Ақтұйғын - қаршыға тұқымдастарына жататын жыртқыш құстардың ішіндегі ең қыран құс. Негізігі аты - тұйғын, қазақ құсбегілері түсінің аппақ болып бітуіне орай көбінесе - "ақтұйғын" деп атайды. Оның жоны ақ, дене бітімі жұп-жұмыр болып келеді. Қазақстанның шөлейт өлкелерінен басқа өңірлерде сирек те болса кездеседі.
Сипаты
Тұйғынның қаршығадан түр-түсінің өзгешелігі болмаса, қанат құйрығының жаратылысы мен сүйек бітімінде айырмашылық шамалы. Алайда, қазақ құсбегілерінің арасында қаршығадан гөрі тұйғын көбірек қадірленеді. Ол қаршығаға қарағанда шалымды келеді. Егер қаршыға мен тұйғынды құсқа қатар жіберсе, қаршыға жер ортаға жеткенше тұйғын нысана еткен құсын бір түйіп үлгереді. Тағы бір ерекшелігі сырт тұлғасы дөңгелектеу және қаршығадан кішілеу, сүйкімділеу болды. Ұясын биік жарқабақтарға, жақпар тас кемерлеріне, ағаш басына салады. Кейде әлі жететін құстардың ұясын да пайдаланады. Көп ретте үш жұмыртқа салып, 28-30 күн дегенде басып шығарады. Салмағы 500-1090 грамм шамасында.
Жақсы бап көрген тұйғын үйрек, қаз сияқты құстардан бастап, қарсақ, түлкі, қоян сияқты аңдарды да алады.
Түрлері
Құсбегілер тұйғынды сырт бітіміне орай, түр-түсіне қарай өз ішінде саралап, үш түрге бөліп атайды:
- тұйғынның сырт жүні мұнтаздай таза, күмістей ақ болса, оны "ақтұнжыр" деп атайды;
- тұйғынның жоны болмашы қоңырайып, сұрғылт тартып тұратын болады. Оны сонысы үшін "кір тұйғын" дейді;
- жонынан бастап бой жүніне дейін сұрғылт түс дендеген жоны қоңыр көкшіл тартқан тұйғынды "құл тұйғын" дейді.
Осылайша үш түрге бөліп атағанымен, бұл үшеуінің де сыртқы түсінің айырмашылығы болмаса, қырандық қарымында, сүйек бітімінде де, мінезінде де айырмашылық болмайды. Тұйғын қазақ даласында сирек кездескендікте бұл үш түрінің қайсысы қолға түссе қадірі қаршығадан кем түсепеген.
Дереккөздер
- Шаңырақ. Алматы - 1991. ISBN 5-89800-035-6 (1-й з-д)
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Aktujgyn karshyga tukymdastaryna zhatatyn zhyrtkysh kustardyn ishindegi en kyran kus Negizigi aty tujgyn kazak kusbegileri tүsinin appak bolyp bituine oraj kobinese aktujgyn dep atajdy Onyn zhony ak dene bitimi zhup zhumyr bolyp keledi Қazakstannyn sholejt olkelerinen baska onirlerde sirek te bolsa kezdesedi SipatyTujgynnyn karshygadan tүr tүsinin ozgesheligi bolmasa kanat kujrygynyn zharatylysy men sүjek bitiminde ajyrmashylyk shamaly Alajda kazak kusbegilerinin arasynda karshygadan gori tujgyn kobirek kadirlenedi Ol karshygaga karaganda shalymdy keledi Eger karshyga men tujgyndy kuska katar zhiberse karshyga zher ortaga zhetkenshe tujgyn nysana etken kusyn bir tүjip үlgeredi Tagy bir ereksheligi syrt tulgasy dongelekteu zhәne karshygadan kishileu sүjkimdileu boldy Ұyasyn biik zharkabaktarga zhakpar tas kemerlerine agash basyna salady Kejde әli zhetetin kustardyn uyasyn da pajdalanady Kop rette үsh zhumyrtka salyp 28 30 kүn degende basyp shygarady Salmagy 500 1090 gramm shamasynda Zhaksy bap korgen tujgyn үjrek kaz siyakty kustardan bastap karsak tүlki koyan siyakty andardy da alady TүrleriҚusbegiler tujgyndy syrt bitimine oraj tүr tүsine karaj oz ishinde saralap үsh tүrge bolip atajdy tujgynnyn syrt zhүni muntazdaj taza kүmistej ak bolsa ony aktunzhyr dep atajdy tujgynnyn zhony bolmashy konyrajyp surgylt tartyp turatyn bolady Ony sonysy үshin kir tujgyn dejdi zhonynan bastap boj zhүnine dejin surgylt tүs dendegen zhony konyr kokshil tartkan tujgyndy kul tujgyn dejdi Osylajsha үsh tүrge bolip ataganymen bul үsheuinin de syrtky tүsinin ajyrmashylygy bolmasa kyrandyk karymynda sүjek bitiminde de minezinde de ajyrmashylyk bolmajdy Tujgyn kazak dalasynda sirek kezdeskendikte bul үsh tүrinin kajsysy kolga tүsse kadiri karshygadan kem tүsepegen DerekkozderShanyrak Almaty 1991 ISBN 5 89800 035 6 1 j z d Қazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2