Қышқыл жауын-шашын, қышқыл сулар - атмосфералық жауын-шашын түрлері. Жаңбырдың қышқылды қасиетіне құрамында сутектің өте белсенді иондарының болуымен байланысты.
Қышқылдану процесі
Жаңбыр суының нормалдық реакциясы сәл қышқыл келеді (pH - 5,6). Бұл ауа құрамындағы көмір қышқыл газының еруінен әлсіз көмір қышқылы пайда болады. Кейде электр стансасы, өнеркәсіптік қазандар, автомобильдерден шығатын газдар, т.б. ауаны күкірт және азот оксидтерімен ластағанда жаңбыр, тұман, қар, бұршақ, т.б. тамшыларында күкірт және азот қышқылдарының бар екенін байқауға болады.
Қышқыл жауын-шашынның түсуі атмосферадағы күкірт диоксидтері мен азот оксидтерінің болуын антропогендік ластану дейді.
Табиғатта ауадағы азот молекуласы оксиді табиғи процестер жағдайында (найзағай, , т.б.) және топырақтың нитрификациялануы, орман өрттері негізінде байқалады.
Жер атмосферасында жыл сайын орта есеппен 3 млрд-қа жуық найзағай болып тұрады. Олардан пайда болған мыңдаған градус температура кезінде радикалды-тізбекті механизм үрдісі азот молекуласының қышқылдану процесін туындатады:
- O→2O N² +O→NO+N;
- O² +N→NO+O
Кері реакцияға реакция кезіндегі азот оксиді өнімінің - 2NO+O²→2ONO² тез сууы кедергі жасайды. Атмосфералық ылғалмен өзара әрекеттескенде азот қышқылы пайда болады. Азот оксидінің негізгі көзі болып энергетика және көлік саналады. Олар ауаға 90% -ға жуық ластағыш шығарындыларды шығарады, ал химия өнеркәсібінің үлесі 5% -дай ғана.
Экологиялық зардабы
- Организмге мөлшерден тыс түсетін нитраттар нәтижесінде жұқпалы және тері аурулары жиілей түседі, тері асты клеткалары зақымдалады, құлақ, мұрын, өңештің (кеңірдектің) иммунитеті төмендейді, аллергиялық аурулардың көбеюіне әсер етеді.
- Қышқыл жауын-шашын нормадан тыс мөлшерде болу салдарынан балықсыз көлдер, орман алқаптарының қурап жойылуы (ағаштардың өспей солып қалуы, т.б,), ауыл шаруашылығының өсімдіктер өнімділігінің кемуі, топырақтың құнарсыздығына алып келеді:
- тұщы су қоймаларда рН 6,5-тен төмен болғанда ақ мүктің тез көбейіп, нәтижесінде су қойма биологиялық тұрғысынан өлі деп саналады;
- топырақта рН 3-тен кем болғанда топырақ толығымен дерлік құнарсызданады;
- қышқыл жауын-шашын топырақ қышқылдығын көбейтіп, ондағы калий, магний, кальций сілтісізденеді, фосфор таралмай қалады, ауыр металдардың улары жиналады, нәтижесінде өсімдіктердің өсуіне залал келтіріледі.
- Қышқыл жауын-шашын су экожүйелеріне, өсімдіктерге, архитектура ескерткіштеріне, ғимараттарға т.б. зиянды әсер етеді.
Таралуы
Алғашқы қышқылдық жауындар 1907-1908 жылы Англияда байқалған. Қышқылдық жауындар солтүстік жарты шарда кеңінен таралған. Бұл жерде қышқыл заттардың шығарылуы мен олардың жаңбыр, қар, тұман түрінде ылғалды тұндыруға қолайлы жағдай бар. Қышқыл жауын-шашындар Скандинавия елдері, Англия, Германия, Бельгия, Дания, Польша, Канада, АҚШ-тың солтүстік аудандарына тән.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
- Экология. Оқулық. -Алматы Экономика, 2002 Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті ISBN 9965-532-69-9
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қyshkyl zhauyn shashyn kyshkyl sular atmosferalyk zhauyn shashyn tүrleri Zhanbyrdyn kyshkyldy kasietine kuramynda sutektin ote belsendi iondarynyn boluymen bajlanysty Zhauyn shashynnyn kyshkyldanu procesiҚyshkyldanu procesiZhanbyr suynyn normaldyk reakciyasy sәl kyshkyl keledi pH 5 6 Bul aua kuramyndagy komir kyshkyl gazynyn eruinen әlsiz komir kyshkyly pajda bolady Kejde elektr stansasy onerkәsiptik kazandar avtomobilderden shygatyn gazdar t b auany kүkirt zhәne azot oksidterimen lastaganda zhanbyr tuman kar burshak t b tamshylarynda kүkirt zhәne azot kyshkyldarynyn bar ekenin bajkauga bolady Қyshkyl zhauyn shashynnyn tүsui atmosferadagy kүkirt dioksidteri men azot oksidterinin boluyn antropogendik lastanu dejdi Tabigatta auadagy azot molekulasy oksidi tabigi procester zhagdajynda najzagaj t b zhәne topyraktyn nitrifikaciyalanuy orman ortteri negizinde bajkalady Zher atmosferasynda zhyl sajyn orta eseppen 3 mlrd ka zhuyk najzagaj bolyp turady Olardan pajda bolgan myndagan gradus temperatura kezinde radikaldy tizbekti mehanizm үrdisi azot molekulasynyn kyshkyldanu procesin tuyndatady O 2O N O NO N O N NO O Keri reakciyaga reakciya kezindegi azot oksidi oniminin 2NO O 2ONO tez suuy kedergi zhasajdy Atmosferalyk ylgalmen ozara әreketteskende azot kyshkyly pajda bolady Azot oksidinin negizgi kozi bolyp energetika zhәne kolik sanalady Olar auaga 90 ga zhuyk lastagysh shygaryndylardy shygarady al himiya onerkәsibinin үlesi 5 daj gana Ekologiyalyk zardabyҚyshkyldyk zhanbyrdan bүlingen mүsinOrganizmge molsherden tys tүsetin nitrattar nәtizhesinde zhukpaly zhәne teri aurulary zhiilej tүsedi teri asty kletkalary zakymdalady kulak muryn oneshtin kenirdektin immuniteti tomendejdi allergiyalyk aurulardyn kobeyuine әser etedi Қyshkyl zhauyn shashyn normadan tys molsherde bolu saldarynan balyksyz kolder orman alkaptarynyn kurap zhojyluy agashtardyn ospej solyp kaluy t b auyl sharuashylygynyn osimdikter onimdiliginin kemui topyraktyn kunarsyzdygyna alyp keledi tushy su kojmalarda rN 6 5 ten tomen bolganda ak mүktin tez kobejip nәtizhesinde su kojma biologiyalyk turgysynan oli dep sanalady topyrakta rN 3 ten kem bolganda topyrak tolygymen derlik kunarsyzdanady kyshkyl zhauyn shashyn topyrak kyshkyldygyn kobejtip ondagy kalij magnij kalcij siltisizdenedi fosfor taralmaj kalady auyr metaldardyn ulary zhinalady nәtizhesinde osimdikterdin osuine zalal keltiriledi Қyshkyl zhauyn shashyn su ekozhүjelerine osimdikterge arhitektura eskertkishterine gimarattarga t b ziyandy әser etedi TaraluyAlgashky kyshkyldyk zhauyndar 1907 1908 zhyly Angliyada bajkalgan Қyshkyldyk zhauyndar soltүstik zharty sharda keninen taralgan Bul zherde kyshkyl zattardyn shygaryluy men olardyn zhanbyr kar tuman tүrinde ylgaldy tundyruga kolajly zhagdaj bar Қyshkyl zhauyn shashyndar Skandinaviya elderi Angliya Germaniya Belgiya Daniya Polsha Kanada AҚSh tyn soltүstik audandaryna tәn Tagy karanyzAtmosferalyk zhauyn shashyn Zhauyn shashyn inversiyasy Zhauyn shashyn karkyndylygyDerekkozderҚazakstan tabigaty Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy ZhShS 2011 T Z 304 bet ISBN 9965 893 64 0 T Z ISBN 9965 893 19 5 Ekologiya Okulyk Almaty Ekonomika 2002 T Ryskulov atyndagy kazak ekonomikalyk universiteti ISBN 9965 532 69 9