Досмұхамбет би (кейін ел Дос би атап кеткен, 1570, Ташкент - 1627, тауы, қазіргі Бостандық ауданы) - би. Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.
Жастайынан билер, бектер, санатында оның кейбіріне көмекші болып жүріп, ел билігіне араласкан. бітіріп, иман-хафиз атанған. Тапқыр, шешендігі, әділ көрегендігімен, елге деген қамкорлық, қайырымдылығымен халықтың құрметіне ие болған. Оның осы қабілетін байқаған Тәуекел хан Досмұхамбетті 1594 жылы дербес би етіп белгілейді. Оған Ташкенттің үш қақпасы қарайтын болған. Әсіресе, қаланың шығыс, терістік, оңтүстік жағында тұратын Қаңлы, Сіргелі, Қоңырат тайпалары арасында беделі зор болған. Оның адамгершілігі мен қамқорлығын көп көрген ел оны өзіне жақын тұтып әділ де, ақылгөй басшы санап "Дос би" деп атаған.
Осылайша Дос бидің елден-елге атағы жайылып, беделі асып дәуірлеп тұрған кезде Ташкентке ұлық би болып Тұрсын Мұқамед келеді. Өзінен билігі, беделі асып тұрғанды кім жақсы көрсін. Тұрсын хан алғашқыда Дос бимен келісіп істеп жүріп, кейін оның ақыл кеңесін салғырт тыңдайтынды шығарады. Екінші жағынан Дос биді Есім хан да ерекше ұнатып, оның ел билеудегі билік-шешімдерін үнемі мақұлдап, жақтайтын-ды. Осыны сезе бастаған Тұрсын хан енді Дос биге қастандық ойлайды.
Бір жолы Тұрсын хан Ташкент шаһарындағы ғимарат, мешіт, медреселерді, Керуен сарайларын, базарларды, көпір, жол тағы сондай орындардан алынатын салық мөлшерін өсіруге жарлық шығарады. Бұған халық бұқарасы наразы болып Дос биге жүгінеді. Дос би қала тұрғындарының осы тілегін орындау мақсатымен қала ұлығы Тұрсын жанға барады.
- -Тақсыр, салық мөлшері бұрынғы күйінше қалсын, өсірмеңіз? - дейді. Бұған Тұрсын хан:
- -Менің билігіме қарсы келетін сен кім едің? Айттым бй, орындайсың! - деп ақырады. Дос би мен Тұрсын хан арасындағы бас араздық, дау-жанжал осыдан басталады.
Тағы бірде түтін салығы, егістік жерден бау-бақшадан түсегін өнімнен жиналатын салықтың шектен тыс өсірілгеніне Дос би қарсылық білдіріп, оның жарлығын орындамай қояды. Міне, осыдан барып Тұрсын ханның өшпенділігі өрши түседі. Тұрсын қазақ ханы Есімге барып шағынады. Есім хан да халықтың жол-жосығын зерек білетін, ел қамын ойлайтын, барынша әділ сөйлейтін беделі зор хан болатын. Тұрсын мен Дос би арасындағы бұл араздықты өзінің өзге би-шешендерімен ақылдаса келіп, көпшілік талқысына салуды ұйғарған. Халық шешімі Дос биді жақтап шыққан. Осыған байланысты енді Есім хан Дос пен Тұрсынды өзара келісімге келтіріп татуластырады. Көпшілік алдында Тұрсын кешірім сұраған болып, Достың колын алып достык ниетін білдіреді. Бұрыннан іш пыстаны ішінде жүрген, әбден өшіккен, күншіл Тұрсынның бұл достық ниеті ұзаққа бармайды. Ол енді Досқа қастандық, залымдық әрекетін бұрынғыдан да өршіте түседі.
Есім хан бірде шығыс Түркістан жаққа жорыққа аттанып, ел билігін уақытша Тұрсынға тапсырып кетеді. Осы сәтті пайдаланып Тұрсын ерекше жасақты қойнауындағы Дос би ауылын шабуға аттандырады.
Тұрсынның ерекше жасағы барып тұрған баскесерлер болатын. Бәрі бірдей қара ат мініп, қара киім киіп, бет-аузын шарынып алып, түн жамылып келген қырық қарақшыны ешкім көрмейді. Күнілгері барлау жасап, ауылға апарар құпия жолды белгілеп алып олар ұрлана басып, тысырын білдірмей аңғал жатқан ауылға лап қояды. Ұйқыда жатқан Дос биді, он тоғыз баласын, майда бала-шағаларын, екі әйелін, көрші-қоландарын өлтіреді. Қосақ арасында сол күні келген меймандар да қаза табады. Шаруа баққан малшы жігіттер жетіп үлгергенше күнгей тұстағы Күрке белінен асып, мүлде алыстап кетеді. Айсыз түнгі қараңғылықта олардың кім екенін ешкім ажырата алмайды. Аңыраған аналардың, сыңсып өксіп жылаған қыз- келіншектердің, шырылдаған сәбилердің зарлы үндері тауды күңірентіп әкетеді. Сөйтіп, Дос би 1627 жылы, елу жеті жасында жау колынан қаза табады. Дос бидің денесі Ташкенттегі Жүніс хан күмбезінің қасына қойылады.
Ұрпақтары
... "Таудағы қырғында қаза тапқан Дос биден ұрпақ қалды ма? Бұған да молла Аққұс Сатыбалдыүлының шежіресінен нақты жауап табамыз: Дос би алты әйел алған адам. Оның жиырма бес баласы болады. Екі әйелі - Қадиша, Қаншайым, он тоғыз ұлы - Құланшы, Бұқар, Жұман, Жұбақ, Бесбай, Азбан, Барақ, Салық, Омарқай, Ораз, Ақшелек, Андас, Қарабата, Салғара, Төжі, Жылкелді, Алаша, Құдайберді, Өжіке бәрі қанды шеңгел қарақшылардың қолынан қаза болады. Үлкен бәйбішесі Бибісарадан - Сары, Шарғы, Қара бәйбіше Тоқбикеден - Ақбура, Алғара, ортаншы әйелі Қаршығадан - Қаршы, Шәмші тірі қалып, ұрпақ шашты. Шәмші бұрынғы Әулиеата уезіндегі Мерке өңіріне орнықты. Кейін оның ұрпақтары Шу, Аса, Талас өзендері аңғарларынан қоныс алды.
Алғара ұрпағы Алматы облысындағы Қараой өңірін мекендеді. Жердің Қараой аталуының өзі Алғара есіміне байланысты қойылды.
Қаршы ұрпағы Бұхара облысында Сары, Шарғы, Ақбура ұрпақтары Ташкент қаласын және оның маңындағы , Бозсу, , , Қойлық, өңірлерін жайлап, сонда қоныс тепті. Бұлардың - Райымбек, Жолымбек, Айт, Жолымбет, Қарқара әулиеттері 1743 жылы Шымкент облысы жерінде Ақсу, Арыс, Көмеш, Машат өзендері аңғарына көшіп келіп орнықты.
Аңыздар
Дос бидің кіші әйелі Айша қырғыз биі Бейсенөлінің қызы еді. Ертеде ағасы Әліқұл батыр Ташкентке келген сапарында екі елдің арасындағы мал дауына байланысты айтыс-тартысқа араласады. Дау қатты шиеленісіп кетеді де, кінөгерлердің дем берушісі Тұрсын екендігі анықталады. Оған Тұрсын хан ашу көтеріп, қырғыз батырын зынданға тастайды. Араға Дос би кірісіп, Есім ханның ықпалымен Өліқұл батырды зынданнан алып шыққан екен. Қиын кездегі Дос бидің бұл көмегіне ерекше риза болып, Өліқұл қарындасы Айшаны оған қосады. "Сүйелтіп күн көретін сүйек жекжат" болады. Айшаға үйленуге үміткердің біреуі осы Тұрсынның өзі болатын. Сондықтан, оның жүрегін қызғаныш оты шарпиды. Өш алудың амалын ойлап, тағы да бір арам пиғылды кеудесінің қуысна жасырады.
Таудағы жұмбақ қырғын оқиғасын бастан кешкен адамның бірі - осы Айша ханым. Түнгі аласапыран шабуылда бұл жас отау да тауда болатын. Айша екіқабат еді. Тым болмаса іштегі күнәден пәк нәрестені аман сақтау үшін жандалбасамен жүгіріп барып, төңкерілген тай қазанның астына кіріп жасырынады. Әлден уақытта айналаны барлап, қазан астынан шығып, өзінің отау үйіне кіргенде, ауыр ыңыранып, хал үстінде көзі жұмулы, қиналып шалқалап жатқан Дос биді көреді. Желкеден тиген ауыр соққы Дос биді қапылыста талдырып құлатқан еді. Қарақұстан қатты тиген соққыдан адам бірден тіл тартпай өліп те кетеді. Бірақ Дос би тірі жатқанымен жағдайы ауыр еді. Қатты соққыдан омыртқа жұлынына зақым жеткенін мына жарық дүниеге деген үміт отының сөне бастағынан Дос би сезгендей болады. Еңіреп отырған Айшаны қасына шақырып алып: "Менің халім ауыр, енді дәрмен де, пәрмен де болмайды. Сен төркініңе тарт. Сонда босанғаның жөн. Іштегі бейкүнә нәресте жарық дүниеге тірі келсін" деп біраз демігіп, әлсіреп қалады. Аздап тыныс алып, күш жинап, ол мына сөздерді қосты. "Көп кідірме, мұнда саған кауіпті. Бұл Тұрсын ханның ісі. Сенен тілегім сол, ұл тапсаң, есімін Әліқұл қоюды ұмытпа. Қырғыздың жас батыры Әліқұл менің досым, Бейсенәлі бидің үлкен ұлы, сенің өз ағаң. Осыны есте сақта" Бұл аманатты Дос би қиналып жатып әрең айтты. Тан атып, күн шығар алдында ол мәңгілікке көз жұмды".
Дос бидің бұл аманатын Айша орындайды. Ол аман- есен босанады. Туган үлының атын Әліқұл қояды. Сол Әліқұл өсе келе , ер жігіт болып ер жетеді. Үйленіп, жайланып өз алдына бір ауыл болып кетеді. Әліқұлдан тарайтын Бараншы, Данияр, Ақсақда, Алыбай, Толыбай ұрпақтары кейін үйлі-баранды үбірлі-шүбірлі бірқауым ел болады .Бұдан тараған ұрпақ Шілмембет деп аталады.
Дос бидің ғұмырнамасы, халыққа тигізген қайырымдылық шапағаты, кезінде айтқан билік, алғырлық, шешендік ақыл кеңестері және үрім-бұтақтары жөніндегі , хиқаялар ел арасына көп таралған. Оның бір қатары кітап шежіре болып та жазылған. Бір ғана молла Аққұс Сатыбалдыұлының (1806–1897) Дос би туралы жазып қалдырған шежіре кітабынан талай мәліметтер алуға болады.
Дереккөздер
- https://dulattar.com/kz/interesnye-fakty-i-materialy
- Ә.Дәуітбеков Сиқым Тоғатай шежіресі — Шымкент: ЖШС Кітап, 2015. — ISBN 978-601-7404-68-0.
- Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dosmuhambet bi kejin el Dos bi atap ketken 1570 Tashkent 1627 tauy kazirgi Bostandyk audany bi Dulat tajpasy Sikym ruynan shykkan Zhastajynan biler bekter sanatynda onyn kejbirine komekshi bolyp zhүrip el biligine aralaskan bitirip iman hafiz atangan Tapkyr sheshendigi әdil koregendigimen elge degen kamkorlyk kajyrymdylygymen halyktyn kurmetine ie bolgan Onyn osy kabiletin bajkagan Tәuekel han Dosmuhambetti 1594 zhyly derbes bi etip belgilejdi Ogan Tashkenttin үsh kakpasy karajtyn bolgan Әsirese kalanyn shygys teristik ontүstik zhagynda turatyn Қanly Sirgeli Қonyrat tajpalary arasynda bedeli zor bolgan Onyn adamgershiligi men kamkorlygyn kop korgen el ony ozine zhakyn tutyp әdil de akylgoj basshy sanap Dos bi dep atagan Osylajsha Dos bidin elden elge atagy zhajylyp bedeli asyp dәuirlep turgan kezde Tashkentke ulyk bi bolyp Tursyn Mukamed keledi Өzinen biligi bedeli asyp turgandy kim zhaksy korsin Tursyn han algashkyda Dos bimen kelisip istep zhүrip kejin onyn akyl kenesin salgyrt tyndajtyndy shygarady Ekinshi zhagynan Dos bidi Esim han da erekshe unatyp onyn el bileudegi bilik sheshimderin үnemi makuldap zhaktajtyn dy Osyny seze bastagan Tursyn han endi Dos bige kastandyk ojlajdy Bir zholy Tursyn han Tashkent shaһaryndagy gimarat meshit medreselerdi Keruen sarajlaryn bazarlardy kopir zhol tagy sondaj oryndardan alynatyn salyk molsherin osiruge zharlyk shygarady Bugan halyk bukarasy narazy bolyp Dos bige zhүginedi Dos bi kala turgyndarynyn osy tilegin oryndau maksatymen kala ulygy Tursyn zhanga barady Taksyr salyk molsheri buryngy kүjinshe kalsyn osirmeniz dejdi Bugan Tursyn han Menin biligime karsy keletin sen kim edin Ajttym bj oryndajsyn dep akyrady Dos bi men Tursyn han arasyndagy bas arazdyk dau zhanzhal osydan bastalady Tagy birde tүtin salygy egistik zherden bau bakshadan tүsegin onimnen zhinalatyn salyktyn shekten tys osirilgenine Dos bi karsylyk bildirip onyn zharlygyn oryndamaj koyady Mine osydan baryp Tursyn hannyn oshpendiligi orshi tүsedi Tursyn kazak hany Esimge baryp shagynady Esim han da halyktyn zhol zhosygyn zerek biletin el kamyn ojlajtyn barynsha әdil sojlejtin bedeli zor han bolatyn Tursyn men Dos bi arasyndagy bul arazdykty ozinin ozge bi sheshenderimen akyldasa kelip kopshilik talkysyna saludy ujgargan Halyk sheshimi Dos bidi zhaktap shykkan Osygan bajlanysty endi Esim han Dos pen Tursyndy ozara kelisimge keltirip tatulastyrady Kopshilik aldynda Tursyn keshirim suragan bolyp Dostyn kolyn alyp dostyk nietin bildiredi Burynnan ish pystany ishinde zhүrgen әbden oshikken kүnshil Tursynnyn bul dostyk nieti uzakka barmajdy Ol endi Doska kastandyk zalymdyk әreketin buryngydan da orshite tүsedi Esim han birde shygys Tүrkistan zhakka zhorykka attanyp el biligin uakytsha Tursynga tapsyryp ketedi Osy sәtti pajdalanyp Tursyn erekshe zhasakty kojnauyndagy Dos bi auylyn shabuga attandyrady Tursynnyn erekshe zhasagy baryp turgan baskeserler bolatyn Bәri birdej kara at minip kara kiim kiip bet auzyn sharynyp alyp tүn zhamylyp kelgen kyryk karakshyny eshkim kormejdi Kүnilgeri barlau zhasap auylga aparar kupiya zholdy belgilep alyp olar urlana basyp tysyryn bildirmej angal zhatkan auylga lap koyady Ұjkyda zhatkan Dos bidi on togyz balasyn majda bala shagalaryn eki әjelin korshi kolandaryn oltiredi Қosak arasynda sol kүni kelgen mejmandar da kaza tabady Sharua bakkan malshy zhigitter zhetip үlgergenshe kүngej tustagy Kүrke belinen asyp mүlde alystap ketedi Ajsyz tүngi karangylykta olardyn kim ekenin eshkim azhyrata almajdy Anyragan analardyn synsyp oksip zhylagan kyz kelinshekterdin shyryldagan sәbilerdin zarly үnderi taudy kүnirentip әketedi Sojtip Dos bi 1627 zhyly elu zheti zhasynda zhau kolynan kaza tabady Dos bidin denesi Tashkenttegi Zhүnis han kүmbezinin kasyna kojylady Ұrpaktary Taudagy kyrgynda kaza tapkan Dos biden urpak kaldy ma Bugan da molla Akkus Satybaldyүlynyn shezhiresinen nakty zhauap tabamyz Dos bi alty әjel algan adam Onyn zhiyrma bes balasy bolady Eki әjeli Қadisha Қanshajym on togyz uly Қulanshy Bukar Zhuman Zhubak Besbaj Azban Barak Salyk Omarkaj Oraz Akshelek Andas Қarabata Salgara Tozhi Zhylkeldi Alasha Қudajberdi Өzhike bәri kandy shengel karakshylardyn kolynan kaza bolady Үlken bәjbishesi Bibisaradan Sary Shargy Қara bәjbishe Tokbikeden Akbura Algara ortanshy әjeli Қarshygadan Қarshy Shәmshi tiri kalyp urpak shashty Shәmshi buryngy Әulieata uezindegi Merke onirine ornykty Kejin onyn urpaktary Shu Asa Talas ozenderi angarlarynan konys aldy Algara urpagy Almaty oblysyndagy Қaraoj onirin mekendedi Zherdin Қaraoj ataluynyn ozi Algara esimine bajlanysty kojyldy Қarshy urpagy Buhara oblysynda Sary Shargy Akbura urpaktary Tashkent kalasyn zhәne onyn manyndagy Bozsu Қojlyk onirlerin zhajlap sonda konys tepti Bulardyn Rajymbek Zholymbek Ajt Zholymbet Қarkara әulietteri 1743 zhyly Shymkent oblysy zherinde Aksu Arys Komesh Mashat ozenderi angaryna koship kelip ornykty AnyzdarDos bidin kishi әjeli Ajsha kyrgyz bii Bejsenolinin kyzy edi Ertede agasy Әlikul batyr Tashkentke kelgen saparynda eki eldin arasyndagy mal dauyna bajlanysty ajtys tartyska aralasady Dau katty shielenisip ketedi de kinogerlerdin dem berushisi Tursyn ekendigi anyktalady Ogan Tursyn han ashu koterip kyrgyz batyryn zyndanga tastajdy Araga Dos bi kirisip Esim hannyn ykpalymen Өlikul batyrdy zyndannan alyp shykkan eken Қiyn kezdegi Dos bidin bul komegine erekshe riza bolyp Өlikul karyndasy Ajshany ogan kosady Sүjeltip kүn koretin sүjek zhekzhat bolady Ajshaga үjlenuge үmitkerdin bireui osy Tursynnyn ozi bolatyn Sondyktan onyn zhүregin kyzganysh oty sharpidy Өsh aludyn amalyn ojlap tagy da bir aram pigyldy keudesinin kuysna zhasyrady Taudagy zhumbak kyrgyn okigasyn bastan keshken adamnyn biri osy Ajsha hanym Tүngi alasapyran shabuylda bul zhas otau da tauda bolatyn Ajsha ekikabat edi Tym bolmasa ishtegi kүnәden pәk nәresteni aman saktau үshin zhandalbasamen zhүgirip baryp tonkerilgen taj kazannyn astyna kirip zhasyrynady Әlden uakytta ajnalany barlap kazan astynan shygyp ozinin otau үjine kirgende auyr ynyranyp hal үstinde kozi zhumuly kinalyp shalkalap zhatkan Dos bidi koredi Zhelkeden tigen auyr sokky Dos bidi kapylysta taldyryp kulatkan edi Қarakustan katty tigen sokkydan adam birden til tartpaj olip te ketedi Birak Dos bi tiri zhatkanymen zhagdajy auyr edi Қatty sokkydan omyrtka zhulynyna zakym zhetkenin myna zharyk dүniege degen үmit otynyn sone bastagynan Dos bi sezgendej bolady Enirep otyrgan Ajshany kasyna shakyryp alyp Menin halim auyr endi dәrmen de pәrmen de bolmajdy Sen torkinine tart Sonda bosanganyn zhon Ishtegi bejkүnә nәreste zharyk dүniege tiri kelsin dep biraz demigip әlsirep kalady Azdap tynys alyp kүsh zhinap ol myna sozderdi kosty Kop kidirme munda sagan kauipti Bul Tursyn hannyn isi Senen tilegim sol ul tapsan esimin Әlikul koyudy umytpa Қyrgyzdyn zhas batyry Әlikul menin dosym Bejsenәli bidin үlken uly senin oz agan Osyny este sakta Bul amanatty Dos bi kinalyp zhatyp әren ajtty Tan atyp kүn shygar aldynda ol mәngilikke koz zhumdy Dos bidin bul amanatyn Ajsha oryndajdy Ol aman esen bosanady Tugan үlynyn atyn Әlikul koyady Sol Әlikul ose kele er zhigit bolyp er zhetedi Үjlenip zhajlanyp oz aldyna bir auyl bolyp ketedi Әlikuldan tarajtyn Baranshy Daniyar Aksakda Alybaj Tolybaj urpaktary kejin үjli barandy үbirli shүbirli birkauym el bolady Budan taragan urpak Shilmembet dep atalady Dos bidin gumyrnamasy halykka tigizgen kajyrymdylyk shapagaty kezinde ajtkan bilik algyrlyk sheshendik akyl kenesteri zhәne үrim butaktary zhonindegi hikayalar el arasyna kop taralgan Onyn bir katary kitap shezhire bolyp ta zhazylgan Bir gana molla Akkus Satybaldyulynyn 1806 1897 Dos bi turaly zhazyp kaldyrgan shezhire kitabynan talaj mәlimetter aluga bolady Derekkozderhttps dulattar com kz interesnye fakty i materialy Ә Dәuitbekov Sikym Togataj shezhiresi Shymkent ZhShS Kitap 2015 ISBN 978 601 7404 68 0 Dalanyn dara dilmarlary Almaty ZhShS Қazakstan baspa үji 2001 592 bet ISBN 5 7667 5647Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz