Қаратау — Жамбыл облысындағы қала (1963 жылдан), Талас ауданының орталығы (1997 жылдан) және темір жол бекеті.
Қала | |
Қаратау | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы | аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 43°10′37″ с. е. 70°27′56″ ш. б. / 43.17694° с. е. 70.46556° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°10′37″ с. е. 70°27′56″ ш. б. / 43.17694° с. е. 70.46556° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1946 |
Бұрынғы атаулары | Шолақтау |
Қала статусы | 1963 |
Жер аумағы | 200 км² |
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 28 490 адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды | +7 72644 |
Пошта индексі | 080800 |
Автомобиль коды | 08 |
Қаратау шекарасы |
Географиялық орны
Облыстың оңтүстік бөлігінде, Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 82 км жерде, Қаратау тауының солтүстік-батыс сілемі – Шолақтау баурайында, Жетімшоқы және Ақтау тауаралық аңғарында, бұта аралас боз жусан, сұлыбас, баялыш, бетеге, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан.
Халқы
1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
28281 | ▼26639 | ▲28045 | 105,3 | 12817 | ▲13724 | 107,1 | 13822 | ▲14321 | 103,6 |
Тарихы
Іргесі 1946 жылы Шолақтау кенті болып қаланған. Қала өмірі Қаратау фосфоритті алабымен тығыз байланысты. Қаратау кеніші алғашқы өнімін 1946 жылы 5 желтоқсанда бере бастады. 1963 жылы флотациялық әдіспен байыту фабрикасы іске қосылды. Қаратау 20 ғасырдың 60 – 90-жылдары, КСРО және республика экономикасының дамуына елеулі үлес қосты. Осы жылдары ауыл шаруашылығына қажет фосфорлы минералды тыңайтқыштарға сұраныс күшейді. Бұл Қаратауда фосфорит өндірісін қарқынды дамытуға жағдай туғызды. Оның негізінде Қаратау кен-химия комбинаты салынды.
1965 – 85 жылдары Қаратауда республика деңгейдегі құрылыс ұйымдарының сала аралық кәсіпорындары жұмыс істеді. Қалада өндірістің дамуы оның инфрақұрылымдарының санын жедел өсірді. Жартас бөгені салынды (1944, сыйымдылығы 6 млн. м³). 1948 жылы Кеншілер саябағы ашылды. 1970 – 80 жылдары қалалық кітапхана, балалар кітапханасы, спорт ғимараттары бой көтерді. 1964 жылы Қазақ политехникалық институтының (қазіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы Ұлттық технология университет) бөлімшесі ашылды.
1966 жылы құрылыс техникумы, кәсіби-технология училище құрылды (қазіргі кәсіптік бағдар беретін мектеп-лицей). Тәуелсіздік жылдары бұрынғы КСРО аумағындағы экономикалық байланыстардың жаппай үзілуі өндіріс орындарының тоқырауына әкелді, қала өмірінің ырғақты дамуы тежелді. Қаратау фосфорит кентасын пайдаланатын Самара, Волгоград, , Қоқан, Алмалық, Самарқан, қалаларындағы химия кәсіпорындар фосфор шикізатын сатып алуды тоқтатты. Тек 90-жылдардың соңында ғана бұрынғы байланыстар қалпына келе бастады.
Өнеркәсібі
1990 жылға дейін Қаратауда 40-тан астам өндіріс орындары болды. Бұрынғы фосфорит өндірістік құрылымдары «Қаратау» АҚ-на біріктірілді. Сонымен бірге қалада химия, құрылыс материалдары, тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, ет, нан, сүт заттары, т.б. кәсіпорындар бар. Аудан тұтынушылар кооперативі, аудан телекоммуникация, пошта торабы, аудан электрлендіру жүйесінің мекемесі, Ақкөл су шаруашылық жүйесінің басқармасы, «Сарытас», «Қаратау» кен байыту басқармасы» акционерлік қоғамдары, «Мәрмәртас» кен орны, Сүлейменсай тері өңдеу фабрикасы, «ҚаратауНан», «Құрылыс-Жанар», «Жолаушы автокөлік кәсіпорны» акционерлік қоғамдары, 2 жол жөндеу басқармасы, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы
Бірнеше жалпы білім беретін мектептер, музыка, спорт мектебі, кәсіптік-технологиялық мектеп, Қаратау кен құрылысы колледжі, 2 аурухана, емхана, мәдениет сарайы, стадион, кітапхана, мешіт, т.б. мекемелер бар. Қаланың орталық алаңының өзіндік архитектура ансамблі қалыптасқан.
Қаратау қаласының іргесінде ежелгі Тамды елді мекенінің орны (Тамдыкент немесе Пергант) сақталған.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қaratau Zhambyl oblysyndagy kala 1963 zhyldan Talas audanynyn ortalygy 1997 zhyldan zhәne temir zhol beketi ҚalaҚaratauӘkimshiligiEl Қazakstan ҚazakstanStatusyaudan ortalygyOblysyZhambylAudanyTalas audanyTarihy men geografiyasyKoordinattary43 10 37 s e 70 27 56 sh b 43 17694 s e 70 46556 sh b 43 17694 70 46556 G O Ya Koordinattar 43 10 37 s e 70 27 56 sh b 43 17694 s e 70 46556 sh b 43 17694 70 46556 G O Ya Қurylgan uakyty1946Buryngy ataularySholaktauҚala statusy1963Zher aumagy200 km Uakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny28 490 adam 2023 Sandyk identifikatorlaryTelefon kody 7 72644Poshta indeksi080800Avtomobil kody08Қaratau ҚaratauҚaratau shekarasy Baska magynalar үshin Қaratau degen betti karanyz Geografiyalyk ornyOblystyn ontүstik boliginde Taraz kalasynan soltүstik batyska karaj 82 km zherde Қaratau tauynyn soltүstik batys silemi Sholaktau baurajynda Zhetimshoky zhәne Aktau tauaralyk angarynda buta aralas boz zhusan sulybas bayalysh betege t b astyk tukymdas shoptesin osken sur topyrakty sholdi beldemde ornalaskan HalkySany 1999 2009 2021 1999 2009 2021 2021 2009 ga pajyzben Erler 2009 Erler 2021 2021 2009 ga pajyzben Әjelder 2009 Әjelder 2021 2021 2009 ga pajyzben28281 26639 28045 105 3 12817 13724 107 1 13822 14321 103 6TarihyIrgesi 1946 zhyly Sholaktau kenti bolyp kalangan Қala omiri Қaratau fosforitti alabymen tygyz bajlanysty Қaratau kenishi algashky onimin 1946 zhyly 5 zheltoksanda bere bastady 1963 zhyly flotaciyalyk әdispen bajytu fabrikasy iske kosyldy Қaratau 20 gasyrdyn 60 90 zhyldary KSRO zhәne respublika ekonomikasynyn damuyna eleuli үles kosty Osy zhyldary auyl sharuashylygyna kazhet fosforly mineraldy tynajtkyshtarga suranys kүshejdi Bul Қaratauda fosforit ondirisin karkyndy damytuga zhagdaj tugyzdy Onyn negizinde Қaratau ken himiya kombinaty salyndy 1965 85 zhyldary Қaratauda respublika dengejdegi kurylys ujymdarynyn sala aralyk kәsiporyndary zhumys istedi Қalada ondiristin damuy onyn infrakurylymdarynyn sanyn zhedel osirdi Zhartas bogeni salyndy 1944 syjymdylygy 6 mln m 1948 zhyly Kenshiler sayabagy ashyldy 1970 80 zhyldary kalalyk kitaphana balalar kitaphanasy sport gimarattary boj koterdi 1964 zhyly Қazak politehnikalyk institutynyn kazirgi Қ I Sәtbaev atyndagy Ұlttyk tehnologiya universitet bolimshesi ashyldy 1966 zhyly kurylys tehnikumy kәsibi tehnologiya uchilishe kuryldy kazirgi kәsiptik bagdar beretin mektep licej Tәuelsizdik zhyldary buryngy KSRO aumagyndagy ekonomikalyk bajlanystardyn zhappaj үzilui ondiris oryndarynyn tokyrauyna әkeldi kala omirinin yrgakty damuy tezheldi Қaratau fosforit kentasyn pajdalanatyn Samara Volgograd Қokan Almalyk Samarkan kalalaryndagy himiya kәsiporyndar fosfor shikizatyn satyp aludy toktatty Tek 90 zhyldardyn sonynda gana buryngy bajlanystar kalpyna kele bastady Өnerkәsibi1990 zhylga dejin Қaratauda 40 tan astam ondiris oryndary boldy Buryngy fosforit ondiristik kurylymdary Қaratau AҚ na biriktirildi Sonymen birge kalada himiya kurylys materialdary turmys kazhetin oteu kombinattary et nan sүt zattary t b kәsiporyndar bar Audan tutynushylar kooperativi audan telekommunikaciya poshta toraby audan elektrlendiru zhүjesinin mekemesi Akkol su sharuashylyk zhүjesinin baskarmasy Sarytas Қaratau ken bajytu baskarmasy akcionerlik kogamdary Mәrmәrtas ken orny Sүlejmensaj teri ondeu fabrikasy ҚaratauNan Қurylys Zhanar Zholaushy avtokolik kәsiporny akcionerlik kogamdary 2 zhol zhondeu baskarmasy t b kәsiporyndar zhumys istejdi InfrakurylymyBirneshe zhalpy bilim beretin mektepter muzyka sport mektebi kәsiptik tehnologiyalyk mektep Қaratau ken kurylysy kolledzhi 2 auruhana emhana mәdeniet sarajy stadion kitaphana meshit t b mekemeler bar Қalanyn ortalyk alanynyn ozindik arhitektura ansambli kalyptaskan Қaratau kalasynyn irgesinde ezhelgi Tamdy eldi mekeninin orny Tamdykent nemese Pergant saktalgan DerekkozderҚazakstan Respublikasy halkynyn zhynysy zhәne zhergilikti zherdin tipine karaj sany 2023 zhylgy 1 kantarga 2009 zhylgy Қazakstan Respublikasy halkynyn Ұlttyk sanagynyn korytyndylary Astana 2011 1 tom Muragattalgan 8 zheltoksannyn 2019 zhyly 2021 zhylgy ulttyk halyk sanagynyn korytyndylary