Татарлар — түркі тілдес ұлт, Ресей Федерациясы құрамындағы Татарстан Республикасының байырғы тұрғындары. Татарлардың жалпы саны жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар оларды бөліп (Қазан Татарлары, Қырым Татарлары, Сібір Татарлары, Ноғайбақтар, т.б.) қарастырса, қалғандары оларды біртұтас ұлт санайды.
Татарлар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
6 421 500 адам | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Ресей | 5 319 877 (2010) |
Қазақстан | 250 000 (2015) |
Өзбекстан | 195 000 |
Украина | 73 304 |
Түрікменстан | 62 000 |
Қырғызстан | 31 491 (2009) |
Әзербайжан | 25 900 (2009) |
Түркия | 28 000 |
АҚШ | 11 000 |
Қытай | 7 900 |
Беларусь | 8 445 (2019) |
Тәжікстан | 6 495 (2010) |
Грузия | 3000 |
Тілдері | |
Діні | |
сүнни ислам, христиандық |
Дүние жүзіндегі Татарлардың жалпы саны 8 млн. шамасында, ал кейбір татар ғалымдарының пікірінше (Абрар Каримуллин және ) 15 млн-ға жуық. 2002-ші жылғы санақ бойынша Ресейде 5,6 млн, оның ішінде Татарстанда 1,9 млн-нан астам, Башқортостанда 1,2 млн татар тұрады. Бұған қоса татар диаспорасы Орталық Азияда (Қазақстан, Өзбекстан), Түркияда, Батыс Еуропа елдерінде, т.б. жерлерде тұрады.
Тілі
Татар тілі алтай тілдерінің түркі отбасының батыс ғұн тармағының қыпшақ тобының қыпшақ-бұлғар ішкі тобына кіреді; тілдердің жалғамалы (агглютинативті) түріне жатады. Татар тілі – Татарстан Республикасының мемлекеттік тілі (Тіл туралы заң 1992). 1927 жылға дейін араб графикасының негізінде кеңінен таралған татар тілінің жазуы латын графикалық негізіне, ал 1939 жылы орыс (кириллица) графикасына аударылды. Татар тілінде үш диалект бар: орта, батыс (мишар), шығыс (сібір татарларының диалектісі).
Діні
Діни белгілері жағынан негізінен сүннит мұсылмандар, сондай-ақ бұлардың арасында православиеліктер де, атеистер де, басқалар да бар.
Тарихы
Татар этнонимі Байкалдың оңт.-шығыс жағын мекендеген көшпелі түркі-моңғол тайпаларының арасында 5–9 ғасырларда белгілі болған. 13 ғасырда моңғол шапқыншылығы кезінде Татарлар Еуропаға еніп, 13–14 ғасырларда олардың шағын тобы Алтын Орда құрамындағы түркі халықтарына сіңіп кетті.
Татар халқының шығу, қалыптасу тарихына қатысты ғылыми зерттеу мынадай түрде шежiре тарқатады. III–IV ғасырда, ғұндар мен өзге де көпшелi тайпалардың Шығыс Еуропаға жасаған шапқыншылығы кезiнде, одан кейiн IV–VII ғасырда түрiк қағанаты шапқыншылығы кезiнде түркi тiлдес тайпалар легi Орал өңiрi мен Едiл бойына ағылып келе бастаған. VII–VIII ғасырда жағалауынан түркi тiлдес булгар тайпасы ауып келiп, олар Х ғасырда Волга - Кама Булгариясы аталған мемлекет құрыпты. Зерттеушiлер қазан татарлары өзiнiң антропологиялық, этнографиялық белгiлерiн ертедегi едiл бұлғарларынан еншiлеген дейдi. Едiл - Кама Булгариясының бiр кездегi дәуiрлеп өркендеген мәдениетi, егiншiлiк кәсiбi мен қолөнерi Едiл бойы, Орал өңiрi татарларының тұрмыс салтында, мәдениетiнде сақталған. Мұндағы түркi ұлыстары басқа тайпалармен бiрге 1223–1240 жылдары монғол-татарларға қарсы ерлiкпен шайқасқан. Алтын Ордадан бөлініп шығып, өз алдына отау тіккен Қазан хандығы (1445–1552) татарлардың алғашқы ұлттық мемлекеті еді. Бұл мемлекетте ұлт болып ұйысқан татар мәдениеті мен экономикасы, дәстүрі мен салты қарыштап дамыды. Алайда көршілес Ресейдің отаршылдық езгісіне түсті.
1582 жылы Көшiм хандығы құлатылғаннан кейiн, Ермак бастаған орыс шапқыншылығына төтеп бере алмай, аяусыз жазалауға, қуғын-сүргiнге ұшырап, көптеген татар Чулым бассейнiмен, Тобылға, Енисей өзенiне дейiн ығысты. патша әкiмдерiне қарсы әлденеше рет ашық көтерiлiске шықты. Қазан төңкерісінің қарсаңында Батыс Сiбiрдiң жергiлiктi халқының саны күрт азайып, қалың орыс арасында шашырай қоныстанып, мүлдем азшылыққа айналып кеттi. Қазан хандығы жойылғаннан кейiн экономикалық езгiнiң күшеюi, ұлттық-рухани қанау, дiни негiздегi қатаң қудалау, христиан дiнiн зорлықпен таңуға тырысу Едiл бойы мен Орал өңiрi татарын жаппай көшiп-қонуға мәжбүр еттi. Орталық ауданнан татарлардың шеткерi өңiрге ығысып, ондағы жергiлiктi түркiлермен мәдени-тұрмыстық жақындасуы, сауда-экономикалық тығыз байланысы бiртұтас татар ұлтының қалыптасуын тездетiп, оған өз ықпалын тигiздi.
Татар халқының тарихындағы ең ауыр қаралы күн - 1552 жылдың 30 тамызы. 1552 жылы 2 қазанда 150 мың әскер мен 150 зеңбірегі бар орыстар хандықты күйретті. Қазан қаласын алу кезіндегі басқыншылардың қаныпезерлігінің шектен шыққандығы соншалық, осы сұмдықты естіген, алыстағы Рим Папасының өзі діндестерін айыптап, «ешқандай адамгершілік қағидаға сай келмейді» деген екен. Орыс әскерінiң жойқын шапқыншылығы 2 қазанға дейiн созылды. Қаланы басып алған орыс әскері ондағы халықты қырып, Қазан хандығы осылайша Ресей басқыншыларының отарына айналды.
1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін қалыптасқан саяси ахуал жағдайында Татарстан жерінде ұлттық-мәдени автономия құруға қадам жасалып, бұл құрылымның Миллет меджлиси (Ұлттық жиналыс) атты парламенті мен Милли идаре (Ұлттық басқарма) деген жоғары атқару органы құрылды. Алайда ұлттық-мәдени автономияның аяғынан нық тұруына кеңес өкіметінің орнығуы кедергі келтірді. 1988 жылы татарлар егемендігін алу жолында қозғалыс бастады. Бұл іс бұқаралық сипат алып, республика жұртшылығы ұлттық тәуелсіздік идеясын жаппай қолдады. 1990 жылы 30 тамызда Татарстан Жоғарғы Кеңесінің сессиясы Татарстанның мемлекеті егемендігі туралы декларация жариялады. 1991 жылы көктем және жаз айларында Ново-Огоревада одақтық келісімшартты әзірлеу барысында Татарстан автономиялардың мүддесін жүйелі қорғап шығып, олардың Одақтық федерациясының дербес субъектісі ретінде мойындалуына қол жеткізді. 1991 жылы 12 маусымда Татарстан президенті сайланды.
Кәсібі
Татардың басым көпшiлiгi ерте кезден-ақ көп салалы шаруашылықпен айналысты. Бидай, арпа, тары, сұлы, бұршақ, қарақұмық, зығыр, сора ектi, әр үйдiң бақшасы болды. , бау-бақшамен, мал шаруашылығымен қатар айналысты. Сауда-саттықпен де шұғылданды. Татар саудагерлерiн көршiлес чуваш, мари, мордва, удмурт деревняларынан, тiптi алыс өлкелерден де жиi көретiн. Халық отырықшы боп, қой-ешкi мен сиырды қорада ұстап бақты. Үй құстарынан тауық пен қазды көбiрек ұстады. Еділ бойы мен Орал өңірі орман-тоғайлы, шалғын-шөпті болғандықтан омарташылық дамыды.
Қолөнерi барынша дамыған, татар шеберлерiнiң тiккен әшекейлi етiгi, бас киiмi, аяқ киiмi, тiккен кестелi шашақты шәлi орамалы, тоқыма бұйымдары, күмiстен, алтыннан iстеген зергерлiк бұйымдары жоғары бағаланып, сұранысқа ие болды. Терi, жүн өңдеу кәсiбi дамыды. Басқа халықтар, әсіресе көршiлерi татардың тұрмыс-тiршiлiгiнен, киiм киiсiнен, үй-жай тұрғызуынан, қолөнерiнен, үй жиһазын әшекейлеп ұстауынан көп нәрсені үйрендi. Мәрмәрдан, тастан қашап, ағаштан, терiден өрнектеп, оюлап жасаған мозаикалары көз тартады. Бейнелеу өнерi дамыған. Кесте тiгу өнерiн татар қызы жастайынан үйренедi. Сүлгi, дастархан, перде, төсек жапқыш, жамылғы, кiлемше, т.б. үй жиһазын кестелеп өрнектейдi.
Елдi мекенiн авыл, юрт немесе ил дейтiн. Татар елдi мекенi шағындау боп, көбiнесе өзен жағасына таяу орналасады. Үйлерi биiк дуалмен қоршалып, ағаштан оюлап әшекейленедi. Бай, әлдi-ауқаттылар екi қабатты сәулеттi үй тұрғызса, кедей бiткен қамыс шатырлы балшық араластырып тұрғызған аласа лашық үйлерде тұрып келдi. Ауыл ортасына биiк минареттi мешiт орналасады. Астрахан татарлары өз көршiлерi ноғай мен қазақтар секiлдi көшпелiлердiң дәстүрiн сақтап, жаз бойы тiгiп тұратын. Татарлар өз үйiнiң алдыңғы қабырғасын бойлата енi бiр жарым метрдей тақтайдан сәкі, нар жасап, сонда ауқаттанатын, дем алатын, ұйықтайтын, жұмыс iстейтiн, қонақ та күтетiн.
Мәдениеті
Татар фольклорында батырлар жыры елеулі орын алады. Көне жазба әдебиеті бар. Ұлттық музыкасы башқұрт, қазақ, ноғай халықтары музыкасымен сарындас. Ертеректе татар музыкасы аспапсыз орындалатын бір дауысты ән негізінде дамыған. Әнмен, бимен, өлең-тақпақ араластырып орындалатын әзіл-сықақ әндер көбірек шырқалады. Музыка аспабына қурай аталатын сыбызғы немесе флейта тектес үрлемелі аспап, қазақтың шаңқобызы іспетті қобыз аспабы, гармонь, мандолина, , гусли, скрипка жатады.
Татар ұлттық тағамы жұртшылыққа кеңiнен танымал. Тағамдарында нан, картоп, көкөнiс басым. Дәстүрлi ет пен сүт тағамын ұнатады. Қой, сиыр етiн көбiрек пайдаланады. Жылқы етiнен қазы, шұжық даярланады. Қақтаған (қақтап сүрлеген) қаз етi - татардың сүйiктi дәмi. Сүттен қаймақ, айран, ақмай, сары май, қатық, сүзбе, құрт, даярлайды. Нанға құрмет айырықша, нан тағамының түр-түрi бар: тоқмач, салма, чумар, үрә, икмәк, кабартма, қоймақ, бәлеш, гөбәдия, пәрәмәч, чөкчәк, очпочмақ, бавырсақ, қош теле. Ыстық тағамына қатық қосқан салма, тукмач лакша, қазанда қуырып даярлайтын ет тағамы бешбармақ, шұжыққа ұқсас тутырма жатады. Жемiс-жидектi кептiрiп қысқа даярлайды. Жемiс пен балды араластырып ширбәт (шербет) даярлайды.
Қарапайым көпшiлiк аяғына тоқылған лапти, шоқай киген, кейде табаны ағаш аяқ киiм кидi. Әлдi-ауқаттылар терiден әшекейлеп тiккен етiк кидi. Қала тұрғындары көбiнесе терiден галош, қыста өрнектi етiк киетiн. Татар басқалардан көп бұрын шыт, жiбек, мата, бархыт, қызыл мата секiлдi фабрика маталарын киiм тiгуге пайдаланды. Ерлер балағы кең шалбар, жейде, қыста сырыған, терiмен астарлаған бешпет, тақия, терi тымақ киген. Әйел көйлегi қала үлгiсiнде тiгiлiп, көйлектiң омырауына кестелеген алқа салып, оның сыртынан жеңсiз камзол киген. Ұзын шәлi орамалын мойнынан асырып, ұшын артқа жiберiп тастайды.
Ұлттық және діни мерекелері - Ораза мен Құрбан айт, Наурыз бен оған қосымша сабантуй, жиен (жиын-терім) мерекелері ұйымшылдықпен тойланады.
Қазақстандағы татарлар
Қазақстанда татарлардың келуі патша үкіметінің қазақ өлкесін отарлауға кіріскен кезінен басталды. XVIII—XIX ғасырларда патша үкіметі қазақ даласына ислам дінін тарату саясатын жүргізді. Бұл ретте қазақтардың арасына молдалар татарлардың дін қызметкерлері қатарынан ғана жіберілді. Мұның өзі қазақтарды Орта Азиядағы діни орталықтардың ықпалынан оқшауландыру мақсатымен жасалды.
Қазақ хандары мен сұлтандарының басым көпшілігі өздерінің жеке хатшылары етіп Орынборға таяу жердегі Сейітов слободасынан шыққан сауатты татарларды ұстады. Татар көпестер Ресей мен қазақ даласы арасындағы сауда-саттықтың дамуына байланысты өздерінің белсенділігін күшейте түсті. Қазақтардың тілін, әдет-ғұрып және салт-санасын жақсы білгендіктен де татарлар сауда-саттық саласында делдалдық рөл атқарды. Татар көпестерінің қазақ даласындағы ықпалы мен беделі бірте-бірте күшейе түсті. Татарлардың ауқымды бір тобын Қазақстан аумағына Еділ бойы губернияларыиың помещиктері жер аудартып жіберді. Татарлар өлкенің ірі Петропавл, Семей, Орал, Көкшетау, Верный, Ақмола, Павлодар, Зайсан және Өскемен қалаларында тұрды. Олардың неғұрлым жиі орналасқан жерлерінде татар слободкалары пайда болды.
Бұл халықтың өкілдері қазақ даласында жаңа әдіспен оқытатын жәдидтік мектептер ашудың бастамашылары болды. Қазақтар татар зиялылары шығарып тұрған газеттер мен журналдарды зор ықыласпен оқыды. Қазақтың алғашқы газеттері мен журналдарын көбінесе татар көпестері қаржыландырып тұрды. Кейінірек патша үкіметі исламның қазақ даласында күшейіп бара жатқанынан қауіптеніп, сауатты және іскер татарлардың қызметінен бас тарта бастады. 1897 жылы Қазақстанда тұратын татарлардың жалпы саны 56 мыңға дейін жетті. Мұның өзі Қазақстандағы бүкіл халықтың 1,3 пайызы еді. Татарлардың 38 пайызы мещандар, 28 пайызы шаруалар, 10 пайызы қазақтар, 2 пайызы көпестер болды.
1989 жылғы санақ бойынша Қазақстанда тұратын 327982 татарлардың 69%-ы өз ұлтының тілін ана тілі деп санайтындарын мәлімдеді, алайда олардың тек 3,2%-ы ғана оны біледі; татарлардың 3,4%-ы қазақ тілін ана тілі деп таныды, олардың 3,2%-ы ғана қазақ тілін біледі; 27,3%-ы орыс тілін ана тілі деп санайды, ал 64,3%-ы орыс тілін меңгерген. Қазақстан Республикасындағы санақ деректері бойынша 1999 жылы 92,5 мың татар (37,1%) ана тілін, 158,3 мың (63,6%) қазақ тілін, 241,3 мың (96,9%) орыс тілін меңгерген. 1999 жылғы санақ бойынша Қазақстан татарларының қостілділік дәрежесі мынадай түрде анықталды: біртілділер – 72865 адам (29,3%), қостілділер – 176089 адам (70,7%). Қазақстанның татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтарын біріктіретін «Идел» қауымдастығы жұмыс істейді. Ол татар мен башқұрт мәдениетін жаңғырту және дамыту, сондай-ақ тілдерді оқыту бойынша жұмыс жүргізеді, «Сарман» Алматы халық ансамблі кеңінен танымал. Қазақстанның татар диаспорасы санының жалпы динамикасы келесідей:
- 285 689 (1970 ж.),
- 312 626 (1979 ж.),
- 320 747 (1989 ж.),
- 248 954 (1999 ж.),
- 250 000 (2015 ж.) адам.
Дереккөздер
- Э.Д. Сүлейменова, Д.Х. Ақанова, Н.Ж.Шаймерденова «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы»: Кітап.–Алматы: «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020 ж. 181-бет
- ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК: Қазақстан этносаясаты мен тәжірибесінің терминдері мен ұғымдары. Нұр-Сұлтан, 2020. 162-бет. ISBN 978-601-287-224-8
- Қазақстан халқы. Энциклопедия. /Бас.ред. Ж.Н.Тойбаева. /Құраст.Ғ.Жандыбаев., Г.Егеубаева.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2016. 395-бет ISBN 978-601-7472-88-7
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tatarlar tүrki tildes ult Resej Federaciyasy kuramyndagy Tatarstan Respublikasynyn bajyrgy turgyndary Tatarlardyn zhalpy sany zhoninde galymdar arasynda әr tүrli pikirler bar Kejbir galymdar olardy bolip Қazan Tatarlary Қyrym Tatarlary Sibir Tatarlary Nogajbaktar t b karastyrsa kalgandary olardy birtutas ult sanajdy TatarlarBүkil halyktyn sany6 421 500 adamEn kop taralgan ajmaktar Resej5 319 877 2010 Қazakstan250 000 2015 Өzbekstan195 000 Ukraina73 304 Tүrikmenstan62 000 Қyrgyzstan31 491 2009 Әzerbajzhan25 900 2009 Tүrkiya28 000 AҚSh11 000 Қytaj7 900 Belarus8 445 2019 Tәzhikstan6 495 2010 Gruziya3000Tilderitatar tiliDinisүnni islam hristiandyk Dүnie zhүzindegi Tatarlardyn zhalpy sany 8 mln shamasynda al kejbir tatar galymdarynyn pikirinshe Abrar Karimullin zhәne 15 mln ga zhuyk 2002 shi zhylgy sanak bojynsha Resejde 5 6 mln onyn ishinde Tatarstanda 1 9 mln nan astam Bashkortostanda 1 2 mln tatar turady Bugan kosa tatar diasporasy Ortalyk Aziyada Қazakstan Өzbekstan Tүrkiyada Batys Europa elderinde t b zherlerde turady TiliTatar tili altaj tilderinin tүrki otbasynyn batys gun tarmagynyn kypshak tobynyn kypshak bulgar ishki tobyna kiredi tilderdin zhalgamaly agglyutinativti tүrine zhatady Tatar tili Tatarstan Respublikasynyn memlekettik tili Til turaly zan 1992 1927 zhylga dejin arab grafikasynyn negizinde keninen taralgan tatar tilinin zhazuy latyn grafikalyk negizine al 1939 zhyly orys kirillica grafikasyna audaryldy Tatar tilinde үsh dialekt bar orta batys mishar shygys sibir tatarlarynyn dialektisi DiniDini belgileri zhagynan negizinen sүnnit musylmandar sondaj ak bulardyn arasynda pravoslavielikter de ateister de baskalar da bar TarihyTatar etnonimi Bajkaldyn ont shygys zhagyn mekendegen koshpeli tүrki mongol tajpalarynyn arasynda 5 9 gasyrlarda belgili bolgan 13 gasyrda mongol shapkynshylygy kezinde Tatarlar Europaga enip 13 14 gasyrlarda olardyn shagyn toby Altyn Orda kuramyndagy tүrki halyktaryna sinip ketti Tatar halkynyn shygu kalyptasu tarihyna katysty gylymi zertteu mynadaj tүrde shezhire tarkatady III IV gasyrda gundar men ozge de kopsheli tajpalardyn Shygys Europaga zhasagan shapkynshylygy kezinde odan kejin IV VII gasyrda tүrik kaganaty shapkynshylygy kezinde tүrki tildes tajpalar legi Oral oniri men Edil bojyna agylyp kele bastagan VII VIII gasyrda zhagalauynan tүrki tildes bulgar tajpasy auyp kelip olar H gasyrda Volga Kama Bulgariyasy atalgan memleket kurypty Zertteushiler kazan tatarlary ozinin antropologiyalyk etnografiyalyk belgilerin ertedegi edil bulgarlarynan enshilegen dejdi Edil Kama Bulgariyasynyn bir kezdegi dәuirlep orkendegen mәdenieti eginshilik kәsibi men koloneri Edil bojy Oral oniri tatarlarynyn turmys saltynda mәdenietinde saktalgan Mundagy tүrki ulystary baska tajpalarmen birge 1223 1240 zhyldary mongol tatarlarga karsy erlikpen shajkaskan Altyn Ordadan bolinip shygyp oz aldyna otau tikken Қazan handygy 1445 1552 tatarlardyn algashky ulttyk memleketi edi Bul memlekette ult bolyp ujyskan tatar mәdenieti men ekonomikasy dәstүri men salty karyshtap damydy Alajda korshiles Resejdin otarshyldyk ezgisine tүsti Қyrym tatarlary 1582 zhyly Koshim handygy kulatylgannan kejin Ermak bastagan orys shapkynshylygyna totep bere almaj ayausyz zhazalauga kugyn sүrginge ushyrap koptegen tatar Chulym bassejnimen Tobylga Enisej ozenine dejin ygysty patsha әkimderine karsy әldeneshe ret ashyk koteriliske shykty Қazan tonkerisinin karsanynda Batys Sibirdin zhergilikti halkynyn sany kүrt azajyp kalyn orys arasynda shashyraj konystanyp mүldem azshylykka ajnalyp ketti Қazan handygy zhojylgannan kejin ekonomikalyk ezginin kүsheyui ulttyk ruhani kanau dini negizdegi katan kudalau hristian dinin zorlykpen tanuga tyrysu Edil bojy men Oral oniri tataryn zhappaj koship konuga mәzhbүr etti Ortalyk audannan tatarlardyn shetkeri onirge ygysyp ondagy zhergilikti tүrkilermen mәdeni turmystyk zhakyndasuy sauda ekonomikalyk tygyz bajlanysy birtutas tatar ultynyn kalyptasuyn tezdetip ogan oz ykpalyn tigizdi Tatar halkynyn tarihyndagy en auyr karaly kүn 1552 zhyldyn 30 tamyzy 1552 zhyly 2 kazanda 150 myn әsker men 150 zenbiregi bar orystar handykty kүjretti Қazan kalasyn alu kezindegi baskynshylardyn kanypezerliginin shekten shykkandygy sonshalyk osy sumdykty estigen alystagy Rim Papasynyn ozi dindesterin ajyptap eshkandaj adamgershilik kagidaga saj kelmejdi degen eken Orys әskerinin zhojkyn shapkynshylygy 2 kazanga dejin sozyldy Қalany basyp algan orys әskeri ondagy halykty kyryp Қazan handygy osylajsha Resej baskynshylarynyn otaryna ajnaldy 1917 zhylgy Akpan revolyuciyasynan kejin kalyptaskan sayasi ahual zhagdajynda Tatarstan zherinde ulttyk mәdeni avtonomiya kuruga kadam zhasalyp bul kurylymnyn Millet medzhlisi Ұlttyk zhinalys atty parlamenti men Milli idare Ұlttyk baskarma degen zhogary atkaru organy kuryldy Alajda ulttyk mәdeni avtonomiyanyn ayagynan nyk turuyna kenes okimetinin ornyguy kedergi keltirdi 1988 zhyly tatarlar egemendigin alu zholynda kozgalys bastady Bul is bukaralyk sipat alyp respublika zhurtshylygy ulttyk tәuelsizdik ideyasyn zhappaj koldady 1990 zhyly 30 tamyzda Tatarstan Zhogargy Kenesinin sessiyasy Tatarstannyn memleketi egemendigi turaly deklaraciya zhariyalady 1991 zhyly koktem zhәne zhaz ajlarynda Novo Ogorevada odaktyk kelisimshartty әzirleu barysynda Tatarstan avtonomiyalardyn mүddesin zhүjeli korgap shygyp olardyn Odaktyk federaciyasynyn derbes subektisi retinde mojyndaluyna kol zhetkizdi 1991 zhyly 12 mausymda Tatarstan prezidenti sajlandy KәsibiTatardyn basym kopshiligi erte kezden ak kop salaly sharuashylykpen ajnalysty Bidaj arpa tary suly burshak karakumyk zygyr sora ekti әr үjdin bakshasy boldy bau bakshamen mal sharuashylygymen katar ajnalysty Sauda sattykpen de shugyldandy Tatar saudagerlerin korshiles chuvash mari mordva udmurt derevnyalarynan tipti alys olkelerden de zhii koretin Halyk otyrykshy bop koj eshki men siyrdy korada ustap bakty Үj kustarynan tauyk pen kazdy kobirek ustady Edil bojy men Oral oniri orman togajly shalgyn shopti bolgandyktan omartashylyk damydy Қoloneri barynsha damygan tatar sheberlerinin tikken әshekejli etigi bas kiimi ayak kiimi tikken kesteli shashakty shәli oramaly tokyma bujymdary kүmisten altynnan istegen zergerlik bujymdary zhogary bagalanyp suranyska ie boldy Teri zhүn ondeu kәsibi damydy Baska halyktar әsirese korshileri tatardyn turmys tirshiliginen kiim kiisinen үj zhaj turgyzuynan kolonerinen үj zhiһazyn әshekejlep ustauynan kop nәrseni үjrendi Mәrmәrdan tastan kashap agashtan teriden ornektep oyulap zhasagan mozaikalary koz tartady Bejneleu oneri damygan Keste tigu onerin tatar kyzy zhastajynan үjrenedi Sүlgi dastarhan perde tosek zhapkysh zhamylgy kilemshe t b үj zhiһazyn kestelep ornektejdi Eldi mekenin avyl yurt nemese il dejtin Tatar eldi mekeni shagyndau bop kobinese ozen zhagasyna tayau ornalasady Үjleri biik dualmen korshalyp agashtan oyulap әshekejlenedi Baj әldi aukattylar eki kabatty sәuletti үj turgyzsa kedej bitken kamys shatyrly balshyk aralastyryp turgyzgan alasa lashyk үjlerde turyp keldi Auyl ortasyna biik minaretti meshit ornalasady Astrahan tatarlary oz korshileri nogaj men kazaktar sekildi koshpelilerdin dәstүrin saktap zhaz bojy tigip turatyn Tatarlar oz үjinin aldyngy kabyrgasyn bojlata eni bir zharym metrdej taktajdan sәki nar zhasap sonda aukattanatyn dem alatyn ujyktajtyn zhumys istejtin konak ta kүtetin MәdenietiTatar folklorynda batyrlar zhyry eleuli oryn alady Kone zhazba әdebieti bar Ұlttyk muzykasy bashkurt kazak nogaj halyktary muzykasymen saryndas Erterekte tatar muzykasy aspapsyz oryndalatyn bir dauysty әn negizinde damygan Әnmen bimen olen takpak aralastyryp oryndalatyn әzil sykak әnder kobirek shyrkalady Muzyka aspabyna kuraj atalatyn sybyzgy nemese flejta tektes үrlemeli aspap kazaktyn shankobyzy ispetti kobyz aspaby garmon mandolina gusli skripka zhatady Azu tagamy Tatar ulttyk tagamy zhurtshylykka keninen tanymal Tagamdarynda nan kartop kokonis basym Dәstүrli et pen sүt tagamyn unatady Қoj siyr etin kobirek pajdalanady Zhylky etinen kazy shuzhyk dayarlanady Қaktagan kaktap sүrlegen kaz eti tatardyn sүjikti dәmi Sүtten kajmak ajran akmaj sary maj katyk sүzbe kurt dayarlajdy Nanga kurmet ajyryksha nan tagamynyn tүr tүri bar tokmach salma chumar үrә ikmәk kabartma kojmak bәlesh gobәdiya pәrәmәch chokchәk ochpochmak bavyrsak kosh tele Ystyk tagamyna katyk koskan salma tukmach laksha kazanda kuyryp dayarlajtyn et tagamy beshbarmak shuzhykka uksas tutyrma zhatady Zhemis zhidekti keptirip kyska dayarlajdy Zhemis pen baldy aralastyryp shirbәt sherbet dayarlajdy Қarapajym kopshilik ayagyna tokylgan lapti shokaj kigen kejde tabany agash ayak kiim kidi Әldi aukattylar teriden әshekejlep tikken etik kidi Қala turgyndary kobinese teriden galosh kysta ornekti etik kietin Tatar baskalardan kop buryn shyt zhibek mata barhyt kyzyl mata sekildi fabrika matalaryn kiim tiguge pajdalandy Erler balagy ken shalbar zhejde kysta syrygan terimen astarlagan beshpet takiya teri tymak kigen Әjel kojlegi kala үlgisinde tigilip kojlektin omyrauyna kestelegen alka salyp onyn syrtynan zhensiz kamzol kigen Ұzyn shәli oramalyn mojnynan asyryp ushyn artka zhiberip tastajdy Ұlttyk zhәne dini merekeleri Oraza men Қurban ajt Nauryz ben ogan kosymsha sabantuj zhien zhiyn terim merekeleri ujymshyldykpen tojlanady Қazakstandagy tatarlarҚazakstanda tatarlardyn kelui patsha үkimetinin kazak olkesin otarlauga kirisken kezinen bastaldy XVIII XIX gasyrlarda patsha үkimeti kazak dalasyna islam dinin taratu sayasatyn zhүrgizdi Bul rette kazaktardyn arasyna moldalar tatarlardyn din kyzmetkerleri katarynan gana zhiberildi Munyn ozi kazaktardy Orta Aziyadagy dini ortalyktardyn ykpalynan okshaulandyru maksatymen zhasaldy Қazak handary men sultandarynyn basym kopshiligi ozderinin zheke hatshylary etip Orynborga tayau zherdegi Sejitov slobodasynan shykkan sauatty tatarlardy ustady Tatar kopester Resej men kazak dalasy arasyndagy sauda sattyktyn damuyna bajlanysty ozderinin belsendiligin kүshejte tүsti Қazaktardyn tilin әdet guryp zhәne salt sanasyn zhaksy bilgendikten de tatarlar sauda sattyk salasynda deldaldyk rol atkardy Tatar kopesterinin kazak dalasyndagy ykpaly men bedeli birte birte kүsheje tүsti Tatarlardyn aukymdy bir tobyn Қazakstan aumagyna Edil bojy guberniyalaryiyn pomeshikteri zher audartyp zhiberdi Tatarlar olkenin iri Petropavl Semej Oral Kokshetau Vernyj Akmola Pavlodar Zajsan zhәne Өskemen kalalarynda turdy Olardyn negurlym zhii ornalaskan zherlerinde tatar slobodkalary pajda boldy Bul halyktyn okilderi kazak dalasynda zhana әdispen okytatyn zhәdidtik mektepter ashudyn bastamashylary boldy Қazaktar tatar ziyalylary shygaryp turgan gazetter men zhurnaldardy zor ykylaspen okydy Қazaktyn algashky gazetteri men zhurnaldaryn kobinese tatar kopesteri karzhylandyryp turdy Kejinirek patsha үkimeti islamnyn kazak dalasynda kүshejip bara zhatkanynan kauiptenip sauatty zhәne isker tatarlardyn kyzmetinen bas tarta bastady 1897 zhyly Қazakstanda turatyn tatarlardyn zhalpy sany 56 mynga dejin zhetti Munyn ozi Қazakstandagy bүkil halyktyn 1 3 pajyzy edi Tatarlardyn 38 pajyzy meshandar 28 pajyzy sharualar 10 pajyzy kazaktar 2 pajyzy kopester boldy 1989 zhylgy sanak bojynsha Қazakstanda turatyn 327982 tatarlardyn 69 y oz ultynyn tilin ana tili dep sanajtyndaryn mәlimdedi alajda olardyn tek 3 2 y gana ony biledi tatarlardyn 3 4 y kazak tilin ana tili dep tanydy olardyn 3 2 y gana kazak tilin biledi 27 3 y orys tilin ana tili dep sanajdy al 64 3 y orys tilin mengergen Қazakstan Respublikasyndagy sanak derekteri bojynsha 1999 zhyly 92 5 myn tatar 37 1 ana tilin 158 3 myn 63 6 kazak tilin 241 3 myn 96 9 orys tilin mengergen 1999 zhylgy sanak bojynsha Қazakstan tatarlarynyn kostildilik dәrezhesi mynadaj tүrde anyktaldy birtildiler 72865 adam 29 3 kostildiler 176089 adam 70 7 Қazakstannyn tatar zhәne tatar bashkurt kogamdyk zhәne mәdeni ortalyktaryn biriktiretin Idel kauymdastygy zhumys istejdi Ol tatar men bashkurt mәdenietin zhangyrtu zhәne damytu sondaj ak tilderdi okytu bojynsha zhumys zhүrgizedi Sarman Almaty halyk ansambli keninen tanymal Қazakstannyn tatar diasporasy sanynyn zhalpy dinamikasy kelesidej 285 689 1970 zh 312 626 1979 zh 320 747 1989 zh 248 954 1999 zh 250 000 2015 zh adam DerekkozderE D Sүlejmenova D H Akanova N Zh Shajmerdenova Қazakstan tilderi әleumettik lingvistika anyktamalygy Kitap Almaty Izdatelstvo Zolotaya Kniga ZhShS 2020 zh 181 bet ETNOSAYaSI SӨZDIK Қazakstan etnosayasaty men tәzhiribesinin terminderi men ugymdary Nur Sultan 2020 162 bet ISBN 978 601 287 224 8 Қazakstan halky Enciklopediya Bas red Zh N Tojbaeva Қurast Ғ Zhandybaev G Egeubaeva Almaty Қazak enciklopediyasy 2016 395 bet ISBN 978 601 7472 88 7 Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet