Тау-кен ісі – ғылым мен техниканың жер қойнауын игеру, пайдалы қазылымдар өндіру жұмыстарын қамтитын саласы. Ол жер қыртысына техногендік әсер етудің барлық түрін қамтиды. Тау-кен ісі негізінен жер қойнауындағы пайдалы қазбаларға барлау жүргізу, құрамы мен сапасын анықтау, өндіру жүйесін тағайындау, алынған пайдалы қазылымдарды алғашқы өңдеуден өткізу және тау-кен технологиясы саласында ғылыми-зерттеуші жұмыстарын жүргізумен айналысады. Содан кейін ғана кен қазу үшін дайындық жұмыстары (кенді ашу, дайындық қазбалар жасау, жер астылық және жер үстілік қажетті құрылыстар тұрғызу, т.б.) орындалып, кен белгіленген жүйемен қазыла бастайды.
Тау-кен ісі қоғамы пайда болуымен байланысты тым көне заманнан басталды. Тау-кен ісінің алғашқы өндірген шикізаты кремний болды. Темір кенін қазу және өңдеу туралы алғашқы жазба мәліметтер 3-мыңжылдықтың орта шенін меңзейді. біздің заманымыздан бұрынғы 6 – 5 мыңжылдықтарда мыс, алтын, қалайы, күшәла, қорғасын өндіріле бастаған, 9 – 8 ғ-ларда темір кендері, антиквар кезеңде және орта ғасырларда мұнай мен көмір, ал 20 ғ-да – радиоактивті кендер мен газ ерекше маңызға ие бола бастады. Антиквар кезеңдегі елдерде (Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим мен Жерорта т. елдерінде) 100 м-ден астам тереңдіктен кенді көтеріп шығаратын күрделі механикалық тетіктер, су төгетін механизмдер пайда болды. Су ағысын пайдаланып алтын өндіру жұмысы (Колхида, Испания), 900 м-ге дейінгі тереңдіктен диам. 12 – 15 см ұңғыма көмегімен тұз өндіру тәсілі едәуір жетілдірілді. Бу қазандарын, бу қозғалтқыштарын ойлап табу шахта жұмыстарының пайдалы қазылымдарды жер бетіне көтеру, су төгу, желдету, ұңғыманы бұрғылау сияқты қол еңбегін көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыруға оң ықпал жасады. Тау-кен ісінің сапа жағынан дамуының жаңа кезеңі 18 ғ-дың соңы мен 19 ғ-дың басында болды. Қазақстанда 18 ғ-да Риддер, Бұқтырма, Зырян, Белоусов, Николаев, т.б. кен орындары ашылып, кен өндіріле бастады. 18 – 19 ғ-ларда тек Кенді Алтайда ғана түсті металдардың 850-ге тарта кен орындары ашылды. 1920 – 80 ж. Қазақстанда кен өндіру өнеркәсіп орындары қарқынды дамыды. Осы жылдарда барлау жұмыстарының көлемі ұлғайып, түсті және қара металдар, тау-кен хим. шикізаттар, көмір мен мұнай, алтын және сирек металдар, хром, т.б. пайдалы қазылымдардың жаңа кен орындары ашылды. Сонымен қатар бұрынғы су басып қираған кеніштер қалпына келтірілді. 2-дүниежүз. соғыс жылдары Қазақстан стратег. маңызы бар металдар мен отындар – марганец, қорғасын, молибден, хром, көмір, т.б. пайдалы қазылымдарды өндірудің негізгі орт-тарының біріне айналды. 1991 – 2000 ж. пайдалы қазылымдардың өндірілуі күрт төмендеді. Ал қазіргі уақытта пайдалы қазылымдарды өндіру біртіндеп қалпына келтіріліп, мұнай өндіру қарқындап өсуде; қ. Тау-кен өнеркәсібі; Тау-кен техникасы.
Пайдалы қазылымдар өнеркәсіптің, тасымал көліктің, ауыл шаруашылығының, құрылыстың таптырмайтын шикізаты болып саналады. Сондықтан да Тау-кен ісі дүниежүз. экономикада өнеркәсіп өндірісінің ең маңызды салаларының бірі болып саналады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tau ken isi gylym men tehnikanyn zher kojnauyn igeru pajdaly kazylymdar ondiru zhumystaryn kamtityn salasy Ol zher kyrtysyna tehnogendik әser etudin barlyk tүrin kamtidy Tau ken isi negizinen zher kojnauyndagy pajdaly kazbalarga barlau zhүrgizu kuramy men sapasyn anyktau ondiru zhүjesin tagajyndau alyngan pajdaly kazylymdardy algashky ondeuden otkizu zhәne tau ken tehnologiyasy salasynda gylymi zertteushi zhumystaryn zhүrgizumen ajnalysady Sodan kejin gana ken kazu үshin dajyndyk zhumystary kendi ashu dajyndyk kazbalar zhasau zher astylyk zhәne zher үstilik kazhetti kurylystar turgyzu t b oryndalyp ken belgilengen zhүjemen kazyla bastajdy Tau ken isi kogamy pajda boluymen bajlanysty tym kone zamannan bastaldy Tau ken isinin algashky ondirgen shikizaty kremnij boldy Temir kenin kazu zhәne ondeu turaly algashky zhazba mәlimetter 3 mynzhyldyktyn orta shenin menzejdi bizdin zamanymyzdan buryngy 6 5 mynzhyldyktarda mys altyn kalajy kүshәla korgasyn ondirile bastagan 9 8 g larda temir kenderi antikvar kezende zhәne orta gasyrlarda munaj men komir al 20 g da radioaktivti kender men gaz erekshe manyzga ie bola bastady Antikvar kezendegi elderde Ezhelgi Grekiya Ezhelgi Rim men Zherorta t elderinde 100 m den astam terendikten kendi koterip shygaratyn kүrdeli mehanikalyk tetikter su togetin mehanizmder pajda boldy Su agysyn pajdalanyp altyn ondiru zhumysy Kolhida Ispaniya 900 m ge dejingi terendikten diam 12 15 sm ungyma komegimen tuz ondiru tәsili edәuir zhetildirildi Bu kazandaryn bu kozgaltkyshtaryn ojlap tabu shahta zhumystarynyn pajdaly kazylymdardy zher betine koteru su togu zheldetu ungymany burgylau siyakty kol enbegin kop kazhet etetin zhumystardy mehanikalandyruga on ykpal zhasady Tau ken isinin sapa zhagynan damuynyn zhana kezeni 18 g dyn sony men 19 g dyn basynda boldy Қazakstanda 18 g da Ridder Buktyrma Zyryan Belousov Nikolaev t b ken oryndary ashylyp ken ondirile bastady 18 19 g larda tek Kendi Altajda gana tүsti metaldardyn 850 ge tarta ken oryndary ashyldy 1920 80 zh Қazakstanda ken ondiru onerkәsip oryndary karkyndy damydy Osy zhyldarda barlau zhumystarynyn kolemi ulgajyp tүsti zhәne kara metaldar tau ken him shikizattar komir men munaj altyn zhәne sirek metaldar hrom t b pajdaly kazylymdardyn zhana ken oryndary ashyldy Sonymen katar buryngy su basyp kiragan kenishter kalpyna keltirildi 2 dүniezhүz sogys zhyldary Қazakstan strateg manyzy bar metaldar men otyndar marganec korgasyn molibden hrom komir t b pajdaly kazylymdardy ondirudin negizgi ort tarynyn birine ajnaldy 1991 2000 zh pajdaly kazylymdardyn ondirilui kүrt tomendedi Al kazirgi uakytta pajdaly kazylymdardy ondiru birtindep kalpyna keltirilip munaj ondiru karkyndap osude k Tau ken onerkәsibi Tau ken tehnikasy Pajdaly kazylymdar onerkәsiptin tasymal koliktin auyl sharuashylygynyn kurylystyn taptyrmajtyn shikizaty bolyp sanalady Sondyktan da Tau ken isi dүniezhүz ekonomikada onerkәsip ondirisinin en manyzdy salalarynyn biri bolyp sanalady DerekkozderҚazak enciklopediyasyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet