Орынбор (1938 – 57 ж. Чкалов) (орыс. Оренбу́рг) – Ресей Федерациясындағы қала, облыс орталығы. 1735 ж. бекініс қамал ретінде қаланып, аты Ор өзеннің атына байланысты қойылған. Халқы 529,6 мың адам (1998).
Қала | |||||
Орынбор | |||||
орыс. Оренбург | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Федерация субъектiсі | |||||
| |||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары | 51°46′ с. е. 55°06′ ш. б. / 51.767° с. е. 55.100° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°46′ с. е. 55°06′ ш. б. / 51.767° с. е. 55.100° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||
Алғашқы дерек | |||||
Орынбор шекарасы |
Қалада машина жасау, химия, мұнай химиясы, тамақ жасау, т.б. өнеркәсіп түрлері жақсы дамыған. 4 жоғары оқу орны, өлкетану және бейнелеу өнері мұражайлары бар. Ол Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Солтүстік-батыс бөлігі Сақмар және Жайық өзендерінің қосылған қиылысына дейін жетеді.
Тарихы
1735 жылы 15 тамызда Иван Кириллов бастаған экспедициясы Жайықтың сол жақ жағалауына құяр сағасына қала (қазіргі Орск) сала бастады. 1740 жылы Василий Татищев сауда керуендері түнейтін, үлкен әскери күштер орналасуы керек деп жоспарланған қамал орнын қолайсыз деп тауып, “Орынборды” 200 шақырым Жайық ағысымен төменірек жерден салуға рұқсат сұрады. Сөйтіп, қазіргі Қызылту станциясының іргесі қаланды. 1742 жылы жаңадан тағайындалған губернатор И. И. Неплюевке бұл жер ұнамай, 1736 жылы Кириллов іргесін қалаған Берді бекінісі қала орны болуы керек деп Сенатқа ұсыныс жасайды. Сөйтіп, 1743 ж. Орынбор іргесі Берді қамалының орнына түпкілікті қаланады. Жаз айларында арадағы сауда қатынасы Жайық өзеннің сол жағалауында жүргізілді. Осы жерде ірі сауда алаңы ашылып, сауда сарайы салынды. Сауда алаңының Орынборға және қазақ даласына қараған екі үлкен қақпасы болды. Орынбор 1868 жылдан Ресейдің Қазақстан және Орталық Азиямен арадағы ірі сауда орталығы болды. 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қазақ өлкесі Кеңестерінің құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР-і құрылды. Орынбор 1920 – 1925 жылдары Қазақ АКСР-інің астанасы болды. Қазіргі уақытта Орынбор облысында 120 мыңдай қазақтар тұрады. Олар негізінен Домбар, Ясный және Адамов аудандарына шоғырланған. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты облыс қазақтары “Достық”, “Үркер”, “Қазақ тілі” және тағы басқа мәдени орталықтарға бірігіп, өздерінің “Айқап” атты газетін шығарады.
Губерния құрылуы
Орынбор генерал-губернаторлығы, Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс иеліктерін отарлау мақсатында 1850 жылы құрылып, 1881 жылға дейін сақталды. 1868 жылы Орынбор генерал-губернаторлығы құрамында орталығы Орынбор қаласы болған Торғай облысы құрылды. 1876 – 81 жылдары Қазақстанның солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде Дала және Түркістан генерал-губернаторлықтарының құрылуына байланысты Орынбор генерал-губернаторлығыны жойылып, Орынбор губерниясы қалпына келтірілді. Дегенмен Торғай облысы Орынбор губерниясы құрамында қалдырылды.
Орынбор губерниясы – әкімшілік аумақтық бөлік. 1744 ж. құрылған. Алғашқы генерал-губернаторы И. И. Неплюев болды. Бастапқыда губерниясы Кама өзеңі, Каспий теңізі, Батыс Сібір мен қазақ даласы арасындағы жерлерді қамтыды. Кейіннен жаңа губерниялар мен облыстардың құрылуына байланысты солтүстікте , батыста Уфа және Самара, оңтүстікте Орал және Торғай, шығыста Тобыл губернияларымен шектесті. 1897 жылы жер аумағы 15 млн. десятина, халқы 1 млн. 608 – 388 адам болды. Орынбор губерниясында алтын, мыс және темір рудасы, тұз, сланец, тас көмір өндірілді. 1894 ж. Орынбор губерниясында Белорецк, Тираянск, Кагин, Жоғарғы Авзяно-Петровский, Төменгі Авзяно-Петровский, Зигазин және Инзер з-ттары болды. Егіншілік пен сауда өрістеді. Губернияда 576 оқу орны болды. Орынбор г-на халқы негізінен қазақтардан тұратын Торғай облысы тікелей бағынды.
Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару жөніндегі уақытша ереже
– 1868 жылы Ресей императоры Александр ІІ қол қойған құжат. Осы құжат бойынша Орынбор және Бат.-Сібір ген.-губернаторлықтарында саяси-әкімш. реформа жүргізіліп, ген.-губернаторлықтар облыстарға, облыстар уездерге, уездер болыстықтарға, ауылдарға бөлінді.
Орал облысы – Орал, Гурьев, , Желі;
Торғай облысы – Елек, Николаевск, Ырғыз, Торғай;
Ақмола облысы – Ақмола, Көкшетау, Омбы, Петропавл;
Семей облысы – Семей, , Баянауыл, Көкпекті, Зайсан, Баянауыл, Өскемен уездеріне бөлінді.
Ген.-губернаторлықтардағы әкімш. және әскери билік ген.-губернатордың қолына шоғырландырылды. Облыс әкімш-н әскери және әкімш. билік берілген әскери губернатор басқарды. Ол облыс аумағында орналасқан казак әскерінің атаманы болып саналды. “Ережеде” далалық облыстардың әскери губернаторлары дивизия командиріне теңестіріледі деп көрсетілді. Уезд бастықтарын облыс әскери губернаторының ұсынуы бойынша ген.-губернатор тағайындады. Уезд бастықтарының қолына әкімш. және полицейлік билік шоғырландырылды. Орал облысының уезд бастықтарына, Семей облысы Көкпекті у-нің бастығына жергілікті әскери бөлімдер бағындырылды. Болыстықтар 1000 шаңырақтан 2000 шаңыраққа дейінгі бірнеше ауылды қамтыды. Әкімш. ауылдар 100 – 200 шаңырақтан құралды. Болыстық және ауыл әкімш-н құру тәртібі Қазақстан аймағын отарлау мақсатына қызмет етті. Болыс басқарушылары мен ауыл старшындары әрбір үш жылда қайта сайланды. Сайлау кезінде рулық талас-тартыстар мен әртүрлі жолсыздықтарға орын берілді. Болыстық басқарушылар мен олардың кандидаттары облысы әскери губернатор бекіткеннен кейін ғана қызметке кірісті. Ауыл старшындары мен олардың кандидаттарын уезд бастығы бекітті. Болыс басқарушысы өз болыстығындағы билігін жүзеге асыру барысында “тыныштық пен тәртіптің” сақталуын, алымдардың жиналуын, т.б. қадағалап отыруға міндетті болды. Болыс басқарушысына тәртіп бұзушыларды үш күн мерзімге қамауға алу және ақшалай айып төлету құқығы берілді. Өзінің әкімш. шегінде старшындардың да болыс басқарушыларындағыдай құқықтары болды. Жергілікті халық өкілдері болыстық және ауылдық деңгейдегі басқару орындарына ғана тартылды. Одан жоғары деңгейдегі басқару орындары отаршылдардың әскери адамдарынан құрылды. Ресей империясының қазақ даласына тұтастай саяси өктемдігін орнатуын 1891 жылы қабылданған “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже” заңдастырды.
Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже
– 1844 ж. 14 маусымда Ресей империясы қабылдаған заңдық құжат. 1824 жылғы жарғыға қарағанда бұл құжат патша өкіметінің қазақ даласындағы билігін күшейту жолдарын заңдастыра түсті. Ережеде жергілікті әкімшіліктердің өкілеттіктері шектеліп, қызметтері өлкелік өкімет тарапынан қатаң бақылауға алынды. Жарғыда қазақ арасындағы егіншілік, тұз өндіру өнеркәсібі және сауданы дамыту қажет деп көрсетілген болса, ереже тек қана мал шаруашылығы мен айналысуды мақұлдады. Бекітілген салық жүйесі бойынша әрбір түтінге 1 сом 50 тиын мөлшерінде салық белгіленді. Оған қоса линиялық казактарға жалданып жұмыс істеу үшін қазақтардың орыс әкімш-не билет бағасы ретінде күміс 15 тиын, билет алу мерзімін өткізіп алған жағдайда күміс 30 тиын төлейтін болды. Осындай қанаушы салық жүйесі арқылы Ресей империясы қазақ жерлерін күшпен тартып ала бастады. Кей мәліметтерге қарағанда, Ресей империясының қазынасына түтін басына белгіленген салықтан 4 млн-нан астам пайда түскен. О. қ. б. т. е. қазақ қоғамында қалыптасқан билер сотының құқықтық мәртебесіне де ерекше назар аударды. Патша өкіметі бұл ин-ттың құзыры мен қызметін барынша шектеуге тырысты. Бұдан былай билер соты 50 сом күміс ақша мөлшеріне дейінгі азаматтық істерді ғана қарайтын болды. Ал кісі өлтіру, тонау, барымта, Ресей өкіметіне күш көрсету, руластарын өкіметке қарсы үгіттеу сияқты қылмыстарды қарау жергілікті әскери соттардың құзырына берілді. Ереже қазақ қоғамын Ресей империясының басқару жүйесін енгізуге және “бөліп ал да билей бер” қағидасына сүйенген отарлық саясатты іс жүзіне асыруға құқықтық негіз болды.
Орынбор қырғыздары туралы жарғы
– Ресей өкіметінің Кіші жүз қазақтарын жаңаша басқару мақсатында жасаған шарасы. 1824 ж. наурызда Сыртқы істер мин-нің жанындағы Азия департаментінде бекітілді. Оның жобасын 1822 ж. Орынбор ген.-губернаторы П.К. Эссен дайындады. Бұл жоба бойынша Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Кіші жүз ханы Шерғазы Орынбор қаласына шақырылып, Орынбор шекара комиссиясының жұмысына кеңесші қызметіне тағайындалды. Кіші жүз жері – батыс, орта және шығыс әкімш. жүйелеріне бөлініп, оны билеуші сұлтандар басқарды. Жүздің бөлінуі рулардың орналасуына және олардың арасындағы билеуші сұлтандардың беделіне байланысты болды. Сондықтан бөліну аумағы жағынан да, халықтың саны жағынан да біркелкілік болған жоқ. Шекаралық комиссия құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан тұратын төрт өкіл кірді. Шекаралық комиссияның міндетіне далада тәртіпті сақтау, жергілікті қазақ шенеуніктерінің тіршілігін қадағалау, салық жинау, сот істері, мед. жағын бақылауға алу кірді. Жергілікті әкімш-тің құрамына Кіші жүздің үш бөлігінің сұлтандары, дистанция басқарушылары кірді. Сұлтандарды Орынбор әскери губернаторы, ал басқа шендердің бәрін шекаралық комиссия тағайындады. Әрбір билеуші сұлтанның 100 – 200 адамнан тұратын әскери командасы болды. Олардың ордасы казак станицалары мен бекіністерінде орналасты. Бұл жарғыдан кейін сот жүйесінде де көптеген өзгерістер болды. Ірі қылмыстық істер әскери сот немесе шекаралық комиссияның қолына көшті, ал кішігірім қылмыстық істер қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары негізінде қаралды. Патша әкімш. жергілікті билік органдарын, оның ішінде билер сотын полиц. жазалаушы органдарға айналдыруға талпынды. Оларға қамауға алуға, дүре соғуға, Сібірге жер аударуға рұқсат берілді. Дәстүрлі билік құрылымын қиратқан жаңа жүйе – Кіші жүз қазақтарын Орынбор шекара комиссиясы арқылы басқаруды күшейтіп қана қойған жоқ, әлеум.-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын да қамтыды. Қазақтарды құнарсыз жерлерге ығыстырған орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылды.
Орынбор–Ташкент темір жолы
‘’Орынбор–Ташкент темір жолы’’, 1901 – 05 ж. салынып, пайдалануға берілген. Жалпы ұзындығы 2090 км, оның ішінде қазақ жері арқылы өтетін бөлігі 1660 км. Темір жолын салу ісі Николай ІІ патшаның 1901 жылдың 21 сәуірдегі бұйрығы негізінде қолға алынды. Патша үкіметінің Орынбор - Ташкент темір жолын салудағы басты мақсаты Орталық Азия үшін Англиямен арадағы бәсекелестікте жеңіп шығу, өлкедегі арзан шикізат қорын Ресейге тасу, Түркістан өлкесіне тура шығу болды. Салынатын жолдың бүкіл желісі әкімш. жағынан екі бөлікке бөлінді. Жолдың оңт. бөлігі (Ташкент – Көбек) Түркістан өлкесі Сырдария облысының аумағы бойынша, cолт. бөлігі (Орынбор – Көбек) Орынбор губерниясы, Торғай облысының және Орал облысы Темір у-нің аумағы бойынша өтетін болып белгіленді. Құрылыс Орынбор жағынан 10 мамырда, ал Ташкент жағынан 9 қарашада басталды. Бұған 70 млн. сом қаржы жұмсалды, 40 – 50 мың жергілікті тұрғындар жұмыс істеді. 1904 ж. 1 қаңтарда бүкіл О. – Т. т. ж. бойынша поездардың уақытша жүрісі ашылды. Солт. бөлігі толық аяқталып, 1905 ж. 25 шілдеде, оңт. бөлігі 1906 ж. 1 сәуірде пайдалануға берілді. 1905 ж. 1 қаңтардан бастап Орынбор – Самара – жолының учаскесі, ал 1906 ж. 22 шілдеден бастап Орта Азия жолының Ташкент ст. О. – Т. т. ж-на қосылды. Соның нәтижесінде жаңа желінің жалпы ұзындығы ұлғайды. Бес ірі станса – Ақтөбе, Шалқар, Қазалы, Қызылорда, Түркістан Қазақстанның Ресеймен және Орт. Азиямен байланыс торабына айналды. Жол басқармасы Орынбор қаласында болды. О. – Т. т. ж. – қазіргі кезде Қазақстанның оңт. және батыс аудандарын Орт. Азия республикаларымен, Ресеймен, Кавказ және Шығ. Еуропа елдерімен байланыстыратын негізгі т. ж. желісі.
Орынбор шебі
Орынбор шебі – 18 ғ-дың 30–40-жылдары Қазақстанның батыс бөлігінде Ресей империясы құрған инженерлік-құрылыс жүйесі. Төм. Жайық, Самара, Қызыл, т.б. бөліктерден құралды. Кейіннен шебімен алмастырылды. О. ш. Ресейге жаңадан қосылған, бірақ әлі де толық бағына қоймаған қазақтардың башқұрттармен бірігіп жергілікті патша әкімш. мекемелеріне күтпеген шабуыл жасауынан қорғану, әрі осы аймаққа орыс шаруаларын әкеліп орналастыру мақсатында құрылды. Көп кешікпей 18 ғ-дың 2-жартысында Кіші жүздегі жағдайдың шиеленісіп, О. ш-не қазақтардың шабуылының үдеуі Ресей әкімш-н қатты алаңдатты. 1784 ж. жаңа тағайындалған Орынбор ген.-губернаторы О.ш-нде жағдай өте қауіпті деп санады. Ол хандық билікті жоюды мақсат етіп, қазақтардың ойын білу үшін рубасы, старшындармен жиналыс өткізді. 1785 ж. күзде өткен осы жиналыс Кіші жүзде хандық биліктің жойылуын қолдап шықты. Бірақ Франциядағы революцияның Ресейге тарау мүмкіндігінен қатты сескенген патша өкіметі көп ұзамай хандық жүйені қалпына келтірді. 1798 ж. 10 сәуірде Орынбор ген.-губернаторына мынадай нақты тапсырма берілді:
- 1) О. ш-не жақын маңда тұратын 20 мен 50 жас аралығындағы казак, башқұрт, қалмақтарды кантондарға бөліп, олардың шепте әскери қызмет өтеуіне қатаң бақылау жасау;
- 2) О. ш-нің өзін әскери қызмет мақсатында 5 қашықтыққа бөлу.
Сол жылдың күзінде О. ш. 5 қашықтыққа бөлінді:
- 1) Усть-Уйск бекінісінен Верхнеуральскіге дейінгі бекіністер мен редуттар (Звериноголовск бекінісі мен Алабужск редутын қоса есептегенде);
- 2) Верхнеуральскіден Орск қалашығына дейін;
- 3) Орскіден Орынборға дейін;
- 4) Орынбордан Оралға дейін;
- 5) Оралдан Гурьев қалашығына дейін.
Орынбор шекара комиссиясы
‘’Орынбор шекара комиссиясы’’ – үкіметтік мекеме. 1739 ж. 19 наурызда Орынбор шекаралық сотының орнына құрылды. О. ш. к. құрамында сот, азаматтық іс жүргізу және қаржы-есеп бөлімдері болды. Бұдан басқа Кіші жүз қазақтарын бақылаушы бөлім ашылды. Комиссияда негізінен қазақтар арасындағы барымта, жер дауы, орыс-казак бекіністері коменданттарының арыз-шағымы қаралды. Сонымен қатар комиссия қазақ жері арқылы өтетін сауда керуендерімен бірге Хиуа, Қоқан, Бұхара хандықтарына арнаулы барлаушылар мен тыңшылар жіберіп, Орт. Азияда болып жатқан жағдайлар туралы құпия мәліметтер алып отырды.
‘’’Орынбор шекара комиссиясы жанындағы қазақ мектебі – қазақ балаларына арналған Ресей оқу жүйесі негізіндегі тұңғыш мектеп-интернат (1850). Мұнда оқу мерзімі 7 жыл болды.
- Алғашқы жылы 20 шәкірт оқып, оларға 3 мұғалім сабақ берсе, 1859 ж. олар 40 оқушы, 9 мұғалімге жетті.
- 1869 ж. мектептің оқу мерзімі 6 жыл болып қысқартылды. Мектептің бас тәрбиешісі Салықжан Кукляшев атты татар жігіті, ал жатақхана тәрбиешілері унтер офицерлер болды.
- 1857 ж. мектептің тұңғыш түлектері білім куәлігін иеленді. Соның ішінде Ы. Алтынсарин де бар.
О. ш. к. ж. қ. м-нің білім дәрежесі орыстың приход және уездік уч-щелерімен теңдес болып, онда уездік уч-щелердің оқулықтары қолданылды. Мектепте орыс және қазақ тілдерін оқытатын мұғалімдерге осы екі тілді бірдей білу талабы қойылды. Мектептің оқу жоспарында орыс тілі, қазақ және татар тілі, арифметика, тарих, география, таза жазу және сызу, дене шынықтыру, орыс және қазақ тілдерінде іс жүргізу және тергеу, ислам діні пәндері қамтылды. Бұл оқу орны өмір сүрген 19 жыл ішінде 48 қазақ баласы білім алып шықты. Олардың біршамасы шекара комиссиясына жұмысқа қалдырылса, біразы өз елдерінде әкімш.-басқару жұмыстарына араласты, одан өзгелері қазақ ішіндегі орыс мектептерінде мұғалім болды. ‘’’1869 ж. мектеп жұмысы тоқтатылды.’’’
Орынбор мүфтилігі
Орынбор мүфтилігі – Ресей империясындағы мұсылмандық діни басқарма.
- 1788 ж. 22 қыркүйекте Екатерина II-нің жарлығына сәйкес Уфа қаласында ашылды.
Патша өкіметінің мүфтилік құру арқылы империя мұсылмандарына көршілес Түркия, Иран, Ауғанстан сияқты елдер мен Орта Азия хандықтарының ықпал етуін тежеуді және олардың Ресей отаршылдық саясатына қарсылығын бәсеңдетуді мақсат етті. Басқарушы сенаттың ұйғарымымен О. м-нің бас мүфтилігіне қазандық татар Мұхамеджан Хұсайынов тағайындалды. Уфа қаласында құрылған діни басқарма 1797 жылдан О. м. деп аталды. Атының өзгеру себебі жаңадан ашылған губернияға байланысты еді. Бұл губернияның орт. Орынбор қ. болғандықтан, 1798 ж. діни басқарма кеңсесі де сонда көшіріліп, 1802 жылдың соңына дейін осында болды, кейін Уфа қаласына қайта ауыстырылды. Дегенмен 1918 жылға дейін оның О. м. деген аты сақталып қалды. Патша үкіметінің қазақтардың діни істерін О. м-не қарату шаралары 1789 ж. жүзеге асты. Сол жылы бас мүфти Хұсайынов Орал қаласына келіп, қазақ ақсүйектерімен келіссөздер жүргізіп, осы өңірдің діни істерін О. м-не қаратуға қол жеткізді. Бұл қазақтардың діни істерін О. м-не қаратудың алғашқы қадамы еді. Мұнан кейін Ресей өкіметінің үстемдігі орнаған қазақ даласының өзге де аймақтарына О. м-нің ықпалы біртіндеп тарай бастады. Жаңадан қосылған аймақтардағы қазылар мен молдаларды бекіту мүфтидің құзырында болды. Мәселен, 1797 ж. Орал өңіріндегі Кіші жүз қазақтарына қазы болып қазандық татар , 1802 ж. бекітілді. Патша үкіметінің билік органдарына бағынуды насихаттауда мүфти Хұсайынов ерекше белсенділік танытты. Ол 1797 ж. сұлтан басқарған хан кеңесінің құрамына енді. О. м. қазақ балаларын Уфада, Қазанда, Троицкіде, Орынборда және Омбыда ашылған медреселерге оқыту ісінде елеулі рөл атқарды. 19 ғ-дың 2-ширегінде мүфтиліктің араласуымен Ішкі Ордада медресе ашылды. О. м-нің қарамағында 18 ғ-дың соңына қарай 114 мешіт, медресе болды. Мұсылмандық әдебиеттерді шығару жөнінде билік орындарының рұқсатын ала отырып, 1797 ж. 3600 дана, 1806 ж. 1500 дана, 1853 ж. 82 мың дана Құран кітабын баспадан шығарды. 1807 ж. О. м. билік органдарының қатаң бақылауы мен қысымынан құтылу үшін өздерін губ. әкімш-ке тәуелді емес жеке құрылым етуді сұрап император Александр І-ге өтініш хат жолдады. Алайда өтініштері аяқсыз қалды, себебі патша үкіметі ендігі жерде мүфтиліктің ықпал ету ауқымын тарылта түсуге тырысты. ‘’’1867 – 68’’’ ж. өткен саяси әкімш. реформаларға сәйкес қазақтар мен Түркістан өлкесіндегі өзге де мұсылман халықтарының діни істері ешқандай діни басқарма қарамағына қаратылмай, жергілікті орт. билік органдарының қолына берілді. Осылайша қазақтардың діни істері О. м. құрамынан шығып қалды. О. м-нен өздерінің діни істерін шығарып тастауы өлкедегі дінбасыларды алаңдатып, олар қазақтарды О. м-не қайтадан қарату жөнінде үгіт-насихат жұмысын жүргізді. 1872 ж. Ішкі Ордада бұрын имамның көмекшісі қызметін атқарған Әбсаттар Жәбіров, 1903 ж. Қызылжарда молда Мұхамеджан Бекішевтің тарапынан осы мәселе көтерілді. Бекішев қазақтардың діни істерін жергілікті әкімш. қолынан алып, мұсылмандық діни басқармаға қарату керектігін айтып, С.Шормановқа, Абайға, Жәңгір Құдаймендинге және Ғабдулла Исабековке хаттар жолдады. 1905 ж. жолдаған Қарқаралы хұзырхатында қазақтардың діни істерін О. м-не қарату туралы талап қойылды. Қазақтардың діни істерін О. м-не қарату мәселесі 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейінгі қалыптасқан саяси ахуал жағдайында да өз жалғасын тапты. 1917 ж. мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман съезінде Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстары мен Ішкі Орда қазақтарының діни істері О. м-не қаратылсын деген шешім қабылданды. Мұндай шешім Екінші жалпықазақ съезінде құпталды. 1918 ж. өлкеде Кеңес үкіметінің орнауымен О. м-нің қызметі тоқтатылды.
‘’’Орынбор кадет корпусы’’’, қ. .
Орынбор ғылыми архив комиссиясы
– ғылыми-құжаттық мекеме. 1887 ж. желтоқсан айында 25 адамнан тұратын О. ғ. а. к. құрылды. Комиссияның басты мақсаты – архив істерін ретке келтіру, Орынбор өлкесінің тарихын зерттеу, археол. және этногр. материалдар жинау болды. Алғашқы жылы қазақтардың тарихы жөніндегі құжаттар, көрші мемлекеттермен сауда және қарым-қатынастар туралы құжаттар жинақталды. Жергілікті өлкетанушылармен бірге комиссияның жұмысына В.В. Бартольд, Санкт-Петербург археология ин-тының директоры Н.В. Пок-ровский, акад. В.В. Радлов құрметті мүшелер ретінде қатысты. А.Балғымбаев, , , , , т.б. қазақ, татар және башқұрт зиялылары комиссия жұмысына белсене араласты. О. ғ. а. к-нда -ларда Қазақстанды Ресейдің отарлау тарихы жөнінде көптеген деректер жиналды. “Қазақ даласы мен Орынбор өлкесінің көне ескерткіштері” деген еңбегінде Қазақстан тарихы жөнінде алуан түрлі деректемелік материалға жүйеленген шолу берілді. Комиссияның “Труды” атты өз баспасөз органы қызмет істеді. 1894 – 1917 жылдарда бұл басылымның 34 саны жарық көрді. О. ғ. а. к. дейін жұмыс істеді.
Дереккөздер
- Борисов А. Я., Оренбург, Челябинск, 1968; Ескекбаев Д., Орынбор қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу, А., 2001.
- Материалы по истории политического строя Казахстана, т. 1, А.-А., 1961; Жиренчин К. А., Политическое развитие Казахстана – начале веков, А., 1996.
- Казахско-русские отношения в 18–19 веках, А.-А., 1964; Мәшімбаев С., Патшалық Ресейдің отарлық саясаты, А., 1994; Қазақстан тарихы, А., 1994.
- Материалы по обследованию казенных железных дорог; Ташкентская ж. д., СПб., 1913; Отчет по постройке северной части Оренбургско-Ташкентской ж. д., ч. 1. СПб., 1908; Асылбеков М.Х., Некоторые вопросы истории строительства Оренбургско-Ташкентской ж. д., Известия. АН КазССР. Сер. ист., арх. и этногр., 1962, вып. 2.
- Семенов В. Г., Семенова В. П., Губернаторы Оренбургского края, Оренбург, 1999.
- Азаматов Д.Д., Оренбургское магометанское духовное собрание в конце XVІІІ – XІX, Уфа, 1999; Хабутдинов А., Миллет Оренбургского духовного собрания в конце XVІІІ – XІX веках, Казань, 2000; Рүстемов С., Орынбор мүфтилігі және қазақтар //Қазақ тарихы, 2004, №5.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Orynbor 1938 57 zh Chkalov orys Orenbu rg Resej Federaciyasyndagy kala oblys ortalygy 1735 zh bekinis kamal retinde kalanyp aty Or ozennin atyna bajlanysty kojylgan Halky 529 6 myn adam 1998 ҚalaOrynbororys OrenburgEltanbasyӘkimshiligiEl Resej ResejFederaciya subektisiOrynborTarihy men geografiyasyKoordinattary51 46 s e 55 06 sh b 51 767 s e 55 100 sh b 51 767 55 100 G O Ya Koordinattar 51 46 s e 55 06 sh b 51 767 s e 55 100 sh b 51 767 55 100 G O Ya Algashky derek1334 zhylOrynborOrynbor shekarasy Қalada mashina zhasau himiya munaj himiyasy tamak zhasau t b onerkәsip tүrleri zhaksy damygan 4 zhogary oku orny olketanu zhәne bejneleu oneri murazhajlary bar Ol Zhajyk ozeninin on zhagalauynda ornalaskan Soltүstik batys boligi Sakmar zhәne Zhajyk ozenderinin kosylgan kiylysyna dejin zhetedi Tarihy1735 zhyly 15 tamyzda Ivan Kirillov bastagan ekspediciyasy Zhajyktyn sol zhak zhagalauyna kuyar sagasyna kala kazirgi Orsk sala bastady 1740 zhyly Vasilij Tatishev sauda keruenderi tүnejtin үlken әskeri kүshter ornalasuy kerek dep zhosparlangan kamal ornyn kolajsyz dep tauyp Orynbordy 200 shakyrym Zhajyk agysymen tomenirek zherden saluga ruksat surady Sojtip kazirgi Қyzyltu stanciyasynyn irgesi kalandy 1742 zhyly zhanadan tagajyndalgan gubernator I I Neplyuevke bul zher unamaj 1736 zhyly Kirillov irgesin kalagan Berdi bekinisi kala orny boluy kerek dep Senatka usynys zhasajdy Sojtip 1743 zh Orynbor irgesi Berdi kamalynyn ornyna tүpkilikti kalanady Zhaz ajlarynda aradagy sauda katynasy Zhajyk ozennin sol zhagalauynda zhүrgizildi Osy zherde iri sauda alany ashylyp sauda sarajy salyndy Sauda alanynyn Orynborga zhәne kazak dalasyna karagan eki үlken kakpasy boldy Orynbor 1868 zhyldan Resejdin Қazakstan zhәne Ortalyk Aziyamen aradagy iri sauda ortalygy boldy 1920 zhyly 4 kazanda Orynborda Қazak olkesi Kenesterinin kuryltaj sezi otip Қazak AKSR i kuryldy Orynbor 1920 1925 zhyldary Қazak AKSR inin astanasy boldy Қazirgi uakytta Orynbor oblysynda 120 myndaj kazaktar turady Olar negizinen Dombar Yasnyj zhәne Adamov audandaryna shogyrlangan Қazakstannyn tәuelsizdik aluymen bajlanysty oblys kazaktary Dostyk Үrker Қazak tili zhәne tagy baska mәdeni ortalyktarga birigip ozderinin Ajkap atty gazetin shygarady Guberniya kuryluy Orynbor general gubernatorlygy Қazakstannyn batys soltүstik batys zhәne ontүstik batys ielikterin otarlau maksatynda 1850 zhyly kurylyp 1881 zhylga dejin saktaldy 1868 zhyly Orynbor general gubernatorlygy kuramynda ortalygy Orynbor kalasy bolgan Torgaj oblysy kuryldy 1876 81 zhyldary Қazakstannyn soltүstik shygysy men ontүstiginde Dala zhәne Tүrkistan general gubernatorlyktarynyn kuryluyna bajlanysty Orynbor general gubernatorlygyny zhojylyp Orynbor guberniyasy kalpyna keltirildi Degenmen Torgaj oblysy Orynbor guberniyasy kuramynda kaldyryldy Orynbor guberniyasy әkimshilik aumaktyk bolik 1744 zh kurylgan Algashky general gubernatory I I Neplyuev boldy Bastapkyda guberniyasy Kama ozeni Kaspij tenizi Batys Sibir men kazak dalasy arasyndagy zherlerdi kamtydy Kejinnen zhana guberniyalar men oblystardyn kuryluyna bajlanysty soltүstikte batysta Ufa zhәne Samara ontүstikte Oral zhәne Torgaj shygysta Tobyl guberniyalarymen shektesti 1897 zhyly zher aumagy 15 mln desyatina halky 1 mln 608 388 adam boldy Orynbor guberniyasynda altyn mys zhәne temir rudasy tuz slanec tas komir ondirildi 1894 zh Orynbor guberniyasynda Beloreck Tirayansk Kagin Zhogargy Avzyano Petrovskij Tomengi Avzyano Petrovskij Zigazin zhәne Inzer z ttary boldy Eginshilik pen sauda oristedi Guberniyada 576 oku orny boldy Orynbor g na halky negizinen kazaktardan turatyn Torgaj oblysy tikelej bagyndy Ivan Ivanovich NeplyuevOrynbor zhәne Batys Sibir general gubernatorlyktarynyn dalalyk oblystaryn baskaru zhonindegi uakytsha erezhe 1868 zhyly Resej imperatory Aleksandr II kol kojgan kuzhat Osy kuzhat bojynsha Orynbor zhәne Bat Sibir gen gubernatorlyktarynda sayasi әkimsh reforma zhүrgizilip gen gubernatorlyktar oblystarga oblystar uezderge uezder bolystyktarga auyldarga bolindi Orynbor general gubernatorlygyna Oral zhәne Torgaj oblystary Oral oblysy Oral Gurev Zheli Torgaj oblysy Elek Nikolaevsk Yrgyz Torgaj Bat Sibir gen gubernatorlygyna Akmola zhәne Semej oblystary kirdi Akmola oblysy Akmola Kokshetau Omby Petropavl Semej oblysy Semej Bayanauyl Kokpekti Zajsan Bayanauyl Өskemen uezderine bolindi Gen gubernatorlyktardagy әkimsh zhәne әskeri bilik gen gubernatordyn kolyna shogyrlandyryldy Oblys әkimsh n әskeri zhәne әkimsh bilik berilgen әskeri gubernator baskardy Ol oblys aumagynda ornalaskan kazak әskerinin atamany bolyp sanaldy Erezhede dalalyk oblystardyn әskeri gubernatorlary diviziya komandirine tenestiriledi dep korsetildi Uezd bastyktaryn oblys әskeri gubernatorynyn usynuy bojynsha gen gubernator tagajyndady Uezd bastyktarynyn kolyna әkimsh zhәne policejlik bilik shogyrlandyryldy Oral oblysynyn uezd bastyktaryna Semej oblysy Kokpekti u nin bastygyna zhergilikti әskeri bolimder bagyndyryldy Bolystyktar 1000 shanyraktan 2000 shanyrakka dejingi birneshe auyldy kamtydy Әkimsh auyldar 100 200 shanyraktan kuraldy Bolystyk zhәne auyl әkimsh n kuru tәrtibi Қazakstan ajmagyn otarlau maksatyna kyzmet etti Bolys baskarushylary men auyl starshyndary әrbir үsh zhylda kajta sajlandy Sajlau kezinde rulyk talas tartystar men әrtүrli zholsyzdyktarga oryn berildi Bolystyk baskarushylar men olardyn kandidattary oblysy әskeri gubernator bekitkennen kejin gana kyzmetke kiristi Auyl starshyndary men olardyn kandidattaryn uezd bastygy bekitti Bolys baskarushysy oz bolystygyndagy biligin zhүzege asyru barysynda tynyshtyk pen tәrtiptin saktaluyn alymdardyn zhinaluyn t b kadagalap otyruga mindetti boldy Bolys baskarushysyna tәrtip buzushylardy үsh kүn merzimge kamauga alu zhәne akshalaj ajyp toletu kukygy berildi Өzinin әkimsh sheginde starshyndardyn da bolys baskarushylaryndagydaj kukyktary boldy Zhergilikti halyk okilderi bolystyk zhәne auyldyk dengejdegi baskaru oryndaryna gana tartyldy Odan zhogary dengejdegi baskaru oryndary otarshyldardyn әskeri adamdarynan kuryldy Resej imperiyasynyn kazak dalasyna tutastaj sayasi oktemdigin ornatuyn 1891 zhyly kabyldangan Akmola Semej Zhetisu Oral zhәne Torgaj oblystaryn baskaru turaly erezhe zandastyrdy Orynbor kazaktaryn baskaru turaly erezhe 1844 zh 14 mausymda Resej imperiyasy kabyldagan zandyk kuzhat 1824 zhylgy zhargyga karaganda bul kuzhat patsha okimetinin kazak dalasyndagy biligin kүshejtu zholdaryn zandastyra tүsti Erezhede zhergilikti әkimshilikterdin okilettikteri shektelip kyzmetteri olkelik okimet tarapynan katan bakylauga alyndy Zhargyda kazak arasyndagy eginshilik tuz ondiru onerkәsibi zhәne saudany damytu kazhet dep korsetilgen bolsa erezhe tek kana mal sharuashylygy men ajnalysudy makuldady Bekitilgen salyk zhүjesi bojynsha әrbir tүtinge 1 som 50 tiyn molsherinde salyk belgilendi Ogan kosa liniyalyk kazaktarga zhaldanyp zhumys isteu үshin kazaktardyn orys әkimsh ne bilet bagasy retinde kүmis 15 tiyn bilet alu merzimin otkizip algan zhagdajda kүmis 30 tiyn tolejtin boldy Osyndaj kanaushy salyk zhүjesi arkyly Resej imperiyasy kazak zherlerin kүshpen tartyp ala bastady Kej mәlimetterge karaganda Resej imperiyasynyn kazynasyna tүtin basyna belgilengen salyktan 4 mln nan astam pajda tүsken O k b t e kazak kogamynda kalyptaskan biler sotynyn kukyktyk mәrtebesine de erekshe nazar audardy Patsha okimeti bul in ttyn kuzyry men kyzmetin barynsha shekteuge tyrysty Budan bylaj biler soty 50 som kүmis aksha molsherine dejingi azamattyk isterdi gana karajtyn boldy Al kisi oltiru tonau barymta Resej okimetine kүsh korsetu rulastaryn okimetke karsy үgitteu siyakty kylmystardy karau zhergilikti әskeri sottardyn kuzyryna berildi Erezhe kazak kogamyn Resej imperiyasynyn baskaru zhүjesin engizuge zhәne bolip al da bilej ber kagidasyna sүjengen otarlyk sayasatty is zhүzine asyruga kukyktyk negiz boldy Orynbor kyrgyzdary turaly zhargy Resej okimetinin Kishi zhүz kazaktaryn zhanasha baskaru maksatynda zhasagan sharasy 1824 zh nauryzda Syrtky ister min nin zhanyndagy Aziya departamentinde bekitildi Onyn zhobasyn 1822 zh Orynbor gen gubernatory P K Essen dajyndady Bul zhoba bojynsha Kishi zhүzde handyk bilikti zhoyu turaly sheshim kabyldandy Kishi zhүz hany Shergazy Orynbor kalasyna shakyrylyp Orynbor shekara komissiyasynyn zhumysyna kenesshi kyzmetine tagajyndaldy Kishi zhүz zheri batys orta zhәne shygys әkimsh zhүjelerine bolinip ony bileushi sultandar baskardy Zhүzdin bolinui rulardyn ornalasuyna zhәne olardyn arasyndagy bileushi sultandardyn bedeline bajlanysty boldy Sondyktan bolinu aumagy zhagynan da halyktyn sany zhagynan da birkelkilik bolgan zhok Shekaralyk komissiya kuramyna toraga tort kenesshi aukatty kazaktardan turatyn tort okil kirdi Shekaralyk komissiyanyn mindetine dalada tәrtipti saktau zhergilikti kazak sheneunikterinin tirshiligin kadagalau salyk zhinau sot isteri med zhagyn bakylauga alu kirdi Zhergilikti әkimsh tin kuramyna Kishi zhүzdin үsh boliginin sultandary distanciya baskarushylary kirdi Sultandardy Orynbor әskeri gubernatory al baska shenderdin bәrin shekaralyk komissiya tagajyndady Әrbir bileushi sultannyn 100 200 adamnan turatyn әskeri komandasy boldy Olardyn ordasy kazak stanicalary men bekinisterinde ornalasty Bul zhargydan kejin sot zhүjesinde de koptegen ozgerister boldy Iri kylmystyk ister әskeri sot nemese shekaralyk komissiyanyn kolyna koshti al kishigirim kylmystyk ister kazaktyn dәstүrli әdet guryp zandary negizinde karaldy Patsha әkimsh zhergilikti bilik organdaryn onyn ishinde biler sotyn polic zhazalaushy organdarga ajnaldyruga talpyndy Olarga kamauga aluga dүre soguga Sibirge zher audaruga ruksat berildi Dәstүrli bilik kurylymyn kiratkan zhana zhүje Kishi zhүz kazaktaryn Orynbor shekara komissiyasy arkyly baskarudy kүshejtip kana kojgan zhok әleum sayasi zhәne sharuashylyk omirdin barlyk zhaktaryn da kamtydy Қazaktardy kunarsyz zherlerge ygystyrgan orys konys audarushylaryn ornalastyru үshin ken mүmkindikter ashyldy Orynbor Tashkent temir zholy Orynbor Tashkent temir zholy 1901 05 zh salynyp pajdalanuga berilgen Zhalpy uzyndygy 2090 km onyn ishinde kazak zheri arkyly otetin boligi 1660 km Temir zholyn salu isi Nikolaj II patshanyn 1901 zhyldyn 21 sәuirdegi bujrygy negizinde kolga alyndy Patsha үkimetinin Orynbor Tashkent temir zholyn saludagy basty maksaty Ortalyk Aziya үshin Angliyamen aradagy bәsekelestikte zhenip shygu olkedegi arzan shikizat koryn Resejge tasu Tүrkistan olkesine tura shygu boldy Salynatyn zholdyn bүkil zhelisi әkimsh zhagynan eki bolikke bolindi Zholdyn ont boligi Tashkent Kobek Tүrkistan olkesi Syrdariya oblysynyn aumagy bojynsha colt boligi Orynbor Kobek Orynbor guberniyasy Torgaj oblysynyn zhәne Oral oblysy Temir u nin aumagy bojynsha otetin bolyp belgilendi Қurylys Orynbor zhagynan 10 mamyrda al Tashkent zhagynan 9 karashada bastaldy Bugan 70 mln som karzhy zhumsaldy 40 50 myn zhergilikti turgyndar zhumys istedi 1904 zh 1 kantarda bүkil O T t zh bojynsha poezdardyn uakytsha zhүrisi ashyldy Solt boligi tolyk ayaktalyp 1905 zh 25 shildede ont boligi 1906 zh 1 sәuirde pajdalanuga berildi 1905 zh 1 kantardan bastap Orynbor Samara zholynyn uchaskesi al 1906 zh 22 shildeden bastap Orta Aziya zholynyn Tashkent st O T t zh na kosyldy Sonyn nәtizhesinde zhana zhelinin zhalpy uzyndygy ulgajdy Bes iri stansa Aktobe Shalkar Қazaly Қyzylorda Tүrkistan Қazakstannyn Resejmen zhәne Ort Aziyamen bajlanys torabyna ajnaldy Zhol baskarmasy Orynbor kalasynda boldy O T t zh kazirgi kezde Қazakstannyn ont zhәne batys audandaryn Ort Aziya respublikalarymen Resejmen Kavkaz zhәne Shyg Europa elderimen bajlanystyratyn negizgi t zh zhelisi Orynbor shebiOrynbor shebi 18 g dyn 30 40 zhyldary Қazakstannyn batys boliginde Resej imperiyasy kurgan inzhenerlik kurylys zhүjesi Tom Zhajyk Samara Қyzyl t b bolikterden kuraldy Kejinnen shebimen almastyryldy O sh Resejge zhanadan kosylgan birak әli de tolyk bagyna kojmagan kazaktardyn bashkurttarmen birigip zhergilikti patsha әkimsh mekemelerine kүtpegen shabuyl zhasauynan korganu әri osy ajmakka orys sharualaryn әkelip ornalastyru maksatynda kuryldy Kop keshikpej 18 g dyn 2 zhartysynda Kishi zhүzdegi zhagdajdyn shielenisip O sh ne kazaktardyn shabuylynyn үdeui Resej әkimsh n katty alandatty 1784 zh zhana tagajyndalgan Orynbor gen gubernatory O sh nde zhagdaj ote kauipti dep sanady Ol handyk bilikti zhoyudy maksat etip kazaktardyn ojyn bilu үshin rubasy starshyndarmen zhinalys otkizdi 1785 zh kүzde otken osy zhinalys Kishi zhүzde handyk biliktin zhojyluyn koldap shykty Birak Franciyadagy revolyuciyanyn Resejge tarau mүmkindiginen katty seskengen patsha okimeti kop uzamaj handyk zhүjeni kalpyna keltirdi 1798 zh 10 sәuirde Orynbor gen gubernatoryna mynadaj nakty tapsyrma berildi 1 O sh ne zhakyn manda turatyn 20 men 50 zhas aralygyndagy kazak bashkurt kalmaktardy kantondarga bolip olardyn shepte әskeri kyzmet oteuine katan bakylau zhasau 2 O sh nin ozin әskeri kyzmet maksatynda 5 kashyktykka bolu Sol zhyldyn kүzinde O sh 5 kashyktykka bolindi 1 Ust Ujsk bekinisinen Verhneuralskige dejingi bekinister men reduttar Zverinogolovsk bekinisi men Alabuzhsk redutyn kosa eseptegende 2 Verhneuralskiden Orsk kalashygyna dejin 3 Orskiden Orynborga dejin 4 Orynbordan Oralga dejin 5 Oraldan Gurev kalashygyna dejin Orynbor shekara komissiyasy Orynbor shekara komissiyasy үkimettik mekeme 1739 zh 19 nauryzda Orynbor shekaralyk sotynyn ornyna kuryldy O sh k kuramynda sot azamattyk is zhүrgizu zhәne karzhy esep bolimderi boldy Budan baska Kishi zhүz kazaktaryn bakylaushy bolim ashyldy Komissiyada negizinen kazaktar arasyndagy barymta zher dauy orys kazak bekinisteri komendanttarynyn aryz shagymy karaldy Sonymen katar komissiya kazak zheri arkyly otetin sauda keruenderimen birge Hiua Қokan Buhara handyktaryna arnauly barlaushylar men tynshylar zhiberip Ort Aziyada bolyp zhatkan zhagdajlar turaly kupiya mәlimetter alyp otyrdy Orynbor shekara komissiyasy zhanyndagy kazak mektebi kazak balalaryna arnalgan Resej oku zhүjesi negizindegi tungysh mektep internat 1850 Munda oku merzimi 7 zhyl boldy Algashky zhyly 20 shәkirt okyp olarga 3 mugalim sabak berse 1859 zh olar 40 okushy 9 mugalimge zhetti 1869 zh mekteptin oku merzimi 6 zhyl bolyp kyskartyldy Mekteptin bas tәrbieshisi Salykzhan Kuklyashev atty tatar zhigiti al zhatakhana tәrbieshileri unter oficerler boldy 1857 zh mekteptin tungysh tүlekteri bilim kuәligin ielendi Sonyn ishinde Y Altynsarin de bar O sh k zh k m nin bilim dәrezhesi orystyn prihod zhәne uezdik uch shelerimen tendes bolyp onda uezdik uch shelerdin okulyktary koldanyldy Mektepte orys zhәne kazak tilderin okytatyn mugalimderge osy eki tildi birdej bilu talaby kojyldy Mekteptin oku zhosparynda orys tili kazak zhәne tatar tili arifmetika tarih geografiya taza zhazu zhәne syzu dene shynyktyru orys zhәne kazak tilderinde is zhүrgizu zhәne tergeu islam dini pәnderi kamtyldy Bul oku orny omir sүrgen 19 zhyl ishinde 48 kazak balasy bilim alyp shykty Olardyn birshamasy shekara komissiyasyna zhumyska kaldyrylsa birazy oz elderinde әkimsh baskaru zhumystaryna aralasty odan ozgeleri kazak ishindegi orys mektepterinde mugalim boldy 1869 zh mektep zhumysy toktatyldy Orynbor mүftiligiOrynbor mүftiligi Resej imperiyasyndagy musylmandyk dini baskarma 1788 zh 22 kyrkүjekte Ekaterina II nin zharlygyna sәjkes Ufa kalasynda ashyldy Patsha okimetinin mүftilik kuru arkyly imperiya musylmandaryna korshiles Tүrkiya Iran Auganstan siyakty elder men Orta Aziya handyktarynyn ykpal etuin tezheudi zhәne olardyn Resej otarshyldyk sayasatyna karsylygyn bәsendetudi maksat etti Baskarushy senattyn ujgarymymen O m nin bas mүftiligine kazandyk tatar Muhamedzhan Husajynov tagajyndaldy Ufa kalasynda kurylgan dini baskarma 1797 zhyldan O m dep ataldy Atynyn ozgeru sebebi zhanadan ashylgan guberniyaga bajlanysty edi Bul guberniyanyn ort Orynbor k bolgandyktan 1798 zh dini baskarma kensesi de sonda koshirilip 1802 zhyldyn sonyna dejin osynda boldy kejin Ufa kalasyna kajta auystyryldy Degenmen 1918 zhylga dejin onyn O m degen aty saktalyp kaldy Patsha үkimetinin kazaktardyn dini isterin O m ne karatu sharalary 1789 zh zhүzege asty Sol zhyly bas mүfti Husajynov Oral kalasyna kelip kazak aksүjekterimen kelissozder zhүrgizip osy onirdin dini isterin O m ne karatuga kol zhetkizdi Bul kazaktardyn dini isterin O m ne karatudyn algashky kadamy edi Munan kejin Resej okimetinin үstemdigi ornagan kazak dalasynyn ozge de ajmaktaryna O m nin ykpaly birtindep taraj bastady Zhanadan kosylgan ajmaktardagy kazylar men moldalardy bekitu mүftidin kuzyrynda boldy Mәselen 1797 zh Oral onirindegi Kishi zhүz kazaktaryna kazy bolyp kazandyk tatar 1802 zh bekitildi Patsha үkimetinin bilik organdaryna bagynudy nasihattauda mүfti Husajynov erekshe belsendilik tanytty Ol 1797 zh sultan baskargan han kenesinin kuramyna endi O m kazak balalaryn Ufada Қazanda Troickide Orynborda zhәne Ombyda ashylgan medreselerge okytu isinde eleuli rol atkardy 19 g dyn 2 shireginde mүftiliktin aralasuymen Ishki Ordada medrese ashyldy O m nin karamagynda 18 g dyn sonyna karaj 114 meshit medrese boldy Musylmandyk әdebietterdi shygaru zhoninde bilik oryndarynyn ruksatyn ala otyryp 1797 zh 3600 dana 1806 zh 1500 dana 1853 zh 82 myn dana Қuran kitabyn baspadan shygardy 1807 zh O m bilik organdarynyn katan bakylauy men kysymynan kutylu үshin ozderin gub әkimsh ke tәueldi emes zheke kurylym etudi surap imperator Aleksandr I ge otinish hat zholdady Alajda otinishteri ayaksyz kaldy sebebi patsha үkimeti endigi zherde mүftiliktin ykpal etu aukymyn tarylta tүsuge tyrysty 1867 68 zh otken sayasi әkimsh reformalarga sәjkes kazaktar men Tүrkistan olkesindegi ozge de musylman halyktarynyn dini isteri eshkandaj dini baskarma karamagyna karatylmaj zhergilikti ort bilik organdarynyn kolyna berildi Osylajsha kazaktardyn dini isteri O m kuramynan shygyp kaldy O m nen ozderinin dini isterin shygaryp tastauy olkedegi dinbasylardy alandatyp olar kazaktardy O m ne kajtadan karatu zhoninde үgit nasihat zhumysyn zhүrgizdi 1872 zh Ishki Ordada buryn imamnyn komekshisi kyzmetin atkargan Әbsattar Zhәbirov 1903 zh Қyzylzharda molda Muhamedzhan Bekishevtin tarapynan osy mәsele koterildi Bekishev kazaktardyn dini isterin zhergilikti әkimsh kolynan alyp musylmandyk dini baskarmaga karatu kerektigin ajtyp S Shormanovka Abajga Zhәngir Қudajmendinge zhәne Ғabdulla Isabekovke hattar zholdady 1905 zh zholdagan Қarkaraly huzyrhatynda kazaktardyn dini isterin O m ne karatu turaly talap kojyldy Қazaktardyn dini isterin O m ne karatu mәselesi 1917 zhylgy Akpan revolyuciyasynan kejingi kalyptaskan sayasi ahual zhagdajynda da oz zhalgasyn tapty 1917 zh mamyrda Mәskeude otken Bүkilresejlik musylman sezinde Torgaj Oral Akmola Semej oblystary men Ishki Orda kazaktarynyn dini isteri O m ne karatylsyn degen sheshim kabyldandy Mundaj sheshim Ekinshi zhalpykazak sezinde kuptaldy 1918 zh olkede Kenes үkimetinin ornauymen O m nin kyzmeti toktatyldy Orynbor kadet korpusy k Orynbor gylymi arhiv komissiyasy gylymi kuzhattyk mekeme 1887 zh zheltoksan ajynda 25 adamnan turatyn O g a k kuryldy Komissiyanyn basty maksaty arhiv isterin retke keltiru Orynbor olkesinin tarihyn zertteu arheol zhәne etnogr materialdar zhinau boldy Algashky zhyly kazaktardyn tarihy zhonindegi kuzhattar korshi memlekettermen sauda zhәne karym katynastar turaly kuzhattar zhinaktaldy Zhergilikti olketanushylarmen birge komissiyanyn zhumysyna V V Bartold Sankt Peterburg arheologiya in tynyn direktory N V Pok rovskij akad V V Radlov kurmetti mүsheler retinde katysty A Balgymbaev t b kazak tatar zhәne bashkurt ziyalylary komissiya zhumysyna belsene aralasty O g a k nda larda Қazakstandy Resejdin otarlau tarihy zhoninde koptegen derekter zhinaldy Қazak dalasy men Orynbor olkesinin kone eskertkishteri degen enbeginde Қazakstan tarihy zhoninde aluan tүrli derektemelik materialga zhүjelengen sholu berildi Komissiyanyn Trudy atty oz baspasoz organy kyzmet istedi 1894 1917 zhyldarda bul basylymnyn 34 sany zharyk kordi O g a k dejin zhumys istedi DerekkozderBorisov A Ya Orenburg Chelyabinsk 1968 Eskekbaev D Orynbor kazaktary Tarihi etnografiyalyk zertteu A 2001 Materialy po istorii politicheskogo stroya Kazahstana t 1 A A 1961 Zhirenchin K A Politicheskoe razvitie Kazahstana nachale vekov A 1996 Kazahsko russkie otnosheniya v 18 19 vekah A A 1964 Mәshimbaev S Patshalyk Resejdin otarlyk sayasaty A 1994 Қazakstan tarihy A 1994 Materialy po obsledovaniyu kazennyh zheleznyh dorog Tashkentskaya zh d SPb 1913 Otchet po postrojke severnoj chasti Orenburgsko Tashkentskoj zh d ch 1 SPb 1908 Asylbekov M H Nekotorye voprosy istorii stroitelstva Orenburgsko Tashkentskoj zh d Izvestiya AN KazSSR Ser ist arh i etnogr 1962 vyp 2 Semenov V G Semenova V P Gubernatory Orenburgskogo kraya Orenburg 1999 Azamatov D D Orenburgskoe magometanskoe duhovnoe sobranie v konce XVIII XIX Ufa 1999 Habutdinov A Millet Orenburgskogo duhovnogo sobraniya v konce XVIII XIX vekah Kazan 2000 Rүstemov S Orynbor mүftiligi zhәne kazaktar Қazak tarihy 2004 5 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet