Юнус Эмре, Жүніс Әміре (Ynus Emre) (1240-1321, қазіргі Түркия) - түрік ақыны.
Анадолыдағы Қожа Ахмет Иасауи жолын қуған сопылық мектептің негізін қалаушы, түрік ақыны. Өмірі жайлы нақты деректер жоқ. Кейбір ескі қолжазбаларда оның хижра бойынша 720 ж. 82 жасыңда қайтыс болғандығы жазылған. Бұл деректерді оның өз шығармалары да («Насихаттар кітабы») растайды. Жүніс Әміренің қай жерде жерленгені белгісіз. Түркияның әр түрлі аймақтарында Жүніс Әміреге арналып кұлпытастар қойылып, мазарлар салынған. Өлеңдерін Қожа Ахмет Иасауи жолымен халыққа Ислам қағидаларын түсіндіру үшін жазған. Ақын ұғымы бойынша, адам денесі су, топырақ, от, ауалан жаратылған. Осы денеге кейіннен жан (рух) берілген. Су - тазалық, жомарттық, жақсылық және Аллаһқа қауышудың символы. Топырақ - сабыр, жақсы мінез, қанағат, намыс және иманның қайнары. От - менмендіктің және қызғаншақтықтың кек алудың символы. Осы төрт нәрсенің қонағы жан (рух) ұлылық, жақсылық, сұлулық, жалғыздық секілді Аллаһқа тән қасиеттерді сағынушы, Аллаһқа ғашық. От пен ауа жаман ниеттерді ортаға шығарады. Нәпсі жамандықтарынан құтылудың алғашқы шарасы - ақыл. Бірақ шын құтылудың жолы - ғашықтық. Өйткені ақылға толық сенуге болмайды. Ғашықтық адастырмайды, сондықтан Аллаһқа жетудің ең сенімді жолы оған ғашық болу. Жүніс Әміре өз өлеңдерін XIII - XIV ғасырдағы Анадолы оғыздарының халыққа түсінікті қарапайым тілінде шығыстық аруз өлшемнің, ІІ буындық түрік өлшеміне сәйкес жазған. Өзінен кейінгі ақындарға ұстаз болып, қарапайым халық тілімен де тамаша өнер туындысын жасауға болатындығын дәлелдеген. Діни, сопылық терминдердің арабша, парсыша атауларымен бірге түрікше аттарын катар қолданған.
Юнус Эмре 13-ғасырда (Түркияда) өмір сүрген. Кейбір түрк ғалымдары Юнус Эмрені ешқандай білімі жоқ, диханшылықпен айналысып, анда-санда жыр жазып жүрген дервиш қатары бағаласа, кейбір әдебиетшілер Юнус Эмре жалғыз ғана жыр шимайлаумен әлектенген ақын ғана емес, медреседен тәлім алып, Ислам мәдениетін терең іздестірген зиялы адамдардың бірі болған деседі. Толыққанды зерттеп шыққан Юнустың медреседе оқумен бірге тарих, география және философия сабақтарын аса ұната зерттегендігін айтады. Юнустың өлең саптарын талдап отырып, оның өз заманында түрік тілінен бөлек араб және парсы тілдерін мықты іздестіргенін байқауға болады.
Орта Азиялық сопы Қожа Ахмет Ясауидің өлеңдерін ұнатып, Месопотамия, Анадолы және Балқан аймақтарына өзінің өшпес ізін қалдырумен түркі-ислам сопылық әдебиетін негіздеген және оғыз түркілердің ауйзекі тілін жазба тілдік қалыпқа салған. Жеті ғасырлық тарихты қамтыған ақынның тілі қазіргі батыс түрк тілінің өзегін құрайды.
Әдетте Юнус Эмренің шығармашылығы жөнінде сөз болғанда көбінесе оның Құдайды танып-білуге бағытталған діни, дидактикалық өлеңдерді жазып, әрбір сапты ине жеткіре істегендігі анықталады. Ал өлім, өмір, дүние, тағдыр, шындық сияқты адам баласын ойлантатын тақырыптарға әсіресе басым жасаған. Сол тақырыптардың түпкі маңызында жатқан сырларды ашуменен адамзаттың тұрмыс жолын, тағдыр мәселесін анық әрі әділетті баяндаған.
Юнус Эмренің өлең шумақтары екі үлкен ағымның бірігуінен пайда болған сияқты. Бірінші ағым - бала кезінен тартып ақынның қан-жанына, тұла бойына сіңіп қалған Ислам дінінің жол-жобаларымен оның Құдайға және жалпы адамзатқа бағытталған тұнық маһаббаты. Ал енді екінші ағым - елдің ауызекі сөйлесу жатық тілін дәнек қылып, түркі топырағының қыртысынан өніп шыққан, көп ғасырлық бай тәжрибесі бар түркі жазба әдеби тілі. Мына сол екі үлкен ағымның бірігуі - Юнустың көтерген жүгі мен әдебиеттегі орнын көзге соғып көрсетіп тұрады.
Юнус Эмре - әлемдік ақын. "Жаратылыс және жалпы жәндіктерді Құдай жаратқандығы үшін сүйем", - деп жар салып, "жер шарындағы бүкіл адамзатқа бірдей мәміле жасарын" деген бұл қарапайым дервиш, Европадағы "гуманизм" (15 к.) ағымы басталған дәуірден екі ғасыр бұрын жасап кеткен. Шындығында, ақынның жеті жүз жыл бұрынғы тұңғиық тұрмыстың тереңінде қалған көпшілік адамзаттың "ағарту" адасуыменен өз жарығын төңіректің төрт бұрышына жайылту әрекеті, еуропалықтардың "ағарту" қимылының бес ғасыр әуелі жүзеге асқан болса керек.
Көкіректі кеңдей қылып кермедім,
Көр ауқатқа көмілем деп келмедім.
Құдіретті Құдай менен дос болып,
Көңілдерді көтеруге келгенмін,
- деп Юнус Эмре бұл өмірдегі қызметін белгілеген.
Дереккөздер
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
- Алтынбек Исмаил. "Сүюдің сұлтаны Юнус Эмре" (Бішкек, 2005)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Yunus Emre Zhүnis Әmire Ynus Emre 1240 1321 kazirgi Tүrkiya tүrik akyny Yunus Emre Anadolydagy Қozha Ahmet Iasaui zholyn kugan sopylyk mekteptin negizin kalaushy tүrik akyny Өmiri zhajly nakty derekter zhok Kejbir eski kolzhazbalarda onyn hizhra bojynsha 720 zh 82 zhasynda kajtys bolgandygy zhazylgan Bul derekterdi onyn oz shygarmalary da Nasihattar kitaby rastajdy Zhүnis Әmirenin kaj zherde zherlengeni belgisiz Tүrkiyanyn әr tүrli ajmaktarynda Zhүnis Әmirege arnalyp kulpytastar kojylyp mazarlar salyngan Өlenderin Қozha Ahmet Iasaui zholymen halykka Islam kagidalaryn tүsindiru үshin zhazgan Akyn ugymy bojynsha adam denesi su topyrak ot aualan zharatylgan Osy denege kejinnen zhan ruh berilgen Su tazalyk zhomarttyk zhaksylyk zhәne Allaһka kauyshudyn simvoly Topyrak sabyr zhaksy minez kanagat namys zhәne imannyn kajnary Ot menmendiktin zhәne kyzganshaktyktyn kek aludyn simvoly Osy tort nәrsenin konagy zhan ruh ulylyk zhaksylyk sululyk zhalgyzdyk sekildi Allaһka tәn kasietterdi sagynushy Allaһka gashyk Ot pen aua zhaman nietterdi ortaga shygarady Nәpsi zhamandyktarynan kutyludyn algashky sharasy akyl Birak shyn kutyludyn zholy gashyktyk Өjtkeni akylga tolyk senuge bolmajdy Ғashyktyk adastyrmajdy sondyktan Allaһka zhetudin en senimdi zholy ogan gashyk bolu Zhүnis Әmire oz olenderin XIII XIV gasyrdagy Anadoly ogyzdarynyn halykka tүsinikti karapajym tilinde shygystyk aruz olshemnin II buyndyk tүrik olshemine sәjkes zhazgan Өzinen kejingi akyndarga ustaz bolyp karapajym halyk tilimen de tamasha oner tuyndysyn zhasauga bolatyndygyn dәleldegen Dini sopylyk terminderdin arabsha parsysha ataularymen birge tүrikshe attaryn katar koldangan Yunus Emre 13 gasyrda Tүrkiyada omir sүrgen Kejbir tүrk galymdary Yunus Emreni eshkandaj bilimi zhok dihanshylykpen ajnalysyp anda sanda zhyr zhazyp zhүrgen dervish katary bagalasa kejbir әdebietshiler Yunus Emre zhalgyz gana zhyr shimajlaumen әlektengen akyn gana emes medreseden tәlim alyp Islam mәdenietin teren izdestirgen ziyaly adamdardyn biri bolgan desedi Tolykkandy zerttep shykkan Yunustyn medresede okumen birge tarih geografiya zhәne filosofiya sabaktaryn asa unata zerttegendigin ajtady Yunustyn olen saptaryn taldap otyryp onyn oz zamanynda tүrik tilinen bolek arab zhәne parsy tilderin mykty izdestirgenin bajkauga bolady Orta Aziyalyk sopy Қozha Ahmet Yasauidin olenderin unatyp Mesopotamiya Anadoly zhәne Balkan ajmaktaryna ozinin oshpes izin kaldyrumen tүrki islam sopylyk әdebietin negizdegen zhәne ogyz tүrkilerdin aujzeki tilin zhazba tildik kalypka salgan Zheti gasyrlyk tarihty kamtygan akynnyn tili kazirgi batys tүrk tilinin ozegin kurajdy Әdette Yunus Emrenin shygarmashylygy zhoninde soz bolganda kobinese onyn Қudajdy tanyp biluge bagyttalgan dini didaktikalyk olenderdi zhazyp әrbir sapty ine zhetkire istegendigi anyktalady Al olim omir dүnie tagdyr shyndyk siyakty adam balasyn ojlantatyn takyryptarga әsirese basym zhasagan Sol takyryptardyn tүpki manyzynda zhatkan syrlardy ashumenen adamzattyn turmys zholyn tagdyr mәselesin anyk әri әdiletti bayandagan Yunus Emrenin olen shumaktary eki үlken agymnyn biriguinen pajda bolgan siyakty Birinshi agym bala kezinen tartyp akynnyn kan zhanyna tula bojyna sinip kalgan Islam dininin zhol zhobalarymen onyn Қudajga zhәne zhalpy adamzatka bagyttalgan tunyk maһabbaty Al endi ekinshi agym eldin auyzeki sojlesu zhatyk tilin dәnek kylyp tүrki topyragynyn kyrtysynan onip shykkan kop gasyrlyk baj tәzhribesi bar tүrki zhazba әdebi tili Myna sol eki үlken agymnyn birigui Yunustyn kotergen zhүgi men әdebiettegi ornyn kozge sogyp korsetip turady Yunus Emre әlemdik akyn Zharatylys zhәne zhalpy zhәndikterdi Қudaj zharatkandygy үshin sүjem dep zhar salyp zher sharyndagy bүkil adamzatka birdej mәmile zhasaryn degen bul karapajym dervish Evropadagy gumanizm 15 k agymy bastalgan dәuirden eki gasyr buryn zhasap ketken Shyndygynda akynnyn zheti zhүz zhyl buryngy tungiyk turmystyn tereninde kalgan kopshilik adamzattyn agartu adasuymenen oz zharygyn tonirektin tort buryshyna zhajyltu әreketi europalyktardyn agartu kimylynyn bes gasyr әueli zhүzege askan bolsa kerek Kokirekti kendej kylyp kermedim Kor aukatka komilem dep kelmedim Қudiretti Қudaj menen dos bolyp Konilderdi koteruge kelgenmin dep Yunus Emre bul omirdegi kyzmetin belgilegen DerekkozderIslam Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 322 1 Altynbek Ismail Sүyudin sultany Yunus Emre Bishkek 2005