Қазақ жерінде кезігетін бейнелеу өнерінің алғашқы нұсқалары палеолит дәуіріне жатады. Олар Қаратау мен Хантау тауларында тасқа қашалған жан-жануарлар тұрпаты түрінде кездеседі. Неолит және қола дәуірінде тасқа бедерленген Баянауыл үңгіріндегі (Павлодар облысы), Таңбалы аңғарындағы (Алматы облысы) бейнелер (бұғы, арыстан, садақты аңшы, арбаға жегілген бұқа, сиыр, т.б.) мен Балқаш көлінің солтүстік жағасындағы жақпар тастардағы суреттер (келіншектің қасындағы екі ер кісінің жекпе-жек қылыштасуы, т.б.) қазақ жерін мекендеген тайпалардың негізгі кәсібін, әдет-ғұрпын баяндайды. Көптеген шекіме суреттердің сюжеті жыртқыш аңдардың аша тұяқтыларға шабуылына, діни нанымға құрылған. Суреттер нобайына ішінара қына түсті бояу жағылған ( Қаратау шимайлы тастары). Андрон мәдениеті мұрасына саналатын геометриялы өрнекті қыш ыдыстар, қалыптау арқылы жасалған бұйымдар, күн шапағы бейнеленген қола құрал-жабдықтар Орталық, Солтүстік және Батыс Қазақстан аумағында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде ашылды.
Бейнелеу өнері
“Таңбалы тастағы” (Алматы облысы) б.з.б. 2 ғасырдағы тасқа бедерленген Будда бейнелері (көп қолды Чон-Рай-Сик, Мун-Сақ Будда, Манла Будда) шекіме суреттердің озық үлгілерінің бірінен саналады. Осы жартастарда 16 – 17 ғасырларда салынған суреттер де бар. Діни нанымдағы суреттер Алтай мен Тарбағатай аймағында да ұшырасады. Қола мәдениетінің соңғы кезеңіне саналатын Беғазы-Дәндібай мәдениеті тұсында (б.з.б. 9 – 8 ғасырлар) көне өнер түрлері жаңа үлгілермен толыға түскен. Б.з.б. 7 ғасырларда көшпелілер одағының нығайып, әлеуметтік құрылысы мен шаруашылықтың дамуына байланысты б.з.б. 4 ғасырларда байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері гүлденді. Қол өнері мен сән өнерінің ағаш ұқсату, зергерлік өнері, кесте және кілем тоқу салалары дамыды. Ертіс, Шідерті, Өлеңті, Сілеті, Есік, Түрген, Іле өзендері және Орталық Қазақстан мен Сыр бойындағы, Баянауыл, Сауыр тауларының етегіндегі обалар мен қорымдардан табылған көне заман бұйымдары, жиһаздық заттар көшпелі тайпалар өнерінің даму кезеңін көрсетеді.
Скифтердің аңдарды бейнелеу нақышы Қаратау үстіртіне қарағанда қазақ жерінде бұрын дамығанын дәлелдейді. 1970 жылы Алматы облысындағы Есік қала маңынан табылған алтын бұйымдар (“Алтын адам”, бұғы, арқар, жолбарыс, жылқы, барыс бейнелері) да – б.з.б. 6 – 5 ғасырларда қазақ жерін мекендеген тайпалардың өнер үлгілері. Ежелгі зергерлік өнері бұйымдарын асыл таспен әшекейлеу алғаш ғұн, үйсіндерде, кейіннен оғыз, қыпшақтарда қолданылған. Сақ дәуірінде бұл әдіс көп тарамаған. Үйсін зергерлік өнерінде көркем оймыш, бедерлеу және инкрустация тәсілдері басым пайдаланылды. 6 – 8 ғасырларда байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері негізінде байырғы түрік өнері дамыды. Бейнелеу өнерінің кейбір салаларының аттары қалыптасты. Қолөнеріне маманданған шеберлер (зергер, бәдізші, сәулетші, т.б.) шықты. Суреттер сюжеттік жағынан бай бола бастады. Жұмырлап жасалған тас мүсіндер, тастан қашалған құс пен балық бейнелері, барельефтер, ағаш, сүйек, ою, асыл тас жұмырлау өркендеді. Байырғы түрік өнері кезеңінен бастап қазақ жерінде мүсін өнері кең етек алды. Мүсіндер Торғай өзенімен мен Ұлытау төңірегінен бастап, Сарыарқадан күншығысқа қарай созылып, Алтай, Тарбағатай тауларына дейін, Оңтүстік Қазақстанда Қаратаудың екі жақ етегінде, Бурылтау, Талас тауларының, Алатаудың жазық алаңқайларында ұшырасады. Мүсіндер Түрік қағандығы (6 – 8 ғасырлар), қыпшақ заманы (7 – 13 ғасырлар) кезіндегі мүсін тастар болып екі топқа бөлінеді.
Көпшілігі адам бейнесінің нобайын ғана көрсететін дөрекілеу түрде жасалғанымен, ішінара бет әлпеті мен тұлғасы айқын суреттелген жұмыр мүсіндер ( Қарқаралы тас мүсіндері) де кездеседі. 16 – 18 ғасырларда тас мүсін қашау жойылып, оның орнына ою-өрнек және араб жазуларымен әсемделген құлпытастар көптеп жасала бастады. Байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінде кілемдер мазмұнға құрылған суреттермен әсемделсе, 5 – 7 ғасырларда көп тараған қазіргі қазақ кілемінің үлгілері қалыптасты ( Қазақ кілемі). Ясы, Отырар, Сығанақ, Тараз, Сайрам, Құлан, Мерке, Баласағұн, т.б. қалаларда 8 – 12 ғасырларда өнердің көптеген салалары (көзешілік, бедерлеу, көздеу) өркендеді. Осы заманның киіз үй түріндегі қыш ыдыстары; бедерлеу, кесу, жапсыру арқылы жасалып, түрлі түсті бояумен (қара, қоңыр, сары, қызыл) жылтыратылған қабырға өрнектер мен су құбырлары; ромб не шеңбер түріндегі үлкен әрі анық ұлттық ою-өрнектермен әсемделген теріден, металдан жасалған бұйымдар – өркендеген өнердің дәлелі. Архитектуралық құрылыстардың сыртқы қабырғалары, ішкі еңселері мен күмбездері ғимарат құрылымымен үндес тартымды ою-өрнектермен әсемделіп отырды ( Қазақ сән өнері). Азия мен Еуропадағы күмбезді архитектуралық құрылыстар секілді қазақтың киіз үйі ежелгі замандардан қазірге дейін халық қол өнерінің үздік үлгілерін жинақтаған қазына іспетті ( Қазақ архитектурасы). Киіз үйдің іші мен сырты, бау-басқұры секілді жиһаздық заттары тартымды әрі биязы ою-өрнекпен әсемделді. Сәндік, тұтыну заттарынан басқа да басқұр, алаша, тықыр кілем, кебеже, т.б. қолөнері бұйымдары киіз үй ішін безендіруде басты орын алады. Алтын зер және жібек жіптермен кесте тоқу, ағаш ұқсату өнері, ағаш пен сүйекті жымдастыру арқылы көркемдеу, тері ұқсату, зергерлік өнері де күшті дамыған ( Қазақ қол өнері). 19 ғасырларда Қазақстанда болған орыс суретшілерінің (В.В. Верещагин, т.б.) қазақ халқының өмірі мен тұрмысын бейнелеген картиналары өмірге келді. 1847 – 57 жылдары қазақ жеріне жер аударылған Т.Г. Шевченко дала өмірінің көріністеріне құрылған сериялы суреттерінде жергілікті халық тұрмысын шыншылдықпен бейнеледі. Ағартушы ғалым, әрі қазақтың тұңғыш суретшісі сулы бояу және қаламмен салған портреттері мен суреттері (“Үлкен Орданың қазақтары”, т.б.) 19 ғасырдың ортасында салынды; Қазақ бейнелеу өнері.
Музыка мәдениеті
Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән музыкалық дәстүрі дүниеге келді; соның нәтижесінде бай музыкалық мәдениеті қалыптасты. Бесік жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегі салт-жоралар әнмен айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын өнер сайысына айналды. Халық музыкалық шығармашылығы негізінен пентатоникалық белгілері басым жеті тонды диатоникалық мажор мен минорлық ырғақтарға негізделді. Эпостық жырлар речитативті әуенде жырланды. Қазақ халқының тарихи қалыптасу ерекшеліктеріне қарай муз. шығармалардың әуендік сипаты түрліше әрі әншілік, күйшілік, орындаушылық дәстүрінде де айырмашылықтары болды. Орындаушылық дәстүрдің түрлері: домбыра немесе қобыздың сүйемелімен ән салу, музыкалық аспаптарда күй тарту, т.б. “жар-жар”, “сыңсу” сияқты тойларда айтылатын әндердің қайырмалары көп дауыспен орындалды. Шығармалар тақырыбы мен музыкалық айшығына орай: космологиялық (жұлдыз, Ай, Күн және басқа планеталар жайлы), демонологиялық (жалмауыз кемпір, жын-шайтан, пері, т.б.), бақсылардың емдік әндері, эпикалық әндер, ертектер, мысалдар, еңбек әндері, тұрмыс-салт әндері, лирикалық әндер, тарихи әндер, т.б. болып жіктеледі. Аспаптық музыка үзінділерінде соғыс көріністері, батырлар сайысы, бәйге, қыран құстың самғауы, қасқырдың ұлуы музыкалық тілімен бейнеленді. Халық музыкасы мазмұнына қарай әр түрлі қызмет атқарды. Әсіресе бөбектер ойынын бейнелейтін музыка өзінің ықшам, қысқа, бір ырғақты, шағын көлемді, диапазоны мен формасының қарапайымдылығымен үй ішінде орындауға ыңғайлы болса, лирикалық және әлеуметтік, тарихи тақырыптағы әндер мен күйлердің әуендік диапазонының кеңдігі, мәнерінің әртүрлілігі, ырғақтық құрылысының күрделі болуы орындаушыдан үлкен шеберлікті талап етті. Қазақ музыкасының тарихи даму жолында ұлттық өнердің өшпейтін классикалық шығармаларын тудырған дарынды күйші-композиторлар шықты. Аты аңызға айналған Қорқыт (8 – 9 ғасырлар), музыкалық нота жазуының алғашқы үлгілерін ойлап тапқан Әбу Наср әл-Фараби (870 – 950), 15 ғасырларда өмір сүрген Қазтуған мен Асан қайғы – қазақтың өткендегі дамыған музыкалық мәдениетінің дүлдүл өкілдері; Қазақ музыкасы.
Би өнері
Қазақ халқының би мәдениеті ежелден-ақ белгілі болған. Би – ұлттық өнердің басқа да түрі сияқты халық тұрмысына берік еніп, олардың әдет-ғұрып ерекшелігі мен іс-әрекетін бейнелейтін өнерге айналды. Бұрыннан сақталып келген еңбек қимылын көрсететін халық биі “Өрмек би”, аңшылар өмірін бейнелейтін “Қоян би”, әзіл-сықақ пен күлкіге құрылған “Аю биі”, “Насыбайшы”, “Ортеке”, “Қаражорға”, “Тепеңкөк” билері – ежелгі би мәдениетінің куәсі. Би қазақ халқының тұрмыстың болмысын, өнер сүйгіштігін жан-жақты аша түседі. Музыкалық фольклорда сахнада өлең айту, би билеу, билеп жүріп ән айту, т.б. сақталған. Халық арасында еңбек жылын қорытындылауға байланысты мереке өткізу, салтанат құру кең етек алды. Той-думандарда өнерпаздар би арқылы өнер жарысына түсіп, көрермендерге өздерінің бишілік шеберлігін көрсететін болған. Қазақтарда өзбек, тәжік және басқа мұсылман дінін ұстаған шығыс халықтарында сирек ұшырасатын қыз бен жігіттің қосылып билейтін жұп билері (“Қоян-бүркіт”) кездеседі. Бишілік өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасты, әр тайпаның өз өнер шеберлері болды. Олар сарайда және көпшілік алдында өнер көрсететін сайқымазақ-қуақы ретінде танылды. Қазақтың халық билерінің канондық түрі болған жоқ. Би өнері импровизациялық тұрғыда орындалды. Би сайыстарында эмоциялық жарқын сипат хореографиялық көріністермен ұштастырылды. Бұл ерекшеліктер “Ұтыс” және “” билерінен көрінеді. Ат үстінде билеу өнерінің де өзіндік ерекшеліктері болды. Ерттеулі аттың үстінде тұрып билеу, атты өзінің ырғақ сазына бағындыратын нағыз кәсіби бишінің ғана қолынан келетін; Қазақ биі.
Ұлттық театр өнерінің белгілері халықтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтына (беташар, бәдік, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауығы (алтыбақан, кімді қалайсың, қыз ойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) мен халық қуақыларының өнеріне, ақындар айтысы мен шешендік өнерге саяды. Қазақ театр өнерінің тууына Орал, Орынбор, Омбыда орыстың кәсіби театрларының ашылуы ықпал жасады; Драматургия, Қазақ театры.
Кино
Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. 20 ғасырдың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшік кино залы жұмыс істеді. Олар негізінен ірі қалаларға (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола (Астана), Қостанай, Ақтөбе, т.б.) орналасты. Верный (Алматы) қаласында бірінші киносеанстар 1910 жылдан көрсетіле бастады. Киноның алғашқы белсенді насихатшыларының бірі – Ә.Жангелдин болды. Ол 1913 жылы Еуропа мен Азия елдерінде саяхатта болып, Испания, Үндістан, Қытай, т.б. елдердің өмірінен түсірілген этнографиялық, тұрмыстық мазмұндағы 40-қа жуық лента мен жылжымалы кинопроектор алып келді. 1925 жылы Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерінің 5-съезін Мәскеу киношежірешілерінің пленкаға түсіруі Қазақстандағы бірінші кино түсіру қадамы болып саналады. Сол жылы орталық “Культкино” студиясы жасаған “ҚАССР-нің 1 жылдық мерекесі” атты тұңғыш деректі фильм шықты (қ. Кино). Киноның негізгі түрлері: көркем фильм, ғылыми-көпшілік кино, деректі кино және мультипликациялық кино, әдеби шығармашылықтың бір саласы, фильмнің әдеби, көркемдік негізі болып табылатын – кинодраматургия, кино өнерінің жанры, бейнелеу құралдарының бірі – киномузыка және тұтастай кино өнері мен оның ерекшеліктерін, түрлерін және жанрларын зерттейтін ғылым саласы – кинотану ғылымы дамыды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де қазақ киносы өзінен бұрынғы дәстүрді лайықты жалғастыра отырып, әлемдік кино өнері туындыларының байқауларында жүлделі орындарға ие болды; қ. Кинофестиваль, Қазақ киносы, “Қазақфильм”.
Қазақ цирк өнері көшпенді тіршіліктің ыңғайымен біте қайнаса дүниеге келді. Ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен білдіріп, түрлі дене қимылдарымен жұртты күлдіру, салдық құрып, ел аралау, қуақы, әзіл-ажуа сөздермен көпшіліктің көңілін көтеру, бақсылық құру, т.б. жораларда цирк өнерінің алғашқы нышандары көрініс берді; Қазақ циркі.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazak zherinde kezigetin bejneleu onerinin algashky nuskalary paleolit dәuirine zhatady Olar Қaratau men Hantau taularynda taska kashalgan zhan zhanuarlar turpaty tүrinde kezdesedi Neolit zhәne kola dәuirinde taska bederlengen Bayanauyl үngirindegi Pavlodar oblysy Tanbaly angaryndagy Almaty oblysy bejneler bugy arystan sadakty anshy arbaga zhegilgen buka siyr t b men Balkash kolinin soltүstik zhagasyndagy zhakpar tastardagy suretter kelinshektin kasyndagy eki er kisinin zhekpe zhek kylyshtasuy t b kazak zherin mekendegen tajpalardyn negizgi kәsibin әdet gurpyn bayandajdy Koptegen shekime suretterdin syuzheti zhyrtkysh andardyn asha tuyaktylarga shabuylyna dini nanymga kurylgan Suretter nobajyna ishinara kyna tүsti boyau zhagylgan Қaratau shimajly tastary Andron mәdenieti murasyna sanalatyn geometriyaly ornekti kysh ydystar kalyptau arkyly zhasalgan bujymdar kүn shapagy bejnelengen kola kural zhabdyktar Ortalyk Soltүstik zhәne Batys Қazakstan aumagynda zhүrgizilgen kazba zhumystary kezinde ashyldy Bejneleu oneri Tanbaly tastagy Almaty oblysy b z b 2 gasyrdagy taska bederlengen Budda bejneleri kop koldy Chon Raj Sik Mun Sak Budda Manla Budda shekime suretterdin ozyk үlgilerinin birinen sanalady Osy zhartastarda 16 17 gasyrlarda salyngan suretter de bar Dini nanymdagy suretter Altaj men Tarbagataj ajmagynda da ushyrasady Қola mәdenietinin songy kezenine sanalatyn Begazy Dәndibaj mәdenieti tusynda b z b 9 8 gasyrlar kone oner tүrleri zhana үlgilermen tolyga tүsken B z b 7 gasyrlarda koshpeliler odagynyn nygajyp әleumettik kurylysy men sharuashylyktyn damuyna bajlanysty b z b 4 gasyrlarda bajyrgy sak gun үjsin oneri gүldendi Қol oneri men sәn onerinin agash uksatu zergerlik oneri keste zhәne kilem toku salalary damydy Ertis Shiderti Өlenti Sileti Esik Tүrgen Ile ozenderi zhәne Ortalyk Қazakstan men Syr bojyndagy Bayanauyl Sauyr taularynyn etegindegi obalar men korymdardan tabylgan kone zaman bujymdary zhiһazdyk zattar koshpeli tajpalar onerinin damu kezenin korsetedi Skifterdin andardy bejneleu nakyshy Қaratau үstirtine karaganda kazak zherinde buryn damyganyn dәleldejdi 1970 zhyly Almaty oblysyndagy Esik kala manynan tabylgan altyn bujymdar Altyn adam bugy arkar zholbarys zhylky barys bejneleri da b z b 6 5 gasyrlarda kazak zherin mekendegen tajpalardyn oner үlgileri Ezhelgi zergerlik oneri bujymdaryn asyl taspen әshekejleu algash gun үjsinderde kejinnen ogyz kypshaktarda koldanylgan Sak dәuirinde bul әdis kop taramagan Үjsin zergerlik onerinde korkem ojmysh bederleu zhәne inkrustaciya tәsilderi basym pajdalanyldy 6 8 gasyrlarda bajyrgy sak gun үjsin oneri negizinde bajyrgy tүrik oneri damydy Bejneleu onerinin kejbir salalarynyn attary kalyptasty Қolonerine mamandangan sheberler zerger bәdizshi sәuletshi t b shykty Suretter syuzhettik zhagynan baj bola bastady Zhumyrlap zhasalgan tas mүsinder tastan kashalgan kus pen balyk bejneleri barelefter agash sүjek oyu asyl tas zhumyrlau orkendedi Bajyrgy tүrik oneri kezeninen bastap kazak zherinde mүsin oneri ken etek aldy Mүsinder Torgaj ozenimen men Ұlytau tonireginen bastap Saryarkadan kүnshygyska karaj sozylyp Altaj Tarbagataj taularyna dejin Ontүstik Қazakstanda Қarataudyn eki zhak eteginde Buryltau Talas taularynyn Alataudyn zhazyk alankajlarynda ushyrasady Mүsinder Tүrik kagandygy 6 8 gasyrlar kypshak zamany 7 13 gasyrlar kezindegi mүsin tastar bolyp eki topka bolinedi Kopshiligi adam bejnesinin nobajyn gana korsetetin dorekileu tүrde zhasalganymen ishinara bet әlpeti men tulgasy ajkyn surettelgen zhumyr mүsinder Қarkaraly tas mүsinderi de kezdesedi 16 18 gasyrlarda tas mүsin kashau zhojylyp onyn ornyna oyu ornek zhәne arab zhazularymen әsemdelgen kulpytastar koptep zhasala bastady Bajyrgy sak gun үjsin onerinde kilemder mazmunga kurylgan surettermen әsemdelse 5 7 gasyrlarda kop taragan kazirgi kazak kileminin үlgileri kalyptasty Қazak kilemi Yasy Otyrar Syganak Taraz Sajram Қulan Merke Balasagun t b kalalarda 8 12 gasyrlarda onerdin koptegen salalary kozeshilik bederleu kozdeu orkendedi Osy zamannyn kiiz үj tүrindegi kysh ydystary bederleu kesu zhapsyru arkyly zhasalyp tүrli tүsti boyaumen kara konyr sary kyzyl zhyltyratylgan kabyrga ornekter men su kubyrlary romb ne shenber tүrindegi үlken әri anyk ulttyk oyu ornektermen әsemdelgen teriden metaldan zhasalgan bujymdar orkendegen onerdin dәleli Arhitekturalyk kurylystardyn syrtky kabyrgalary ishki enseleri men kүmbezderi gimarat kurylymymen үndes tartymdy oyu ornektermen әsemdelip otyrdy Қazak sәn oneri Aziya men Europadagy kүmbezdi arhitekturalyk kurylystar sekildi kazaktyn kiiz үji ezhelgi zamandardan kazirge dejin halyk kol onerinin үzdik үlgilerin zhinaktagan kazyna ispetti Қazak arhitekturasy Kiiz үjdin ishi men syrty bau baskury sekildi zhiһazdyk zattary tartymdy әri biyazy oyu ornekpen әsemdeldi Sәndik tutynu zattarynan baska da baskur alasha tykyr kilem kebezhe t b koloneri bujymdary kiiz үj ishin bezendirude basty oryn alady Altyn zer zhәne zhibek zhiptermen keste toku agash uksatu oneri agash pen sүjekti zhymdastyru arkyly korkemdeu teri uksatu zergerlik oneri de kүshti damygan Қazak kol oneri 19 gasyrlarda Қazakstanda bolgan orys suretshilerinin V V Vereshagin t b kazak halkynyn omiri men turmysyn bejnelegen kartinalary omirge keldi 1847 57 zhyldary kazak zherine zher audarylgan T G Shevchenko dala omirinin korinisterine kurylgan seriyaly suretterinde zhergilikti halyk turmysyn shynshyldykpen bejneledi Agartushy galym әri kazaktyn tungysh suretshisi suly boyau zhәne kalammen salgan portretteri men suretteri Үlken Ordanyn kazaktary t b 19 gasyrdyn ortasynda salyndy Қazak bejneleu oneri Muzyka mәdenietiҚazak halkynyn ult bolyp kalyptasu kezeninde ozine tәn muzykalyk dәstүri dүniege keldi sonyn nәtizhesinde baj muzykalyk mәdenieti kalyptasty Besik zhyry үjlenu tojlary men zherleudegi salt zhoralar әnmen ajtyldy Akyndar ajtysy halyktyn kop zhinalyp ujyp tyndajtyn oner sajysyna ajnaldy Halyk muzykalyk shygarmashylygy negizinen pentatonikalyk belgileri basym zheti tondy diatonikalyk mazhor men minorlyk yrgaktarga negizdeldi Epostyk zhyrlar rechitativti әuende zhyrlandy Қazak halkynyn tarihi kalyptasu erekshelikterine karaj muz shygarmalardyn әuendik sipaty tүrlishe әri әnshilik kүjshilik oryndaushylyk dәstүrinde de ajyrmashylyktary boldy Oryndaushylyk dәstүrdin tүrleri dombyra nemese kobyzdyn sүjemelimen әn salu muzykalyk aspaptarda kүj tartu t b zhar zhar synsu siyakty tojlarda ajtylatyn әnderdin kajyrmalary kop dauyspen oryndaldy Shygarmalar takyryby men muzykalyk ajshygyna oraj kosmologiyalyk zhuldyz Aj Kүn zhәne baska planetalar zhajly demonologiyalyk zhalmauyz kempir zhyn shajtan peri t b baksylardyn emdik әnderi epikalyk әnder ertekter mysaldar enbek әnderi turmys salt әnderi lirikalyk әnder tarihi әnder t b bolyp zhikteledi Aspaptyk muzyka үzindilerinde sogys korinisteri batyrlar sajysy bәjge kyran kustyn samgauy kaskyrdyn uluy muzykalyk tilimen bejnelendi Halyk muzykasy mazmunyna karaj әr tүrli kyzmet atkardy Әsirese bobekter ojynyn bejnelejtin muzyka ozinin yksham kyska bir yrgakty shagyn kolemdi diapazony men formasynyn karapajymdylygymen үj ishinde oryndauga yngajly bolsa lirikalyk zhәne әleumettik tarihi takyryptagy әnder men kүjlerdin әuendik diapazonynyn kendigi mәnerinin әrtүrliligi yrgaktyk kurylysynyn kүrdeli boluy oryndaushydan үlken sheberlikti talap etti Қazak muzykasynyn tarihi damu zholynda ulttyk onerdin oshpejtin klassikalyk shygarmalaryn tudyrgan daryndy kүjshi kompozitorlar shykty Aty anyzga ajnalgan Қorkyt 8 9 gasyrlar muzykalyk nota zhazuynyn algashky үlgilerin ojlap tapkan Әbu Nasr әl Farabi 870 950 15 gasyrlarda omir sүrgen Қaztugan men Asan kajgy kazaktyn otkendegi damygan muzykalyk mәdenietinin dүldүl okilderi Қazak muzykasy Bi oneriҚazak halkynyn bi mәdenieti ezhelden ak belgili bolgan Bi ulttyk onerdin baska da tүri siyakty halyk turmysyna berik enip olardyn әdet guryp ereksheligi men is әreketin bejnelejtin onerge ajnaldy Burynnan saktalyp kelgen enbek kimylyn korsetetin halyk bii Өrmek bi anshylar omirin bejnelejtin Қoyan bi әzil sykak pen kүlkige kurylgan Ayu bii Nasybajshy Orteke Қarazhorga Tepenkok bileri ezhelgi bi mәdenietinin kuәsi Bi kazak halkynyn turmystyn bolmysyn oner sүjgishtigin zhan zhakty asha tүsedi Muzykalyk folklorda sahnada olen ajtu bi bileu bilep zhүrip әn ajtu t b saktalgan Halyk arasynda enbek zhylyn korytyndylauga bajlanysty mereke otkizu saltanat kuru ken etek aldy Toj dumandarda onerpazdar bi arkyly oner zharysyna tүsip korermenderge ozderinin bishilik sheberligin korsetetin bolgan Қazaktarda ozbek tәzhik zhәne baska musylman dinin ustagan shygys halyktarynda sirek ushyrasatyn kyz ben zhigittin kosylyp bilejtin zhup bileri Қoyan bүrkit kezdesedi Bishilik oner urpaktan urpakka zhalgasty әr tajpanyn oz oner sheberleri boldy Olar sarajda zhәne kopshilik aldynda oner korsetetin sajkymazak kuaky retinde tanyldy Қazaktyn halyk bilerinin kanondyk tүri bolgan zhok Bi oneri improvizaciyalyk turgyda oryndaldy Bi sajystarynda emociyalyk zharkyn sipat horeografiyalyk korinistermen ushtastyryldy Bul erekshelikter Ұtys zhәne bilerinen korinedi At үstinde bileu onerinin de ozindik erekshelikteri boldy Ertteuli attyn үstinde turyp bileu atty ozinin yrgak sazyna bagyndyratyn nagyz kәsibi bishinin gana kolynan keletin Қazak bii Ұlttyk teatr onerinin belgileri halyktyn ezhelden kele zhatkan әdet gurpy men turmys saltyna betashar bәdik zhar zhar zhoktau koshtasu kyz kәde shildehana ojyn sauygy altybakan kimdi kalajsyn kyz ojnak kynamende orteke sudyr sudyr men halyk kuakylarynyn onerine akyndar ajtysy men sheshendik onerge sayady Қazak teatr onerinin tuuyna Oral Orynbor Ombyda orystyn kәsibi teatrlarynyn ashyluy ykpal zhasady Dramaturgiya Қazak teatry KinoҚazak kinosy Қazan tonkerisinen kejin pajda boldy 20 gasyrdyn basynda Қazakstanda barlygy 13 zhekemenshik kino zaly zhumys istedi Olar negizinen iri kalalarga Semej Pavlodar Өskemen Akmola Astana Қostanaj Aktobe t b ornalasty Vernyj Almaty kalasynda birinshi kinoseanstar 1910 zhyldan korsetile bastady Kinonyn algashky belsendi nasihatshylarynyn biri Ә Zhangeldin boldy Ol 1913 zhyly Europa men Aziya elderinde sayahatta bolyp Ispaniya Үndistan Қytaj t b elderdin omirinen tүsirilgen etnografiyalyk turmystyk mazmundagy 40 ka zhuyk lenta men zhylzhymaly kinoproektor alyp keldi 1925 zhyly Қyzylordada otken Қazakstan Kenesterinin 5 sezin Mәskeu kinoshezhireshilerinin plenkaga tүsirui Қazakstandagy birinshi kino tүsiru kadamy bolyp sanalady Sol zhyly ortalyk Kultkino studiyasy zhasagan ҚASSR nin 1 zhyldyk merekesi atty tungysh derekti film shykty k Kino Kinonyn negizgi tүrleri korkem film gylymi kopshilik kino derekti kino zhәne multiplikaciyalyk kino әdebi shygarmashylyktyn bir salasy filmnin әdebi korkemdik negizi bolyp tabylatyn kinodramaturgiya kino onerinin zhanry bejneleu kuraldarynyn biri kinomuzyka zhәne tutastaj kino oneri men onyn erekshelikterin tүrlerin zhәne zhanrlaryn zerttejtin gylym salasy kinotanu gylymy damydy Қazakstan tәuelsizdik algannan kejin de kazak kinosy ozinen buryngy dәstүrdi lajykty zhalgastyra otyryp әlemdik kino oneri tuyndylarynyn bajkaularynda zhүldeli oryndarga ie boldy k Kinofestival Қazak kinosy Қazakfilm Қazak cirk oneri koshpendi tirshiliktin yngajymen bite kajnasa dүniege keldi At kulagynda ojnap oner korsetu ajtar ojdy ymmen bildirip tүrli dene kimyldarymen zhurtty kүldiru saldyk kuryp el aralau kuaky әzil azhua sozdermen kopshiliktin konilin koteru baksylyk kuru t b zhoralarda cirk onerinin algashky nyshandary korinis berdi Қazak cirki Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 V tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet