Грузия, Гүржістан немесе Гүржия, Грузия Республикасы (груз. საქართველო [sɑkʰɑrtʰvɛlɔ], Сакартвело) — Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. 66 әкімшілік ауданға бөлінеді. Құрамына Абхазия (1931) және (1921) республикалары енеді. Шекарасы Ресей, Әзербайжан, Түркия және Армения мемлекеттерімен шектесіп жатыр.
Грузия груз. საქართველო | |||||
| |||||
Ұран: «ძალა ერთობაშია (қаз. Қуат — бірлікте)» | |||||
Әнұран: (тыңдау ) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 26 мамыр 1918 жыл (-дан) 9 сәуір 1991 жыл (КСРО-дан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | грузин тілі | ||||
Елорда | Тбилиси (заң шығарушы орган) | ||||
Ірі қалалары | Тбилиси, , Батуми, , , , Поти, , | ||||
Үкімет түрі | Парламенттік республика | ||||
төрағасы | Саломе Зурабишвили | ||||
Мемлекеттік діні | Зайырлы мемлекет | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы | Әлем бойынша 119-шы орын 69 700 км² | ||||
Жұрты • Сарап (2019) • Санақ (2014) • Тығыздығы | 3 723 500 адам (130-шы) 3 713 804[a] адам 53,5 адам/км² (137-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда | 46,055 млрд. $ (112-ші) 12,409 $ (101-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда | 17,836 млрд. $ (118-ші) 4,805 $ (105-ші) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,780 (жоғары) (70-шы) | ||||
Валютасы | Лари | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | |||||
ISO коды | GE | ||||
ХОК коды | GEO | ||||
Телефон коды | +995 | ||||
Уақыт белдеулері |
Жер көлемі — 69,7 мың км². Халқы — 3,9 млн. Тұрғындарының 70,1%-і грузиндер (гүржілер). Бұдан басқа армяндар (8,1%), орыстар (6,3%), әзербайжандар (5,7%), осетиндер (3%), абхаздар (1,8%), гректер, украиндар, т.б. тұрады. Астанасы — Тбилиси қаласы (1,2 млн.). Халқының көпшілік бөлігі — христиан дінінің православие тармағын ұстанады, қалғандары мұсылмандар мен католиктер. Ресми тілі — грузин тілі. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Конституциясы 1995 ж. 24 тамызда қабылданған. Ұлттық ақшасы — . 1995 ж. қыркүйек айынан айналымға енгізілген. Ұлттық мейрамы — мемлекеттің тәуелсіздіктің қалпына келтірілген күні (26 мамыр, 1918 ж.).
Табиғаты
Жерінің 87%-ін таулы қыраттар алып жатыр, 36,7%-і орман. Солтүстігінде Үлкен Кавказ қатпарлы тау жүйесі бар. Қара тау жағалауын Колхида ойпаты алып жатыр. Жерінің географиялық құрылымы күрделі. Негізгі кен байлықтары: марганец, тас көмір, мұнай, полиметалдар. Минералды су көздеріне бай (, т.б.). Тау мұздықтарынан басталатын, суы мол, екпінді өзендер (Кура, Риони, Ингури, Сунса, т.б.) жиі кездеседі. Климаты жылы және ылғалды субтропикалық. Қаңтар айындағы орташа температура 4—7 °С, ал шілдеде 22—24 °С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 мм.
Тарихы
Грузия жеріне адам баласы ерте замандарда-ақ қоныстана бастаған. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың аяқ кезінен бастап алғашқы мемл. бірлестіктер пайда болды. Б.з.б. 8 ғ-да қазіргі Гүржістан территориясын алдымен кемерліктер, кейін сақтар басып алды. Көп уақыт бойы бүкіл Кавказ аймағы Мидия патшалығы (б.з.б. 7 ғ.) мен Ахемен әулетінің (б.з.б. 6 ғ.) иелігінде болды. Б.з.б. 6 ғ-да Қара теңіздің шығыс жағында орналасқан саудамен айналысатын грек қоныстары мен Кавказ халықтары арасында сауда байланысы күшейді. Б.з.б. 6 ғ-да Бат. Гүржістанда Колхида патшалығы, ал 4 ғ-да Шығ. Гүржістанда Иберия патшалығы құрылды. Қалалар пайда болып, басқа елдермен қарым-қатынас, сауда-саттық дамыды. Б.з.б. 1 ғ-да қазіргі Гүржістан аумағын Рим империясы басып алды, бірақ б.з. 2 ғ-ынан бастап оның билігі әлсіреп, жергілікті әкімдердің билігі күшейді. 3 — 4 ғ-ларда елге христиан діні тарай бастады. 4 ғ-дан бастап Гүржістанға Сасанилер әулеті билеген парсылар қайта-қайта шабуыл жасап, 523 ж. елді толық бағындырды. 7 — 9 ғ-ларда Г-ның көпшілік бөлігі Араб халифатына қосылды. 10 ғ-дан бастап Гүржістан біртұтас мемлекет болып бірікті. Елді Багратион әулетінен шыққан патшалар билеп, 11 ғ-да Солтүстік Арменияны жаулап алды. Давид І (1073 — 1125), Георги ІІІ (1156 — 84), Тамара (1184 — 1213) патшалар тұсында Гүржістан Кавказдағы аса күшті мемлекеттердің бірі болды. Бұл кезеңде Гүржістан патшаларының билігін Солт. Кавказ, Солт. Иран, Әзірбайжан, Қара теңіздің оңт.-батыс жағалауы елдері (Трапезунд патшалығы, т.б.) мойындады. Осы кезде қалалар көркейіп, мәдениет өркендеді. Философия, тарих, әдебиет, сәулет өнері жақсы дамыды. Ш. Руставелидің “Жолбарыс терісін жамылған батыр” туындысы осы кезде жазылды.
Гүржістан 13 ғ-дың 2-ширегінен бастап Шыңғыс хан ұрпақтарының, 14 ғ-дың 2-жартысында Әмір Темір мемлекетінің иелігінде болды. 15 ғ-да бірнеше ұсақ мемлекетке (Картли, Кахети, Имеретия патшалықтары мен Мегрель, Гурий, Абхазия князьдіктері) ыдырап, 16 — 18 ғ-ларда Иран мен Осман сұлтандығының арасындағы ұрыс майданына айналды. 17 ғ-да Иран шаҝы Аббас І Грузияға бірнеше жорықтар ұйымдастырды. 18 ғ-дан бастап Гүржістан қайтадан біріге бастады. Вахтанг VІ патшаның тұсында (1703 — 24) орталық үкіметтің билігі күшейтіліп, кең көлемде құрылыс жұмыстары жүргізілді. 18 ғ-дың 2-жартысында Ираклий ІІ патшаның тұсында Картли (Иберия) және Кахети патшалықтары біріктірілді. Ол сепаратистік пиғылдағы князьдердің қарсылығын талқандап, шаруашылық пен сауданы қайта жандандыруға күш салды. Қалалар қайта жандана бастады. Бұл кезеңде тағы бір грузин патшалығы Имеретияда Соломон І-нің (1754 — 84) басшылығымен күшейіп, патшаның жеке билігі нығайтылды. 17 — 18 ғ-ларда Гүржістан мәдениеті қайтадан гүлденіп, кітап басып шығару ісі қанат жайды.
1783 ж. Георгий трактаты бойынша Картли-Кахети патшалығы Ресейдің протектораттығын қабылдады. Бұл жағдай Гүржістан Иран және Түркия мемлекеттерімен қарым-қатынасын шиеленістірді. Иракли ІІ патша қайтыс болып, ел ішін жайлаған тақ тартысын пайдаланған Иран шаҝы Ага Мухаммед хан Каджари 1795 ж. Тбилисиді өртеп жіберді. 1801 ж. Картли-Кахети патшалығы өмір сүруін тоқтатып, Шығыс Гүржістан толығымен Ресейге қосылды. Осыдан кейін Батыс Гүржістан үшін орыс-иран (1804 — 13, 1826 — 28) және орыс-түрік (1806 — 12, 1828 — 29) соғыстары болып өтті. Сөйтіп, 1803 — 64 ж. Батыс Гүржістан да Ресейге толығымен бағынды.
Сырттан шабуыл саябырлап, ел ішінде сауда-саттық жанданғанымен, гүржілерді орыстандыру саясаты басталып, шаруаларды қанау күшейді. Халық көтерілістерін үкімет әскерлері күшпен басып отырды. 1864 — 71 ж. шаруалардың басыбайлылығы жойылғаннан кейін, ел ішінде өндіріс пен сауда-саттықтың дамуына жол ашылды. Ұлттық интеллигенция қалыптасты. Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін 1917 ж. 7 наурызда Кавказ сырты ерекше к-ті құрылды. 1917 ж. 17 қарашада бұл к-т таратылып, үкімет басына меньшевиктер партиясы келді. 1918 ж. 26 мамырда Гүржістан тәуелсіз республика болып жарияланды. Ішкі-сыртқы жағдайдың шиеленісуіне байланысты бұл үкімет 1920 ж. 1 мамырда РКФСР-мен келісімшарт жасасуға мәжбүр болды. Осы келісімшарт негізінде большевиктер үкімет құрамына енгізілді. 1921 ж. Қызыл Армия бөлімдері меньшевиктер үкіметін құлатып, Кеңес өкіметін орнатты. Гүржістан 1922 — 36 ж. Кавказ сырты кеңестік федеративтік соц. республикасы құрамына кірді, 1936 — 91 ж. КСРО құрамындағы одақтас республика болды. 1991 ж. 9 сәуір күні өткен жалпыхалықтық референдумның қорытындысы бойынша республика Жоғары Кеңесі елдің 1918 жылғы тәуелсіздігін және 1921 жылғы конституцияны қалпына келтіру туралы акт қабылдады. Сол жылы мамыр айында өткен президент сайлауында З.Гамсахурдия жеңіске жетті. Бірақ ел ішіндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты құрылған Әскери Кеңес президентті елден кетіріп, парламентті таратып жіберді де, бар билікті өз қолдарына алды. 1992 ж. наурыз айында Әскери Кеңес те таратылып, орнына Эдуард Шеварднадзе бастаған Мемл. Кеңес құрылды. Сол жылы 11 қазанда жаңа парламент және оның төрағасы сайланды. 1995 ж. жаңа конституция қабылданып, соның негізінде өткен президент сайлауында (5.11. 1995) Э.Шеварднадзе жеңіске жетті. Ішкі саяси жанжалдарды, арадағы қарым-қатынастарды бейбіт жолмен реттеп, ел экономикасын реформалау ісіндегі қызметін бағалаған халық оны 2000 ж. жаңа мерзімге президент етіп сайлады.
Гүржістан — аграрлы-индустриялы ел. Экономикасының негізгі салалары: тамақ өнеркәсібі (шай, темекі, минералды сусындар, шарап, коньяк шығару), жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығында шай, темекі, жеміс-жидек өсіру, мал ш. дамыған. Қара теңіз жағалауындағы курортты қалаларда туризм жақсы жолға қойылған. Жан басына шаққанда ұлттық табыс — 1060 долл. шамасында. Гүржістан БҰҰ, ТМД, т.б. халықаралық ұйымдардың мүшесі. Басты сауда серіктестері — Ресей, Түркия, Армения, Әзірбайжан. Гүржістан Қазақстанмен 1992 жылдан (23 шілде) бері дипломатиялық қатынас орнатқан. Екі ел арасында тікелей және ТМД шеңберінде экономикалық және мәдени байланыстар дами түсуде. Болашақта екі жақ Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінен өндірілетін мұнайды Баку —Джейхан маршруты бойынша Бат. Еуропа елдеріне шығаруға мүдделі.
Мәдениеті
Гүржі мәдениеті шығыс халықтары және грек-рим мәдениеттерімен араласу нәтижесінде қалыптасты. Елдің ежелгі жазба мәдениеті сақталып қалған. Гүржістанда 4 ғ-дың 1-жартысында жоғары шешендік мектебі — Колхида академиясы құрылған. 5 ғ-да шіркеулер жанынан алғашқы мектептер ашыла бастады. 10 — 12 ғ-ларда алғашқы жоғары оқу орындары Галат академиясы, Икалтой академиялары дүниеге келді. 13 — 17 ғ-лар арасында ішкі бытыраңқылық пен шет ел басқыншыларына қарсы күреске байланысты грузин мәдениеті біршама тоқырап, тек саяси жағдай тұрақтанған 18 ғ-дан бастап қайта жандана бастады. Осы ғасырдың аяғында оқу-ағарту жұмысы тез көтеріліп, Тбилиси (1755), Телав (1782) семинариялары, 1851 ж. Тбилиси опера театры ашылды. Қазіргі Гүржістан — мәдениеті, өнері кемелденген мемлекет. Елде 19 мемл. жоғары оқу орны (оның ішінде Тбилиси және Сухуми ун-ттері), 32 театр, 110 музей жұмыс істейді.
Грузияны, ешқандай асыра айтпағанда, әлемдегі ең дәмді шараптардың кейбір түрлері өндірілген ел деп атауға болады. Тарихи тұрғыдан алғанда, бұл аймақтың бүкіл тарихы шарап өндірумен тығыз байланысты. VIII ғасырдағы жергілікті қолөнершілер А.Д. арнайы технологияны қолдана отырып, күшті сусындар шығарумен танымал.
Грузин алкогольі әлі күнге дейін өзінің беделіне сай келеді және тұтынушылардың өзгермейтін сүйіспеншілігін қолдайды. Грузия коньяктары ерекше бағаланады.
Әдебиеті
Гүржі әдебиеті өз бастауларын ерте заманнан алады. Ежелгі грек ақыны Аполлон Родоскийдің (б.з.б. 3 ғ.) шығармаларында гүржілер жөнінде айтылады. 5 — 11 ғ-лар аралығында шіркеулік діни әдебиет дамыды. 12 ғ-да орталықтанған Гүржістан патшалығы кезінде эпостық жырлар жазылды (“Жолбарыс терісін жамылған батыр”, “Абдул-Мессия”, “Тамариани”, т.б.). 16 ғ-да гүржі әдебиеті қайтадан жанданды. Кахети патшасы Теймураз І (1589 — 1663) лирикалық, филос., тарихи тақырыптарда өлеңдер жазды, көптеген шығыс ақындарының шығармаларын (“Ләйлі — Мәжнүн”, т.б.) қайта жырлады. Екінші бір гүржі патшасы Арчил ІІ (1647 — 1713) ұлттық-тарихи тақырыптарда өлеңдер мен поэмалар жазды. 1830 — 40 ж. Гүржі әдебиетінде романтикалық бағыт дамыды. Оның ірі өкілдері А.Г. Чавчавадзе (1786 — 1846), Г.Д. Орбелиани (1804 — 1883), А.М. Бараташвили (1815 — 1845) болды. 1860 жылдан бастап гүржі әдебиеті жаңа классикалық сатыға көтерілді. Гүржі әдебиетінің классиктері: И.Г. Чавчавадзе (1837 — 1907), А.Р. Церетели (1840 — 1915), Н.Я. Николадзе (1843 — 1928). Кеңес заманында да Гүржістан әдебиетінде әлемге танымал көркем шығармалар жазылды. Бұл кезеңдегі көрнекті ақын-жазушылар: И.В. Абашидзе, К.С. Гамсахурдиа, В.Ш. Авалиани, О.Р. Чхеидзе, Н. Думбадзе, т.б. болды.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- [1991 жылғы 9 сәуірде Грузиядағы мемлекеттік тәуелсіздікті қалпына келтіру күні деп жарияланды, ал тәуелсіздік күні - 1918 жылғы 26 мамырда Грузия Демократиялық Республикасының декларациясының күні. 1922-1936 жж. СССР құрамына кіретін Грузия ССР және КСРО 1936 жылдан 1991 жылға дейін Грузияның демократиялық республикасының мұрагері болып саналады, алайда ол Грузияның ресми позициясынан ерекшеленеді («Сұранымдықтар сұрағы» бөлімін қараңыз)]
- Number of Population. Тексерілді, 3 мамыр 2019.
- 2014 General Population Census Main Results General Information — National Statistics Office of Georgia. Тексерілді, 2 мамыр 2016.
- World Economic Outlook Database, October 2018. .
- Human Development Indicators. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 18 қыркүйек 2018.
- Грузиялық «Арагви» бренді КСРО-дан бері.
Пайдалы сілтемелер
- Грузия жаңалықтары
- Парламент
- Президент
- Жоғарғы сот
- «Свободная Грузия» газеті
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Koordinattar 41 41 00 s e 43 44 00 sh b 41 68333 s e 43 73333 sh b 41 68333 43 73333 G O Ya Gruziya Gүrzhistan nemese Gүrzhiya Gruziya Respublikasy gruz საქართველო sɑkʰɑrtʰvɛlɔ Sakartvelo Europa kurlygynyn ontүstik shygysynda ontүstik boliginde ornalaskan memleket 66 әkimshilik audanga bolinedi Қuramyna Abhaziya 1931 zhәne 1921 respublikalary enedi Shekarasy Resej Әzerbajzhan Tүrkiya zhәne Armeniya memleketterimen shektesip zhatyr Gruziya gruz საქართველოҰran ძალა ერთობაშია kaz Қuat birlikte Әnuran tyndau akp TarihyTәuelsizdik kүni 26 mamyr 1918 zhyl dan 9 sәuir 1991 zhyl KSRO dan Memlekettik kurylymyResmi tili gruzin tiliElorda Tbilisi zan shygarushy organ Iri kalalary Tbilisi Batumi Poti Үkimet tүri Parlamenttik respublikatoragasy Salome ZurabishviliMemlekettik dini Zajyrly memleketGeografiyasyZher aumagy Barlygy Әlem bojynsha 119 shy oryn 69 700 km Zhurty Sarap 2019 Sanak 2014 Tygyzdygy 3 723 500 adam 130 shy 3 713 804 a adam 53 5 adam km 137 shi EkonomikasyZhIӨ AҚT Қorytyndy 2019 Zhan basyna shakkanda 46 055 mlrd 112 shi 12 409 101 shi ZhIӨ nominal Қorytyndy 2019 Zhan basyna shakkanda 17 836 mlrd 118 shi 4 805 105 shi ADI 2017 0 780 zhogary 70 shy Valyutasy LariҚosymsha mәlimetterInternet үjshigiISO kody GEHOK kody GEOTelefon kody 995Uakyt beldeuleri Zher kolemi 69 7 myn km Halky 3 9 mln Turgyndarynyn 70 1 i gruzinder gүrzhiler Budan baska armyandar 8 1 orystar 6 3 әzerbajzhandar 5 7 osetinder 3 abhazdar 1 8 grekter ukraindar t b turady Astanasy Tbilisi kalasy 1 2 mln Halkynyn kopshilik boligi hristian dininin pravoslavie tarmagyn ustanady kalgandary musylmandar men katolikter Resmi tili gruzin tili Memleket basshysy prezident Zan shygarushy organy bir palataly parlament Konstituciyasy 1995 zh 24 tamyzda kabyldangan Ұlttyk akshasy 1995 zh kyrkүjek ajynan ajnalymga engizilgen Ұlttyk mejramy memlekettin tәuelsizdiktin kalpyna keltirilgen kүni 26 mamyr 1918 zh TabigatyZherinin 87 in tauly kyrattar alyp zhatyr 36 7 i orman Soltүstiginde Үlken Kavkaz katparly tau zhүjesi bar Қara tau zhagalauyn Kolhida ojpaty alyp zhatyr Zherinin geografiyalyk kurylymy kүrdeli Negizgi ken bajlyktary marganec tas komir munaj polimetaldar Mineraldy su kozderine baj t b Tau muzdyktarynan bastalatyn suy mol ekpindi ozender Kura Rioni Inguri Sunsa t b zhii kezdesedi Klimaty zhyly zhәne ylgaldy subtropikalyk Қantar ajyndagy ortasha temperatura 4 7 S al shildede 22 24 S Zhyldyk zhauyn shashyn molsheri 1500 mm TarihyGruziya zherine adam balasy erte zamandarda ak konystana bastagan B z b 2 mynzhyldyktyn ayak kezinen bastap algashky meml birlestikter pajda boldy B z b 8 g da kazirgi Gүrzhistan territoriyasyn aldymen kemerlikter kejin saktar basyp aldy Kop uakyt bojy bүkil Kavkaz ajmagy Midiya patshalygy b z b 7 g men Ahemen әuletinin b z b 6 g ieliginde boldy B z b 6 g da Қara tenizdin shygys zhagynda ornalaskan saudamen ajnalysatyn grek konystary men Kavkaz halyktary arasynda sauda bajlanysy kүshejdi B z b 6 g da Bat Gүrzhistanda Kolhida patshalygy al 4 g da Shyg Gүrzhistanda Iberiya patshalygy kuryldy Қalalar pajda bolyp baska eldermen karym katynas sauda sattyk damydy B z b 1 g da kazirgi Gүrzhistan aumagyn Rim imperiyasy basyp aldy birak b z 2 g ynan bastap onyn biligi әlsirep zhergilikti әkimderdin biligi kүshejdi 3 4 g larda elge hristian dini taraj bastady 4 g dan bastap Gүrzhistanga Sasaniler әuleti bilegen parsylar kajta kajta shabuyl zhasap 523 zh eldi tolyk bagyndyrdy 7 9 g larda G nyn kopshilik boligi Arab halifatyna kosyldy 10 g dan bastap Gүrzhistan birtutas memleket bolyp birikti Eldi Bagration әuletinen shykkan patshalar bilep 11 g da Soltүstik Armeniyany zhaulap aldy David I 1073 1125 Georgi III 1156 84 Tamara 1184 1213 patshalar tusynda Gүrzhistan Kavkazdagy asa kүshti memleketterdin biri boldy Bul kezende Gүrzhistan patshalarynyn biligin Solt Kavkaz Solt Iran Әzirbajzhan Қara tenizdin ont batys zhagalauy elderi Trapezund patshalygy t b mojyndady Osy kezde kalalar korkejip mәdeniet orkendedi Filosofiya tarih әdebiet sәulet oneri zhaksy damydy Sh Rustavelidin Zholbarys terisin zhamylgan batyr tuyndysy osy kezde zhazyldy Gүrzhistan 13 g dyn 2 shireginen bastap Shyngys han urpaktarynyn 14 g dyn 2 zhartysynda Әmir Temir memleketinin ieliginde boldy 15 g da birneshe usak memleketke Kartli Kaheti Imeretiya patshalyktary men Megrel Gurij Abhaziya knyazdikteri ydyrap 16 18 g larda Iran men Osman sultandygynyn arasyndagy urys majdanyna ajnaldy 17 g da Iran shaҝy Abbas I Gruziyaga birneshe zhoryktar ujymdastyrdy 18 g dan bastap Gүrzhistan kajtadan birige bastady Vahtang VI patshanyn tusynda 1703 24 ortalyk үkimettin biligi kүshejtilip ken kolemde kurylys zhumystary zhүrgizildi 18 g dyn 2 zhartysynda Iraklij II patshanyn tusynda Kartli Iberiya zhәne Kaheti patshalyktary biriktirildi Ol separatistik pigyldagy knyazderdin karsylygyn talkandap sharuashylyk pen saudany kajta zhandandyruga kүsh saldy Қalalar kajta zhandana bastady Bul kezende tagy bir gruzin patshalygy Imeretiyada Solomon I nin 1754 84 basshylygymen kүshejip patshanyn zheke biligi nygajtyldy 17 18 g larda Gүrzhistan mәdenieti kajtadan gүldenip kitap basyp shygaru isi kanat zhajdy 1783 zh Georgij traktaty bojynsha Kartli Kaheti patshalygy Resejdin protektorattygyn kabyldady Bul zhagdaj Gүrzhistan Iran zhәne Tүrkiya memleketterimen karym katynasyn shielenistirdi Irakli II patsha kajtys bolyp el ishin zhajlagan tak tartysyn pajdalangan Iran shaҝy Aga Muhammed han Kadzhari 1795 zh Tbilisidi ortep zhiberdi 1801 zh Kartli Kaheti patshalygy omir sүruin toktatyp Shygys Gүrzhistan tolygymen Resejge kosyldy Osydan kejin Batys Gүrzhistan үshin orys iran 1804 13 1826 28 zhәne orys tүrik 1806 12 1828 29 sogystary bolyp otti Sojtip 1803 64 zh Batys Gүrzhistan da Resejge tolygymen bagyndy Syrttan shabuyl sayabyrlap el ishinde sauda sattyk zhandanganymen gүrzhilerdi orystandyru sayasaty bastalyp sharualardy kanau kүshejdi Halyk koterilisterin үkimet әskerleri kүshpen basyp otyrdy 1864 71 zh sharualardyn basybajlylygy zhojylgannan kejin el ishinde ondiris pen sauda sattyktyn damuyna zhol ashyldy Ұlttyk intelligenciya kalyptasty Resejdegi Akpan tonkerisinen kejin 1917 zh 7 nauryzda Kavkaz syrty erekshe k ti kuryldy 1917 zh 17 karashada bul k t taratylyp үkimet basyna menshevikter partiyasy keldi 1918 zh 26 mamyrda Gүrzhistan tәuelsiz respublika bolyp zhariyalandy Ishki syrtky zhagdajdyn shielenisuine bajlanysty bul үkimet 1920 zh 1 mamyrda RKFSR men kelisimshart zhasasuga mәzhbүr boldy Osy kelisimshart negizinde bolshevikter үkimet kuramyna engizildi 1921 zh Қyzyl Armiya bolimderi menshevikter үkimetin kulatyp Kenes okimetin ornatty Gүrzhistan 1922 36 zh Kavkaz syrty kenestik federativtik soc respublikasy kuramyna kirdi 1936 91 zh KSRO kuramyndagy odaktas respublika boldy 1991 zh 9 sәuir kүni otken zhalpyhalyktyk referendumnyn korytyndysy bojynsha respublika Zhogary Kenesi eldin 1918 zhylgy tәuelsizdigin zhәne 1921 zhylgy konstituciyany kalpyna keltiru turaly akt kabyldady Sol zhyly mamyr ajynda otken prezident sajlauynda Z Gamsahurdiya zheniske zhetti Birak el ishindegi zhagdajdyn shielenisuine bajlanysty kurylgan Әskeri Kenes prezidentti elden ketirip parlamentti taratyp zhiberdi de bar bilikti oz koldaryna aldy 1992 zh nauryz ajynda Әskeri Kenes te taratylyp ornyna Eduard Shevardnadze bastagan Meml Kenes kuryldy Sol zhyly 11 kazanda zhana parlament zhәne onyn toragasy sajlandy 1995 zh zhana konstituciya kabyldanyp sonyn negizinde otken prezident sajlauynda 5 11 1995 E Shevardnadze zheniske zhetti Ishki sayasi zhanzhaldardy aradagy karym katynastardy bejbit zholmen rettep el ekonomikasyn reformalau isindegi kyzmetin bagalagan halyk ony 2000 zh zhana merzimge prezident etip sajlady Gүrzhistan agrarly industriyaly el Ekonomikasynyn negizgi salalary tamak onerkәsibi shaj temeki mineraldy susyndar sharap konyak shygaru zhenil onerkәsip mashina zhasau kara zhәne tүsti metallurgiya himiya onerkәsibi Auyl sharuashylygynda shaj temeki zhemis zhidek osiru mal sh damygan Қara teniz zhagalauyndagy kurortty kalalarda turizm zhaksy zholga kojylgan Zhan basyna shakkanda ulttyk tabys 1060 doll shamasynda Gүrzhistan BҰҰ TMD t b halykaralyk ujymdardyn mүshesi Basty sauda seriktesteri Resej Tүrkiya Armeniya Әzirbajzhan Gүrzhistan Қazakstanmen 1992 zhyldan 23 shilde beri diplomatiyalyk katynas ornatkan Eki el arasynda tikelej zhәne TMD shenberinde ekonomikalyk zhәne mәdeni bajlanystar dami tүsude Bolashakta eki zhak Kaspij tenizinin kazakstandyk boliginen ondiriletin munajdy Baku Dzhejhan marshruty bojynsha Bat Europa elderine shygaruga mүddeli MәdenietiGүrzhi mәdenieti shygys halyktary zhәne grek rim mәdenietterimen aralasu nәtizhesinde kalyptasty Eldin ezhelgi zhazba mәdenieti saktalyp kalgan Gүrzhistanda 4 g dyn 1 zhartysynda zhogary sheshendik mektebi Kolhida akademiyasy kurylgan 5 g da shirkeuler zhanynan algashky mektepter ashyla bastady 10 12 g larda algashky zhogary oku oryndary Galat akademiyasy Ikaltoj akademiyalary dүniege keldi 13 17 g lar arasynda ishki bytyrankylyk pen shet el baskynshylaryna karsy kүreske bajlanysty gruzin mәdenieti birshama tokyrap tek sayasi zhagdaj turaktangan 18 g dan bastap kajta zhandana bastady Osy gasyrdyn ayagynda oku agartu zhumysy tez koterilip Tbilisi 1755 Telav 1782 seminariyalary 1851 zh Tbilisi opera teatry ashyldy Қazirgi Gүrzhistan mәdenieti oneri kemeldengen memleket Elde 19 meml zhogary oku orny onyn ishinde Tbilisi zhәne Suhumi un tteri 32 teatr 110 muzej zhumys istejdi Gruziyany eshkandaj asyra ajtpaganda әlemdegi en dәmdi sharaptardyn kejbir tүrleri ondirilgen el dep atauga bolady Tarihi turgydan alganda bul ajmaktyn bүkil tarihy sharap ondirumen tygyz bajlanysty VIII gasyrdagy zhergilikti kolonershiler A D arnajy tehnologiyany koldana otyryp kүshti susyndar shygarumen tanymal Gruzin alkogoli әli kүnge dejin ozinin bedeline saj keledi zhәne tutynushylardyn ozgermejtin sүjispenshiligin koldajdy Gruziya konyaktary erekshe bagalanady ӘdebietiGүrzhi әdebieti oz bastaularyn erte zamannan alady Ezhelgi grek akyny Apollon Rodoskijdin b z b 3 g shygarmalarynda gүrzhiler zhoninde ajtylady 5 11 g lar aralygynda shirkeulik dini әdebiet damydy 12 g da ortalyktangan Gүrzhistan patshalygy kezinde epostyk zhyrlar zhazyldy Zholbarys terisin zhamylgan batyr Abdul Messiya Tamariani t b 16 g da gүrzhi әdebieti kajtadan zhandandy Kaheti patshasy Tejmuraz I 1589 1663 lirikalyk filos tarihi takyryptarda olender zhazdy koptegen shygys akyndarynyn shygarmalaryn Lәjli Mәzhnүn t b kajta zhyrlady Ekinshi bir gүrzhi patshasy Archil II 1647 1713 ulttyk tarihi takyryptarda olender men poemalar zhazdy 1830 40 zh Gүrzhi әdebietinde romantikalyk bagyt damydy Onyn iri okilderi A G Chavchavadze 1786 1846 G D Orbeliani 1804 1883 A M Baratashvili 1815 1845 boldy 1860 zhyldan bastap gүrzhi әdebieti zhana klassikalyk satyga koterildi Gүrzhi әdebietinin klassikteri I G Chavchavadze 1837 1907 A R Cereteli 1840 1915 N Ya Nikoladze 1843 1928 Kenes zamanynda da Gүrzhistan әdebietinde әlemge tanymal korkem shygarmalar zhazyldy Bul kezendegi kornekti akyn zhazushylar I V Abashidze K S Gamsahurdia V Sh Avaliani O R Chheidze N Dumbadze t b boldy Tagy karanyzGruzin Sovettik Socialistik Respublikasy Gruziya kalalarynyn tizimiDerekkozder 1991 zhylgy 9 sәuirde Gruziyadagy memlekettik tәuelsizdikti kalpyna keltiru kүni dep zhariyalandy al tәuelsizdik kүni 1918 zhylgy 26 mamyrda Gruziya Demokratiyalyk Respublikasynyn deklaraciyasynyn kүni 1922 1936 zhzh SSSR kuramyna kiretin Gruziya SSR zhәne KSRO 1936 zhyldan 1991 zhylga dejin Gruziyanyn demokratiyalyk respublikasynyn murageri bolyp sanalady alajda ol Gruziyanyn resmi poziciyasynan erekshelenedi Suranymdyktar suragy bolimin karanyz Number of Population Tekserildi 3 mamyr 2019 2014 General Population Census Main Results General Information National Statistics Office of Georgia Tekserildi 2 mamyr 2016 World Economic Outlook Database October 2018 Human Development Indicators United Nations Development Programme 2018 Tekserildi 18 kyrkүjek 2018 Gruziyalyk Aragvi brendi KSRO dan beri Pajdaly siltemelerGruziya zhanalyktary Parlament Prezident Zhogargy sot Svobodnaya Gruziya gazeti