Қазан төңкерісі (орыс. Октябрьская революция) — 1917 жылдың 25 қазан (7 қараша) күні Санкт-Петербургта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс Владимир Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен Ресей уақытша үкіметіне қарсы жүзеге асырылды.
Қазан төңкерісі | |||
Қысқы сарайды алғаннан кейін. Санкт-Петербург, 26 қазан 1917 жыл. | |||
Дата | |||
---|---|---|---|
Орын | Санкт-Петербург, Ресей республикасы | ||
Нәтиже | Уақытша үкіметті құлату, Ресей Кеңес Республикасының Құрылуы Ресейде азамат соғысының басталуы | ||
Қарсыластар | |||
| |||
Қолбасшылары | |||
| |||
Тараптар күші | |||
| |||
Оған Санкт-Петербург жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, Владимир Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 жылы басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннексиясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезде Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съез Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды.
Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы "Зауыттар мен жұмысшыларға!", "Жер шаруаларға!", "Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға!" деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты. Санкт-Петербургтан кейін 1917 жылы қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты.
Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты.
Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Әліби Жангелді, Сәкен Сейфуллин, Кәрім Сүтішев, Абдолла Асылбеков, Майкөтов Әділбек, Яков Ушанов, Аманкелді Иманов, Самуил Цвиллинг, Тұрар Рысқұлов, Тоқаш Бокин, Павел Виноградов, Лукиан Емелев, Тәшен Өтепов, Абдолла Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.
Қазан төңкерісі кеңестік , құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізген, жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғасырдың басты оқиғасы деп дәріптеліп келді. Шын мәнінде Қазан төңкерісі көп ұлтты Ресейдің, оның құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың табиғи, эволюцияның даму жолын күштеп революцияшыл қайта өзгерістер үрдісіне түсірді. 74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағында ел өмірінің барлық салалары (экономика мен саясат, мәдениет пен руханият) сталиндік нұсқада, әміршілдік мәндегі тәжірибелер жасау алаңына айналды. Олардың барлығы да қазан төкерісі, социализм идеяларын жүзеге асыру үшін жүзеге асырылды деп түсіндірілді. Түбегейлі өзгерістер жасау тәжірибесінің зиянды салдарлары аз болмады. Олардың қатарына ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мен көшпенділердің зорлап отырықшыландырылуы нәтижесінде елді жайлаған ашаршылық салдарынан сан мыңдаған адамдардың қырылуы мен басқа елдерге ауа көшуін, көптеген мемлекет, қоғам, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің әміршілдік жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына айналуын, демографиялық саясат пен мәдени-рухани салада орын алған келеңсіздіктерді жатқызуға болады. Солай болса да, қазан төңкерісінен кейінгі 74 жыл Кеңес Одағы үшін, оның құрамдас бөлігі болған Қазақстан үшін, тек қана бос кеткен кезең емес. Атап айтқанда, Республиканың материалдық өндіріс жүйесі түбегейлі жаңарды, халықтың білім деңгейі күрт өсті, сапалы ғылым жүйесі қалыптасты, адамдар арасындағы қарым-қатынастар жақсарды.
1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс.
Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды.
Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды. Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917 жылы ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкерісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды.
Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды.
Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады.
Қазақстанда басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқай тағайындалды.
Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азат алудың бастамасы ретінде қабылдады. Бұл жеңіс өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанның әртүрлі қалаларында қазақ жастарының 20 шақты үйірмелері мен топтары пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ-өлеңдер таратты. Әулиеатада Тұрар Рысқұлов «Қазақ» жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді Буржуазиялық уақытша өкіметке үміт артқан қазақ зиялылары өз халқын еркіндікке жеткізуді, отарлаудан құтылуды арман етті. Осы мақсатқа жету үшін олар қазақтың ұлттық саяси партиясын құру жолын іздеді. Олар Қазақ газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917 жылы 21–26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі – ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөліммнен тұрады. Олар:
- Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы;
- Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру;
- Халықтар арасында тең құқықтық орнату;
- Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару;
- Елдегі билік және сот туралы;
- Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру;
- Халықтың табысына қарай салық салу;
- Жұмысшылар туралы;
- Ғылым және білім туралы;
- Жер мәселесі.
Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам кірді, оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917 жылы 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді. Оның мақсаты – пролетариат диктатурасының басшылығымен Ресейде жаңа қоғам – социализмді орнату.
Бұл оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді, себебі социализмге жол ашуды бірінші Ресей бастады.
Қазан төңкерісі елді экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға жол ашты. В.И.Ленин бастған большевиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың сара жолы – Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп білді. Сондықтан Ресей ең бірінші болып бірінші дүниежүзілік соғыстан шығады.
Кеңес өкіметі әуелі орталықта орнады да, одан әрі тез арада Ресейдің шет аймақтарына дейін орнады.
Ресейдің қол астында болып келген орыс емес басқа халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды.
Кеңес өкіметі Қазақстанда да орнай бастады. 1917 жылы қазаннан 1918 жылы наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.
Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917 жылы 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын.
1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысының басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жолмен орнады. Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады.
1917 жылы желтоқсан – 1918 жылы наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның орта кезінде көшті.
Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918 жылы көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласыЖетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі.
Кеңес өкіметі 1917 жылы наурыз айында Жаркент, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.
Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы – Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті.
Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылы наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.
Сонымен Қазан төңкерісін қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті билік кеңестер жағына түгелдей шықты. Мұндай жағдай Қазақстанның Солтүстік-Шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланғыан Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы көшті.
Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. Ол қандай шаралар:
- ескі мекемелер, оның, ішінде уақытша өкіметінің комиссарлары, отарлау-шенеуіктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйелері жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады;
- Ескі мемлекеттік аппараты қирату отарлау саясатына берілген үлкен соққы болды. Ол еңбекшілердің кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай жасады;
- шіркеу мемлекеттен, мектеп шіркеуден ажыратылды;
- ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды, адамдардың сословиеге бөлінуі жойылды;
- төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссиялар, милиция құрылды;
- кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды;
- заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды;
- кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады;
- облыстық кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынастарды реттейтін комиссиялар құрылды;
- жерге жеке иелік ету жойылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай қазақ-орстардың, патша шенеуіктерінің иелігінде болып келген, срндай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.
1918 жылы Көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Оның құрамында Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Ақмола, Семей облыстары орталығы Омбы қаласы болған Батыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей Ордасы қарамағына кірді. Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Себебі төңкерістің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды. 1918 жылы 23 наурызда Орал қазақ-орыстары Гурьевте бүлік шығарды.
Сол жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. Ресейдегі азамат соғысының өрістеуіне Антанта елдері дем берді де, олардың көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының әскерлері бүлік шығарды. Бүлікшілер Сібір қалаларымен бірге Қазақстанның солтүстіктегі қалалары Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларын басып алып, Кеңес органдардан қамауға алды.
1918 жылы жазында Кеңес елі үшін ең басты майдан – Шығыс майданы болды. Бұл бағытта ақтармен 4-ші армия ұрыс жүргізді. Осы жылдың жазында қазақ ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Олар алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында құрылды. Бөкей ордасында қазақ атты әскер полкі Қызыл армияның құрамдас бөлігі болды.
1918 жылының аяғы мен 1918 жылының басында Әліби Жангелдин мен Амангелді Имановпен Торғайда екі атты әскер эскадроның, әскери оқу және пулемат топтарын, Ырғызда атты әскер құрды.
Ақтөбе майданына 1918 жылы Әліби Жангелдин бастаған экспедиция Мәскеудан көп қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізді. Ақтөбе майданының қарулы күштері 1919 жылы 22 қаңтарында Орынборды, 26 қаңтарда Орал қаласын азат етіп, Қазақстан мен Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді.
1919 жылы көктемде Фрунзе бастаған қызыл әскер отрядтары Қазақстанның Солтүстік аудандарында Колчак әскерлеріне қарсы күрес жүргізді. Қазақстанда Колчактың тәртібіне қарсы ірі көтеріліс Қостанай уезінде болды. Ақмола, Семей облыстарында партизандық қозғалыстар өрістеді. Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағында Жетісу майданы
1918 жылы тамыз және 1919 жылы қазанның орта кезіне дейін қарсы табанды күрес жүргізді. Осы аймақтағы қорғаныс орталығы болған Черкасское селосын атауға болады.
1919 жылы орта кезінде Қызыл армияның шабуылдарының нәтижесінде Колчак әскерлері екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі Сібірге, екіншісі Түркістанға қарай шегінеді.
Қызыл армияның Түркістан майданы 1919 жылы тамыз айының екінші жартысында Колчактың «Оңтүстік армиясын» біржолата талқандады. Осының нәтижесінде Түркістан майданының әскер бөлімдері Солтүстік Жетісуға жеткізліп, мұндағы қарсылықты тезірек басуға мүмкіндік берді. Сөйтіп, 1920 жылы наурызда азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солтүстік майданы жабылады.
Азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметі «соғыс коммунизмі» саясатын жүзеге асырды. Оның негізгі мәні-кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізіледі. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік әскер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Кеңес өкіметінің осы саясатына наразы шаруалар көтеріліске де шығып, көпшілігі жаңа өкіметке қарсы ақтардың жағында соғысы. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Сол жылдары алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. 1920 жылы аяғында 999 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 778 артель, жерді бірлесіп өңдейтін 28 серіктестік (ТОЗ) құрылды.
1919 жылы 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі төңкерістік комитет туралы» декрет қабылданды. Онда болашақ Қазақ мемлекетінің жер аумағы анықталды. 1920 жылы 30 сәуірде РК/б/П Орталық комитеті Қырғыз(Қазақ) облыстық бюросы құрылғаннан кейін өлкеде Кеңес өкіметін, мемлекеттік құрылысты одан әрі нығайту жұмысы жүргізіле бастады. Сол жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қабылданды. Орынбор қаласы Қазақ АКСР-нің алғашқы астанасы болды.
Дереккөздер
- "Қазақстан Энциклопедиясы"
- Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9
- Қазақстан тарихы. Очерк. 304-315-беттер.
- Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 9-10-бөлімдер
- Иностранная военная интервенция и гражданская война в Средней Азии и Казахстане: Сб. докум. Т.I. А., 1963; Т.II. 1964.
- Образование Казахской АССР: Сб.докум. А., 1957.
- Елеуов Т. Установление и упрочение Советской власти в Казахстане. А., 1964.
- Покровский С.И. Разгром иностранных военных интервентов и внутренней контрреволюции в Казахстане (1918-1920 жж.). А., 1967.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazan tonkerisi orys Oktyabrskaya revolyuciya 1917 zhyldyn 25 kazan 7 karasha kүni Sankt Peterburgta bolgan iri әleumettik sayasi tarihi okiga Koterilis Vladimir Lenin baskargan bolshevikter partiyasynyn zhetekshiligimen Resej uakytsha үkimetine karsy zhүzege asyryldy Қazan tonkerisiҚysky sarajdy algannan kejin Sankt Peterburg 26 kazan 1917 zhyl Data25 kazan 7 karasha 1917OrynSankt Peterburg Resej respublikasyNәtizheUakytsha үkimetti kulatu Resej Kenes Respublikasynyn Қuryluy Resejde azamat sogysynyn bastaluyҚarsylastarBolshevikter Solshyl Socialistik tonkerisiler partiyasy Қyzyl gvardiya Uakytsha үkimetҚolbasshylaryVladimir Lenin Lev Trockij Nikolaj Podvojskij Vladimir Antonov Ovseenko Pavel Dybenko Iosif Stalin Aleksandr KerenskijTaraptar kүshi10 000 kyzyl matrostar 20 000 30000 Қyzyl gvardiya zhauyngeri zhәne belgisiz zhumysshylar sany 500 1000 erikti sarbaz 1000 әjelder batalonynyn zhauyngeriBul үlgini koru talkylau ondeu Ogan Sankt Peterburg zhumysshylary kala garnizonynyn soldattary men Baltyk floty matrostarynyn okilderi katynasty Koterilis zheniske zhetken kүni keshkisin Petrogradta ashylgan Kenesterdin Bүkilresejlik II sezi Uakytsha үkimettin kulatylgandygyn zhәne bүkil eldegi okimet biligi Kenesterdin kolyna koshkendigin zhariyalap Vladimir Lenin dajyndagan Bitim zhәne Zher turaly dekretterdi kabyldady Algashkysynda 1914 zhyly bastalgan I dүniezhүzilik sogyska katysushy elderdin үkimetteri men halyktaryna anneksiyasyz zhәne kontributciyasyz demokratiyalyk bitim zhasau usynylsa Zher turaly dekrette zherge zheke menshik zhojylyp ol zhalpy halyktyk memlekettik menshik bolyp zhariyalandy Sezde Lenin baskargan zhәne zhumysshy sharua үkimeti atalgan Resej HKK kuryldy Sonymen katar Kenesterdin Bүkilresejlik OAK nin BOAK zhana bolsheviktendirilgen kuramy sajlandy Sez Leninnin zhumysshylarga soldattar men sharualarga arnalgan үndeuin kabyldap ol arkyly halykty barlyk zherde zhappaj Kenes okimetin ornatuga shakyrdy Kenes үkimeti kop ultty Resej enbekshilerin oz zhagyna tartuda ajtarlyktaj nasihatshyldyk rol atkargan eki sayasi kuzhat zhariyalady Birinshisi 2 15 karashada zhariyalangan Resej halyktary kukyktarynyn deklaraciyasy ekinshisi 20 karashadagy 3 zheltoksan Resej men Shygystyn barlyk musylman enbekshilerine degen үndeu boldy Bul kuzhattarda Resejdi mekendegen halyktardyn tendigi olardyn ozderinin memlekettik kurylysyn ozderi sheshuge kukyly ekendigi ajtylyp ulttyk zhәne etnostyk toptardyn erkin damuyna buryngy ezilgen ulttardyn ozderin ozderi bilejtindigine kepildik beriledi delindi Munyn үstine Kenes okimeti men bolshevikter partiyasy Zauyttar men zhumysshylarga Zher sharualarga Tendik buryngy ezilgen ulttarga degen urandardy үzbej kajtalaumen boldy Osy uәdeler men urandarga әuel basta bukaranyn ajtarlyktaj boligi en aldymen kogamnyn zhappaj kedejlengen mүsheleri sendi sondyktan olardyn okilderi Kenes okimetin ornatu үshin kүreske katysty Sankt Peterburgtan kejin 1917 zhyly karashanyn basynda Kenes okimeti Mәskeude eldin onerkәsipti ortalygy audandarynda zheniske zhetti kop keshikpej bul zhagdaj memlekettin ult ajmaktaryn onyn ishinde Қazakstandy da kamtydy Қazakstanda Kenes okimetinin ornauy uzakka sozyldy Bul kezde Kenes okimeti negizinen alganda kalalar men olkenin baska da iri eldi mekenderinde ornady Al auyldar men basym kopshiliginde Kenes okimetinin ornauy azamat sogysy bastalganga dejin tipti odan kejingi zhyldarga dejin zhalgasty Bul olkenin әleumettik ekonomikalyk artta kaluynan zhergilikti zhumysshy taby men bolsheviktik ujymdardyn san zhagynan az әri әlsiz boluynan ultaralyk katynastardyn kүrdeliliginen shielenisine tүsti Munyn үstine ulttyk demokratiya Alash kozgalysynyn zhetekshileri Қazan tonkerisi men Kenes okimetinin ideyalaryn kabyldamady Al Қazakstanda ornalaskan Oral Zhetisu Batys Sibir zhәne Orynbor әskerlerinin әskeri үkimetteri Kenes okimetinin ornauyna karuly karsylyk korsetti Kenes okimetinin Қazakstanda zheniske zhetuine negizinen slavyan tekti halyktardyn en aldymen orystar men ukraindardyn okilderin biriktirgen zhergilikti garnizonnyn soldattary men zhumysshy soldat zhәne sharaualar kenesterine toptaskan kogamnyn kedejlengen mүshelerinin okilderi barynsha at salysty Қazakstanda Kenes okimetin ornatu isine Әlibi Zhangeldi Sәken Sejfullin Kәrim Sүtishev Abdolla Asylbekov Majkotov Әdilbek Yakov Ushanov Amankeldi Imanov Samuil Cvilling Turar Ryskulov Tokash Bokin Pavel Vinogradov Lukian Emelev Tәshen Өtepov Abdolla Rozybakiev t b negurlym belsene katysty Қazan tonkerisi kenestik kuzhattarynda kүlli adamzat tarihyna tүbirli ozgeris engizgen zhana zamandy kapitalizmnen socializmge otu dәuirin ashkan 20 gasyrdyn basty okigasy dep dәriptelip keldi Shyn mәninde Қazan tonkerisi kop ultty Resejdin onyn kuramyna engen koptegen elder men halyktardyn tabigi evolyuciyanyn damu zholyn kүshtep revolyuciyashyl kajta ozgerister үrdisine tүsirdi 74 zhyl omir sүrgen Kenes Odagynda el omirinin barlyk salalary ekonomika men sayasat mәdeniet pen ruhaniyat stalindik nuskada әmirshildik mәndegi tәzhiribeler zhasau alanyna ajnaldy Olardyn barlygy da kazan tokerisi socializm ideyalaryn zhүzege asyru үshin zhүzege asyryldy dep tүsindirildi Tүbegejli ozgerister zhasau tәzhiribesinin ziyandy saldarlary az bolmady Olardyn kataryna auyl sharuashylygyn kүshtep uzhymdastyru men koshpendilerdin zorlap otyrykshylandyryluy nәtizhesinde eldi zhajlagan asharshylyk saldarynan san myndagan adamdardyn kyryluy men baska elderge aua koshuin koptegen memleket kogam mәdeniet gylym kajratkerlerinin әmirshildik zhүje ujymdastyrgan sayasi kugyn sүrginnin kurbandaryna ajnaluyn demografiyalyk sayasat pen mәdeni ruhani salada oryn algan kelensizdikterdi zhatkyzuga bolady Solaj bolsa da kazan tonkerisinen kejingi 74 zhyl Kenes Odagy үshin onyn kuramdas boligi bolgan Қazakstan үshin tek kana bos ketken kezen emes Atap ajtkanda Respublikanyn materialdyk ondiris zhүjesi tүbegejli zhanardy halyktyn bilim dengeji kүrt osti sapaly gylym zhүjesi kalyptasty adamdar arasyndagy karym katynastar zhaksardy 1914 zhyly bastalgan dүniezhүzilik sogystyn saldarynan Resej imperiyasy үlken dagdaryska ushyrady birinshi ekonomikalyk ekinshi sayasi dagdarys Sogystyn saldarynan eldin sharuashylygy kirady ondiris oryndary toktady temirzhol katynasy buzyldy kүjredi Bul dagdarys zhumysshylar men sharualardyn okimetke degen үlken narazylygyn tugyzdy Patsha okimeti bul dagdarystan shygudyn zholyn taba almady sojtip eldi baskaru kabileti tomen boldy Osy atalgan dagdarys patsha okimetinin 1917 zhyly akpan ajynda kulauyna sebep boldy Ony Akpan tonkerisi dep atajdy Osy tonkeristin nәtizhesinde kos okimet zhumysshylar men sharualardyn kenesi zhәne burzhuaziyalyk Uakytsha okimet kuryldy Patsha okimeti kulatylgannan kejin bүkil Resejdegi siyakty Қazakstanda da kos okimet ornady Buryngy patsha sheneulikteri eserler menshevikter zhәne burzhuaziyalyk ultshyldar baskargan burzhuaziyalyk Uakytsha okimet organdarymen katar halyktyk okimettin zhana organdary zhumysshylar sharualar zhәne soldat deputattarynn kenesteri kuryldy Zhergilikti zherlerde Uakytsha okimetti organdary kuryla bastady Қazakstanda baskargan kazaktardyn ulttyk oblystyk zhәne uezdik komitetteri ujymdastyrldy Olarga komissarlar bolyp ulttyk intelligenciyanyn okilderi atap ajtkanda Torgaj oblysynda Әlihan Bokejhanov Zhetisu oblysynda Muhamedzhan Tynyshpaev Tүrkistanda Mustafa Shokaj tagajyndaldy Patsha okimetinin kulatyluyn Қazakstan enbekshileri sayasi zhәne ulttyk azat aludyn bastamasy retinde kabyldady Bul zhenis olkedegi enbekshilerdin sayasi belsendiligin arttyrdy Қazakstannyn әrtүrli kalalarynda kazak zhastarynyn 20 shakty үjirmeleri men toptary pajda boldy Olar halyk arasynda listovkalar sol kүnderdin kokejtesti mәselelerine arnalgan takpak olender taratty Әulieatada Turar Ryskulov Қazak zhastarynyn revolyuciyashyl odagy degen ujym kurdy Onyn kuramyna kazak halkynyn ortasha zhәne kedej toptarynan shykkan aldyngy katardagy zhastar endi Burzhuaziyalyk uakytsha okimetke үmit artkan kazak ziyalylary oz halkyn erkindikke zhetkizudi otarlaudan kutyludy arman etti Osy maksatka zhetu үshin olar kazaktyn ulttyk sayasi partiyasyn kuru zholyn izdedi Olar Қazak gazeti arkyly kazak halkyna arnajy үndeu zholdady 1917 zhyly 21 26 shildede Orynborda bolgan Bүkilkazaktyk sezde Alash partiyasy kalyptasyp basshy organdaryn sajlady Onyn kuramyna Әlihan Bokejhanov Ahmet Bajtursynov Mirzhakyp Dulatov Mustafa Shokaj t b kirdi Bul partiyanyn sol zhyly 5 13 zheltoksanda Orynborda otken ekinshi sezinde Қazak avtonomiyasy Alashorda үkimeti ult Kenesi kuryldy Alash partiyasynyn bagdarlamasy bekitildi Ol negizgi 10 bolimmnen turady Olar Resej demokratiyalyk federaciya bolyp zhariyalanu turaly Resej kuramynda Қazak ult avtonomiyasyn kuru Halyktar arasynda ten kukyktyk ornatu Din turaly dindi memleketten azhyratyp shygaru Eldegi bilik zhәne sot turaly Eldi korgau әsker zhәne halyktyk miliciya kuru Halyktyn tabysyna karaj salyk salu Zhumysshylar turaly Ғylym zhәne bilim turaly Zher mәselesi Zhana kurylgan үkimettin kuramyna 15 adam kirdi onyn toragasy bolyp Әlihan Bokejhanov bekitildi Azamat sogysy bastalganda Alashorda үkimeti ekige bolindi onyn Batys Қazakstandagy boligin Halel Zhansha Dosmuhamedovtar Shygystagy boligin Әlihan Bokejhanov Ahmet Bajtursynov t b baskardy Birak Uakytsha okimettin omiri de uzak bolmady 1917 zhyly 25 kazanda Uakytsha okimet kulap onyn ornyna bolshevikter baskargan Kenes okimeti ornady Bul zhumysshylar men sharualardyn biligi ornagan okimeti edi Onyn maksaty proletariat diktaturasynyn basshylygymen Resejde zhana kogam socializmdi ornatu Bul okiga bүkil әlemdi dүr silkindirdi sebebi socializmge zhol ashudy birinshi Resej bastady Қazan tonkerisi eldi ekonomikalyk zhәne sayasi dagdarystan shyguga zhol ashty V I Lenin bastgan bolshevikter partiyasy osy dagdarystan shygudyn sara zholy Resejdin imperialistik sogysty toktatyp bejbit omirge koshu dep bildi Sondyktan Resej en birinshi bolyp birinshi dүniezhүzilik sogystan shygady Kenes okimeti әueli ortalykta ornady da odan әri tez arada Resejdin shet ajmaktaryna dejin ornady Resejdin kol astynda bolyp kelgen orys emes baska halyktardyn enbekshi bukarasy Қazan tonkerisinen kejin ekonomikalyk әleumettik kүjzelisten shygumen birge otarshyldyktyn bugauynan bosanyp tәuelsizdik alatyn shygarmyz dep үmittendi barlyk ulttar men ulystardyn halyktardyn tendigi men bostandygyn azattygyn zhariyalaj otyryp olardy tonkeris tuynyn astynan ketpeuge shakyrdy Kenes okimeti Қazakstanda da ornaj bastady 1917 zhyly kazannan 1918 zhyly nauryzga dejin Қazakstannyn koptegen audandarynda Kenes okimeti ornady Kenes okimetinin ornagan algashky zheri Perovsk Қyzylorda kalasy boldy Munda zhumysshylar men soldattar okimet biligin 1917 zhyly 30 kazanda oz kolyna aldy Perovskide үlken әskeri garnizon ornalaskan edi zhәne temir zhol stancyasy bolatyn 1917 zhyly karasha ajynyn orta kezinde Kenes okimeti Chernyaev Shymkent kalasynda zhendi Қarasha zheltoksan ajlarynda Kenes okimeti Әulieatada Taraz Tүrkistanda Қazalyda Aral poselkesinde zhәne Syrdariya oblysynyn baska da iri eldi mekenderinde kan togizsiz bejbit zholmen ornady Petropavl kalasynda zhana okimet 10 karashada ornady 1917 zhyly zheltoksan 1918 zhyly nauryz aralygynda Kenes okimeti Torgaj oblysynyn ortalygy zhәne Қostanaj Aktobe kalalary men baska da iri eldi mekenderde ornady Semejde okimet biligi zhergilikti Kenestin kolyna 1918 zhyly akpannyn orta kezinde koshti Zhetisuda Kenes okimetin ornatu zhylyndagy kүres 1918 zhyly koktemine dejin sogyldy Sebebi munda tonkeris karsylastary kүshteri basym boldy Vernyj kalasyZhetisu kazak orys әskerlerinin ortalygy boldy al kazaktar patshanyn tiregi bolgany belgili Kenes okimeti 1917 zhyly nauryz ajynda Zharkent Sergioplda Ayagoz Taldykorganda sәuirdin bas kezinde Lepside ornady Kenes okimetinin en songy ornagan audany Oral kalasy boldy onda zhana okimettin biligi nauryz ajynda zhumysshylardyn kolyna koshti Sojtip 1917 zhyldyn kazan ajynan bastap 1918 zhyly nauryz ajyna dejin Kenes okimeti Қazakstannyn kop zherinde zheniske zhetti Sonymen Қazan tonkerisin koldajtyn kүshter basym bolgan zherlerde zhergilikti bilik kenester zhagyna tүgeldej shykty Mundaj zhagdaj Қazakstannyn Soltүstik Shygys oblystarynyn koptegen audandarynda Syrdariya zhәne Bokej ordasynda oryn aldy Birak tonkeris karsylastarynyn kүshteri kobirek shogyrlangyan Orynbor Oral Zhetisu oblystarynda okimet biligi zhumysshylar men sharualardyn kolyna karsylyk korsetkenderdi talkandau arkyly koshti Қazan tonkerisinen kejin Қazakstanda kenestik apparat kuru zhәne ekonomika salasynda algashky ozgerister engizile bastaldy Ol kandaj sharalar eski mekemeler onyn ishinde uakytsha okimetinin komissarlary otarlau sheneuiktik әkimshilik konystandyru baskarmasy buryngy sot zhүjeleri zhojylyp okimet biligi zhumysshy soldat deputattary kenesterinin kolyna ote bastady Eski memlekettik apparaty kiratu otarlau sayasatyna berilgen үlken sokky boldy Ol enbekshilerdin kenes zhumysyna belsene katysuyna zhagdaj zhasady shirkeu memleketten mektep shirkeuden azhyratyldy erler men әjelder tendigi iske asyryldy adamdardyn sosloviege bolinui zhojyldy tonkeriske karsylar men kүres zhonindegi totenshe komissiyalar miliciya kuryldy kenesterdin zhanynan enbek agartu densaulyk saktau t b bolimder ashyldy zandar zharlyktar tek kana orys tilinde gana emes kazak tilinde de zhariyalanatyn boldy kenes kyzmetkerlerin dayarlajtyn kurstar zhumys istej bastady oblystyk kenester zhanynan ulttyk karym katynastardy rettejtin komissiyalar kuryldy zherge zheke ielik etu zhojylyp Қazakstandagy shirkeu men monastirlerdin pomeshikterdin baj kazak orstardyn patsha sheneuikterinin ieliginde bolyp kelgen srndaj ak konys audaru koryndagy zherler enbekshilerdin pajdalanuyna berildi 1918 zhyly Koktemde Tүrkistan avtonomiyalyk Kenestik Socialistik Respublikasy kuryldy Onyn kuramynda Қazakstannyn ontүstigindegi Zhetisu Syrdariya oblystary kirdi Akmola Semej oblystary ortalygy Omby kalasy bolgan Batys Sibir olkesine Torgaj Oral oblystary Orynbor guberniyasyna Bokej Ordasy karamagyna kirdi Қazan tonkerisinen kejin kop uakyt otpej ak elde azamat sogysy men shetel baskynshylygynyn zhorygy bastaldy Sebebi tonkeristin zhenisi kulatylgan kanaushy tap okilderinin karsylygyn tudyrdy 1918 zhyly 23 nauryzda Oral kazak orystary Gurevte bүlik shygardy Sol zhyldyn 28 29 nauryzynda ak kazaktar alashordashylarmen birigip Oral kalasynda tonkeris zhasady Resejdegi azamat sogysynyn oristeuine Antanta elderi dem berdi de olardyn komegimen Sibirdegi Chehoslovak korpusynyn әskerleri bүlik shygardy Bүlikshiler Sibir kalalarymen birge Қazakstannyn soltүstiktegi kalalary Petropavl Akmola Atbasar Қostanaj Semej kalalaryn basyp alyp Kenes organdardan kamauga aldy 1918 zhyly zhazynda Kenes eli үshin en basty majdan Shygys majdany boldy Bul bagytta aktarmen 4 shi armiya urys zhүrgizdi Osy zhyldyn zhazynda kazak ulttyk әskeri bolimder ujymdasa bastady Olar aldymen Zhetisuda odan kejin Orynbor men Oral kalalarynda kuryldy Bokej ordasynda kazak atty әsker polki Қyzyl armiyanyn kuramdas boligi boldy 1918 zhylynyn ayagy men 1918 zhylynyn basynda Әlibi Zhangeldin men Amangeldi Imanovpen Torgajda eki atty әsker eskadronyn әskeri oku zhәne pulemat toptaryn Yrgyzda atty әsker kurdy Aktobe majdanyna 1918 zhyly Әlibi Zhangeldin bastagan ekspediciya Mәskeudan kop karu zharak pen ok dәri zhetkizdi Aktobe majdanynyn karuly kүshteri 1919 zhyly 22 kantarynda Orynbordy 26 kantarda Oral kalasyn azat etip Қazakstan men Tүrkistan audandary men Ortalyk Resej arasyndagy katynasty kalpyna keltirdi 1919 zhyly koktemde Frunze bastagan kyzyl әsker otryadtary Қazakstannyn Soltүstik audandarynda Kolchak әskerlerine karsy kүres zhүrgizdi Қazakstanda Kolchaktyn tәrtibine karsy iri koterilis Қostanaj uezinde boldy Akmola Semej oblystarynda partizandyk kozgalystar oristedi Қazakstannyn Soltүstik Shygys ajmagynda Zhetisu majdany 1918 zhyly tamyz zhәne 1919 zhyly kazannyn orta kezine dejin karsy tabandy kүres zhүrgizdi Osy ajmaktagy korganys ortalygy bolgan Cherkasskoe selosyn atauga bolady 1919 zhyly orta kezinde Қyzyl armiyanyn shabuyldarynyn nәtizhesinde Kolchak әskerleri ekige bolindi Olardyn bir boligi Sibirge ekinshisi Tүrkistanga karaj sheginedi Қyzyl armiyanyn Tүrkistan majdany 1919 zhyly tamyz ajynyn ekinshi zhartysynda Kolchaktyn Ontүstik armiyasyn birzholata talkandady Osynyn nәtizhesinde Tүrkistan majdanynyn әsker bolimderi Soltүstik Zhetisuga zhetkizlip mundagy karsylykty tezirek basuga mүmkindik berdi Sojtip 1920 zhyly nauryzda azamat sogysynyn Қazakstandagy en songy Soltүstik majdany zhabylady Azamat sogysy zhyldarynda Kenes okimeti sogys kommunizmi sayasatyn zhүzege asyrdy Onyn negizgi mәni kenes elinin baska da audandary siyakty Қazakstanda da azyk tүlik salgyrty zhүrgiziledi Ol bojynsha sharualardyn kүn korisinen artylgan azyk tүlik әsker men ondiris oryndaryndagy zhumysshylardy asyrau үshin eshbir oteusiz alyndy Bul zhagdaj sharualardyn tabigi narazylygyn tugyzdy Әsirese aukatty sharualar katty narazy boldy Kenes okimetinin osy sayasatyna narazy sharualar koteriliske de shygyp kopshiligi zhana okimetke karsy aktardyn zhagynda sogysy Azamat sogysy ayaktalgannan kejin Қazakstanda ekonomikany kalpyna keltiru memlekettik kurylysty nygajtu zhumystary zhүrgizildi Sol zhyldary algashky auyl sharuashylyk artelderi kommunalar sovhozdar pajda boldy 1920 zhyly ayagynda 999 kolhoz onyn ishinde 132 kommuna 778 artel zherdi birlesip ondejtin 28 seriktestik TOZ kuryldy 1919 zhyly 10 shildede RKFSR Halyk Komissarlar Kenesi Қyrgyz Қazak olkesin baskaru zhonindegi tonkeristik komitet turaly dekret kabyldandy Onda bolashak Қazak memleketinin zher aumagy anyktaldy 1920 zhyly 30 sәuirde RK b P Ortalyk komiteti Қyrgyz Қazak oblystyk byurosy kurylgannan kejin olkede Kenes okimetin memlekettik kurylysty odan әri nygajtu zhumysy zhүrgizile bastady Sol zhylgy 17 tamyzda RKFSR Halyk Komissarlar Kenesi Қyrgyz respublikasy turaly Dekret zhobasyn makuldady 26 tamyzda BOAK pen RKFSR Halkom Kenesi RKFSR kuramynda Қyrgyz Қazak Avtonomiyalyk Kenestik Socialistik Respublikasyn kuru turaly zharlyk kabyldandy Orynbor kalasy Қazak AKSR nin algashky astanasy boldy Derekkozder Қazakstan Enciklopediyasy Қazakstannyn kazirgi zaman tarihy Zhalpy bilim beretin mekteptin 9 synybyna arnalgan okulyk 2 basylymy ondelgen Zhalpy redakciyasyn baskargan tarih gylymynyn doktory professor B Ғ Ayagan Almaty Atamura 2009 ISBN 9965 34 933 9 Қazakstan tarihy Ocherk 304 315 better Rysbajuly K Қazakstan Respublikasynyn tarihy 9 10 bolimder Inostrannaya voennaya intervenciya i grazhdanskaya vojna v Srednej Azii i Kazahstane Sb dokum T I A 1963 T II 1964 Obrazovanie Kazahskoj ASSR Sb dokum A 1957 Eleuov T Ustanovlenie i uprochenie Sovetskoj vlasti v Kazahstane A 1964 Pokrovskij S I Razgrom inostrannyh voennyh interventov i vnutrennej kontrrevolyucii v Kazahstane 1918 1920 zhzh A 1967