Кестелеу (өрнек салу) - мата бетіне әшекей өрнек салу өнерінің бір түрі. Кестелеуге кез келген маталар және әр түрлі жіптер (мулине, жүн жіп, жібек жіп, синтетикалық жіп) пайдаланылады.
Қолмен кестелеу
Керекті құрал-жабдықтар
- Кестелуді қолмен тігу үшін жіп, мата, ине (көзі кең, қысқа), қайшы, оймақ, түйреуіш, желім, біз және дөңгелек кергіш қажет.
- Матаның қалыңдығы кесте жібінің жіңішке, жуандығына және тігістің шаншылым жиілігіне сай келуі керек. Мата қалыңдау болғаны дұрыс, бірақ тігісті тартып, иненің өтуін қиындатпауы керек, мата өте жұмсақ болса да тіккен кесте бедері әдемі көрінбей қалады. Кенеп матаның құрылымы қандай мөлшердегі болсын иненің өтуіне оңай, иненің қалдырған ашық іздері басқа маталарға қарағанда кейін тез жабылып кетеді. Өте нәзік бұйымдарды кестелеуге өте жұқа бірақ құрылымы тығыз маталарды пайдаланған жөн, себебі ол жұмысқа қосымша айқындық әсер беріп тұрады. Айқас тігіс сияқты санап тігілетін кестелерге канва ыңғайлы. Канвалар жіптердің санына, тығыздығына қарай әр түрлі нөмірлі болады. Нөмір санының өсуіне қарай канваның көздері кішірейе береді.
- Иненің жуан-жіңішкелігі кесте тігілетін материалдың қалыңдығына және жіптің жуан-жіңішкелігіне (нөмеріне) байланысты болады. Кесте тігудегі ең басты құралдың бірі болғандықтан иненің сапасының жоғары болғаны дұрыс. Кестенің түрлеріне қарай инелердің де түрлері әр түрлі болады. Жіптің жеңіл сабақталуы үшін иненің көзінің үлкен болғаны дұрыс. Өте ірі инемен кестеленген кесте тегіс болып түспейді.
- Жүн маталарды кестелеуге ұзындығы орташа (көлемі 1-10) емес, бірақ жіп өтетін көзі үлкен, ұшы сүйір ине қолданылады.
- Ұшы сүйір (көлемі 13-26), ұзын және жуан, көзі үлкен ине материалды жуан жіптермен кестелеу үшін қолданылады.
- Тегіс тоқылған және селдір матаны (канвалауға) кестелеуге ұшы доғал (өлшемі 13-26) ине пайдаланылады. Мұндай ине матаның жіптерін суырмайды, түтпейді.
- Жіптің ұзындығы 50-60 см. артық болмауы керек. Кесте жіптердің бірнеше түрлерімен кестеленеді:
- Ширатылған мақта жіп - әдетте жеңіл бөліп алуға болатын алты қабаттан тұрады. Кейбір мұндай ширатылған жіптерді бөлмей сол күйінде пайдаланады. Канваға кестеленетін кестелерден басқа түрлеріне қоладана береді.
- Ширатылған жібек жіп - алты қабаттан тұрады, мақта жіптер сияқты пайдаланылады, ерекшелігі жібек жіп жарқырап кесте түрін ашып тұрады.
- Ирис - ширатылған жылтыр жіп кестенің көп түрлеріне қолданылады.
- Кесте тігуге арналған жұмсақ мақта жіп - көбіне канва және қалың маталарды кестелеуге қолданылады.
- Металл жіптер.
- Жіңішке жүн жіп - қос қабатты жіңішке жүн жіппен маталарды, сонымен қатар канваға тігілетін әдемі өрнектерді кестелеуге жарамды.
- Қайшының ұшы үшкір, ұзындығы 10-12 см. болғаны дұрыс.
- Оймақ - қалың маталарды кестелеген кезде қолды жарақаттамай матаға иненің кіруін жеңілдетеді. Оймақтар қандай материалдан жасалса да ортаңғы саусаққа киюге ыңғайлы болғаны дұрыс.
Кеңестер
Кестелеу кезінде жіпті түйіншектеуге болмайды.
- Кестелеуді бастар алдында жіпті матаға бекіту тәсілдері:
- бірінші тәсіл - инені бірнеше рет шаншып, ұсақ тігістер жасап алу керек, ол жер артынан кестемен жабылып кететіндей болуы тиіс;
- екінші тәсіл - инені бір рет шаншып алып, жіпті матадан ақырына дейін суырмай, қалған ұшын екінші рет ине шаншып, үстінен тігіп алу керек, жіптің ұшын қиып тастап, оның үстін кестемен бастырады;
- үшінші тәсіл - екі қабатталған жіпті тұйықталмаған ұшынан сабақтап, инені матаның астынан үстіне қарай шығарып, жіпті ақырына дейін тартпай, инені қайта төмен шаншу арқылы жіптің тұйықталған ұшын бастыра тартады.
- Кестені бітірер кезде кестелеп отырған жіпті жиі шаншып, суреттің астына жіберіледі.
- Ұсақ бұйымдарды әдетте дөңгелек кергіште кестелейді. Матаны кішілеу кергішке салып, үстінен үлкен шеңберді салады да кереді.
- Суретті матаға көшіргі қағаз арқылы калькаға түсіріп, сосын сурет нұсқасын түрлі-түсті қарындашпен сызады. Жібек маталарға сурет түсіру үшін суреті бар қағазды матаға салып сурет нұсқасын көктеп шығады да қағазды жыртып алып тастайды.
Кесте түрлері
Жай тігістер
- Сабақты кесте. Кестенің бұл түрін тігу үшін өрнектің нұсқалары пайдаланылады. Оларды тіккен кезде ине кері шаншылады, яғни әрбір жаңа тігіс осылайша түседі. Жіпті бекітіп, инені матаның кесте түсетін бетіне шығарған соң оған 2-4 жіпті іліп алу керек. Жіпті шығарып алған соң инені қайта шаншып, сосын оған алғашқы тігіске қанша жіп алынса, сонша жіп іліп алады. Тігістердің біркелкі болып түсуін қадағалау және инені екінші, үшінші, одан кейінгі тігістерде алдыңғы тігістің ортасынан шығарып отыру қажет.
- Барқыт тігісі. Кестенің бұл түрімен балалардың киімін әшекейлейді. Оның үстіңгі жағы айқасып келеді де, астынан параллель бағытта екі қатар тігіс түседі. Кестенің бұл түрімен кестелегенде жіптерді санап, есептеп отыру керек. Егер кесте тігінен тігілетін болса, онда материалдың екі шетінен параллель екі сызықты белгілеп алады. Қалың маталардан екі жіптен суыр керек. Кестелеу төменнен жоғары қарай басталады. Инені тігіп отырған адам өзіне қарай бағыттап шаншып отырады. Кестені 3-4 түрлі жіппен кестелеуге болады, тек жіптердің түсі бірін-бірі ашатындай, дұрыс таңдалуы қажет.
Біз кесте
Біз кесте - кергішке керілген арнайы мата бетіне түсірліген (сызылған) ою-өрнек немесе бейнені сызық бойымен қармақ бізді матадан ары өткізіп, жіпті бері іліп шалып алу арқылы қайталанатын майда тігісті айтамыз. Кестенің бұл түрімен кейбір контурлы ою-өрнектер немесе гүлдің сабағы кестеленеді. Тігілу мәнері жағынан ол көлемі біркелкі ілмектер шынжыр секілді біріне-бірі тіркесе тігіледі. Шынжырларының формасы мен көлемі әр түрлі болып келеді. Жіпті бекітіп, оны матаның оң жақ бетіне шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолдың басбармағымен басып тұрып, инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмен қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншиды. Тігістің теріс жағынан ине ілмектің астынан өтіп, тігістің үстіне ілмектің ортасынан шығады.
"Шнурок" және "велюшка" тігісті кестелер
Бұл тігістермен көйлектің қалтасын, кеудесін әшекейлеуге болады. Кестелетін материалдың өзінің жібімен төгілген кесте ерекше әдемі болып шығады. Кесте төгілетін жер ромбылап торға бөлінеді, ромбының жақтары 2-3см. болуы керек. Сосын тор сызықтары бойымен сиректеу етіп тігіс түсіріледі. Тігістің көлемі және олрадың ара қашықтығы біркелкі болғаны дұрыс, олар 5 миллиметрден аспағаны жөн. Жаңа жіппен тігілетін келесі тігісте инені алғашқы тігістің әр қайсысының түбірінен жоғарыдан төмен қарай шаншу керек. "Шнурок" тігісі осылайша тігіледі. Егер инені біресе жоғары, біресе төмен шанши тіксе "велюшка" деген тігіс шығады.
Санап кестелеу
Санап кестелеу де аталатын кестені жіп оңай суырылатын матаға кестелейді. Бұл тігіс әдетте тік сызық бойына түсіріледі. Санап кестелеу түрлері:
- Терме тігіс - өрнектің бір шетінен келесі шетіне дейін, жіптерін санай отырып, біресе оң жағына, біресе теріс жағына қарай матаның жібін бойлай "инені алға салу" әдісімен тігіледі. Теріс жағының өрнегі оң жағының өрнегіне кері болып түседі.
- Қиғаш тігіс - матаның көлденеңінен 2 жібін, тігінен 4 жібін бастыра, қиғаш бағытта тігіледі.
- Айқас тігіс - кесетенің ең көп тараған түрі. Бұл тігілуі қарапайым әрі әдемі кесте. Айқас тігіс кестесін селдір матаға түсірген дұрыс. Оның размері кестелейтін жіптің жуан-жіңішкелігіне, матаның қалыңдығына байланысты. Кестелеу барысында үстіңгі негізгі тігістің бір бағытта түсіп отыруын бақылау керек. Бұл кестені бір түсті және көп түсті жіптермен кестелеуге болады. Бір түсті жіппен кестелеген кезде көбінесе басқа түсті жіппен жиіектеліп отырады. Бұл кестені үш түрлі тәсілмен тігуге болады.
- 1 - тәсіл - матаның теріс жағынан тік тігіс түсіру. Бір қатарды солдан оңға қарай жартылай айқастырылып тігіледі, сосын осылай кері бағытта қайталанады:
- 2 - тәсіл - матаның теріс жағынан көлденең тігіс түсіру. Оңнан солға қарай тұтас айқас тігіс тігіледі. Сосын теріс жағынан инені сол жаққа қарай өткізіп, араға бір бүтін айқас тігіс қалдырады да, инені оң жақ бетіне шаншып шығарады.
- 3 - тәсіл - көлбеу айқас тігісі. Кестелеуді төменнен жоғарыға қарай бастау керек.
- Жартыкеш айқас тігіс. Бұл кестенің екі жақты тігісі болады, яғни астыңғы және үстіңгі тігістер жіпті үзбей отырып тігіледі. Түзу және қиғаш болып түсетін кестенің бұл түрі қарапайым, әдемі өрнек түзеді. Кесте екі жүріспен тігіледі:
- 1 - жүріс - "инені алға салу" әдісімен сурет нұсқасының бойымен жүріп шығу;
- 2 - жүріс - алғашқы жүрісте ашық қалған жерлерді қамти отырып, "инені алға салу" әдісімен кері бағытта тағы да жүріп шығу.
Санап тігілетін кесте
Бұл кестені матаның жібін санап отыру арқылы тігеді. Кесте төгілетін мата селдір болуы керек. Кестелейтін жіптің жуандау болғаны дұрыс, өйткені ашық жер қалмай жиі тігіледі. Тігістің тік, көлденең және қиғаш болып әр түрлі түсуі мүмкін. Тік түскен тігістің саны мен биіктігінің алмасып келуі ирек-ирек өрнек түсіреді, ал тік және көлденең тігістердің жымдаса түсуінен басқа бір өрнек туады. Кестелеуді солдан оңға қарай жүргізеді. Инені матаның оң жақ бетіне шығарып, жоғары қарай бір тігіс түсіреді. Сосын матаның астына түскен инені алғаш шанышқан жермен дөңгейлестіре, оң жаққа қарай әкеліп, жаңа тігіс түсіреді.
Өткерме тігісті кесте
Кестенің бұл түріне мережкалар (шілтерлер) жатады.
Шым кесте
Шым кесте - сурет бойынша кестелеу. Кестенің бұл түрін кез келген матаға түсіруге болады.Оның бірнеше түрі бар.
- Бір жақты тығыз кесте ("верхошов" немесе "владимир кестесі") - мұндай кестемен жастық тысына, дастарқанға т.б. өсімдік сабақтарын, гүлін, жапырағын салып кестелейді. Мұның бір өзгешелігі, тігілген кестенің тігістері түгелдей матаның оң жақ бетіне түседі, ал теріс жағынан матаның небәрі бірнеше жібі ғана іліп алынады. 6 қабатталған мулине жіппен немесе жүн жіппен тігіледі. Әдете, қызыл жіпке көк, сары, жасыл және ақ жіпті үйлестіріп алады. Бұл кестенің тігістері біріне-бірі тым тақау түспейді. Оң жақ бетіне негізгі сурет түседі, ал теріс жағына сурет нұсқасының бойымен көктелген сияқты бір қабат тігіс түсіп отырады.
- Өсімдік жапырағын салып тігу үшін тығыз кестемен кестелейді - тігісті жапырақтың ортасынан бастап екі бағытта қиғаштай түсіреді, кестелеу жапырақтың сүйір ұшынан басталады:
- бірінші - тігісті ұзын етіп ортаға қарай түсіреді;
- алдымен жапырақтың бір жақ бөлігі тігіледі, сосын жоғарыдан төмен қарай екінші бөлігі тігіледі;
- гүлін тіккен кезде тігісті ортаға қарай түсіреді, ортасын әдетте кереге көздеп толтырады. Кереге көзді түсіру үшін кестелеп отырған жіпті бір шетінен екінші шетіне көлденеңінен және тігінен тартады. Пайда болған кереге көздің қиылысқан жерлеріндегі жіпті бекітіп, крестпен немесе басқа да тігіс түрлерімен әшекейлеп тігуге болады.
Ақ кестемен әйелдердің іш киімін, бет орамалдарды, жастық тыстарын кестелейді. Сурет нұсқасын "инені алға салу" әдісімен тігіп алады. Кесте бедерленіп түсетін жерге келесі кестенің бағытна қарама-қарсы бағытта бірнеше ірі тігіс түсіріледі "кесте көлденеңінен түсетін болса, оның астынан ұзынынан тігіс түсіреді).
- Бедерленіп түскен ақ кесте әдетте кестенің басқа түрлерімен де жақсы үйлесіп кетеді:
- түйіндеу (гүлдің және жапырақтың кей жерлерін осылайша кестелейді) - инені матаға шаншып, оған жіпті бірнеше рет орайды (түйіннің размеріне байланысты), сосын жіпті сол қолдың бас бармағымен басып тұрып, ілмектің үстінен тартып алады да бекітеді;
- ойып алып торлау - бұл кестені тігерде сурет нұсқасын алдымен "инені алға салу" әдісімен тігіп алып, сосын тесікке торлайтын инені шаныша отырып, тығыз етіп кестелейді;
- матаның теріс жағынан айқастырып, қиғаш тігіс түсіріп, оң жағынан сурет нұсқасын қысқа тігістермен толтырады.
Бұл шым кестенің бір түрі. Оның жеке өзін де сабақты кестемен бірге де қолдана беруге болады.
- Атлас кесте - тігістері біріне-бірі өте жақын, шым болып түседі. Қолданылатын жіптер - мулине және жібек. Инеге жіпті бір қабаттан қана сабақтайды. Әрбір келесі тігісті тіккенде алдындағы тігілген тігітен сәл кері қарай инені көрші тігістің ортасын ала шаншиды. Барлық тігіс жапырақтың өзегі бойынша жүріп отыруы қажет.
- Екі жақты түрлі-түсті шым кесте - шым кестенің қарапайым бір түрі. Кішкентай және орташа формадағы өсімдік бейнесі, сондай-ақ геометриялық ою-өрнектер кестелінеді.
- Көркем кесте - бұл кестемен тек өсімдік суретін ғана емес, шағын пейзажды бейнелеуге де болады. Осы кестемен кестелегенде бір түсті жіптің бірнеше түрі бір-біріне баяу ауысып, құлпыра өзгеріп отырады. Ол үшін бірнеше түстің тігісінің ұзындығы әр түрлі етіледі. Сосын екінші түсті жіппен кестені жалғастырады, бұл тігістердің ұзындығы да әр түрлі етіліп, алғашқы тігістен қалған аралық шетінен толтырылады. Олар алғашқы тігістің үстін баса отырып, бір түрлі жіптің бірнеше түске ауысқанын байқатпай жібереді.
- Орыс кестесі - бұл кесте "инені алға салу" әдісімен матаның түзу жібі бойымен тігіледі, инені оң жағынан 1 мм жерден өткізеді. Өрнектің бәрін бір бағытта түсетін тігіспен тігеді. Иненің жанындағы тігістің ортасына таман шаншып, келесі қатардың тігісін түсіреді. Кестелеген кезде тігістердің арасынан мата көрінбейтіндей етіп кестелейді. Ол үшін тігістердің арасы өте жиі болуы тиіс (бос ширатылған жіппен тіккен дұрыс). Орыс кестесімен ақ сары және сұр түсті маталарды ақ жіппен кестелейді. Сондай-ақ жастық, жастық тысына, дастарқанға, т.б. ұсақ тор көздермен үйлестіріп, әдемі кестелер төгеді. Матаға тор көзді жасау үшін тор көз түсетін жердің бір шетінен келесі шетіне дейін жіпті шаршылап таратып, жіптердің қиылысқан жерін ұсақ көлденең тігістермен бекітеді.
- Қиып кестелеу. Бұл кестемен көрпенің, жастықтың тыстарын, көйлек, жейдемелерді кестелейді. Кестелеу мәнері ақ кестемен ойып торлуға ұқсайды, айырмашылығы формасының тек қана дөңгелек емес, сопақша да болып келуінде.
Зер кесте
Алтын, күміс сияқты қымбат бағалы заттар жүргіртіп немесе жіптің сыртын солармен әшекейлеп жасалған сәндік бұйым. Алтындалған жіппен тігілген бұйымдарды да зер деп атайды. Зерленген дайын бұйымдардың үлкен-кішілігіне қарай зертаспа, ширатпа зер, оқа деп бөлген. Зерлеп тігу кесте өнерінде көп қолданылады. Көбінесе қымбат шапандар, дәулетті адамдардың бас киімдері, бағалы тұскиіздер, қалталар эер жіпптермен кестеленеді.
Оюластырып кестелеу
Оюластырып кестелеу немесе оюластырып жапсыру - маталарды бөлек-бөлек кестелеп, оюластырып жапсыру. Бұлар бірыңғай матаға (барқыт, т.б.) біртұтас мазмұндағы бірнеше ою-өрнектердің жиынтығынан, үйлескен тұтас желісін жасау нгегізінде тігіледі. Бір матаның бетіне екінші матадан қиылған сұлба салынып шет жақтары әр түрлі кесте тігістерімен тігіліп сәнделеді. Көбнесе торлау әдісін қолданады. Кесте тігер алдында қиылып алынған өрнекті мата бетіне көктеп алып шеттерін бүгіп кестелеуге болады немесе салынатын өрнекті маталарға арналған желімдермен үтіктеп бекітіп алады.
Баспа кесте
Баспа кесте деген материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестеленген шымқай кестені айтады. Шым кесте ақ матаға тегістікті сақтау арқылы жіпті қатар орналастыру әдісімен тігіледі. Шым кестеге өрнек пен оюдың , аң-құс, гүлдің түрлі сұлбалары салынып, көбіне орамалдың шеті, кимешектің жағы, жастықтың тысы, жейденеің жаға-жеңі және төсек жапқыш, сәукеле сияқты басқа да көптеген киімдерге тігіледі.
Көпіртіп тігу
Әзірленген өрнек үлгісінің үстінен тігіледі. Мұндай материалдың бетіне бүлдіргеленген жіп түйіндері қалдырылып отырады. Кестенің жібі бірнеше түрлі болуы мүмкін. Бедерлеп тігу әдісімен алма, жүзім, бүлдірген, қарақат, қауын, қарбыз түйнектері, гүлдің жапырақтары, тақияның төбесінің өрнектері тігіледі.
Түктеп тігу
Бізбен шаншылған жіптің үстіңгі жағында өң бетінде кейде 1, көбіне 2 см-дей бүлдіргі жіп қалдырып отырады. Кестені тігіп болғаннан кейін қалған бүлдіргілерді тегіс қырқады. Жиі шаншылып қалың түскен бүлдіргі қырқылған соң, кілемнің түгі сияқты болып түрлі-түсті болады. Кейде түгінің биіктігі біркелкі болу үшін астына ширатқан жуан жіп, жұмсақ металл шыбықты мүйіздеп ою-өрнегіне келтіріп салып тігеді де, тігіп болған соң, әлгі тігіс астынан салған заттарды үстінен тіліп алып тастайды. Сонда түктеп тігілген кесте біркелкі, ою-өрнегі айқын болады.
"Рококо"
Мұндай кестемен тек өсімдік бейнесін ғана түсіреді. Оның формасы дөңестеу болып, бедерленіп түседі. Кестелеуге мулине, жүн және синтетикалық жіптер қолданылады. Иненің көзі кішкентай, өзі жуан балуы керек. "Рококоны" жеке өзін емес, басқа кестелермен бірге тіккен жөн.
- Тігу әдісі:
- жіпті теріс жағынан бекітіп, инені оң жағынан шығару керек;
- сосын инені матаға шаншып, иненің ұшына жіпті орайды;
- оралған жіпті саусақпен басып тұрып, инені сол арқылы шығарып алады;
- инені қайтадан матаға шаншып теріс жағына шығарады.
Кестенің көлемі инеге оралған жіптің орам санына байланысты.
Баумен кестелеу
Киімді әшекейлеу үшін пайдаланылады. Жіптерден (жүн, жылтырақ жіп қосылған жартылай жүн), ширатлыған баумен немесе дайын баулармен тігіледі. Баудың жуандығы мен түрі кесте тігілетін бұйымның қандай екендігіне байланысты. Бір киер киімге тігілетін бау жіңішке, жылтылдақ болуы керек. Мұндай жағдайда майда өрнектерді таңдаған жөн. Оған маржан салып тігіп, өрнекті толықтыра түсуге де болады Спорт киімдері үшін бауды жуандау етіп, бедерлеп тігеді. Түсірілген өрнек түрі де ірі геометриялық бейне және эмблема болуы керек. Теріден, замштан аппликация жасап, толықтыруға болады. Ширатылған баудың нұсқасы суреттің үстіне салынып, астынан білдірмей тігіледі немесе суретте көрсетілгендей етіп бекітіледі.
Ришелье
Ришелье - ойма кесте. Өрнектелетін материалды өрнек мәнеріне қарай тесіп алады да, оны торлай ортасын кереге көздеп, шалу арқылы түрлі өрнек салады. Көрпенің, жастықтың тыстарын, салфеткаларды, бет орамалдарды, киімді өрнектеуге қолданылады. Сурет нұсқасын "инені алға салу" әдісімен бір рет немесе бірнеше рет жүргізеді. Мұнымен бір мезгілде өрнектердің арасынан брид жасалынады.
- Оларды 3 түрлі тәсілмен жасауға болады:
- орау, ілмек, тігіспен тігу немесе негігі тігістің астынан қосымша тігіс түсіру;
- сосын өрнектің бәрі шетінен қиятын жаққа қарай бағытталып, тығыз етіп ілмек тігіспен тігіледі;
- өрнек дайын болған кезде өрнек сызығы мен шетінің арасындағы материал қайшымен қиып тасталынады.
Бұл кестеде тігілетін өрнектер қалдырылып фоны қиылып тасталады. Тығыз тоқылған маталарға кестеленеді, мақта, ирис және жібек жіптер пайдаланылады.
Гобелен кесте
Гобелен кесте кенеп, мақта және селдір маталарға тігіледі. Бұл кестемен (оны жүн жіппен немесе жуан етіп ширатылған жібек жіппен тіккен дұрыс) әдетте бұйымдарды тұтастай кестелеп, тігінен және қиғашынан тігеді.
- Тік тігісті солдан оңға қарай немесе оңнан солға қарай тігінен жүргізеді. Тігістің биіктігі матаның 2-4 жібінің аралығында болады.
- Қиғаш тігісті солдан оңға қарай биіктігін матаның 2 жібіне, енін матаның 1 жібіне тең етіп алып кестелейді
Машинамен кестелеу
Түрлі бұйымдарды әшкейлеу үшін машинамен кестелеу де кеңінен қолданылады. Қолмен кестеленетін кесте түрлерінің барлығын дерлік машина да атқара алады.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- "Шаңырақ" үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы. 1991. ISBN 5-89800-035-6 (1-й з-д)
- Мұхамеджанұлы З. Қазақтың кесте өнері. Танымдық-көпшілік басылым. "Алматыкітап баспасы" ЖШС, 2008 - 144 бет, суретті.ISBN 978-601-01-0297-2
Дереккөздер
- "Вышивка", альбом. Киев "Веселка" 1986г.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kesteleu ornek salu mata betine әshekej ornek salu onerinin bir tүri Kesteleuge kez kelgen matalar zhәne әr tүrli zhipter muline zhүn zhip zhibek zhip sintetikalyk zhip pajdalanylady KesteleuҚolmen kesteleuKerekti kural zhabdyktar Kesteludi kolmen tigu үshin zhip mata ine kozi ken kyska kajshy ojmak tүjreuish zhelim biz zhәne dongelek kergish kazhet Matanyn kalyndygy keste zhibinin zhinishke zhuandygyna zhәne tigistin shanshylym zhiiligine saj kelui kerek Mata kalyndau bolgany durys birak tigisti tartyp inenin otuin kiyndatpauy kerek mata ote zhumsak bolsa da tikken keste bederi әdemi korinbej kalady Kenep matanyn kurylymy kandaj molsherdegi bolsyn inenin otuine onaj inenin kaldyrgan ashyk izderi baska matalarga karaganda kejin tez zhabylyp ketedi Өte nәzik bujymdardy kesteleuge ote zhuka birak kurylymy tygyz matalardy pajdalangan zhon sebebi ol zhumyska kosymsha ajkyndyk әser berip turady Ajkas tigis siyakty sanap tigiletin kestelerge kanva yngajly Kanvalar zhipterdin sanyna tygyzdygyna karaj әr tүrli nomirli bolady Nomir sanynyn osuine karaj kanvanyn kozderi kishireje beredi Inenin zhuan zhinishkeligi keste tigiletin materialdyn kalyndygyna zhәne zhiptin zhuan zhinishkeligine nomerine bajlanysty bolady Keste tigudegi en basty kuraldyn biri bolgandyktan inenin sapasynyn zhogary bolgany durys Kestenin tүrlerine karaj inelerdin de tүrleri әr tүrli bolady Zhiptin zhenil sabaktaluy үshin inenin kozinin үlken bolgany durys Өte iri inemen kestelengen keste tegis bolyp tүspejdi Zhүn matalardy kesteleuge uzyndygy ortasha kolemi 1 10 emes birak zhip otetin kozi үlken ushy sүjir ine koldanylady Ұshy sүjir kolemi 13 26 uzyn zhәne zhuan kozi үlken ine materialdy zhuan zhiptermen kesteleu үshin koldanylady Tegis tokylgan zhәne seldir matany kanvalauga kesteleuge ushy dogal olshemi 13 26 ine pajdalanylady Mundaj ine matanyn zhipterin suyrmajdy tүtpejdi Zhiptin uzyndygy 50 60 sm artyk bolmauy kerek Keste zhipterdin birneshe tүrlerimen kestelenedi Shiratylgan makta zhip әdette zhenil bolip aluga bolatyn alty kabattan turady Kejbir mundaj shiratylgan zhipterdi bolmej sol kүjinde pajdalanady Kanvaga kestelenetin kestelerden baska tүrlerine koladana beredi Shiratylgan zhibek zhip alty kabattan turady makta zhipter siyakty pajdalanylady ereksheligi zhibek zhip zharkyrap keste tүrin ashyp turady Iris shiratylgan zhyltyr zhip kestenin kop tүrlerine koldanylady Keste tiguge arnalgan zhumsak makta zhip kobine kanva zhәne kalyn matalardy kesteleuge koldanylady Metall zhipter Zhinishke zhүn zhip kos kabatty zhinishke zhүn zhippen matalardy sonymen katar kanvaga tigiletin әdemi ornekterdi kesteleuge zharamdy Қajshynyn ushy үshkir uzyndygy 10 12 sm bolgany durys Ojmak kalyn matalardy kestelegen kezde koldy zharakattamaj mataga inenin kiruin zhenildetedi Ojmaktar kandaj materialdan zhasalsa da ortangy sausakka kiyuge yngajly bolgany durys Kenester Kesteleu kezinde zhipti tүjinshekteuge bolmajdy Kesteleudi bastar aldynda zhipti mataga bekitu tәsilderi birinshi tәsil ineni birneshe ret shanshyp usak tigister zhasap alu kerek ol zher artynan kestemen zhabylyp ketetindej boluy tiis ekinshi tәsil ineni bir ret shanshyp alyp zhipti matadan akyryna dejin suyrmaj kalgan ushyn ekinshi ret ine shanshyp үstinen tigip alu kerek zhiptin ushyn kiyp tastap onyn үstin kestemen bastyrady үshinshi tәsil eki kabattalgan zhipti tujyktalmagan ushynan sabaktap ineni matanyn astynan үstine karaj shygaryp zhipti akyryna dejin tartpaj ineni kajta tomen shanshu arkyly zhiptin tujyktalgan ushyn bastyra tartady Kesteni bitirer kezde kestelep otyrgan zhipti zhii shanshyp surettin astyna zhiberiledi Ұsak bujymdardy әdette dongelek kergishte kestelejdi Matany kishileu kergishke salyp үstinen үlken shenberdi salady da keredi Suretti mataga koshirgi kagaz arkyly kalkaga tүsirip sosyn suret nuskasyn tүrli tүsti karyndashpen syzady Zhibek matalarga suret tүsiru үshin sureti bar kagazdy mataga salyp suret nuskasyn koktep shygady da kagazdy zhyrtyp alyp tastajdy Keste tүrleri Zhaj tigister Sabakty kesteSabakty keste Kestenin bul tүrin tigu үshin ornektin nuskalary pajdalanylady Olardy tikken kezde ine keri shanshylady yagni әrbir zhana tigis osylajsha tүsedi Zhipti bekitip ineni matanyn keste tүsetin betine shygargan son ogan 2 4 zhipti ilip alu kerek Zhipti shygaryp algan son ineni kajta shanshyp sosyn ogan algashky tigiske kansha zhip alynsa sonsha zhip ilip alady Tigisterdin birkelki bolyp tүsuin kadagalau zhәne ineni ekinshi үshinshi odan kejingi tigisterde aldyngy tigistin ortasynan shygaryp otyru kazhet Barkyt tigisiBarkyt tigisi Kestenin bul tүrimen balalardyn kiimin әshekejlejdi Onyn үstingi zhagy ajkasyp keledi de astynan parallel bagytta eki katar tigis tүsedi Kestenin bul tүrimen kestelegende zhipterdi sanap eseptep otyru kerek Eger keste tiginen tigiletin bolsa onda materialdyn eki shetinen parallel eki syzykty belgilep alady Қalyn matalardan eki zhipten suyr kerek Kesteleu tomennen zhogary karaj bastalady Ineni tigip otyrgan adam ozine karaj bagyttap shanshyp otyrady Kesteni 3 4 tүrli zhippen kesteleuge bolady tek zhipterdin tүsi birin biri ashatyndaj durys tandaluy kazhet Biz keste Biz keste Biz keste kergishke kerilgen arnajy mata betine tүsirligen syzylgan oyu ornek nemese bejneni syzyk bojymen karmak bizdi matadan ary otkizip zhipti beri ilip shalyp alu arkyly kajtalanatyn majda tigisti ajtamyz Kestenin bul tүrimen kejbir konturly oyu ornekter nemese gүldin sabagy kestelenedi Tigilu mәneri zhagynan ol kolemi birkelki ilmekter shynzhyr sekildi birine biri tirkese tigiledi Shynzhyrlarynyn formasy men kolemi әr tүrli bolyp keledi Zhipti bekitip ony matanyn on zhak betine shygaryp algan son ilmek tәrizdi etip sozyp ony sol koldyn basbarmagymen basyp turyp ineni algashky shanshygan zherden dәldep tomen karaj yagni matanyn astyngy betine karaj shanshidy Tigistin teris zhagynan ine ilmektin astynan otip tigistin үstine ilmektin ortasynan shygady Shnurok zhәne velyushka tigisti kesteler Shnurok dәne velyushka tigisi Bul tigistermen kojlektin kaltasyn keudesin әshekejleuge bolady Kesteletin materialdyn ozinin zhibimen togilgen keste erekshe әdemi bolyp shygady Keste togiletin zher rombylap torga bolinedi rombynyn zhaktary 2 3sm boluy kerek Sosyn tor syzyktary bojymen sirekteu etip tigis tүsiriledi Tigistin kolemi zhәne olradyn ara kashyktygy birkelki bolgany durys olar 5 millimetrden aspagany zhon Zhana zhippen tigiletin kelesi tigiste ineni algashky tigistin әr kajsysynyn tүbirinen zhogarydan tomen karaj shanshu kerek Shnurok tigisi osylajsha tigiledi Eger ineni birese zhogary birese tomen shanshi tikse velyushka degen tigis shygady Sanap kesteleu Ajkas tigis 1 tәsilAjkas tigis 2 tәsilAjkas tigis 3 tәsil a Ajkas tigis 3 tәsil b Zhartykesh ajkas tigis Keri bagytta zhүrip shygu Sanap kesteleu de atalatyn kesteni zhip onaj suyrylatyn mataga kestelejdi Bul tigis әdette tik syzyk bojyna tүsiriledi Sanap kesteleu tүrleri Terme tigis ornektin bir shetinen kelesi shetine dejin zhipterin sanaj otyryp birese on zhagyna birese teris zhagyna karaj matanyn zhibin bojlaj ineni alga salu әdisimen tigiledi Teris zhagynyn ornegi on zhagynyn ornegine keri bolyp tүsedi Қigash tigis matanyn koldeneninen 2 zhibin tiginen 4 zhibin bastyra kigash bagytta tigiledi Ajkas tigis kesetenin en kop taragan tүri Bul tigilui karapajym әri әdemi keste Ajkas tigis kestesin seldir mataga tүsirgen durys Onyn razmeri kestelejtin zhiptin zhuan zhinishkeligine matanyn kalyndygyna bajlanysty Kesteleu barysynda үstingi negizgi tigistin bir bagytta tүsip otyruyn bakylau kerek Bul kesteni bir tүsti zhәne kop tүsti zhiptermen kesteleuge bolady Bir tүsti zhippen kestelegen kezde kobinese baska tүsti zhippen zhiiektelip otyrady Bul kesteni үsh tүrli tәsilmen tiguge bolady 1 tәsil matanyn teris zhagynan tik tigis tүsiru Bir katardy soldan onga karaj zhartylaj ajkastyrylyp tigiledi sosyn osylaj keri bagytta kajtalanady 2 tәsil matanyn teris zhagynan koldenen tigis tүsiru Onnan solga karaj tutas ajkas tigis tigiledi Sosyn teris zhagynan ineni sol zhakka karaj otkizip araga bir bүtin ajkas tigis kaldyrady da ineni on zhak betine shanshyp shygarady 3 tәsil kolbeu ajkas tigisi Kesteleudi tomennen zhogaryga karaj bastau kerek Zhartykesh ajkas tigis Bul kestenin eki zhakty tigisi bolady yagni astyngy zhәne үstingi tigister zhipti үzbej otyryp tigiledi Tүzu zhәne kigash bolyp tүsetin kestenin bul tүri karapajym әdemi ornek tүzedi Keste eki zhүrispen tigiledi 1 zhүris ineni alga salu әdisimen suret nuskasynyn bojymen zhүrip shygu 2 zhүris algashky zhүriste ashyk kalgan zherlerdi kamti otyryp ineni alga salu әdisimen keri bagytta tagy da zhүrip shygu Sanap tigiletin keste Sanap tigiletin keste Tik tүsken tigisSanap tigiletin keste Koldenen tүsken tigis Bul kesteni matanyn zhibin sanap otyru arkyly tigedi Keste togiletin mata seldir boluy kerek Kestelejtin zhiptin zhuandau bolgany durys ojtkeni ashyk zher kalmaj zhii tigiledi Tigistin tik koldenen zhәne kigash bolyp әr tүrli tүsui mүmkin Tik tүsken tigistin sany men biiktiginin almasyp kelui irek irek ornek tүsiredi al tik zhәne koldenen tigisterdin zhymdasa tүsuinen baska bir ornek tuady Kesteleudi soldan onga karaj zhүrgizedi Ineni matanyn on zhak betine shygaryp zhogary karaj bir tigis tүsiredi Sosyn matanyn astyna tүsken ineni algash shanyshkan zhermen dongejlestire on zhakka karaj әkelip zhana tigis tүsiredi Өtkerme tigisti keste Kestenin bul tүrine merezhkalar shilterler zhatady Tolyk makalasy Merezhka Shym keste Shym keste suret bojynsha kesteleu Kestenin bul tүrin kez kelgen mataga tүsiruge bolady Onyn birneshe tүri bar Bir zhakty tygyz kestenin on zhagyBir zhakty tygyz kestenin sol zhagyTүjindeu kesteBir zhakty tygyz keste verhoshov nemese vladimir kestesi mundaj kestemen zhastyk tysyna dastarkanga t b osimdik sabaktaryn gүlin zhapyragyn salyp kestelejdi Munyn bir ozgesheligi tigilgen kestenin tigisteri tүgeldej matanyn on zhak betine tүsedi al teris zhagynan matanyn nebәri birneshe zhibi gana ilip alynady 6 kabattalgan muline zhippen nemese zhүn zhippen tigiledi Әdete kyzyl zhipke kok sary zhasyl zhәne ak zhipti үjlestirip alady Bul kestenin tigisteri birine biri tym takau tүspejdi On zhak betine negizgi suret tүsedi al teris zhagyna suret nuskasynyn bojymen koktelgen siyakty bir kabat tigis tүsip otyrady Өsimdik zhapyragyn salyp tigu үshin tygyz kestemen kestelejdi tigisti zhapyraktyn ortasynan bastap eki bagytta kigashtaj tүsiredi kesteleu zhapyraktyn sүjir ushynan bastalady birinshi tigisti uzyn etip ortaga karaj tүsiredi aldymen zhapyraktyn bir zhak boligi tigiledi sosyn zhogarydan tomen karaj ekinshi boligi tigiledi gүlin tikken kezde tigisti ortaga karaj tүsiredi ortasyn әdette kerege kozdep toltyrady Kerege kozdi tүsiru үshin kestelep otyrgan zhipti bir shetinen ekinshi shetine koldeneninen zhәne tiginen tartady Pajda bolgan kerege kozdin kiylyskan zherlerindegi zhipti bekitip krestpen nemese baska da tigis tүrlerimen әshekejlep tiguge bolady Ak kestemen әjelderdin ish kiimin bet oramaldardy zhastyk tystaryn kestelejdi Suret nuskasyn ineni alga salu әdisimen tigip alady Keste bederlenip tүsetin zherge kelesi kestenin bagytna karama karsy bagytta birneshe iri tigis tүsiriledi keste koldeneninen tүsetin bolsa onyn astynan uzynynan tigis tүsiredi Bederlenip tүsken ak keste әdette kestenin baska tүrlerimen de zhaksy үjlesip ketedi tүjindeu gүldin zhәne zhapyraktyn kej zherlerin osylajsha kestelejdi ineni mataga shanshyp ogan zhipti birneshe ret orajdy tүjinnin razmerine bajlanysty sosyn zhipti sol koldyn bas barmagymen basyp turyp ilmektin үstinen tartyp alady da bekitedi ojyp alyp torlau bul kesteni tigerde suret nuskasyn aldymen ineni alga salu әdisimen tigip alyp sosyn tesikke torlajtyn ineni shanysha otyryp tygyz etip kestelejdi matanyn teris zhagynan ajkastyryp kigash tigis tүsirip on zhagynan suret nuskasyn kyska tigistermen toltyrady Bul shym kestenin bir tүri Onyn zheke ozin de sabakty kestemen birge de koldana beruge bolady Atlas keste tigisteri birine biri ote zhakyn shym bolyp tүsedi Қoldanylatyn zhipter muline zhәne zhibek Inege zhipti bir kabattan kana sabaktajdy Әrbir kelesi tigisti tikkende aldyndagy tigilgen tigiten sәl keri karaj ineni korshi tigistin ortasyn ala shanshidy Barlyk tigis zhapyraktyn ozegi bojynsha zhүrip otyruy kazhet Eki zhakty tүrli tүsti shym kesteEki zhakty tүrli tүsti shym keste shym kestenin karapajym bir tүri Kishkentaj zhәne ortasha formadagy osimdik bejnesi sondaj ak geometriyalyk oyu ornekter kestelinedi Korkem keste bul kestemen tek osimdik suretin gana emes shagyn pejzazhdy bejneleuge de bolady Osy kestemen kestelegende bir tүsti zhiptin birneshe tүri bir birine bayau auysyp kulpyra ozgerip otyrady Ol үshin birneshe tүstin tigisinin uzyndygy әr tүrli etiledi Sosyn ekinshi tүsti zhippen kesteni zhalgastyrady bul tigisterdin uzyndygy da әr tүrli etilip algashky tigisten kalgan aralyk shetinen toltyrylady Olar algashky tigistin үstin basa otyryp bir tүrli zhiptin birneshe tүske auyskanyn bajkatpaj zhiberedi Orys kestesiOrys kestesi bul keste ineni alga salu әdisimen matanyn tүzu zhibi bojymen tigiledi ineni on zhagynan 1 mm zherden otkizedi Өrnektin bәrin bir bagytta tүsetin tigispen tigedi Inenin zhanyndagy tigistin ortasyna taman shanshyp kelesi katardyn tigisin tүsiredi Kestelegen kezde tigisterdin arasynan mata korinbejtindej etip kestelejdi Ol үshin tigisterdin arasy ote zhii boluy tiis bos shiratylgan zhippen tikken durys Orys kestesimen ak sary zhәne sur tүsti matalardy ak zhippen kestelejdi Sondaj ak zhastyk zhastyk tysyna dastarkanga t b usak tor kozdermen үjlestirip әdemi kesteler togedi Mataga tor kozdi zhasau үshin tor koz tүsetin zherdin bir shetinen kelesi shetine dejin zhipti sharshylap taratyp zhipterdin kiylyskan zherin usak koldenen tigistermen bekitedi Қiyp kesteleu Bul kestemen korpenin zhastyktyn tystaryn kojlek zhejdemelerdi kestelejdi Kesteleu mәneri ak kestemen ojyp torluga uksajdy ajyrmashylygy formasynyn tek kana dongelek emes sopaksha da bolyp keluinde Zer keste Altyn kүmis siyakty kymbat bagaly zattar zhүrgirtip nemese zhiptin syrtyn solarmen әshekejlep zhasalgan sәndik bujym Altyndalgan zhippen tigilgen bujymdardy da zer dep atajdy Zerlengen dajyn bujymdardyn үlken kishiligine karaj zertaspa shiratpa zer oka dep bolgen Zerlep tigu keste onerinde kop koldanylady Kobinese kymbat shapandar dәuletti adamdardyn bas kiimderi bagaly tuskiizder kaltalar eer zhipptermen kestelenedi Oyulastyryp kesteleu Oyulastyryp kesteleu nemese oyulastyryp zhapsyru matalardy bolek bolek kestelep oyulastyryp zhapsyru Bular biryngaj mataga barkyt t b birtutas mazmundagy birneshe oyu ornekterdin zhiyntygynan үjlesken tutas zhelisin zhasau ngegizinde tigiledi Bir matanyn betine ekinshi matadan kiylgan sulba salynyp shet zhaktary әr tүrli keste tigisterimen tigilip sәndeledi Kobnese torlau әdisin koldanady Keste tiger aldynda kiylyp alyngan ornekti mata betine koktep alyp shetterin bүgip kesteleuge bolady nemese salynatyn ornekti matalarga arnalgan zhelimdermen үtiktep bekitip alady Baspa keste Baspa keste degen materialdyn ashyk zherin kaldyrmaj nemese ashyk oryndy ote az kaldyryp tutas kestelengen shymkaj kesteni ajtady Shym keste ak mataga tegistikti saktau arkyly zhipti katar ornalastyru әdisimen tigiledi Shym kestege ornek pen oyudyn an kus gүldin tүrli sulbalary salynyp kobine oramaldyn sheti kimeshektin zhagy zhastyktyn tysy zhejdenein zhaga zheni zhәne tosek zhapkysh sәukele siyakty baska da koptegen kiimderge tigiledi Kopirtip tigu Әzirlengen ornek үlgisinin үstinen tigiledi Mundaj materialdyn betine bүldirgelengen zhip tүjinderi kaldyrylyp otyrady Kestenin zhibi birneshe tүrli boluy mүmkin Bederlep tigu әdisimen alma zhүzim bүldirgen karakat kauyn karbyz tүjnekteri gүldin zhapyraktary takiyanyn tobesinin ornekteri tigiledi Tүktep tigu Bizben shanshylgan zhiptin үstingi zhagynda on betinde kejde 1 kobine 2 sm dej bүldirgi zhip kaldyryp otyrady Kesteni tigip bolgannan kejin kalgan bүldirgilerdi tegis kyrkady Zhii shanshylyp kalyn tүsken bүldirgi kyrkylgan son kilemnin tүgi siyakty bolyp tүrli tүsti bolady Kejde tүginin biiktigi birkelki bolu үshin astyna shiratkan zhuan zhip zhumsak metall shybykty mүjizdep oyu ornegine keltirip salyp tigedi de tigip bolgan son әlgi tigis astynan salgan zattardy үstinen tilip alyp tastajdy Sonda tүktep tigilgen keste birkelki oyu ornegi ajkyn bolady Rokoko Rokoko Mundaj kestemen tek osimdik bejnesin gana tүsiredi Onyn formasy donesteu bolyp bederlenip tүsedi Kesteleuge muline zhүn zhәne sintetikalyk zhipter koldanylady Inenin kozi kishkentaj ozi zhuan baluy kerek Rokokony zheke ozin emes baska kestelermen birge tikken zhon Tigu әdisi zhipti teris zhagynan bekitip ineni on zhagynan shygaru kerek sosyn ineni mataga shanshyp inenin ushyna zhipti orajdy oralgan zhipti sausakpen basyp turyp ineni sol arkyly shygaryp alady ineni kajtadan mataga shanshyp teris zhagyna shygarady Kestenin kolemi inege oralgan zhiptin oram sanyna bajlanysty Baumen kesteleu Baumen kesteleu Kiimdi әshekejleu үshin pajdalanylady Zhipterden zhүn zhyltyrak zhip kosylgan zhartylaj zhүn shiratlygan baumen nemese dajyn baularmen tigiledi Baudyn zhuandygy men tүri keste tigiletin bujymnyn kandaj ekendigine bajlanysty Bir kier kiimge tigiletin bau zhinishke zhyltyldak boluy kerek Mundaj zhagdajda majda ornekterdi tandagan zhon Ogan marzhan salyp tigip ornekti tolyktyra tүsuge de bolady Sport kiimderi үshin baudy zhuandau etip bederlep tigedi Tүsirilgen ornek tүri de iri geometriyalyk bejne zhәne emblema boluy kerek Teriden zamshtan applikaciya zhasap tolyktyruga bolady Shiratylgan baudyn nuskasy surettin үstine salynyp astynan bildirmej tigiledi nemese surette korsetilgendej etip bekitiledi Rishele Rishele Rishele ojma keste Өrnekteletin materialdy ornek mәnerine karaj tesip alady da ony torlaj ortasyn kerege kozdep shalu arkyly tүrli ornek salady Korpenin zhastyktyn tystaryn salfetkalardy bet oramaldardy kiimdi ornekteuge koldanylady Suret nuskasyn ineni alga salu әdisimen bir ret nemese birneshe ret zhүrgizedi Munymen bir mezgilde ornekterdin arasynan brid zhasalynady Olardy 3 tүrli tәsilmen zhasauga bolady orau ilmek tigispen tigu nemese negigi tigistin astynan kosymsha tigis tүsiru sosyn ornektin bәri shetinen kiyatyn zhakka karaj bagyttalyp tygyz etip ilmek tigispen tigiledi ornek dajyn bolgan kezde ornek syzygy men shetinin arasyndagy material kajshymen kiyp tastalynady Bul kestede tigiletin ornekter kaldyrylyp fony kiylyp tastalady Tygyz tokylgan matalarga kestelenedi makta iris zhәne zhibek zhipter pajdalanylady Gobelen keste Gobelen keste Tik tigis Gobelen keste Қigash tigis Gobelen keste kenep makta zhәne seldir matalarga tigiledi Bul kestemen ony zhүn zhippen nemese zhuan etip shiratylgan zhibek zhippen tikken durys әdette bujymdardy tutastaj kestelep tiginen zhәne kigashynan tigedi Tik tigisti soldan onga karaj nemese onnan solga karaj tiginen zhүrgizedi Tigistin biiktigi matanyn 2 4 zhibinin aralygynda bolady Қigash tigisti soldan onga karaj biiktigin matanyn 2 zhibine enin matanyn 1 zhibine ten etip alyp kestelejdiMashinamen kesteleuTүrli bujymdardy әshkejleu үshin mashinamen kesteleu de keninen koldanylady Қolmen kestelenetin keste tүrlerinin barlygyn derlik mashina da atkara alady Tolyk makalasy Tagy karanyzGobelenDerekkozder Shanyrak үj turmys enciklopediyasy Almaty 1991 ISBN 5 89800 035 6 1 j z d Muhamedzhanuly Z Қazaktyn keste oneri Tanymdyk kopshilik basylym Almatykitap baspasy ZhShS 2008 144 bet suretti ISBN 978 601 01 0297 2Derekkozder Vyshivka albom Kiev Veselka 1986g