Ит жүгірту – аңшылық және саятшылықта арнайы баулыған иттерді аңға қосу.
Ит қосу - өнер
Ит қосу аң аулаудың байырғы әдісі, әрі ертеден келе жатқан өнер ретінде белгілі. Қазақ даласында ит жүгіртумен көбiнесе салдар мен серiлер, ауқатты, дәулетті адамдар айналысты. Сонымен қатар оны кәсiп, күнкөрiс арқауы еткендер де болған.
Адам аңшылықта иттің иісшілдігін, жүйріктігін, күшін, аңшылығын пайдаланады. Иттерді аңға өзіндік ерекшеліктеріне байланысты баулиды. Қазақта аңға өте шапшаң, әрі ұшқырлығына байланысты көбінесе тазы иттер үйретілген. Аңға баулыған тазы иттердің иіс сезгіштігі сезімтал, құлағы сақ және ұшқыр жүйрік болып қалыптасады. Тазыны күшік кезінен таңдап алып, ұсақ аңдарға салып ауыздандырып, із кесуге баулыған. Бүркіт баулығандай оны да әртүрлі әрекеттерге машықтандырады. Алдымен бұйрыққа бойсұнатын етіп жаттықтыру, «жат, тұр, отыр, кір, шық, жүгір ұста, алып кел, әкет, кейін тұр, таста, есікті аш, жап, қақшы, әне! міне!» деген сөздерді ұғынуға және соған орай әрекеттенуге тәрбиелейді.
Үйрету әдістері мен тәсілдері
Тазыға жасынан шикі тамақ бермей, тек пісірген тағамдар береді. Піскен тамаққа үйренген ит ұстаған аңды өлтіргеннен кейін жемей тастап қояды, тіміскілеп, жаман-жұтық нәрселерді жемей, таза болып үйренеді. Иіс сезгіштігі де артады. Итті кез келген адам емес, тек бір адам ғана баулиды. Жаңа туған күшік көзін ашып, бауы-рын көтергеннен кейін көрінген нәрсені ұстап, домалатып ойнағыш келеді. Сол бастан алдына тышқан, сарышұнақ өлтіріп, тастап қойса, ырылдап талауға үйренеді. Өскен соң алдымен жетекке баулып, айтаққа дағдыланады. Жетекке үйренген иттер тартынбай, не озып кетпей, қатарласып жүріп отырады. Кейін бірте-бірте тірі нәрсені ұстауға үйретеді. Итті бау аштырып үйреткенде тірі қоянның аяғын байлап, айтақтап ұстатады. Осыдан кейін итті дәл осы тәсілмен түлкіге салады. Алғашқы бауашуы сәтті болған ит келесіде тайсалмай тап береді. Ит түлкі ұстап үйренген соң аңшыға көп жеңілдік туады.
Түлкі ұстауға дағдыланған итті көрінген аңды қуалатпай, тек түлкіге ғана салған. Үйретуі келіспесе тазы ит жыртқышқа айналып қой-қозыларға дейін тамақтап кетеді. Иттің бөлек мінезін дер кезінде байқап, тектеп отыру керек.
Аңға шыққанда тазы аң iзiн шалып, үркiтiп бередi. Әбден төселген кәнігі ит түлкіні қара жерді басып кеткен ізінің иісінен біліп, қуып жүріп ұстап алады. Ит түлкіні өлтірген соң, аңшыны тосып отырады. Иесі өте ұзап кеткен жағдайда алдынан қайта шығып, ұстаған түлкісіне бастап барады. Түлкі өлтіріп үйренген ит қасқырға да шабуылдайды. Иесі иттердi қасқырға жібергеннен кейін оның артынан қиқулып, дем берiп отырады. Азулы тазылар қасқырды қуып жетіп, оны аңшының өзі немесе өзге иттер келгенше бөгеп тұрады. Тазы ит екеулегенде ғана қасқырға күші жетеді.
Баптау, қорғау
Жүгіретін итті де бәйге атындай баптайды. Өйткені ит семірсе жүгіре алмайды, арықтаса әлсіреп шаршағыш болып, аңға зауқы соқпайды. Иттің бабын қабырғасын сипап, санын тұтамдап ұстап біледі. Шабыттанып ширығуына да қарайды. Тамақты нәрлі-нәрсізіне қарай өлшеммен беру керек. Иттің қоясы түспесе бабына келмейді. Егер екі-үш күнге дейін ит қоясын тастамаса, жұмыртқадай ешкі майына адамның шашын қатырып жұтқызады. Сонда, қоясы тез түседі.
Үнемі жүгірткен ит табаны тозып, алдыңғы тұяқтары мұқалып тасырқайды. Ондай кезде иттің аяқтарына жұмсақ былғарыдан, бақайларын қыспайтын, қолқылдамайтын етіп дөңгелек бас, шолақ қоныш етік кигізіледі. Ит етікпен жүгіргенге де үйреніп алады. Бауы шешіліп кетсе, тоқтай қалып, аттан түсіп, бауын байлап бергенше тосып тұрады.
Иттің табанын қорғаудың ендігі бір әдісі – самырсынның жабыспақ шайырын сәл қыздырып, табанына жағып, онан соң құмға бастырып, бірнеше рет қайталап қабыршақ жасайды. Бұл бір күн жүгіргенге жарайды.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “Слон”, 2012. – (иллюстрацияланған) ISBN 978-601-7026-17-22-том: Е – И – 736 бет.ISBN 978-601-7026-20-2
Әдебиеттер
- Полферов Я.Я. Охота в Тургайской области. Оренбург, 1896;
- Слудский А.А. Азиятская борзая таза и охота с ней. Алматы, 1939;
- Қанарбаева Б. Қазақтың наным-сенімдері. Алматы: Қағанат-ҚС, 1999;
- Хинаятұлы Б. Қазақтардың төрт түлікке байланысты ырым, жосын-жоралғы, әдет-ғұрыптары. Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері: өткендегісі мен бүгіні. Алматы: Ғылым, 2001. 173-190-бб.;
- ҚР МОМ – материалдарынан;
- ОМЭЭ – материалдарынан.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
It zhүgirtu anshylyk zhәne sayatshylykta arnajy baulygan itterdi anga kosu It zhүgirtu Suretshi K Ya Baranov Қazak ertegileri 1 tom Almaty Қazmemkorkemәdebbas 1957 atty kitaptan It kosu onerIt kosu an aulaudyn bajyrgy әdisi әri erteden kele zhatkan oner retinde belgili Қazak dalasynda it zhүgirtumen kobinese saldar men seriler aukatty dәuletti adamdar ajnalysty Sonymen katar ony kәsip kүnkoris arkauy etkender de bolgan Adam anshylykta ittin iisshildigin zhүjriktigin kүshin anshylygyn pajdalanady Itterdi anga ozindik erekshelikterine bajlanysty baulidy Қazakta anga ote shapshan әri ushkyrlygyna bajlanysty kobinese tazy itter үjretilgen Anga baulygan tazy itterdin iis sezgishtigi sezimtal kulagy sak zhәne ushkyr zhүjrik bolyp kalyptasady Tazyny kүshik kezinen tandap alyp usak andarga salyp auyzdandyryp iz kesuge baulygan Bүrkit baulygandaj ony da әrtүrli әreketterge mashyktandyrady Aldymen bujrykka bojsunatyn etip zhattyktyru zhat tur otyr kir shyk zhүgir usta alyp kel әket kejin tur tasta esikti ash zhap kakshy әne mine degen sozderdi ugynuga zhәne sogan oraj әrekettenuge tәrbielejdi Үjretu әdisteri men tәsilderiTazyga zhasynan shiki tamak bermej tek pisirgen tagamdar beredi Pisken tamakka үjrengen it ustagan andy oltirgennen kejin zhemej tastap koyady timiskilep zhaman zhutyk nәrselerdi zhemej taza bolyp үjrenedi Iis sezgishtigi de artady Itti kez kelgen adam emes tek bir adam gana baulidy Zhana tugan kүshik kozin ashyp bauy ryn kotergennen kejin koringen nәrseni ustap domalatyp ojnagysh keledi Sol bastan aldyna tyshkan saryshunak oltirip tastap kojsa yryldap talauga үjrenedi Өsken son aldymen zhetekke baulyp ajtakka dagdylanady Zhetekke үjrengen itter tartynbaj ne ozyp ketpej katarlasyp zhүrip otyrady Kejin birte birte tiri nәrseni ustauga үjretedi Itti bau ashtyryp үjretkende tiri koyannyn ayagyn bajlap ajtaktap ustatady Osydan kejin itti dәl osy tәsilmen tүlkige salady Algashky bauashuy sәtti bolgan it keleside tajsalmaj tap beredi It tүlki ustap үjrengen son anshyga kop zhenildik tuady Tүlki ustauga dagdylangan itti koringen andy kualatpaj tek tүlkige gana salgan Үjretui kelispese tazy it zhyrtkyshka ajnalyp koj kozylarga dejin tamaktap ketedi Ittin bolek minezin der kezinde bajkap tektep otyru kerek Anga shykkanda tazy an izin shalyp үrkitip beredi Әbden toselgen kәnigi it tүlkini kara zherdi basyp ketken izinin iisinen bilip kuyp zhүrip ustap alady It tүlkini oltirgen son anshyny tosyp otyrady Iesi ote uzap ketken zhagdajda aldynan kajta shygyp ustagan tүlkisine bastap barady Tүlki oltirip үjrengen it kaskyrga da shabuyldajdy Iesi itterdi kaskyrga zhibergennen kejin onyn artynan kikulyp dem berip otyrady Azuly tazylar kaskyrdy kuyp zhetip ony anshynyn ozi nemese ozge itter kelgenshe bogep turady Tazy it ekeulegende gana kaskyrga kүshi zhetedi Baptau korgauZhүgiretin itti de bәjge atyndaj baptajdy Өjtkeni it semirse zhүgire almajdy aryktasa әlsirep sharshagysh bolyp anga zauky sokpajdy Ittin babyn kabyrgasyn sipap sanyn tutamdap ustap biledi Shabyttanyp shiryguyna da karajdy Tamakty nәrli nәrsizine karaj olshemmen beru kerek Ittin koyasy tүspese babyna kelmejdi Eger eki үsh kүnge dejin it koyasyn tastamasa zhumyrtkadaj eshki majyna adamnyn shashyn katyryp zhutkyzady Sonda koyasy tez tүsedi Үnemi zhүgirtken it tabany tozyp aldyngy tuyaktary mukalyp tasyrkajdy Ondaj kezde ittin ayaktaryna zhumsak bylgarydan bakajlaryn kyspajtyn kolkyldamajtyn etip dongelek bas sholak konysh etik kigiziledi It etikpen zhүgirgenge de үjrenip alady Bauy sheshilip ketse toktaj kalyp attan tүsip bauyn bajlap bergenshe tosyp turady Ittin tabanyn korgaudyn endigi bir әdisi samyrsynnyn zhabyspak shajyryn sәl kyzdyryp tabanyna zhagyp onan son kumga bastyryp birneshe ret kajtalap kabyrshak zhasajdy Bul bir kүn zhүgirgenge zharajdy DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK Slon 2012 illyustraciyalangan ISBN 978 601 7026 17 22 tom E I 736 bet ISBN 978 601 7026 20 2ӘdebietterPolferov Ya Ya Ohota v Turgajskoj oblasti Orenburg 1896 Sludskij A A Aziyatskaya borzaya taza i ohota s nej Almaty 1939 Қanarbaeva B Қazaktyn nanym senimderi Almaty Қaganat ҚS 1999 Hinayatuly B Қazaktardyn tort tүlikke bajlanysty yrym zhosyn zhoralgy әdet guryptary Қazaktyn әdet guryptary men salt dәstүrleri otkendegisi men bүgini Almaty Ғylym 2001 173 190 bb ҚR MOM materialdarynan OMEE materialdarynan