Қаратау фосфорит алабы – Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы фосфорит кендері шоғырланған өңір.
Сипаты
Тараз қаласының солтүстік-батысында 100 км-ден басталатын Қаратау фосфорит алабының ұзындығы 100-120 км, ені 25-30 км. 1936 жылы геолог И.И. Машкара Кіші Қаратау (Батыс Тянь-Шань) жотасында ұсақ түйірлі кремнийлі-карбонатты төмен кембрийлік фосфорит қабаттарын ашты. Ал 1937–1946 жылы П.Л. Безруков, Б.М. Гиммельфарб, А.С. Соколов, т.б. осы өңірден, әр түрлі 40-тан аса үлкенді-кішілі кен орындар мен кенбілінімдерін анықтады. Бұл жылдары алаптағы фосфориттердің қоры 2 млрд. т деп бағаланған. 1946 жылы алаптың алғашқы кен орнын игеру басталып, Шолақтау кенті (қазіргі Қаратау) салынған. Мұнда Шолақтау фосфорит кен орны негізінде Қаратау кен-химия комбинаты іске қосылды. Осы комбинатқа қарайтын Жаңатас, Ақсай, Шолақтау, Көксу, Түйесай кендері пайдаланылуда.
Геологиялық құырылымы мен құрамы
Қаратау фосфориттері кембрий кезеңінде теңіз түбінде тұнған Шолақтау свитасы құрамына кіреді. Бұл свитаның фосфорлы шөгінділері төменнен жоғары қарай стратиграфиялық кезекпен қабаттасады:
- доломиттер - ұсақ түйірлі доломиттен құралған доломиттер қабатының қалыңдығы 6 – 8 м.;
- кремнийлі қабаттың қалыңдығы 15 – 25 м, құрамында 70 – 90% кремний минералдары бар;
- кентасты қабаттар - кентасты қабат бірнеше фосфорит, фосфорлы-кремнийлі және фосфорлы-әктасты-кремнийлі қабаттардан тұрады, оның жалпы қалыңдығы 60 м, ал фосфориттердің жиынтық қалыңдығы 30 – 35 м.
Қаратау фосфорит алабы фосфориттері фосфорит түйірлері мен оолиттерден құралған. Түйірлердің ірілігі 0,07 – 0,3 мм. Ірілігі 0,05 – 0,4 мм оолиттер түйісе қабықтанған. Фосфат, негізінен, фторапатиттен тұрады.
Қоры мен аймақтық топтары
Қоры мен сапасы жағынан Қаратау фосфориттері дүние жүзінде алдыңғы қатардан орын алады. Мұндағы фосфор ангидридінің (Р2О5) мөлшері 3 27-37%-ды құрайды. 1960-1980 жылдары Қаратау алабына мемлекеттік үлкен маңыз беріліп, оны арнайы барлау үшін Жаңатас геологиялық-барлау экспедициясы ұйымдастырылған. Фосфоритті горизонт ашылған жолақтың ішінде 49 жеке кен орны анықталған.
Барлық кен орындар аймақтық жіктелім бойынша 5 топқа бөлінеді:
- бірінші топтың кен орындарына ірі Шолақтау фосфорит кені орнынан басқа бірқатар шағын: Тамды, Арбатас, Сүлейменсай, Насынқұл, Шолақтау-ІІ, Қотырбұлақ, Жетімшоқы-І және ІІ кен орындары кіреді. Тамды, Арбатас, Қотырбұлақ, Жетімшоқы І және ІІ кен орындарының өндірістік мәні төмен;
- екінші топтың кен орындарын ірі Ақсай фосфорит кен орны, Түйесай фосфорит кен орны және қоры шағын: Көктал, Тесіктас, Шилібұлақ, Қыршабақты кен орындары құрайды;
- үшінші топ өндірістік мәні төмен бірқатар ұсақ (Жетімтал, Бүркітті, Ақтас, Қарашат, т.б.) кен орындарын қамтиды. Олар Ақсай және Көксу кен орындарының аралығында орналасқан;
- төртінші топ бірнеше өндірістік және ұсақ кен орындарын біріктіреді. Олар Ақжар, Үшбас, Жартас, Арқалысай, Көксу, т.б.;
- бесінші топқа өндірістік Көкжон фосфорит кен орны,
Жаңатас, Гиммельфарб кендері және бірқатар ұсақ кен орындары кіреді.
Қолданысы
Қаратау фосфориттері Қазақстанның және шет елдердің көптеген химиялық өнеркәсіп орындарында пайдаланылады. Олардан минералды тыңайтқыштар, элементтік фосфор, т.б. халық шаруашылығынана қажет заттар өндіріледі.
Дереккөздер
- Тараз энциклопедиясы
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қaratau fosforit alaby Zhambyl men Ontүstik Қazakstan oblystaryndagy fosforit kenderi shogyrlangan onir SipatyTaraz kalasynyn soltүstik batysynda 100 km den bastalatyn Қaratau fosforit alabynyn uzyndygy 100 120 km eni 25 30 km 1936 zhyly geolog I I Mashkara Kishi Қaratau Batys Tyan Shan zhotasynda usak tүjirli kremnijli karbonatty tomen kembrijlik fosforit kabattaryn ashty Al 1937 1946 zhyly P L Bezrukov B M Gimmelfarb A S Sokolov t b osy onirden әr tүrli 40 tan asa үlkendi kishili ken oryndar men kenbilinimderin anyktady Bul zhyldary alaptagy fosforitterdin kory 2 mlrd t dep bagalangan 1946 zhyly alaptyn algashky ken ornyn igeru bastalyp Sholaktau kenti kazirgi Қaratau salyngan Munda Sholaktau fosforit ken orny negizinde Қaratau ken himiya kombinaty iske kosyldy Osy kombinatka karajtyn Zhanatas Aksaj Sholaktau Koksu Tүjesaj kenderi pajdalanyluda Geologiyalyk kuyrylymy men kuramyCu3 PO4 2 Қaratau fosforitteri kembrij kezeninde teniz tүbinde tungan Sholaktau svitasy kuramyna kiredi Bul svitanyn fosforly shogindileri tomennen zhogary karaj stratigrafiyalyk kezekpen kabattasady dolomitter usak tүjirli dolomitten kuralgan dolomitter kabatynyn kalyndygy 6 8 m kremnijli kabattyn kalyndygy 15 25 m kuramynda 70 90 kremnij mineraldary bar kentasty kabattar kentasty kabat birneshe fosforit fosforly kremnijli zhәne fosforly әktasty kremnijli kabattardan turady onyn zhalpy kalyndygy 60 m al fosforitterdin zhiyntyk kalyndygy 30 35 m Қaratau fosforit alaby fosforitteri fosforit tүjirleri men oolitterden kuralgan Tүjirlerdin iriligi 0 07 0 3 mm Iriligi 0 05 0 4 mm oolitter tүjise kabyktangan Fosfat negizinen ftorapatitten turady Қory men ajmaktyk toptaryҚory men sapasy zhagynan Қaratau fosforitteri dүnie zhүzinde aldyngy katardan oryn alady Mundagy fosfor angidridinin R2O5 molsheri 3 27 37 dy kurajdy 1960 1980 zhyldary Қaratau alabyna memlekettik үlken manyz berilip ony arnajy barlau үshin Zhanatas geologiyalyk barlau ekspediciyasy ujymdastyrylgan Fosforitti gorizont ashylgan zholaktyn ishinde 49 zheke ken orny anyktalgan Barlyk ken oryndar ajmaktyk zhiktelim bojynsha 5 topka bolinedi birinshi toptyn ken oryndaryna iri Sholaktau fosforit keni ornynan baska birkatar shagyn Tamdy Arbatas Sүlejmensaj Nasynkul Sholaktau II Қotyrbulak Zhetimshoky I zhәne II ken oryndary kiredi Tamdy Arbatas Қotyrbulak Zhetimshoky I zhәne II ken oryndarynyn ondiristik mәni tomen ekinshi toptyn ken oryndaryn iri Aksaj fosforit ken orny Tүjesaj fosforit ken orny zhәne kory shagyn Koktal Tesiktas Shilibulak Қyrshabakty ken oryndary kurajdy үshinshi top ondiristik mәni tomen birkatar usak Zhetimtal Bүrkitti Aktas Қarashat t b ken oryndaryn kamtidy Olar Aksaj zhәne Koksu ken oryndarynyn aralygynda ornalaskan tortinshi top birneshe ondiristik zhәne usak ken oryndaryn biriktiredi Olar Akzhar Үshbas Zhartas Arkalysaj Koksu t b besinshi topka ondiristik Kokzhon fosforit ken orny Zhanatas Gimmelfarb kenderi zhәne birkatar usak ken oryndary kiredi ҚoldanysyҚaratau fosforitteri Қazakstannyn zhәne shet elderdin koptegen himiyalyk onerkәsip oryndarynda pajdalanylady Olardan mineraldy tynajtkyshtar elementtik fosfor t b halyk sharuashylygynana kazhet zattar ondiriledi DerekkozderTaraz enciklopediyasy Қazakstan tabigaty Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy ZhShS 2011 T Z 304 bet ISBN 9965 893 64 0 T Z ISBN 9965 893 19 5