Іле — Балқаш көлі алабындағы өзен және Жетісудағы ең ірі өзен болып табылады. Жалпы ұзындығы 1439 км болатын өзен бастауын Қытайдан алады.
Іле өзені | |
---|---|
Іле өзені | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 1439 км |
Су алабының ауданы | 140 мың км² |
Су алабы | Балқаш көлі |
Бастауы | Тянь-Шань таулары |
• Орналасқан жері | Текес пен Күнес және Қас өзендерінің қосылысы |
• Биіктігі | 750 м |
• Координаттары | 43°35′00″ с. е. 82°30′00″ ш. б. / 43.58333° с. е. 82.50000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Балқаш көлі |
• Биіктігі | 340 м |
• Координаттары | 45°24′00″ с. е. 74°08′00″ ш. б. / 45.40000° с. е. 74.13333° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°24′00″ с. е. 74°08′00″ ш. б. / 45.40000° с. е. 74.13333° ш. б. (G) (O) (Я) |
Еңістігі | 3,7 – 4,5 м/км |
Орналасуы | |
Балқаш және Алматы облысы | |
Ел | Қазақстан Қытай |
Аймақ | Алматы облысы, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы |
Ортаққор: Іле өзені |
Географиялық орны
Қазақстанның Алматы облысында және Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы жерімен ағады.
Бастауы
Орталық Тянь-Шань (Тәңіртау) тауларынан бастау алатын Текес пен Күнес және Қас өзендерінің қосылуынан пайда болып, Балқаш көліне құяды. Іле – болжап болмайтын өзен, өйткені судағы қалқыма лайдың бөлшектері шөккен, кішігірім аралдары бар бірқатар тармақтар түзе отырып, үнемі арнасын өзгертеді.
Гидрологиясы
Ұзындығы 1001 км (Текес саласымен 1439 км), Қазақстан аумағында 815 км. Су жиналатын алабы 140000 км2, Қазақстан аумағында 77400 км2. Жоғарғы бөлігі таулық сипатта. Оң саласы Қас өзені құйғаннан кейін аңғары кеңейеді. Қапшағай қаласына дейін Іле жағасы аласа, кең аңғармен ағады, жайылмаларының кей жерлері батпақтанады. Қапшағай шатқалы тұсында өзен арнасы бөгеліп, Қапшағай бөгені салынған. Төменіректе Күрті өзені құйғаннан кейін аңғары едәуір кеңейіп, Сарыесікатырау және Тауқұм аралығымен ағады. Сағасынан 340 км жерде Іле салаланып, үлкен атырау құрайды. Оның ұзындығы 130 км, енді жері 100 км-ге дейін, ауданы 9000 км2. Іле өзені мұздық, жауын-шашын, жер асты суларымен толығады.
Су ресурстарының шамамен 30%-ы Қазақстан, 70%-ы Қытай аумағында қалыптасады. Көп жылдық орташа ағымы Қайырған бекетінде (шекара тұсында) жылына 12,35 км3, Балқашқа құятыны 11,85 км3. Суының минералдығы 286 мг/л-ден 877 мг/л-ге дейін (шекара маңында) өзгереді, атырау басында (Үшжарма) – 320 – 345 мг/л.
Өзенде балықшылардың балық аулаудағы ең танымал түрі - судағы ірі жыртқыш мысықтарды аулау, ұзындығы 5 метр және салмағы 300 келі. Іле өзенінде 50-100 кг-ға дейінгі кішігірім мысықбалықтар ұсталады. Жазда жауын-шашын мөлшері 150-250 текше метрге жетеді. Іле өзені Қазақстанда судың мөлшері бойынша Ертіс пен Жайық өзендерінен кейін үшінші орында.
Шаруашылықтағы маңызы
Іленің және оның салаларының суы негізінен суармалы егіншілікке (3,7 – 4,5 км3/жыл), өнеркәсіптік-коммуналдық қажеттіліктерге (200 – 500 млн. м3/жыл), гидроэнергетикаға пайдаланылады. Балыққа бай, атырауында ондатра ауланады. Құлжа қаласынан төмен (Қытайда) кеме жүзеді. Қазақстан аумағында Бақанас ауылына дейін тұрақты кеме қатынасы бар. Арнасы көп жерінде қамысты, тоғайлы.
Жетісу өзендерінің бірі болып саналанады. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасы орналасқан.
Салалар
Ірі салалары:Қас, Түрген, Талғар, Қаскелең, Күрті, Шілік, Шарын, Үсек (Өсек), Қорғас. Балқаш ауданында өзеннен Шетбақанас, Ортабақанас, Нарынбақанас атты ежелгі құрғақ арналары тарамданады.
Елді мекендер
Өзен бойында Қапшағай, Бақанас, Құлжа, Бақбақты елді мекендері орналасқан
Суреттері
- Іле ағыны
- Буддисттік жартастағы жазулары
- Іле
- Кешкі Іле
Дереккөздер
- https://ilovealmaty.kz/priroda/reka-ili.html
- Қазақ энциклопедиясы, 9 том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ile Balkash koli alabyndagy ozen zhәne Zhetisudagy en iri ozen bolyp tabylady Zhalpy uzyndygy 1439 km bolatyn ozen bastauyn Қytajdan alady Ile ozeniIle ozeniSipattamasyҰzyndygy 1439 kmSu alabynyn audany 140 myn km Su alaby Balkash koliBastauy Tyan Shan taulary Ornalaskan zheri Tekes pen Kүnes zhәne Қas ozenderinin kosylysy Biiktigi 750 m Koordinattary 43 35 00 s e 82 30 00 sh b 43 58333 s e 82 50000 sh b 43 58333 82 50000 G O Ya T Sagasy Balkash koli Biiktigi 340 m Koordinattary 45 24 00 s e 74 08 00 sh b 45 40000 s e 74 13333 sh b 45 40000 74 13333 G O Ya Koordinattar 45 24 00 s e 74 08 00 sh b 45 40000 s e 74 13333 sh b 45 40000 74 13333 G O Ya T Enistigi 3 7 4 5 m kmOrnalasuyBalkash zhәne Almaty oblysyEl Қazakstan ҚytajAjmak Almaty oblysy Shynzhan Ұjgyr avtonomiyalyk audanyOrtakkor Ile ozeni Baska magynalar үshin Ile ajryk degen betti karanyz Geografiyalyk ornyҚazakstannyn Almaty oblysynda zhәne Қytajdyn Shynzhan Ұjgyr avtonomiyalyk audany zherimen agady BastauyOrtalyk Tyan Shan Tәnirtau taularynan bastau alatyn Tekes pen Kүnes zhәne Қas ozenderinin kosyluynan pajda bolyp Balkash koline kuyady Ile bolzhap bolmajtyn ozen ojtkeni sudagy kalkyma lajdyn bolshekteri shokken kishigirim araldary bar birkatar tarmaktar tүze otyryp үnemi arnasyn ozgertedi GidrologiyasyҰzyndygy 1001 km Tekes salasymen 1439 km Қazakstan aumagynda 815 km Su zhinalatyn alaby 140000 km2 Қazakstan aumagynda 77400 km2 Zhogargy boligi taulyk sipatta On salasy Қas ozeni kujgannan kejin angary kenejedi Қapshagaj kalasyna dejin Ile zhagasy alasa ken angarmen agady zhajylmalarynyn kej zherleri batpaktanady Қapshagaj shatkaly tusynda ozen arnasy bogelip Қapshagaj bogeni salyngan Tomenirekte Kүrti ozeni kujgannan kejin angary edәuir kenejip Saryesikatyrau zhәne Taukum aralygymen agady Sagasynan 340 km zherde Ile salalanyp үlken atyrau kurajdy Onyn uzyndygy 130 km endi zheri 100 km ge dejin audany 9000 km2 Ile ozeni muzdyk zhauyn shashyn zher asty sularymen tolygady Su resurstarynyn shamamen 30 y Қazakstan 70 y Қytaj aumagynda kalyptasady Kop zhyldyk ortasha agymy Қajyrgan beketinde shekara tusynda zhylyna 12 35 km3 Balkashka kuyatyny 11 85 km3 Suynyn mineraldygy 286 mg l den 877 mg l ge dejin shekara manynda ozgeredi atyrau basynda Үshzharma 320 345 mg l Өzende balykshylardyn balyk aulaudagy en tanymal tүri sudagy iri zhyrtkysh mysyktardy aulau uzyndygy 5 metr zhәne salmagy 300 keli Ile ozeninde 50 100 kg ga dejingi kishigirim mysykbalyktar ustalady Zhazda zhauyn shashyn molsheri 150 250 tekshe metrge zhetedi Ile ozeni Қazakstanda sudyn molsheri bojynsha Ertis pen Zhajyk ozenderinen kejin үshinshi orynda Sharuashylyktagy manyzyIlenin zhәne onyn salalarynyn suy negizinen suarmaly eginshilikke 3 7 4 5 km3 zhyl onerkәsiptik kommunaldyk kazhettilikterge 200 500 mln m3 zhyl gidroenergetikaga pajdalanylady Balykka baj atyrauynda ondatra aulanady Қulzha kalasynan tomen Қytajda keme zhүzedi Қazakstan aumagynda Bakanas auylyna dejin turakty keme katynasy bar Arnasy kop zherinde kamysty togajly Zhetisu ozenderinin biri bolyp sanalanady Ile ozeninde Қapshagaj su kojmasy ornalaskan SalalarIri salalary Қas Tүrgen Talgar Қaskelen Kүrti Shilik Sharyn Үsek Өsek Қorgas Balkash audanynda ozennen Shetbakanas Ortabakanas Narynbakanas atty ezhelgi kurgak arnalary taramdanady Eldi mekenderӨzen bojynda Қapshagaj Bakanas Қulzha Bakbakty eldi mekenderi ornalaskanSuretteriIle agyny Buddisttik zhartastagy zhazulary Ile Keshki IleDerekkozderhttps ilovealmaty kz priroda reka ili html Қazak enciklopediyasy 9 tom