Руханияттың қоғам дамуымен байланысты.
Адамдарды моральдық азғындықтан, сезімдік жадаулықтан құтқаратын бір күш бар. Оның аты-руханият. Керек десеңіз, руханият қоғамды әлеуметтік-экономикалық құлдыраудан да алып шығады.
- Руханият-адамның дүниетанымының кеңдігінен, жанының нәзіктігінен, санасының жоғарлығынан, әділеттілік үшін белсенділігінен, өзгелерге қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігінен көрініс беретін оның ішкі әлемі. Адамның руханилығы жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтеуінен, игілікті құндылықтарды көздеуінен де көрінеді. Адамгершілік қасиеттерді қастерлейтін адам белгілі бір рухани мұраттар мен құндылықтарды ұстанады. Олардың әрекеттерінен мейірімділік, ар сақтау, ұятқа қалмауға тырысу сезіліп тұрады.
- Руханият адамға әдебиет, өнер, халық даналығы, салт, мәдени дәстүрлер, ғылым, білім арқылы келеді. Мәдениет әр түрлі құндылықтардың бірлігі ретінде адамды рухани бостандыққа жетектейді. Рухани құндылықтар өмірге мағына береді, болашаққа жол ашады. Руханиятты қадірлейтін қоғамның ғана болашағы бар.Рухани мәдениет адамның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты, қадірі, адамшылығы, ұяттылығы, тәрбиелігі, зиялылығы, қарапайымдылығы арқылы көрінеді. Адамның адамгершілік қасиеттерінің жоғарлығы- руханилықтың негізі. Ал өнер, әдебиет, ғылым мен білім адамға тәрбиелеу мен еңбектену арқасында келеді.
Рухани дамудың мәдениеттегі рөлі
Адамның рухани дамуы мәдениетте үлкен рөл атқарады. Өйткені, руханилығы жоғары адамдары бар қоғам ғана жоғары дамыған мәдениет жасай алады.Жеке адамның рухани дамуы халықтың санасымен, психологиясымен, саяси белсенділігімен ұштасып жатады. Қоғамның қалыпты рухани дамуы әлеуметтік құрылымға, әр түрлі топтарға, олардың әрекет аясына өзгерістер енгізеді. Мәдениетті адам рухани бастаулардан нәр алатын қоғамда ғана қалыптасуы мүмкін. Рухани байлығы мол адам ғана шын мәдениеттің дамуына үлес қоса алады.Тіл- аса қадірлі рухани байлық. Тілдің мәдениеттегі рөлі үлкен. Қазіргі жастар ана тілін білу, өзгелердің тілдерін құрметтеу парыз екенін қатты ескеруі керек.
Көркемөнердің рухани жетілуге ықпалы
Мәдениетті адам өзінің мәдени деңгейін үнемі арттырып, істе жоғары саналылық танытып, дүниежүзілік әдебиет және көркемөнер жетістіктерімен үзбей танысып отырады. Бос уақытын кітап оқуға, көрме, мұражай, театрға баруға, музыка тыңдауға жұмсайды.Көркемөнер әсер етпейтін адам кемде-кем. Тек оны қабылдай білу қажет. Өнер- әмбебап, бүкілхалықтық әрекет, оның қоғам дамуында аса зор өмірлік маңызы бар.Өнердің тамаша туындыларын көрген сәтте бізді әсемдікке құштарлық, ізгіниеттілік, қуаныш сезімдері билейді. Көркемдік жағынан шебер орындалған шығармалар шын мәнінде терең эстетикалық ләззат бере алады. Мұндай шығармалар жаңа мағұлмат көзі бола тұрып және рухани дүниені байытатындай әсер беріп, мағынасымен адамның барлық сезім қабілетіне ықпал етеді. Адам және оның өмірі, күресі, ойы және сезімі, қоғамдық қатынастар- өнердің басты обьектілері. Шын суреткердің шығармаларынан адамның мінезі, әрекеті және өмірге көзқарасы көрінеді, кейіпкердің адамгершілік қатынастаоынан, олардыңморальдық бейнесі байқалады. Өнер шығармаларында біз жағымды кейіпкерлермен бірге жағымсыз кейіпкерлерді де көреміз. Жақсыдан үйренеміз, жаманнан жиренеміз. Орта ғасырларда ұлы шеберлер жасаған кейіпкерлер адамгершілік дүниесі, мінез-құлқы жағынан қазіргі замандастарымызға ұқсас болып отырады. Олар қаншалықты көп қырлы болып келсе, біз үшін соншалықты қызықты.
Дереккөздер
- Адам. Қоғам. Құқық: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық / Қ.Жүкешев, Ғ. Сапарғалиев, Г.Асанбекова.-Алматы: "Мектеп" баспасы, 2005. ISBN 9965-33-303-3
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ruhaniyattyn kogam damuymen bajlanysty Adamdardy moraldyk azgyndyktan sezimdik zhadaulyktan kutkaratyn bir kүsh bar Onyn aty ruhaniyat Kerek deseniz ruhaniyat kogamdy әleumettik ekonomikalyk kuldyraudan da alyp shygady Ruhaniyat adamnyn dүnietanymynyn kendiginen zhanynyn nәziktiginen sanasynyn zhogarlygynan әdilettilik үshin belsendiliginen ozgelerge kajyrymdylygy men izgi niettiliginen korinis beretin onyn ishki әlemi Adamnyn ruhanilygy zhalpy adamzattyk kundylyktardy kurmetteuinen igilikti kundylyktardy kozdeuinen de korinedi Adamgershilik kasietterdi kasterlejtin adam belgili bir ruhani murattar men kundylyktardy ustanady Olardyn әreketterinen mejirimdilik ar saktau uyatka kalmauga tyrysu sezilip turady Ruhaniyat adamga әdebiet oner halyk danalygy salt mәdeni dәstүrler gylym bilim arkyly keledi Mәdeniet әr tүrli kundylyktardyn birligi retinde adamdy ruhani bostandykka zhetektejdi Ruhani kundylyktar omirge magyna beredi bolashakka zhol ashady Ruhaniyatty kadirlejtin kogamnyn gana bolashagy bar Ruhani mәdeniet adamnyn ajnalasyndagy adamdarmen karym katynasty kadiri adamshylygy uyattylygy tәrbieligi ziyalylygy karapajymdylygy arkyly korinedi Adamnyn adamgershilik kasietterinin zhogarlygy ruhanilyktyn negizi Al oner әdebiet gylym men bilim adamga tәrbieleu men enbektenu arkasynda keledi Ruhani damudyn mәdeniettegi roliAdamnyn ruhani damuy mәdeniette үlken rol atkarady Өjtkeni ruhanilygy zhogary adamdary bar kogam gana zhogary damygan mәdeniet zhasaj alady Zheke adamnyn ruhani damuy halyktyn sanasymen psihologiyasymen sayasi belsendiligimen ushtasyp zhatady Қogamnyn kalypty ruhani damuy әleumettik kurylymga әr tүrli toptarga olardyn әreket ayasyna ozgerister engizedi Mәdenietti adam ruhani bastaulardan nәr alatyn kogamda gana kalyptasuy mүmkin Ruhani bajlygy mol adam gana shyn mәdeniettin damuyna үles kosa alady Til asa kadirli ruhani bajlyk Tildin mәdeniettegi roli үlken Қazirgi zhastar ana tilin bilu ozgelerdin tilderin kurmetteu paryz ekenin katty eskerui kerek Korkemonerdin ruhani zhetiluge ykpalyMәdenietti adam ozinin mәdeni dengejin үnemi arttyryp iste zhogary sanalylyk tanytyp dүniezhүzilik әdebiet zhәne korkemoner zhetistikterimen үzbej tanysyp otyrady Bos uakytyn kitap okuga korme murazhaj teatrga baruga muzyka tyndauga zhumsajdy Korkemoner әser etpejtin adam kemde kem Tek ony kabyldaj bilu kazhet Өner әmbebap bүkilhalyktyk әreket onyn kogam damuynda asa zor omirlik manyzy bar Өnerdin tamasha tuyndylaryn korgen sәtte bizdi әsemdikke kushtarlyk izginiettilik kuanysh sezimderi bilejdi Korkemdik zhagynan sheber oryndalgan shygarmalar shyn mәninde teren estetikalyk lәzzat bere alady Mundaj shygarmalar zhana magulmat kozi bola turyp zhәne ruhani dүnieni bajytatyndaj әser berip magynasymen adamnyn barlyk sezim kabiletine ykpal etedi Adam zhәne onyn omiri kүresi ojy zhәne sezimi kogamdyk katynastar onerdin basty obektileri Shyn suretkerdin shygarmalarynan adamnyn minezi әreketi zhәne omirge kozkarasy korinedi kejipkerdin adamgershilik katynastaoynan olardynmoraldyk bejnesi bajkalady Өner shygarmalarynda biz zhagymdy kejipkerlermen birge zhagymsyz kejipkerlerdi de koremiz Zhaksydan үjrenemiz zhamannan zhirenemiz Orta gasyrlarda uly sheberler zhasagan kejipkerler adamgershilik dүniesi minez kulky zhagynan kazirgi zamandastarymyzga uksas bolyp otyrady Olar kanshalykty kop kyrly bolyp kelse biz үshin sonshalykty kyzykty DerekkozderAdam Қogam Қukyk Zhalpy bilim beretin mekteptin 9 synybyna arnalgan okulyk Қ Zhүkeshev Ғ Sapargaliev G Asanbekova Almaty Mektep baspasy 2005 ISBN 9965 33 303 3