Жамбыл облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан облысы. Шығысында Алматы, батысында Түркістан, солтүстігінде Ұлытау және Қарағанды облыстарымен және оңтүстігінде Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тәңір тауына, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы — 144,2 мың км².
Қазақстан облысы | |||
Жамбыл облысы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облыс орталығы | |||
Аудандар саны | 10 | ||
Ауылдық округтер саны | 150 | ||
Қалалық әкімдіктер саны | 4 | ||
Ауыл саны | 367 | ||
Әкімі | Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары | 44°00′ с. е. 72°00′ ш. б. / 44.000° с. е. 72.000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 44°00′ с. е. 72°00′ ш. б. / 44.000° с. е. 72.000° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | |||
Жер аумағы | 144 264 км² (10- орын) | ||
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 | ||
Экономикалық ауданы | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны | ▲ 1 215 482 адам (2022)(3- орын) | ||
Тығыздығы | 7,78 адам/км² (3- орын) | ||
Ұлттық құрамы | қазақтар 73,45 % | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды | +7 7262 xx-xx-xx | ||
Пошта индекстері | 08xxxx | ||
Автомобиль коды | 08 | ||
ISO 3166-2:KZ коды | KZ-ZHA | ||
Басқалары | |||
Әкімдіктің мекенжайы | Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 | ||
Жамбыл облысының әкімдігі | |||
| |||
Ортаққордағы санаты: Жамбыл облысы |
Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы — Тараз. Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 150 ауылдық округте 367 ауыл бар.
Географиясы
Географиялық тұрғыдан облыс аумағы негізінен жазықтық. Климаты – едәуір құрғақ және континентальды.
Табиғаты
Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақдала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді.
Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді.
27,8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде толстолобик, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған.
Облыс аумағында 3 мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы бар:
- Мемлекеттік (кешенді) қаумал «Берікқара шатқалы» — 17,5 мың га алаңды алады, онда қызыл кітапқа енгізілген аса бағалы ағаш бұтасының және шөп өсімдігінің 50-ден астам түрін, ал жануарлардан – арқарды, үнді жайрасын, жұмақ шыбыншыны кездестіруге болады;
- Жалпы алаңы 3,07 мың га құрайтын мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумал «Қарақоңыз шатқалы» (ботаникалық), Зайлы Алатаудың батыс сілемінде орналасқан. Алма, шие, алша, жүзім ағаштарының жемісті көшеттері үйеңкі орманның, боз қарағанның, тұт ағашының, түйе жаңғағының алаңдарымен ауыстырылады;
- Жалпы алаңы 1000 мың га құрайтын Андасай мемлекеттік (кешенді) қаумал (зоологиялық) Мойынқұм ауылынан батысқа Шу өзенінің жағасының бойында орналасқан. Өсімдік қабатында селеу шөбі, бетеге, қара сексеуіл, талдың ну бұтасы басымды. Жануарлар әлемінде арқарлар, құландар, жайрандар, еліктер, қабандар, қояндар, қырғауылдар, құрлар басым.
Тарихы
Облыстың әкімшілік орталығы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Тараз қаласы болып есептеледі. Тараз қаласы республиканың ежелгі қалаларының бірі болғандығын б.э.д. 1 ғасырдың ортасындағы қытай жазбаларынан көруге болады. Патшалық Ресейдің 1863-64 жылдары әскери жаулап алушылық әрекетінің нәтижесінде бұрын Қоқан хандығының қол астында болып келген Ұлы жүздің жерлері империяның құрамына кірген. Осы өңірлерде Сырдария және Жетісу уездері құрылып, олар Түркістан генерал-губернаторлығына бағынған. Үкіметтің 1867 жылғы 11 маусымда қабылдаған жаңа жерлерді басқару жөніндегі "Уаықтша Ережеге" сәйкес Әулиеата уезі құрылған, ол Сырдария облысына қараған. Оның аумағы батысында Түлкібас стансасы, шығысы Шу өзенінің батыс жағалауына, оңтүстігі Сусамыр алабына (қазіргі Қырғызстан Республикасының Талас облысы), солтүстігі Шудың төменгі ағысына дейінгі жерді алып жатқан. Орталығы Әулиета шаһары болған. 1917 жылы Қазақ төңкерісінен кейін уезд - 1918 жылғы 30 сәуірде құрылған автономиялық Түркістан Кеңестік социалистік республикасының құрамында болған. 1924 жылы Орта Азиядағы Ұлттық-аумақтық межелеуге байланысты уезд Сырдария облысының, кейінірек Алматы округінің құрамын енген. 1927 жылы әкімшілік-аумақтық аудандастыруға сәйкес уезд негізінде 6 аудан құрылған: Жамбыл, Луговой, Меркі, Сарысу, Талас, Свердлов. Олар Оңтүстік Қазақстан облысы құрамына кірген. Өлкенің өндіргіш күштерін шапшаң дамыту және оны әлеуметтік-мәдени тұрғыдан түлету жөніндегі проблемаларды шешу мақсатында 1939 жылғы 14 қазанда өз алдына Жамбыл облысы құрылған. Оның құрамына аталған 6 ауданнан басқа Алматы облысынан Қордай, Красногор, Шу, ал 1951 жылы Оңтүстік Қазақстаннан Жуалы ауданы алынған.
Сәулеттік ескерткіштер
Жамбыл облысында бірнеше сәулеттік ескерткіштер бар. Барлығы Алматы-Самара жолында немесе Тараз қаласының маңайында орналасқан.
- Айша бибі кесенесі. Айша бибі ауылының орталығында Тараз қаласынан 12 км қашықтықта орналасқан. Айша бибі кесенесі – ХІ-ХІІ ғ.ғ. ортағасыр сәулет ескерткіштерінің бірі. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен Орта Азия және Қазақстан аумағында сәулет-құрылыс мәдениетінде бұл ескерткіш кереметі болып саналады. 60 түрлі ою-өрнектері бар эпиграфикалық белдеумен жасалған. Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша-бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады.
Айша әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған.
- Бабаджа Хатун кесенесі. Айша бибі мазары жанында орналасқан. Бұл кесене де XI- XIIғ.ғ. сәулет ескерткіші болып саналады. Кесене ерекше қарапайымдылығымен бағаланады. Соңғы жаңартылуы 2002 жылы болған. Эпиграфикалық жазба бойынша ол жерде жерленген әйел адамның атын оқып білген.
Аңыз бойынша ол әйел Айшаның қамқоршысы болған. Ол Айшаны сапар кезінде қасында болған. Айша қайтыс болған соң, оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрған.
Бұл екі кесене сәулет ескерткіші ретінде және қажылық дәстүрін өткізетін мұсылманның қасиетті жерлері болып есептеледі.
Қарахан, Дауытбек және Тектұрмас кесенелері Тараз қаласының ортасында орналасқан. Осы кесенелердің алыс емес жерде Хал-Юнус шығыс моншасы орын тепкен.
- ХІ ғ. Қарахан (Әулие-Ата) ортағасырда пайда болған Тараз қаласының аймағында мәдени-мемориальды комплекске кіреді. Алғашқы құрылыс қарахандықтар дәуірінде ХІ ғ. басталады. Құрылыста алғашқы жоспарлау және сәулет өнерінің принциптері сақталған. Ортағасырдағы мәдени сәулеттің типтік образы — монументалды порталды-куполды қамалды құрайды.
Жерленген тұлғаның тарихы осы жерде қоныстанған Х-ХІІ ғ.ғ. Қарахандықтар хандығымен байланысты.
Мұсылман әлемінде қасиеттісіне жатады. Соған байланысты «Әулие Ата» деген екінші атқа тең. Комплексті көптеген сенушілер аралайды.
- Дауытбек кесенесі (Шамансұр) Қарахан кесенесімен бірге мемориалды-культті комплекске кіреді. Дәстүрлі порталды-куполды формасында ХІІІ ғ. ірі саяси басшының қабірінің үстінен салынған. Кесененің ортасында араб тілімен қашалған жазуы бар тасты ескерткіш орналасқан. Жазу жерленгеннің адамның аты мен қайтыс болған уақытын хабар етеді. Екі кесененің де территориясы да барлық жағынана жабдықталған.
- ХІХ ғ. Кали-Юнус шығыс моншасы ХІХ ғ. Әулие Ата қаласының тұрғынымен құрылған монша. Салуда сәулет композицияның принциптері және ортағасырдағы шығыс моншалар жылыту жүйелері қолданылған. Бұл көптеген туристердің қызығушылығын оятады. XX ғ. елуінші жылдарына дейін монша істе болған. Қазіргі уақытта ол қалпына қайта келтіріліп, сәулет ескерткішіне айналдырылған. Монша туристік орынға айналған еді.
- VIII-IХ ғ.ғ. Ақыртас сарайлық комплексі Жамбыл облысының және Қазақстан территориясында қызықты және құпиялы орындардың бірі. Ақыртас тарихы 130 жыл зерттеліп және қазір де зерттелуде. Қазіргі уақытта комплекс территориясында Қазақстан Республикасы ҰАҒ археология этнографиясы институтымен басқарылған археологиялық қазбалар жүргізілуде. Бұдан ірі «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында музейлік комплексті құру жоспарланды.
Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынған соңғы мәліметтер бойынша Ақыртасты Ұлы Жібек жолындағы ортағасыр қаласы Қасрибаспен теңестіреді. Ғалымдардың көпшілігі ойларынша Ақыртас 1714-1715 ж.ж. араб қолбасшысы Күтейбі бұйрығымен салынған. Сарай комплексінің іргетасының тереңдігі 4 м құрайды.
- Тектұрмас сәулет кешені Х-ХIV ғғ.
Бұл ежелгі діни орындарының бірі. VII-XІ ғғ. Ислам дінінің келуіне дейін комплекс құрыла бастаған болатын. Кесене ислам кезеңінде салынып, 1935 ж. жойылды. Қазіргі уақытта оны орнында ортағасыр типімен жаңа кесене қалпына келтірілді. Кесененің жанында қазақ батыры Мәмбеттің моласы бар. Кешен территориясы барлық жағынан жабдықталған. Кесене орнатылған таудың үстінен төменде жатқан Тараз қаласына сұлу көріністі көруге болады. Ежелгі қалаға атау болатын жанында ағып жатқан Талас өзені әсерді күшейтеді. Осы жерде Х-ХIII ғасырларды Тараз қаласы арқылы өтетін керуендер өтетін тас көпір орналасқан.
Демографиясы
Жамбыл облысы халқының саны
1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
794 320 | 933 426 | 1 048 546 | 988 840 | 980 072 | 985 552 | 992 089 | 1 001 094 | 1 009 210 |
2008 | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1 018 845 | 1 020 791 | 1 034 487 | 1 046 497 | 1 055 813 | 1 069 874 | 1 084 482 | 1 098 740 | 1 110 907 | 1 115 307 | 1 117 220 | 1 125 442 |
2011 жылдың 1 қаңтарына халық саны 1043,6 мың адамды құрайды. Халықтың құрамы 90-нан астам ұлттан тұрады, оның 71,4% -ы қазақтар.
Халық саны 1989 жылы | % | Халық саны 1999 жылы | % | Халық саны 2010 жылы | % | |
---|---|---|---|---|---|---|
Барлығы | 1038667 | 100,00 % | 988840 | 100,00 % | 1043843 | 100,00 % |
Қазақтар | 507302 | 48,84 % | 640346 | 64,76 % | 722627 | 69,23 % |
Орыстар | 275424 | 26,52 % | 179258 | 18,13 % | 141829 | 13,59 % |
Дүнгендер | 23555 | 2,27 % | 30333 | 3,07 % | 42404 | 4,06 % |
Түріктер | 17145 | 1,65 % | 24823 | 2,51 % | 29354 | 2,81 % |
Өзбектер | 21512 | 2,07 % | 22501 | 2,28 % | 24986 | 2,39 % |
Күрттер | 8796 | 0,85 % | 10855 | 1,10 % | 13220 | 1,27 % |
Корейлер | 13360 | 1,29 % | 14000 | 1,42 % | 12452 | 1,19 % |
Әзербайжандар | 11653 | 1,12 % | 10593 | 1,07 % | 12185 | 1,17 % |
Татарлар | 16618 | 1,60 % | 12576 | 1,27 % | 10651 | 1,02 % |
Қырғыздар | 5279 | 0,51 % | 4966 | 0,50 % | 7752 | 0,74 % |
Немістер | 70150 | 6,75 % | 11394 | 1,15 % | 6695 | 0,64 % |
Украиндар | 33903 | 3,26 % | 10013 | 1,01 % | 3888 | 0,37 % |
Ұйғырлар | 2805 | 0,27 % | 2569 | 0,26 % | 2783 | 0,27 % |
Шешендер | 881 | 0,08 % | 2438 | 0,25 % | 2548 | 0,24 % |
Гректер | 9273 | 0,89 % | 2024 | 0,20 % | 1637 | 0,16 % |
Белорустар | 3986 | 0,38 % | 1481 | 0,15 % | 870 | 0,08 % |
Басқалары | 17025 | 1,64 % | 8670 | 0,83 % | 7962 | 0,76 % |
Әкімшілік бөлінісі
Облыста 10 аудан, облыстық мәндегі Тараз қаласы және аудандық мәндегі Қаратау, Жаңатас, Шу сияқты үш қала, 367 елді мекен бар.
Облыс аудандары мен қалалары | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Байзақ ауданы | 83931 | ▲102864 | 122,6 | 41877 | ▲52114 | 124,4 | 42054 | ▲50750 | 120,7 |
Жамбыл ауданы | 73313 | ▲86564 | 118,1 | 36565 | ▲44078 | 120,5 | 36748 | ▲42486 | 115,6 |
Жуалы ауданы | 50391 | ▲54072 | 107,3 | 25100 | ▲27732 | 110,5 | 25291 | ▲26340 | 104,1 |
Қордай ауданы | 124684 | ▲156270 | 125,3 | 61210 | ▲77699 | 126,9 | 63474 | ▲78571 | 123,8 |
Меркі ауданы | 76753 | ▲87864 | 114,5 | 37750 | ▲44046 | 116,7 | 39003 | ▲43818 | 112,3 |
Мойынқұм ауданы | 31130 | ▼28752 | 92,4 | 15672 | ▼14712 | 93,9 | 15458 | ▼14040 | 90,8 |
Тұрар Рысқұлов ауданы | 63691 | ▲67216 | 105,5 | 31775 | ▲34078 | 107,2 | 31916 | ▲33138 | 103,8 |
Сарысу ауданы | 41105 | ▲43538 | 105,9 | 20588 | ▲21920 | 106,5 | 20517 | ▲21618 | 105,4 |
Талас ауданы | 50537 | ▼48453 | 95,9 | 25097 | ▼24446 | 97,4 | 25440 | ▼24007 | 94,4 |
Шу ауданы | 94669 | ▲105298 | 111,2 | 46989 | ▲52359 | 111,4 | 47680 | ▲52939 | 111 |
Тараз қалалық әкімдігі | 331925 | ▲418368 | 126 | 154616 | ▲200661 | 129,8 | 177309 | ▲217707 | 122,8 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 1022129 | ▲1199259 | 117,3 | 497239 | ▲593845 | 119,4 | 524890 | ▲605414 | 115,3 |
Экономикасы
Облыстың жалпы ішкі өнімі:
- 23,8 % — өнеркәсіп
- 20,2 % — ауыл шаруашылығы
- 16,6 % — көлік және байланыс
- 6,5 % — құрылыс өнімі
- 9,2 % — сауда
- 23,7 % — басқа салалар
- Өмірбек Бәйгелді (1990—1995)
- (1995—1998)
- Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев (1998—1999)
- Серік Әбікенұлы Үмбетов (ақпан 1999 — 14 мамыр 2004)
- Бөрібай Биқожаұлы Жексембин (14 мамыр 2004 — 30 қараша 2009)
- Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев (30 қараша 2009 — 20 желтоқсан 2013)
- (30 желтоқсан 2013 — 18 қаңтар 2018)
- Асқар Исабекұлы Мырзахметов (18 қаңтар 2018 — 10 ақпан 2020)
- Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев (10 ақпан 2020 — 7 сәуір 2022)
- (7 сәуір 2022 — 4 қыркүйек 2023)
- (5 қыркүйек 2023 жылдан бастап)
Жамбыл облысынан шыққан атақты тұлғалар
- Төле би (1663 – 1756) – қазақ халқының бас биі.
- Жамбыл Жабайұлы (28.02.1846 – 22.06.1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы.
- Балуан Шолақ (1864 – 1919) – қазақтың халық композиторы, жауырыны жерге тимеген балуан.
- Кенен Әзірбаев (08.05.1884 – 12.04.1976) – қазақтың әйгілі халық ақыны, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
- Бауыржан Момышұлы (24.12.1910 – 10.06.1982) – қазақтың батыры, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик, Кеңес одағының батыры, жазушы.
- Қайрат Рысқұлбеков (13.03.1966 – 21.05.1988) – Желтоқсан оқиғасына қатысушы, Халық Қаһарманы.
- Асанбай Асқаров (15.09.1922 – 10.08.2001) – мемлекет қайраткері, Социалистік еңбек ері (1982), соғыс ардагері, ақын.
- Шона Смаханұлы (05.10.1924 – 1988) – ақын, сықақшы.
- Шерхан Мұртаза (28.09.1932 – 08.10.2018) – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері.
- Асанәлі Әшімұлы (08.05.1937) – кино және театр актері, КСРО халық әртісі (1980).
- Берік Шаханұлы (1943-2020) - жазушы, прозаик «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты; «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері». Сарысу ауданының Құрметті азаматы Халықаралық "Махмұд Қашқари" сыйлығының лауреаты.
- Амангелді Нақыпұлы Сембин (9.5.1945 - 2005) әнші, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1976). Мәскеу консерваториясының вокалдық бөлімін бітірген. Италияның Милан қаласындағы "Ла Скала" да ән шырқаған тұңғыш қазақ.
- Дулат Каппарұлы Алиев (5.01.1948) сүретшi педагог. 1986 "Қазақстан Мемлекеттік Премиясының" иегері. Шығармалары Ресей "Третьяков галереясының" қорында.
- (10.06.1949 – 27.07.2012) – мемлекет қайраткері
- Алтынбек Қоразбаев (01.02.1948) – композитор, Қазақстанның халық әртісі (1993).
- Тұңғышбай Жаманқұлов (02.10.1948) – кино және театр актері, Қазақстанның халық әртісі (1992)
- Жақсылық Үшкемпіров (06.05.1951 — 2.08.2020) – қазақ халқынан шыққан алғашқы олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), классикалық күрестен спорт шебері.
- Серік Қонақбаев (25.10.1959) – бокстан Олимпиаданың күміс жүлдегері (Мәскеу, 1980).
- Мейрамбек Бесбаев (08.11.1976) – әнші, “МұзАРТ” тобының мүшесі.
- Бақтияр Артаев (14.03.1983) – бокстан Олимпиада чемпионы (Афины, 2004).
- Ермахан Ыбрайымов (01.01.1972) – бокстан Олимпиада чемпионы (Сидней, 2000).
- Ислам Байрамуков (12.06.1971) – еркін күрестен Олимпиаданың күміс жүлдегері (Сидней, 2000).
- Болат Жұмаділов (22.04.1973) – бокстан Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері (Атланта, 1996,Сидней, 2000).
- (19.09.1972) – бокстан Олимпиаданың қола жүлдегері (Атланта, 1996).
- Ақжүрек Таңатаров (03.09.1986) – еркін күрестен Олимпиаданың қола жүлдегері (Лондон, 2012).
- (28.08.1950) – КСРО құрамасының және “Қайрат”, “Энергетик” (Тараз) командаларының қорғаушысы.
- (02.03.1969) – кәсіпқой бокстың WBC жүйесі бойынша әлем чемпионы (2006-2008).
- (24.07.1961) – ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері.
- (03.01.1974) – қазақ халқынан шыққан алғашқы кәсіпқой бокстан әлем чемпионы (IBA, 2005-2007).
- Олег Литвиненко (22.11.1973 – 18.11.2007) – Қазақстан құрамасының шабуылшысы, Қазақстан чемпионаттарының ең мерген футболшысы (148 гол).
Сыртқы сілтемелер
- Жамбыл облысы Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы. Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP)
- Жамбыл Облысы Әкімінің ресми сайты
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2022 жылғы 1 қазанға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
- Облыс туралы ақпарат Жамбыл облысының ресми сайтынан
- Division of Kazakhstan (ағыл.). pop-stat.mashke.org. Тексерілді, 29 наурыз 2016.
- Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары және аудандары бойынша халық саны, 2003-2012
- ҚР статистика агенттігі. Архив Мұрағатталған 13 қарашаның 2013 жылы.: ҚР және облыс халқының ұлттық құрамы (1 том) Мұрағатталған 16 тамыздың 2011 жылы.
- 1 қаңтар 2010 ж облыс, аудан, қала мен ауыл халқының көбею көрсеткіші Мұрағатталған 17 қаңтардың 2013 жылы.
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhambyl oblysy Қazakstan Respublikasynyn ontүstiginde ornalaskan oblysy Shygysynda Almaty batysynda Tүrkistan soltүstiginde Ұlytau zhәne Қaragandy oblystarymen zhәne ontүstiginde Қyrgyzstannyn Talas pen Shu oblystarymen korshiles bolyp tabylady Oblystyn aty kazak zhәne kenes akyny Zhambyl Zhabajulynyn kurmetine kojylgan Zhambyl oblysynyn territoriyasy Betpakdaladan Tәnir tauyna Shudan Қaratauga dejin sozylyp zhatyr Zher aumagy 144 2 myn km Қazakstan oblysyZhambyl oblysyEltanbasyӘkimshiligiOblys ortalygyTarazAudandar sany10Auyldyk okrugter sany150Қalalyk әkimdikter sany4Auyl sany367ӘkimiErbol Shyrakpajuly ҚarashokeevTarihy men geografiyasyKoordinattary44 00 s e 72 00 sh b 44 000 s e 72 000 sh b 44 000 72 000 G O Ya Koordinattar 44 00 s e 72 00 sh b 44 000 s e 72 000 sh b 44 000 72 000 G O Ya Қurylgan uakyty14 kazan 1939 zhylyZher aumagy144 264 km 10 oryn Uakyt beldeuiUTC 5 00Ekonomikalyk audanyOntүstik ҚazakstanTurgyndaryTurgyny 1 215 482 adam 2022 3 oryn Tygyzdygy7 78 adam km 3 oryn Ұlttyk kuramykazaktar 73 45 orystar 9 13 dүngender 5 33 tүrikter 3 08 ozbekter 2 56 kүrdter 1 37 әzerbajzhandar 1 13 baskalary 3 95 2022 zh Sandyk identifikatorlaryTelefon kody 7 7262 xx xx xxPoshta indeksteri08xxxxAvtomobil kody08ISO 3166 2 KZ kodyKZ ZHABaskalaryӘkimdiktin mekenzhajyTaraz kalasy Abaj dangyly 125Zhambyl oblysynyn әkimdigiOrtakkordagy sanaty Zhambyl oblysy Oblys ortalygy әri en үlken kalasy Taraz Oblysta barlygy 10 audan 4 kala 150 auyldyk okrugte 367 auyl bar GeografiyasyGeografiyalyk turgydan oblys aumagy negizinen zhazyktyk Klimaty edәuir kurgak zhәne kontinentaldy TabigatyShu alkaby pojyzdan korinis Oblystyn ajtarlyktaj aumagyn Betpakdala zhәne Mojynkum alady tek ontүstik batys ontүstik zhәne ontүstik shygys sheti taularmen shektelgen Қaratau Қyrgyz zhәne Shu Ile Alatau taulary Releftin bul ereksheligi oblys klimatyna әrtүrlilik endiredi Tabigi landshaftardyn florasy men faunasy ken zhәne әrtүrli Oblysta osimdikterdin 3 mynnan astam tүri bar An aulajtyn onirdin zhalpy alany 13 9 myn ga kurajdy onda zhanuarlardyn 40 tan astam tүri mekendejdi 27 8 myn ga alandy kurajtyn balyk sharuashylyk kory 74 su ajdynynan turady onyn ishinde 73 su ajdyny balyk sharuashylygyna zharamdy Iri bogenderden Tasotkel zhәne Teris Ashybulak bar Balyk aulau kәsibinde tolstolobik akmarka karp sazan kok serke tyran balyk kral torta balyktaryn aulau ken taralgan Oblys aumagynda 3 memlekettik tabigi keshendi kaumaly bar Memlekettik keshendi kaumal Berikkara shatkaly 17 5 myn ga alandy alady onda kyzyl kitapka engizilgen asa bagaly agash butasynyn zhәne shop osimdiginin 50 den astam tүrin al zhanuarlardan arkardy үndi zhajrasyn zhumak shybynshyny kezdestiruge bolady Zhalpy alany 3 07 myn ga kurajtyn memlekettik tabigi keshendi kaumal Қarakonyz shatkaly botanikalyk Zajly Alataudyn batys sileminde ornalaskan Alma shie alsha zhүzim agashtarynyn zhemisti koshetteri үjenki ormannyn boz karagannyn tut agashynyn tүje zhangagynyn alandarymen auystyrylady Zhalpy alany 1000 myn ga kurajtyn Andasaj memlekettik keshendi kaumal zoologiyalyk Mojynkum auylynan batyska Shu ozeninin zhagasynyn bojynda ornalaskan Өsimdik kabatynda seleu shobi betege kara sekseuil taldyn nu butasy basymdy Zhanuarlar әleminde arkarlar kulandar zhajrandar elikter kabandar koyandar kyrgauyldar kurlar basym TarihyOblystyn әkimshilik ortalygy Қazakstannyn ontүstiginde ornalaskan Taraz kalasy bolyp esepteledi Taraz kalasy respublikanyn ezhelgi kalalarynyn biri bolgandygyn b e d 1 gasyrdyn ortasyndagy kytaj zhazbalarynan koruge bolady Patshalyk Resejdin 1863 64 zhyldary әskeri zhaulap alushylyk әreketinin nәtizhesinde buryn Қokan handygynyn kol astynda bolyp kelgen Ұly zhүzdin zherleri imperiyanyn kuramyna kirgen Osy onirlerde Syrdariya zhәne Zhetisu uezderi kurylyp olar Tүrkistan general gubernatorlygyna bagyngan Үkimettin 1867 zhylgy 11 mausymda kabyldagan zhana zherlerdi baskaru zhonindegi Uayktsha Erezhege sәjkes Әulieata uezi kurylgan ol Syrdariya oblysyna karagan Onyn aumagy batysynda Tүlkibas stansasy shygysy Shu ozeninin batys zhagalauyna ontүstigi Susamyr alabyna kazirgi Қyrgyzstan Respublikasynyn Talas oblysy soltүstigi Shudyn tomengi agysyna dejingi zherdi alyp zhatkan Ortalygy Әulieta shaһary bolgan 1917 zhyly Қazak tonkerisinen kejin uezd 1918 zhylgy 30 sәuirde kurylgan avtonomiyalyk Tүrkistan Kenestik socialistik respublikasynyn kuramynda bolgan 1924 zhyly Orta Aziyadagy Ұlttyk aumaktyk mezheleuge bajlanysty uezd Syrdariya oblysynyn kejinirek Almaty okruginin kuramyn engen 1927 zhyly әkimshilik aumaktyk audandastyruga sәjkes uezd negizinde 6 audan kurylgan Zhambyl Lugovoj Merki Sarysu Talas Sverdlov Olar Ontүstik Қazakstan oblysy kuramyna kirgen Өlkenin ondirgish kүshterin shapshan damytu zhәne ony әleumettik mәdeni turgydan tүletu zhonindegi problemalardy sheshu maksatynda 1939 zhylgy 14 kazanda oz aldyna Zhambyl oblysy kurylgan Onyn kuramyna atalgan 6 audannan baska Almaty oblysynan Қordaj Krasnogor Shu al 1951 zhyly Ontүstik Қazakstannan Zhualy audany alyngan Sәulettik eskertkishterAjsha bibi kesenesi Zhambyl oblysynda birneshe sәulettik eskertkishter bar Barlygy Almaty Samara zholynda nemese Taraz kalasynyn manajynda ornalaskan Ajsha bibi kesenesi Ajsha bibi auylynyn ortalygynda Taraz kalasynan 12 km kashyktykta ornalaskan Ajsha bibi kesenesi HI HII g g ortagasyr sәulet eskertkishterinin biri Қarahanidter sәulet eskertkishteri ishinen Orta Aziya zhәne Қazakstan aumagynda sәulet kurylys mәdenietinde bul eskertkish keremeti bolyp sanalady 60 tүrli oyu ornekteri bar epigrafikalyk beldeumen zhasalgan Eskertkish turistterdi tek kana erekshe sәuletimen gana emes sonymen katar sulu Ajsha bibi men batyr Қarahan arasyndagy sheksiz mahabbaty turaly anyz da kyzyktyrady Ajsha әjgili shygys akylshysy Zengi babanyn kyzy bolyp keledi Anyz bojynsha Ajsha ozinin gashygy Қarahanga bara zhatkan zholynda zhylannyn shakkanynan kajtys bolgan Babadzha Hatun kesenesi Ajsha bibi mazary zhanynda ornalaskan Bul kesene de XI XIIg g sәulet eskertkishi bolyp sanalady Kesene erekshe karapajymdylygymen bagalanady Songy zhanartyluy 2002 zhyly bolgan Epigrafikalyk zhazba bojynsha ol zherde zherlengen әjel adamnyn atyn okyp bilgen Anyz bojynsha ol әjel Ajshanyn kamkorshysy bolgan Ol Ajshany sapar kezinde kasynda bolgan Ajsha kajtys bolgan son onyn mazary үstinde zhagylyp turgan alaudy ustap turgan Bul eki kesene sәulet eskertkishi retinde zhәne kazhylyk dәstүrin otkizetin musylmannyn kasietti zherleri bolyp esepteledi Қarahan Dauytbek zhәne Tekturmas keseneleri Taraz kalasynyn ortasynda ornalaskan Osy kesenelerdin alys emes zherde Hal Yunus shygys monshasy oryn tepken HI g Қarahan Әulie Ata ortagasyrda pajda bolgan Taraz kalasynyn ajmagynda mәdeni memorialdy komplekske kiredi Algashky kurylys karahandyktar dәuirinde HI g bastalady Қurylysta algashky zhosparlau zhәne sәulet onerinin principteri saktalgan Ortagasyrdagy mәdeni sәulettin tiptik obrazy monumentaldy portaldy kupoldy kamaldy kurajdy Zherlengen tulganyn tarihy osy zherde konystangan H HII g g Қarahandyktar handygymen bajlanysty Musylman әleminde kasiettisine zhatady Sogan bajlanysty Әulie Ata degen ekinshi atka ten Kompleksti koptegen senushiler aralajdy Dauytbek kesenesi Shamansur Қarahan kesenesimen birge memorialdy kultti komplekske kiredi Dәstүrli portaldy kupoldy formasynda HIII g iri sayasi basshynyn kabirinin үstinen salyngan Kesenenin ortasynda arab tilimen kashalgan zhazuy bar tasty eskertkish ornalaskan Zhazu zherlengennin adamnyn aty men kajtys bolgan uakytyn habar etedi Eki kesenenin de territoriyasy da barlyk zhagynana zhabdyktalgan HIH g Kali Yunus shygys monshasy HIH g Әulie Ata kalasynyn turgynymen kurylgan monsha Saluda sәulet kompoziciyanyn principteri zhәne ortagasyrdagy shygys monshalar zhylytu zhүjeleri koldanylgan Bul koptegen turisterdin kyzygushylygyn oyatady XX g eluinshi zhyldaryna dejin monsha iste bolgan Қazirgi uakytta ol kalpyna kajta keltirilip sәulet eskertkishine ajnaldyrylgan Monsha turistik orynga ajnalgan edi VIII IH g g Akyrtas sarajlyk kompleksi Zhambyl oblysynyn zhәne Қazakstan territoriyasynda kyzykty zhәne kupiyaly oryndardyn biri Akyrtas tarihy 130 zhyl zerttelip zhәne kazir de zerttelude Қazirgi uakytta kompleks territoriyasynda Қazakstan Respublikasy ҰAҒ arheologiya etnografiyasy institutymen baskarylgan arheologiyalyk kazbalar zhүrgizilude Budan iri Mәdeni mura respublikalyk bagdarlamasy ayasynda muzejlik kompleksti kuru zhosparlandy Arheologiyalyk zertteulerdin nәtizhesinde alyngan songy mәlimetter bojynsha Akyrtasty Ұly Zhibek zholyndagy ortagasyr kalasy Қasribaspen tenestiredi Ғalymdardyn kopshiligi ojlarynsha Akyrtas 1714 1715 zh zh arab kolbasshysy Kүtejbi bujrygymen salyngan Saraj kompleksinin irgetasynyn terendigi 4 m kurajdy Tekturmas sәulet kesheni H HIV gg Bul ezhelgi dini oryndarynyn biri VII XI gg Islam dininin keluine dejin kompleks kuryla bastagan bolatyn Kesene islam kezeninde salynyp 1935 zh zhojyldy Қazirgi uakytta ony ornynda ortagasyr tipimen zhana kesene kalpyna keltirildi Kesenenin zhanynda kazak batyry Mәmbettin molasy bar Keshen territoriyasy barlyk zhagynan zhabdyktalgan Kesene ornatylgan taudyn үstinen tomende zhatkan Taraz kalasyna sulu korinisti koruge bolady Ezhelgi kalaga atau bolatyn zhanynda agyp zhatkan Talas ozeni әserdi kүshejtedi Osy zherde H HIII gasyrlardy Taraz kalasy arkyly otetin keruender otetin tas kopir ornalaskan DemografiyasyZhambyl oblysy halkynyn sany 1970 1979 1989 1999 2003 2004 2005 2006 2007794 320 933 426 1 048 546 988 840 980 072 985 552 992 089 1 001 094 1 009 2102008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 20191 018 845 1 020 791 1 034 487 1 046 497 1 055 813 1 069 874 1 084 482 1 098 740 1 110 907 1 115 307 1 117 220 1 125 442 2011 zhyldyn 1 kantaryna halyk sany 1043 6 myn adamdy kurajdy Halyktyn kuramy 90 nan astam ulttan turady onyn 71 4 y kazaktar Oblystyn etnikalyk kuramy Halyk sany 1989 zhyly Halyk sany 1999 zhyly Halyk sany 2010 zhyly Barlygy 1038667 100 00 988840 100 00 1043843 100 00 Қazaktar 507302 48 84 640346 64 76 722627 69 23 Orystar 275424 26 52 179258 18 13 141829 13 59 Dүngender 23555 2 27 30333 3 07 42404 4 06 Tүrikter 17145 1 65 24823 2 51 29354 2 81 Өzbekter 21512 2 07 22501 2 28 24986 2 39 Kүrtter 8796 0 85 10855 1 10 13220 1 27 Korejler 13360 1 29 14000 1 42 12452 1 19 Әzerbajzhandar 11653 1 12 10593 1 07 12185 1 17 Tatarlar 16618 1 60 12576 1 27 10651 1 02 Қyrgyzdar 5279 0 51 4966 0 50 7752 0 74 Nemister 70150 6 75 11394 1 15 6695 0 64 Ukraindar 33903 3 26 10013 1 01 3888 0 37 Ұjgyrlar 2805 0 27 2569 0 26 2783 0 27 Sheshender 881 0 08 2438 0 25 2548 0 24 Grekter 9273 0 89 2024 0 20 1637 0 16 Belorustar 3986 0 38 1481 0 15 870 0 08 Baskalary 17025 1 64 8670 0 83 7962 0 76 Әkimshilik bolinisiOblys ortalygy Taraz Oblysta 10 audan oblystyk mәndegi Taraz kalasy zhәne audandyk mәndegi Қaratau Zhanatas Shu siyakty үsh kala 367 eldi meken bar Halkynyn sany 2009 2021 Oblys audandary men kalalary 2009 2021 2021 2009 ga pajyzben Erler 2009 Erler 2021 2021 2009 ga pajyzben Әjelder 2009 Әjelder 2021 2021 2009 ga pajyzbenBajzak audany 83931 102864 122 6 41877 52114 124 4 42054 50750 120 7Zhambyl audany 73313 86564 118 1 36565 44078 120 5 36748 42486 115 6Zhualy audany 50391 54072 107 3 25100 27732 110 5 25291 26340 104 1Қordaj audany 124684 156270 125 3 61210 77699 126 9 63474 78571 123 8Merki audany 76753 87864 114 5 37750 44046 116 7 39003 43818 112 3Mojynkum audany 31130 28752 92 4 15672 14712 93 9 15458 14040 90 8Turar Ryskulov audany 63691 67216 105 5 31775 34078 107 2 31916 33138 103 8Sarysu audany 41105 43538 105 9 20588 21920 106 5 20517 21618 105 4Talas audany 50537 48453 95 9 25097 24446 97 4 25440 24007 94 4Shu audany 94669 105298 111 2 46989 52359 111 4 47680 52939 111Taraz kalalyk әkimdigi 331925 418368 126 154616 200661 129 8 177309 217707 122 8ZhALPY SANY 1022129 1199259 117 3 497239 593845 119 4 524890 605414 115 3EkonomikasyOblystyn zhalpy ishki onimi 23 8 onerkәsip 20 2 auyl sharuashylygy 16 6 kolik zhәne bajlanys 6 5 kurylys onimi 9 2 sauda 23 7 baska salalarӘkimderiӨmirbek Bәjgeldi 1990 1995 1995 1998 Sarybaj Sultanuly Қalmyrzaev 1998 1999 Serik Әbikenuly Үmbetov akpan 1999 14 mamyr 2004 Boribaj Bikozhauly Zheksembin 14 mamyr 2004 30 karasha 2009 Қanat Aldabergenuly Bozymbaev 30 karasha 2009 20 zheltoksan 2013 30 zheltoksan 2013 18 kantar 2018 Askar Isabekuly Myrzahmetov 18 kantar 2018 10 akpan 2020 Berdibek Mәshbekuly Saparbaev 10 akpan 2020 7 sәuir 2022 7 sәuir 2022 4 kyrkүjek 2023 5 kyrkүjek 2023 zhyldan bastap Zhambyl oblysynan shykkan atakty tulgalarZhambyl oblysynyn Қurmetti azamattaryTole bi 1663 1756 kazak halkynyn bas bii Zhambyl Zhabajuly 28 02 1846 22 06 1945 kazak halyk poeziyasynyn әjgili tulgasy olen sozdin dүldүli zhyrau zhyrshy Baluan Sholak 1864 1919 kazaktyn halyk kompozitory zhauyryny zherge timegen baluan Kenen Әzirbaev 08 05 1884 12 04 1976 kazaktyn әjgili halyk akyny kompozitor Қazakstannyn enbek sinirgen oner kajratkeri Bauyrzhan Momyshuly 24 12 1910 10 06 1982 kazaktyn batyry Ekinshi dүniezhүzilik sogystyn dankty zhauyngeri әskeri kolbasshy strateg zhәne taktik Kenes odagynyn batyry zhazushy Қajrat Ryskulbekov 13 03 1966 21 05 1988 Zheltoksan okigasyna katysushy Halyk Қaһarmany Asanbaj Askarov 15 09 1922 10 08 2001 memleket kajratkeri Socialistik enbek eri 1982 sogys ardageri akyn Shona Smahanuly 05 10 1924 1988 akyn sykakshy Sherhan Murtaza 28 09 1932 08 10 2018 Қazakstannyn halyk zhazushysy kogam kajratkeri Asanәli Әshimuly 08 05 1937 kino zhәne teatr akteri KSRO halyk әrtisi 1980 Berik Shahanuly 1943 2020 zhazushy prozaik Alash halykaralyk әdebi syjlygynyn laureaty Қazakstannyn enbek sinirgen kajratkeri Sarysu audanynyn Қurmetti azamaty Halykaralyk Mahmud Қashkari syjlygynyn laureaty Amangeldi Nakypuly Sembin 9 5 1945 2005 әnshi pedagog Қazakstannyn enbek sinirgen artisi 1976 Mәskeu konservatoriyasynyn vokaldyk bolimin bitirgen Italiyanyn Milan kalasyndagy La Skala da әn shyrkagan tungysh kazak Dulat Kapparuly Aliev 5 01 1948 sүretshi pedagog 1986 Қazakstan Memlekettik Premiyasynyn iegeri Shygarmalary Resej Tretyakov galereyasynyn korynda 10 06 1949 27 07 2012 memleket kajratkeri Altynbek Қorazbaev 01 02 1948 kompozitor Қazakstannyn halyk әrtisi 1993 Tungyshbaj Zhamankulov 02 10 1948 kino zhәne teatr akteri Қazakstannyn halyk әrtisi 1992 Zhaksylyk Үshkempirov 06 05 1951 2 08 2020 kazak halkynan shykkan algashky olimpiada chempiony Mәskeu 1980 klassikalyk kүresten sport sheberi Serik Қonakbaev 25 10 1959 bokstan Olimpiadanyn kүmis zhүldegeri Mәskeu 1980 Mejrambek Besbaev 08 11 1976 әnshi MuzART tobynyn mүshesi Baktiyar Artaev 14 03 1983 bokstan Olimpiada chempiony Afiny 2004 Ermahan Ybrajymov 01 01 1972 bokstan Olimpiada chempiony Sidnej 2000 Islam Bajramukov 12 06 1971 erkin kүresten Olimpiadanyn kүmis zhүldegeri Sidnej 2000 Bolat Zhumadilov 22 04 1973 bokstan Olimpiadanyn eki dүrkin kүmis zhүldegeri Atlanta 1996 Sidnej 2000 19 09 1972 bokstan Olimpiadanyn kola zhүldegeri Atlanta 1996 Akzhүrek Tanatarov 03 09 1986 erkin kүresten Olimpiadanyn kola zhүldegeri London 2012 28 08 1950 KSRO kuramasynyn zhәne Қajrat Energetik Taraz komandalarynyn korgaushysy 02 03 1969 kәsipkoj bokstyn WBC zhүjesi bojynsha әlem chempiony 2006 2008 24 07 1961 auyr atletikadan Қazakstan kuramasynyn bas bapkeri 03 01 1974 kazak halkynan shykkan algashky kәsipkoj bokstan әlem chempiony IBA 2005 2007 Oleg Litvinenko 22 11 1973 18 11 2007 Қazakstan kuramasynyn shabuylshysy Қazakstan chempionattarynyn en mergen futbolshysy 148 gol Syrtky siltemelerZhambyl oblysy Muragattalgan 9 nauryzdyn 2017 zhyly Ashyk Tizimdeme Zhobasy ODP Zhambyl Oblysy Әkiminin resmi sajtyDerekkozderҚazakstan Respublikasy halkynyn zhynysy zhәne zhergilikti zherdin tipine karaj sany 2022 zhylgy 1 kazanga Қazakstan Respublikasy halkynyn zhekelegen etnostary bojynsha sany 2022 zhyl basyna Zhambyl oblysynyn toponomikalyk ataularynyn anyktamalygy Oblys turaly akparat Zhambyl oblysynyn resmi sajtynan Division of Kazakhstan agyl pop stat mashke org Tekserildi 29 nauryz 2016 Қazakstan Respublikasynyn oblystary kalalary zhәne audandary bojynsha halyk sany 2003 2012 ҚR statistika agenttigi Arhiv Muragattalgan 13 karashanyn 2013 zhyly ҚR zhәne oblys halkynyn ulttyk kuramy 1 tom Muragattalgan 16 tamyzdyn 2011 zhyly 1 kantar 2010 zh oblys audan kala men auyl halkynyn kobeyu korsetkishi Muragattalgan 17 kantardyn 2013 zhyly 2021 zhylgy ulttyk halyk sanagynyn korytyndylary