Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) — дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы.
Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда Бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады. заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс тән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түрлі-түсті бояуды, графика түрлі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді-сәндік және қондырмалы болып екіге бөлінеді. Қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді кескіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады. Монументальді мүсін архит. кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Шығыс және батыс Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.
Бейнелеу өнері тарихы адамзат тарихымен қатар басталған. Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі жер бетінде болған небір өркениет пен мәдениеттің іздері осы өнер арқылы таңбаланып, бізге жеткен. Бейнелеу өнерінің даму жолы шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді: алғашқы қауымдық өнер, ежелгі дәуір өнері, орта ғасыр өнері, қайта өркендеу дәуірі, жаңа дәуір өнері, қазіргі заманғы өнер. Жер шарының әр аймағындағы ежелгі адамдар тұрағынан Бейнелеу өнерінің алғашқы үлгілері табылған. [Альтамир (Испания), Ласко (Франция), Кимберли (Австралия) үңгірлері]. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық өнердің ірі-ірі кешенді түрлері Тамғалыда, Ертіс аңғарында, Орталық Қазақстанда сақталған.
Ежелгі дәуір өнерінің ірі орталығы — Алдыңғы Азиядағы Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығы. Б.з.б. 3 — 1 мыңжылдықтарда мұнда шумерліктер мен аккадтықтар мәдениеті, кейінірек Бабыл, Миттани және Ассирия мемлекеттері мәдениеті өркендеді. Мүсін және кескіндеме туындыларымен көркемделген сарайлар мен ғибадатханалар маңызды рөл атқарады. Шумерліктер табынатын биік сатылы мұнара-зиккурат, “құдай үйі”, басқа да көптеген ескерткіштер дүниеге келді. Аккад патшалығы кезеңіндегі Бейнелеу өнерінің үздік үлгісі — 2 метрлік қызыл қыштан жасалған Нарамсин патшаның жеңіс тұғырындағы әскердің тауға көтеріліп бара жатқан сәті қозғалыс пен кеңістікте бейнеленген. Шумерлер мен аккадтықтар мәдениетін біріктірген Бабыл мәдениеті үлкен жетістіктерге жетті. Патша Хаммурапидің (б.з.б. 1792 — 50 ж.) заңдар жинағын оқып тұрған сәті ерекше көріністе бейнеленген. Патшаның құдаймен байланысы, патша билігінің жаратушының тікелей қолдауымен болып отырғанын символды түрде бейнелеп көрсеткен. Ассирия өнері барлық көнешығыстық мәдениеттердегідей дінмен өте тығыз байланыстылығына қарамастан мейлінше зайырлы сипатта болды. Ашшурбанипал патша (б.з.б. 668 — 26 ж.) тұсында кемелдікке жеткен рельефтер патшаның ерлік істерін, аңшылық салтанатының көріністерін бейнелеген суреттерден тұрады. Ашшурбанипалдың Ниневиядағы сарайындағы рельефтер көркемдік қуатымен, ықшамдылығымен, динамикалық ырғағымен, шиеленіскен драмалық мазмұнымен әлемдік Бейнелеу өнерінің үздік шығармалары қатарында саналады. Бабыл патшалығының өнері Вавилондағы Навуходоносор ІІ сарайларының зәулімдігі және сән-салтанатымен әйгілі. Онда атақты ассирия патшайымы Семирамида салдырған әйгілі “аспалы бақтар”, қабырғалары арыстандардың, жабайы бұқалардың, фантастикалық жануарлардың қаракөк фонға ашық ақ, сары түспен қашалған ғажайып суреттері бар әйгілі “Иштар қақпалары” болған. Бейнелеу өнері Ежелгі Мысырда да (б.з.б. 4-мыңжылдықтың соңы б.з.б. 341) қарқынды дамыды. Ол дінмен, құдай дәрежесінде дәріптелген перғауындарға табыну ғұрпымен өте тығыз байланысты болды.
Ежелгі Мысыр мәдениетінің классикалық, канондық үлгілері — адам тұлғасының тегістіктегі мүсіндері, монументальділігімен, сымбаттылығымен, зәулімділігімен таң қалдыратын Гизадағы пирамидалар, Карнак, Луксордағы ғибадатханалар кешені, т.б. Ежелгі Мысырдың Бейнелеу өнері әлемдік мәдениетке қосылған ірі үлес болып табылады. Эгей мәдениеті (б.з.б. 3000 — 1200 ж.) Жерорта т-нің шығыс бөлігінде, Эгей т-нің жағалаулары мен аралдарында өркендеді. Оның негізгі орталықтары Крит, Киклада аралдары, Микен, Пилос және Тиринф қ-лары болды. Крит-Микен мәдениетінің маңызды сәулет ескерткіші — әйгілі Кносс сарайы Б. ө-нің түрлі жанрын бойына тоғыстырған туынды. Бояуға бай, түрлі түсті суреттер фрескаларымен сарайлардың, қоғамдық ғимараттардың және үйлердің қабырғалары безендірілген. Кносс сарайының фрескалары арасынан криттіктердің шаруашылық өмірінде, діни және мифологиялық түсініктерінде маңызды рөл атқарған бұқаның бейнесі (“Акробаттар мен бұқа” фрескасы) ерекшеленеді. Сондай-ақ, оның тамаша фрескалары қатарында “Көгілдір киім киген әйелдер”, “Көк түсті дельфиндер мен түрлі-түсті балықтар”, “Абыз-балық”, т.б. бар. Микеннің қабырғаға салынған суреттері де криттік Б. ө-мен ұқсас. Бірақ онда схемашылдық, шарттылық басым. Ежелгі Грекияның Б. ө. Эгей мәдениетінің бай дәстүрлерін жалғастырды. Ол гомерлік кезең, ежелгі өнер кезеңі классика және эллинизм кезеңдері болып бөлінеді. Ежелгі Грекия мәдениеті өзінің даму кезеңін көне грек қала-полистерінің өркендеген кезінде, құлиеленушілік демократия дәуірінде (б.з.б. 5—4 ғ-ларда) басынан кешірді. Грек шеберлерінің шығармашылығы мифологиялық түсініктерге негізделеді. Олар сонымен қатар, болмыс шындығына, дүние-әлемнің үйлесімділігіне деген терең пайымдарға адамның тәни және рухани кемелденуі турасындағы идеяларымен де құнды. Әлемнің үйлесімділігінің өлшемі ретіндегі адам Ежелгі Грекиядағы Б. ө-нің барлық саласына ортақ сарын. Көне грек мәдениетінің гуманистік бастаулары түрлі дәуірлердегі Еуропа Б. ө-не өте ықпалды фактор ретінде әсер етті.
Ежелгі мүсін өнері, ең алдымен, қола статуэткаларымен, жалаңаш бозбалалар (куростар) мен ұзын киім киген сымбатты қыздардың (кор) мүсіндерімен танымал. құмыраларды безендіру өнері ерекше дамыды. Ежелгі өнерінің классикалық кезеңінде әлдеқайда шынайылыққа жақын образдар жасалды, адам мүсіні мен сымбатын сомдау жетіле түсті. Б. з. б. 5 ғ-дың 1-жартысындағы шеберлер ізденісін Мирон аяқтады. Оның “Афина мен Марсий”, “Дискобол” атты мүсіндері адам сымбатын аса кемел пластикалық күйде мүсіндеуімен, дене құрылысы мен оның әр қимыл ерекшеліктерін жетік білгендігімен ерекшеленеді. Жалпы адам бейнесін жасауға деген қызығушылық портрет жанрының дамуына ықпал етті. Кереғар болмыс қайшылықтары мен адамның идеалды, рухани және тәни әрекет-ұмтылыстарын мүсіншілер Скопас (“Менеда”, “Бозбаланың қабірі”), Пракситель (“Книдтық Афродитас”, “Демалыс кезіндегі қуақы”), Лисипп (“Апоксимен”, “Демалыс үстіндегі Гермес”), т.б. түрлі қырынан бейнеледі. Эллиндік кезең грек мәдениетінің таралу өрісінің кеңейуімен сипатталады. Бұл кезеңнің ең әйгілі туындылары — “Самофракийлік Нике”, “Пергам мехрабының фризі”, “Милостық Венера”, “Лаокоон”. Б. з. б. 1 ғ-дың соңынан бастау алатын Ежелгі Римнің Б. ө. — ежелгі заман мәдениетінің ірі ошақтарының бірі. Ол этрусс мәдениетінің негізінде қалыптасты. Этрусс мәдениетінің таңдаулы хрестоматиялық шығармалары қатарына өлген адамның мүсіні бейнеленген саркофак-құлыптастар, Римнің негізін қалаған Ромул мен Ремді асыраушы Капитолий қаншығының мүсіні жатады. Рим өнеріндегі жетекші орынды портрет жанры алды. Оның пайда болуы да жерлеу рәсімімен байланысты. Марқұмның бетбейнесін балауызға түсіріп, оны құдайлар мүсіндерімен бірге үйде сақтау салты портреттің және қайтыс болған адамның кескін-келбетін дәл көшірудің қатаң дәстүрінің қалыптасуына себепші болды. Әсіресе, әйгілі адамдардың дәлме-дәл жасалған портреттері сақталған (б.з.б. 1 ғ-дағы Августің статуясы, император Вителлийдің портреті, т.б.). Ежелгі Римдегі Б. ө-нің дамыған саласы қабырғаға аса нәзік шеберлікпен салынған мозаикалар (мыс., Александр Македонскийдің парсы патшасы Дариймен соғысы бейнеленген мозаика) болып табылады. Ежелгі дәуірдің Б. ө-нде Солт. Қара теңіз жағалауының мәдениеті, мемлекетінің, Үндістанның, Қытайдың, Орталық Азия мемлекеттерінің мәдениеттері секілді ірі мәдениет ошақтары болды. Соғда, Бактрияның, кейін патшалығының Б. ө. сақтардың “жануарлық стилінің” ықпалына ұшыраған жергілікті өнердің бірегей дәстүрлері мен Көне Шығыс өнерінің әдістерін ұштастырды. Грек-Бактрия патшалығы өнерінде эллиндік көркемдік қағидалардың жалғасын табуы байқалады. Сәулет, мүсін, бедерлеу өнері жетіле түсті. Б. ө-нің ғажайып ескерткіштері Үндістанда б.з.б. 4-мыңжылдықтан б.з.б. 5 ғ-ға дейін жасалды. Үндістан өнері көне дүниенің түрлі мәдениеттерімен тығыз байланысты болды. Одан, сондай-ақ, Орталық Азия мәдениетінің де ықпалы байқалады. Ежелгі Үндістан мәдениетінің орталығы Синдтағы Мохенджо-Даро мен Пенджабтағы Хараппа елді мекендері болды. Ойылып бейнеленген абыз бен еркін де ырғақты қимыл-қозғалыс үстіндегі биші қыз, үшкелбетті құдай, киелі саналған жануарлар — бұғы, буйвол, мүйізтұмсық, піл, т.б. мүсіндері жасалу шеберлігімен, пластикалылығымен, санқилылығымен ерекшеленеді. Үндістан мәдениетінің келесі кезеңі бүкіл Ганга жазығына билік жүргізген Магадха мемлекетінде өріс алды. Бұнда брахманизм идеологиясы үстемдік етіп тұрды. Үндістанның Б. ө-нде мыңжылдықтар бойына Брама (жаратушы), Вишну (қорғаушы), Шива (қиратушы) және Индра (патша билігін қолдаушы) бейнелері, түрлі рухтар мен данышпандардың мүсіндері тұрақты кейіпкерлерге айналды. Үндістан өнеріндегі бай, пластикалық, өмірлік күш-қуат пен динамикаға толы образдар Үндістанның мифтері мен аңыздары арқылы дүниенің сұлулығы мен адамға арналған мадақ ретінде қызмет етті. Үндістанда б.з.б. 3 ғ-да Ашок патша тұсында кең таралған буддизм мүсіндік рельефтермен безендірілген ғибадатханалардың, мемориалдық құрылыстардың салынуына себепші болды. Аса көрнекті де көркем ескерткіштер ансамблінің бірі — Аджанта ғибадатханалары. Вагхора өз-нің сұлу алқабындағы жартастардан қашалған Аджанта ғибадатханаларының (барлығы 29 үңгір) қасбеттері мүсіндермен безендірілген. Будданың сансыз көп мүсіндері қабырғалардың етегіне жағалай тізіліп, олардың арасы оюлармен және Будданың шәкірттері мен серіктерінің бейнелерімен бедерленген. Құжыралардың іші түгелдей монументальді ою-өрнектер мен жазбаларға толы. Аджанта сұңғаты мен мүсіндерінің сән-салтанаты қайран қалдырады.
Адамзат мәдениетінің ең бір ежелгі ошақтарының бірі — Ежелгі Қытай өнері (б.з.б. 3 ғ-ға дейін). Бұл дәуірдегі өнердің дамуы қалалардың пайда болуымен тығыз байланысты: ғибадатханалар, билеушілер сарайларының құрылысы, т.б. Ежелгі Қытай өнерінің өзіндік стилі рельеф пен өрнекті жазулармен қапталған рәсімдік ыдыстардағы бейнелерден көрініс тапқан. Аңдардың, құстардың қиял-ғажайып мақұлұқтардың бейнелері, қола ыдыстардағы оюлы өрнектер, алтын, малахит және фирузамен безендірілген қабырғалар, нефриттен ойылып жасалған заттар ақсүйектердің жерасты қабірлерінің ішіне асқан көрік берген. Қытай мәдениетінің маңызды кезеңі — б.з.б. 11 — 3 ғ-лардағы Чжоу дәуірі. Б.з.б. 1-мыңжылдықта пайда болған діни-филос. ілімдер — конфуцийлық пен даоизм Қытайдың кейінгі бүкіл мәдениетіне ықпал етті. Осы кезеңде қытай сәулет өнерінің қағидалары қалыптасты, аңшылықтың, егін орағының жанрлық көріністерінен тұратын ыдыстардың безендірілу үлгілері күрделене түсті, қытай Б. ө. үшін классикалық стиль болып табылатын орамаларға тушьпен сурет салу өнері қалыптасты. Ұлы Қытай қорғанының құрылысымен әйгіленетін Цинь дәуірінің (б.з.б. 221 — 207) өнері көне қытайлықтардың дүниенің құрылымы, әлемдегі елдер туралы түрліше түсініктерін бейнелейді. Оларда шынайы өмірлік бақылаудан туған пайымдаулар мен жүйрік қиял астасып жатыр.
Ортағасырлық Б. ө. деп, әдетте, Батыс және Орталық Еуропа елдері өнерінің ерте және кемелденген кезеңін, Византия мен Ежелгі Ресей өнерін (17 ғ-ға дейінгі) атайды. Ал Қытай, Жапония, Үндістан, Индонезия, Орталық Азия елдерінде өнердің ортағасырлық үлгісі әлдеқайда ұзағырақ сақталды (19 ғ-дың 2-жартысына дейін). Орта ғасырлардағы Б. ө-нің дамуында ұлттық ерекшелік ерекше рөл атқарды. Олар кейінен бірегей ұлттық көркемөнер мектептерінің қалыптасуына негіз болды. Бұл кезең өнерінің ортақ ерекшелігі оның дінмен байланысының күшеюі болды. Адам сезімдерінің, уайымы мен ойының күрделілігі Б. ө-нде діни идеялар, діни аңыздар мен хикаялардағы образдар, діни-этикалық нормалар арқылы көрініс тапты. Ортағасырлық батысқа да, шығысқа да руханилықтың заттық болмыстан биіктігін дәріптеу тән. Батыс Еуропа, Византия, Русь, Кавказ, Балканның ортағасырлық өнеріндегі рельефтер, фрескалар, мүсіндер, мозаикалар, шіркеу икондары — барлығы христиандық түсініктің күллі қағидалары мен аңыздарын (адамның жаратылуы, күнә жасауы, бүкіләлемдік су апаты, Ғайса пайғамбар тарихы, ақырзаман және қиямет қайым, т.б.) қамтыды. Оларға күнделікті тіршілік сарындары аралас бейнеленген. Тарихи сюжеттерге арналған миниатюра жанры дамыды. Бұл кезең өнеріне ашық бояулардың батыл қолданылуы, контур сызықтардың айқындығы, көбінесе алтынмен әрленген салтанатты фон тән.
Ортағасырлық Үндістан, Индонезия, Қытай, Камбоджа ғибадатханалары, Түркия мен Орта Шығыстың мешіттері еуропалық ғибадатханалардан кем түспейді. Айтылмыш кезеңде , Иран, Үндістан, Орта Азия, Әзірбайжан, Түркияда миниатюра жанры қарқынды дамыды, хұснихат жазу өнері шеберліктің биігіне жетті. Шығыстық миниатюраға нәзік те ашық бояу, ою-өрнектің әсемдігі, өмірлік тәжірибеден туған пайымдаулардың айқындылығы, терең діни-философиялық тұспалдау тән. Түрік миниатюрасының өзіндік стилін Сефи, Жәми, Нақши Ахмед, секілді шеберлер қалыптастырды. Қолөнер түрлері — өрнекті кілемдер, мата тоқу, металдан жасалған ою-өрнекті бұйымдар жасау, қыш құю, ойылып, шекіліп өрнектелген қару-жарақтар жасау өнері қарқын алды. Шираз, Тебриз, Бағдат, Самарқан, т.б. орталықтарда миниатюраның бірегей мектептері пайда болды (12 — 15 ғ.). Орта Шығыс миниатюрасының даму шыңы Герат мектебінің өкілі К. Бехзадтың шығарм-нан көрініс тапты. Қиыршығыс Б. ө-ндегі тушьпен, акварельмен, гуашьпен жібек және қағаз орамаларға сурет салу өнері поэтикалылығымен, адам мен табиғатты бейнелеудегі байқампаздығымен, таңғаларлықтай нәзік бейнелеу әдіс-құралдарымен Қытайда, Кореяда, Жапонияда үлкен жетістіктерге жетті. Жапон өнерінің кемелдікке жеткен саласының бірі ағашқа гравюра салу — ксилография болды. Классикалық жапон гравюра өнерінің майталман шеберлері — Китагава Утамаро, Кацусика Хокусай, Андо Хиросигэ, Сидзуки Харунобу және басқалар. Қайта өркендеу — Ренессанс дәуірінің Б. ө. күрт, қуатты өрлеуімен, жаңалықтар спектрінің ауқымдылығымен, жанр түрлерінің, көрнекті шығарм. тұлғалардың молдығымен белгілі. Әлемдік Б. ө. тарихындағы бұл дәуір Батыс, Орталық және Шығыс Еуропаның көптеген елдерін қамтып, негізінде Ежелгі Грекияның мәдени мұраларына қайта назар аудару, оның гуманистік мұраттарын өзінше қайта жаңғырту үрдісі жатқан зайырлы сипатымен ерекшеленеді. Суретшілер, мүсіншілер, миниатюрашылар шабытының қайнары болған Б. ө-нің реалистік түрі, шынайы өмір бейнесі — Ренессанс дәуірінің негізгі ерекшелігі. Қайта өркендеу дәуірінің Б. ө-не адам мен әлемді терең тануға ұмтылу, адам ақыл-ойының күші мен мүмкіндіктеріне деген сенім тән. Жасампаздықтың, сұлулық пен шынайы болмыс үйлесімінің ұйтқысы ретіндегі адамның биік бейнесі, табиғаттың объективті заңдылықтарын меңгеру Қайта өркендеу өнеріне бөлекше мағына мен тұтастық дарытты. Еуропалық Қайта өркендеу өнерінің классикалық үлгісі Италия өнері болып табылады (13 — 16 ғ-лар). Ол ерте, жоғары және кейінгі Қайта өркендеу болып, үш кезеңге бөлінеді. Ерте Қайта өркендеуге тән ерекшелік — Б. ө-нің жергілікті флоренциялық, венециялық, умбрийлық, феррарлық, т.б. көркемсурет мектептері аясында дамуы. Оның ең көрнекті өкілдері — Мазаччо, Андреа дель Кастаньо, А. Мантенья, А. де Мессина, Фра Анжелико, Филиппо Липпи, Сандро Боттичелли және т.б. Жоғары Қайта өркендеу дәуірінің өнеріне адамды әлемнің үйлесімді құрылымның өлшемі санаған кемел классикалық, идеалды-асқақ бейнелердің сомдалуы тән.
Көрнекті суреткерлер шығарм. бұл кезең өнеріне ерекше кең тыныс, жан-жақтылық сипат береді. Леонардо да Винчидің картиналарындағы психологизм мен биязы да көтеріңкі леп, Микеланджело Буонаротти сомдаған бейнелердегі драматизм мен қаһармандық рух, Рафаэль де Санти туындыларындағы асқақ үйлесім, Джорджоне мен Тициан кескіндемелеріндегі нәзік сезімталдық және бояулар үндестігі — осыған дәлел. Кейінгі Қайта өркендеу дәуірінде Тициан, Микеланджело, Тинтореттолар шығарм. ізденістерін одан әрі дамыта түсті. Өнерде адам мен табиғат арасындағы күрделі байланыс пен қоғамдық қатынастарға терең мән, шиеленіскен драматизм жүктеу үрдісі күшейді. Солт. және Орт. Еуропа елдерінде Қайта өркендеу дәуірі хронологиялық жағынан ғана емес, сондай-ақ, түр, идеалық мазмұн тұрғысынан да бір-бірінен ерекшеленеді. Солтүстік Қайта Өркендеуі аталған Нидерланд, Германия, Франция Б. ө. готикамен туыстас белгілерімен, белгілі бір ортаның, адам және оның іс-әрекеті, еңбегі, өмір салтының нақты белгілеріне ден қоюымен ерекше. Франция мен Нидерландттың жаңа реалистік өнерінің бастаулары 14—15 ғ-лар шегінде Бургундияда пайда болды. Бұл кезеңнің белгілі туындылары — ағайынды Лимбургтардың миниатюралары. Неміс қайта өркендеуінің ірі шебері Альбрехт Дюрер (15—16 ғ-лар шегі) болып табылады. 15 ғ-дағы Нидерланд кескіндеме мектебі (мехрабтық картина, портреттер, миниатюра) солт.-еуропалық көркемсурет мектептері арасындағы ең бір ықпалдысы болды. Бұл мектептің ірі өкілдері — Я. ван Эйк, Хуго ван дер Гус, Рогир ван дер Вейден. 15 — 16 ғ-лар шегінде салынған сатиралық-ғақлиялық, символдың-мистикалық мазмұндағы Х. Босхтың картиналары белгілі. 17—18 ғ-ларда Еуропа Б. ө-нің даму процесі күрделенді. Францияда ( Ф. де ла Тур, Н. Пуссен, А. Ватто, Ж.Б. Шарден, Ж.О. Фрагонар), Италияда (М. Караваджо, Б. Тьеполо, Дж. Креспи, Ф. Тварди), Испанияда (Эль Греко, Д. Веласкес, Ф. Сурбаран, Б. Мурильо, Ф. Гойя), Фландрияда (П.П. Рубенс, Я. Йорданс, А. ван Дейк, Ф. Снейдерс), Голландияда (Ф. Хальс, Рембрандт, Я. Вермеер), Ұлыбританияда (Дж. Рейнольдс, Т. Гейнсборо, У. Хогарт), Ресейде (Ф.С. Рокотов, Д. Г. Левицкий, В. Л. Боровиковский) ұлттық мектептер қалыптаса бастады. Жанрлар жүйесі нақтыланды. Стильдік белгілері ортақ түрлі көркемдік жүйелер қалыптасты (тұйықталмаған, спиралды, композициялық, динамикалы барокко, қанық суретті, айқын сызықты классицизм, нәзік бояулы сұлу мүсінді, ойнақы табиғатты рококо). 19 ғ-да Америка мен Азия Б. ө-нің ұлттық мектептері қалыптаса бастады. Бұл аймақта реалистік тәжірибе жергілікті көне дәстүрлермен өріле дамып, ерекше өзіндік сипат алды (Үндістан, Жапон, Қытай). Сондай-ақ, еуропалық Б. ө-нің түрленіп дамуына қиыр шығыс елдері, Африка халықтарының алғашқы және көне дәуірдегі өнерлерінің ықпалы болды. Осы кезеңде Б. ө-нде академизм, натурализм, т.б. бағыттар пайда болды (Францияда — Т. Жерико, Э. Делакруа, Германияда — К. Д. Фридрих, Ресейде — О.Кипренский, С.Шедрин, К. Брюллов, А. Иванов). Барбизон мектебінің шеберлері ақиқат нәрсені көріп-тану арқылы өмірдің шынайы бейнесін беруге зейін қойды: (Ұлыбританияда Дж. Конетебл, Францияда О. Домье, Ресейде А.Г. Венецианов, П. Федотов). 19 ғ-да француз Б. ө-нде әлемнің табиғилығы мен өзгермелілігін бейнелеуге ұмтылған импрессионизм пайда болды (Э.Мане, К. Моне, О. Ренуар, К. Писсарро, А.Сислей, Э. Дега). 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-да түрлі реалистік және модерндік ағымдар пайда болып, Б. ө-нің даму процесі күрделі де қайшылықты арнаға түсті. Осы кезеңде өзінің қайталанбас шеберлігімен өнерге Ван Гог келді. Өнердің постимпрессионизм (П. Гоген, А. Дерен), фовизм (А. Матисс), кубизм (П. Пикассо, П. Сезанн, Ж. Брак), футуризм (У. Боччони, К. Малевич), дадаизм ( М. Дюшан, Ф. Пикабия, М. Эрност), сюрреализм (С. Дали), неопластицизм (П. Мондриан, Т. ван Дусбюрг), т.б. авангарттық бағыттары дамыды. 20 ғ-да адамның ішкі әлеміндегі күрделі өзгерістерді барлық қырынан көрсетуге ұмтылыс нәтижесінде түрлі бағыттағы мәңгілік туындылар дүниеге келді. 1910—13 ж. кубизм, экспрессионизм, футуризмнің тармақталуы нәтижесінде абстрактілі өнер (затсыздық) белең алды.
Б. ө-ндегі түрлі бағыттар негізінде “Стиль” және “Баухауз” тобы, Н.Габоның скульптуралық композициясы, О. Цадкин шығармалары, В. Е. Ташлин конструкциясы, америкалық абстракты экспроссионизм мектебі (Дж. Поллок, М. Тоби), ағылшын мүсіншісі Г. Мура, неміс хеппингін қалыптастырушы Г. Юккер, жапон абстракцияшы И. Ногуги, т.б. танымал болды.
20 ғ-дың 2-жартысы мен соңында Б. ө-нде концептуалдылық, кинотекалық өнер, перформанс өнері, трансаванград ағымы, т.б. пайда болды. Осындай түрлі бағыттар арнасында Д. Джадд, Дан Асаль — Рози, К. Андре, Д. Смит, А. Лоран, Э. Уорхолл, Христо, Д. Боровский, Я. Куосама, А. Кифер, Ф. Клементе, Нам Джун Пэйк және т.б. ірі өнер шеберлерінің шығармалары өмірге келді.
Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі кезеңде қалыптасқан Б. ө. — бай әлемдік көркем мәдениетінің аса арналы саласы. Көне дәуірден Еуроазия мәдениетінің дәстүрін сақтап қалған Қазақстанның Б. ө-нің әлемдік мәдениетте өзіндік орны бар. Қазақстанның Б. ө-нің қалыптасуы, даму үрдісі оның геосаяси жағдайына, қазақ халқының көшпелілік мәдениеті мен тарихи кезеңдердегі көркемдік гүлдену дәуірлерімен тікелей байланысты. Қазақстанның көне өнері бастауын палеолит және энеолит дәуірінен алады. Алғашқы қауымдық мәдениетке саздан жасалған ыдыстардағы суреттер, т.б. жатады. Қазақстандағы Б. ө-нің келесі даму кезеңі — қола дәуірі. Өзінің мифологиялық мазмұн-сюжеті, пластикалық өрнегі жағынан ерекше қуатымен көрінген кешенді таңбалы тастар — Тамғалы, Бұғы тас, жоғары Ертіс алқабы, Орталық Қазақстан ескерткіштері осыны айғақтайды. Сақ дәуірінен жеткен Б. ө-нің мұрасы да аса бай. Есік қорғанынан табылған сақ өнерінің кешеніндегі (б. з. б. 5 — 4, 4 — 3 ғ-лар) бүгінге дейін сақталып жеткен “Алтын адам” соның ең бір көрнекті үлгісі.
Қазақстанның орта ғасырлардағы өнері өзіндік өрнегімен ерекшеленеді. Бұл кезеңдегі өнер тәңіршілдікпен, түркілердің қуатты саясатымен, қалалардың салынып, сауда мен қолөнердің дамуымен үндесті. Балбал тастар мен құлыптастар да осы кезеңнің туындылары. Зергерлік өнер, тері илеу, қыш құю, тоқыма өнері дамыды. Қазақ халқының көркемдік ойлау жүйесі мен бейнелеу тілінің байлығы ою-өрнек өнерінде, белгі, таңба жүйесінде айқын ізін қалдырған. Адам мен табиғатты тұтас бірлікте қарастыратын қазақтың дәстүрлі дүниетанымы мен өнері киіз үйдің құрылысынан өз көрінісін тапқан. 18 — 19 ғ-лар мен 20 ғ-дың басында қазақ халқының дәстүрлі өмір салтын Еуропа және орыс ориенталистері өз туындыларында (Т. Аткинсон, Б. Залесский, А. Горонович, В. Штернберг, Т. Шевченко, П. Кузнецов, Г. Хлудов) қызығушылықпен бейнеледі. Қазақтың дарынды ұлдарының бірі Ш. Уәлихановтың суреттері 19 ғ-дың 2-жартысындағы графикалық туындылардың Қазақстандағы алғашқы құнды үлгілері болып саналады. 20 ғ-дың басында Қазақстанда кәсіби кескіндеме, мүсін, графика жанрлары қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушылар — Ә. Қастеев, Ә.Ысмайылов, Х.Наурызбаев, т.б. Ұлттық кәсіби Б. ө. алғаш еуропалық көркемдік дәстүр арнасында дамығанмен, кейіннен ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүр негізінде өзіндік стильмен даралана бастады. Айқын ұлттық қолтаңбасымен көрінген С.Мәмбеев, М.Кенбаев, Қ.Телжанов, С.Айтбаев, Т.Тоғысбаев, Ш.Сариев сияқты дарынды өнер шеберлерінің үлкен шоғыры қалыптасты. Халық өмірінің барлық қырын қамтыған қазақ Б. ө. — қазіргі таңда ірі өнер саласына айналған. 20 ғ-дың соңы ұлттық таным, төл тарих пен мәдениет тарапындағы ізденістер қарқынды дамып, қазақ өнерінің жетіліп, ұлттық көркем бағыттар, түрлі ағымдар, даралық стильдер туған кезең болды. Бұл бағытта Е.Мергенов, Е. Төлепбай, А. Ақанаев, А. Сыдыхан, Т.Маданов, А. Есенбаев, А. Есдулетов, т.б. жемісті еңбек етті. Қазіргі кезеңде қазақ Б. ө. мәдени ескерткіштер, халық тарихының бастаулары, ұлттық ерекшелік, т.б. құндылықтарға ден қою, тың ізденістерге бару.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bejneleu oneri agylsh Visual arts dүnieni kozben korip tүjsinu negizinde bejnelejtin plastikalyk onerdin bir salasy Bejneleu onerine negizinen keskindeme mүsin grafika zhatady Bejneleu onerinin belgileri arhitektura bezendiru zhәne koldanbaly onerde korinis tabuy mүmkin Sondyktan shartty tүrde olardy da Bejneleu oneri kataryna zhatkyzady Sondaj ak teatr kino teledidardagy bezendirudi korkem dizajndy da Bejneleu oneri retinde tanidy Bul onerdin de negizinde adam tabigat zhәne zattyk әlemdi tutastykta birlikte karastyru zhatyr Bejneleu oneri dүnieni bajkau bakylau koru nәtizhesinde onyn korkem bejnesin zhasajdy Әr gasyr dәuir kezende pajda bolgan Bejneleu onerinin tuyndylary ozindik bejneleu zhүjesi men korkemdik үndesudin tүrli tipterin kurajdy Bul oner tanymdyk kundylyk zhәne karym katynastyk kyzmetimen de erekshelenedi Uakyttyk damu procesi baska oner tүrlerine әdebiet muzyka teatr kino karaganda Bejneleu onerinde shekteuli ol negizinen kenistiktik aukymymen erekshelenedi Suretshi oz kozimen korip tүjsingen shyndygyn sol sәttegi kalpymen korsetuge umtylady Өmir kubylystary tiptik zhagynan tandap alynyp zamannyn tirlik tynysy zhan zhakty korkemdik kuatpen beriledi Bejneleu onerinin korkemdeu kuraldaryna suret tүrli tүs plastika zharyk pen kolenke kompoziciya yrgak zhatady zattyk materialdan dajyndalatyndyktan ogan pәndik zattyk bolmys tәn Bejneleu onerinin әr zhanry korshagan әlemnin bejnesin tүrlishe beredi keskindeme tүrli tүrli tүsti boyaudy grafika tүrli syzyktardyn kiylysuyn kolenke men zharyktyn astasuyn mүsin plastikalyk үsh olshemdi biiktik endik zhәne aumaktyk pajdalanady Bejneleu onerinin barlyk zhanryndagy shygarmalary mazmunyna karaj monumentaldi sәndik zhәne kondyrmaly bolyp ekige bolinedi Қondyrmaly shygarmalar negizinen muzejler galereyalar nemese үj intererlerin bezendirip sol zherlerde ornalasady Monumentaldi keskindeme gimarattardyn ishki kabyrgalarynda intererde zhәne ekstererde zhazylady Monumentaldi mүsin arhit keshenderde kala kosheleri men alandarda mekeme gimarattarynyn kasbeti men intererlerinde ornalasady Shygys zhәne batys Bejneleu onerine tarihi damu procesi barysynda kalyptaskan portret pejzazh natyurmort siyakty zhanrlar ortak Bejneleu oneri tarihy adamzat tarihymen katar bastalgan Kone dәuirden bizdin zamanymyzga dejingi zher betinde bolgan nebir orkeniet pen mәdeniettin izderi osy oner arkyly tanbalanyp bizge zhetken Bejneleu onerinin damu zholy shartty tүrde birneshe kezenge bolinedi algashky kauymdyk oner ezhelgi dәuir oneri orta gasyr oneri kajta orkendeu dәuiri zhana dәuir oneri kazirgi zamangy oner Zher sharynyn әr ajmagyndagy ezhelgi adamdar turagynan Bejneleu onerinin algashky үlgileri tabylgan Altamir Ispaniya Lasko Franciya Kimberli Avstraliya үngirleri Қazakstan aumagyndagy algashky kauymdyk onerdin iri iri keshendi tүrleri Tamgalyda Ertis angarynda Ortalyk Қazakstanda saktalgan Ezhelgi dәuir onerinin iri ortalygy Aldyngy Aziyadagy Tigr men Evfrat ozenderinin aralygy B z b 3 1 mynzhyldyktarda munda shumerlikter men akkadtyktar mәdenieti kejinirek Babyl Mittani zhәne Assiriya memleketteri mәdenieti orkendedi Mүsin zhәne keskindeme tuyndylarymen korkemdelgen sarajlar men gibadathanalar manyzdy rol atkarady Shumerlikter tabynatyn biik satyly munara zikkurat kudaj үji baska da koptegen eskertkishter dүniege keldi Akkad patshalygy kezenindegi Bejneleu onerinin үzdik үlgisi 2 metrlik kyzyl kyshtan zhasalgan Naramsin patshanyn zhenis tugyryndagy әskerdin tauga koterilip bara zhatkan sәti kozgalys pen kenistikte bejnelengen Shumerler men akkadtyktar mәdenietin biriktirgen Babyl mәdenieti үlken zhetistikterge zhetti Patsha Hammurapidin b z b 1792 50 zh zandar zhinagyn okyp turgan sәti erekshe koriniste bejnelengen Patshanyn kudajmen bajlanysy patsha biliginin zharatushynyn tikelej koldauymen bolyp otyrganyn simvoldy tүrde bejnelep korsetken Assiriya oneri barlyk koneshygystyk mәdenietterdegidej dinmen ote tygyz bajlanystylygyna karamastan mejlinshe zajyrly sipatta boldy Ashshurbanipal patsha b z b 668 26 zh tusynda kemeldikke zhetken relefter patshanyn erlik isterin anshylyk saltanatynyn korinisterin bejnelegen suretterden turady Ashshurbanipaldyn Nineviyadagy sarajyndagy relefter korkemdik kuatymen ykshamdylygymen dinamikalyk yrgagymen shielenisken dramalyk mazmunymen әlemdik Bejneleu onerinin үzdik shygarmalary katarynda sanalady Babyl patshalygynyn oneri Vavilondagy Navuhodonosor II sarajlarynyn zәulimdigi zhәne sәn saltanatymen әjgili Onda atakty assiriya patshajymy Semiramida saldyrgan әjgili aspaly baktar kabyrgalary arystandardyn zhabajy bukalardyn fantastikalyk zhanuarlardyn karakok fonga ashyk ak sary tүspen kashalgan gazhajyp suretteri bar әjgili Ishtar kakpalary bolgan Bejneleu oneri Ezhelgi Mysyrda da b z b 4 mynzhyldyktyn sony b z b 341 karkyndy damydy Ol dinmen kudaj dәrezhesinde dәriptelgen pergauyndarga tabynu gurpymen ote tygyz bajlanysty boldy Ezhelgi Mysyr mәdenietinin klassikalyk kanondyk үlgileri adam tulgasynyn tegistiktegi mүsinderi monumentaldiligimen symbattylygymen zәulimdiligimen tan kaldyratyn Gizadagy piramidalar Karnak Luksordagy gibadathanalar kesheni t b Ezhelgi Mysyrdyn Bejneleu oneri әlemdik mәdenietke kosylgan iri үles bolyp tabylady Egej mәdenieti b z b 3000 1200 zh Zherorta t nin shygys boliginde Egej t nin zhagalaulary men araldarynda orkendedi Onyn negizgi ortalyktary Krit Kiklada araldary Miken Pilos zhәne Tirinf k lary boldy Krit Miken mәdenietinin manyzdy sәulet eskertkishi әjgili Knoss sarajy B o nin tүrli zhanryn bojyna togystyrgan tuyndy Boyauga baj tүrli tүsti suretter freskalarymen sarajlardyn kogamdyk gimarattardyn zhәne үjlerdin kabyrgalary bezendirilgen Knoss sarajynyn freskalary arasynan krittikterdin sharuashylyk omirinde dini zhәne mifologiyalyk tүsinikterinde manyzdy rol atkargan bukanyn bejnesi Akrobattar men buka freskasy erekshelenedi Sondaj ak onyn tamasha freskalary katarynda Kogildir kiim kigen әjelder Kok tүsti delfinder men tүrli tүsti balyktar Abyz balyk t b bar Mikennin kabyrgaga salyngan suretteri de krittik B o men uksas Birak onda shemashyldyk sharttylyk basym Ezhelgi Grekiyanyn B o Egej mәdenietinin baj dәstүrlerin zhalgastyrdy Ol gomerlik kezen ezhelgi oner kezeni klassika zhәne ellinizm kezenderi bolyp bolinedi Ezhelgi Grekiya mәdenieti ozinin damu kezenin kone grek kala polisterinin orkendegen kezinde kulielenushilik demokratiya dәuirinde b z b 5 4 g larda basynan keshirdi Grek sheberlerinin shygarmashylygy mifologiyalyk tүsinikterge negizdeledi Olar sonymen katar bolmys shyndygyna dүnie әlemnin үjlesimdiligine degen teren pajymdarga adamnyn tәni zhәne ruhani kemeldenui turasyndagy ideyalarymen de kundy Әlemnin үjlesimdiliginin olshemi retindegi adam Ezhelgi Grekiyadagy B o nin barlyk salasyna ortak saryn Kone grek mәdenietinin gumanistik bastaulary tүrli dәuirlerdegi Europa B o ne ote ykpaldy faktor retinde әser etti Ezhelgi mүsin oneri en aldymen kola statuetkalarymen zhalanash bozbalalar kurostar men uzyn kiim kigen symbatty kyzdardyn kor mүsinderimen tanymal kumyralardy bezendiru oneri erekshe damydy Ezhelgi onerinin klassikalyk kezeninde әldekajda shynajylykka zhakyn obrazdar zhasaldy adam mүsini men symbatyn somdau zhetile tүsti B z b 5 g dyn 1 zhartysyndagy sheberler izdenisin Miron ayaktady Onyn Afina men Marsij Diskobol atty mүsinderi adam symbatyn asa kemel plastikalyk kүjde mүsindeuimen dene kurylysy men onyn әr kimyl erekshelikterin zhetik bilgendigimen erekshelenedi Zhalpy adam bejnesin zhasauga degen kyzygushylyk portret zhanrynyn damuyna ykpal etti Keregar bolmys kajshylyktary men adamnyn idealdy ruhani zhәne tәni әreket umtylystaryn mүsinshiler Skopas Meneda Bozbalanyn kabiri Praksitel Knidtyk Afroditas Demalys kezindegi kuaky Lisipp Apoksimen Demalys үstindegi Germes t b tүrli kyrynan bejneledi Ellindik kezen grek mәdenietinin taralu orisinin kenejuimen sipattalady Bul kezennin en әjgili tuyndylary Samofrakijlik Nike Pergam mehrabynyn frizi Milostyk Venera Laokoon B z b 1 g dyn sonynan bastau alatyn Ezhelgi Rimnin B o ezhelgi zaman mәdenietinin iri oshaktarynyn biri Ol etruss mәdenietinin negizinde kalyptasty Etruss mәdenietinin tandauly hrestomatiyalyk shygarmalary kataryna olgen adamnyn mүsini bejnelengen sarkofak kulyptastar Rimnin negizin kalagan Romul men Remdi asyraushy Kapitolij kanshygynyn mүsini zhatady Rim onerindegi zhetekshi oryndy portret zhanry aldy Onyn pajda boluy da zherleu rәsimimen bajlanysty Markumnyn betbejnesin balauyzga tүsirip ony kudajlar mүsinderimen birge үjde saktau salty portrettin zhәne kajtys bolgan adamnyn keskin kelbetin dәl koshirudin katan dәstүrinin kalyptasuyna sebepshi boldy Әsirese әjgili adamdardyn dәlme dәl zhasalgan portretteri saktalgan b z b 1 g dagy Avgustin statuyasy imperator Vitellijdin portreti t b Ezhelgi Rimdegi B o nin damygan salasy kabyrgaga asa nәzik sheberlikpen salyngan mozaikalar mys Aleksandr Makedonskijdin parsy patshasy Darijmen sogysy bejnelengen mozaika bolyp tabylady Ezhelgi dәuirdin B o nde Solt Қara teniz zhagalauynyn mәdenieti memleketinin Үndistannyn Қytajdyn Ortalyk Aziya memleketterinin mәdenietteri sekildi iri mәdeniet oshaktary boldy Sogda Baktriyanyn kejin patshalygynyn B o saktardyn zhanuarlyk stilinin ykpalyna ushyragan zhergilikti onerdin biregej dәstүrleri men Kone Shygys onerinin әdisterin ushtastyrdy Grek Baktriya patshalygy onerinde ellindik korkemdik kagidalardyn zhalgasyn tabuy bajkalady Sәulet mүsin bederleu oneri zhetile tүsti B o nin gazhajyp eskertkishteri Үndistanda b z b 4 mynzhyldyktan b z b 5 g ga dejin zhasaldy Үndistan oneri kone dүnienin tүrli mәdenietterimen tygyz bajlanysty boldy Odan sondaj ak Ortalyk Aziya mәdenietinin de ykpaly bajkalady Ezhelgi Үndistan mәdenietinin ortalygy Sindtagy Mohendzho Daro men Pendzhabtagy Harappa eldi mekenderi boldy Ojylyp bejnelengen abyz ben erkin de yrgakty kimyl kozgalys үstindegi bishi kyz үshkelbetti kudaj kieli sanalgan zhanuarlar bugy bujvol mүjiztumsyk pil t b mүsinderi zhasalu sheberligimen plastikalylygymen sankilylygymen erekshelenedi Үndistan mәdenietinin kelesi kezeni bүkil Ganga zhazygyna bilik zhүrgizgen Magadha memleketinde oris aldy Bunda brahmanizm ideologiyasy үstemdik etip turdy Үndistannyn B o nde mynzhyldyktar bojyna Brama zharatushy Vishnu korgaushy Shiva kiratushy zhәne Indra patsha biligin koldaushy bejneleri tүrli ruhtar men danyshpandardyn mүsinderi turakty kejipkerlerge ajnaldy Үndistan onerindegi baj plastikalyk omirlik kүsh kuat pen dinamikaga toly obrazdar Үndistannyn mifteri men anyzdary arkyly dүnienin sululygy men adamga arnalgan madak retinde kyzmet etti Үndistanda b z b 3 g da Ashok patsha tusynda ken taralgan buddizm mүsindik releftermen bezendirilgen gibadathanalardyn memorialdyk kurylystardyn salynuyna sebepshi boldy Asa kornekti de korkem eskertkishter ansamblinin biri Adzhanta gibadathanalary Vaghora oz nin sulu alkabyndagy zhartastardan kashalgan Adzhanta gibadathanalarynyn barlygy 29 үngir kasbetteri mүsindermen bezendirilgen Buddanyn sansyz kop mүsinderi kabyrgalardyn etegine zhagalaj tizilip olardyn arasy oyularmen zhәne Buddanyn shәkirtteri men serikterinin bejnelerimen bederlengen Қuzhyralardyn ishi tүgeldej monumentaldi oyu ornekter men zhazbalarga toly Adzhanta sungaty men mүsinderinin sәn saltanaty kajran kaldyrady Adamzat mәdenietinin en bir ezhelgi oshaktarynyn biri Ezhelgi Қytaj oneri b z b 3 g ga dejin Bul dәuirdegi onerdin damuy kalalardyn pajda boluymen tygyz bajlanysty gibadathanalar bileushiler sarajlarynyn kurylysy t b Ezhelgi Қytaj onerinin ozindik stili relef pen ornekti zhazularmen kaptalgan rәsimdik ydystardagy bejnelerden korinis tapkan Andardyn kustardyn kiyal gazhajyp makuluktardyn bejneleri kola ydystardagy oyuly ornekter altyn malahit zhәne firuzamen bezendirilgen kabyrgalar nefritten ojylyp zhasalgan zattar aksүjekterdin zherasty kabirlerinin ishine askan korik bergen Қytaj mәdenietinin manyzdy kezeni b z b 11 3 g lardagy Chzhou dәuiri B z b 1 mynzhyldykta pajda bolgan dini filos ilimder konfucijlyk pen daoizm Қytajdyn kejingi bүkil mәdenietine ykpal etti Osy kezende kytaj sәulet onerinin kagidalary kalyptasty anshylyktyn egin oragynyn zhanrlyk korinisterinen turatyn ydystardyn bezendirilu үlgileri kүrdelene tүsti kytaj B o үshin klassikalyk stil bolyp tabylatyn oramalarga tushpen suret salu oneri kalyptasty Ұly Қytaj korganynyn kurylysymen әjgilenetin Cin dәuirinin b z b 221 207 oneri kone kytajlyktardyn dүnienin kurylymy әlemdegi elder turaly tүrlishe tүsinikterin bejnelejdi Olarda shynajy omirlik bakylaudan tugan pajymdaular men zhүjrik kiyal astasyp zhatyr Ortagasyrlyk B o dep әdette Batys zhәne Ortalyk Europa elderi onerinin erte zhәne kemeldengen kezenin Vizantiya men Ezhelgi Resej onerin 17 g ga dejingi atajdy Al Қytaj Zhaponiya Үndistan Indoneziya Ortalyk Aziya elderinde onerdin ortagasyrlyk үlgisi әldekajda uzagyrak saktaldy 19 g dyn 2 zhartysyna dejin Orta gasyrlardagy B o nin damuynda ulttyk erekshelik erekshe rol atkardy Olar kejinen biregej ulttyk korkemoner mektepterinin kalyptasuyna negiz boldy Bul kezen onerinin ortak ereksheligi onyn dinmen bajlanysynyn kүsheyui boldy Adam sezimderinin uajymy men ojynyn kүrdeliligi B o nde dini ideyalar dini anyzdar men hikayalardagy obrazdar dini etikalyk normalar arkyly korinis tapty Ortagasyrlyk batyska da shygyska da ruhanilyktyn zattyk bolmystan biiktigin dәripteu tәn Batys Europa Vizantiya Rus Kavkaz Balkannyn ortagasyrlyk onerindegi relefter freskalar mүsinder mozaikalar shirkeu ikondary barlygy hristiandyk tүsiniktin kүlli kagidalary men anyzdaryn adamnyn zharatyluy kүnә zhasauy bүkilәlemdik su apaty Ғajsa pajgambar tarihy akyrzaman zhәne kiyamet kajym t b kamtydy Olarga kүndelikti tirshilik saryndary aralas bejnelengen Tarihi syuzhetterge arnalgan miniatyura zhanry damydy Bul kezen onerine ashyk boyaulardyn batyl koldanyluy kontur syzyktardyn ajkyndygy kobinese altynmen әrlengen saltanatty fon tәn Ortagasyrlyk Үndistan Indoneziya Қytaj Kambodzha gibadathanalary Tүrkiya men Orta Shygystyn meshitteri europalyk gibadathanalardan kem tүspejdi Ajtylmysh kezende Iran Үndistan Orta Aziya Әzirbajzhan Tүrkiyada miniatyura zhanry karkyndy damydy husnihat zhazu oneri sheberliktin biigine zhetti Shygystyk miniatyuraga nәzik te ashyk boyau oyu ornektin әsemdigi omirlik tәzhiribeden tugan pajymdaulardyn ajkyndylygy teren dini filosofiyalyk tuspaldau tәn Tүrik miniatyurasynyn ozindik stilin Sefi Zhәmi Nakshi Ahmed sekildi sheberler kalyptastyrdy Қoloner tүrleri ornekti kilemder mata toku metaldan zhasalgan oyu ornekti bujymdar zhasau kysh kuyu ojylyp shekilip ornektelgen karu zharaktar zhasau oneri karkyn aldy Shiraz Tebriz Bagdat Samarkan t b ortalyktarda miniatyuranyn biregej mektepteri pajda boldy 12 15 g Orta Shygys miniatyurasynyn damu shyny Gerat mektebinin okili K Behzadtyn shygarm nan korinis tapty Қiyrshygys B o ndegi tushpen akvarelmen guashpen zhibek zhәne kagaz oramalarga suret salu oneri poetikalylygymen adam men tabigatty bejneleudegi bajkampazdygymen tangalarlyktaj nәzik bejneleu әdis kuraldarymen Қytajda Koreyada Zhaponiyada үlken zhetistikterge zhetti Zhapon onerinin kemeldikke zhetken salasynyn biri agashka gravyura salu ksilografiya boldy Klassikalyk zhapon gravyura onerinin majtalman sheberleri Kitagava Utamaro Kacusika Hokusaj Ando Hirosige Sidzuki Harunobu zhәne baskalar Қajta orkendeu Renessans dәuirinin B o kүrt kuatty orleuimen zhanalyktar spektrinin aukymdylygymen zhanr tүrlerinin kornekti shygarm tulgalardyn moldygymen belgili Әlemdik B o tarihyndagy bul dәuir Batys Ortalyk zhәne Shygys Europanyn koptegen elderin kamtyp negizinde Ezhelgi Grekiyanyn mәdeni muralaryna kajta nazar audaru onyn gumanistik murattaryn ozinshe kajta zhangyrtu үrdisi zhatkan zajyrly sipatymen erekshelenedi Suretshiler mүsinshiler miniatyurashylar shabytynyn kajnary bolgan B o nin realistik tүri shynajy omir bejnesi Renessans dәuirinin negizgi ereksheligi Қajta orkendeu dәuirinin B o ne adam men әlemdi teren tanuga umtylu adam akyl ojynyn kүshi men mүmkindikterine degen senim tәn Zhasampazdyktyn sululyk pen shynajy bolmys үjlesiminin ujtkysy retindegi adamnyn biik bejnesi tabigattyn obektivti zandylyktaryn mengeru Қajta orkendeu onerine bolekshe magyna men tutastyk darytty Europalyk Қajta orkendeu onerinin klassikalyk үlgisi Italiya oneri bolyp tabylady 13 16 g lar Ol erte zhogary zhәne kejingi Қajta orkendeu bolyp үsh kezenge bolinedi Erte Қajta orkendeuge tәn erekshelik B o nin zhergilikti florenciyalyk veneciyalyk umbrijlyk ferrarlyk t b korkemsuret mektepteri ayasynda damuy Onyn en kornekti okilderi Mazachcho Andrea del Kastano A Mantenya A de Messina Fra Anzheliko Filippo Lippi Sandro Bottichelli zhәne t b Zhogary Қajta orkendeu dәuirinin onerine adamdy әlemnin үjlesimdi kurylymnyn olshemi sanagan kemel klassikalyk idealdy askak bejnelerdin somdaluy tәn Kornekti suretkerler shygarm bul kezen onerine erekshe ken tynys zhan zhaktylyk sipat beredi Leonardo da Vinchidin kartinalaryndagy psihologizm men biyazy da koterinki lep Mikelandzhelo Buonarotti somdagan bejnelerdegi dramatizm men kaһarmandyk ruh Rafael de Santi tuyndylaryndagy askak үjlesim Dzhordzhone men Tician keskindemelerindegi nәzik sezimtaldyk zhәne boyaular үndestigi osygan dәlel Kejingi Қajta orkendeu dәuirinde Tician Mikelandzhelo Tintorettolar shygarm izdenisterin odan әri damyta tүsti Өnerde adam men tabigat arasyndagy kүrdeli bajlanys pen kogamdyk katynastarga teren mәn shielenisken dramatizm zhүkteu үrdisi kүshejdi Solt zhәne Ort Europa elderinde Қajta orkendeu dәuiri hronologiyalyk zhagynan gana emes sondaj ak tүr idealyk mazmun turgysynan da bir birinen erekshelenedi Soltүstik Қajta Өrkendeui atalgan Niderland Germaniya Franciya B o gotikamen tuystas belgilerimen belgili bir ortanyn adam zhәne onyn is әreketi enbegi omir saltynyn nakty belgilerine den koyuymen erekshe Franciya men Niderlandttyn zhana realistik onerinin bastaulary 14 15 g lar sheginde Burgundiyada pajda boldy Bul kezennin belgili tuyndylary agajyndy Limburgtardyn miniatyuralary Nemis kajta orkendeuinin iri sheberi Albreht Dyurer 15 16 g lar shegi bolyp tabylady 15 g dagy Niderland keskindeme mektebi mehrabtyk kartina portretter miniatyura solt europalyk korkemsuret mektepteri arasyndagy en bir ykpaldysy boldy Bul mekteptin iri okilderi Ya van Ejk Hugo van der Gus Rogir van der Vejden 15 16 g lar sheginde salyngan satiralyk gakliyalyk simvoldyn mistikalyk mazmundagy H Boshtyn kartinalary belgili 17 18 g larda Europa B o nin damu procesi kүrdelendi Franciyada F de la Tur N Pussen A Vatto Zh B Sharden Zh O Fragonar Italiyada M Karavadzho B Tepolo Dzh Krespi F Tvardi Ispaniyada El Greko D Velaskes F Surbaran B Murilo F Gojya Flandriyada P P Rubens Ya Jordans A van Dejk F Snejders Gollandiyada F Hals Rembrandt Ya Vermeer Ұlybritaniyada Dzh Rejnolds T Gejnsboro U Hogart Resejde F S Rokotov D G Levickij V L Borovikovskij ulttyk mektepter kalyptasa bastady Zhanrlar zhүjesi naktylandy Stildik belgileri ortak tүrli korkemdik zhүjeler kalyptasty tujyktalmagan spiraldy kompoziciyalyk dinamikaly barokko kanyk suretti ajkyn syzykty klassicizm nәzik boyauly sulu mүsindi ojnaky tabigatty rokoko 19 g da Amerika men Aziya B o nin ulttyk mektepteri kalyptasa bastady Bul ajmakta realistik tәzhiribe zhergilikti kone dәstүrlermen orile damyp erekshe ozindik sipat aldy Үndistan Zhapon Қytaj Sondaj ak europalyk B o nin tүrlenip damuyna kiyr shygys elderi Afrika halyktarynyn algashky zhәne kone dәuirdegi onerlerinin ykpaly boldy Osy kezende B o nde akademizm naturalizm t b bagyttar pajda boldy Franciyada T Zheriko E Delakrua Germaniyada K D Fridrih Resejde O Kiprenskij S Shedrin K Bryullov A Ivanov Barbizon mektebinin sheberleri akikat nәrseni korip tanu arkyly omirdin shynajy bejnesin beruge zejin kojdy Ұlybritaniyada Dzh Konetebl Franciyada O Dome Resejde A G Venecianov P Fedotov 19 g da francuz B o nde әlemnin tabigilygy men ozgermeliligin bejneleuge umtylgan impressionizm pajda boldy E Mane K Mone O Renuar K Pissarro A Sislej E Dega 19 g dyn ayagy men 20 g da tүrli realistik zhәne moderndik agymdar pajda bolyp B o nin damu procesi kүrdeli de kajshylykty arnaga tүsti Osy kezende ozinin kajtalanbas sheberligimen onerge Van Gog keldi Өnerdin postimpressionizm P Gogen A Deren fovizm A Matiss kubizm P Pikasso P Sezann Zh Brak futurizm U Bochchoni K Malevich dadaizm M Dyushan F Pikabiya M Ernost syurrealizm S Dali neoplasticizm P Mondrian T van Dusbyurg t b avangarttyk bagyttary damydy 20 g da adamnyn ishki әlemindegi kүrdeli ozgeristerdi barlyk kyrynan korsetuge umtylys nәtizhesinde tүrli bagyttagy mәngilik tuyndylar dүniege keldi 1910 13 zh kubizm ekspressionizm futurizmnin tarmaktaluy nәtizhesinde abstraktili oner zatsyzdyk belen aldy B o ndegi tүrli bagyttar negizinde Stil zhәne Bauhauz toby N Gabonyn skulpturalyk kompoziciyasy O Cadkin shygarmalary V E Tashlin konstrukciyasy amerikalyk abstrakty eksprossionizm mektebi Dzh Pollok M Tobi agylshyn mүsinshisi G Mura nemis heppingin kalyptastyrushy G Yukker zhapon abstrakciyashy I Nogugi t b tanymal boldy 20 g dyn 2 zhartysy men sonynda B o nde konceptualdylyk kinotekalyk oner performans oneri transavangrad agymy t b pajda boldy Osyndaj tүrli bagyttar arnasynda D Dzhadd Dan Asal Rozi K Andre D Smit A Loran E Uorholl Hristo D Borovskij Ya Kuosama A Kifer F Klemente Nam Dzhun Pejk zhәne t b iri oner sheberlerinin shygarmalary omirge keldi Kone dәuirden bizdin zamanymyzga dejingi kezende kalyptaskan B o baj әlemdik korkem mәdenietinin asa arnaly salasy Kone dәuirden Euroaziya mәdenietinin dәstүrin saktap kalgan Қazakstannyn B o nin әlemdik mәdeniette ozindik orny bar Қazakstannyn B o nin kalyptasuy damu үrdisi onyn geosayasi zhagdajyna kazak halkynyn koshpelilik mәdenieti men tarihi kezenderdegi korkemdik gүldenu dәuirlerimen tikelej bajlanysty Қazakstannyn kone oneri bastauyn paleolit zhәne eneolit dәuirinen alady Algashky kauymdyk mәdenietke sazdan zhasalgan ydystardagy suretter t b zhatady Қazakstandagy B o nin kelesi damu kezeni kola dәuiri Өzinin mifologiyalyk mazmun syuzheti plastikalyk ornegi zhagynan erekshe kuatymen koringen keshendi tanbaly tastar Tamgaly Bugy tas zhogary Ertis alkaby Ortalyk Қazakstan eskertkishteri osyny ajgaktajdy Sak dәuirinen zhetken B o nin murasy da asa baj Esik korganynan tabylgan sak onerinin keshenindegi b z b 5 4 4 3 g lar bүginge dejin saktalyp zhetken Altyn adam sonyn en bir kornekti үlgisi Қazakstannyn orta gasyrlardagy oneri ozindik ornegimen erekshelenedi Bul kezendegi oner tәnirshildikpen tүrkilerdin kuatty sayasatymen kalalardyn salynyp sauda men kolonerdin damuymen үndesti Balbal tastar men kulyptastar da osy kezennin tuyndylary Zergerlik oner teri ileu kysh kuyu tokyma oneri damydy Қazak halkynyn korkemdik ojlau zhүjesi men bejneleu tilinin bajlygy oyu ornek onerinde belgi tanba zhүjesinde ajkyn izin kaldyrgan Adam men tabigatty tutas birlikte karastyratyn kazaktyn dәstүrli dүnietanymy men oneri kiiz үjdin kurylysynan oz korinisin tapkan 18 19 g lar men 20 g dyn basynda kazak halkynyn dәstүrli omir saltyn Europa zhәne orys orientalisteri oz tuyndylarynda T Atkinson B Zalesskij A Goronovich V Shternberg T Shevchenko P Kuznecov G Hludov kyzygushylykpen bejneledi Қazaktyn daryndy uldarynyn biri Sh Uәlihanovtyn suretteri 19 g dyn 2 zhartysyndagy grafikalyk tuyndylardyn Қazakstandagy algashky kundy үlgileri bolyp sanalady 20 g dyn basynda Қazakstanda kәsibi keskindeme mүsin grafika zhanrlary kalyptasa bastady Onyn negizin kalaushylar Ә Қasteev Ә Ysmajylov H Nauryzbaev t b Ұlttyk kәsibi B o algash europalyk korkemdik dәstүr arnasynda damyganmen kejinnen gasyrlar bojy kalyptaskan ulttyk dәstүr negizinde ozindik stilmen daralana bastady Ajkyn ulttyk koltanbasymen koringen S Mәmbeev M Kenbaev Қ Telzhanov S Ajtbaev T Togysbaev Sh Sariev siyakty daryndy oner sheberlerinin үlken shogyry kalyptasty Halyk omirinin barlyk kyryn kamtygan kazak B o kazirgi tanda iri oner salasyna ajnalgan 20 g dyn sony ulttyk tanym tol tarih pen mәdeniet tarapyndagy izdenister karkyndy damyp kazak onerinin zhetilip ulttyk korkem bagyttar tүrli agymdar daralyk stilder tugan kezen boldy Bul bagytta E Mergenov E Tolepbaj A Akanaev A Sydyhan T Madanov A Esenbaev A Esduletov t b zhemisti enbek etti Қazirgi kezende kazak B o mәdeni eskertkishter halyk tarihynyn bastaulary ulttyk erekshelik t b kundylyktarga den koyu tyn izdenisterge baru Tagy karanyzҚazak bejneleu oneri Saktardyn bejneleu oneri Әzil suretDerekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9