Жүніс Хан(1416/17 – 1487) – Моғолстан ханы (1469 – 87), Уәйіс ханның үлкен баласы. 1428 жылы (кейбір деректерде 1429) Уәйіс хан қайтыс болған соң оның балалары Жүніс Хан мен Есенбұғаны жақтаушы екі топтың арасында күрес басталды. Күресте Есенбұғаны қолдаушылар жеңіп шығып, Жүніс Хан 1433 – 34 жылдары 3 – 4 мың үймен Ұлықбекке барып паналайды. Кейін Иранда болып, онда 20 жылдай тұрып, мұсылманша білім алады. 15 ғасырдың 50-жылдары Мауераннахр билеушісі, Әмір Темірдің ұрпағы Әбу Сайид Жүніс Ханды Ираннан шақыртып алып, інісі Есенбұғаға қарсы жорыққа аттандырады. Жүніс Хан бұл ұрыста (1456) жеңіліп, Ферғана мен Жетісу шекарасындағы Жетікент қаласына (Әбу Сайид сыйлаған) орналасты. Есенбұға өлгеннен кейін (1462) оның баласы Дос Мұхаммед таққа отырады. 1469 жылы Дос Мұхаммед қайтыс болып, Жүніс Хан Моғолстанға хан болады. 1469 жылдың қарсаңында Жүніс Хан Ташкент пен Ферғанадан Ақсу мен Қашқарияға дейінгі жерді, Моғолстанның батыс бөлігі мен Қашқарияны өз қол астына біріктірген болатын. Жүніс Хан Дешті Қыпшақтағы өз үстемдігін нығайтуды көздеп, Қазақ хандығы иеленген Жетісуды өзіне қаратуға әрекет жасады. Сол жылы жоңғарлар Жетісуға шабуыл жасайды. Жүніс Хан Іле бойында Амасанжи бастаған жоңғар қолынан ойсырай жеңіліп, Сырдария бойына қашып кетеді. Бірақ оны Ташкент билеушісі қолға түсіреді. Бір жылдан соң Жүніс Хан босатылып, Моғолстанға жіберіледі. 15 ғасырдың 80-жылдары Жүніс Хан Әбу Сайид мирасқорларының талас-тартысына араласып, 1482 жылы Сайрамды, 1485 жылы Ташкентті бағындырды. Оның Мауераннахр қалаларын басып алу ойы іске аспады. Көп ұзамай Ж. х-ның қолында тек Моғолстанның батыс аймақтары ғана қалды. 1484 ж. Ж. х-ның баласы Сұлтан Ахмет әкесінен бөлініп, моғолдар мен қырғыздардың көшпелі ақсүйектерінің қолдауымен Қырғызстанда іс жүзінде тәуелсіз иеліктің негізін қалады. Ташкентте Ж. х-ның иелігін сұлтан Махмұд хан мұраға алды. Жүніс Ханның Мейір (Мехр) Нигәр ханым, Құтлық Нигәр ханым (Бабырдың шешесі), Хұб Нигәр ханым (Мұхаммед Хайдар Дулаттың шешесі), Сұлтан Махмұд хан, Сұлтан Ахмет хан, Сұлтан Нигәр ханым (Мырза ханның шешесі), Дәулет Сұлтан ханым есімді жеті баласы болған. Жүніс Хан Шағатай әулетіндегі ең көрнекті хандардың бірі болды. Ол жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати: “Өмірінің соңғы кезінде тариқат жолына түсті. Ол Құран оқыды, ақындыққа қабілетті, қызыл сөздің шебері болды” деп жазады. Ж. х. 1487 ж. Ташкентте қайтыс болып, Шейх Хауанд Тахур мазарының жанына жерленді. Жүніс Ханның қабірінің басына үлкен мазар салынған.
Юніс хан, Жүніс хан (1415 не 1417-37) - нәсілінен шыққан моғол ханы. Інісі Есенбұға өлген соң Моғолстанды биледі. Кейін Сайрамды, Ташкентті өзіне қаратты. Бірақ, оның Мауараннахр қалаларын бағындырмақ болған ойы жүзеге асқан жоқ. Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегінде: «Әмір-Темір нәсілінен Құмар Шаих баласы, белгілі Бабыр патшаның шешесіменен бір туысқан екі бауыры болған. Үлкені Ташкентте хан болып, кішісі қазақты билеген», - деп, қазақ жерінде билік құрған Алаша хан атанған Сұлтан Ахметжан туралы дерек бере кетеді.
Сілтемелер
- Моғолстан
- Есенбұға
- Әмір Темір
- Мұхаммед Хайдар Дулат
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhүnis Han 1416 17 1487 Mogolstan hany 1469 87 Uәjis hannyn үlken balasy 1428 zhyly kejbir derekterde 1429 Uәjis han kajtys bolgan son onyn balalary Zhүnis Han men Esenbugany zhaktaushy eki toptyn arasynda kүres bastaldy Kүreste Esenbugany koldaushylar zhenip shygyp Zhүnis Han 1433 34 zhyldary 3 4 myn үjmen Ұlykbekke baryp panalajdy Kejin Iranda bolyp onda 20 zhyldaj turyp musylmansha bilim alady 15 gasyrdyn 50 zhyldary Mauerannahr bileushisi Әmir Temirdin urpagy Әbu Sajid Zhүnis Handy Irannan shakyrtyp alyp inisi Esenbugaga karsy zhorykka attandyrady Zhүnis Han bul urysta 1456 zhenilip Fergana men Zhetisu shekarasyndagy Zhetikent kalasyna Әbu Sajid syjlagan ornalasty Esenbuga olgennen kejin 1462 onyn balasy Dos Muhammed takka otyrady 1469 zhyly Dos Muhammed kajtys bolyp Zhүnis Han Mogolstanga han bolady 1469 zhyldyn karsanynda Zhүnis Han Tashkent pen Ferganadan Aksu men Қashkariyaga dejingi zherdi Mogolstannyn batys boligi men Қashkariyany oz kol astyna biriktirgen bolatyn Zhүnis Han Deshti Қypshaktagy oz үstemdigin nygajtudy kozdep Қazak handygy ielengen Zhetisudy ozine karatuga әreket zhasady Sol zhyly zhongarlar Zhetisuga shabuyl zhasajdy Zhүnis Han Ile bojynda Amasanzhi bastagan zhongar kolynan ojsyraj zhenilip Syrdariya bojyna kashyp ketedi Birak ony Tashkent bileushisi kolga tүsiredi Bir zhyldan son Zhүnis Han bosatylyp Mogolstanga zhiberiledi 15 gasyrdyn 80 zhyldary Zhүnis Han Әbu Sajid miraskorlarynyn talas tartysyna aralasyp 1482 zhyly Sajramdy 1485 zhyly Tashkentti bagyndyrdy Onyn Mauerannahr kalalaryn basyp alu ojy iske aspady Kop uzamaj Zh h nyn kolynda tek Mogolstannyn batys ajmaktary gana kaldy 1484 zh Zh h nyn balasy Sultan Ahmet әkesinen bolinip mogoldar men kyrgyzdardyn koshpeli aksүjekterinin koldauymen Қyrgyzstanda is zhүzinde tәuelsiz ieliktin negizin kalady Tashkentte Zh h nyn ieligin sultan Mahmud han muraga aldy Zhүnis Hannyn Mejir Mehr Nigәr hanym Қutlyk Nigәr hanym Babyrdyn sheshesi Hub Nigәr hanym Muhammed Hajdar Dulattyn sheshesi Sultan Mahmud han Sultan Ahmet han Sultan Nigәr hanym Myrza hannyn sheshesi Dәulet Sultan hanym esimdi zheti balasy bolgan Zhүnis Han Shagataj әuletindegi en kornekti handardyn biri boldy Ol zhoninde Muhammed Hajdar Dulati Өmirinin songy kezinde tarikat zholyna tүsti Ol Қuran okydy akyndykka kabiletti kyzyl sozdin sheberi boldy dep zhazady Zh h 1487 zh Tashkentte kajtys bolyp Shejh Hauand Tahur mazarynyn zhanyna zherlendi Zhүnis Hannyn kabirinin basyna үlken mazar salyngan Yunis han Zhүnis han 1415 ne 1417 37 nәsilinen shykkan mogol hany Inisi Esenbuga olgen son Mogolstandy biledi Kejin Sajramdy Tashkentti ozine karatty Birak onyn Mauarannahr kalalaryn bagyndyrmak bolgan ojy zhүzege askan zhok Abaj Biraz soz kazaktyn tүbi kajdan shykkany turaly degen tarihi enbeginde Әmir Temir nәsilinen Қumar Shaih balasy belgili Babyr patshanyn sheshesimenen bir tuyskan eki bauyry bolgan Үlkeni Tashkentte han bolyp kishisi kazakty bilegen dep kazak zherinde bilik kurgan Alasha han atangan Sultan Ahmetzhan turaly derek bere ketedi SiltemelerMogolstan Esenbuga Әmir Temir Muhammed Hajdar DulatDerekkozderҚazak enciklopediyasy Abaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet