Райымжан Мәрсеков (1877 жылы Семей облысы, Өскемен уезі, Айыртау болысында туған, қайда, қашан қайтыс болғаны толық мәлім емес) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, заңгер, публицист, қазақтың мүддесін көздеп, қамын жеген ұлт ойшылы еді.
Райымжан Мәрсекұлы Мәрсеков | |||
Райымжан Мәрсектің фотосуреті | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
13 желтоқсан 1917 — 5 наурыз 1920 | |||
Өмірбаяны | |||
Партиясы | Алаш | ||
Білімі | Омбы техникалық училищесі Орман шаруашылығы институты (Санкт-Петербург, Москва Заң және Сот институты) | ||
Мамандығы | публицист, ғалым, аудармашы, драматург | ||
Діні | сүннеттілік ислам | ||
Дүниеге келуі | 1877 Өскемен уезі, Семей облысы, | ||
Қайтыс болуы | белгісіз | ||
Әкесі | Мәрсек Марсекұлы | ||
Анасы | Танаева Бейілхан Омарқызы | ||
өңдеу |
Өмірбаяны
Әкесі Мәрсектің руы – Найман ішінде Терістаңбалы, анасының руы – Найманның Қаракерей ішінде Жанай, атақты ұлы Омар мырзаның қызы Бейілхан ханым. Ес жиып, ат жалын тартып мінген кезінен баcтап талаптанып, білім іздеген. Өскемендегі уездік орыс-қазақ мектебін бітірген соң, Омбыдағы классикалық гимназияға оқуға түседі. Қазақша, орысша екі тілге бірдей жетік болып, зеректігімен жұрт назарына ілігеді. 1897 жылы гимназияны жаксы нәтижемен бітірген ол жоғары білім алуды армандап, алғаш Қазан университетіне түседі. 1899 жылы Санкт-Петербургтегі Император университетінің заң факультетіне ауысады. Университетті 1902 жылы заңгер мамандығы бойынша бітіріп шығады. Р.Мәрсеков қазақтан шыққан білікті заңгерлердің бірі еді. Әлеуметтік жағдай, заманның талабы Райымжанға тек қана заңгерлікпен шұғылдану жеткілікті болмайтынын ұқтырады. Ол қолына қалам алып, қазақ халқының рухани кұндылыктары, әлеуметтік әл-ауқаты туралы мақалалар жазып, дарынды публицист ретінде танылады.
Сол кездің өзінде 1899-1900 жылдары «Дала уәлаятының газетінде» оның ойлы мақалалары жарық көреді. Райымжан ол кездегі еңбектерінде әйел теңдігі мәселесін көтереді. Қазақ билерінің дау шешу әдістерінің астарын талдайды. Қазақ арасындағы сайлаудың халықты ірітуге бағытталған жиіркенішті сырын ашып көрсетеді. Қазақ халқының тарихы мен әлуметтік өмірін зерттеген еңбектері кезінде ғылыми ортаның қызу қолдауына ие болады. Сөйтіп, 1908 жылы Орыс география қоғамы Батыр Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің мүшесі болып қабылданады.
1902-1908 жылдары Семейдің округтік сотында қызмет атқарды. Ол кезде Семей округтік сотына қазақтардың істері көп келетін. Көбінше дауласқан екі жақтың екеуі де қазақ болып келеді. Мұндай істерде Райымжан әділдік ұстанымын сақтай отырып, ағайын арасының ашылып кетпеуіне септігі тиетін шешім қабылдауға тырысады. 1908 жылдан 1912 жылға дейін Омбының сот палатасында жұмыс істеген. Ол қандай жұмыс істесе де, ұлт тағдырына жанашырлық пейілінен айнымайды. 1912-1917 жылдар аралығында Семейде заңгер, адвокат болып істеген. Бұл қызметтерде ол асқан шешендігімен, парасаттылығымен халқы үшін қызмет етеді.
1912 жылдан кейін ол қоғамға толысқан, кемел ойлы қайраткердің көзімен қарай бастайды. 1912-1916 жылдары «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде жарық көрген патша үкіметінің отаршылдық саясатының сырын әшкерелеген мақалалары оның жанкешті ерлігін танытады. Ол өз шығармаларында қазақ қоғамы болашақта қалай дамуы қажет деген мәселе жөнінде де толғанады.
Райымжан Алаш қозғалысына құлшына араласып, оның жетекшілерінің біріне айналды. Алаш үкіметіне, қазақ халқына қалтқысыз адал қызмет етті. Саяси күрес барысында өзі де кемеліне келіп толысты. Халқының жоғын жоқтап, мүддесін қорғауды басты мақсатым деп білді. Қазақ халқының рухани жақтан толысуында Алаш зиялыларының орны ерекше. Олар қоғамның қай саласында жүрсе де, халықтың ұлттық өнері мен мәдениетін дамытуды назардан тыс қалдырмады. Солардың бірі Р.Мәрсеков еді. Ол Семейдегі «Сарыарқа» газетін ұйымдастыруға қатысты, біраз уақыт жауапты шығарушысы да болды. Бұл кезде ол Алаштың белсенді де белді қайраткерлерінің біріне айналды. 1915 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақ әдебиетінің жайынан» атты мақаласы қазақ әдебиетінің тарихын тану мен дәуірлеу туралы ғылыми ой бастауларының бірі болып қалды.
1917 жылы Семейде қазақ комитеті құрылғанда оның төрағасы болып сайланды. Сонымен бірге уақытша үкіметтің облыстық атқару комитетіне мүше болады. 1917 жылы 27 сәуір мен 7 мамыр аралығында Семей облыстық қазақ съезі өтеді. Осы съезді ұйымдастыруға мұрындық болған және жетекшілік еткен азаматтардың бірі ретінде тарих бетіне жазылды. Сол жылы кұзде Алаш партиясы атынан Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутат болып сайланды.
1918-1919 жылдары Семей облыстық жер басқармасының төрағасы болды. Осындай жауапты, лауазымды қызметтерде жүріп, қазақ қоғамында жаңаша сот қағидасын қалыптастыру, соттар ұйымдастыру, Алаш әскерін жасақтау, жер дауын шешу, елді азық-түлікпен қамту, қазақ жастарын оқыту ісін жүйелі жолға қою сияқты ұлттың көкейтесті мәселелеріне көңіл бөліп, соған пайдасы, себі тиетін қадамдар жасап отырған 1918-1919 жылдары Семейде Алаш әскері жасақталғанда, Р.Мәрсеков тағы да көш басынан табылады. Алашорда атынан А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, С.Аманжоловпен бірге Шәуешек қаласындағы Ресей консулдығы арқылы қызылдарға қарсы күрес жүргізу үшін Қытай үкіметінен қару-жарақ алу туралы келіссөз жүргізуге қатынасқан. Алайда, бұл келіссөздің нәтижелі болмағаны белгілі. Өйткені А.Байтұрсынұлына 500 ат беремін деп ауызша уәде берген Таңғыт үкірдайдың өзін Қытай үкіметі кейін сол жомарттығы үшін өлім жазасына кеседі. Алашорда үкіметі таратылып, Қазақ автономиясы құрылғанда кеңес үкіметі Алаш зиялыларына кеңшілік жасағансиды. Шын мәнінде, ол ұлтын сүйген қайраткерлерге «түзелу» орайын беру еді. Осы орайда оларды қоғамдық жұмысқа да араластырған, солардың қатарында Р.Мәрсеков те үкімет жұмысына тартылады. 1920 жылдан 1922 жылдың маусым айына дейін Семей губерниялық атқару комитетінің ақпарат-нұсқау бөлімінде нұсқаушы-тексеруші болып қызмет атқарады. Шынына келгенде, осы кезден бастап қоғамдық саяси қызметтен шеттетіліп, кеңес үкіметінің жауы ретінде бақылауға, кейін қуғынға ұшырайды. Р.Мәрсеков 1922 жылы Қытайға қашып өтеді. Сол жақтағы жергілікті ел оны құрметпен қарсы алады. Қоғам қайраткері Райымжан Мәрсеков 1937 «Халық жауы» деген атпен ұсталды.
Р.Мәрсековтің Қытайдағы тағдыры туралы дерек аз, сол аз деректердің өзінде қайшылықтар көп кездеседі. Р.Мәрсековтің қашан, қайда қайтыс болғаны толық мәлім емес. Бір деректерде «Құлжа тұрмесінде өлді» делінсе, екінші бір деректерде «Семей түрмесінде өлген» делінеді.
Райымжан Мәрсековтың фотосуреті
Қазақ елі егемендік алғалы Алаш арыстарына арнап көптеген зерттеу мақалалар мен кітаптар шығып жатыр. Сондай кітаптардың бірі "Арыс" баспасы басып шығарған Алаштың аса көрнекті қайраткері Райымжан Мәрсекұлының "Қазақ қайда бара жатыр?" Алматы, 2001 деген мақалалар топтамасы. Топтаманың соңғы беттерінде "Өкінішке орай, оның фотобейнесі сақталмағандықтан кітап бетіне бере алмадық", - деп кітап құрастырушылардың бірі (С.Смағұлова) қынжылыс білдіреді.
Енді, Райымжан Мәрсекұлының балаң жас кезіндегі суретін архивтен іздестіріп тауып, сол бейне арқылы топсуреттегі сақа жігіт кезіндегі беймәлім суретін анықтауға мүмкіншілік туды.
Суретте Әлихан Бөкейханұлының Семей қаласына келуіне орай оны қарсы алып, Алаш партиясына материялдық көмек берген Семей, Өскемен, Зайсан уездерінің ауқатты адамдарымен бірге суректе түскен. Осы адамдардың басын қосып, көмек қорын ұйымдастырушы, Өскемен уезінің зиялысы, Райымжан Мәрсековтың өзі екені белгілі. Райымжан Әлихан Бөкейхановтың оң жағында отырған орта бойлы, костюм-шалбар киіп, зиялы азамат. Бұрын ол бейненің Райымжан екендігі белгісіз болып келген, кейін енді оның Р.Мәрсеков екендігі белгілі болды. Себебі: 1) Бозбала Райымжанның сақа жігіт Райымжанның бейнесіне сырттай ұқсатқызып үйлесіп, дәл келіп тұр, бет-әлбеті, шаш-мұрты дегендей. 2) Осы суреттегі бейненің бойы ортадан аласа екендігі көрініп тұр. Райымжанның бойы замандастарының жазуынша аласа бойлы болса керек. Мысалы, Көлбай Төгісов Райымжан туралы жазғанда: "Райымжан бір қарыс бойымен қарсымда тұр еді" немесе "қоянның қалжасынан түңіл, бойын көріп" (Райымжанның сөзінде шындық бар ма? // Көлбай Төгісов, Шығармалары. А., "Алаш" ,2003) - деп жазады.
Документалды фильмдер
- «Тарих. Тағдыр. Тұлға». Райымжан Мәрсеков. «Абырой ісі» ("Хабар", 21 желтоқсан 2019)
- "Менің атам Райымжан Мәрсеков" ("Kazakh TV", 2013)
- "Беймәлім Алаш. Райымжан Мәрсеков" (, 5 желтоқсан 2019)
- "ХХ ғасырдың басындағы қазақ ағартушыларының саңлақтар тобы (Адамдар жолы, 2019) "
- " Алаш-Орда. Олардың берілгілері келмеді. Тарих құпиялары " ("Kazakh TV", 2014)
Дереккөздер
- Х.М.Ғабжалилов Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Найман — Алматы: Алаш ТЗО, Полиграфкомбинат, 2008. — Т. 10. — 430 б. — 1000 таралым. — ISBN 9965-765-21-09.
- Райымжан Мәрсеков (1879-1937) – Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы (kk-KZ).
- http://alash.semeylib.kz/?page_id=373
- « Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
- Тарих. Тағдыр. Тұлға. Райымжан Мәрсеков. Абырой ісі. Хабар TANYM.
- Faces of history - " Менің атам Райымжан Мәрсеков ". Қазақстан Тарихы.
- Алаш. Райымжан Мәрсеков. Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы.
- ХХ ғасырдың басындағы қазақ ағартушыларының саңлақтар тобы (Адамдар жолы, 2019). Дорога людей.
- Алаш-Орда. Олардың берілгілері келмеді. Құпиялар. The2mproduction.
Әдебиет
- Дулатбеков, Нұрлан. Алаш ардақтылары : Санкт -Петербург іздері [Мәтін] / Н. Дулатбеков. - Қарағанды : Болашақ -баспа, 2012. - 188 б.
- Қазыбек Н. Тасада қалған тарландар [Мәтін] : Танымдық мақалалар / Қазыбек Н. - Алматы : Білім, 2003. - 76 б.
- Қазыбекұлы, Нұрқасым. Ағалардан қалған із [Мәтін] / Н. Қазыбекұлы. - Алматы : Қазығұрт, 2011. – 376 б.
- Қамзабекұлы, Дихан. Алаштың рухани тұғыры [Мәтін] : ғылыми зерттеу / Д. Қамзабекұлы. - Алматы : Ел шежіре, 2008. - 357 б
- Қапанов Б. Нәрін, дарын, бәрін берген - туған жер [Мәтін] : очерктер / Б. Қапанов. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2008. - 703 б.
- Сыдықов, Мүсәйіп Қыдырқанұлы. Терістаңбалы шежіресі [Мәтін] : тоғыз таңбалы найман / М. Қ. Сыдықов. - Павлодар : Сытин, 2013. - 694 б.
- Өзбекұлы С. Арыстары Алаштың [Мәтін] : Тарихи очерктер / Өзбекұлы С. - Алматы : Жеті жарғы, 1998. - 192 б.
- Өзбекұлы С. ХVІІ ғасырдың соңы- XX ғасырдың бас кезеңінде Қазақстандағы саяси- құқықтық ой-пікірдің тарихы және қайраткерлері [Мәтін] : Автореферат / Өзбекұлы С. - Алматы : Б.ж., 1997. - 52 б.
- Әлина Р. Райымжан Мәрсеков – алыстағы жылдардың қасіретті тағдыры: (адвокат) // Дидар.-1999.-10 шілде.-2 б.
- Мәрсеков Р. // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 6- том.-Алматы, 2004.-427 б.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Rajymzhan Mәrsekov 1877 zhyly Semej oblysy Өskemen uezi Ajyrtau bolysynda tugan kajda kashan kajtys bolgany tolyk mәlim emes Alash kozgalysynyn asa kornekti kajratkeri Alash kozgalysynyn negizin salushylardyn biri zanger publicist kazaktyn mүddesin kozdep kamyn zhegen ult ojshyly edi Rajymzhan Mәrsekuly MәrsekovRajymzhan Mәrsektin fotosuretiLauazymyTu Alashorda avtonomiyaly үkimetinin basshylarynyn biri13 zheltoksan 1917 5 nauryz 1920ӨmirbayanyPartiyasyAlashBilimiOmby tehnikalyk uchilishesi Orman sharuashylygy instituty Sankt Peterburg Moskva Zan zhәne Sot instituty Mamandygypublicist galym audarmashy dramaturgDini sүnnettilik islamDүniege kelui 1877 1877 Өskemen uezi Semej oblysy Қajtys boluy belgisizӘkesi Mәrsek MarsekulyAnasy Tanaeva Bejilhan Omarkyzyondeu ӨmirbayanyӘkesi Mәrsektin ruy Najman ishinde Teristanbaly anasynyn ruy Najmannyn Қarakerej ishinde Zhanaj atakty uly Omar myrzanyn kyzy Bejilhan hanym Es zhiyp at zhalyn tartyp mingen kezinen bactap talaptanyp bilim izdegen Өskemendegi uezdik orys kazak mektebin bitirgen son Ombydagy klassikalyk gimnaziyaga okuga tүsedi Қazaksha oryssha eki tilge birdej zhetik bolyp zerektigimen zhurt nazaryna iligedi 1897 zhyly gimnaziyany zhaksy nәtizhemen bitirgen ol zhogary bilim aludy armandap algash Қazan universitetine tүsedi 1899 zhyly Sankt Peterburgtegi Imperator universitetinin zan fakultetine auysady Universitetti 1902 zhyly zanger mamandygy bojynsha bitirip shygady R Mәrsekov kazaktan shykkan bilikti zangerlerdin biri edi Әleumettik zhagdaj zamannyn talaby Rajymzhanga tek kana zangerlikpen shugyldanu zhetkilikti bolmajtynyn uktyrady Ol kolyna kalam alyp kazak halkynyn ruhani kundylyktary әleumettik әl aukaty turaly makalalar zhazyp daryndy publicist retinde tanylady Sol kezdin ozinde 1899 1900 zhyldary Dala uәlayatynyn gazetinde onyn ojly makalalary zharyk koredi Rajymzhan ol kezdegi enbekterinde әjel tendigi mәselesin koteredi Қazak bilerinin dau sheshu әdisterinin astaryn taldajdy Қazak arasyndagy sajlaudyn halykty irituge bagyttalgan zhiirkenishti syryn ashyp korsetedi Қazak halkynyn tarihy men әlumettik omirin zerttegen enbekteri kezinde gylymi ortanyn kyzu koldauyna ie bolady Sojtip 1908 zhyly Orys geografiya kogamy Batyr Sibir boliminin Semej bolimshesinin mүshesi bolyp kabyldanady 1902 1908 zhyldary Semejdin okrugtik sotynda kyzmet atkardy Ol kezde Semej okrugtik sotyna kazaktardyn isteri kop keletin Kobinshe daulaskan eki zhaktyn ekeui de kazak bolyp keledi Mundaj isterde Rajymzhan әdildik ustanymyn saktaj otyryp agajyn arasynyn ashylyp ketpeuine septigi tietin sheshim kabyldauga tyrysady 1908 zhyldan 1912 zhylga dejin Ombynyn sot palatasynda zhumys istegen Ol kandaj zhumys istese de ult tagdyryna zhanashyrlyk pejilinen ajnymajdy 1912 1917 zhyldar aralygynda Semejde zanger advokat bolyp istegen Bul kyzmetterde ol askan sheshendigimen parasattylygymen halky үshin kyzmet etedi 1912 zhyldan kejin ol kogamga tolyskan kemel ojly kajratkerdin kozimen karaj bastajdy 1912 1916 zhyldary Ajkap zhurnaly men Қazak gazetinde zharyk korgen patsha үkimetinin otarshyldyk sayasatynyn syryn әshkerelegen makalalary onyn zhankeshti erligin tanytady Ol oz shygarmalarynda kazak kogamy bolashakta kalaj damuy kazhet degen mәsele zhoninde de tolganady Rajymzhan Alash kozgalysyna kulshyna aralasyp onyn zhetekshilerinin birine ajnaldy Alash үkimetine kazak halkyna kaltkysyz adal kyzmet etti Sayasi kүres barysynda ozi de kemeline kelip tolysty Halkynyn zhogyn zhoktap mүddesin korgaudy basty maksatym dep bildi Қazak halkynyn ruhani zhaktan tolysuynda Alash ziyalylarynyn orny erekshe Olar kogamnyn kaj salasynda zhүrse de halyktyn ulttyk oneri men mәdenietin damytudy nazardan tys kaldyrmady Solardyn biri R Mәrsekov edi Ol Semejdegi Saryarka gazetin ujymdastyruga katysty biraz uakyt zhauapty shygarushysy da boldy Bul kezde ol Alashtyn belsendi de beldi kajratkerlerinin birine ajnaldy 1915 zhyly Қazak gazetinde zhariyalangan Қazak әdebietinin zhajynan atty makalasy kazak әdebietinin tarihyn tanu men dәuirleu turaly gylymi oj bastaularynyn biri bolyp kaldy 1917 zhyly Semejde kazak komiteti kurylganda onyn toragasy bolyp sajlandy Sonymen birge uakytsha үkimettin oblystyk atkaru komitetine mүshe bolady 1917 zhyly 27 sәuir men 7 mamyr aralygynda Semej oblystyk kazak sezi otedi Osy sezdi ujymdastyruga muryndyk bolgan zhәne zhetekshilik etken azamattardyn biri retinde tarih betine zhazyldy Sol zhyly kuzde Alash partiyasy atynan Bүkilresejlik kuryltaj zhinalysyna deputat bolyp sajlandy 1918 1919 zhyldary Semej oblystyk zher baskarmasynyn toragasy boldy Osyndaj zhauapty lauazymdy kyzmetterde zhүrip kazak kogamynda zhanasha sot kagidasyn kalyptastyru sottar ujymdastyru Alash әskerin zhasaktau zher dauyn sheshu eldi azyk tүlikpen kamtu kazak zhastaryn okytu isin zhүjeli zholga koyu siyakty ulttyn kokejtesti mәselelerine konil bolip sogan pajdasy sebi tietin kadamdar zhasap otyrgan 1918 1919 zhyldary Semejde Alash әskeri zhasaktalganda R Mәrsekov tagy da kosh basynan tabylady Alashorda atynan A Bajtursynuly M Dulatov S Amanzholovpen birge Shәueshek kalasyndagy Resej konsuldygy arkyly kyzyldarga karsy kүres zhүrgizu үshin Қytaj үkimetinen karu zharak alu turaly kelissoz zhүrgizuge katynaskan Alajda bul kelissozdin nәtizheli bolmagany belgili Өjtkeni A Bajtursynulyna 500 at beremin dep auyzsha uәde bergen Tangyt үkirdajdyn ozin Қytaj үkimeti kejin sol zhomarttygy үshin olim zhazasyna kesedi Alashorda үkimeti taratylyp Қazak avtonomiyasy kurylganda kenes үkimeti Alash ziyalylaryna kenshilik zhasagansidy Shyn mәninde ol ultyn sүjgen kajratkerlerge tүzelu orajyn beru edi Osy orajda olardy kogamdyk zhumyska da aralastyrgan solardyn katarynda R Mәrsekov te үkimet zhumysyna tartylady 1920 zhyldan 1922 zhyldyn mausym ajyna dejin Semej guberniyalyk atkaru komitetinin akparat nuskau boliminde nuskaushy tekserushi bolyp kyzmet atkarady Shynyna kelgende osy kezden bastap kogamdyk sayasi kyzmetten shettetilip kenes үkimetinin zhauy retinde bakylauga kejin kugynga ushyrajdy R Mәrsekov 1922 zhyly Қytajga kashyp otedi Sol zhaktagy zhergilikti el ony kurmetpen karsy alady Қogam kajratkeri Rajymzhan Mәrsekov 1937 Halyk zhauy degen atpen ustaldy R Mәrsekovtin Қytajdagy tagdyry turaly derek az sol az derekterdin ozinde kajshylyktar kop kezdesedi R Mәrsekovtin kashan kajda kajtys bolgany tolyk mәlim emes Bir derekterde Қulzha turmesinde oldi delinse ekinshi bir derekterde Semej tүrmesinde olgen delinedi Rajymzhan Mәrsekovtyn fotosuretiҚazak eli egemendik algaly Alash arystaryna arnap koptegen zertteu makalalar men kitaptar shygyp zhatyr Sondaj kitaptardyn biri Arys baspasy basyp shygargan Alashtyn asa kornekti kajratkeri Rajymzhan Mәrsekulynyn Қazak kajda bara zhatyr Almaty 2001 degen makalalar toptamasy Toptamanyn songy betterinde Өkinishke oraj onyn fotobejnesi saktalmagandyktan kitap betine bere almadyk dep kitap kurastyrushylardyn biri S Smagulova kynzhylys bildiredi Endi Rajymzhan Mәrsekulynyn balan zhas kezindegi suretin arhivten izdestirip tauyp sol bejne arkyly topsurettegi saka zhigit kezindegi bejmәlim suretin anyktauga mүmkinshilik tudy Ә Bokejhanov zhәne R Mәrsekov Alash kozgalysyna komektesken Semej Altaj kazaktarynyn igi zhaksylarymen birge Surette Әlihan Bokejhanulynyn Semej kalasyna keluine oraj ony karsy alyp Alash partiyasyna materiyaldyk komek bergen Semej Өskemen Zajsan uezderinin aukatty adamdarymen birge surekte tүsken Osy adamdardyn basyn kosyp komek koryn ujymdastyrushy Өskemen uezinin ziyalysy Rajymzhan Mәrsekovtyn ozi ekeni belgili Rajymzhan Әlihan Bokejhanovtyn on zhagynda otyrgan orta bojly kostyum shalbar kiip ziyaly azamat Buryn ol bejnenin Rajymzhan ekendigi belgisiz bolyp kelgen kejin endi onyn R Mәrsekov ekendigi belgili boldy Sebebi 1 Bozbala Rajymzhannyn saka zhigit Rajymzhannyn bejnesine syrttaj uksatkyzyp үjlesip dәl kelip tur bet әlbeti shash murty degendej 2 Osy surettegi bejnenin bojy ortadan alasa ekendigi korinip tur Rajymzhannyn bojy zamandastarynyn zhazuynsha alasa bojly bolsa kerek Mysaly Kolbaj Togisov Rajymzhan turaly zhazganda Rajymzhan bir karys bojymen karsymda tur edi nemese koyannyn kalzhasynan tүnil bojyn korip Rajymzhannyn sozinde shyndyk bar ma Kolbaj Togisov Shygarmalary A Alash 2003 dep zhazady Dokumentaldy filmder Tarih Tagdyr Tulga Rajymzhan Mәrsekov Abyroj isi Habar 21 zheltoksan 2019 Menin atam Rajymzhan Mәrsekov Kazakh TV 2013 Bejmәlim Alash Rajymzhan Mәrsekov 5 zheltoksan 2019 HH gasyrdyn basyndagy kazak agartushylarynyn sanlaktar toby Adamdar zholy 2019 Alash Orda Olardyn berilgileri kelmedi Tarih kupiyalary Kazakh TV 2014 DerekkozderH M Ғabzhalilov Қazak ru tajpalarynyn tarihy Najman Almaty Alash TZO Poligrafkombinat 2008 T 10 430 b 1000 taralym ISBN 9965 765 21 09 Rajymzhan Mәrsekov 1879 1937 Shygys Қazakstan oblystyk Abaj atyndagy әmbebap kitaphanasy kk KZ http alash semeylib kz page id 373 Alash kozgalysy Almaty 2008 ISBN 9965 32 715 7 Tarih Tagdyr Tulga Rajymzhan Mәrsekov Abyroj isi Habar TANYM Faces of history Menin atam Rajymzhan Mәrsekov Қazakstan Tarihy Alash Rajymzhan Mәrsekov Qazaqstan TV Қazakstan Ұlttyk Arnasy HH gasyrdyn basyndagy kazak agartushylarynyn sanlaktar toby Adamdar zholy 2019 Doroga lyudej Alash Orda Olardyn berilgileri kelmedi Қupiyalar The2mproduction ӘdebietDulatbekov Nurlan Alash ardaktylary Sankt Peterburg izderi Mәtin N Dulatbekov Қaragandy Bolashak baspa 2012 188 b Қazybek N Tasada kalgan tarlandar Mәtin Tanymdyk makalalar Қazybek N Almaty Bilim 2003 76 b Қazybekuly Nurkasym Agalardan kalgan iz Mәtin N Қazybekuly Almaty Қazygurt 2011 376 b Қamzabekuly Dihan Alashtyn ruhani tugyry Mәtin gylymi zertteu D Қamzabekuly Almaty El shezhire 2008 357 b Қapanov B Nәrin daryn bәrin bergen tugan zher Mәtin ocherkter B Қapanov Өskemen Reklamnyj Dajdzhest 2008 703 b Sydykov Mүsәjip Қydyrkanuly Teristanbaly shezhiresi Mәtin togyz tanbaly najman M Қ Sydykov Pavlodar Sytin 2013 694 b Өzbekuly S Arystary Alashtyn Mәtin Tarihi ocherkter Өzbekuly S Almaty Zheti zhargy 1998 192 b Өzbekuly S HVII gasyrdyn sony XX gasyrdyn bas kezeninde Қazakstandagy sayasi kukyktyk oj pikirdin tarihy zhәne kajratkerleri Mәtin Avtoreferat Өzbekuly S Almaty B zh 1997 52 b Әlina R Rajymzhan Mәrsekov alystagy zhyldardyn kasiretti tagdyry advokat Didar 1999 10 shilde 2 b Mәrsekov R Қazakstan Ұlttyk enciklopediya 6 tom Almaty 2004 427 b