Қоя – құс бөтегесінде жеген жемінен, шөбінен қорытылмай қалып қоятын жүн-жұрқа, қыл-қыбыр сияқты қалдықтарын түсіруге күлден, ағаштан, шөптен, киізден т.б. жасалған зат.
Қояны түсіру барысы
Жыртқыш аң мен жыртқыш құстар өз қорегін қыл-қыбырымен қылғи салады да, содан ішке дерт байланады. Іште жиналған осы ласты хайуанаттар табиғи емделу жолымен алды-артының бірінен өздері сыртқа шығарып тастайды. Соны қазақ тілінде қояба тастау деп атайды да, тасталған заттың өзін де қоя дейді. Егер аушы құстың бөтегесінде қоябасы қалып қойса құс ауруға шалдығып, күйі бұзылады. Сондықтан кәнігі құсбегілер күйі бұзылған құсына қоябасын түсіру үшін қоя деп аталатын зат салады, оны қоя салу деп атайды. Оның ұзындығы төрт елідей, жуандығы екі елі шамасында болады. Құсты аңғы салу үшін оның күйіне көңіл бөлу қажет етіледі. Ол үшін алдын-ала құстың арық-семіз екендігі қадағаланады, ішін тазартып отырады. Ішін қолдан тазартып отырудың бір мәні аушы құстар өзге құстар секілді емін-еркін жүрмегендіктен ішіндегі қоябасын шығара алмай қиналады. Еркіндікте жүрген кейбір бүркіттер жаз түлеген уақытында тышқанды бүтіндей жұтатын көрінеді. Демек, бұл табиғи түрде ішіндегі қоябасын түсірудің бір жолы болу керек. Құсқа қоя салғанде тек біреуі ғана салынады. Кешқұрым берілген қояны құс ертеңінде өзі құсып түсіреді. Егер құстың күйі жақсы болса салған қоя ертерек, ал арықтау болса кештеу түседі. Осылайша құсқа қоя салынып ішіндегі қоябасы түскенен кейін ғана барып аушы құс аңға салынады.
Қоя түрлері
Қояның күл қоя, ағаш қоя, шөп қоя, киіз қоя, мұз қоя сияқты бірнеше түрі болады.
- Күлқоя, сүйекқоя. Бұл жылқы жамбас сүйегі мен бұғының қу мүйізінен дайындалады. Ол үшін оны өртеп күлін шүберекке түйіп дайындайды. Құсқа берерде қояны сулап сүйір жағын құс аузына қарата, еппен қолмен сырғытып, бөтегесіне түсіріп, артынан жем беріледі;
- Ағашқоя, талқоя. Мұндай қояны жас талдың қабығын аршып, жұмыр етіп жонып, бір басын ойыстау, ал екінші басын сүйір етіп, сыртын шүберек қалтамен қаптап жасайды. Шүберек сыртын сулап, құсқа еппен жұтқызып, артынан жем жегізеді;
- Шөпқоя. Ол жұмсақ қу шөппен қамыстың үлдірігінен жіпке буылып жасалады;
- Киізқоя. Киізден жұмыр етіліп тігіліп жасалады. Құсқа берілген киіз қоя түскенен кейін түсі алдыңғысынша түссе ішінің тазарғандығының белгісі болып саналады. Ал сарғайып немесе көгеріңкі болып кетсе әлі де құс ішінің тазармағандығының белгісі;
- Мұзқоя. Мұзды сүйірлеп жасайды. Сондай-ақ, осыған ұқсас қатты сығылған қарды да береді. Ол томыртқа деп аталады. Бұлар құс денесі қызған шақта жасалатын шаралар.
- Құстың жемге бөгіп қалған кезінде қолданылатын зерде деп аталатын шара түрі бар. Оны түйе шудасының арасына тұз орап дайындайды. Бұл шара құстың аңға ұшпай қалған кезінде табан астында орындалады. Осылайша құстың ішін тазартып аңға салады.
- Мүсәтір ішкізу. Мүсәтірді белгілі мөлшерде суға салады да, ерітіндісін түтік арқылы құс аузына құяды. Ол құсты дереу құстырады, ішін айдайды.
Қояның қай-қайсысы болмасын семіріп, айнымалы болған құстың ішіндегі майды бойынан сорып, сондай-ақ, қызуының басылуына, ішінің тазаланып, шабыт күйіне келуіне өз әсерін тигізеді. Құс салынған қояны түсірерде иықтарын қомдап, мойнын жиі-жиі алдыға созып, қопаңдай береді. Мұндай кезде құс басындағы томағаны сыпырып тастаған жөн. Өйткені ол да қояның түсуіне кедергі келтіреді.
Жалпы алғанда, бүркіт ішін тазалаудың түрі аз емес. Бірақ мұның қай-қайсысы да құстың кінәраты мен күйіне қарай салынады. Қоя салар кезде аса абай болған жөн. Құсқа қояны білгір сыншылар мен құсбегілер ғана бере алады.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Бабалықұлы Ж., Тұрдыбаев А. Қырандар. Алматы: Қайнар, 1983;
- Бабалықұлы Ж. Мал ауруларының қазақша атаулары. Алматы: Қайнар, 1986;
- Мұқанов С. Қазақ қауымы. Алматы: Ана тілі, 1995;
- Кәмәлашұлы Б. Қазақтың дәстүрлі құсбегілігі және атбегілігі. Алматы: Өнер, 2006;
- ҚӘТС. Алматы; Арыс, 2009;
- ҚР МОМ – материалдарынан;
- ОМЭЭ – материалдарынан.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қoya kus botegesinde zhegen zheminen shobinen korytylmaj kalyp koyatyn zhүn zhurka kyl kybyr siyakty kaldyktaryn tүsiruge kүlden agashtan shopten kiizden t b zhasalgan zat Қoyany tүsiru barysyZhyrtkysh an men zhyrtkysh kustar oz koregin kyl kybyrymen kylgi salady da sodan ishke dert bajlanady Ishte zhinalgan osy lasty hajuanattar tabigi emdelu zholymen aldy artynyn birinen ozderi syrtka shygaryp tastajdy Sony kazak tilinde koyaba tastau dep atajdy da tastalgan zattyn ozin de koya dejdi Eger aushy kustyn botegesinde koyabasy kalyp kojsa kus auruga shaldygyp kүji buzylady Sondyktan kәnigi kusbegiler kүji buzylgan kusyna koyabasyn tүsiru үshin koya dep atalatyn zat salady ony koya salu dep atajdy Onyn uzyndygy tort elidej zhuandygy eki eli shamasynda bolady Қusty angy salu үshin onyn kүjine konil bolu kazhet etiledi Ol үshin aldyn ala kustyn aryk semiz ekendigi kadagalanady ishin tazartyp otyrady Ishin koldan tazartyp otyrudyn bir mәni aushy kustar ozge kustar sekildi emin erkin zhүrmegendikten ishindegi koyabasyn shygara almaj kinalady Erkindikte zhүrgen kejbir bүrkitter zhaz tүlegen uakytynda tyshkandy bүtindej zhutatyn korinedi Demek bul tabigi tүrde ishindegi koyabasyn tүsirudin bir zholy bolu kerek Қuska koya salgande tek bireui gana salynady Keshkurym berilgen koyany kus erteninde ozi kusyp tүsiredi Eger kustyn kүji zhaksy bolsa salgan koya erterek al aryktau bolsa keshteu tүsedi Osylajsha kuska koya salynyp ishindegi koyabasy tүskenen kejin gana baryp aushy kus anga salynady Қoya tүrleriҚoyanyn kүl koya agash koya shop koya kiiz koya muz koya siyakty birneshe tүri bolady Kүlkoya sүjekkoya Bul zhylky zhambas sүjegi men bugynyn ku mүjizinen dajyndalady Ol үshin ony ortep kүlin shүberekke tүjip dajyndajdy Қuska bererde koyany sulap sүjir zhagyn kus auzyna karata eppen kolmen syrgytyp botegesine tүsirip artynan zhem beriledi Agashkoya talkoya Mundaj koyany zhas taldyn kabygyn arshyp zhumyr etip zhonyp bir basyn ojystau al ekinshi basyn sүjir etip syrtyn shүberek kaltamen kaptap zhasajdy Shүberek syrtyn sulap kuska eppen zhutkyzyp artynan zhem zhegizedi Shopkoya Ol zhumsak ku shoppen kamystyn үldiriginen zhipke buylyp zhasalady Kiizkoya Kiizden zhumyr etilip tigilip zhasalady Қuska berilgen kiiz koya tүskenen kejin tүsi aldyngysynsha tүsse ishinin tazargandygynyn belgisi bolyp sanalady Al sargajyp nemese kogerinki bolyp ketse әli de kus ishinin tazarmagandygynyn belgisi Muzkoya Muzdy sүjirlep zhasajdy Sondaj ak osygan uksas katty sygylgan kardy da beredi Ol tomyrtka dep atalady Bular kus denesi kyzgan shakta zhasalatyn sharalar Қustyn zhemge bogip kalgan kezinde koldanylatyn zerde dep atalatyn shara tүri bar Ony tүje shudasynyn arasyna tuz orap dajyndajdy Bul shara kustyn anga ushpaj kalgan kezinde taban astynda oryndalady Osylajsha kustyn ishin tazartyp anga salady Mүsәtir ishkizu Mүsәtirdi belgili molsherde suga salady da eritindisin tүtik arkyly kus auzyna kuyady Ol kusty dereu kustyrady ishin ajdajdy Қoyanyn kaj kajsysy bolmasyn semirip ajnymaly bolgan kustyn ishindegi majdy bojynan soryp sondaj ak kyzuynyn basyluyna ishinin tazalanyp shabyt kүjine keluine oz әserin tigizedi Қus salyngan koyany tүsirerde iyktaryn komdap mojnyn zhii zhii aldyga sozyp kopandaj beredi Mundaj kezde kus basyndagy tomagany sypyryp tastagan zhon Өjtkeni ol da koyanyn tүsuine kedergi keltiredi Zhalpy alganda bүrkit ishin tazalaudyn tүri az emes Birak munyn kaj kajsysy da kustyn kinәraty men kүjine karaj salynady Қoya salar kezde asa abaj bolgan zhon Қuska koyany bilgir synshylar men kusbegiler gana bere alady DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterBabalykuly Zh Turdybaev A Қyrandar Almaty Қajnar 1983 Babalykuly Zh Mal aurularynyn kazaksha ataulary Almaty Қajnar 1986 Mukanov S Қazak kauymy Almaty Ana tili 1995 Kәmәlashuly B Қazaktyn dәstүrli kusbegiligi zhәne atbegiligi Almaty Өner 2006 ҚӘTS Almaty Arys 2009 ҚR MOM materialdarynan OMEE materialdarynan