Жамбыл ауданы — Жамбыл облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 4,3 мың км². Аудан орталығы – Аса ауылы.
Қазақстан ауданы | |
Жамбыл ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны | 17 |
Ауыл саны | 42 |
Әкімі | Ерлан Қыдыралыұлы |
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Аса ауылы, Абай көшесі, №123 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 42°53′31″ с. е. 71°05′24″ ш. б. / 42.89194° с. е. 71.09000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°53′31″ с. е. 71°05′24″ ш. б. / 42.89194° с. е. 71.09000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1928 |
Жер аумағы | 4,3 мың км² |
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 87 638 адам (2023) |
Ұлттық құрамы | қазақтар (70,96%), дүңгендер (9,69%), күрдтер (6,14%), түріктер (5,06%), орыстар (3,79%), басқалары (4,36%) |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі | 090100- 090120 |
Автомобиль коды | 08 |
Жамбыл ауданының әкімдігі | |
| |
|
Географиясы
Солтүстігінде Талас ауданымен, батысында Жуалы ауданымен, шығысында Байзақ, Тұрар Рысқұлов аудандарымен және Тараз қаласымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.
Аудан жері таулы (Қаратау мен Қырғыз Алатауының түйіскен жері), қыратты (орт.), солтүстікке қарай жазық келеді.
Климаты
Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық. Ауаның орташа температурасы қаңтарда –6 – 7°С, шілдеде 22 – 26°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 250 – 400 мм. Аудан жерімен Талас, Аса өзендері ағып өтеді; Бөгеткөл, Сұлукөл, Сеңгірбай, Көкіш көлдері бар. Жері таулы-шалғынды, шалғынды-сұр, шалғынды-батпақты келеді. Онда жусан, жантақ, сораң шөп, қамыс, құрақ, бұталы өсімдіктер, т.б. өседі. Ақбөкен, арқар, қоян, түлкі, қасқыр, шиебөрі, қырғауыл, т.б. мекендейді. Жер қойнауынан құрылыс материалдары (гипс, әктас, т.б.) өндіріледі. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 412 мың га, оның ішінде жыртылған жері 156,4 мың га, шабындығы 7,2 мың га, жайылымы 325,5 мың га. Аудан жерімен Шымкент – Тараз, Тараз – Қаратау – Жаңатас т. ж., Шымкент – Тараз, Тараз – Ақкөл – Саудакент автомобиль жолдары өтеді.
Халқы
1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
31394 | ▲41051 | ▲52919 | ▲59983 | ▲69335 | ▲69966 | ▲73313 | ▲86564 |
Тұрғыны 82 902 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (70,20%), дүнгендер (9,79%), күрдтер (6,08%), түріктер (5,07%), орыстар (4,15%), басқалары (4,72%).
Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 42 елді мекен 17 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Айша бибі ауылдық округі | 5423 | ▲5844 | 107,8 | 2781 | ▲3029 | 108,9 | 2642 | ▲2815 | 106,5 |
Ақбастау ауылдық округі | 1864 | ▲2052 | 110,1 | 927 | ▲1077 | 116,2 | 937 | ▲975 | 104,1 |
Ақбұлым ауылдық округі | 3084 | ▲3857 | 125,1 | 1512 | ▲1925 | 127,3 | 1572 | ▲1932 | 122,9 |
Аса ауылдық округі | 9048 | ▲13496 | 149,2 | 4462 | ▲6869 | 153,9 | 4586 | ▲6627 | 144,5 |
Бесағаш ауылдық округі | 6012 | ▲6879 | 114,4 | 2981 | ▲3493 | 117,2 | 3031 | ▲3386 | 111,7 |
Гродеков ауылдық округі | 6167 | ▲7227 | 117,2 | 3047 | ▲3605 | 118,3 | 3120 | ▲3622 | 116,1 |
Ерназар ауылдық кругі | 1633 | ▼1563 | 95,7 | 813 | ▼810 | 99,6 | 820 | ▼753 | 91,8 |
Жамбыл ауылдық округі | 7239 | ▲7874 | 108,8 | 3590 | ▲3976 | 110,8 | 3649 | ▲3898 | 106,8 |
Көлқайнар ауылдық округі | 2994 | ▲3100 | 103,5 | 1542 | ▲1608 | 104,3 | 1452 | ▲1492 | 102,8 |
Қаракемер ауылдық округі | 2404 | ▲2584 | 107,5 | 1228 | ▲1340 | 109,1 | 1176 | ▲1244 | 105,8 |
Қараой ауылдық округі | 4716 | ▲6362 | 134,9 | 2323 | ▲3240 | 139,5 | 2393 | ▲3122 | 130,5 |
Қарасу ауылдық округі | 1913 | ▲1941 | 101,5 | 972 | ▲1004 | 103,3 | 941 | ▼937 | 99,6 |
Қаратөбе ауылдық округі | 4103 | ▲5671 | 138,2 | 2040 | ▲2911 | 142,7 | 2063 | ▲2760 | 133,8 |
Қызылқайнар ауылдық округі | 4934 | ▲5008 | 101,5 | 2482 | ▲2536 | 102,2 | 2452 | ▲2472 | 100,8 |
Өрнек ауылдық округі | 2516 | ▲2535 | 100,8 | 1263 | ▲1305 | 103,3 | 1253 | ▼1230 | 98,2 |
Полатқосшы ауылдық округі | 8394 | ▲9833 | 117,1 | 4148 | ▲4961 | 119,6 | 4246 | ▲4872 | 114,7 |
Тоғызтарау ауылдық округі | 869 | ▼738 | 84,9 | 454 | ▼389 | 85,7 | 415 | ▼349 | 84,1 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 73313 | ▲86564 | 118,1 | 36565 | ▲44078 | 120,5 | 36748 | ▲42486 | 115,6 |
Тарихы
Аудан 1928 жылы Әулиеата ауданы атымен (шамамен 946-992 жж. өмір сүрген Қарахан әулетінен Әулиеата атанған екінші ханның мекені болған) Сырдария өлкесінің құрамында өмірге келген. Аудан орталығы Әулиеата қаласында болған. Бұл - Кеңестер Одағының жер-жерде коллективтендіру науқанын жүргізе бастаған шағы. Аудан алғаш құрылғанда 18 ауыл шаруашылық артелі жұмыс істеген.1932 жылдың 20 ақпанында Сырдария өлкесі Қызылорда, Түркістан облысы болып екіге бөлініп Әулиеата ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында қалды. Ал, 1936 жылдың 10 қаңтарында Әулиеата ауданы сол кездегі Қазақстанның басшысы Мирзоянның есімімен аталды. Қазақтар «Мырзажан» немесе «Мырзабала» атаған. Мирзоян 1938 жылы халық жауы болып ұсталып кеткен соң, ауданға осы жылдың 1 шілдесінде қазақ халқының Гомері атанған ұлы Жамбылдың есімі беріледі.
«Ұлы жұт» - ашаршылықтан кейінгі 1933 жылы аудандағы колхоздардың саны 60-қа жетті. Алайда ауыл шаруашылығы өндірісін жетік білетін маман кадрлар, құрал-сайман жетіспеді. «Жүк ауырын нар көтереді» деген, осы тұста елдің белін көтеріп, колхоз қабырғасын өруге Құлманбаев, Б.Кейкиев, Б.Тайшапов, А.Байзақов, Үкібаев сияқты арда азаматтар келіп, қыруар шаруаның қыл-шылбырын есті, үлкен ұйымдастырушылық іс жүргізді.
1938 жылдың наурызында Жамбыл ауданының құрамынан Свердлов, Луговой аудандары бөлініп шықты. Сол кезде ауданда 6 селолық совет, 40 колхоз, 4 совхоз, 2 МТС болды. Колхоздар мен МТС-терді ұйымдық жағынан нығайту, олардың материалдық-техникалық базасын күшейту нәтижесінде егіс көлемі, мал саны едәуір көбейді, ауыл шаруашылығы өнімі арта түсті.
1939 жылдың 14 қазанында Жамбыл облысы Оңтүстік Қазақстан облысынан бөлініп шығып, өз алдына облыс болып құрылды. Жамбыл ауданы осы облыстың құрамында қалды. Орталығы да Жамбыл қаласының өзінде болды. Осы жылы ауданның құрамында Ақбұлым, Ақжар, Ақкөл, Аса, Берікқара, Бесағаш, Билікөл, Головачевка, Гродеково, Есентөбе, Қаратөбе, Қараөзек, Қостөбе, Полатқосшы сияқты 15 ауылдық кеңес жұмыс істеді.
Елуінші жылдары экономикасы әлсіз колхоздар ірілендіріліп, 1956 жылы техникамен жарақтанған қуатты 14 колхоз аудан әлеуетін дамыту жолына түсті. Ал жетпісінші жылы ауданда даму жолынан өткен 6 колхоз, 11 совхоз болды. Шаруашылықтардың барлығы қуаттана түсті. Мысалы «Ақкөл» колхозының өзінде 30-дан астам трактор, 15 комбайн, 40 автомашинасы мен басқа техникасы жыл сайын қыруар пайда табуға мүмкіндік берді.
Киелі топырақ ұлылық туғызбай қоймайды. Ауданды әр кезеңде қазақтың озық ойлы, зиялылары басқарып, ауданның экономикасының көтерілуіне үлестерін қосты. Х.Баймуханбетов – аудандық партия комитетінің алғашқы бірінші хатшысы. Одан кейінгі аудан тізгінін ұстаған Күләш Әскеева кейін облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары және басқа да басшы қызметте болды. Өткен ғасырымыздың елуінші жылдарының соңына қарай аудан тізгігін ұстаған Т.Ақбозовты, одан кейін аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ш.Қалдыбаевты аудан халқы үнемі еске алып, олардың жақсы істері жайлы әлі күнге әңгімелеп отырады.
Алпысыншы жылдардың басында Жамбыл ауданы таратылып, Жуалы, Байзақ (ол кезде Свердлов) аудандарының құрамына берілді. Арада екі жыл өткеннен кейін 1966 жылдың қысында Жамбыл ауданы қайта құрылды. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Н.Ыбыраев, аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы болып Ә.Сандыбаев тағайындалды. Жаңадан құрылған ауданды бұлар қысқа мерзім ішінде аяғына қойып, облыстағы алдыңғы қатарлы аудандарының санатынан көрінді. А.Аширов, В.И.Ким, А.Л.Костянкин сияқты білікті азаматтар өздеріне сеніп тапсырған ұжымшарлардың дәулетін шалқытып, бай шаруашылықтар қатарына жеткізді. Әнуарбек Сандыбаев аудан тізгігін он жылдай ұстады. Ол кісі тынымсыз еңбек етіп, ауданның әлеуметтік жағдайын көтерді. Әнекеңнен кейін ауданды С.Қожақанов, Т.Б.Мүсіралиев, Зайцев, Ю.Н.Морозов, В.И.Синельников, Д.Тоқбергенов, Ә.Әсілбеков, М.Байгедиевтер басқарды. Халықтың ажары осындай халық бағбаны атанған зиялы азаматтармен ашық екен. Бұлардың қай-қайсысы болмасын өздеріне тапсырылған жұмыстарды мінсіз атқарып, аудан жұртшылығының есінде қалды. Қазіргі таңда ауданды Жуалы ауданының перзенті М.А.Дүйсембаев басқаруда. Бұлардың қай-қайсысы болмасын аудан экономикасын көтеріп, халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге күш салды.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы құйынды да дүрмекті күндерді, дүние тамұқтың отына оранған зұлмат кезеңді, аудан халқының бастан кешіргені белгілі. Ел енді-енді еңсесін көтеріп, жағдайы түзеле бастағанда батыстан соққан қара дауыл талай кеудедегі көктемнің қызғалдағын жұлып кетті. 1941 жылдың 22 маусымы күні басталған қанқасап соғыстың салған лаңын күні бүгінге дейін кәрі де, жас та ұмытқан жоқ. 1418 күн мен түнге ұласқан, өмір мен өлім айқасқан, бораған оқ ішінде жүріп, сол соғыстан елге аман оралған ардагерлеріміздің қатары да жылдан жылға сиреп келеді.
Сол сұрапыл жылдары ерен ерлік үлгісін көрсетіп, есімі бүкіл одаққа тараған аудан азаматтары да болды. Құралайды көзден атқан мерген Ыбырайым Сүлейменов Қазақстанда жасалған 101 бригада құрамында соғысып, Новель қаласының түбінде ерлікпен қаза тапты. Бір өзі 280 немістің көзін жойды. Қайтыс болғаннан кейін оны Кеңестер Одағының Батыры атағын беруге ұсынды. Қазір батыр атында Таразда үлкен көше бар.
Ыбырайым Сүлейменов соғысқа дейін Жамбыл МТС-де тракторшы болып жұмыс істеген. Жыл сайын жазда егін орағына қатысып, тындырылымдығымен, өжеттілігімен ұжымшар басшылары мен колхозшылардың көңілінен шығып отырған екен. Оны көзі көргендер күні бүгінге дейін жыр етіп әңгімелейді.
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін ел еңсесі көтеріліп еңбекке деген құлшынысы артты. 1949 жылға дейін 16 адамға Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, 54 еңбеккер Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 21 адамның омырауында Ленин ордені жарқырады. 103 адам «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері атанды. Бәйгелді Кейкиев басқарған «Кеңестөбе» колхозының өзінен 8 Социалистік Еңбек Ерінің шығуы ауылдың даңқын аспандатып тастады. Олар: Науат Егембердиева, Міртай Бейсалиев, Рысқұлбек Тұрғынбаев, Шынтас Тілеубаев, Күртібай Жанбосынов, Тастемір Дәуренбеков, Поштабай Қырбасов. Осы кезеңде ауданның басқа ұжымдарынан да одақтағы ең құрметті атақты иеленгендер аз болған жоқ. Солардың қатарында Күлімжан Күтімова, Сейдуалы Есімов, Әзімбек Ысмайылов, Мариям Мырзахметова, Түйте Пірімқұлов, Ысқақ Сүлейменов, Серафима Васильевна Таркаева, Әжібай Тілеубердиев, Патыш Юнусова, Жәнібек Жанталиев, Ақын Жақсылықов, Мария Тимофеевна Енькова (Радченко), Сәрсен Қазанғапов, Әбден Батыров сынды қиын шақта ел байлығын еселеген абзал азаматтар бар.
Жібек жолының бойына орналасқан Жамбыл ауданы соғыстан соң ел экономикасын көтеруге, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бір жола көшті. Ұсақ шаруашылықтар біріктіріліп, ірілендірілді. Аудан орталығы Аса ауылына көшіріліп әкелініп, енді жұмыс істей бастаған шақта, 1963 жылы Қазақ КСР Кеңес Президиумының Жарлығымен аудан таратылды. Ауданның Аса, Бесжылдық, Билікөл, Головачевка, Ерназар, Есентөбе, Қаратөбе және Көлқайнар селолық кеңестері Жуалы ауданына, Бесағаш, Гродеково, Қостөбе, Полатқосшы селолық кеңестері Свердлов (қазіргі Байзақ) ауданының құрамына берілді.
1966 жылдың 31 қаңтарында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Жамбыл ауданы қайта құрылып, орталығы Жамбыл қаласы болып белгіленді. Ауданның құрамына Аса, Головачевка, Ерназар, Қаракемер, Қаратөбе селолық кеңестері Жуалы ауданынан, Бесағаш, Гродеково, Жамбыл, Көлқайнар, Пионер және Полатқосшы селолық кеңестері Байзақ ауданынан қайтарылып берілді. Аудандық партия комитетінің 1-хатшысы болып бұған дейін облыстық тәжірибе стансасының директоры болған Нұртаза Ыбыраев сайланды. Аудандық атқару комитетінің төрағасы болып бұрын Жуалы аудандық партия комитетінің, кейіннен ауатком төрағасының бірінші орынбасары болған Ә.Сандыбаев аудан экономикасын жақсарту жұмысын білікті маман кадрлар дайындаудан бастады.
1973 жылдан Аса ауылы аудан орталығы.
Ауданда 6 ұжымшар, 10 кеңшар және 1 тәжірибе стансасы жұмыс істеді. Іргелі шаруашылықтардың бірі – Крупская атындағы ұжымшарды Бейсенбек Тайшапов 25 жыл басқарды. Ол ауданда бірінші болып Өрнек ауылының орталығына жаңа мектеп ғимаратын салғызды. Қазір сол мектепке екі дүркін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған Тайшаповтың есімі берілген. Табыстың тай қазанын қайнатуға ХХІІ партсьезд атындағы ұжымшардың тізгінін ұстаған Арнольд Лазаревич Костянкин, «Октябрь» ұжымшарын отыз жылдай басқарған Махмуд Искакұлы Аширов, «Ақкөл» ұжымшарындағы қожырап кеткен жұмысты жолға қойған Виктор Илларенович Ким, «Жасөркен» кеңшарын біліктілікпен басқарып, қазіргі Қызылқайнар ауылын гүлдендірген Әзімбек Жанболатов, «Қызыл Октябрь» ұжымшарына абырой әперген С.Дауылбаев, Аманкелді атындағы ұжымшарға ырыс әкелген Б.Шаханов қомақты үлес қосты. Жыл сайын аудан жас кадрлармен толықтырылып тұрды. Ауданды Т.Б.Мүсіралиев басқарған кезеңде Е.Жатқанбаев, М.Сыздықов, С.Мұсабеков, Н.Тілегенов, М.Байгелдиев, С.Садықов сияқты мамандар шаруашылықтарды басқаруға жіберілді. Қатардағы еңбек адамдары арасынан да республикаға танымал болғандары аз емес. Олардың қатарында Айша бибі ауылының тұрғыны, КОКП ХХV сьезінің делегаты, екі дүркін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Бегай Кабашева бағалы техникалық дақыл өсіруден биік көрсеткішке қол жеткізгені үшін Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы ордендерімен марапатталса, ауданымыздың құрметті азаматының бірі, сүт бұлағын ағызған балды бармақ сауыншы Валентина Ивановна Иванова Еңбек Даңқы орденінің толық иегері атанды. «Октябрь» кеңшарының сауыншысы өзі еңбек еткен 25 жыл ішінде ерен еңбектің үлгісін көрсетті.
Ортақ табысқа өзіндік үлес қосқан шопандар пионерлік Құрманбек Тубаев пен қаракемерлік Оразғали Ақыновтың есімдері елге ерте танылды. Ауданымыздан Ж.Хаппаев, Х.Миссиров, Ә.Бейсенов және тағы басқа жайылымды төрт-түлік малға толтырған еңбек майталмандары көптеп шықты.
Ауыл шаруашылығы
Жамбыл ауданы әу бастан-ақ мал және егін, бау-бақша дақылдарын өсіруге мамандандырылған. Ауданның өндірістік-экономикалық даму қарқынының артықшылықтарына оның қалаға таяу орналасуы игі әсер етіп келген. Мұнда 1930 жылдың өзінде бірден-бір ең үлкен машина-трактор (МТС) станциясы ашылып, ауыл шаруашылығына жұмыс істей бастаған. 1930 жылғы санақ деректері бойынша ауданда 33 012 бас ірі қара мал, 298 067 қой, 267 шошқа болған екен. Алғашында аудандағы он сегіз ұсақ ұжымшардың мүшесі 258 адамға жеткен. 1930 жылы ұжымшар саны 94-ке жетіп, колхозшылардың саны 7905 адамға артқан.
Ал қазір аудан көлемі 41 500 кв.км, халқының саны 86 411, 45 елді мекен, 10 өндірістік кооператив, 4 ЖШС, 1772 шаруа қожалығы, 751 жеке кәсіпкерлік, 117 шағын кәсіпкерлік, 13 өнеркәсіп орындары еңбек етуде.
Аудан тұлғалары
Тәуелсіздік жарияланғаннан бері ауданымызда мақтануға тұрарлық, еңбектерімен еленіп жүрген азаматтар бар. Олар – Президент Жарлығымен жоғары марапаттарға лайық деп танылған «Құрмет» орденінің иегерлері – Ұлы Отан соғысының ардагері Ә. Кемпіреков, «Пионер» асыл тұқымды қой зауыты өндірістік кооперативінің төрағасы А.Жұмақанов, «Астана», «Ерен еңбегі» медальдарының иегерлері «Амангелді», «Юнчи» өндірістік кооперативінің төрағалары Р.Бегалиев, Т.Аширов, «Ерен еңбегі» медалінің иегері - «Атамекен» шаруа қожалығының басшысы Ж.Жапаров, «Шапағат» медалінің иегері – «БМ» ЖШС бас директоры С.Махмадов, ҚР Құрмет Грамотасымен марапатталған «Шайқорық» шаруа қожалығының жетекшісі Е.Дадабаев және М.Төлебаев атындағы аудандық саз мектебінің директоры С.Күзербаев. Президент Н.Ә.Назарбаевтың назарына ілініп, жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болған бұл азаматтар аудан абыройын арттырса, аудандағы қалыптасқан жағдайлар жақсы жағдайлар жоғары көрсеткіштер оларды құрметке бөлеп отыр.
Ел экономикасының дамуы материалдық жағдайдың жақсаруына, адамдардың әл-ауқатының, тұрмыс-тіршілігінің жаңа сипат алуына мүмкіндік туғызатын болса, саясат, білім, әдебиет пен мәдениет осынау саланың өркендеуіне өзіндік үлесін қосады. Осы орайда біздің ауданымыздан шыққан қоғам, ғылым, мәдениет және әдебиет қайраткерлері баршылық. Бұл ретте бірінші кезекте Тәуелсіз Қазақстан тұсында дүниеге келген қос палаталы Парламенттің тұңғыш Сенат төрағасы Ө.Байгелдиев. Қарапайым ауыл азаматы саяси қызметте ел тағдырын шешуге, мемлекет аралық мәселелерді орнықтыруға өзінің өлшеусіз үлесін қосқаны мәлім. Ол қазір де заң шығарушы орган басшыларының бірі.
Сәулеттік ескерткіштер
Ауданда археологиялық ескерткіштердің ең көнесі біздің заманымызға дейінгі VІ-ХІІ ғасырларды қамтиды. Қазіргі уақытта аудан көлемінде 89 археологиялық 2 сәулет, 1 монумент, 17 тарихи-мұра обьектілері бар. Соның ішінде ЮНЕСКО-ның республикалық мәні бар Айша бибі және Бабаджа-хатун кесенелері.
Айша бибі ауылына орналасқан Айша бибі кесенесінің сырт жағы өсімдіктермен, жұлдызшалармен өрнектеліп, плиталармен көмкерілген. Бағананың 3,4 метр биіктігінде арабша «Күз... тұман... Жер жәннәт...» деп жазылған. Кесененің салыну тарихы және Айша бибінің жеке тарихы туралы осы кезге дейін жазып қалдырылған дерек кездестірілген жоқ. Тек халық аузындағы аңыз бойынша орта ғасырда өмір сүрген ғалым, әрі ақын, Хакім атаның қызы Айша сұлуға салынған кесенесі.
Аңыз негізі бойынша өзі сүйген жігітіне келе жатқанда жылан шағып өлтірген. Айша осы жерге жерленіп, оған кесене салынды. Оның қасында Айшаның күтушісі Бабаджа-хатун кесенесі орналасқан. Құрылыс күйдірілген кірпіштен жасалынған. Кесенеге араб тілінде былай деп жазылған: «Бұл ұлы бейіт Абаджа-хатун. Оны соққан..» Одан әрі қарай жазылған жазуы өшіп қалған. Әулие бастау, Дех-Нуджикес, Бектөбе, Ақтөбе, Атлах, Жікіл, Адахкес қалашықтарының қалдықтарының ішінде Жікіл, Әулие бастау, Бектөбе қалашықтарына ғана қазба жұмыстары жүргізілген. Ескі қорған, обалар Аса, Қаратөбе, Қаракемер, Қызылқайнар округтерінде орналасқан.
Аудан газеті
Ауданның ақпараттық әлемінің айнасы «Шұғыла-Радуга» газеті 1966 жылдың 1 шілдесінен бастап шығады. «Шұғыла» өз тарихының ішінде талай-талай тарландарды қанаттандырып, ұясынан ұшырды. Кезінде аудандық «Шұғыла-Радуга» газеті кадрлар дүкеніне айналған. Атап айтар болсақ ҚР Парламенті сенатының депутаты болған Жандар Кәрібаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты болған жазушы, ақын Арғынбай Бекбосынов осы газеттің редакторлары. Облыс әкімі ішкі саясат департаментінің директоры Масат Беріков, облыстық телерадио хабарларын тарату жөніндегі комитеттің төрағасы Бекет Момынқұлов, «Знамя труда» газетінің бас редакторы Владимир Козыренко, «Жамбыл-Тараз» газеті редакторының орынбасары Сапарғали Әлібаев, республикаға танымал сатирик-ақын Толымбек Әлімбеков, ақын Серік Қалиевтер «Шұғыла-Радуга» газетінің шекпенінен шыққандар. Өмірден өткен Тынышбай Рахымов, Совет Әлімқұлов, Мұса Рахманбердиев, Шаймерден Дәуренов, Базар Қилыбаев сынды ақын-жазушылар осы ауданда тұрып, «Шұғылада» қызмет етіп қолтаңбаларын қалдырған.
Дереккөздер
- Жамбыл облысы Жамбыл ауданына жаңа әкім тағайындалды (22 ақпан 2022).
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- Қазақстан почталық индекстері
- Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ҚР халық санақтары
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhambyl audany Zhambyl oblysynyn ontүstik batysyndagy әkimshilik bolinis 1928 zhyly kurylgan Zher aumagy 4 3 myn km Audan ortalygy Asa auyly Қazakstan audanyZhambyl audanyӘkimshiligiOblysyZhambyl oblysyAudan ortalygyAsaAuyldyk okrugter sany17Auyl sany42ӘkimiErlan ҚydyralyulyAudan әkimdiginin mekenzhajyAsa auyly Abaj koshesi 123Tarihy men geografiyasyKoordinattary42 53 31 s e 71 05 24 sh b 42 89194 s e 71 09000 sh b 42 89194 71 09000 G O Ya Koordinattar 42 53 31 s e 71 05 24 sh b 42 89194 s e 71 09000 sh b 42 89194 71 09000 G O Ya Қurylgan uakyty1928Zher aumagy4 3 myn km Uakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny87 638 adam 2023 Ұlttyk kuramykazaktar 70 96 dүngender 9 69 kүrdter 6 14 tүrikter 5 06 orystar 3 79 baskalary 4 36 Sandyk identifikatorlaryPoshta indeksi090100 090120Avtomobil kody08Zhambyl audanynyn әkimdigi Baska magynalar үshin Zhambyl audany degen betti karanyz GeografiyasySoltүstiginde Talas audanymen batysynda Zhualy audanymen shygysynda Bajzak Turar Ryskulov audandarymen zhәne Taraz kalasymen ontүstiginde Қyrgyzstanmen shektesedi Audan zheri tauly Қaratau men Қyrgyz Alatauynyn tүjisken zheri kyratty ort soltүstikke karaj zhazyk keledi KlimatyKlimaty kontinenttik kysy zhumsak zhazy ystyk Auanyn ortasha temperaturasy kantarda 6 7 S shildede 22 26 S Zhauyn shashynnyn ortasha zhyldyk molsheri 250 400 mm Audan zherimen Talas Asa ozenderi agyp otedi Bogetkol Sulukol Sengirbaj Kokish kolderi bar Zheri tauly shalgyndy shalgyndy sur shalgyndy batpakty keledi Onda zhusan zhantak soran shop kamys kurak butaly osimdikter t b osedi Akboken arkar koyan tүlki kaskyr shiebori kyrgauyl t b mekendejdi Zher kojnauynan kurylys materialdary gips әktas t b ondiriledi Auyl sharuashylygyna zharamdy zheri 412 myn ga onyn ishinde zhyrtylgan zheri 156 4 myn ga shabyndygy 7 2 myn ga zhajylymy 325 5 myn ga Audan zherimen Shymkent Taraz Taraz Қaratau Zhanatas t zh Shymkent Taraz Taraz Akkol Saudakent avtomobil zholdary otedi Halky1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021 31394 41051 52919 59983 69335 69966 73313 86564 Turgyny 82 902 adam 2019 Ұlttyk kuramy kazaktar 70 20 dүngender 9 79 kүrdter 6 08 tүrikter 5 07 orystar 4 15 baskalary 4 72 Әkimshilik bolinisiAudandagy 42 eldi meken 17 auyldyk okrugke biriktirilgen Halkynyn sany 2009 2021 Auyldyk okrugteri 2009 2021 2021 2009 ga pajyzben Erler 2009 Erler 2021 2021 2009 ga pajyzben Әjelder 2009 Әjelder 2021 2021 2009 ga pajyzbenAjsha bibi auyldyk okrugi 5423 5844 107 8 2781 3029 108 9 2642 2815 106 5Akbastau auyldyk okrugi 1864 2052 110 1 927 1077 116 2 937 975 104 1Akbulym auyldyk okrugi 3084 3857 125 1 1512 1925 127 3 1572 1932 122 9Asa auyldyk okrugi 9048 13496 149 2 4462 6869 153 9 4586 6627 144 5Besagash auyldyk okrugi 6012 6879 114 4 2981 3493 117 2 3031 3386 111 7Grodekov auyldyk okrugi 6167 7227 117 2 3047 3605 118 3 3120 3622 116 1Ernazar auyldyk krugi 1633 1563 95 7 813 810 99 6 820 753 91 8Zhambyl auyldyk okrugi 7239 7874 108 8 3590 3976 110 8 3649 3898 106 8Kolkajnar auyldyk okrugi 2994 3100 103 5 1542 1608 104 3 1452 1492 102 8Қarakemer auyldyk okrugi 2404 2584 107 5 1228 1340 109 1 1176 1244 105 8Қaraoj auyldyk okrugi 4716 6362 134 9 2323 3240 139 5 2393 3122 130 5Қarasu auyldyk okrugi 1913 1941 101 5 972 1004 103 3 941 937 99 6Қaratobe auyldyk okrugi 4103 5671 138 2 2040 2911 142 7 2063 2760 133 8Қyzylkajnar auyldyk okrugi 4934 5008 101 5 2482 2536 102 2 2452 2472 100 8Өrnek auyldyk okrugi 2516 2535 100 8 1263 1305 103 3 1253 1230 98 2Polatkosshy auyldyk okrugi 8394 9833 117 1 4148 4961 119 6 4246 4872 114 7Togyztarau auyldyk okrugi 869 738 84 9 454 389 85 7 415 349 84 1ZhALPY SANY 73313 86564 118 1 36565 44078 120 5 36748 42486 115 6TarihyAudan 1928 zhyly Әulieata audany atymen shamamen 946 992 zhzh omir sүrgen Қarahan әuletinen Әulieata atangan ekinshi hannyn mekeni bolgan Syrdariya olkesinin kuramynda omirge kelgen Audan ortalygy Әulieata kalasynda bolgan Bul Kenester Odagynyn zher zherde kollektivtendiru naukanyn zhүrgize bastagan shagy Audan algash kurylganda 18 auyl sharuashylyk arteli zhumys istegen 1932 zhyldyn 20 akpanynda Syrdariya olkesi Қyzylorda Tүrkistan oblysy bolyp ekige bolinip Әulieata audany Ontүstik Қazakstan oblysynyn kuramynda kaldy Al 1936 zhyldyn 10 kantarynda Әulieata audany sol kezdegi Қazakstannyn basshysy Mirzoyannyn esimimen ataldy Қazaktar Myrzazhan nemese Myrzabala atagan Mirzoyan 1938 zhyly halyk zhauy bolyp ustalyp ketken son audanga osy zhyldyn 1 shildesinde kazak halkynyn Gomeri atangan uly Zhambyldyn esimi beriledi Ұly zhut asharshylyktan kejingi 1933 zhyly audandagy kolhozdardyn sany 60 ka zhetti Alajda auyl sharuashylygy ondirisin zhetik biletin maman kadrlar kural sajman zhetispedi Zhүk auyryn nar koteredi degen osy tusta eldin belin koterip kolhoz kabyrgasyn oruge Қulmanbaev B Kejkiev B Tajshapov A Bajzakov Үkibaev siyakty arda azamattar kelip kyruar sharuanyn kyl shylbyryn esti үlken ujymdastyrushylyk is zhүrgizdi 1938 zhyldyn nauryzynda Zhambyl audanynyn kuramynan Sverdlov Lugovoj audandary bolinip shykty Sol kezde audanda 6 selolyk sovet 40 kolhoz 4 sovhoz 2 MTS boldy Kolhozdar men MTS terdi ujymdyk zhagynan nygajtu olardyn materialdyk tehnikalyk bazasyn kүshejtu nәtizhesinde egis kolemi mal sany edәuir kobejdi auyl sharuashylygy onimi arta tүsti 1939 zhyldyn 14 kazanynda Zhambyl oblysy Ontүstik Қazakstan oblysynan bolinip shygyp oz aldyna oblys bolyp kuryldy Zhambyl audany osy oblystyn kuramynda kaldy Ortalygy da Zhambyl kalasynyn ozinde boldy Osy zhyly audannyn kuramynda Akbulym Akzhar Akkol Asa Berikkara Besagash Bilikol Golovachevka Grodekovo Esentobe Қaratobe Қaraozek Қostobe Polatkosshy siyakty 15 auyldyk kenes zhumys istedi Eluinshi zhyldary ekonomikasy әlsiz kolhozdar irilendirilip 1956 zhyly tehnikamen zharaktangan kuatty 14 kolhoz audan әleuetin damytu zholyna tүsti Al zhetpisinshi zhyly audanda damu zholynan otken 6 kolhoz 11 sovhoz boldy Sharuashylyktardyn barlygy kuattana tүsti Mysaly Akkol kolhozynyn ozinde 30 dan astam traktor 15 kombajn 40 avtomashinasy men baska tehnikasy zhyl sajyn kyruar pajda tabuga mүmkindik berdi Kieli topyrak ulylyk tugyzbaj kojmajdy Audandy әr kezende kazaktyn ozyk ojly ziyalylary baskaryp audannyn ekonomikasynyn koteriluine үlesterin kosty H Bajmuhanbetov audandyk partiya komitetinin algashky birinshi hatshysy Odan kejingi audan tizginin ustagan Kүlәsh Әskeeva kejin oblystyk atkaru komiteti toragasynyn orynbasary zhәne baska da basshy kyzmette boldy Өtken gasyrymyzdyn eluinshi zhyldarynyn sonyna karaj audan tizgigin ustagan T Akbozovty odan kejin audandyk partiya komitetinin birinshi hatshysy bolgan Sh Қaldybaevty audan halky үnemi eske alyp olardyn zhaksy isteri zhajly әli kүnge әngimelep otyrady Alpysynshy zhyldardyn basynda Zhambyl audany taratylyp Zhualy Bajzak ol kezde Sverdlov audandarynyn kuramyna berildi Arada eki zhyl otkennen kejin 1966 zhyldyn kysynda Zhambyl audany kajta kuryldy Audandyk partiya komitetinin birinshi hatshysy N Ybyraev audandyk Kenes atkaru komitetinin toragasy bolyp Ә Sandybaev tagajyndaldy Zhanadan kurylgan audandy bular kyska merzim ishinde ayagyna kojyp oblystagy aldyngy katarly audandarynyn sanatynan korindi A Ashirov V I Kim A L Kostyankin siyakty bilikti azamattar ozderine senip tapsyrgan uzhymsharlardyn dәuletin shalkytyp baj sharuashylyktar kataryna zhetkizdi Әnuarbek Sandybaev audan tizgigin on zhyldaj ustady Ol kisi tynymsyz enbek etip audannyn әleumettik zhagdajyn koterdi Әnekennen kejin audandy S Қozhakanov T B Mүsiraliev Zajcev Yu N Morozov V I Sinelnikov D Tokbergenov Ә Әsilbekov M Bajgedievter baskardy Halyktyn azhary osyndaj halyk bagbany atangan ziyaly azamattarmen ashyk eken Bulardyn kaj kajsysy bolmasyn ozderine tapsyrylgan zhumystardy minsiz atkaryp audan zhurtshylygynyn esinde kaldy Қazirgi tanda audandy Zhualy audanynyn perzenti M A Dүjsembaev baskaruda Bulardyn kaj kajsysy bolmasyn audan ekonomikasyn koterip halkynyn әleumettik ekonomikalyk zhagdajyn koteruge kүsh saldy Өtken gasyrdyn otyzynshy zhyldaryndagy kujyndy da dүrmekti kүnderdi dүnie tamuktyn otyna orangan zulmat kezendi audan halkynyn bastan keshirgeni belgili El endi endi ensesin koterip zhagdajy tүzele bastaganda batystan sokkan kara dauyl talaj keudedegi koktemnin kyzgaldagyn zhulyp ketti 1941 zhyldyn 22 mausymy kүni bastalgan kankasap sogystyn salgan lanyn kүni bүginge dejin kәri de zhas ta umytkan zhok 1418 kүn men tүnge ulaskan omir men olim ajkaskan boragan ok ishinde zhүrip sol sogystan elge aman oralgan ardagerlerimizdin katary da zhyldan zhylga sirep keledi Sol surapyl zhyldary eren erlik үlgisin korsetip esimi bүkil odakka taragan audan azamattary da boldy Қuralajdy kozden atkan mergen Ybyrajym Sүlejmenov Қazakstanda zhasalgan 101 brigada kuramynda sogysyp Novel kalasynyn tүbinde erlikpen kaza tapty Bir ozi 280 nemistin kozin zhojdy Қajtys bolgannan kejin ony Kenester Odagynyn Batyry atagyn beruge usyndy Қazir batyr atynda Tarazda үlken koshe bar Ybyrajym Sүlejmenov sogyska dejin Zhambyl MTS de traktorshy bolyp zhumys istegen Zhyl sajyn zhazda egin oragyna katysyp tyndyrylymdygymen ozhettiligimen uzhymshar basshylary men kolhozshylardyn konilinen shygyp otyrgan eken Ony kozi korgender kүni bүginge dejin zhyr etip әngimelejdi Ұly Otan sogysy zhenispen ayaktalgannan kejin el ensesi koterilip enbekke degen kulshynysy artty 1949 zhylga dejin 16 adamga Socialistik Enbek Eri atagy berilip 54 enbekker Enbek Қyzyl Tu ordenimen marapattaldy 21 adamnyn omyrauynda Lenin ordeni zharkyrady 103 adam Enbektegi erligi үshin medalinin iegeri atandy Bәjgeldi Kejkiev baskargan Kenestobe kolhozynyn ozinen 8 Socialistik Enbek Erinin shyguy auyldyn dankyn aspandatyp tastady Olar Nauat Egemberdieva Mirtaj Bejsaliev Ryskulbek Turgynbaev Shyntas Tileubaev Kүrtibaj Zhanbosynov Tastemir Dәurenbekov Poshtabaj Қyrbasov Osy kezende audannyn baska uzhymdarynan da odaktagy en kurmetti atakty ielengender az bolgan zhok Solardyn katarynda Kүlimzhan Kүtimova Sejdualy Esimov Әzimbek Ysmajylov Mariyam Myrzahmetova Tүjte Pirimkulov Yskak Sүlejmenov Serafima Vasilevna Tarkaeva Әzhibaj Tileuberdiev Patysh Yunusova Zhәnibek Zhantaliev Akyn Zhaksylykov Mariya Timofeevna Enkova Radchenko Sәrsen Қazangapov Әbden Batyrov syndy kiyn shakta el bajlygyn eselegen abzal azamattar bar Zhibek zholynyn bojyna ornalaskan Zhambyl audany sogystan son el ekonomikasyn koteruge halyktyn әleumettik turmystyk zhagdajyn zhaksartuga bir zhola koshti Ұsak sharuashylyktar biriktirilip irilendirildi Audan ortalygy Asa auylyna koshirilip әkelinip endi zhumys istej bastagan shakta 1963 zhyly Қazak KSR Kenes Prezidiumynyn Zharlygymen audan taratyldy Audannyn Asa Beszhyldyk Bilikol Golovachevka Ernazar Esentobe Қaratobe zhәne Kolkajnar selolyk kenesteri Zhualy audanyna Besagash Grodekovo Қostobe Polatkosshy selolyk kenesteri Sverdlov kazirgi Bajzak audanynyn kuramyna berildi 1966 zhyldyn 31 kantarynda Қazak KSR Zhogargy Kenesinin Zharlygymen Zhambyl audany kajta kurylyp ortalygy Zhambyl kalasy bolyp belgilendi Audannyn kuramyna Asa Golovachevka Ernazar Қarakemer Қaratobe selolyk kenesteri Zhualy audanynan Besagash Grodekovo Zhambyl Kolkajnar Pioner zhәne Polatkosshy selolyk kenesteri Bajzak audanynan kajtarylyp berildi Audandyk partiya komitetinin 1 hatshysy bolyp bugan dejin oblystyk tәzhiribe stansasynyn direktory bolgan Nurtaza Ybyraev sajlandy Audandyk atkaru komitetinin toragasy bolyp buryn Zhualy audandyk partiya komitetinin kejinnen auatkom toragasynyn birinshi orynbasary bolgan Ә Sandybaev audan ekonomikasyn zhaksartu zhumysyn bilikti maman kadrlar dajyndaudan bastady 1973 zhyldan Asa auyly audan ortalygy Audanda 6 uzhymshar 10 kenshar zhәne 1 tәzhiribe stansasy zhumys istedi Irgeli sharuashylyktardyn biri Krupskaya atyndagy uzhymshardy Bejsenbek Tajshapov 25 zhyl baskardy Ol audanda birinshi bolyp Өrnek auylynyn ortalygyna zhana mektep gimaratyn salgyzdy Қazir sol mektepke eki dүrkin Enbek Қyzyl Tu ordenimen marapattalgan Tajshapovtyn esimi berilgen Tabystyn taj kazanyn kajnatuga HHII partsezd atyndagy uzhymshardyn tizginin ustagan Arnold Lazarevich Kostyankin Oktyabr uzhymsharyn otyz zhyldaj baskargan Mahmud Iskakuly Ashirov Akkol uzhymsharyndagy kozhyrap ketken zhumysty zholga kojgan Viktor Illarenovich Kim Zhasorken kensharyn biliktilikpen baskaryp kazirgi Қyzylkajnar auylyn gүldendirgen Әzimbek Zhanbolatov Қyzyl Oktyabr uzhymsharyna abyroj әpergen S Dauylbaev Amankeldi atyndagy uzhymsharga yrys әkelgen B Shahanov komakty үles kosty Zhyl sajyn audan zhas kadrlarmen tolyktyrylyp turdy Audandy T B Mүsiraliev baskargan kezende E Zhatkanbaev M Syzdykov S Musabekov N Tilegenov M Bajgeldiev S Sadykov siyakty mamandar sharuashylyktardy baskaruga zhiberildi Қatardagy enbek adamdary arasynan da respublikaga tanymal bolgandary az emes Olardyn katarynda Ajsha bibi auylynyn turgyny KOKP HHV sezinin delegaty eki dүrkin Қazak KSR Zhogargy Kenesinin deputaty Begaj Kabasheva bagaly tehnikalyk dakyl osiruden biik korsetkishke kol zhetkizgeni үshin Enbek Қyzyl Tu Oktyabr Revolyuciyasy ordenderimen marapattalsa audanymyzdyn kurmetti azamatynyn biri sүt bulagyn agyzgan baldy barmak sauynshy Valentina Ivanovna Ivanova Enbek Danky ordeninin tolyk iegeri atandy Oktyabr kensharynyn sauynshysy ozi enbek etken 25 zhyl ishinde eren enbektin үlgisin korsetti Ortak tabyska ozindik үles koskan shopandar pionerlik Қurmanbek Tubaev pen karakemerlik Orazgali Akynovtyn esimderi elge erte tanyldy Audanymyzdan Zh Happaev H Missirov Ә Bejsenov zhәne tagy baska zhajylymdy tort tүlik malga toltyrgan enbek majtalmandary koptep shykty Auyl sharuashylygyZhambyl audany әu bastan ak mal zhәne egin bau baksha dakyldaryn osiruge mamandandyrylgan Audannyn ondiristik ekonomikalyk damu karkynynyn artykshylyktaryna onyn kalaga tayau ornalasuy igi әser etip kelgen Munda 1930 zhyldyn ozinde birden bir en үlken mashina traktor MTS stanciyasy ashylyp auyl sharuashylygyna zhumys istej bastagan 1930 zhylgy sanak derekteri bojynsha audanda 33 012 bas iri kara mal 298 067 koj 267 shoshka bolgan eken Algashynda audandagy on segiz usak uzhymshardyn mүshesi 258 adamga zhetken 1930 zhyly uzhymshar sany 94 ke zhetip kolhozshylardyn sany 7905 adamga artkan Al kazir audan kolemi 41 500 kv km halkynyn sany 86 411 45 eldi meken 10 ondiristik kooperativ 4 ZhShS 1772 sharua kozhalygy 751 zheke kәsipkerlik 117 shagyn kәsipkerlik 13 onerkәsip oryndary enbek etude Audan tulgalaryTәuelsizdik zhariyalangannan beri audanymyzda maktanuga turarlyk enbekterimen elenip zhүrgen azamattar bar Olar Prezident Zharlygymen zhogary marapattarga lajyk dep tanylgan Қurmet ordeninin iegerleri Ұly Otan sogysynyn ardageri Ә Kempirekov Pioner asyl tukymdy koj zauyty ondiristik kooperativinin toragasy A Zhumakanov Astana Eren enbegi medaldarynyn iegerleri Amangeldi Yunchi ondiristik kooperativinin toragalary R Begaliev T Ashirov Eren enbegi medalinin iegeri Atameken sharua kozhalygynyn basshysy Zh Zhaparov Shapagat medalinin iegeri BM ZhShS bas direktory S Mahmadov ҚR Қurmet Gramotasymen marapattalgan Shajkoryk sharua kozhalygynyn zhetekshisi E Dadabaev zhәne M Tolebaev atyndagy audandyk saz mektebinin direktory S Kүzerbaev Prezident N Ә Nazarbaevtyn nazaryna ilinip zhogary memlekettik marapattarga ie bolgan bul azamattar audan abyrojyn arttyrsa audandagy kalyptaskan zhagdajlar zhaksy zhagdajlar zhogary korsetkishter olardy kurmetke bolep otyr El ekonomikasynyn damuy materialdyk zhagdajdyn zhaksaruyna adamdardyn әl aukatynyn turmys tirshiliginin zhana sipat aluyna mүmkindik tugyzatyn bolsa sayasat bilim әdebiet pen mәdeniet osynau salanyn orkendeuine ozindik үlesin kosady Osy orajda bizdin audanymyzdan shykkan kogam gylym mәdeniet zhәne әdebiet kajratkerleri barshylyk Bul rette birinshi kezekte Tәuelsiz Қazakstan tusynda dүniege kelgen kos palataly Parlamenttin tungysh Senat toragasy Ө Bajgeldiev Қarapajym auyl azamaty sayasi kyzmette el tagdyryn sheshuge memleket aralyk mәselelerdi ornyktyruga ozinin olsheusiz үlesin koskany mәlim Ol kazir de zan shygarushy organ basshylarynyn biri Sәulettik eskertkishterAudanda arheologiyalyk eskertkishterdin en konesi bizdin zamanymyzga dejingi VI HII gasyrlardy kamtidy Қazirgi uakytta audan koleminde 89 arheologiyalyk 2 sәulet 1 monument 17 tarihi mura obektileri bar Sonyn ishinde YuNESKO nyn respublikalyk mәni bar Ajsha bibi zhәne Babadzha hatun keseneleri Ajsha bibi auylyna ornalaskan Ajsha bibi kesenesinin syrt zhagy osimdiktermen zhuldyzshalarmen ornektelip plitalarmen komkerilgen Bagananyn 3 4 metr biiktiginde arabsha Kүz tuman Zher zhәnnәt dep zhazylgan Kesenenin salynu tarihy zhәne Ajsha bibinin zheke tarihy turaly osy kezge dejin zhazyp kaldyrylgan derek kezdestirilgen zhok Tek halyk auzyndagy anyz bojynsha orta gasyrda omir sүrgen galym әri akyn Hakim atanyn kyzy Ajsha suluga salyngan kesenesi Anyz negizi bojynsha ozi sүjgen zhigitine kele zhatkanda zhylan shagyp oltirgen Ajsha osy zherge zherlenip ogan kesene salyndy Onyn kasynda Ajshanyn kүtushisi Babadzha hatun kesenesi ornalaskan Қurylys kүjdirilgen kirpishten zhasalyngan Kesenege arab tilinde bylaj dep zhazylgan Bul uly bejit Abadzha hatun Ony sokkan Odan әri karaj zhazylgan zhazuy oship kalgan Әulie bastau Deh Nudzhikes Bektobe Aktobe Atlah Zhikil Adahkes kalashyktarynyn kaldyktarynyn ishinde Zhikil Әulie bastau Bektobe kalashyktaryna gana kazba zhumystary zhүrgizilgen Eski korgan obalar Asa Қaratobe Қarakemer Қyzylkajnar okrugterinde ornalaskan Audan gazetiAudannyn akparattyk әleminin ajnasy Shugyla Raduga gazeti 1966 zhyldyn 1 shildesinen bastap shygady Shugyla oz tarihynyn ishinde talaj talaj tarlandardy kanattandyryp uyasynan ushyrdy Kezinde audandyk Shugyla Raduga gazeti kadrlar dүkenine ajnalgan Atap ajtar bolsak ҚR Parlamenti senatynyn deputaty bolgan Zhandar Kәribaev ҚR Parlamenti mәzhilisinin deputaty bolgan zhazushy akyn Argynbaj Bekbosynov osy gazettin redaktorlary Oblys әkimi ishki sayasat departamentinin direktory Masat Berikov oblystyk teleradio habarlaryn taratu zhonindegi komitettin toragasy Beket Momynkulov Znamya truda gazetinin bas redaktory Vladimir Kozyrenko Zhambyl Taraz gazeti redaktorynyn orynbasary Sapargali Әlibaev respublikaga tanymal satirik akyn Tolymbek Әlimbekov akyn Serik Қalievter Shugyla Raduga gazetinin shekpeninen shykkandar Өmirden otken Tynyshbaj Rahymov Sovet Әlimkulov Musa Rahmanberdiev Shajmerden Dәurenov Bazar Қilybaev syndy akyn zhazushylar osy audanda turyp Shugylada kyzmet etip koltanbalaryn kaldyrgan DerekkozderZhambyl oblysy Zhambyl audanyna zhana әkim tagajyndaldy 22 akpan 2022 Қazakstan Respublikasy halkynyn zhynysy zhәne zhergilikti zherdin tipine karaj sany 2023 zhylgy 1 kantarga Қazakstan Respublikasy halkynyn zhekelegen etnostary bojynsha sany 2022 zhyl basyna Қazakstan pochtalyk indeksteri Resej imperiyasy KSRO halyk sanaktary ҚR halyk sanaktary 2021 zhylgy ulttyk halyk sanagynyn korytyndylary Zhambyl oblysynyn toponomikalyk ataularynyn anyktamalygy