Қожа Ахмет Ясауи, халық арасында Әзірет (Хазрет) Сұлтан атымен танымал (1093 немесе 1103, Сайрам — 1166, Түркістан) — ортаазиялық философ, ислам уағызшысы, сопылық ақын.
Қожа Ахмет Ясауи | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Қызметі | |
Әкесі | Ибраһим |
Анасы | Қарашаш |
Ортаққордағы Қожа Ахмет Ясауи |
Өмірбаяны
Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. IX ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, , , Өзкент, тағы да басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, Х ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жыл қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Ясауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Ясауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Ясауидың алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”). Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа Ахмет Ясауидың “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар да Қожа Ахмет Ясауидың шәкірттері саналады. А.Беннигсон Қожа Ахмет Ясауидың және Зеңгі Баба атты да шәкірттерінің болғандығын айтады. Ясауи шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: “Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мауераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Ясауи тариқатының шейхтары еді” дейді. Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайхылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді:
- ...Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,
- Машайықтар ұлығы - шейхым Ахмет Ясауи.
- ….Ясы оның арасы, жатыр гауһар парасы,
- Машайықтар сарасы - шейхым Ахмед Ясауи. Ахмет Бұқар қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады. Ахмет Ясауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында былайша баяндайды:
- ...Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне
- Он сегізде Шілтеменен шарап іштім,
- Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар құштым,
- Хақ Мұстафа жүздерін көрдім, міне.
«Диуани Хикмет»
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет/ Диуани Хикмат» (Хикмат - жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайтара басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикметтен» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи «әзіреті сұлтан» аталып, басына аяғында атақты Әмір Темір күмбезді сағана орнаттырады. Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы “Диуани Хикмет”, “”, “” сияқты мұраларынан көрінеді. Қожа Ахмет Ясауи сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының негізін моральдық-этикалық және сопылық хикметтер деп жіктеуге болады. Ясауи іліміндегі парасат ұғымы адамның адамгершілік ахлақи мәртебесіне және “инсани камил” дәрежесіне жету мәселесін қарастырады. Қожа Ахмет Ясауидың дүниетанымдық тұжырымдамасының теория негізін шариғат пен мағрифат құраса, ал тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет дүниетанымының мәні – “адамның өзін-өзі тануы” арқылы “Хақты тануы”. Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) – “тәуба”, соңғысы “құлдық” (убудийат, абд). Бұл жолдағы адам “жаратылған – мен” екендігінің ақиқатына, жаратылыс сырына көзі жеткенде, өзінің адамдық парызы – “Алла мен адамның және адам мен қоғамның” арасында “көпір – жол” болу екендігін ұғынады.
Ясауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінде адамның табиғаты Құранда айтылғандай – су мен топыраққа телінеді. “Асылын білсең су уа кил (топырақ) және килге (топыраққа) кетер йа” – дейді ол. Сопылық мағынада “топырақ” – адамның жаратылыс табиғаты, парасаттылық пен қарапайымдылық. Ал, , менмендік, – адамды адамшылықтан кетіретін қасиеттер. Қожа Ахмет Ясауидың кейбір хикметтерінде өзінің бүкіл болмысымен топыраққа айналғандығын білдіретін символдық ұғымдар қолданылады: “Басым топырақ, өзім топырақ, тәнім топырақ; Хаққа қауышар ма екем деп – рухым муштақ”. Бұл сопылық мағынада “уисал” (Хаққа қауышу) мақамын білдіреді. Топырақ болу, нәпсіден арылу – Хаққа қауышудың бірінші шарты. Осыдан кейін адам ақиқатқа жетіп, инсани кәміл дәрежесіне ұласып, өзінің Хаққа бастар “жол” екендігінің мәніне қанығады. “Топырақ болғыр әлем сені басып өтсін” дегендегі мақсат осыған саяды. Өйткені сопылық атауда әулиелер мен пірлердің қабірін де “топырақ” дейді. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында әулие – даңғыл жол, өйткені ол – халқына жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның арасын айыруға жөн сілтейтін, Алла рақметінің қоғамдағы көрінісі болып табылатын дана тұлға.
Қожа Ахмет Ясауи ілімі
Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Ясауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ - кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Ясауи ілімі – дін, мәзһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ (махаббат) жолы. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі.
Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды (қ. Сопылық). Қожа Ахмет Ясауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: “Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде” – деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Сондықтан да Қожа Ахмет Ясауи “Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл” дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали “өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың” дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың, рух – жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазалығын мақсат тұту “ашқ” мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады. “Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен...” “Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фәни...” Бұлар – “өлмес бұрын өлу” философиясына тән хикметтер. Қожа Ахмет Ясауи мұнда масиуаны (Хақтан басқа барлық дүниені) тәрк ету арқылы шынайы өмір мәнін ұғынуға шақырады. Оның көзқарасы бойынша, “шынайы өмір” деп, рухтың нәпсіден арылып, илаhи нұрлармен шайылуын айтады. Бұл ілім негізінде адамдарды “өлілер” және “тірілер” деп қарауға болады. Бұл жердегі “өлі” және “тірі” ұғымы рухқа байланысты. “Өлілер” – дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең. “Тірілер” – нәпсілерін жою арқылы рухтарына “өмір” сыйлағандар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи мәртебесіне жеткендер. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында физикалық өлім жоқ. Ол жай ғана рухтың тәннен айырылып, басқа бір халге ауысуы. Аллаға құлшылықтың ең жоғарғы халі – еркіндік. Рухани өмір ішкі рухқа қатысты болғандықтан,Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі еркіндік мәселесі де адамның “ішкі еркіндігі” шеңберінде қарастырылады. Ішкі еркіндікті ислам ахлағында “моральдық еркіндік” дейді. Яғни, Хаққа толық құл болған адам ғана толық еркін, азат. Демек, Алладан басқа барлық нәрседен тазару шынайы еркіндікке ұласады. Сопы Хақ алдында құл, халық алдында азат, еркін. Рухани өлімнің нәтижесінде нәпсі үстемдік құрып, адамды өзіне құл етеді. Адам өзінің жаратылысын, табиғатын жатсына бастайды. Нәтижесінде рух еркіндіктен айырылады. Қожа Ахмет Ясауи әдісі бойынша, рухты еркіндікке қауыштырудың жолы – зухд Қожа Ахмет Ясауи ілімінде ішкі еркіндікке жетудің дәрежелері мен басқыштары айтылады. Бұлар сопылық дүниетанымдағы “халдер” мен “мақамат” категорияларының рет-ретімен жалғасуы арқылы жүзеге асады. Ішкі еркіндік жайындағы мәліметтің негізі – дін. Ал дін адамзатқа “ішкі құлдықтан” құтылу және “ішкі еркіндікке” жетудің жолын көрсететін Алла тарапынан берілген илаhи жолдағы Қожа Ахмет Ясауи ілімі бойынша, “өлілер” мен “тірілер” ұғымына сәйкес, еркіндік мәселесінде де адамдарды екі топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топ – “еркіндікті аңсаушылар”. Бұлар тек қана Хаққа табынып, құлшылық етеді. Екінші топ – “еркіндіктен қорқатындар”. Бұлар – нәпсі, , байлық, атақ, дүние, адамға, т.б. табынып, құлдық ұрады. Хикметтің басы – Алланы бар және бір деп білу.
Қожа Ахмет Ясауи адам баласы осы шындықтан бейхабар қалғанда өзінің негізінен алыстай бастайтындығын айтады. Осы ақиқатты адам баласына ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі – Құран деп біледі. Сонымен қатар, Алланы танудың негізгі сыры адамның өзінде екендігін айтады. Адам – микрокосмос болса, рух, бүкіл әлем, болмыс – макрокосмос, Алланың аяттары, яғни белгілері. Адам – рух әлемінде Алламен болған сұхбат-антты бұзбай “Зікір” арқылы үнемі есте сақтаушы. Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі зікір, уажд (экстаз), сама сияқты әдістер Алламен болған сертті ұмытпау үшін қолданылған. Адамның арабша “инсан”, яғни “ұмытшақ” екендігін ескергенде, Құранның бір аты болып табылатын зікір (еске алу) адамдық болмысты толықтырып, кемелдендіріп отыратын әдіс екендігі белгілі. Осы тұста “қалу бәла” серті (“...мен сендердің Жаратушың емес пе едім” деген Тәңірінің сұрағына рухтардың “Иә, әлбетте” деген жауап-серті) мен рух әлеміндегі онтол. және туыстық бірліктің адамзат арасында осы кезге жалғасып, сақталуына деген ұмтылыстың, тілектің жатқандығын байқау қиын емес. Жалпы сопылық дүниетанымға тән бұл теориялы-тұжырымдамалық ұстанымды Қожа Ахмет Ясауи түркілік дүниетаным негізінде жаңғыртты. Ислам тарихында дінді ұғынудың, қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда болған “сопылық ағым” ресми діндегі (қалам мен фикһ) қасаңдыққа қарсы бағыт ретінде бой көрсетті. Сол секілді Қожа Ахмет Ясауи ілімі де түркілік дүниетанымның негізгі категориясы болып табылатын әмбебаптыққа сай дамыды. Тәңірді жазалаушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес, Тәңірді сүю және оның үкімдерін құрметтеу арқылы Аллаға махаббатпен қауышу-ұласу әдістерін қалыптастырды. Өйткені сопылық дүниетанымда Алла – ғашық (сүюші), мағшуқ (сүйілуші) әрі ғашықтықтың өзі болғандықтан да, ғашықтық болмыс жаратылысының ең негізгі мұраты. Бұл адам бойында махаббат, жауапкершілік сезімді, иман, т.б. асыл құндылықтарды қалыптастырады. Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғана мәнді, мағыналы өмір, “адамша тіршілік ету өнерін” меңгере алады (қазіргі “Диуани хикмет”). Қожа Ахмет Ясауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ (мораль). Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана “шындыққа”, “жан тыныштығына” қауышады. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде “жан тыныштығы”, “шындыққа жету” адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін-өзі меңгеруге қолы жетіп, “Кемел адам” тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Ясауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистика) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменол-сы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстанымдардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстанымдар мистикалық институттармен тұтасып, “халық діндарлығы” түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет Ясауидың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның “құрма” символизмі арқылы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың “себеп” болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей “жерасты мешітіне”, яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды таратудағы маңызды әдістемелік, құбылыстық ерекшелік әрі жаңалық болып табылады.
Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариғаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Ясауише хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Хаджи Бекташ Уали, Жүніс Әміре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Ясауи сарыны байқалды. XII ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Ясауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.
Галерея
- Ахмет Ясауи кесенесі
- Есімхан кесенесі
- Мешіт
Дереккөздер
Дереккөздер
- Басқа тілдерде атауы — Кожо Акмат Ясауи (қырғызша), Әхмәд Ясәуи (Хуҗа Әхмәд, Кол Әхмәд) (татарша), Hoja Ahmet Ýasawiy (түрікменше), خوجا ئەھمەد يەسەۋى (ұйғырша).
Сілтемелер
- Islam in the Soviet Union: From the Second World War to Perestroika.(қолжетпейтін сілтеме)
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
- Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қozha Ahmet Yasaui halyk arasynda Әziret Hazret Sultan atymen tanymal 1093 nemese 1103 Sajram 1166 Tүrkistan ortaaziyalyk filosof islam uagyzshysy sopylyk akyn Қozha Ahmet YasauiTugan kүnishamamen 1093 kejbir derekterde 1103 zhylyTugan zheriTүrkistan oblysy Sajram audanyҚajtys bolgan kүni1166 1166 Қajtys bolgan zheriTүrkistan oblysy TүrkistanҚyzmetiAkyn pәlsapashyӘkesiIbraһimAnasyҚarashashOrtakkordagy Қozha Ahmet YasauiӨmirbayanyҚozha Ahmet Yasaui 1093 zhyly tuylgan tүrkistandyk gulama әulie Қozha Ahmet Yasauidin argy tegi kozhalar әuleti Әkesi Isfidzhabta dankka bolengen әulie Әziret Әlinin urpagy Shejh Ibraһim Anasy Musa shejhtyn kyzy Ajsha Қarashash ana Musa shejh te Isfidzhabta әulieligimen tanylgan Kejbir derekterde Қozha Ahmet Yasauidyn Ibraһim atty uly men Gauhar Hoshnaz Zhauhar Shahnaz atty kyzynyn bolgandygy ajtylady Қozha Ahmet Yasauidyn urpagy negizinen osy kyzynan tarajdy IX gasyrda Otyrar Isfidzhab Balasagun Yasy Sauran Syganak Shash Sүtkent Zhent Өzkent tagy da baska Mauerannahr kalalarynda islam dini uagyzshylarynyn belsendi әreketteri sayasi sipat algan bolsa H gasyrdan bastap islam ilimi zholyndagy tәlim tәrbielik ordalar medrese tekkeler tүbegejli ornygyp islamdyk ruhaniyattyk ahlaki moraldyk ustanymdar kalyptasa bastady Қozha Ahmet Yasaui dүniege kelmej turyp Isfidzhabta islamdyk fikһ kukyk mektebi hanafi mazһabynyn ondagan okilderi omir sүrdi Yasaui ilimi osy sayasi әleumettik tarihi sharttarga bajlanysty kalyptasty Қozha Ahmet Yasaui ustazdarynyn koshbasshysy Arystan bab Kashifi Rashahat ul ajn il hajat atty enbeginde Қozha Ahmettin Arystan babtyn shәkirti bolgandygy odan zaһir zhәne batin ilimderinin syry men mәnin үjrengendigi ogan 16 zhyl kyzmet etkendigi turaly mәlimet beredi Yasauidyn Diuani hikmetinde de Arystan bab zhii auyzga alynady Қozha Ahmet Yasauidyn omiri men kyzmeti turaly Zhazba derekterde Hazini Zhauaһir ul Abra Min Amuazh il Biһar onyn Yusuf Hamadanidyn shәkirti ekendigin korsetetin derekter bolganymen songy zertteulerde ony teriske shygaratyn tuzhyrymdar ajtyla bastady Қozha Ahmet Yasauidyn algashky shәkirti Arystan babtyn uly Mansur Ata ekinshi shәkirti Sajid Ata Horezmi үshinshi shәkirti Sүlejmen Bakyrgani Osylardyn ishindegi en kornektisi Bakyrgani Hakim Ata Kashifi Rashahat ul ajn il hajat Tagy bir tanymal shәkirtterinin biri Muhammed Danyshmendi sopy Қozha Ahmet Yasauidyn Mirat ul Қulub atty murasyn hatka tүsirdi Sondaj ak Sadr Ata Badr Ata Қazhy Bektash Әulie Sary Saltuk Shejh Lukpan Perende siyakty tulgalar da Қozha Ahmet Yasauidyn shәkirtteri sanalady A Bennigson Қozha Ahmet Yasauidyn zhәne Zengi Baba atty da shәkirtterinin bolgandygyn ajtady Yasaui shәkirtteri zhoninde Fuat Koprulu Mutasauuftardyn sopylardyn omirbayany zhajly enbekterde Irak Horasan zhәne Mauerannahr sopylarynan baska tүrki shejhtary dep zhүrgen sopylardyn barlygy derlik Қozha Ahmet Yasaui tarikatynyn shejhtary edi dejdi Ahmettin әkesi dindar kudaj zholyn ustagan atakty shajhylardyn biri bolgan sekildi Bulaj dejtin sebebimiz akynnyn 149 hikmetinde onyn shykkan tegi turaly tomendegi syr shertedi Yskak baba zhuryny shejh Ibraһim Қulyny Mashajyktar ulygy shejhym Ahmet Yasaui Yasy onyn arasy zhatyr gauһar parasy Mashajyktar sarasy shejhym Ahmed Yasaui Ahmet Bukar kalasynda Yusuf Hamadanidan dini bilim algannan kejin Tүrkistanga kelip sol kezde Ortalyk Aziyada ken taragan sopylyk dini takualyk ideyalardyn iri nasihatshysyna ajnalady Ahmet Yasauidin erzhete kele Tүrkistanga kelui dinge bajlanysty bolsa kerek Akyn oz olenderinde Tүrkistanga kelgeni zhajynda bylajsha bayandajdy On zhetimde Tүrkistanda turdym mine On segizde Shiltemenen sharap ishtim Ruzy kyldy Zhәnnat kezip korlar kushtym Hak Mustafa zhүzderin kordim mine Diuani Hikmet Onyn bүgingi urpakka zhetken kolemdi shygarmasy Diuani hikmet Diuani Hikmat Hikmat zhinak Bul shygarma algash ret 1878 zh zheke kitap bolyp basylyp shygady Sodan kejin ol Ystambul Қazan Tashkent kalalarynda birneshe kajtara basylady Sonyn biri 1901 zh Қazanda Tynyshtykulynyn kazaktarga arnap shygargan nuskasy bolatyn Tort tarmakty olenmen zhazylgan bul shygarmasynda akyn ozinin bala kүninen pajgambar zhasyna kelgenge dejin omir zholyn bayandajdy tirshilikte tartkan azabyn korgen kajgysyn ajtady bukara halykka үstemdik zhүrgizushi handardyn bekterdin kazylardyn zhibergen kemshilikterin zhasagan kiyanattaryn synajdy bul fәnidin zhalgandygyn bildiredi Diuani Hikmetten tүrki halyktaryna sonyn ishinde kazak halkyna ertedegi mәdenietine әdebietine tarihyna etnografiyasyna ekonomikasyna katysty bagaly derekter tabuga bolady Қozha Ahmet Yasaui saganasy Tүrkistan kalasynda zherlengen Қozha Ahmet Yasaui әzireti sultan atalyp basyna ayagynda atakty Әmir Temir kүmbezdi sagana ornattyrady Zhalpy dәstүrli tүrkilik sopylyk ruh pen Қozha Ahmet Yasaui dүnietanymy onyn iliminin mәni men manyzy Diuani Hikmet siyakty muralarynan korinedi Қozha Ahmet Yasaui sopylyk iliminin dүnietanymy men filosofiyasynyn negizin moraldyk etikalyk zhәne sopylyk hikmetter dep zhikteuge bolady Yasaui ilimindegi parasat ugymy adamnyn adamgershilik ahlaki mәrtebesine zhәne insani kamil dәrezhesine zhetu mәselesin karastyrady Қozha Ahmet Yasauidyn dүnietanymdyk tuzhyrymdamasynyn teoriya negizin sharigat pen magrifat kurasa al tәzhiribelik negizin tarikat belgilejdi Қozha Ahmet dүnietanymynyn mәni adamnyn ozin ozi tanuy arkyly Hakty tanuy Bul zholdyn algashky makamy baskyshy tәuba songysy kuldyk ubudijat abd Bul zholdagy adam zharatylgan men ekendiginin akikatyna zharatylys syryna kozi zhetkende ozinin adamdyk paryzy Alla men adamnyn zhәne adam men kogamnyn arasynda kopir zhol bolu ekendigin ugynady Yasaui hikmetterinin mәni filosofiyasynyn ozegi adam Adam kemeldikke zhetui үshin kazhetti bilimdi igerui kerek Bul bilimnin kajnary hikmet Hikmetterde adam zharatylysy Zharatkan ienin ulylygyn korsetetin korkemdigi zhagynan en zhogargy kejipte zharatylgan bolmys ekendigi ajkyn korsetilgen Қozha Ahmet Yasaui hikmetterinde adamnyn tabigaty Қuranda ajtylgandaj su men topyrakka telinedi Asylyn bilsen su ua kil topyrak zhәne kilge topyrakka keter ja dejdi ol Sopylyk magynada topyrak adamnyn zharatylys tabigaty parasattylyk pen karapajymdylyk Al menmendik adamdy adamshylyktan ketiretin kasietter Қozha Ahmet Yasauidyn kejbir hikmetterinde ozinin bүkil bolmysymen topyrakka ajnalgandygyn bildiretin simvoldyk ugymdar koldanylady Basym topyrak ozim topyrak tәnim topyrak Hakka kauyshar ma ekem dep ruhym mushtak Bul sopylyk magynada uisal Hakka kauyshu makamyn bildiredi Topyrak bolu nәpsiden arylu Hakka kauyshudyn birinshi sharty Osydan kejin adam akikatka zhetip insani kәmil dәrezhesine ulasyp ozinin Hakka bastar zhol ekendiginin mәnine kanygady Topyrak bolgyr әlem seni basyp otsin degendegi maksat osygan sayady Өjtkeni sopylyk atauda әulieler men pirlerdin kabirin de topyrak dejdi Қozha Ahmet Yasaui dүnietanymynda әulie dangyl zhol ojtkeni ol halkyna zhaksy men zhamannyn akikat pen zhalgannyn arasyn ajyruga zhon siltejtin Alla rakmetinin kogamdagy korinisi bolyp tabylatyn dana tulga Қozha Ahmet Yasaui ilimiҚozha Ahmet Yasaui iliminde Hakka kyzmet etu halykka kyzmet etuden bastalady Al halykka ultyna kyzmet etudin sharty topyrak sipatty bolu nәpsini tyyu Topyrak sipatty bolyp ozin halkyna arnau kemeldikti bildiredi Қozha Ahmet Yasaui kemeldikke zhetu үshin adamda ashk kuatty mahabbat pen dert bolu kerek dejdi Dertsiz adam adam emes muny anla Ashksyz insan hajuan zhynysy buny tynda Osy hikmet zholyndagy dertsiz adam adamdyk sezimnen zhurdaj oz ultynyn kogamynyn Otanynyn aldynda zhauapsyz munsyz kara basynyn kamyn kүjttejtin zhan Ashksyz adam ilahi fitrattan yagni Alla tarapynan adamga berilgen kudajlyk syjdan makrum kalgan ozinin adamdyk kadirin bagalaj almajtyn parasattylykka umtylmajtyn ozin korshagan әlemge adamga tabigatka osynyn bәrin Zharatushy iege mәn bermejtin zhan Dertti adamnyn Қozha Ahmet Yasaui ilimindegi alatyn orny erekshe Ol hikmetinde Bilimin shyrak halin pilte koz zhasyn zhagatyn maj bolsyn dejdi Dertti sherli adam pilte bolyp zhanyp ashk otyna tүsip kogamnyn kemshilik tustary men aksagan ruhaniyatyn korip koz zhasy kajrat zhigerimen odan shygar zhol daua izdejdi Shynajy ashkka osy dert arkyly ulasady Al ashk kemeldikke zhetelejtin kүsh kuat kozi Қozha Ahmet Yasaui iliminde adamnyn zharatylys maksaty Hakka kulshylyk etu ibadat ol Sizdi bizdi Hak zharatty ibadat үshin dejdi Bul ibadat ubudijat Hakty tanu zholyndagy en zhogargy makam Қudajlyk ashkty Allaga degen mahabbatpen tutastykta koretin Қozha Ahmet Yasaui dүnietanymy Alla zharatkan adam balasyn kemsitpej ozimen ten dәrezhede kurmetteudi paryz dep karajdy Sүnnet eken kәpir de bolsa berme azar Konili katty dilazardan Қudaj bizar degen hikmet adamnyn tegi men tүsine dini men diline karamastan ogan kurmet korsetu adam retinde ardaktaudy pajgambarlyk sүnnet zhүje zan kagida retinde tanytady Өjtkeni Қozha Ahmet Yasaui ilimi din mәzһab ayasyna syjmajtyn sheksiz ashk mahabbat zholy Қozha Ahmet Yasaui dүnietanymynda dertti adam topyrak adam kemel adam sondaj ak garip adam tulgalary da dәripteledi Ғarip adamdy kemeldik mәrtebesine zhetkizip pajgambardyn kogamdagy okili izbasary retinde bagalajdy k Sopylyk Қozha Ahmet Yasaui ozin de garip retinde korsetedi Ғarippin eshkimim zhok bejsharamyn hәm pakyr Senen baska kimim bar rakym et Sen Alla tan sәride dep rakymdy tek Alladan gana kүtedi Өjtkeni ony Alladan baska shyn ugatyn koldajtyn eshkim zhok Ony garip kylyp zhalgyzdykka itermelejtin kүsh onyn dүniege degen kozkarasy ilahi ashk Hak zholyna degen umtylysy men mahabbaty Ғariptik adamnyn oz ozimen ishtej kүresip sanasyn sansyratkan mәselelerdin sheshimin tabu zholynda ruhymen tildesu oz әlimen gana lәzzat alu siyakty konil kүjdi bildiretin psihologiyalyk hal Sondyktan da Қozha Ahmet Yasaui Қaj zherde garip korsen һem dem bolgyl dejdi Yagni olarga dem ber koldau korset kasynan tabyl kurmette degeni edi Қozha Ahmet Yasaui dүnietanymynda omir men olim mәselesinin mәni ozgeshe Ғazali olimnin akikatyn tүsinu үshin omirdin mәnine zhetu kerek al ruhty bilmej turyp omirdi tani almajsyn dejdi Onyn iliminde nәpsi zhamandyktyn ruh zhaksylyktyn kajnar kozi bolyp tabylady Zhaksylyk pen zhamandyk sekildi nәpsi men ruhtyn da katar omir sүrui mүmkin emes Ruhtyn omir sүrui үshin nәpsinin olui shart Өjtkeni omirdin mәni ruhtyn tazalygynda yagni konil ajnasynyn saftygynda zhatyr Ruh tazalygyn maksat tutu ashk mәrtebesine ulasyp Hak didaryn koru bolyp tabylady Mutu kabla an tamutu topyrak bolmak Ashktar olmes buryn oledi eken Қul Қozha Ahmet nәpsini teptim nәpsini teptim Өlmes buryn zhan berudin dertin shektim Didar tilep tәrk etsem masiuany Өlmes buryn bolmysyndy ajla fәni Bular olmes buryn olu filosofiyasyna tәn hikmetter Қozha Ahmet Yasaui munda masiuany Haktan baska barlyk dүnieni tәrk etu arkyly shynajy omir mәnin ugynuga shakyrady Onyn kozkarasy bojynsha shynajy omir dep ruhtyn nәpsiden arylyp ilahi nurlarmen shajyluyn ajtady Bul ilim negizinde adamdardy oliler zhәne tiriler dep karauga bolady Bul zherdegi oli zhәne tiri ugymy ruhka bajlanysty Өliler dүniede nәpsinin kuly bolyp otkender olar tiri bolsa da olikpen ten Tiriler nәpsilerin zhoyu arkyly ruhtaryna omir syjlagandar olar olse de mәngilik omirmen kauyshkandar baki mәrtebesine zhetkender Қozha Ahmet Yasaui dүnietanymynda fizikalyk olim zhok Ol zhaj gana ruhtyn tәnnen ajyrylyp baska bir halge auysuy Allaga kulshylyktyn en zhogargy hali erkindik Ruhani omir ishki ruhka katysty bolgandyktan Қozha Ahmet Yasaui ilimindegi erkindik mәselesi de adamnyn ishki erkindigi shenberinde karastyrylady Ishki erkindikti islam ahlagynda moraldyk erkindik dejdi Yagni Hakka tolyk kul bolgan adam gana tolyk erkin azat Demek Alladan baska barlyk nәrseden tazaru shynajy erkindikke ulasady Sopy Hak aldynda kul halyk aldynda azat erkin Ruhani olimnin nәtizhesinde nәpsi үstemdik kuryp adamdy ozine kul etedi Adam ozinin zharatylysyn tabigatyn zhatsyna bastajdy Nәtizhesinde ruh erkindikten ajyrylady Қozha Ahmet Yasaui әdisi bojynsha ruhty erkindikke kauyshtyrudyn zholy zuhd Қozha Ahmet Yasaui iliminde ishki erkindikke zhetudin dәrezheleri men baskyshtary ajtylady Bular sopylyk dүnietanymdagy halder men makamat kategoriyalarynyn ret retimen zhalgasuy arkyly zhүzege asady Ishki erkindik zhajyndagy mәlimettin negizi din Al din adamzatka ishki kuldyktan kutylu zhәne ishki erkindikke zhetudin zholyn korsetetin Alla tarapynan berilgen ilahi zholdagy Қozha Ahmet Yasaui ilimi bojynsha oliler men tiriler ugymyna sәjkes erkindik mәselesinde de adamdardy eki topka bolip karauga bolady Birinshi top erkindikti ansaushylar Bular tek kana Hakka tabynyp kulshylyk etedi Ekinshi top erkindikten korkatyndar Bular nәpsi bajlyk atak dүnie adamga t b tabynyp kuldyk urady Hikmettin basy Allany bar zhәne bir dep bilu Қozha Ahmet Yasaui adam balasy osy shyndyktan bejhabar kalganda ozinin negizinen alystaj bastajtyndygyn ajtady Osy akikatty adam balasyna eskertip tikelej eske salyp otyratyn tanym kozi Қuran dep biledi Sonymen katar Allany tanudyn negizgi syry adamnyn ozinde ekendigin ajtady Adam mikrokosmos bolsa ruh bүkil әlem bolmys makrokosmos Allanyn ayattary yagni belgileri Adam ruh әleminde Allamen bolgan suhbat antty buzbaj Zikir arkyly үnemi este saktaushy Қozha Ahmet Yasaui ilimindegi zikir uazhd ekstaz sama siyakty әdister Allamen bolgan sertti umytpau үshin koldanylgan Adamnyn arabsha insan yagni umytshak ekendigin eskergende Қurannyn bir aty bolyp tabylatyn zikir eske alu adamdyk bolmysty tolyktyryp kemeldendirip otyratyn әdis ekendigi belgili Osy tusta kalu bәla serti men senderdin Zharatushyn emes pe edim degen Tәnirinin suragyna ruhtardyn Iә әlbette degen zhauap serti men ruh әlemindegi ontol zhәne tuystyk birliktin adamzat arasynda osy kezge zhalgasyp saktaluyna degen umtylystyn tilektin zhatkandygyn bajkau kiyn emes Zhalpy sopylyk dүnietanymga tәn bul teoriyaly tuzhyrymdamalyk ustanymdy Қozha Ahmet Yasaui tүrkilik dүnietanym negizinde zhangyrtty Islam tarihynda dindi ugynudyn kabyldaudyn erekshe tүri retinde pajda bolgan sopylyk agym resmi dindegi kalam men fikһ kasandykka karsy bagyt retinde boj korsetti Sol sekildi Қozha Ahmet Yasaui ilimi de tүrkilik dүnietanymnyn negizgi kategoriyasy bolyp tabylatyn әmbebaptykka saj damydy Tәnirdi zhazalaushy korkynysh iesi retinde gana emes Tәnirdi sүyu zhәne onyn үkimderin kurmetteu arkyly Allaga mahabbatpen kauyshu ulasu әdisterin kalyptastyrdy Өjtkeni sopylyk dүnietanymda Alla gashyk sүyushi magshuk sүjilushi әri gashyktyktyn ozi bolgandyktan da gashyktyk bolmys zharatylysynyn en negizgi muraty Bul adam bojynda mahabbat zhauapkershilik sezimdi iman t b asyl kundylyktardy kalyptastyrady Adam hikmet arkyly onyn nәtizheli zhemisterinin negizinde gana mәndi magynaly omir adamsha tirshilik etu onerin mengere alady kazirgi Diuani hikmet Қozha Ahmet Yasaui iliminin tanymdyk tiregin kurajtyn adamgershilik kagidalardyn ozegi ahlak moral Ahlak hikmettin nәtizhesinde kalyptaskan ruhani kundylyktar zhiyny Adam ahlak arkyly adamdyk bolmyska mәnge ie bolady Yagni adam ahlaktyk ruhani kundylyktardy bojyna sinirgende gana shyndykka zhan tynyshtygyna kauyshady Қozha Ahmet Yasaui iliminde zhan tynyshtygy shyndykka zhetu adamgershilik kasiet pen sipatka ulasu arkyly tarikatta zhүzege asady Allaga kauyshudyn zholy kogamga adamga kyzmet etu tikelej ahlaktyk kemeldenu arkyly otedi Nәtizhesinde ruhani tazalykka ozin ozi mengeruge koly zhetip Kemel adam turpaty kalyptasady Koshpeli tүrki kauymyn imandylykka shakyru arkyly Қozha Ahmet Yasaui ilimi barsha tүrki halyktary mәdenietine үlken ozgeris engizdi Dәstүrli tүrkilik dүnietanymnyn negizi syrshyldyk mistika din ekendigin eskersek sopylyk tanymnyn tүrki musylmandygynyn en manyzdy ereksheligin kalyptastyrudagy sebepterin ugynu kiyn emes Bul kubylystyn tabigilygyn din fenomenol sy turgysynan karasak dinderdin taraluyndagy eski ustanymdardyn tolygymen zhojylmajtynyn zhanalary sol kundylyktar tүsinik ugymdar negizinde oz ornyn tabatynyn koruge bolady Kobinese dinderde eski ustanymdar mistikalyk instituttarmen tutasyp halyk dindarlygy tүrinde tirshiligin zhalgastyrady Bul kubylystyn korinisin Қozha Ahmet Yasauidyn sopylyk moraldyk iliminen koruge bolady Onyn kurma simvolizmi arkyly Muhammed s g s pajgambarga bajlanuy osy kubylyska Arystan babtyn sebep boluy omirin pajgambar omirine uksatuga tyrysuy pajgambarga uksaudyn isharaty retinde ulynyn atyn Ibraһim koyuy pajgambar zhasyna kelgende tiridej zherasty meshitine yagni kyluetke tүsui osynyn bәri onyn ilimindegi koshpeli tүrkilerge islamdy taratudagy manyzdy әdistemelik kubylystyk erekshelik әri zhanalyk bolyp tabylady Zhergilikti halyktyn salt sanasy men senim nanymyna әdet gurpyna kajshy kelmejtin dini mistikalyk mekteptin negizin kalagan Қozha Ahmet Yasaui shygarmashylygy sopylyk agymnyn tүrkilik dәstүrine dangyl zhol saldy Islam dinin tek arab tili arkyly gana tanuga bolady degen tүsinikti teriske shygaryp sopylyk әdebiet ustanymdaryn kone tүrki әdebi til shagataj tilinde sojletti Қasietti kitaptyn arabsha magynasyn tolyktaj tүsindiru sharigattyn kyr syryn din kagidalaryn kalyn kauymga oz tilderinde terennen tanytu maksatynda hikmetterin zhergilikti halykka zhakyn ajshykty poeziya tilimen zhazdy Қozha Ahmet Yasaui tүrki tilinde zhatyk әri bejneli zhyr zhazudyn үlgisin zhasap tүrki tilderinin korkem shygarmalar tudyru mүmkindiginin mol ekendigin dәleldedi Onyn zhazba әdebiet үlgisindegi shygarmalary tүrki topyragynda erteden kalyptaskan suyrypsalmalyk dәstүrdegi әdebietke zhana serpin tyn mazmun alyp kelumen katar ony tүr zhagynan korkejtip kemeldendire tүsti Sojtip burynnan didaktikalyk sipaty basym tүrki әdebieti nasihattyk oj tuzhyrymdarmen tolyga tүsti Ol folklor men zhazba әdebiettin ozara zhakyndasuynyn tolysyp korkeyuinin dәnekeri bola otyryp shygarmashylyk әdebietinde erteden kalyptaskan Қuran Kәrimde bayandalatyn tarihi anyzdar men pajgambarlar әulie әnbieler zhonindegi әpsanalardy hikmetterinde utymdy pajdalandy Қozha Ahmet Yasaui shygarmashylygy tүrki musylman әlemine keninen tanylyp Yasauishe hikmet zhazu dәstүrge ajnaldy Kishi Aziyada Hadzhi Bektash Uali Zhүnis Әmire Sүlejmen Bakyrgani hikmetterinen Қozha Ahmet Yasaui saryny bajkaldy XII gasyrdan beri tүrki halkynyn dүnietanymyna eleuli ykpal etken Қozha Ahmet Yasaui saryny Asan Қajgydan Abajga sondaj ak kүni bүginge dejingi kazak akyndary shygarmalarynda korinis tapkan GalereyaAhmet Yasaui kesenesi Esimhan kesenesi MeshitDerekkozderDerekkozder Baska tilderde atauy Kozho Akmat Yasaui kyrgyzsha Әhmәd Yasәui Huҗa Әhmәd Kol Әhmәd tatarsha Hoja Ahmet Yasawiy tүrikmenshe خوجا ئەھمەد يەسەۋى ujgyrsha Siltemeler Islam in the Soviet Union From the Second World War to Perestroika kolzhetpejtin silteme Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6 Islam Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 322 1 Otyrar Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2005 ISBN 9965 17 272 2 Muhtar Әuezov enciklopediyasy Almaty Atamura baspasy 2011 zhyl ISBN 978 601 282 175 8 Bul Islam turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet