Демография (грек. δῆμος — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы.
Демография
Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және көші-қон коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.
Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшіп-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынада алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға және көші-қонның ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие. Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мыс., белгілі бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамып-жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. Демографияда жекелеген адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны ретінде оның белгілі бір топтарының да жай-күйін сипаттауға пайдаланылады. Демографиялық процестердің өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға тәуелділігін және халық дамуының әлеуметік-экономикалық салдарын зерттей отырып, демография халық саны мен сапасы өзгерісінің заңдылықтарын анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада өтіп жатқан халық өзгерісін сол қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары айқындайды. Демография үшін бастысы – халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік-экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді. Әсіресе, бұл жерде еңбек ресурстарының құрамы мен қозғалысының, сондай-ақ халықтың тұтынушы ретіндегі үлес мөлшерінің терең зерттелуі аса маңызды рөл атқарады. Зерттеулердің бұл саласын кейде « деп атайды. Демографияның міндеттерінің бірі – халықтың ұдайы өзгерісінің заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат негіздерін тұжырымдау.
Демографиялық процестер қоғамда қалыптасқан белгілі бір әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделеді. Сондықтан халықты зерттеуде демография саясат, экономика, медицина, математика, этнография, т.б. бірқатар ғылымдармен тығыз байланыста болады. Олардың зерттеу әдістері мен тәжірибелерін, материалдарын пайдалана отырып, демография өз тарапынан да өзге ғылымдарға қажетті деректер береді. Демографиялық процестердің өзіндік ерекшеліктері, көбінесе халықтың табиғи қозғалыстары демографияның өзіндік зерттеу әдістерін қалыптастыруға негіз болды. Олар: әр түрлі буын өкілдері үшін жас айырымы көрсеткіштерін жасау арқылы дәл сол уақыттағы даму-құлдырау заңдылықтарын көрсететін гипотетикалық ұрпақ әдісі; (адамдардың нақтылы буынының дамуын зерттеу); потенциалды демография әдісі, т.б. демографияда ғылымның басқа салаларындағыдай болжамдар жасау, оларды деректер арқылы тексеру және соның негізінде ғылым қорытынды жасау қажет. Көбінесе халықтың санын ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады. Сондай-ақ демографиялық коэффициенттерді пайдалану, оларды салыстыру, салғастыру тәсілдері де демографияның өзіндік зерттеу әдістерінің бірінен саналады. Демография ғылымының негізін салушы – ағылшын ғалымы . Ол алғаш рет Лондондағы тіркелген адам өлімдерінің бірнеше жылдық жазбалары негізінде халық арасындағы өлудің көрсеткішін жасауға және оның заңдылықтарын анықтауға талпыныс жасаған.
Халықтың ахуалын, оның экономикамен байланысын У.Петти және Г.Кинг (Ұлыбритания), одан соң А.Депарсье (Франция) зерттеді. XVII ғасырдада мұндай зерттеулерді математикалық әдістерді қолдану арқылы В.Керсеб (Голландия), П.В.Варгентин (Швеция), Л.Эйлер (Ресей) және т.б. жалғастырды. XIX ғасырдан бастап көптеген елдерде халықты тұрақты есепке алу жолға қойыла бастады және ол жөніндегі нақтылы талдаулар жасау мүмкіндіктеріне қол жеткізілді. А.Кетле (Бельгия), Ж.Бертильсон (Франция), У.Фарр (Ұлыбритания), В.Лексис, Г.Ф.Кнапп (Германия), т.б. көптеген статист-зерттеушілердің еңбектері нәтижесінде демографиялық процестерді сандық тұрғыдан екшеу мен талдаудың әдістері дами түсті. 1855 ж. француз ғалымы А.Гийардың еңбегінің тақырыбында «демография» термині тұңғыш рет қолданылып, автор оған «адамзаттың табиғи және әлеуметтік тарихы» деген анықтама береді. Қазақстандағы демографиялық процестерді тарихи-әлеуметтік тұрғыдан қарастырған алғашқы зерттеулер қатарында М.Шоқайдың шет ел баспасөзінде, М.Тынышбаевтың 1924 ж. «Сана» журналының 2–3-сандарында жарияланған деректерін, т.б. статистикалық еңбектерді атауға болады. Республикада бүгінгі таңдағы кәсіби демографтар М.Б.Тәтімов, Ұ.М.Ысқақов, Ә.Б.Ғали, М.Сембин, Е.Мұсабеков, С.Қарасаев, А.Елемесова, Н.Ермекова, А.Әлжанова, т.б. еңбектерінде жалпы қазақ халқының, Қазақстан халқының өсу, даму заңдылықтары зерттелді.
Демографиялық күрт өсу
Демографиялық күрт өсу (Демографический взрыв; грек, demos— халық, grapho — жазамын) — әлеуметтік- экономикалық немесе жалпы экологиялық жағдайлардың жақсаруымен байланысты халық санының күрт өсуі.
XX ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Соңғы 100 жылдағы өсiмге Жердегi қазiр өмiр сүретiн адамдардың 3/4-i сәйкес келедi. Ғасырдың екiншi жартысында әр он жыл сайын жылдық өсiм шамамен 10 млн-ға артып отырды. 50-жылдары 53,3 млн болса, 60-жыларда — 66,7 млн, 70-жылдарда — 70,3 млн. 80-жылдарда 86,4 млн адам болды. Адам санының 1 млрд.-тан — 2 млрд.-қа өсуi үшiн 107 жыл қажет болса (1820-1927 ж), ол 3 млрд.-қа дейiн — 32 жыл (1959 ж). 4 млрд.-қа — 15 жыл (1974), 5 млрд.-қа — 13 жыл (1987), 6 млрд.-қа — 12 жыл (1999), халық санының соңғы рет екi еселенуiне небәрi 38 жыл қажет болды.
Демография сатылары
Халық санының өзгеру сипатына қарай 4 сатыға бөледі.
Бiрiнші сатысы кезiнде мен туу күрт төмендейдi бiрақ өлiм коэффициентiнің төмендеуi туу коэффициентiнiң төмендеуiнен алда болады. Сондықтан, халықтың өсiмi артады. Мұндай жағдай көптеген дамушы елдерде қалыптасып отыр, ал дамыған елдер бұл кезеңнен XX ғасырдың ортасында өтiп кеттi.
Екiнші сатысында өлім минимумға жетедi де, одан төмендемейдi, бiрақ туу төмендей бередi. Сондықтан, халық өсімі баяулайды.
Үшіншi сатысында халықтың қартаюына байланысты өлім коэффициентi артады, сонымен қатар туудың төмендеуi баяулайды. Үшiнші сатының соңына қарай халықтың жай көбеюiнiң деңгейiне жақындайды, ал өлiм коэффициентi бұл деңгейден төмен болып қалады, себебi халықтың жастық құрамы әлi де тұрақты емес. Экономикалық жағынан дамыған елдер өтпелi кезеңнiң осы сатысына жақын.
Төртiншi сатысында өлiм коэффициентi арта отырып, туу коэффициентіне жақындайды да, демографиялық тұрақтану аяқталады.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3
- Экология. Оқулық. -Алматы Экономика, 2002 Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті ISBN 9965-532-69-9
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Demografiya grek dῆmos halyk belgili bir halyktyn ulttyn ulystyn sanyn kuramy men kurylymyn aumakka bolinuin osu ne kemu dinamikasyn kogamdyk tarihi zhagdajlarmen bajlanystyryp zerttejtin әleumettik gylym salasy DemografiyaDemografiya adam populyaciyasyn onyn kolemi men kurylymyna sәjkes yagni zhynysy zhasy otbasylyk zhagdajy zhәne etnikalyk shygu tegi bojynsha sondaj ak osy populyaciyanyn tuu olu zhәne koshi kon koefficientterindegi ozgerui turgysynan statistikalyk zertteu Demografiyadagy en basty mәsele halyktyn udajy ozgeruin osu molsherin damuyn anyktau Halyktyn udajy ozgerisi urpak almasu tuu men olu yagni tabigi zhagdaj arkyly zhүzege asady Belgili bir ajmaktagy halyktyn osu molsherinin ozgerui adamdardyn baska zherlerden koship kelui immigraciya men olardyn boten ajmaktarga konys audaruyna emigraciya yagni halyktyn koship konu kozgalysyna da bajlanysty Sondaj ak halyk sanynyn ozgerui adamdardyn zhasyna otbasy zhagdajyna balalar sanyna nemese bilim dengejine mamandygyna әleumettik ahualyna oraj bir kүjden ekinshi kүjge bir toptan ekinshi topka auysuyna tәueldi Ken magynada alganda halyktyn udajy ozgerisi degenimiz onyn sanynyn kuramy men ornalasuynyn tabigi zhagdajlarga zhәne koshi konnyn ykpalyna karaj ozgerip otyruy Otbasynyn kuryluy onyn damuy men kүjreui demografiyada derbes mәnge ie Demografiyada halyktyn zhәne onyn bolikterinin ozgerui tek san zhagynan gana emes sonymen katar sapalyk turgydan da karastyrylady Mys belgili bir zhastagy adamdardyn sanynyn ozgeruimen katar olardyn tulgalyk damyp zhetilui densaulygyndagy ozgeristeri de nazarga alynady Demografiyada zhekelegen adamdarga katysty әr tүrli kubylystar barlyk halyktyn da sonymen birge derbes zertteu nysany retinde onyn belgili bir toptarynyn da zhaj kүjin sipattauga pajdalanylady Demografiyalyk procesterdin ozara bajlanystaryn olardyn әleumettik ekonomikalyk kubylystarga tәueldiligin zhәne halyk damuynyn әleumetik ekonomikalyk saldaryn zerttej otyryp demografiya halyk sany men sapasy ozgerisinin zandylyktaryn anyktajdy Naktyly kogamdyk ortada otip zhatkan halyk ozgerisin sol kogam omirinin әleumettik ekonomikalyk zhagdajlary ajkyndajdy Demografiya үshin bastysy halyktyn kogam damuymen ozara ykpaldasuy bolyp tabylady Demografiya әleumettik ekonomikalyk process zandylyktarynyn zhalpy halyktyn udajy osuine ykpalyn gana emes kerisinshe halyk osiminin kogam damuyna tigizetin әserin de zerttejdi Әsirese bul zherde enbek resurstarynyn kuramy men kozgalysynyn sondaj ak halyktyn tutynushy retindegi үles molsherinin teren zerttelui asa manyzdy rol atkarady Zertteulerdin bul salasyn kejde dep atajdy Demografiyanyn mindetterinin biri halyktyn udajy ozgerisinin zandylyktaryn zertteu negizinde memleket tarapynan zhүrgiziletin demografiyalyk sayasat negizderin tuzhyrymdau Demografiyalyk procester kogamda kalyptaskan belgili bir әleumettik karym katynastarga negizdeledi Sondyktan halykty zertteude demografiya sayasat ekonomika medicina matematika etnografiya t b birkatar gylymdarmen tygyz bajlanysta bolady Olardyn zertteu әdisteri men tәzhiribelerin materialdaryn pajdalana otyryp demografiya oz tarapynan da ozge gylymdarga kazhetti derekter beredi Demografiyalyk procesterdin ozindik erekshelikteri kobinese halyktyn tabigi kozgalystary demografiyanyn ozindik zertteu әdisterin kalyptastyruga negiz boldy Olar әr tүrli buyn okilderi үshin zhas ajyrymy korsetkishterin zhasau arkyly dәl sol uakyttagy damu kuldyrau zandylyktaryn korsetetin gipotetikalyk urpak әdisi adamdardyn naktyly buynynyn damuyn zertteu potencialdy demografiya әdisi t b demografiyada gylymnyn baska salalaryndagydaj bolzhamdar zhasau olardy derekter arkyly tekseru zhәne sonyn negizinde gylym korytyndy zhasau kazhet Kobinese halyktyn sanyn ujymdastyrylgan statistika zholymen esepteu әdisi koldanylady Sondaj ak demografiyalyk koefficientterdi pajdalanu olardy salystyru salgastyru tәsilderi de demografiyanyn ozindik zertteu әdisterinin birinen sanalady Demografiya gylymynyn negizin salushy agylshyn galymy Ol algash ret Londondagy tirkelgen adam olimderinin birneshe zhyldyk zhazbalary negizinde halyk arasyndagy oludin korsetkishin zhasauga zhәne onyn zandylyktaryn anyktauga talpynys zhasagan Halyktyn ahualyn onyn ekonomikamen bajlanysyn U Petti zhәne G King Ұlybritaniya odan son A Deparse Franciya zerttedi XVII gasyrdada mundaj zertteulerdi matematikalyk әdisterdi koldanu arkyly V Kerseb Gollandiya P V Vargentin Shveciya L Ejler Resej zhәne t b zhalgastyrdy XIX gasyrdan bastap koptegen elderde halykty turakty esepke alu zholga kojyla bastady zhәne ol zhonindegi naktyly taldaular zhasau mүmkindikterine kol zhetkizildi A Ketle Belgiya Zh Bertilson Franciya U Farr Ұlybritaniya V Leksis G F Knapp Germaniya t b koptegen statist zertteushilerdin enbekteri nәtizhesinde demografiyalyk procesterdi sandyk turgydan eksheu men taldaudyn әdisteri dami tүsti 1855 zh francuz galymy A Gijardyn enbeginin takyrybynda demografiya termini tungysh ret koldanylyp avtor ogan adamzattyn tabigi zhәne әleumettik tarihy degen anyktama beredi Қazakstandagy demografiyalyk procesterdi tarihi әleumettik turgydan karastyrgan algashky zertteuler katarynda M Shokajdyn shet el baspasozinde M Tynyshbaevtyn 1924 zh Sana zhurnalynyn 2 3 sandarynda zhariyalangan derekterin t b statistikalyk enbekterdi atauga bolady Respublikada bүgingi tandagy kәsibi demograftar M B Tәtimov Ұ M Yskakov Ә B Ғali M Sembin E Musabekov S Қarasaev A Elemesova N Ermekova A Әlzhanova t b enbekterinde zhalpy kazak halkynyn Қazakstan halkynyn osu damu zandylyktary zertteldi Demografiyalyk kүrt osuDemografiyalyk kүrt osu Demograficheskij vzryv grek demos halyk grapho zhazamyn әleumettik ekonomikalyk nemese zhalpy ekologiyalyk zhagdajlardyn zhaksaruymen bajlanysty halyk sanynyn kүrt osui XX gasyrdagy adamzattyn sanynyn zhyldam artuyn demografiyalyk zharylys dep atajdy Songy 100 zhyldagy osimge Zherdegi kazir omir sүretin adamdardyn 3 4 i sәjkes keledi Ғasyrdyn ekinshi zhartysynda әr on zhyl sajyn zhyldyk osim shamamen 10 mln ga artyp otyrdy 50 zhyldary 53 3 mln bolsa 60 zhylarda 66 7 mln 70 zhyldarda 70 3 mln 80 zhyldarda 86 4 mln adam boldy Adam sanynyn 1 mlrd tan 2 mlrd ka osui үshin 107 zhyl kazhet bolsa 1820 1927 zh ol 3 mlrd ka dejin 32 zhyl 1959 zh 4 mlrd ka 15 zhyl 1974 5 mlrd ka 13 zhyl 1987 6 mlrd ka 12 zhyl 1999 halyk sanynyn songy ret eki eselenuine nebәri 38 zhyl kazhet boldy Demografiya satylaryHalyk sanynyn ozgeru sipatyna karaj 4 satyga boledi Birinshi satysy kezinde men tuu kүrt tomendejdi birak olim koefficientinin tomendeui tuu koefficientinin tomendeuinen alda bolady Sondyktan halyktyn osimi artady Mundaj zhagdaj koptegen damushy elderde kalyptasyp otyr al damygan elder bul kezennen XX gasyrdyn ortasynda otip ketti Ekinshi satysynda olim minimumga zhetedi de odan tomendemejdi birak tuu tomendej beredi Sondyktan halyk osimi bayaulajdy Үshinshi satysyndahalyktyn kartayuyna bajlanysty olim koefficienti artady sonymen katar tuudyn tomendeui bayaulajdy Үshinshi satynyn sonyna karaj halyktyn zhaj kobeyuinin dengejine zhakyndajdy al olim koefficienti bul dengejden tomen bolyp kalady sebebi halyktyn zhastyk kuramy әli de turakty emes Ekonomikalyk zhagynan damygan elder otpeli kezennin osy satysyna zhakyn Tortinshi satysynda olim koefficienti arta otyryp tuu koefficientine zhakyndajdy da demografiyalyk turaktanu ayaktalady Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz DerekkozderOryssha kazaksha tүsindirme sozdik Әleumettanu zhәne sayasattanu bojynsha Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar EKO ҒӨF 2006 569 b ISBN 9965 808 89 9 Oryssha kazaksha tүsindirme sozdik Ғylymtanu Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar ҒӨF EKO 2006 zhyl 430 b ISBN 9965 808 78 3 Ekologiya Okulyk Almaty Ekonomika 2002 T Ryskulov atyndagy kazak ekonomikalyk universiteti ISBN 9965 532 69 9 Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet