Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (12 қаңтар 1912 жыл, Верный – 22 тамыз 1993 жыл, Алматы) — кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1960–1962 және 1964–1986) және КОКП ОК саяси бюросының мүшесі (1971–1987) лауазымдарының иегері.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев | |||
| |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
31 наурыз 1955 — 29 қаңтар 1960 | |||
Ізашары | |||
Ізбасары | Жұмабек Тәшенов | ||
| |||
19 қаңтар 1960 жыл — 26 желтоқсан 1962 жыл | |||
Ізашары | Николай Беляев | ||
Ізбасары | Ысмайыл Юсупов | ||
| |||
26 желтоқсан 1962 жыл — 7 желтоқсан 1964 жыл | |||
Ізашары | Мәсімхан Бейсебаев | ||
Ізбасары | Мәсімхан Бейсебаев | ||
| |||
7 желтоқсан 1964 жыл — 16 желтоқсан 1986 жыл | |||
Ізашары | Ысмайыл Юсупов | ||
Ізбасары | Геннадий Колбин | ||
Өмірбаяны | |||
Партиясы | КОКП | ||
Білімі | Мәскеу түсті металдар мен алтын институты | ||
Мамандығы | тау-кен инженері | ||
Дүниеге келуі | 12 қаңтар 1912 Верный, Жетісу облысы, Ресей империясы | ||
Қайтыс болуы | 22 тамыз 1993 (81 жас) Ақши, Алакөл ауданы, Алматы облысы, Қазақстан | ||
Жерленді | Кеңсай зираты | ||
Әкесі | Меңліахмет Жұмабайұлы Қонаев (1886—1976) | ||
Анасы | Зәуре Баирқызы Қонаева (1888—1973) | ||
Жұбайы | Зухра Шариповна Ялымова (1918–1990) | ||
Балалары | жоқ | ||
Марапаттары | |||
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Ортаққорда | |||
өңдеу |
Өмірбаяны
1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Ысты тайпасының Ойық руынан шыққан.
Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.
1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары – Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.
Еңбек жолдары
- 1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болды.
- 1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
- 1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.
- 1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.
- 1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.
- 1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
- 1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.
- 1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.
Қазақ КСР басқаруы кезінде Қонаев жергілікті кадрларды белсенді түрде насихаттап, оларды алға жылжытуға, өсіруге ұмтылды. Атап айтқанда, ол үкіметтің басшысы қызметіне Нұрсұлтан Назарбаевты ұсынды. Орталық комитет мүшелерімен бейресми кездесулердің бірінде ол былай деді:
Сендердің ешқайсыларың да республиканың келесі басшысы бола алмайсыңдар. Бұл сөзіме ренжімеңдер! Тек Нұрсұлтан Назарбаевта ғана менің мұрагерім болуға әжептәуір мүмкіндіг бар. Ол айтарлықтай жас әрі айтарлықтай дарынды.
Алайда, кейіннен Қонаев пен Назарбаев республиканы басқаруға қатысты әртүрлі көзқарастарға ие болды. Назарбаевтың естеліктеріне сәйкес, бұл қақтығыс 1986 жылы ақпанда Қонаевтың басшылығымен өткен Қазақстан Компартиясының XVI съезінде шарықтау шегіне жетті. Бейресми түрде белгіленген тәртіп бойынша партиялық съездерде 2 баяндама жасалды. Біріншісі — республикалық партия ұйымы басшысының есепті баяндамасы, екіншісі - Үкімет төрағасының қосымша баяндамасы. Сол съезде Назарбаевтың баяндамасы сынға, атап айтқанда, өндіріс көлемі мен еңбек өнімділігінің өсу қарқынына, салынған жаңа объектілердің залалдылығына, құрылыста бюджеттің игерілмеуіне, ауыл шаруашылығындағы сәтсіздіктерге негізделген болатын. Баяндамада Қазақ КСР Ғылым Академиясын басқарған Қонаевтың ағасы Асқар да сынға алынды. Осыдан кейін Қонаев Михаил Горбачёвке Назарбаевты Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметінен босату және сыртқы істер министрлігінің желісі бойынша шетелдік жұмысқа ауыстыру туралы ұсыныспен келді. Бірақ Горбачёв Қонаевтың атына Қазақстаннан көптеген шағымдар түскенін, Орталық комитеттің хатшылары бірінші хатшының жұмысына қанағаттанбағанын айтты. Сонда Қонаев: «Қажет емес. Өзім кетемін» деп жауап қайтқан екен.
Игі істері мен жетістіктері
Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты.
1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.
Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.
Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.
Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.
Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты.
Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Тараз және Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектермен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді.
Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхамед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82-жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
Марапаттары
- Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері (1972, 1976, 1982)
- 8 Ленин ордені
- Еңбек Қызыл Ту ордені
- Медальдар
Мақалалары мен кітаптары
- 1978 жылы – «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары» (Алматыда және Мәскеуде басылды)
- 1992 жылы – «О моём времени», "Дәуір" баспасы
- 1994 жылы – «От Сталина до Горбачёва», Санат баспасы
- 1994 жылы – «Ақиқаттан аттауға болмайды», Санат баспасы
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев есімі берілген жерлер
- Қонаев қаласы
- Алматы қаласында ескерткіш – бюст.
- Астана және Алматы қалаларында – көшелер.
- Үлкен Алматы каналы.
- Орал қаласында – шағын аудан.
- Тараз қаласында – орталық көше және бюст.
- Талдықорғанда – көше, сәулетті кешен және бір жоғарғы оқу орны.
- Алматы қаласында – жекеменшік университет.
- Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында – орталық көше.
- 1992 жылы Алматыда Халықаралық Қонаев қоры құрылды.
- 1994 жылы – Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың мұражайы ашылды.
- Шымкент қаласында – орталық гүлзәр және сол гүлзәр бойында мұражай.
Галерея
- Алматыдағы Д:А:Қонаевқа арналған қола мүсін
Қызықты ақпараттар
- Дінмұхамед Қонаев – КСРО да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ. Ол КСРО ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі болған.
- Отбасында 11 баланың 4-шісі.
- Бойы 198 см. 46 өлшемдегі аяқ киім киген.
- Хобби: қару-жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан.
- Қонаевтің жеке күзетшілері болмаған. Басқалары жеке күзетшілерімен жүргенде Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген.
- Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан.
- Шағын пәтерінде (қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы 200 шаршы метр.
- Кезінде Леонид Брежнев (КСРО басшысы) Алматыға бірінші рет келіп, Қонаев үйіне қонаққа келеді. Пәтерін ары аралап бері аралап: "Бар дүниең осы ма?"– деп таңданады.
Дереккөздер
- ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987.
- Баспа бас директоры:Әшірбек Көпіш Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Ысты — Алматы: Издательство Өнер, 2003, 2005. — ISBN 9965-595-60-7.
- Назарбаев Н. Ә. Менің өмірім. Бодандықтан - бостандыққа — Астана: Foliant, 2023. — Б. 134-146. — 688 б. — 7500 таралым. — ISBN 978-601-271-821-8.
Сыртқы сілтемелер
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Dinmukhamed Konayev |
- Герои страны
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dinmuhamed Dimash Ahmetuly Қonaev 12 kantar 1912 zhyl Vernyj 22 tamyz 1993 zhyl Almaty kenestik memleket zhәne kogam kajratkeri үsh mәrte Socialistik enbek eri Қazak KSR Ғylym akademiyasynyn akademigi tehnika gylymdarynyn doktory Қazakstan Kompartiyasy Ortalyk Komitetinin birinshi hatshysy 1960 1962 zhәne 1964 1986 zhәne KOKP OK sayasi byurosynyn mүshesi 1971 1987 lauazymdarynyn iegeri Dinmuhamed Ahmetuly ҚonaevLauazymyTu Қazak KSR Ministrler Kenesinin toragasy31 nauryz 1955 29 kantar 1960IzasharyIzbasary Zhumabek TәshenovTu OK Қazakstan Kompartiyasynyn 9 shy birinshi hatshysy19 kantar 1960 zhyl 26 zheltoksan 1962 zhylIzashary Nikolaj BelyaevIzbasary Ysmajyl YusupovTu Қazak KSR Ministrler Kenesinin toragasy26 zheltoksan 1962 zhyl 7 zheltoksan 1964 zhylIzashary Mәsimhan BejsebaevIzbasary Mәsimhan BejsebaevTu OK Қazakstan Kompartiyasynyn 11 shi birinshi hatshysy7 zheltoksan 1964 zhyl 16 zheltoksan 1986 zhylIzashary Ysmajyl YusupovIzbasary Gennadij KolbinӨmirbayanyPartiyasyKOKPBilimiMәskeu tүsti metaldar men altyn institutyMamandygytau ken inzheneriDүniege kelui 12 kantar 1912 1912 01 12 Vernyj Zhetisu oblysy Resej imperiyasyҚajtys boluy 22 tamyz 1993 1993 08 22 81 zhas Akshi Alakol audany Almaty oblysy ҚazakstanZherlendi Kensaj ziratyӘkesi Menliahmet Zhumabajuly Қonaev 1886 1976 Anasy Zәure Bairkyzy Қonaeva 1888 1973 Zhubajy Zuhra Sharipovna Yalymova 1918 1990 Balalary zhokMarapattary1941 1945 zhzh Ұly Otan sogysyndagy kazhyrly enbegi үshin medaliDinmuhamed Ahmetuly Қonaev Ortakkordaondeu Өmirbayany1912 zhyly 12 kantarda Vernyj kazirgi Almaty kalasynda kyzmetkerdin otbasynda omirge kelgen Ysty tajpasynyn Ojyk ruynan shykkan Әkesi Menliahmet Zhumabajuly 1886 zhyly tugan Almaty oblysynda auylsharuashylyk sauda mekemelerinde zhumysker bolyp istegen Қazak orys tilderinde zhaza oki biletin sauatty bolgan Anasy Zәure Bairkyzy 1888 zhyly Shelek buryngy atauy Chilik Chilik audanynda kazirgi Almaty oblysy tugan үj sharuasynda bala tәrbiesimen ajnalyskan 1930 zhyly Almatydagy 14 orta mektepti bitirgennen kejin 1931 1936 zhyldary Қazakstan Өlkelik komsomol komiteti Dinmuhamed Қonaevty Mәskeudin Tүsti metall institutyna okuga zhiberedi Enbek zholdary1936 zhyly Institutty ojdagydaj bitirip tau ken inzheneri mamandygyn algan D Қonaev 1937 1939 zhyldary Balkash mys korytu kombinatynyn Қonyrat rudnigine zhumyska ornalasyp onda burgylau stanoginin mashinisi ceh bastygy rudniktin bas inzheneri zhәne onyn direktory boldy 1939 zhyly Ekinshi dүniezhүzilik sogysynyn kiyn kүnderinde tyldagy zhumysty ujymdastyruda iskerligimen kozge tүsip Altajpolimetall kombinaty bas inzhenerinin orynbasary Ridder rudniginin zhәne KSRO korgasyn myrysh onerkәsibinin en iri kәsiporyndarynyn biri Leninogor ken baskarmasynyn direktory kyzmetterin atkardy 1939 zhyly KOKP mүsheligine kabyldandy 1942 1952 zhyldary Қazak KSR Ministrler Kenesinin toragasynyn orynbasary bolyp kyzmet etti Osynda zhүrgende Қazakstan galymdary ogan zor senim korsetip ony Қazak KSR Ғylym Akademiyasynyn akademigi zhәne onyn prezidenti etip sajlajdy Tau ken isi salasynyn iri galymy D Қonaev respublika gylymynyn damuy zholynda zor enbek sinirdi Ғylymi ujymdyk zhumystardy zhaksartu gylymi zertteulerdin negizgi salalaryn bilikti kadrlarmen nygajtu sharalary onyn basshylygymen zhүzege asyryldy 1955 1960 zhyldary Қazak KSR Zhogargy Kenesinin toragasy boldy 1960 1986 zhyldary Қazakstan Kompartiyasy Ortalyk Komitetinin Birinshi hatshysy kyzmetin atkardy 1986 zhyly 16 zheltoksan kүni Қazakstan Ortalyk komitetinin birinshi hatshylygynan alynyp ornyna Kolbin tagajyndaldy Bugan narazy bolgan kazak zhastarynyn Zheltoksan okigasy oryn aldy 1987 zhyly mausymdagy plenumda D A Қonaev Қazakstan Kompartiyasy Ortalyk komitetinin Birinshi hatshysy bolganda respublika partiya ujymyn baskarudagy zhibergen katelikteri үshin degen syltaumen KOKP mүsheliginen bosatyldy Қazak KSR baskaruy kezinde Қonaev zhergilikti kadrlardy belsendi tүrde nasihattap olardy alga zhylzhytuga osiruge umtyldy Atap ajtkanda ol үkimettin basshysy kyzmetine Nursultan Nazarbaevty usyndy Ortalyk komitet mүshelerimen bejresmi kezdesulerdin birinde ol bylaj dedi Senderdin eshkajsylaryn da respublikanyn kelesi basshysy bola almajsyndar Bul sozime renzhimender Tek Nursultan Nazarbaevta gana menin muragerim boluga әzheptәuir mүmkindig bar Ol ajtarlyktaj zhas әri ajtarlyktaj daryndy Alajda kejinnen Қonaev pen Nazarbaev respublikany baskaruga katysty әrtүrli kozkarastarga ie boldy Nazarbaevtyn estelikterine sәjkes bul kaktygys 1986 zhyly akpanda Қonaevtyn basshylygymen otken Қazakstan Kompartiyasynyn XVI sezinde sharyktau shegine zhetti Bejresmi tүrde belgilengen tәrtip bojynsha partiyalyk sezderde 2 bayandama zhasaldy Birinshisi respublikalyk partiya ujymy basshysynyn esepti bayandamasy ekinshisi Үkimet toragasynyn kosymsha bayandamasy Sol sezde Nazarbaevtyn bayandamasy synga atap ajtkanda ondiris kolemi men enbek onimdiliginin osu karkynyna salyngan zhana obektilerdin zalaldylygyna kurylysta byudzhettin igerilmeuine auyl sharuashylygyndagy sәtsizdikterge negizdelgen bolatyn Bayandamada Қazak KSR Ғylym Akademiyasyn baskargan Қonaevtyn agasy Askar da synga alyndy Osydan kejin Қonaev Mihail Gorbachyovke Nazarbaevty Ministrler Kenesinin toragasy kyzmetinen bosatu zhәne syrtky ister ministrliginin zhelisi bojynsha sheteldik zhumyska auystyru turaly usynyspen keldi Birak Gorbachyov Қonaevtyn atyna Қazakstannan koptegen shagymdar tүskenin Ortalyk komitettin hatshylary birinshi hatshynyn zhumysyna kanagattanbaganyn ajtty Sonda Қonaev Қazhet emes Өzim ketemin dep zhauap kajtkan eken Igi isteri men zhetistikteriBirneshe mәrte KSRO Zhogary Kenesinin deputaty bolyp sajlandy KOKP nyn XIX sezinen bastap kejingi sezderinin bәrine delegat boldy Parlament zhәne partiya delegaciyasyn baskaryp әldeneshe ret shetelderde bolyp kajtty 1956 zhyldan bastap SOKP nyn Ortalyk Komitetinin mүshesi Partiyanyn XXIII sezinde ol KOKP nyn Ortalyk Komitetinin Sayasi Byurosynyn mүsheligine kandidat al XXIV sezde mүshe bolyp sajlandy KSRO Zhogargy Kenesi Toralkasynyn zhәne Қazak KSR Zhogargy Kenesi Toralkasynyn mүshesi boldy D Қonaev oz zamanynyn uly sayasatkeribola bildi Ol bilik basynda bolgan uakyt kajshylykty kүrdeli karama kajshylykty bolganymen eldin ekonomikasyn әleumettik salasyn gylymyn ulttyk mәdenietin damytu isine ajtuly enbek sinirdi Dinmuhamed Ahmetuly el baskargan zhyldary ken bajtak kazak zherinde 68 zhumysshylar kentimen 43 kala pajda boldy Onyn ishinde onerkәsip ortalygy bolyp sanalgan Rudnyj Ekibastuz Shevchenko kazirgi Aktau Nikolskij Stepnogorsk Temirtau Zhanatas Kentau Arkalyk kalalary salyndy Auyl sharuashylygy karkyndy damyp tyn zhәne tynajgan zherler igerildi Kensharlar men uzhymsharlar salyndy Mal sany kobejip auyl sharuashylygynyn onimderi zhyl sajyn artyp otyrdy Dinmuhamed Ahmetuly arkasynda Қazakstannyn onerkәsip onyn ishinde tүrli tүsti metallurgiya salasy zhogary dengejde damydy Bүkilodaktyk kolem bojynsha mystyn үshten bir boligi korgasynnyn70 ynan astamy myryshtyn 40 ynan astamy kazak zherinde ondirildi Өskemen korgasyn myrysh zhәne titan magnij kombinattary Sokolov Sarybaj men Lisakov ken bajytu kombinattary Zhezkazgan men Balkash tauken metallurgiya kombinattary Ermakov pen Aktobe ferrokorytpa zauyttary iske kosylyp Aktobe kalasyndagy shygarylgan hrom keninin kolemi artty D A Қonaev metall ondeu zhәne kolik zhasau salalarynda ondiris tiimdiligin arttyryp Өskemen Oral Қaragandy Petropavl Shymkent Almaty kalalarynda kolik zhasau zauyttary kuryldy Almaty auyr mashina zhasau zauyty shygargan onim әlemnin 40 tan astam memleketine taraldy Қazak zherinin aumagynda komir men munaj ken oryndary ashylyp Қazakstan otyn energetika onerkәsibinin iri ortalygyna ajnaldy Taraz zhәne Shymkent kalalarynda ornalaskan kombinattar sary fosfor ondiru bojynsha әlemde birinshi orynda boldy Қazakstan Respublikasynyn Ұlttyk gylym akademiyasynyn akademigi Dinmuhamed Ahmetuly Қonaev gylym salasynda orasan zor kyzmet etti 100 den asa gylymi enbektermen zertteuler zhazdy Biraz gylymi zhumystaryn sharuashylyk pen ondiristik tәzhiribeden otkizdi Өz enbekterinin halyk sharuashylygyna tigizer pajdasynyn zor ekendigin is zhүzinde dәleldegen edi Өndiris tiimdiligin arttyrumen katar ol zhas galymdardy koldap bilim zhүjesine erekshe konil boldi Қazak onerin zhogary bagalagan Dinmuhamed Ahmetuly onerde zhүrgen zhandardy zhan zhakty koldap kazak mәdenietinin damuyna ykpal etti Өner ordalary salynyp mәdeniet үjleri oz kyzmetin bastady Қazak zherinin barlyk ajmaktarynda derlik bilim zhәne mәdeni oshaktar ashylyp turgyn үjler turgyzylyp әleumettik nysandar salyndy Dinmuhamed Ahmetuly Қonaevtyn bastamasy bojynsha kazak zherinin sol kezdegi astanasy Almaty kalasynda Үkimet үji Қazakstan Kompartiyasynyn Ortalyk Komitetinin gimaraty Қazakstan Respublikasynyn Ұlttyk Ғylym Akademiyasynyn gimaraty turgyzyldy Қala koshelerinin sany artyp zhana turgyn үjler salynyp 12 yksham audan ashyldy Mektep pen bala baksha gimarattarynyn kurylysy bastalyp Okushylar sarajy zhas onerpazdarga esigin ajkara ashty Respublika Sarajy Sport zhәne Mәdeniet Sarajy Medeu sport kesheni Ұlttyk Kitaphana cirk syndy mәdeniet bilim zhәne sport nysandary boj koterdi Avto aero zhәne temir zhol vokzaldary әuezhaj Almaty Otyrar Zhetisu Alatau Dostyk Қazakstan konakүjleri salynyp kala korkin ashty Dinmuhamed Ahmetuly Қonaev Respublika partiya ujymyn baskargan shirek gasyrga zhuyk ishinde ozinin үlken mәdeniettiligimen imanzhүzdi izettiligimen tanylyp halyk dәstүrin zhaksy biletin tagylymy teren oj oresi biik zhan ekenin korsetti Kejin memleket isinen kol үzgen kezde de ol bilimdar bilikti zhan retinde elde zhүrip zhatkan reforma bagyttaryn kogamdy demokratiyalandyru kazhet ekenin teren tүsinip koldaj bildi Dinmuhammed Қonaj kabiri basyndagy kulpytas Almaty Kensaj ziraty Dinmuhamed Ahmetuly Қonaev 1993 zhylgy tamyzdyn 22 sinde 82 zhaska karagan shagynda kenetten kajtys boldy MarapattaryҮsh mәrte Socialistik Enbek Eri 1972 1976 1982 8 Lenin ordeni Enbek Қyzyl Tu ordeni MedaldarMakalalary men kitaptary1978 zhyly Kenestik Қazakstan Tandamaly sozderi men makalalary Almatyda zhәne Mәskeude basyldy 1992 zhyly O moyom vremeni Dәuir baspasy 1994 zhyly Ot Stalina do Gorbachyova Sanat baspasy 1994 zhyly Akikattan attauga bolmajdy Sanat baspasyDinmuhamed Ahmetuly Қonaev esimi berilgen zherlerҚonaev kalasy Almaty kalasynda eskertkish byust Astana zhәne Almaty kalalarynda kosheler Үlken Almaty kanaly Oral kalasynda shagyn audan Taraz kalasynda ortalyk koshe zhәne byust Taldykorganda koshe sәuletti keshen zhәne bir zhogargy oku orny Almaty kalasynda zhekemenshik universitet Өzbekstannyn astanasy Tashkent kalasynda ortalyk koshe 1992 zhyly Almatyda Halykaralyk Қonaev kory kuryldy 1994 zhyly Almaty kalasynda D A Қonaevtyn murazhajy ashyldy Shymkent kalasynda ortalyk gүlzәr zhәne sol gүlzәr bojynda murazhaj GalereyaAlmatydagy D A Қonaevka arnalgan kola mүsinҚyzykty akparattarDinmuhamed Қonaev KSRO da en biik sayasi lauazymga ie bolgan algashky kazak Ol KSRO nyn ishki zhәne syrtky sayasatyn baskaratyn 15 mүshelik politbyuro mүshesi bolgan Otbasynda 11 balanyn 4 shisi Bojy 198 sm 46 olshemdegi ayak kiim kigen Hobbi karu zharak kollekciyalagan anshylykty unatkan Қonaevtin zheke kүzetshileri bolmagan Baskalary zheke kүzetshilerimen zhүrgende Қonaev zhaj gana tanerten zhumysyna zhayau baryp kelip zhүrgen Akademik sheni үshin 340 rubldik tolemakydan bas tartkan Shagyn pәterinde kazir murazhaj 24 zhyl omir sүrgen pәter audany 200 sharshy metr Kezinde Leonid Brezhnev KSRO basshysy Almatyga birinshi ret kelip Қonaev үjine konakka keledi Pәterin ary aralap beri aralap Bar dүnien osy ma dep tandanady DerekkozderҚazSSR Қyskasha enciklopediya 2 tom Almaty 1987 Baspa bas direktory Әshirbek Kopish Bәjdibek baba Alyp bәjterek urpaktarynyn shezhiresi Ysty Almaty Izdatelstvo Өner 2003 2005 ISBN 9965 595 60 7 Nazarbaev N Ә Menin omirim Bodandyktan bostandykka Astana Foliant 2023 B 134 146 688 b 7500 taralym ISBN 978 601 271 821 8 Syrtky siltemelerOrtakkorda bugan katysty media sanaty bar Dinmukhamed KonayevGeroi strany