«Хабар» — 1995 жылы құрылған басты қазақстандық телеарналардың бірі. «Хабар» агенттігінің құрамына кіреді. Қазақ және орыс тілдерінде хабар таратады. Жаңалықтар мен бағдарламалар эфирге астаналық «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінен шығады.
Хабар | |
Ел | |
---|---|
Хабар тарату уақыты | 20 сағат |
Хабар тарату тілдері | |
Басқару орталығы | Астана, Д. Қонаев көшесі, 4 |
Бейне форматы | 16:9 |
Арнаның тақырыптамалары | әмбебап |
Хабар таратуын бастады | 23 қазан 1995 |
Иесі | |
Директоры | Жайнагүл Төлеміс |
Туыстас арналар | |
Сайт | khabar.kz |
Қолжетімділік | |
Спутник | |
Тарихы
1994 жылы 20 мамырда Алматы қаласындағы Қазақ ТВ ақпараттық қызмет базасы негізінде «Қазақстан телевидениесі және радиосы» республикалық корпорация құрылымында «Хабар» ұлттық телевизиялық ақпарат агенттігі құрылды. Дәл сол уақытта «Хабар» деген брендпен алғашқы жаңалықтар эфирге шықты.
1995 жылы 23 қазанда ҚР Үкіметінің қаулысымен “Хабар” Агенттігі Республикасы мемлекеттік мекемесі болып құрылды. «Хабар» Агенттігі» РМК «Қазақстан-1» телеарнасына тіркеліп, «Хабарға» 4,9 сағат жариялау уақыты берілді.
1997 жылдың 27 қаңтарынан бастап «Хабар» телеарнасы өз жиілігінде хабар тарата бастады. Тәулігіне 14 сағат хабар таратқан телеарнаның эфирінде аппараттық бағдарламалармен қатар, танымдық, ойын-сауық бағдарламалары, ток-шоу, музыкалық концерттер көрсетілді. Басымдық жаңалықтарға берілді.
«Хабар» арнасының бағдарламаларын көретін аудитория тек республика халқы емес, оған іргелес жатқан Ресей Федерациясының, Қытайдың және Орта Азияның бірқатар елдерінің аймақтары қосылды.
«Хабар» агенттігінің даму барысында шетелдік ақпараттық агенттіктермен серіктестік қарым-қатынастар орнатылды. Спутниктік жүйе байланысы бойынша WTN, CNN, Reuters сияқты ірі шетелдік ақпараттық агенттіктерден шетел жаңалықтарын жылдам алатын болды.
1998 жылы «Хабар» агенттігі жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен жабық акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Осы кезде Астанада «Хабар» Агенттігі» ЖАҚ Орталық бюросы филиал ретінде құрылды. 2003 жылы «Хабар» агенттігі «Хабар» Агенттігі» АҚ болып қайта тіркелді.
Үздік аймақтық журналистерді таңдауда корреспонденттік пункттерді техникалық жағынан жабдықтауда, ақпаратты жариялау тәсілдерін ойластырудағы жұмыстардың қиындығы ең бірінші Р.С.Ахметова және З.А. Нұрмұрат сияқты корреспонденттік желі редакторларының мойнына түсті. 1996 жылдың аяғына қарай Ақмола, Қарағанды, Семей қалаларында корреспонденттік пункттер құрылды. 1999 жылы 14 пункттен тұратын еліміздегі ең ірі корреспонденттік желі құрылды. Аз уақыттан кейін ТМД елдерінде корреспонденттік пункттер ашылды.
«Хабардың» ақпараттық қызметі жаңалықтар жүргізуде инновациялық тәсілдерді қолдана бастады: онлайн-қосылу, breaking news, телекөпір. Көптеген кәсіби телевизиялық әдіс-тәсілдер қазақстандық тележурналистика тарихында алғаш рет қолданылды. 1998 жылы «Хабар» live режимінде «Мир» ғарыштық станциясына қосылды.
Агенттік біртіндеп жанрлық өрісін кеңейтіп, эфирде жаңалықтардан басқа мәдени, танымдық, ойын-сауықтық жобалар, ток-шоу, музыкалық концерттер де пайда бола бастады.
1995 жылы бірінші болып «Хабар-әскер», «Я – налогоплательщик», «Парламентская неделя», «Еркем-ай», «Майдан», «Сәлем: Қазақстан!», «ЭКОС» және тағы басқа бағдарламалар шықты. Алғашқы үш жылдың ішінде 30-дай жоба жасалды.
1996 жылы қазақстандық телевизия тарихының дамуында алғаш рет «Хабар» агенттігі телехикая түсіруді бастап, көрермен назарына «Тоғысқан тағдырлар» сериалын ұсынды. Түсірілім төрт жылға созылды. Өндіріс кезеңінде толығымен 465 серия түсіріліп, эфирге шықты. 1998 жылы ТМД елдерінің медиафорумында «Тоғысқан тағдырлар» туындысы ең үздік телехикая атанды.
2000 жылдары «Хабар» эфирінде «Хабар-ньюс», «Бизнес-Хабар», «Хабар-жер» сияқты және тағы басқа 40-тан астам жаңа жоба шықты. Осы кездері хабар тарату кестесіне «Ұят болмасын...» ойын-сауық отауы, «Алтыбақан», «Кулинарное шоу» және тағы басқа ойын-сауық бағдарламалар енген болатын. Экономика, қаржы саласына арналған бағдарламалар да («Романсы о финансах», «Все о налогах», «Салық төлеушінің күнделігі») болды.
2001 жылы ойын-сауық, танымдық, білім саласына қатысты ток-шоу, сұхбат жанрындағы тікелей эфирде шығатын жобалар көрсетілді. Олардың қатарында: «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Бетпе-бет» т.б. бар.
2003 жылы телеарнаның қайта өрлеу кезеңі басталды. Эфирге 50-ден астам жоба шықты, соның ішінде «Нысана», «Азамат», «Идем на футбол», «Бармысың, бауырым» сияқты жобалар бар.
2010 жылдан бастап «Хабар» агенттігі біршама үзілістен кейін өз телехикаяларын түсіруге кірісті. 2011 жылы агенттік «К вам едет доктор Ахметова», «Алдар Көсе», «Асель, друзья и подруги» сериалдарын түсірді. 2012 жылы эфирге 7 телехикая шықты: «Жаным», «Подружки», «Ғашық жүрек», «Тікелей эфир», «25-й километр», «Агент Z», «Асель, друзья и подруги-2».
2013 жылы «Хабар» телеарнасы жаңа 16:9 кең экранды форматқа көшті. 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап жаңалықтар мен бағдарламалар эфирге астаналық «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінен шығады.
2014 жылы алты телехикая жарық көрді, олардың қатарында – «Перекресток в Астане», «Пәленшеевтер», «Әр үйдің сыры басқа», «Кеңесшілер», «Махаббатым жүрегімде», «Сүрбойдақ» және biopic жанрындағы «Бауыржан Момышұлы», «Күләш».
Жүргізушілері
- Мөлдір Доспаева (Жаңалықтар)
- Сағыныш Әбікей (Жаңалықтар)
- Лаура Жакупова (Новости)
- Кира Каниболодская (Новости)
- Сергей Гергиль (Новости)
- Айбек Қосан (Талқы)
- Жігер Сәрсен (7 күн)
- Ардақ Сағидолла (7 күн)
- Дарын Олжабай (Оян!)
- Айнұр Маратқызы (Оян!)
- Марат Оралғазин (Қызық times)
- Еркебұлан Мырзабек (Қызық times)
Бағдарламалары
- Жаңалықтар
- Новости
- «Талқы» қоғамдық-саяси ток-шоуы
- «7 күн» апталық-сараптамалық бағдарламасы
- «Оян!» таңғы ақпараттық-танымдық бағдарламасы (2022-қазіргі уақытқа дейін)
- Қызық times (2014-2020, 2023-қазіргі уақытқа дейін)
- «Cover show» Мейрамбек Бесбаевпен (2022-қазіргі уақытқа дейін)
- Кім мықты?
- Біздің назарда
- Народный контроль
- Көзқарас
- Neoсеть
- Культурный контекст
- Mańdaı ter
- Асыл қазына
- Өз елім
- Алғашқы
- OinaIQ
- Асыл домбыра
- Qunar+
Мұрағат
- XXI ғасыр көшбасшысы (1999-2015, 2021-2024)
- Бес жұлдыз (2024)
- Хабарlike (2024)
- Ұйқым келмейді
- Jup-jubymen
- Жеті қазына
- Не хабар?
- Маска (2021, 2022)
- Түнгі Хабар
- Жұлдыздар айтысады
- Таңғы Хабар
- Дала battle
- Кім мықты?
- Tangy fresh
- Qalamaimyn
- Aitystar
- Жұлдызды жекпе-жек
- Tórletińiz
- Topjargan
- Ережесіз әңгіме
- Биле, Қазақстан!
- Ойжүйрік
- Зерде
- Миллион кімге бұйырады?
- Кім мықты?
- Жұлдызды дода. Звездные войны
- Орталық Хабар
- Тікелей эфир Ләйлә Сұлтанқызымен
- Менің арманым
- Ана мен бала
Логотиптері
- 1995-1997 жылдардағы бірінші логотипі
- 1997-2002 жылдардағы екінші логотипі
- 2002 жылғы 22 наурыздан 2013 жылғы 31 наурызға дейінгі үшінші логотипі
- 2013 жылғы 1 сәуірден 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі төртінші логотипі
- Бесінші логотиптің 2020 жылғы 1 қаңтардан 1 наурызға дейінгі нұсқасы
- Бесінші логотиптің 2020 жылғы 2 наурыздан 2023 жылғы 3 қыркүйекке дейінгі нұсқасы
- Бесінші логотиптің 2023 жылғы 4 қыркүйектен бері қолданылатын нұсқасы
Дереккөздер
- https://khabar.kz/kk/agency/telearnalar/khabar
- Агенттік тарихы
- «Хабар» арнасының жүргізушілері
- ТВ бағдарлама
Сыртқы сілтемелер
- «Хабар» телеарнасының ресми сайты
- «Хабар» телеарнасының онлайн көрсетілімі
- «Khabar TV» (YouTube)
- «Khabar News» (YouTube)
- «Khabar Tanym» (YouTube)
- «Khabar Sport» (YouTube)
- «Хабар» телеарнасы (Instagram)
- «Хабар» телеарнасы (TikTok)
- «Хабар» телеарнасы (Facebook)
- «Хабар» телеарнасы (X)
- «Хабар» телеарнасы (ВКонтакте)
- «Хабар» телеарнасы (Telegram)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Habar 1995 zhyly kurylgan basty kazakstandyk telearnalardyn biri Habar agenttiginin kuramyna kiredi Қazak zhәne orys tilderinde habar taratady Zhanalyktar men bagdarlamalar efirge astanalyk Қazmedia ortalygy teleradiokesheninen shygady HabarEl ҚazakstanHabar taratu uakyty20 sagatHabar taratu tilderikazaksha orysshaBaskaru ortalygy Astana D Қonaev koshesi 4 Қazmedia ortalygy Almaty Zheltoksan koshesi 185 Almatydagy filial Bejne formaty16 9Arnanyn takyryptamalaryәmbebapHabar taratuyn bastady23 kazan 1995Iesi Habar Agenttigi AҚDirektoryZhajnagүl TolemisTuystas arnalar24KZ El ArnaSajtkhabar kzҚolzhetimdilikSputnik2 Tarihy1994 zhyly 20 mamyrda Almaty kalasyndagy Қazak TV akparattyk kyzmet bazasy negizinde Қazakstan televideniesi zhәne radiosy respublikalyk korporaciya kurylymynda Habar ulttyk televiziyalyk akparat agenttigi kuryldy Dәl sol uakytta Habar degen brendpen algashky zhanalyktar efirge shykty 1995 zhyly 23 kazanda ҚR Үkimetinin kaulysymen Habar Agenttigi Respublikasy memlekettik mekemesi bolyp kuryldy Habar Agenttigi RMK Қazakstan 1 telearnasyna tirkelip Habarga 4 9 sagat zhariyalau uakyty berildi 1997 zhyldyn 27 kantarynan bastap Habar telearnasy oz zhiiliginde habar tarata bastady Tәuligine 14 sagat habar taratkan telearnanyn efirinde apparattyk bagdarlamalarmen katar tanymdyk ojyn sauyk bagdarlamalary tok shou muzykalyk koncertter korsetildi Basymdyk zhanalyktarga berildi Habar arnasynyn bagdarlamalaryn koretin auditoriya tek respublika halky emes ogan irgeles zhatkan Resej Federaciyasynyn Қytajdyn zhәne Orta Aziyanyn birkatar elderinin ajmaktary kosyldy Habar agenttiginin damu barysynda sheteldik akparattyk agenttiktermen seriktestik karym katynastar ornatyldy Sputniktik zhүje bajlanysy bojynsha WTN CNN Reuters siyakty iri sheteldik akparattyk agenttikterden shetel zhanalyktaryn zhyldam alatyn boldy 1998 zhyly Habar agenttigi zhargylyk kapitalyna memlekettin 100 pajyz katysuymen zhabyk akcionerlik kogam bolyp kajta kuryldy Osy kezde Astanada Habar Agenttigi ZhAҚ Ortalyk byurosy filial retinde kuryldy 2003 zhyly Habar agenttigi Habar Agenttigi AҚ bolyp kajta tirkeldi Үzdik ajmaktyk zhurnalisterdi tandauda korrespondenttik punktterdi tehnikalyk zhagynan zhabdyktauda akparatty zhariyalau tәsilderin ojlastyrudagy zhumystardyn kiyndygy en birinshi R S Ahmetova zhәne Z A Nurmurat siyakty korrespondenttik zheli redaktorlarynyn mojnyna tүsti 1996 zhyldyn ayagyna karaj Akmola Қaragandy Semej kalalarynda korrespondenttik punktter kuryldy 1999 zhyly 14 punktten turatyn elimizdegi en iri korrespondenttik zheli kuryldy Az uakyttan kejin TMD elderinde korrespondenttik punktter ashyldy Habardyn akparattyk kyzmeti zhanalyktar zhүrgizude innovaciyalyk tәsilderdi koldana bastady onlajn kosylu breaking news telekopir Koptegen kәsibi televiziyalyk әdis tәsilder kazakstandyk telezhurnalistika tarihynda algash ret koldanyldy 1998 zhyly Habar live rezhiminde Mir garyshtyk stanciyasyna kosyldy Agenttik birtindep zhanrlyk orisin kenejtip efirde zhanalyktardan baska mәdeni tanymdyk ojyn sauyktyk zhobalar tok shou muzykalyk koncertter de pajda bola bastady 1995 zhyly birinshi bolyp Habar әsker Ya nalogoplatelshik Parlamentskaya nedelya Erkem aj Majdan Sәlem Қazakstan EKOS zhәne tagy baska bagdarlamalar shykty Algashky үsh zhyldyn ishinde 30 daj zhoba zhasaldy 1996 zhyly kazakstandyk televiziya tarihynyn damuynda algash ret Habar agenttigi telehikaya tүsirudi bastap korermen nazaryna Togyskan tagdyrlar serialyn usyndy Tүsirilim tort zhylga sozyldy Өndiris kezeninde tolygymen 465 seriya tүsirilip efirge shykty 1998 zhyly TMD elderinin mediaforumynda Togyskan tagdyrlar tuyndysy en үzdik telehikaya atandy 2000 zhyldary Habar efirinde Habar nyus Biznes Habar Habar zher siyakty zhәne tagy baska 40 tan astam zhana zhoba shykty Osy kezderi habar taratu kestesine Ұyat bolmasyn ojyn sauyk otauy Altybakan Kulinarnoe shou zhәne tagy baska ojyn sauyk bagdarlamalar engen bolatyn Ekonomika karzhy salasyna arnalgan bagdarlamalar da Romansy o finansah Vse o nalogah Salyk toleushinin kүndeligi boldy 2001 zhyly ojyn sauyk tanymdyk bilim salasyna katysty tok shou suhbat zhanryndagy tikelej efirde shygatyn zhobalar korsetildi Olardyn katarynda HHI gasyr koshbasshysy Betpe bet t b bar 2003 zhyly telearnanyn kajta orleu kezeni bastaldy Efirge 50 den astam zhoba shykty sonyn ishinde Nysana Azamat Idem na futbol Barmysyn bauyrym siyakty zhobalar bar 2010 zhyldan bastap Habar agenttigi birshama үzilisten kejin oz telehikayalaryn tүsiruge kiristi 2011 zhyly agenttik K vam edet doktor Ahmetova Aldar Kose Asel druzya i podrugi serialdaryn tүsirdi 2012 zhyly efirge 7 telehikaya shykty Zhanym Podruzhki Ғashyk zhүrek Tikelej efir 25 j kilometr Agent Z Asel druzya i podrugi 2 2013 zhyly Habar telearnasy zhana 16 9 ken ekrandy formatka koshti 2012 zhyldyn 1 zheltoksanynan bastap zhanalyktar men bagdarlamalar efirge astanalyk Қazmedia ortalygy teleradiokesheninen shygady 2014 zhyly alty telehikaya zharyk kordi olardyn katarynda Perekrestok v Astane Pәlensheevter Әr үjdin syry baska Kenesshiler Mahabbatym zhүregimde Sүrbojdak zhәne biopic zhanryndagy Bauyrzhan Momyshuly Kүlәsh ZhүrgizushileriMoldir Dospaeva Zhanalyktar Sagynysh Әbikej Zhanalyktar Laura Zhakupova Novosti Kira Kanibolodskaya Novosti Sergej Gergil Novosti Ajbek Қosan Talky Zhiger Sәrsen 7 kүn Ardak Sagidolla 7 kүn Daryn Olzhabaj Oyan Ajnur Maratkyzy Oyan Marat Oralgazin Қyzyk times Erkebulan Myrzabek Қyzyk times BagdarlamalaryZhanalyktar Novosti Talky kogamdyk sayasi tok shouy 7 kүn aptalyk saraptamalyk bagdarlamasy Oyan tangy akparattyk tanymdyk bagdarlamasy 2022 kazirgi uakytka dejin Қyzyk times 2014 2020 2023 kazirgi uakytka dejin Cover show Mejrambek Besbaevpen 2022 kazirgi uakytka dejin Kim mykty Bizdin nazarda Narodnyj kontrol Kozkaras Neoset Kulturnyj kontekst Mandai ter Asyl kazyna Өz elim Algashky OinaIQ Asyl dombyra Qunar Muragat XXI gasyr koshbasshysy 1999 2015 2021 2024 Bes zhuldyz 2024 Habarlike 2024 Ұjkym kelmejdi Jup jubymen Zheti kazyna Ne habar Maska 2021 2022 Tүngi Habar Zhuldyzdar ajtysady Tangy Habar Dala battle Kim mykty Tangy fresh Qalamaimyn Aitystar Zhuldyzdy zhekpe zhek Torletiniz Topjargan Erezhesiz әngime Bile Қazakstan Ojzhүjrik Zerde Million kimge bujyrady Kim mykty Zhuldyzdy doda Zvezdnye vojny Ortalyk Habar Tikelej efir Lәjlә Sultankyzymen Menin armanym Ana men balaLogotipteri1995 1997 zhyldardagy birinshi logotipi 1997 2002 zhyldardagy ekinshi logotipi 2002 zhylgy 22 nauryzdan 2013 zhylgy 31 nauryzga dejingi үshinshi logotipi 2013 zhylgy 1 sәuirden 2019 zhylgy 31 zheltoksanga dejingi tortinshi logotipi Besinshi logotiptin 2020 zhylgy 1 kantardan 1 nauryzga dejingi nuskasy Besinshi logotiptin 2020 zhylgy 2 nauryzdan 2023 zhylgy 3 kyrkүjekke dejingi nuskasy Besinshi logotiptin 2023 zhylgy 4 kyrkүjekten beri koldanylatyn nuskasyDerekkozderhttps khabar kz kk agency telearnalar khabar Agenttik tarihy Habar arnasynyn zhүrgizushileri TV bagdarlamaSyrtky siltemeler Habar telearnasynyn resmi sajty Habar telearnasynyn onlajn korsetilimi Khabar TV YouTube Khabar News YouTube Khabar Tanym YouTube Khabar Sport YouTube Habar telearnasy Instagram Habar telearnasy TikTok Habar telearnasy Facebook Habar telearnasy X Habar telearnasy VKontakte Habar telearnasy Telegram