akyrynda kalmaktarmen shajkasta otyz zhaska kelgen zhigit shagynda shaһit boldy Onyn kabiri Қozha Ahmet Yassaui kasynda zherlendi Zhalpy Қadyr Әli enbegi kaj sultannyn kaj hannyn kaj zherde shaһit bolganyn zherlengenin korsetuimen de kүndy Tәuekel handy Islam memleketinin basshysy dep atagan Onda sultan shaһit bolganda Orazmuhammedtin on үsh zhasta zhetim kalganyn ajtady On alty zhasynda zhalpy hristian basshysy Boris Fedorovichke kyzmet isteuge dajyn boldy dejdi Orazmuhammed 1610 zhyly Lzhedmitrij men Vasilij Shujskij arasyndagy kantogiste erlikpen koz zhүmgan Қadyrgali Zhalajri enbeginin manyzy Қadyrgali Zhalajri enbeginin kazak halkynyn kazak handygynyn kalyptasu procesin zerttep bilude alatyn orny erekshe bul mәselelerdi anyktau barysynda tarihshylar ogan әli talaj ret oralatyn bolady dejdi odan ori M Қojgeldiev Mәselen Қadyrgali bidin sol tүstagy kazak elin Alash myny atau sebebi gylymi әdebiette әli kүnge dejin zhan zhakty bayandalgan emes Asa manyzdy taraularynyn biri Orys han dastany Bul dastannan biz baska enbekterde kezdese bermejtin mynadaj faktilerdi bajkajmyz birinshiden Zhәnibek ulysynyn yagni kүdiretti Altyn Ordanyn ydyrau barysy ogan Fetka Nauakrat bastagan әskerdin koskan үlesi Fetka Nauakrat degen kim kajdan kelgen bul әli anyktalmagan mәsele Ekinshiden osy salgan alannan kejin Orys hannyn Alatau zhakka ketip sonda oryn tebui Al bul Orys han kazak handary dinastiyasynyn negizin kalaushy bolgandygy mәlim Үshinshiden Қadyrgali bi bul dastanynda Zhetisudyn sol tustagy HIV gasyr kalalaryn atap әskerin sipattap elinin iri erzhүrek keletini turaly da ajtkan 38 bet Қazak tarihy zhurnalynyn sol nomirinde Қadyr Әli enbeginin Orys han zhәne onyn urpaktary degen tarauy berilgen Zhalpy Қadyr Әli enbegi koldan kolga koshirilgende kop kateler ketkeni anyk sonda da ogan әli talaj tarihshy ajnalyp sogary sozsiz Shygys zhylnamashylarynyn әsirese Rashid әd Dinnin Қadyrgali Zhalajyrdin tagy baska galymdardyn zhazbasha enbekterin okyp otyrganda agajyn tugandar bak dәulet үshin kanshama gasyrlar bojy ozara kyrgyn sogystar ashkanyna koz zhetkizu kiyn emes Birak bүl tarih Al tarihtan keler үrpaksabakalyp osip orkendeuge tiis Ol үshin otken tarihka zhii zhii koz zhiberip otyruymyz kerek Қadyr Әli bidin enbegi bul salada ajryksha kozge tүsetin ҚosymshaҚadyrgali Қosymuly 1530 1605 zh zh kazaktyn orta gasyrda omir sүrgen gulama galymy әri atakty bii Қadyrgali bidin tүp tegi uly zhүzdin tarak tanbaly Zhalajyr tajpasynan shykkan Sondyktan da ol kobinese Қadyrgali Zhalajri atalyp ketken Ata babalary ertede Syrdariya bojyn meken etip koship konyp zhүrgen Kejin Eskeldi Balpyk biler siyakty batyrlardyn basshylygymen Zhalajyr әuleti osy kүngi Taldykorgan oblysyna kelip konys tepken Қadyrgali bidin ata babalary beri el baskargan ykpaldy kisiler bolgan Әkesi Қosym da bedeldi bi Onyn әkesi baһadur Anzhy baһadur Adymshejh myrza agasy Қarash bek Қubaj Қambar myrza Ajtauly bek Shejh Sofy bek Tebrebek Saba baһadur Sartak noyan bәri bәri batyr bek bi bolypty Ata әke zhanynda zhүrip olardan tәrbie algan Қadyrgali zhas kezinenak han ordasyndagy zhas bekzadalardyn akylshysy kejinnen hannyn ordasyndagy zhas bekzadalardyn akylshysy Kejinnen hannyn kenesshi bii bolady Zhalajyr elin kalmaktar shauyp berekesin algan zhyldary onyn atalary Koshim hannyn kol astyna baryp kosylady Onda bargan son da ol hanga akylgoj bi bop turady Қadyrgali bi ozinin Zhami at tauarih Zhylnamalar zhinagynda kitabynda Menin atalarym Oraz Muhamed sultannyn atalaryna kyzmet etti kasynda boldym dep zhazady Osydan ak onyn atakty Oraz Muhamedpen kyzmettes bolyp karym katynasta zhүrgeni ayan Sibir sultany Sejdektin de kenesshi bii bolyp turgan 1588 1598 zhyl aralygyndy Қadyrgali Oraz Muhamedpen birge Mәskeude patsha sarajynda kyzmette bolady men shvedter zhәne Қyrym handygy arasyndagy sogyska katysady Sol sogysta erlik korsetkeni үshin orys patshasy Oraz Muhamed Sultanga Oka ozeni zhagalauynan zher bolip berip oz aldyna handyk kuruga ruksat bergen Ol handyktyn ortalygy Қasym kal asy bolgan Қadyrgali sol Oraz Muhamed baskargan handykta uәzir bi bolyp kyzmet atkarady Қadyrgali bi sol zhyldardan bastap gylymmen ajnalysa bastajdy 1600 1602 zhyldary Қasym kalasynda ol ozinin Zhami at tauarih atty kitabyn zhazyp bitiredi Endi onyn atak danky osy tarihi shezhire kitaby arkyly bүkil dүnie zhүzine moshһүr bola bastajdy Tүrik tilinde zhazylgan bul enbeginde kazak saharasynda omir sүrip tirshilik etken Үjsin Zhalajyr Argyn Қypshak Қanly Sirgeli Қonyrat Kerej Najman Alshyn t b tүrik tektes ru tajpalardyn tүp ata tegin taratyp gylymi taldau zhүrgizedi Ogyzdar men dәuirine sipattama beredi Ertedegi zhәne odan bergi handar dәuirin әsirese Shyngys han zhәne onyn ouleti men kazak ulystarynan shykkan handar sultandar bekter zhәne olar bilegen kazak halyktarynyn ishki syrtky shapkynshy zhaularmen kүresi t b sayasi әleumettik zhajlary bayan etilgen Қadyrgali bidin bul enbegin kezinde Shokan Uәlihanovtan bastap koptegen halyktardyn belgili zertteushi galymdary zhogary bagalgan Endi osy Zhylnamalar zhinagynan birer үzindi keltirejik Toktamys han Edil bojynda otti Tajkozha ulannyn uly edi Қutlu Қiya uly Edige Kүchүk onyn kenesshisi serigi edi Toktamys hannyn mәlim belgili uldary mynalar Attaryn taratyp ajtsak Zhalaladdin sultan ekinshisi Kүshik sultan үshinshisi Zhafarberdi sultan tortinshisi Қalymberdi sultan besinshisi Қadyrberdi han kyzy Zhanike atty edi Ony Edige bi aldy Edige Kүchүk Zhanikeni alganda Қadyrberdi han үsh zhasar edi Temir Қүtlu Edige bekpen biri han biri bek edi Zamanynda kobejip urpak osirip omir keshti Temir Қutlu hannyn uly Temir han Onyn uly Bolat han Onyn uly Kichik Muhamed han Onyn uly Ahmed han Sol Ahmed hannyn үsh әjelinen togyz uly boldy Қazhy Kerej hannyn atasy Zhankerej Sultandy Қonyrat bekteri oltirgen son oli zhas Қazhy Kerej sultan kashyp Chakyrgan bajta zhaldanyp zhүrgende bekter oz aralarynda birimen biri zharasa almaj Қazhy Kerej Sultandy izdep tauyp handykka kojdy Shezhirede Edige bidin әuel babasy AbuBakir Muhammed pajgambardyn en 1 tort Halifasynyn biri odan birneshe ata babalardan son Keremet Әziz Zhalaladdin keledi Onyn Adһam Baba Tuklas Babaj Tүkti Shashty Әziz degen eki uly bolady Baba TҮklas Қatbada patsha bolady Onyn Terme degen uly Edil Zhajykta turyp najtys boldy Termenin uly Karachide Karachidin uly Islam Қiyada onyn uly Қadir Қiyada Edil Zhajykta turyp kajtty Қadir Қiyanyn uly Қүtlu Қiya Қumkentte kajtys boldy Onyn uly Edige bi Alla ogan rahymyn zhaudyrsyn Baba Tүklastyn tort uly bar edi Biri Қagbada biri Қagbanyn zhanynda biri Үrgenishte biri Қyrymda zhatyr Endi bir derekte Baba Tuklastyn Abas Ғabul Rahmankozha Terme degen үsh balasy bolgan dejdi Edige bi Toktamys hannyn ulysyn biledi Edige 63 zhasynda baryp sarajdyn kastandygynan oldi Edigenin Nuraddin myrza Қasym myrza Sejdutali myrza zhәne zhastaj ekeui kajtys bolgan Osy bes ul Қozhahanyn Baktyla degen kyzynan tu gan Қadyrgali bi bul kitabynyn songy zhagynda ozinin zhan dosy әri ustzy Oraz Muhamed turaly bylaj dep zhazady Onyn әkesi Ondan Sultan onyn әkesi Shygaj han onyn әkesi Iadik han onyn әkesi Zhәnibek han onyn әkesi Barak han onyn әkesi Қujyrshyk han onyn әkesi Orys han Olardyn әrbiri birneshe ata bolyp oz uәlayattarynda patshalyk kylyp atakty bolyp otti Olardyn arasynda asa belgili bolgan Қasym han edi Ol Zhagan bikemnen tugan edi Ұzak uakyt atasynyn ulysynda patshalyk etti Toniregindegi uәlayattardy ozine karatty segiz zhasynda ozara kaktygysta kaza bolgan uly babasy Shygaj hannan ajryldy On үsh zhasynda әkesi Ondan Sultan shaһit bolyp odan ajryldy Birak uakyt tarlykta Sejdak bidin aldynda kiriptarlyk shekti Odan on alty zhasynda barlyk hristian padishasy kuldygyna әzir boldy Sol kүnnen kazirge dejin Boris patshanyn kyzmetinde Ұly mәrtebeli patsha kulyn zharylkady Zhiyrma zhasynda uly mәrtebeli Oraz Muhamed handykka otyrdy Alla dәrezhesin gumylyk etsin Songy kezde Қadyrgali Zhalajri bi zhoninde zhana derekter tabylyp zhatyr Sonyn biri Әl Farabi atyndagy Қazak ulttyk universitetinin professory Zhangara Dodebaevtyn Қadyrgali bi turaly Almaty akshamy gazetinde 30 shilde 1997 zhariyalangan makalasy Avtor osy zertteuinde ol kezde ozinin argy babasy Қarash bek esimimen atalyp zhүrgen Қadyrgali bektin Sibirdegi ataman Ermak bastagan baskynshylygyna karsy kalaj sogyskanyn zhan zhakty zhazypty Osy zertteu makalasynyn sonyn avtor bylajsha tuzhyrymdajdy Sojtip ataman Ermak bastagan shabuyl zhenilis tabady Ermak opat bolady Atamannyn sauyty Қajdauyl myrzaga kaftany Sejdekke syjga tartylady kylyshy men beldigi Қarashaga beriledi Bugan Karaganda Ermak kolyn zhoyu zholyndagy sogysta osy atalgan үsh adamnyn atkargan kyzmeti asa zor bolganga uksajdy Ermak olgennen kejin bular Sibir handygyndagy en bedeldi ykpaldy kisilerdin katarynda kalgan Sibir zhylnamalary men bajyrgy zertteu enbekterde ataman Ermak bas tagan karakshylardyn zhorygyna karsy turyp onyn bar auyrtpalygyn tikelej kotergen birden bir iri tulga Қarasha Ermaktyn shapkynshylygyna tonauyna algash ushyragan sonyn ulysy Sibirge үlken kүshpen kelgen Sejdekti karsy alyp sonyn tobyna kosylatyn osy azamat Ataman Ermakka zhansyz zhiberip onyn kүshin ekige boletin sojtip oz aulyna ataman Ivan Kolco bastap kelgen kyryk karakshyny tүgeldej kyryp salatyn tagy da sol Ermak bastagan karakshylar kolynda kalgan Sibir astanasyn korshauga alyp bүkil Sibir karuly kүshin zhaulaushylarga karsy Otan azattygy үshin sogyska koteretin de osy zhan Ermak buzakylarynan Sibir astanasyn azat etu zholyndagy urysta zhasaktary үlken shygynga үshyrap eki batyr uly erlikpen kaza tabatyn bek te osy akyrynda Ermaktyn beldigi men kylyshyn beline tagynatyn kaһarman da sol Oraz Muhamed hanzadamen Sejdekpen birge Danila Chulkovtyn tutkynyna tүsip Moskeuge zhetkiziletin de osy Қarasha edi Sibirdin azattygy үshin osynsha kan men ter tokken batyr kolbasy memleket kajratkeri Қadyrgali bek ekeni turaly kazak galymdary osy kүnge dejin eki ushty pikirde Bizdinshe tatar galymy M A Usmanovtyn Sibirlik Қarasha men Қadyrgali bek bir adam dep tuzhyrymdauy dәleldi dәjekti әri onda үlken shyndyk bar Sibir tarihy turaly algashky derek kozderi men zertteulerde Oraz Muhamedpen Sejdekpen birge Danila Chulkovtyn tүtkynyna tүsetin Қarasha Koshim hannyn akylgoj karashasy Carya Kuchumova dumnoj karacha dep үzildi kesildi anyk korsetiledi Siltemeler Zhami at tauarih Zhylnamalar zhinagy Қazak handygySyrtky siltemelerZhalajyriDerekkozderMiller G F Opisanie Sibirskogo carstva i vseh proisshedshih v nem del SPb 1750 Usmanov M A Tatarskie istoricheskie istochniki HVII HVIII vv Kazan 1972 S 45 Sibirskie letopisi s 293 294 Dalanyn dara dilmarlary Almaty ZhShS Қazakstan baspa үji 2001 592 bet ISBN 5 7667 5647 Қazak enciklopediyasy Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet