Алаш Орда (1917 – 1920) — Ақпан мен Қазан төңкерістері соң 1917 ж. желтоқсанның 13 құрылған қазақ Алаш автономиясының үкіметі.
Алаш Орда құрылтайы
1917 ж. желтоқсанның 5 – 13 Орынборда Екінші жалпықазақ съезі өткізілді.
Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері болды.
Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы Ә. Бөкейхан, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы – Семей (кейін Алаш-қала атауын алды) қаласы еді.
Бұл туралы кейіннен Әлихан Бөкейхан (1919 ж. ақпанның 11) былай деп мәлімдейді: «съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады…». Үкімет төрағалығына үш қайраткер – Бөкейхан, Құлманов және Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Бөкейхан төраға болып сайланды. А. азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына жау күштер жағында болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен А. үкіметін таратты. Кеңес өкіметі Алаш пен А-ны Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдісін де, қару жұмсап, күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919, 1920 ж.) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды. Сол кезде Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы – большевизммен күрес тұрды.
Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметіне Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. Өйткені Кеңес үкіметі кеңестік негіздегі автономияларды ғана қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына көзқарасы басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дәлірек айтқанда Ә.Бөкейхан бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп санады. Бұл жолдағы күрес оқиғалары төмендегідей өрбіді.
Сыртқы істері
Алаш Орданың ақтармен бұл бағыттағы алғашқы байланысы, 1918 жылы 8-ақпанда большевиктер тұтқындаған Сібір облыстық Думасының орнына құрылған Уақытша Сібір үкіметімен болды. Алаш Орда жетекшілері атаман Дутовпен, Самардағы Құрылтай жиналысы мүшелері Комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алаш Орданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ аутономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды.
Уақытша Сібір үкіметі бастан-ақ қазақтарға ұлыдержавалық пиғыл танытты. Олар Алаш қайраткерлерінің ел ішіндегі беделін өздерінің мақсаттарын жүзеге асыруға мәселен, қажет кездерде әскер күшін жасақтау, соғыстың бүкіл салмағын халық мойнына арту т.б. жағдайларға пайдалануды көздеді. Бұл үкімет Алашорданың белгілі бір үкімет органы ретінде дербес, белсенді әрекет жасауына келісе қоймады. Архив деректері, Сібір үкіметінің мүддесін жүзеге асырушы эмиссарларға Алашорданың батыл қарсылық білдіріп отырғанын көрсетеді. Мұның соңы қазақ автономиясының өзін ресми тану туралы мәлімдемесін, Сібір үкіметінің «нағыз сепаратизмнің белгісі» деп айыптауымен аяқталды.
Бұдан кейін Алашорда Бүкілресейлік биліктен үміткер тағы бір үкімет — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелері комитеті (Комучпен) қарым-қатынаста болды. 1918 жылы 8 маусымда өмірге келген негізінен эсерлер басқарған бұл үкімет, демократиялық принциптерге беріктігін бірден-ақ байқатты. Бұл олардың Алашордаға көзқарасынан-ақ байқалады. Тамыз айында Комуч құрылып жатқан басқа үкіметтердің қатарында Алаш Орданы да мойындайтындығын мәлімдеді. Комитет құрамына – Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, М. Шоқай және т.б. кірді. Бірақ бұл табыс та ұзаққа бармады.
Оппозициялық күштерді біріктіру мақсатында Комуч ұйымдастыруымен 1918 жылдың 8-23 қыркүйегінде Уфа кеңесі өтеді. Кеңеске жоғарыда аталған қайраткерлер қатынасты. Бұратана халықтар атынан сөйлеген Ә. Бөкейхан өздерінің сепаратизмнен аулақ екендігін, демократиялық-федеративтік Ресеймен біртұтас екендігін айтты.
Кеңес жүріп жатқан кезде 11-қыркүйекте Ә. Бөкейханның төрағалығымен Х. және Ж. Досмұхамедовтер, М. Тынышбаев, У. Танашев, Ә. Ермеков, А. Бірімжанов қатысқан Алашорданың төтенше мәжілісі өтеді. Онда қазақ автономиясын Алашорданың бір өзі басқаратыны, ал бұрынырақта (18-мамырда) батыс Қазақстандағы саяси жағдайға байланысты уақытша құрылған Ойыл уәлаяты таратылатыны шешілді. Оның онына жол қатынасы нашарлығымен соғыс жағдайы себебінен Алашорданың батыс бөлімшесі құрылды. Бұл болашақта шақырылатын Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы қарсаңында, бірауыздан құрылған автономия бар екенін Кеңеске қатысушыларға көрсету болатын.
23-қыркүйектегі Кеңестің соңғы күнінде Уақытша Бүкілресейлік үкімет – Директория жарияланды. Бірақ бұл Директория өзі жойылардан аз ғана бұрын 4-қарашада шыққан бұйрығымен, бөлінбейтін Ресейді қалпына келтіру үшін барлық облыстық үкіметтермен бірге Алашорданың орталық үкіметін таратып, оның облыстық, уездік ұйымдарын ғана қалдырды. Орнына мәдени-тұрмыстық мүдделерді басқаратын Бас Уәкілдік қызметін енгізді.
Бас Уәкілдік мәселесі 18-қарашада Омбыдағы төңкеріс нәтижесінде өзін «Жоғары Билеуші» деп жариялаған адмирал Колчак кезінде қаралды. «Николайдың заманы мен тәртібі келген уақытта да» қазақ зиялылары көздеген мақсатынан таймады.
Колчак үкіметі Бас уәкілдің міндеті туралы Ережені талқылап, оған керекті материал жинау үшін қазақ даласына өз өкілдерін жіберді. 2-мамырда Семейге келген Ішкі Істер Министрлігінің өкілі Г. Малахов, аталған мекеменің Алашорда тағдыры туралы жоспарын бір топ қазақ интеллигенттеріне таныстырады.
1919 жылы 6-мамырда А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, Р. Мәрсеков, А. Қозбағаров, С. Дүйсембинов, Х. Ғаббасов өлкені басқару туралы жаңа Ережеге өз көзқарастарын білдіріп, Ішкі Істер министрлігінің «Бұратаналар» бөліміне Семейден хат жолдайды. Онда ұлттық-территориялық автономия құру туралы шешім қабылдаған ІІ жалпықазақ сьезі, 1917 жылдың өн бойында өткен облыстық сьездердің қорытындысы болғанын, сол съезд шешіміне қарай қажетті жағдайларда әрекет жасағандарын (Ресей мемлекетін қалпына келтіру үшін Кеңес үкіметіне қарсы ортақ күреске қосылғандарын) сондықтан да қазіргі ауыр жағдайда Ресей мемлекетін қалпына келтіруге кедергі келтірмес үшін ұлттық мүддені қоя тұрып, Уақытша Бүкілресейлік Өкіметтің 1918 жылғы 4-қарашадағы бұйрығына көніп отырғандарын, бірақ бұл жарлықтағы қазақ өлкесін басқаратын арнайы органның құрылуы туралы ереженің кешігуі, қазақ халқын алаңдатып тұрғаны айтылды.
Одан әрі хатта, бұл мәселені шешуді жолсапарға өз өкілдерін жіберу арқылы емес, Омбыдағы үкіметпен келіссөз жүргізіп жатқан Алашорда өкілдері пікіріне жүгіну жолымен шешу дұрыс болатыны ескертілді. Сондай-ақ, хат иелері қазақ халқын басқару туралы Малахов әкелген жоспар-жобаға байланысты өздерінің мынадай ұсыныстарын да көрсетті:
- 1) Бас уәкілдік туралы. Алаш автономиясын құрайтын қазақ облыстарын басқаратын Бас уәкілдік жекелеген бір министрлік өкілдігі болмауы керек, ол қазақ халқын ұлттық басқару органы болуы тиіс. Сондықтан Бас уәкілдік Ішкі Істер министріне тәуелсіз болып, тек Министрлер Кеңесіне ғана бағынуы керек. Сонымен қатар Бас уәкілдіктің жанында жолдастарымен (орынбасар) қоса, Кеңес құрылуы тиіс.
- 2) Жергілікті жерлердегі басқару туралы. Бұл басқару ұлттық принципке негізделіп, облыстық әкімшілік және милиция басқармасы қазақ ұлттық басқару органына бағынсын. Ол үшін облыс-уез, болыстарда тікелей Бас уәкілдікке бағынатын ерекше органдар құрылуы қажет. Біздегі земство түрінде ойлайтын, өзін-өзі басқару органдарына келсек, қазіргі облыстық, уездік земстволар (барлық ұлтқа ортақ) сол күйінде қалып, ал болыстық земстволар қазақ, орыс халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің өзара айырмашылығы жер мен көктей болғандықтан, қазақтардікі орыс халқынан бөлек болғаны жөн. Болыстардағы әкімшілік органы земство мекемелеріне қосылып, оның міндеті земствоның бір мүшесіне жүктелсін.
- 3) Жекелеген мәселелер туралы. Діни істермен айналысатын жоғары инстанция — Бас уәкілдік жанындағы Кеңес болып, ол діни лауазымдары бар адамдармен толықтырылып отырса. Орыс бодандығындағы қазақтардың, шекаралас шет мемлекеттермен байланысы туралы істеріне қазақ ұлттық басқармасынан да адам қатыстырылуы қажет деп санаймыз.
Колчактың қазақ даласын басқаратын Бас уәкілдік тағайындау туралы жаңа Ережені жаңғыртқан әрекеті алайда жүзеге асқан жоқ. Мұның себебі, бір жағынан күннен-күнге жеңіліске ұшырап жатқан Ақ Армиядағы сәтсіздіктер болса, екінші жағынан ұлттық қозғалыстарға жауыға қарайтын орыс үкіметтеріне тән қасиетті бойына сіңірген Колчак билігінің өзінен болды.
Алашорда сонымен бірге Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Халел және Жанша Досмұхамедовтер Ленин, Сталинмен, сондай-ақ Халел Ғаббасов ұлт ісі жөніндегі халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі – аутономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі, бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды.
Алаш қайраткерлеріне Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1919 жылғы 4 сәуірдегі және 1920 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен амнистия жарияланса да, Кеңес үкіметі күшіне мінгеннен кейін, олардың өткенін ешуақытта ұмыта да, кешіре де алған жоқ. Түрлі әдіспен бүркеленген қудалау ақыры, Алаш зиялыларын жаппай қырғынға ұшыратты. Бұл зобалаңнан аман қалған саусақпен санарлық зиялы қазақ, өмірлерінің соңына дейін Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиеті назарынан тыс қалмады. Ал атылғандардың үрім-бұтақтары да соңғыларының кебін киді.
Осыдан кейінгі Қазақстанның саяси тарихы бәрімізге белгілі. Алдымен 1920 жылы құрылған Қазақ Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы, кейіннен 1936 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы болған тұсында қазақтар отаршылдық қамытынан қол үзген жоқ. Қазақ халқы өз тілін, дінін, әдет-ғұрпын, саяси санасын жоғалту алдында тұрды. Өз тілінен жеріген ұрпақ пайда болды, мәңгүрттік пайда болды.
Алаш Орда қайраткерлерінің тізімі
Алашорда туралы фильмдер
- 1990 – Мағжан Жұмабаев режиссері: Қ. Умаров
- Жанр: Өндіріс: «Қазақтелефильм»
- 1993 – Міржақып Дулатұлы режиссері: Қ. Умаров
- Жанр: Деректі фильм Өндіріс: «Қазақтелефильм»
- 1994 – режиссері: Қ. Умаров
- Жанр: Деректі фильм Өндіріс: «Қазақтелефильм»
- 2009 – режиссері: Қ. Умаров
- Жанр: Деректі фильм Өндіріс: «Қазақфильм» Шәкен Айманов атындағы
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Сыртқы сілтемелер
- Әнес Сарай: «Батыс Алашордашылары сепаратистік бағыт ұстанған жоқ»
- Алаш идеясы және «ЕСЕП» партиясы. Ержұман Смайыл
- Алашорда әскерінің ұраны: «Жасасын, Отанның адал ұлдары!»
- Жапондардың өз елін өркендету мұраты Алашорда идеяларына ұқсас еді
- Алашорда – Азаттықтың алтын күні
- Ербол Тілеш. «Алаштың» жолы Мұрағатталған 4 желтоқсанның 2010 жылы.
- Р.К. Нурмагамбетова. Движение Алаш и Алаш-Орда. Историография проблемы. 1920-1990-е жж. XX века. Мұрағатталған 23 ақпанның 2007 жылы. (орысша)
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Alash Orda 1917 1920 Akpan men Қazan tonkeristeri son 1917 zh zheltoksannyn 13 kurylgan kazak Alash avtonomiyasynyn үkimeti Soldan onga karaj Ahmet Bajtursynuly Әlihan Nurmuhameduly Bokejhan Mirzhakyp DulatulyAlash Orda kuryltajy1917 zh zheltoksannyn 5 13 Orynborda Ekinshi zhalpykazak sezi otkizildi Қuryltajdyn kүn tәrtibine 10 mәsele kojyldy Olardyn ishindegi en negizgileri kazak kyrgyz avtonomiyasyn zhariyalau miliciya һәm Ұlt kenesi Үkimet kuru mәseleleri boldy Қuryltaj delegattary Uakytsha үkimet kulatylgannan kejin kazaktardyn omir sүruinin ozin kүrdelendirip zhibergen anarhiya tәrtipsizdik zhagdajynda eldi aman saktau үshin uakytsha Ұlt Kenesi tүrindegi berik bilik kuru ogan Alash Orda degen atau beru toragasy Ә Bokejhan Ұlt Kenesi kuramyna 25 adam kirdi sondaj ak miliciya zhasaktau turaly kauly kabyldady Alash astanasy Semej kejin Alash kala atauyn aldy kalasy edi Bul turaly kejinnen Әlihan Bokejhan 1919 zh akpannyn 11 bylaj dep mәlimdejdi sezdin bul sheshimi kazaktar mekendegen territoriyada anarhiyany boldyrmau olkede bolshevizmnin damuyna yagni kazaktar үshin zhat taptyk zhiktelu zhol bermeu mүddelerinen tuyndady Үkimet toragalygyna үsh kajratker Bokejhan Қulmanov zhәne Turlybaev usynyldy Kop dauys algan Bokejhan toraga bolyp sajlandy A azamat sogysy zhyldarynda Kenes kurylysyna zhau kүshter zhagynda boldy Nәtizhesinde azamat sogysynda zheniske zhetken Kenes okimeti Alash partiyasy men A үkimetin taratty Kenes okimeti Alash pen A ny Қazakstannyn kogamdyk sayasi omirinen alastauda aldau men arbau әdisin de karu zhumsap kүshteu zholyn da koldandy Kezinde 1919 1920 zh Kenes okimeti Alash kozgalysyna belsene katyskandardyn barlygyna keshirim zhasaganyna karamastan olar tүgelge derlik stalinshil әkimshil әmirshil zhүjenin kurbandaryna ajnaldy Sol kezde Resejde oryn algan zhagdajda kazaktardyn zhariyalangan avtonomiyasyn zhүzege asyru mүmkin emes edi Kezekte bostandyktyn zhauy bolshevizmmen kүres turdy Өzderinin kolga algan sharalaryn iske asyru zholynda Alashorda үkimetine Kenesterge karsy zhakpen biriguge tura keldi Өjtkeni Kenes үkimeti kenestik negizdegi avtonomiyalardy gana koldap kotermelese al aktardyn Alash avtonomiyasyna kozkarasy baskasha boldy Songylarynyn koldauyna sүjene otyryp kazak halky dәlirek ajtkanda Ә Bokejhan bastagan ziyalylar toby belgili bir dengejde derbestikke zhetuge bolady dep sanady Bul zholdagy kүres okigalary tomendegidej orbidi Syrtky isteriAlash Ordanyn aktarmen bul bagyttagy algashky bajlanysy 1918 zhyly 8 akpanda bolshevikter tutkyndagan Sibir oblystyk Dumasynyn ornyna kurylgan Uakytsha Sibir үkimetimen boldy Alash Orda zhetekshileri ataman Dutovpen Samardagy Қuryltaj zhinalysy mүsheleri Komitetimen Komuch Ombydagy Uakytsha Sibir үkimetimen de bajlanys zhasady Bastalyp ketken azamat sogysy Alash Ordanyn ustanar bagytynda ajkyndaudy kazhet etti Sojtip kazak autonomiyasy olkede әleumettik sayasi negizi zhok Kenes үkimetine karsy kүreske shygyp aktarga kosyluga mәzhbүr boldy Uakytsha Sibir үkimeti bastan ak kazaktarga ulyderzhavalyk pigyl tanytty Olar Alash kajratkerlerinin el ishindegi bedelin ozderinin maksattaryn zhүzege asyruga mәselen kazhet kezderde әsker kүshin zhasaktau sogystyn bүkil salmagyn halyk mojnyna artu t b zhagdajlarga pajdalanudy kozdedi Bul үkimet Alashordanyn belgili bir үkimet organy retinde derbes belsendi әreket zhasauyna kelise kojmady Arhiv derekteri Sibir үkimetinin mүddesin zhүzege asyrushy emissarlarga Alashordanyn batyl karsylyk bildirip otyrganyn korsetedi Munyn sony kazak avtonomiyasynyn ozin resmi tanu turaly mәlimdemesin Sibir үkimetinin nagyz separatizmnin belgisi dep ajyptauymen ayaktaldy Budan kejin Alashorda Bүkilresejlik bilikten үmitker tagy bir үkimet Samaradagy kuryltaj zhinalysy mүsheleri komiteti Komuchpen karym katynasta boldy 1918 zhyly 8 mausymda omirge kelgen negizinen eserler baskargan bul үkimet demokratiyalyk principterge beriktigin birden ak bajkatty Bul olardyn Alashordaga kozkarasynan ak bajkalady Tamyz ajynda Komuch kurylyp zhatkan baska үkimetterdin katarynda Alash Ordany da mojyndajtyndygyn mәlimdedi Komitet kuramyna Ә Bokejhan A Bajtursynuly Zh zhәne H Dosmuhamedovter A Birimzhanov M Tynyshbaev M Shokaj zhәne t b kirdi Birak bul tabys ta uzakka barmady Oppoziciyalyk kүshterdi biriktiru maksatynda Komuch ujymdastyruymen 1918 zhyldyn 8 23 kyrkүjeginde Ufa kenesi otedi Keneske zhogaryda atalgan kajratkerler katynasty Buratana halyktar atynan sojlegen Ә Bokejhan ozderinin separatizmnen aulak ekendigin demokratiyalyk federativtik Resejmen birtutas ekendigin ajtty Kenes zhүrip zhatkan kezde 11 kyrkүjekte Ә Bokejhannyn toragalygymen H zhәne Zh Dosmuhamedovter M Tynyshbaev U Tanashev Ә Ermekov A Birimzhanov katyskan Alashordanyn totenshe mәzhilisi otedi Onda kazak avtonomiyasyn Alashordanyn bir ozi baskaratyny al burynyrakta 18 mamyrda batys Қazakstandagy sayasi zhagdajga bajlanysty uakytsha kurylgan Ojyl uәlayaty taratylatyny sheshildi Onyn onyna zhol katynasy nasharlygymen sogys zhagdajy sebebinen Alashordanyn batys bolimshesi kuryldy Bul bolashakta shakyrylatyn Bүkilresejlik Қuryltaj zhinalysy karsanynda birauyzdan kurylgan avtonomiya bar ekenin Keneske katysushylarga korsetu bolatyn 23 kyrkүjektegi Kenestin songy kүninde Uakytsha Bүkilresejlik үkimet Direktoriya zhariyalandy Birak bul Direktoriya ozi zhojylardan az gana buryn 4 karashada shykkan bujrygymen bolinbejtin Resejdi kalpyna keltiru үshin barlyk oblystyk үkimettermen birge Alashordanyn ortalyk үkimetin taratyp onyn oblystyk uezdik ujymdaryn gana kaldyrdy Ornyna mәdeni turmystyk mүddelerdi baskaratyn Bas Uәkildik kyzmetin engizdi Bas Uәkildik mәselesi 18 karashada Ombydagy tonkeris nәtizhesinde ozin Zhogary Bileushi dep zhariyalagan admiral Kolchak kezinde karaldy Nikolajdyn zamany men tәrtibi kelgen uakytta da kazak ziyalylary kozdegen maksatynan tajmady Kolchak үkimeti Bas uәkildin mindeti turaly Erezheni talkylap ogan kerekti material zhinau үshin kazak dalasyna oz okilderin zhiberdi 2 mamyrda Semejge kelgen Ishki Ister Ministrliginin okili G Malahov atalgan mekemenin Alashorda tagdyry turaly zhosparyn bir top kazak intelligentterine tanystyrady 1919 zhyly 6 mamyrda A Birimzhanov M Tynyshbaev R Mәrsekov A Қozbagarov S Dүjsembinov H Ғabbasov olkeni baskaru turaly zhana Erezhege oz kozkarastaryn bildirip Ishki Ister ministrliginin Buratanalar bolimine Semejden hat zholdajdy Onda ulttyk territoriyalyk avtonomiya kuru turaly sheshim kabyldagan II zhalpykazak sezi 1917 zhyldyn on bojynda otken oblystyk sezderdin korytyndysy bolganyn sol sezd sheshimine karaj kazhetti zhagdajlarda әreket zhasagandaryn Resej memleketin kalpyna keltiru үshin Kenes үkimetine karsy ortak kүreske kosylgandaryn sondyktan da kazirgi auyr zhagdajda Resej memleketin kalpyna keltiruge kedergi keltirmes үshin ulttyk mүddeni koya turyp Uakytsha Bүkilresejlik Өkimettin 1918 zhylgy 4 karashadagy bujrygyna konip otyrgandaryn birak bul zharlyktagy kazak olkesin baskaratyn arnajy organnyn kuryluy turaly erezhenin keshigui kazak halkyn alandatyp turgany ajtyldy Odan әri hatta bul mәseleni sheshudi zholsaparga oz okilderin zhiberu arkyly emes Ombydagy үkimetpen kelissoz zhүrgizip zhatkan Alashorda okilderi pikirine zhүginu zholymen sheshu durys bolatyny eskertildi Sondaj ak hat ieleri kazak halkyn baskaru turaly Malahov әkelgen zhospar zhobaga bajlanysty ozderinin mynadaj usynystaryn da korsetti 1 Bas uәkildik turaly Alash avtonomiyasyn kurajtyn kazak oblystaryn baskaratyn Bas uәkildik zhekelegen bir ministrlik okildigi bolmauy kerek ol kazak halkyn ulttyk baskaru organy boluy tiis Sondyktan Bas uәkildik Ishki Ister ministrine tәuelsiz bolyp tek Ministrler Kenesine gana bagynuy kerek Sonymen katar Bas uәkildiktin zhanynda zholdastarymen orynbasar kosa Kenes kuryluy tiis 2 Zhergilikti zherlerdegi baskaru turaly Bul baskaru ulttyk principke negizdelip oblystyk әkimshilik zhәne miliciya baskarmasy kazak ulttyk baskaru organyna bagynsyn Ol үshin oblys uez bolystarda tikelej Bas uәkildikke bagynatyn erekshe organdar kuryluy kazhet Bizdegi zemstvo tүrinde ojlajtyn ozin ozi baskaru organdaryna kelsek kazirgi oblystyk uezdik zemstvolar barlyk ultka ortak sol kүjinde kalyp al bolystyk zemstvolar kazak orys halkynyn әdet guryp salt dәstүrlerinin ozara ajyrmashylygy zher men koktej bolgandyktan kazaktardiki orys halkynan bolek bolgany zhon Bolystardagy әkimshilik organy zemstvo mekemelerine kosylyp onyn mindeti zemstvonyn bir mүshesine zhүktelsin 3 Zhekelegen mәseleler turaly Dini istermen ajnalysatyn zhogary instanciya Bas uәkildik zhanyndagy Kenes bolyp ol dini lauazymdary bar adamdarmen tolyktyrylyp otyrsa Orys bodandygyndagy kazaktardyn shekaralas shet memlekettermen bajlanysy turaly isterine kazak ulttyk baskarmasynan da adam katystyryluy kazhet dep sanajmyz Kolchaktyn kazak dalasyn baskaratyn Bas uәkildik tagajyndau turaly zhana Erezheni zhangyrtkan әreketi alajda zhүzege askan zhok Munyn sebebi bir zhagynan kүnnen kүnge zheniliske ushyrap zhatkan Ak Armiyadagy sәtsizdikter bolsa ekinshi zhagynan ulttyk kozgalystarga zhauyga karajtyn orys үkimetterine tәn kasietti bojyna sinirgen Kolchak biliginin ozinen boldy Alashorda sonymen birge Kenes үkimetimen bajlanys zhasauga tyrysty Halel zhәne Zhansha Dosmuhamedovter Lenin Stalinmen sondaj ak Halel Ғabbasov ult isi zhonindegi halyk komissary Stalinmen kelissoz zhүrgizdi Munyn nәtizhesi autonomiyanyn mәdeni muktazhyna ortalyktyn komegi bүkilkazaktyk kuryltajdy shakyru olkede azamattyk bitimge kelu turaly uәdeler boldy Alash kajratkerlerine Bүkilresejlik Ortalyk Atkaru komitetinin 1919 zhylgy 4 sәuirdegi zhәne 1920 zhylgy 15 sәuirdegi sheshimimen amnistiya zhariyalansa da Kenes үkimeti kүshine mingennen kejin olardyn otkenin eshuakytta umyta da keshire de algan zhok Tүrli әdispen bүrkelengen kudalau akyry Alash ziyalylaryn zhappaj kyrgynga ushyratty Bul zobalannan aman kalgan sausakpen sanarlyk ziyaly kazak omirlerinin sonyna dejin Memlekettik Қauipsizdik Komieti nazarynan tys kalmady Al atylgandardyn үrim butaktary da songylarynyn kebin kidi Osydan kejingi Қazakstannyn sayasi tarihy bәrimizge belgili Aldymen 1920 zhyly kurylgan Қazak Kenestik Avtonomiyalyk socialistik respublikasy kejinnen 1936 zhyly Қazak Kenestik Socialistik respublikasy bolgan tusynda kazaktar otarshyldyk kamytynan kol үzgen zhok Қazak halky oz tilin dinin әdet gurpyn sayasi sanasyn zhogaltu aldynda turdy Өz tilinen zherigen urpak pajda boldy mәngүrttik pajda boldy Alash Orda kajratkerlerinin tizimiTolyk makalasy Alash Orda kajratkerlerinin tizimiAlashorda turaly filmder1990 Magzhan Zhumabaev rezhisseri Қ Umarov Zhanr Өndiris Қazaktelefilm 1993 Mirzhakyp Dulatuly rezhisseri Қ Umarov Zhanr Derekti film Өndiris Қazaktelefilm 1994 rezhisseri Қ Umarov Zhanr Derekti film Өndiris Қazaktelefilm 2009 rezhisseri Қ Umarov Zhanr Derekti film Өndiris Қazakfilm Shәken Ajmanov atyndagyDerekkozderAjbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 Қaragandy Қaragandy oblysy Enciklopediya Almaty Atamura 2006 ISBN 9965 34 515 5Syrtky siltemelerӘnes Saraj Batys Alashordashylary separatistik bagyt ustangan zhok Alash ideyasy zhәne ESEP partiyasy Erzhuman Smajyl Alashorda әskerinin urany Zhasasyn Otannyn adal uldary Zhapondardyn oz elin orkendetu muraty Alashorda ideyalaryna uksas edi Alashorda Azattyktyn altyn kүni Erbol Tilesh Alashtyn zholy Muragattalgan 4 zheltoksannyn 2010 zhyly R K Nurmagambetova Dvizhenie Alash i Alash Orda Istoriografiya problemy 1920 1990 e zhzh XX veka Muragattalgan 23 akpannyn 2007 zhyly oryssha Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet