Құсбегілік– бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи, тұйғын, тұрымтай, сұңқар, лашын, жағалтай сияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңға, құсқа салатын саятшылық өнердің бір тармағы. Құсбегілік жаһанда кеңінен тараған, оның ішінде бүркітшілік қазақ, қырғыз халықтарының дәстүрлі ежелден келе жатқан үлкен төл өнері ретінде саналады. Қазақ халқының арасында бұл өнердің тамаша шеберлері кең дәріптеледі. Мәселен, «Аспанда жүрсем қанатым талады, жерге қонсам жалайыр Шора алады», «Тінейдегі қасиет — ұялас екен сарқұспен, Шорадағы қасиет — тілдес екен бар құспен»,— деген сөз-дер бар
Құсбегілер қыран құсты тор құрып ұстайды немесе қарақанат балапан кезінде ұядан алады. Оның аяғына балақбау мен шыжым тағып, көзіне томаға кигізеді. Құсты әуелде шыжыммен ұшырып, қайыруы жеткен соң семіртіп түлетеді. Бұдан кейін құсты ақжеммен асырап, бос керілген арқанга қонақтатып, ұйқысын алып арытады. Жеңіл ұшып, жеңіл қонатын күйге келгенде аңға салады.
Тарихи сипаттама
Көшпелі өмір салтын бастан кешірген қазақ халқы табиғатпен мейілінше етене болған. Көшпелілер табиғатты өз өмірлерінің бөлінбес сыңарына балап, табиғат тылсымын неғұрлым тереңірек таныса, өмірдің солғұрлым мәнді де қызықты болатынын жақсы түсінген. Табиғат аясындағы таным-тәжірибесі тек қана күнкөріс тіршілігіне негіз болып қоймай, сонымен бірге уақытты мәнді, көңілді өткізудің жолы ретінде де кеңінен пайдаланылған. Солардың бір көрінісі аңшылық-саятшылыққа байланысты. Аңшылық-саятшылық әскери жаттығудың, шынығып-шыңдалудың тамаша үлгісі болған.
Құсбегілік әсем табиғат аясындағы көңілді, әсерлі қызығы мол демалыс болып табылады. Ел ішіндегі ит жүгіртіп, құс салған, қақпан-тұзақ құрып, тор жайған жалғыз-жарым аңшылықты айтпағанда, көшпелілер арасында бүкіл ру-тайпа болып қотарыла көтерілетін, сөйтіп байтақ өңірді қаумаласа сүзетін аңшылық дәстүрлері болған. Мұндай жойқын аңшылықтың із-сорабы, белгі-айғағы ретінде Қазақстандағы Үстірт үстіндегі "құпия сызық" деп жүрген әйгілі қалта ауыз ұра қазбалары, кезінде Шоқан Уәлиханов таңдана жазған, күні бүгінге дейін ізі сайрап жатқан Іле өзені мен Тарбағатай арасындағы ұраны айтуға болады.
Сонау ерте заманнан-ақ қазақ халқы табиғатпен етене қойындас болғандықтан аң-құстың қасиетін айыруға жүйрік болған. Ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, әсіресе, кейінгі ұрпаққа үйретуге айырықша мән берген.
Қазақ аңшылары өздерінің таным-тәжірибесінің арқасында аңшылық-саятшылық үшін жүйрік ат, қыран құс, құмай тазы сияқты жан-жануардың тілін таба баптап, қалауына көндіре алған. Осылардың ішінде қыран құстарды баптаудың ғасырлар бойы жинақталған мол тәжірибесі шын мәнісінде әрі өнер, әрі терең біліктілік.
Тарихи деректер
Тарихи деректерге қарағанда, құсбегілік өнері бұдан үш мың жыл бұрын пайда болған. Орта ғасырлардағы итальян саяхатшысы Марко Полоның жазбаларында Құбылай ханның саятшылық мақсатта қолға үйреткен 500 ақ-сұңқары және басқа да қыран құстары болғандығын және оларды баптап, күтуге, арнайы 10 мың құсбегі ұстағанын жазады. Орта ғасырларда Орталық Азия мен Қазақстан, Қырым, Еділ бойын билеген патшалар мен хандар да өз сарайларында арнайы құсбегілер ұстаған. Олар сарай қызметкерлерінің құрметтісі саналған. Сондықтан да хан сарайындағы құсбегілік қызметке тек ақсүйектер, бектер, әмірлер тағайындалған. Кейбір тарихи деректерде Шыңғысханның ұлы Жошының 3 мың бүркітші ұстағаны туралы жазылады.
Қазақ аңыздары
Құсбегілік өнері қазақ ауыз әдебиетіндегі аңыз әңгімелерде де ерекше орын алады. Мәселен, қазақтың әйгілі құсбегісі байланысты аңызда “Аспанға ұшсам қанатым талады, жерге қонсам Жалайыр Шора алады”, — деп қыран құстар мұң шағады екен. Қазақ және басқа түркі тектес халықтар көбінесе бүркіт асыраған, ал Еуропа мен сұңқарларды қолға үйреткен (“соколиная охота”)
Түз құсын қолға түсіру әдістері
Белгілі әдістері: аумен ұстау, тор жаю, қарға орану, тояттатып алып тұтқиылдан басып қалу, шеңгелдестіру, ұядан алу.
- Аумен ұстау үшін шарық жіптен тоқылған ауды елсіз иен жерге құрады. Ол үшін бес-алты талды жерге әлсіздеу қадап, тормен қоршайды да, ау ортасына мықтап қазық қағады. Қазыққа тірі түлкі немесе қоян, кейде бір-екі тауық байлайды. Қиядан көріп, құдия түскен бүркіт төбесі ашық тордан еш уақытта тік көтеріліп ұшпайды. Жүгіре көтеріліп ұшамын дегенше торға оралады.
- Тор жаю әдісі көбіне қыс айларында қар түскен соң пайдаланылады. Ол үшін қар түстес ақ шаңқан торды қар үстіне бір метрге жуық биіктікте кере құрады да, астына тірі түлкі немесе қоян байлайды. Бұған сорғалап түскен қыран аяғын торға шалып алады. Солқылдақ тор бұркіттің аяқ тіреп, серпіле ұшуына кедергі жасайды.
- Қарға орану әдісі қар бекіген соң ғана қолданылады. Ол үшін екі адам бүркіттің аңға түскен сәтін аңдып жүріп, ұшырып жібереді де, біреуі қарға көміліп, жемді төбесіне қойып жатады. Суық сорып, аш өзек болып жүрген бүркіт кешікпей жемге оралғанда, қар астындағы жасырынған адам оны ұстап алады.
- Тояттатып ұстау үшін түз тағысының аңға түскен немесе жемтікке қонған сәтін аңду керек. Сол сәтте ұшқыр атқа мініп, әбден мелдектеп тойған бүркітке ең ұрымтал деген иек артпадан тұтқиылда қосылып береді. Күн желтең болса жел жағынан шықса, тойған құс ыққа қарай жүгіргенде бетегесімен жер соғып, көтеріліп кете алмайды. Сол кезде ұшқыр атпен төніп келіп құс үстіне шапан сияқты киіммен жаба салу керек.
- Шеңгелдестіру үшін қол құсын, қолға үйреткен бүркітті түз қыранына салады. Ол үшін қол құсының балақ бауына түлкінің жон терісін, немесе бір санын қызарта байлап қоя береді. Әрине түз құсының бойын көріп барып жіберу керек. Сонда қол құсы өз тектесімен парлап ұшуды аңсап көтерілсе, түз құсы оның аяғындағы жемге құдияды. Мұндай жағдайда қос бүркіт сөз жоқ шеңгелдесіп жерге түседі.
- Ұядан алу үшін аңшының көп еңбегі, әдісқойлығы, ептілігі қажет. Ол үшін мекен-жайын, қонатын мезгілін әбден бақылап алып, тор, тұзақ, шаппасына кигіз салған қақпан, тағы да басқа әдістер арқылы қолға түсіреді.
Түз құсын баптау тәсілдері
Түзден ұстаған құсты үйрететін адамды құсбегі деп атайды. Құсбегі құсты балапан кезінен бастап баулиды.
- Томаға кигізу
Түз құсын қолға түсісімен томаға кигізбей үйретуге болмайды. Томаға кигізген соң да екі-үш күн ұйықтамай қарсылық көрсететін қиқарлығы болады. Ондайда ырғаққа (тербемелі әткеншек етіп байланған жұмыр ағаш) отырғызып тербетіп, ұйықтатпайды, яғни екі күн болсын, үш күн болсын құс қарсылығын қойғанша қажымай бірге болған абзал.
- Сылап -сипау
Қолға түскен құсты бірінші күнен-ақ барлық баптау барысындағы қимыл -әрекетте және түн ортасында тұрып сылап-сипайды. Құстың иесіне әбден бауыр басуы үшін мұндай ықылас қажет-ақ.
- Жем жеуге үйрету
Құс алғашында жемге өздігінен ұмтылмайды. Сондықтан бір жапырақ етке қант бүркіп, аузына салып жібрген абзал. Сөйтіп қолдан жем жеуге үйреткен соң, алыста тұрып шақырып, құсты өздігінен келіп жем жеуге баулиды. Оған үйренген шақта ат үстінде тұрып жем көрсетіп, шақырып, қолына келіп қонуды үйретеді. Мұның бәрі құстың атқа да, адамға да үйірек болуына әрі шынығуына бірден-бір себеп.
- Шырғаға тарту
Баулу кездерінде құстың аяғында байланған ұзын жеңіл шыжым жіптің болғаны абзал. Бұлайша баулуды шырғаға тарту деп атайды. Ерінбей-жалықпай шырғаға көп тартылған құстың қанат, құйрығы берік болып жетіледі.
- Далабайға түсіру
Далабайға түсіру деп тұлып етіп сойылған аң терісінің (көбінесе, түлкі терісі) үстінен жем алғызуды айтады. Жемді аң терісінің кез келген жеріне қоя салмай бас жағына тығыздап тығып, екі көзінен болар болмас қызартып көрсетіп қою керек. Сосын тұлыпқа ұзын жіп байлап сүйретеді де, құсқа оны ат үстінде ұстап тұрып көрсетеді. Егер құс томағасын сыпырғанда далабай тұлыпқа талпынып, лап қойса әрі қарай сүйретпей тастай салу керек. Сол жерде далабайдағы қант бүркілген тәтті етті бір-екі рет шоқытқан жөн. Мұнан соң құсты қолға алып томағасын кигізеді де, атқа мініп сүйретпе далабайды тағы да көрсетеді. Осылайша қайталай берудің еш зияны жоқ.
- Құстың аңға түсу тәсілдері
- Шаншыла түсу. Бұл тәсілде құс бірде болмаса бірде соғылып, мерт болуы мүмкін.
- Сыпыра түсу. Сыпыра түскен құс екпінін баса алмай тегеурінін (жембасар үш саусағына қарсы орналасқан артқы жалғыз саусақ) алдырып алады.
- Іліп түсу. Іліп түсуге қалыптастыру үшін сүйретіп келе жатқан далабайға құс аяғы тиісімен тастай салу керек.
Құсты аңға салмас бұрын аяғы өреленіп, ауызы тұмылдырықталған тірі түлкіге түсіріп көрудің де пайдасы мол. Мұны құсбегілер "тірілету" деп атайды. Тірі түлкіге қаймықпай түскен құстың аң аулауға үйренгені.
Құсты бұлайша баулу әдістерінің қай-қайсысына кіріскенде де, тіпті аңға саларда да қолдағы құсты аш ұстаған жөн.
Құсты қызылға отырғызу немесе түлету
Құсбегілер қолындағы құсын аңға салуға мамыр, маусым айларынан бастап баптайды. Алдымен қансоқты, қызыл сияқты маңызды жем беріп, түлету үшін семіртеді. Бұл кезді қызылға отырғызу немесе түлету деп атайды. Құс түлегі бапты болса, аз күнде-ақ бой жүні сүзіліп, салаланып сала береді. Ал түлек бапсыз болса, жемі қуатсыз немесе маңызсыз болса құстың бой жүні жымдаспай қобырап, қауырсындары бунақталып дұрыс жетілмейді. Қазақ құсбегілерінің қолындағы құсты тиісті бап, күйіне қарай ашықтыруы, қоялатуы (құстыру), шаятыны (ішін жүргізу) болады.
- Қоялату үшін бармақтай ақ киізді әбден жуып тазартып, майға орап қылғыттырып жіберсе аздан соң құсып, ішіндегі бар қоясы құсықпен бірге түседі.
- Ішін шайып ашықтыру үшін тырна жілігінен жасалған түтіктен бір-екі рет қызыл шай жұтқызады.
"Қайыру"
Қайыру - құсты әр кезде әр түрлі бапта ұстау үшін оған берілетін жеміне байланысты. Құсбегі қолындағы бүркітін қайырып, қалаған бір бабына келтіру үшін бірнеше жем түрлері беріледі:
- Қансоқта - өлген аңның немесе малдың туралмаған, қаны сорғалаған кесек еті.
- Қызыл - құстың қылғып қақшуына оңтайланып туралған қызыл ет. Мұның да қан сөлі өзінде болады.
- Тартпа - малдың немесе аңның желкесі, толарсағы, шандары сияқты құнарлы аз сіңірлі жерлері.
- Сарбөртпе - туралған соң суға екі-үш рет шайып, сығып, біршама қан-сөлінен арылтқан ет.
- Ақжем - майдалап турап, суға салып қойып, әбден сығымдап, бар маңызынан айырған ет.
- Тоят - құс өзі алған аңның етін жұлып жеуі.
- Үрген өкпе немесе боз өкпе - сойылған малдың немесе аңның өкпесіне пышақ тигізбей кеңірдегімен қоса алып үріп қояды. Сонда өкпе маңызынан айрылып, құсты белгілі күйге түсіретін жем болып шығады.
Құс баптауға қажетті мүліктер
Баптаған қырандарды сынау
Қазақстандағы құсбегілік
Құсбегілік өнер соңғы 10 — 15 жылдың ішінде Қазақстанда қайта жандана бастады.
- 1998 жылдан бастап құсбегілердің басын қосып, баптаған қырандарын сынға салатын "Салбурын” мерекесі дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді.
- Қарағанды мемлекеттік университетінің жанынан арнайы құсбегілер мектебі ашылды.
- Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Нұра ауылындағы Жалайыр Шора атындағы құсбегілер мектебі жанынан Республикалық құсбегілер мұражайы ашылған.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Шаңырақ (Бас редактор Р.Н.Нұрғалиев). Алматы -1991. ISBN 5-89800-035-6 (1-й з-д)
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қusbegilik bүrkit itelgi karshyga kyrgi tujgyn turymtaj sunkar lashyn zhagaltaj siyakty zhyrtkysh kustardy kolga үjretip anga kuska salatyn sayatshylyk onerdin bir tarmagy Қusbegilik zhaһanda keninen taragan onyn ishinde bүrkitshilik kazak kyrgyz halyktarynyn dәstүrli ezhelden kele zhatkan үlken tol oneri retinde sanalady Қazak halkynyn arasynda bul onerdin tamasha sheberleri ken dәripteledi Mәselen Aspanda zhүrsem kanatym talady zherge konsam zhalajyr Shora alady Tinejdegi kasiet uyalas eken sarkuspen Shoradagy kasiet tildes eken bar kuspen degen soz der barҚusbegilik Қusbegiler kyran kusty tor kuryp ustajdy nemese karakanat balapan kezinde uyadan alady Onyn ayagyna balakbau men shyzhym tagyp kozine tomaga kigizedi Қusty әuelde shyzhymmen ushyryp kajyruy zhetken son semirtip tүletedi Budan kejin kusty akzhemmen asyrap bos kerilgen arkanga konaktatyp ujkysyn alyp arytady Zhenil ushyp zhenil konatyn kүjge kelgende anga salady Tarihi sipattamaҚysky anshylyk Қ Қametov Koshpeli omir saltyn bastan keshirgen kazak halky tabigatpen mejilinshe etene bolgan Koshpeliler tabigatty oz omirlerinin bolinbes synaryna balap tabigat tylsymyn negurlym terenirek tanysa omirdin solgurlym mәndi de kyzykty bolatynyn zhaksy tүsingen Tabigat ayasyndagy tanym tәzhiribesi tek kana kүnkoris tirshiligine negiz bolyp kojmaj sonymen birge uakytty mәndi konildi otkizudin zholy retinde de keninen pajdalanylgan Solardyn bir korinisi anshylyk sayatshylykka bajlanysty Anshylyk sayatshylyk әskeri zhattygudyn shynygyp shyndaludyn tamasha үlgisi bolgan Қusbegilik әsem tabigat ayasyndagy konildi әserli kyzygy mol demalys bolyp tabylady El ishindegi it zhүgirtip kus salgan kakpan tuzak kuryp tor zhajgan zhalgyz zharym anshylykty ajtpaganda koshpeliler arasynda bүkil ru tajpa bolyp kotaryla koteriletin sojtip bajtak onirdi kaumalasa sүzetin anshylyk dәstүrleri bolgan Mundaj zhojkyn anshylyktyn iz soraby belgi ajgagy retinde Қazakstandagy Үstirt үstindegi kupiya syzyk dep zhүrgen әjgili kalta auyz ura kazbalary kezinde Shokan Uәlihanov tandana zhazgan kүni bүginge dejin izi sajrap zhatkan Ile ozeni men Tarbagataj arasyndagy urany ajtuga bolady Sonau erte zamannan ak kazak halky tabigatpen etene kojyndas bolgandyktan an kustyn kasietin ajyruga zhүjrik bolgan Ғasyrlar bojy zhinaktagan mol tәzhiribesin әsirese kejingi urpakka үjretuge ajyryksha mәn bergen Қazak anshylary ozderinin tanym tәzhiribesinin arkasynda anshylyk sayatshylyk үshin zhүjrik at kyran kus kumaj tazy siyakty zhan zhanuardyn tilin taba baptap kalauyna kondire algan Osylardyn ishinde kyran kustardy baptaudyn gasyrlar bojy zhinaktalgan mol tәzhiribesi shyn mәnisinde әri oner әri teren biliktilik Tarihi derekter Bүrkit salu M Zhakanov Tarihi derekterge karaganda kusbegilik oneri budan үsh myn zhyl buryn pajda bolgan Orta gasyrlardagy italyan sayahatshysy Marko Polonyn zhazbalarynda Қubylaj hannyn sayatshylyk maksatta kolga үjretken 500 ak sunkary zhәne baska da kyran kustary bolgandygyn zhәne olardy baptap kүtuge arnajy 10 myn kusbegi ustaganyn zhazady Orta gasyrlarda Ortalyk Aziya men Қazakstan Қyrym Edil bojyn bilegen patshalar men handar da oz sarajlarynda arnajy kusbegiler ustagan Olar saraj kyzmetkerlerinin kurmettisi sanalgan Sondyktan da han sarajyndagy kusbegilik kyzmetke tek aksүjekter bekter әmirler tagajyndalgan Kejbir tarihi derekterde Shyngyshannyn uly Zhoshynyn 3 myn bүrkitshi ustagany turaly zhazylady Қazak anyzdary Қusbegilik oneri kazak auyz әdebietindegi anyz әngimelerde de erekshe oryn alady Mәselen kazaktyn әjgili kusbegisi bajlanysty anyzda Aspanga ushsam kanatym talady zherge konsam Zhalajyr Shora alady dep kyran kustar mun shagady eken Қazak zhәne baska tүrki tektes halyktar kobinese bүrkit asyragan al Europa men sunkarlardy kolga үjretken sokolinaya ohota Tүz kusyn kolga tүsiru әdisteriҚansonar M Қaspak Belgili әdisteri aumen ustau tor zhayu karga oranu toyattatyp alyp tutkiyldan basyp kalu shengeldestiru uyadan alu Aumen ustau үshin sharyk zhipten tokylgan audy elsiz ien zherge kurady Ol үshin bes alty taldy zherge әlsizdeu kadap tormen korshajdy da au ortasyna myktap kazyk kagady Қazykka tiri tүlki nemese koyan kejde bir eki tauyk bajlajdy Қiyadan korip kudiya tүsken bүrkit tobesi ashyk tordan esh uakytta tik koterilip ushpajdy Zhүgire koterilip ushamyn degenshe torga oralady Tor zhayu әdisi kobine kys ajlarynda kar tүsken son pajdalanylady Ol үshin kar tүstes ak shankan tordy kar үstine bir metrge zhuyk biiktikte kere kurady da astyna tiri tүlki nemese koyan bajlajdy Bugan sorgalap tүsken kyran ayagyn torga shalyp alady Solkyldak tor burkittin ayak tirep serpile ushuyna kedergi zhasajdy Қarga oranu әdisi kar bekigen son gana koldanylady Ol үshin eki adam bүrkittin anga tүsken sәtin andyp zhүrip ushyryp zhiberedi de bireui karga komilip zhemdi tobesine kojyp zhatady Suyk soryp ash ozek bolyp zhүrgen bүrkit keshikpej zhemge oralganda kar astyndagy zhasyryngan adam ony ustap alady Toyattatyp ustau үshin tүz tagysynyn anga tүsken nemese zhemtikke kongan sәtin andu kerek Sol sәtte ushkyr atka minip әbden meldektep tojgan bүrkitke en urymtal degen iek artpadan tutkiylda kosylyp beredi Kүn zhelten bolsa zhel zhagynan shyksa tojgan kus ykka karaj zhүgirgende betegesimen zher sogyp koterilip kete almajdy Sol kezde ushkyr atpen tonip kelip kus үstine shapan siyakty kiimmen zhaba salu kerek Shengeldestiru үshin kol kusyn kolga үjretken bүrkitti tүz kyranyna salady Ol үshin kol kusynyn balak bauyna tүlkinin zhon terisin nemese bir sanyn kyzarta bajlap koya beredi Әrine tүz kusynyn bojyn korip baryp zhiberu kerek Sonda kol kusy oz tektesimen parlap ushudy ansap koterilse tүz kusy onyn ayagyndagy zhemge kudiyady Mundaj zhagdajda kos bүrkit soz zhok shengeldesip zherge tүsedi Ұyadan alu үshin anshynyn kop enbegi әdiskojlygy eptiligi kazhet Ol үshin meken zhajyn konatyn mezgilin әbden bakylap alyp tor tuzak shappasyna kigiz salgan kakpan tagy da baska әdister arkyly kolga tүsiredi Tүz kusyn baptau tәsilderiTomaga tүriBүrkittin shengeliShyzhym ayakbau tomagaBiyalaj zhemkalta tүtik baldak Tүzden ustagan kusty үjretetin adamdy kusbegi dep atajdy Қusbegi kusty balapan kezinen bastap baulidy Tomaga kigizu Tүz kusyn kolga tүsisimen tomaga kigizbej үjretuge bolmajdy Tomaga kigizgen son da eki үsh kүn ujyktamaj karsylyk korsetetin kikarlygy bolady Ondajda yrgakka terbemeli әtkenshek etip bajlangan zhumyr agash otyrgyzyp terbetip ujyktatpajdy yagni eki kүn bolsyn үsh kүn bolsyn kus karsylygyn kojgansha kazhymaj birge bolgan abzal Sylap sipau Қolga tүsken kusty birinshi kүnen ak barlyk baptau barysyndagy kimyl әrekette zhәne tүn ortasynda turyp sylap sipajdy Қustyn iesine әbden bauyr basuy үshin mundaj ykylas kazhet ak Zhem zheuge үjretu Қus algashynda zhemge ozdiginen umtylmajdy Sondyktan bir zhapyrak etke kant bүrkip auzyna salyp zhibrgen abzal Sojtip koldan zhem zheuge үjretken son alysta turyp shakyryp kusty ozdiginen kelip zhem zheuge baulidy Ogan үjrengen shakta at үstinde turyp zhem korsetip shakyryp kolyna kelip konudy үjretedi Munyn bәri kustyn atka da adamga da үjirek boluyna әri shynyguyna birden bir sebep Shyrgaga tartu Baulu kezderinde kustyn ayagynda bajlangan uzyn zhenil shyzhym zhiptin bolgany abzal Bulajsha bauludy shyrgaga tartu dep atajdy Erinbej zhalykpaj shyrgaga kop tartylgan kustyn kanat kujrygy berik bolyp zhetiledi Dalabajga tүsiru Dalabajga tүsiru dep tulyp etip sojylgan an terisinin kobinese tүlki terisi үstinen zhem algyzudy ajtady Zhemdi an terisinin kez kelgen zherine koya salmaj bas zhagyna tygyzdap tygyp eki kozinen bolar bolmas kyzartyp korsetip koyu kerek Sosyn tulypka uzyn zhip bajlap sүjretedi de kuska ony at үstinde ustap turyp korsetedi Eger kus tomagasyn sypyrganda dalabaj tulypka talpynyp lap kojsa әri karaj sүjretpej tastaj salu kerek Sol zherde dalabajdagy kant bүrkilgen tәtti etti bir eki ret shokytkan zhon Munan son kusty kolga alyp tomagasyn kigizedi de atka minip sүjretpe dalabajdy tagy da korsetedi Osylajsha kajtalaj berudin esh ziyany zhok Қustyn anga tүsu tәsilderi Shanshyla tүsu Bul tәsilde kus birde bolmasa birde sogylyp mert boluy mүmkin Sypyra tүsu Sypyra tүsken kus ekpinin basa almaj tegeurinin zhembasar үsh sausagyna karsy ornalaskan artky zhalgyz sausak aldyryp alady Ilip tүsu Ilip tүsuge kalyptastyru үshin sүjretip kele zhatkan dalabajga kus ayagy tiisimen tastaj salu kerek Қusty anga salmas buryn ayagy orelenip auyzy tumyldyryktalgan tiri tүlkige tүsirip korudin de pajdasy mol Muny kusbegiler tiriletu dep atajdy Tiri tүlkige kajmykpaj tүsken kustyn an aulauga үjrengeni Қusty bulajsha baulu әdisterinin kaj kajsysyna kiriskende de tipti anga salarda da koldagy kusty ash ustagan zhon Қusty kyzylga otyrgyzu nemese tүletuҚusbegiler kolyndagy kusyn anga saluga mamyr mausym ajlarynan bastap baptajdy Aldymen kansokty kyzyl siyakty manyzdy zhem berip tүletu үshin semirtedi Bul kezdi kyzylga otyrgyzu nemese tүletu dep atajdy Қus tүlegi bapty bolsa az kүnde ak boj zhүni sүzilip salalanyp sala beredi Al tүlek bapsyz bolsa zhemi kuatsyz nemese manyzsyz bolsa kustyn boj zhүni zhymdaspaj kobyrap kauyrsyndary bunaktalyp durys zhetilmejdi Қazak kusbegilerinin kolyndagy kusty tiisti bap kүjine karaj ashyktyruy koyalatuy kustyru shayatyny ishin zhүrgizu bolady Қoyalatu үshin barmaktaj ak kiizdi әbden zhuyp tazartyp majga orap kylgyttyryp zhiberse azdan son kusyp ishindegi bar koyasy kusykpen birge tүsedi Ishin shajyp ashyktyru үshin tyrna zhiliginen zhasalgan tүtikten bir eki ret kyzyl shaj zhutkyzady Қajyru Қajyru kusty әr kezde әr tүrli bapta ustau үshin ogan beriletin zhemine bajlanysty Қusbegi kolyndagy bүrkitin kajyryp kalagan bir babyna keltiru үshin birneshe zhem tүrleri beriledi Қansokta olgen annyn nemese maldyn turalmagan kany sorgalagan kesek eti Қyzyl kustyn kylgyp kakshuyna ontajlanyp turalgan kyzyl et Munyn da kan soli ozinde bolady Tartpa maldyn nemese annyn zhelkesi tolarsagy shandary siyakty kunarly az sinirli zherleri Sarbortpe turalgan son suga eki үsh ret shajyp sygyp birshama kan solinen aryltkan et Akzhem majdalap turap suga salyp kojyp әbden sygymdap bar manyzynan ajyrgan et Toyat kus ozi algan annyn etin zhulyp zheui Үrgen okpe nemese boz okpe sojylgan maldyn nemese annyn okpesine pyshak tigizbej kenirdegimen kosa alyp үrip koyady Sonda okpe manyzynan ajrylyp kusty belgili kүjge tүsiretin zhem bolyp shygady Қus baptauga kazhetti mүlikterTolyk makalasy Sayatshylyk kezinde kazhetti kural zhabdyktarTolyk makalasy BүrkitBaptagan kyrandardy synauTolyk makalasy SalburynҚazakstandagy kusbegilikҚusbegilik oner songy 10 15 zhyldyn ishinde Қazakstanda kajta zhandana bastady 1998 zhyldan bastap kusbegilerdin basyn kosyp baptagan kyrandaryn synga salatyn Salburyn merekesi dәstүrli tүrde zhyl sajyn otkizilip keledi Қaragandy memlekettik universitetinin zhanynan arnajy kusbegiler mektebi ashyldy Almaty oblysy Enbekshikazak audanyna karasty Nura auylyndagy Zhalajyr Shora atyndagy kusbegiler mektebi zhanynan Respublikalyk kusbegiler murazhajy ashylgan Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 Shanyrak Bas redaktor R N Nurgaliev Almaty 1991 ISBN 5 89800 035 6 1 j z d Derekkozder