Алаш (ежелгі түрік сөзі — бауырластар, қандастар, туыстар) — көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым.
Орта ғасырлық және одан ерте кезеңдегі деректерде қазақтың өз алдына ел болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы. Алаш аты тарихта кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады. Моңғол — татар — қазақ шежірелерінде Алаш (Алашы) хан туралы айтылады. Кеген тас жазуында (б.з.б. 4 ғ. шамасында) “Қаған алты бөріг алаш(а) ерті” деген жолдар, Алтай тауының Сібір жағында () Алаш атты өзен, Алаш атты тау сілемдері бар. Алаш атауы бүгінгі күнге дейін түрікмен, қырғыз, қазақ, ноғай т.б. халықтардың есінде сақталған. Кеген тас жазуында “алты бөріг” (“алты қасқыр”) деген сөздің “” мағынасын беретіні жөнінде (үйсін, қаңлы, қырғыз, хақас, татаб-татар, сяньби-ғұн тайпалары) ғыл. болжамдар бар. Алаш туралы аңыздарда мал-мүлікке жеке меншік болмаған кездегі қауым тұрмысының сілемі байқалады. “Алаш — алаш болғанда, Ала тай ат болғанда, Таңбасыз тай, енсіз қой болғанда” деп келетін сөздер осыған меңзейді.
Қазақ халқының басын құрайтын ежелгі тайпалардың көпшілігі Оғыз қағанға бағынғанын ескерсек, “Алты Алаш” деген ұғымды оғыздың алты ұлына ерген ел деп те түсінуге болады. Бұл тұрғыдан алғанда Алаш деген ортақ түріктік атау Алтын Орда (Қыпшақ мемлекеті) ыдырағаннан кейінгі кезде қайтадан жаңғырған бауырлас түрік халықтарының басын біріктіру ұраны, ортақ атауы да болған сияқты. Ал, енді қара қазақ шақыратын “Алаш” ұраны “алаш — алаш болғанда, Алаша хан болғанда, бұл қалмаққа не қылмадық” деген сөздер кейінгі Алаша есімімен байланысты деу қисынға келеді. Бұл орайда Саққұлақ би шежіресін, Ә.Диваевтың, Г.Н. Потаниннің, Ш.Уәлихановтың, А.Янушкевичтің, Ш.Құдайбердіұлының, Мұхаметжан Тынышбаевтың ел арасынан жинаған аңыз-әңгімелерін, күнделік жазбалары мен ғыл. мақалаларын атаған жөн. Олардың бірінде —алапес болып туған бала, екіншісінде — алашаға отырғызып көтерген хан, үшіншісінде — Ұлытаудан асырып тастаған баланың әскербасы болғаны, төртіншісінде — қалмақты қорқыту үшін “Алаш” сөзін ұран еткені айтылады. Соның қай-қайсысы да Алаштың хан болғандығын, қара халықты соңынан ертіп, айбарының асқандығын дәріптейді. Ескі шежіре деректерінде Алаш атауы қазақ халқының синонимі ретінде келтіріледі. Мыс., Қадырғали Жалаири өз еңбегінде қазақтың орнына Алаш атауын қолданады. Шежірелердің бірінде Алашқа өзбек, түрікмен, қарақалпақ, қырғыз, қазақ, ноғайды жатқызады. “” жырында (“Тамашаға жиылсын, Алты Алаштың баласы”), Бұқар жыраудың Абылай ханға айтқанында (“Он сан Алаш баласын, жұмсап бір тұрсың қолыңмен”), Махамбеттің (“Алты сан Алаш ат бөліп, тізгінін берсе қолыма”) өлеңдерінде Алаш сөзі қазақ атауының баламасы ретінде берілген. “Атамыз — Алаш, керегеміз — ағаш” деген қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі Алаш ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің ұраны етіп алды. Соның дәлелі ретінде “Алаш қозғалысы”, “Алашорда”, “Алаш” деген ұғымдарды атауға болады. “Алаш азаматы” деу қазақ халқының ауыз бірлігіне, елдің, жердің тұтастығына меңзейді.
Алаш сөзімен байланысты
- Алаш басылымы — демократиялық-ағартушылық бағыттағы алғашқы қазақ басылымдарының бірі.
- Алаша — әртүрлі түске боялған мақта, жүн жіптерінен өрмекпен тоқылатын төсеніш мүлік.
- Алаш автономиясы
- Алаш қозғалысы
- Алаша (Алаш) хан — халық аңызы бойынша “Алты алашты” құраған тайпалардың түп атасы.
- Алаша хан күмбезі
- Алаш Баһадүр — Дешті Қыпшақтың атақты батырларының бірі, аймақ билеуші
- Жас Алаш — үнжария.
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Baska magynalar үshin Alash ajryk degen betti karanyz Alash ezhelgi tүrik sozi bauyrlastar kandastar tuystar kone zamanda tүrki halyktary boline kojmagan kauym kezinde dүniege kelgen ugym Orta gasyrlyk zhәne odan erte kezendegi derekterde kazaktyn oz aldyna el bolyp handyk kurganga dejingi ezhelgi tajpalarynyn ortak atauy Alash aty tarihta kezdesetin en kone ataulardyn kataryna zhatady Mongol tatar kazak shezhirelerinde Alash Alashy han turaly ajtylady Kegen tas zhazuynda b z b 4 g shamasynda Қagan alty borig alash a erti degen zholdar Altaj tauynyn Sibir zhagynda Alash atty ozen Alash atty tau silemderi bar Alash atauy bүgingi kүnge dejin tүrikmen kyrgyz kazak nogaj t b halyktardyn esinde saktalgan Kegen tas zhazuynda alty borig alty kaskyr degen sozdin magynasyn beretini zhoninde үjsin kanly kyrgyz hakas tatab tatar syanbi gun tajpalary gyl bolzhamdar bar Alash turaly anyzdarda mal mүlikke zheke menshik bolmagan kezdegi kauym turmysynyn silemi bajkalady Alash alash bolganda Ala taj at bolganda Tanbasyz taj ensiz koj bolganda dep keletin sozder osygan menzejdi Қazak halkynyn basyn kurajtyn ezhelgi tajpalardyn kopshiligi Ogyz kaganga bagynganyn eskersek Alty Alash degen ugymdy ogyzdyn alty ulyna ergen el dep te tүsinuge bolady Bul turgydan alganda Alash degen ortak tүriktik atau Altyn Orda Қypshak memleketi ydyragannan kejingi kezde kajtadan zhangyrgan bauyrlas tүrik halyktarynyn basyn biriktiru urany ortak atauy da bolgan siyakty Al endi kara kazak shakyratyn Alash urany alash alash bolganda Alasha han bolganda bul kalmakka ne kylmadyk degen sozder kejingi Alasha esimimen bajlanysty deu kisynga keledi Bul orajda Sakkulak bi shezhiresin Ә Divaevtyn G N Potaninnin Sh Uәlihanovtyn A Yanushkevichtin Sh Қudajberdiulynyn Muhametzhan Tynyshbaevtyn el arasynan zhinagan anyz әngimelerin kүndelik zhazbalary men gyl makalalaryn atagan zhon Olardyn birinde alapes bolyp tugan bala ekinshisinde alashaga otyrgyzyp kotergen han үshinshisinde Ұlytaudan asyryp tastagan balanyn әskerbasy bolgany tortinshisinde kalmakty korkytu үshin Alash sozin uran etkeni ajtylady Sonyn kaj kajsysy da Alashtyn han bolgandygyn kara halykty sonynan ertip ajbarynyn askandygyn dәriptejdi Eski shezhire derekterinde Alash atauy kazak halkynyn sinonimi retinde keltiriledi Mys Қadyrgali Zhalairi oz enbeginde kazaktyn ornyna Alash atauyn koldanady Shezhirelerdin birinde Alashka ozbek tүrikmen karakalpak kyrgyz kazak nogajdy zhatkyzady zhyrynda Tamashaga zhiylsyn Alty Alashtyn balasy Bukar zhyraudyn Abylaj hanga ajtkanynda On san Alash balasyn zhumsap bir tursyn kolynmen Mahambettin Alty san Alash at bolip tizginin berse kolyma olenderinde Alash sozi kazak atauynyn balamasy retinde berilgen Atamyz Alash keregemiz agash degen kazak halky ulttyk tәuelsizdik zholyndagy kүresinde ezhelgi Alash ugymyna kajta oralyp ony bostandyk pen birliktin urany etip aldy Sonyn dәleli retinde Alash kozgalysy Alashorda Alash degen ugymdardy atauga bolady Alash azamaty deu kazak halkynyn auyz birligine eldin zherdin tutastygyna menzejdi Alash sozimen bajlanystyAlash basylymy demokratiyalyk agartushylyk bagyttagy algashky kazak basylymdarynyn biri Alasha әrtүrli tүske boyalgan makta zhүn zhipterinen ormekpen tokylatyn tosenish mүlik Alash avtonomiyasy Alash kozgalysy Alasha Alash han halyk anyzy bojynsha Alty alashty kuragan tajpalardyn tүp atasy Alasha han kүmbezi Alash Baһadүr Deshti Қypshaktyn atakty batyrlarynyn biri ajmak bileushi Zhas Alash үnzhariya DerekkozderAjbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H Қazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz