Қазақстан музыкасы — Қазақстанның музыка өнері мен музыка индустриясы.
Қазақстан халықтарының бірегей, терең шынайы дәстүрлерінің қалыптасу және дамуы арқылы ұзақ тарихи процестердің нәтижесінде жеткен музыкалық мәдениетінің бай музыкалық мұрасы. Бұл тұжырымдама қазақ халқының музыка өнерін, XVI-XXI ғасырлардағы қазақ және қазақ жерін мекендеген басқа ұлттар композиторларының шығармалары, романстары, шығармашылық еңбектерін біріктіреді.
Қазақстан музыкасының тарихы
Қазақ халық музыкасы
Қазақ халық музыкасының тарихына көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді.
Қазақ музыкасы ауызекі дәстүрге негізделген суырып салмалық өнермен қатар жеке өнер саласы, тіпті ілім ретінде де қалыптасып келеді. Ертедегі жазбалары, орта ғасырлардағы Қорқыт, оғыз еліндегі қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының музыкалық мәдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде әл-Фараби, , , , т.б. көптеген шығыс ойшылдарының музыка өнеріне қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің “Музыканың ұлы кітабы” күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра. Мұның өзі қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенін аңғартады. 15 – 18 ғасырлырдағы жыраулық өнер тудырған эпик дәстүрдің Қазақ музыкасынан алатын орны ерекше.
XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің дамуы
XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің гүлденген дәуірі болды. Бұл кезеңде өмір сүрген көптеген аса көрнекті кәсіби композитор-әншілер мен күйшілердің шығармалары халықтың музыкалық классикасының негізін құрады. Көптеген халық композиторлары өз заманындағы білімді адамдар еді; олардың бәрі дерлік хат танитын, кейбіреулері орыс тілі мен араб тілін білетін, бірақ өз шығармаларын нотаға түсіріп жаза алмайтын еді.
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Абай әндері қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы бауырлас достықты нығайтуға игі ықпал етті. Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан аударған Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды.
Қазақ әндерін жазып алуда С. Г. Рыбаков көп еңбек сіңірді. Ол 100-ден астам ән жинады. Қазақтың ән әуендері оркестрлік шығармаларда да пайдаланылды.
Қазақстан музыкасы Азамат соғысынан соң
Азамат соғысы жылдарында Қазақстан музыкасы жаңа тақырыптармен толыға түскен еді. Алғашқы революцияшыл қазақ әндері туды. Ақындар мен әншілер Кеңес өкіметі идеяларын насихаттауда маңызды рөл атқарды. Әсіресе Сәкен Сейфуллиннің «Жас қазақ марселъезасы» атты революциялық рухтағы әні кең таралды.
- Азамат, жүнжіме, жүрме бос
- Қол ұстас, бірігіп тізе қос!
- Ту ұстап дұшпанға барайық,
- Теңдіктің ұранын салайық.
- Тізесін батырған залымнан
- Күн туды біз теңдік алайық!
Қазақстанның уездік орталықтарында жергілікті органдар Музыкалық мекемелерді ұйымдастыруға баса көңіл бөлді. Бұл халықты саяси ағарту міндеттеріне байланысты еді.
1919 жылы Ақмолада музыкалық мектеп, ал келесі жылы театр, музыка және би үйірмелері бар Халық үйі ашылды. Осы жылы Верныйда жергілікті гарнизонның мәдени ағарту коллегиясы жанынан П.М.Виноградовтың бастамасымен Қызыл әскерлер хоры ұйымдастырылды. Ұзамай-ақ қалада әскер пәлімдері мен парктерде ойнайтын симфониялық оркестр жұмыс істей бастады. 1920 жылы Орынборда музыка мектебі мен музыка кітапханасы, сондай-ақ халық аспаптары оркестрлері үшін көркемдік репертуар құрастыратын комиссия ұйымдастырылды. Петропавлда осы жылы халықтық консерватория ашылды. Бұл жылдары ұйымдастырылған музыкалық мекемелер радио мен теледидардың орнына халыққа идеологиялық тәрбие беруде маңызды рөл атқарды.
Халық арасынан талантты орындаушыларды іздеп тауып, кеңестік музыкалық ұжымдарға тарту үшін слеттер мен байқаулар өткізіле бастады. Қазақстанның көптеген аудандары мен облыстарында әншілер, ақындар, музыканттар байқауы тұрақты өткізіліп тұрды. 1922 жылы Қарқаралыда өткен байқауда бірінші орынды талантты әнші иеленді. 1924 жыды Петропавлда ірі ақын, сазгер әрі әнші қатысқан слет өтті.
1923 жылы Мәскеуге Ә.Қашаубаев, И.Байзаков, Е.Өмірзақов, Ғ.Айтпаева, Қ.Байжанов, Қ.Жандарбеков, т.б. қазақ әншілері мен музыканттары шақырылып, концерт қойды. 1925 жылы жаңа астана Қызылордада Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, т.б. қатысуымен қазан халық музыкасының үлкен концерті өтті.
Қазақ музыка мәдениетін зерттеу және насихаттау ісінде қазақ музыка фольклорын қажымай жинаушы сазгер Александр Викторович Затаевичтің (1869—1936 ) рөлі үлкен. Орынборға 1920 жылы келген ол 3 жыл ішінде 1500-ден астам қазақ әндері мен күйлерін жазып алды. Республика үкіметі А.В.Затаевичтің еңбегін жоғары бағалап, оған 1923 жылы 9 тамызда Қазақ АКСР-нің Халық әртісі атағын берді. Ол барлығы — 2300 шығарма жазып алған, оның ішінде ұйғыр, дүнген, өзбек, қарақалпақ, татар, корей ұлттық музыкалары да бар. «Қазақ халқының 1000 әні» деген алғашқы жинағы 1925 жылы Орынборда, ал «Қазақ халкының 500 әні мен күйі» деген екінші жинағы 1931 жылы Алматыда жарық көрді. Ол жинаған қазақ халқының бай музыкалық қазынасы дүние жүзі елдерін Қазақстанның өзіндік музыка өнерімен таныстырды.
1926 жылы Қызылордада қазақ театры ашылып, Қазақстанның музыкалық орталығына айналды. Ол өзінің алғашқы онжылдығы бойында негізінен музыкалық театр болды. Қазақ көрермендерін тарту үшін театрда спектакльден кейін концерт берілетін.
1931 жылы Алматыда қуатты радио тарату станциясы жұмыс істей бастады. Радиоорталықта түңғыш қазақ кәсіпқой хоры ұйымдастырылды. Ұлттық өнер кадрларын даярлау үшін Алматыда 1932 жылы театр-музыка техникумы ашылды. Бұл республикадағы тұңғыш өнер оқу орны еді, сондықтан онда жұмыс істеу үшін қазақ тілін білетін және музыкадан теориялық білімі бар жігерлі адамдар қажет болды. Сондай мамандардың бірі — Ахмет Қуанұлы Жұбанов еді.
1933 жылы 29 сәуірде ғылыми-зерттеу кабинеті мен Алматы музыкалық-драмалық техникумының музыкалық-тәжірибелік шеберханасына музыкалық фольклорды зерттеу және қазақ халық аспаптарының үнін жетілдіру міндеті жүктелді. Жұмысқа А.Жұбанов басшылық жасап, Е.Брусиловский және ағайынды Прокофий мен Эмануэль Романенколар сияқты мамандар тартылды. Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Тәттімбет, Қазанғап, Ықылас, Сармалай, Сейтек, т.б. күйшілердің көптеген күйлері жазылып алынады.
А.Жұбанов кәсіби музыкалық білім жүйесінде домбырада және қобызда нотамен ойнауды үйрету қажеттігі жөнінде мәселе көтерді.
Жемісті еңбек нәтижесінде көлемі және дыбысталуы әр түрлі домбыралар квартетін: прима, тенор, альт және бас домбыраларын жасап шығарды. А.Жұбановтың басшылығымен техникумның 11 студенті кішігірім домбыра оркестрін құрды. 1934 жылы маусымда халық өнер қайраткерлерінің I слеті болды. Домбыра ансамблін есепке ала отырып, Қазақ ОАК-нің төралқасы «Ағарту халкомы жанынан халық өнері қайраткерлерінің I слетіне қатысушылардан халық аспаптарының ұлттық оркестрін құру... Оркестрді республикалық бюджеттен қаржыландыруға қосу туралы» қаулы қабылдады. Оркестр құрамына техникум студенттерімен катар халық музыкасының шеберлері енгізілді. Дирижері және көркемдік жетекшісі А.Жұбанов болды.
1935 жылы осы оркестрдің негізінде Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы құрылды. Филармония республикадағы музыкалық-концерттік жұмыстың ұйымдастырушы орталығы болды. 1935 жылдың жазында халық аспаптары оркестрі Қазақстан бойынша тұңғыш гастрольге шықты. Оркестрдің репертуарындағы Кұрманғазының «Сарыарқа», «Серпер», «Балбырауын», Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйлерін халық жылы қабылдады.
1936 жылы мамырда Мәскеуде Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті. 23 мамырда Үлкен театрда өткен қорытынды концертте партия мен үкімет басшылары қатысты. А.Жұбанов басқарған оркестр өзінің ең таңдаулы шығармаларын орындады. 1936 жылы 3 қарашада Қазақ АКСР ОАК-нің қаулысымен А.Жұбановқа және солист әншілер У.Қабиғожин мен Л.Мұхитовқа республикаға еңбек сіңірген әртіс атағы берілді. А.Жұбанов оркестрге орыс және шетел классикасын, М.И.Глинканың «, П.И.Чайковскийдің «Қарғанын мәткесі», Ф.Шуберттің «Музыкалық сәт» операларынан үзінділер енгізді. 1938 жылдың қазан айынан бастап оркестрге Латиф Хамиди жетекшілік етті.
Сөйтіп, 30-жылдардың соңына дейін Қазақстанның көсіпқой музыка өнері даму үстінде болды. Білімді қорландыру, дарынды орындаушыларды анықтау, музыкалық ұжымдар үшін талантты жастарды таңдап алу жұмыстары жүргізілді. 30-жылдардың соңына қарай республикада қалыптасқан кәсіпқой музыкалық мәдениетте Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетінің өзіндік белгілері әлі де сақталған болатын.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан музыкасы
Мәдени қызмет көрсету мақсатымен 1941 жылы Алматыда майдандық концерт бригадалары ұйымдастырылды. Олардың құрамында республиканың көрнекті әнші-актерлері Күләш , Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ғ.Құрманғалиев, Ж.Омарова, Е.Өмірзақов, Ү.Тұрдықұлова, Ә.Б.Үмбетбаев, М.Абдуллин, Б.Артықова, Н.Әбішев, Ш.Бейсекова, Қ.Лекеров; бишілер Ш.Жиенқұлова, З.Розмұхамедова; домбырашы Л.Мұхитов болды.
Концерттік бригадаларды жазушылар Ә.Әбішев, Ғ.Мұстафин, Ғ.Орманов, ҚазССР Халкомсовы жанындағы өнер істері жөніндегі басқарманыц бастығы С.Е.Толыбеков, директор Ф.А.Ф.А-Кузьмич т.б. басқарды. Тыл мен майдан арасындағы байланыстың нығая түсуі үшін майданнан тылға келген делегациялардың да маңызы зор болды. 1942-1943 жылдары Қазақстанға майданнан 16 делегация, ал 1944 жылы 6 делегация келіп кетгі. Олардың ішіңце Қазақставда жасақталған 8-гвардиялық атқыштар, Сталинградтық-дунайлық 73-гвардиялық, 391-, 310-, 314-атқыштар дивизияларының т.б. әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлері бодды. Олар кәсіпорындарда, колхоз, совхоздарда, оқу орындары мен ғылыми мекемелерде болып, өз бөлімшелерінің жауынгерлік жолы, полктес жолдастарының ерліктері туралы айтып берді. Қазақстан еңбекшілері делегацияларының майданға баруы әрі майдангерлердің тылға келіп кетуі, демалысқа келген Совет Одағынын, Батырларымен еткізілген кездесулер майдан мен тылдың байланысын бұрынғыдан нығайтты. Совет жауынгерлерін майданда қаһармандықпен соғысуға, тыл еңбеккерлерін жанқиярлық еңбекке жігерлендірді.
Кеңес одағының құрамында болған жылдардағы Қазақстан музыкасы
Брусиловский “Қыз Жібек”, “” секілді алғашқы қазақ операларын жазды. И.Н. Надировтың “Терең көл” (1939), А.А. Зильбердің “Бекет” (1940), В.В. Великановтың “Тұтқын қыз” (1939), Брусиловскийдің “Ер Тарғын” (1937) опералары Қазақ музыкасының кезекті жетістіктері болды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары қазақ композиторлары “Гвардия алға” (Брусиловский), “Амангелді” (Брусиловский, М.Төлебаев), “Абай” (Жұбанов, Л.Хамиди), “” (М.Төлебаев) секілді күрделі туындылар берді. Опера жанрымен қатар композиторлар “Сарыарқа” (Брусиловский), “Абай” (Жұбанов), “Қазақ симфониясы” (Великанов), “Ризвангүл” (Қ.Қожамияров), “Жайлауда” (Қ.Мусин) атты симфониялық шығармалар (поэма), “Коммунизм оттары”, “Кеңестік Қазақстан” атты кантаталар жазды. Брусиловский мен Ғ.Жұбанова оркестр мен жеке музыкалық аспапқа арналған концерт жанрында да елеулі еңбек етті. Қазақ музыкасының жетістіктері кәсіби және көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен Мәскеуде өткен әдебиет пен өнер онкүндіктерінде (1936, 1958) көрсетілді.
Қазақ музыкасын шетелдіктерге алғаш паш етушілердің бірі Ә.Қашаубаев болды. Ол Парижде, Майндағы Франкфуртте ән шырқады. 60 – 70-жылдары Қазақстан композиторлары ұжымдық тәсілмен бірқатар опералық шығармалар жазды. Бірақ бұл шығармашылық тәсілдің елеулі кемшіліктері болды. Соның бастысы – бір шығарманың әр түрлі нақышта жазылуы еді. Сондықтан композиторлар бұл тәсілден бас тартып, С.Мұхамеджанов “” (1964), Е.Рахмадиев “Алпамыс” (1972), Жұбанова “Еңлік-Кебек” (1975), Қожамияров “Садыр Палуан” (1977) атты опералық шығармалар жазды, Жұбанова, Қожамияров, М.Сағатов балет жанрында еңбек етті. Брусиловский бесінші, алтыншы, Қожамияров бірінші, екінші, Жұбанова “Жігер” атты симфонияларын жазды. Рахмадиев“Дайрабай”, “Құдаша думан” симфониялық күйлерін ұсынды. Қазақ музыкасы үшін бұл күй жанрының өзіндік жаңалығы болатын.
60–70-жылдарда ән жанрында жемісті еңбек еткен Б.Байқадамовтың, Ә.Еспаевтың, М.Маңғытаевтың, Ш.Қалдаяқовтың, Ә.Бейсеуовтің, Т.Базарбаевтың, Е.Хасанғалиевтің шығармалары халық ілтипатына бөленді. Кейінгі жылдары опера, симфония, балет саласында – С.Мұхамеджанов (“Ақан сері – Ақтоқты”), Б.Жұбаниязов (“Махамбет”), Жұбанова, Рахмадиев, С.Кибирова (“Үш торай”), А.Серкебаев (“Мой брат Маугли”), С.Еркінбеков (“Мәңгі алау”), аспаптық-камералық және вокалдық музыкада – Ж.Дастенов, Маңғытаев, Сағатов, Ж.Тұрсынбаев, Т.Мұхамеджанов, т.б. композиторлар жемісті еңбек етті.
Қазақстан өнер шеберлері Венгрияда (1970, 1973), Германияда (1970, 1972, 1975), Польшада (1971, 1975), Моңғолияда (1971), Чехословакияда (1972, 1974), Кубада кеңінен танымал болды. Азияда – Сингапур, Малайзия, Шри-Ланка, (1973), Үндістан; Еуропа елдерінде – Финляндия (1971), Франция, Германия (1972), Италия (1976), Швецияда (1970, 1984) өткізілген КСРО мәдениеті күндерінде Қазақстанның еңбек сіңірген ұжымдары – , хор капелласы, ән-би ансамблі, классикалық би ансамблі, “Отырар сазы” оркестрі, “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Арай” ансамбльдері, “Сазген” этнографиялық ансамблі, т.б. қатысты. КСРО халық – Бибігүл Ахметқызы Төлегенова, Роза Бағланова, Ермек Серкебаев және Роза Жаманова қойған концерттерін шет ел көрермендері жоғары бағалады. 70-жылдарда Қазақ музыкасының талантты жас өнерпаздары бүкілодақтық және дүниежүзілік музыка сахнасына шықты. Олардың қатарында Паганини атындағы халықаралық скрипкашылар байқауының (Италия, Генуя, 1971) лауреаты Э.Нақыпбекова, Глинка атындағы бүкілодақтық әншілер бәйгесінің (Мәскеу, 1976) лауреаты М.Мұсабаев, осы байқаудың дипломанты Р.Жұбатырова, бүкілодақтық дирижерлер байқауының (Мәскеу, 1976) лауреаты , Герберт фон Кароян қорының халықаралық байқауының дипломанты (1978) Т.Әбдірәшев, Глинка атындағы бүкілодақтық әншілер байқауы (1975) мен Р.Шуман атындағы халықаралық әншілер байқауының (Германия, Цвиккау, 1977) және Рио-де-Жанейрода өткен әншілердің халықаралық байқауының (Бразилия, 1979) лауреаты , халықаралық скрипкашылар байқауының (Белград, 1977) дипломанты және халықаралық скрипкашылар байқауының , Токио, 1982) лауреаты А.Мұсаходжаева, Глинка атындағы бүкілодақтық әншілер байқауының (Мәскеу, 1977) лауреаты, әнші Ғ.Қ. Есімов, Болгарияда өткен халықаралық эстрада әндері байқауының (Болгария, София, 1977) “Алтын Орфей” жүлдесін жеңіп алып, “Алтын микрофон” атты халықаралық байқауда (Түркия, Стамбул, 1979) екінші орынды иеленген әнші Р.Рымбаева, Ж.Б. Виотти атындағы халықаралық пианинода ойнаушылар байқауының (Верчелли, 1980) үздік І сыйлығына ие болған Г.Қадырбекова, және Ж.Тибо атындағы байқаудың (Франция, Париж, 1983) жеңімпазы атанған , Халықаралық скрипкашылар байқауының (Париж, 1985) лауреаты Г.Мырзабекова, т.б. бар. 1988 – 99 жылдары “Франциядағы қазақ күндерінде” Ж.Әубәкірова жеке концертімен, М.Бисенғалиев (скрипка), А.Бөрібаев (виолончель), Т.Ормантаев (пианино), М.Мұхамедқызы мен Н.Үсенбаева (екеуі де – әнші) өз өнерлерін көрсетті. 2003 жылы мамырда композитор Б.Жұманиязовтың “Махамбет” операсының (либреттосы – Б.Аманшиндікі) беташар қойылымы өтті. Қазақтың музыка мәдениеті аясында музыкатану ғылымы да қанатын кең жайды. Затаевич, Жұбанов, Ерзакович, , И.Дубовский, Ю.Аравин, секілді аға буын ғалымдардың Қазақ музыкасын зерттеуге қосқан үлестері көп. Олардың ізін баса З.Қоспақов, Т.Бекхожина, Ә.Мұхамбетова, С.Елеманова, С.Күзембаева, Б.Қарақұлов, т.б. өнер зерттеушілері шықты. Бүгінде Қазақ музыкасы –аяғына нық тұрған, әлем мәдениетінде өзіндік орны айқындалған өнер саласына айналды.
- А.В.Затаевич
- М.Ержанов
- Жүсіпбек Елебеков
- Ш.Қалдаяқов
- «Гүлдер» ансамблі
- Дос-Мұқасан
- Роза Бағланова
Тәуелсіз Қазақстан музыкасы
Қазақстанның қазіргі даму барысында музыка мәдениетінің көп тармақты құрылымы қалыптасты. Республикада Европалық жанрдағы орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қоса, әуенді шығарудың жаңа дәстүрлі, әлемдік көпшілік музыка (рок, эстрада, джаз) және әлемдік концессиялардың діни музыкасы, Қазақстанды мекендеген халықтардың - ұйғырлардың, кәрістердің, немістердің, дұнғандардың орыстардың,татарлардың ауысша кәсіби фольклоры негіз салды. Республикада әртүрлі көркемдік профильдегі орындаушы ұжымдар - Мемлекеттік симфониялық оркестр, Құрманғазы атындағы қазақтың халық аспаптар оркестрі, хор капелласы, халық би ансамблі, Мемлекеттік квартет, эстрадалық ансамбльдер, үрмелі және джаздық оркестрі пайда болды. Қазақстан -әлемдік масштабтағы классикалық музыканы орындаушылар отаны. Ол "- Е. Серкебаев, Б. Төлегенова, Ғ. Есімов, Ә. Дінішев, Г. Қадырбекова, А. Мұсаходжаева, Ж. Әубәкірова, шетелдердегі қазақ музыкалық диаспорасының жұлдыздары - М. Бейсенғалиев, Э. Құрманғалиев, ағайынды Нақыпбековалар.
Бүгінгі күні Республикада к. Байсейітова және А. Жұбанов атындағы арнаулы балалар мектебі, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясы, Астанадағы Ұлттық музыка Академиясы, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы, Қазақконцерт, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер Институты және басқа да музыкалық - біліми, ғылыми және мәдени мекемелер бар. Музыка бүгін мен болашақты, өткенді жалғастырушы алтын буын міндетін атқарып отыр .
Қазақстандық музыка фестивалдері
Жыл сайын біздің тәуелсіз республикамыз "Жігер", "", "", "Азия дауысы" халықаралық сайысын, ал халық музыканттарын - дәстүрлі музыканың халықаралық фестивалін, жас орындаушылар фестивалін ұйымдастырылатын.
Дереккөздер
- http://www.tarih-begalinka.kz/kk/history/modern/history/ Тарихи хроника
- http://sheriazdanov.ucoz.kz/publ/tarikh/so_ys_zhyldarynda_y_aza_stan_m_denieti_men_ylymy/4-1-0-187 Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы.
- http://musicheritage.nlrk.kz/index.php/kz/menu/show/11 Мұрағатталған 13 қазанның 2016 жылы. Қазақтың музыкалық мәдениеті
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazakstan muzykasy Қazakstannyn muzyka oneri men muzyka industriyasy Қazakstan halyktarynyn biregej teren shynajy dәstүrlerinin kalyptasu zhәne damuy arkyly uzak tarihi procesterdin nәtizhesinde zhetken muzykalyk mәdenietinin baj muzykalyk murasy Bul tuzhyrymdama kazak halkynyn muzyka onerin XVI XXI gasyrlardagy kazak zhәne kazak zherin mekendegen baska ulttar kompozitorlarynyn shygarmalary romanstary shygarmashylyk enbekterin biriktiredi Қazakstan muzykasynyn tarihyҚazak halyk muzykasy Tolyk makalasy Қazak halyk muzykasy ҚorkytTәttimbet Қazangapuly Қazak halyk muzykasynyn tarihyna kone tүrki dәuirinen bergi kezendegi muzyka үlgileri men tarihi mәdeni mәlimetter enedi Қazak muzykasy auyzeki dәstүrge negizdelgen suyryp salmalyk onermen katar zheke oner salasy tipti ilim retinde de kalyptasyp keledi Ertedegi zhazbalary orta gasyrlardagy Қorkyt ogyz elindegi kobyz kulti turaly derekter tүrki tajpalarynyn muzykalyk mәdenietinen habar beredi Odan bergi zherde әl Farabi t b koptegen shygys ojshyldarynyn muzyka onerine katysty teoriyalyk enbekteri de bolgan Farabidin Muzykanyn uly kitaby kүni bүginge dejin gylymi mәnin zhojmagan әli de tolyk zerttelip bolmagan mura Munyn ozi kazak muzykasynyn birde shamanizm birde zoroastrizm birde islam mәdenietinin ayasynda kalyptasyp kelgenin angartady 15 18 gasyrlyrdagy zhyraulyk oner tudyrgan epik dәstүrdin Қazak muzykasynan alatyn orny erekshe XIX gasyrdyn ekinshi zhartysy Қazakstannyn muzyka onerinin damuy XIX gasyrdyn ekinshi zhartysy Қazakstannyn muzyka onerinin gүldengen dәuiri boldy Bul kezende omir sүrgen koptegen asa kornekti kәsibi kompozitor әnshiler men kүjshilerdin shygarmalary halyktyn muzykalyk klassikasynyn negizin kurady Koptegen halyk kompozitorlary oz zamanyndagy bilimdi adamdar edi olardyn bәri derlik hat tanityn kejbireuleri orys tili men arab tilin biletin birak oz shygarmalaryn notaga tүsirip zhaza almajtyn edi XIX gasyrdyn ekinshi zhartysynda Қazakstandagy muzyka onerinin damuyna Dәuletkerej Shygajuly Tәttimbet Қazangapuly Ykylas Dүkenuly siyakty kompozitor muzykanttar үlken үles kosty Abaj әnderi kazak halky men orys halkynyn arasyndagy bauyrlas dostykty nygajtuga igi ykpal etti Pushkinnin Evgenij Onegin poemasynan audargan Tatyana hatynyn sozine shygargan Tatyananyn kyrdagy әni kalyn eldin sүjikti әnine ajnaldy Қazak әnderin zhazyp aluda S G Rybakov kop enbek sinirdi Ol 100 den astam әn zhinady Қazaktyn әn әuenderi orkestrlik shygarmalarda da pajdalanyldy Қazakstan muzykasy Azamat sogysynan son Azamat sogysy zhyldarynda Қazakstan muzykasy zhana takyryptarmen tolyga tүsken edi Algashky revolyuciyashyl kazak әnderi tudy Akyndar men әnshiler Kenes okimeti ideyalaryn nasihattauda manyzdy rol atkardy Әsirese Sәken Sejfullinnin Zhas kazak marselezasy atty revolyuciyalyk ruhtagy әni ken taraldy Azamat zhүnzhime zhүrme bos Қol ustas birigip tize kos Tu ustap dushpanga barajyk Tendiktin uranyn salajyk Tizesin batyrgan zalymnan Kүn tudy biz tendik alajyk dd dd Қazakstannyn uezdik ortalyktarynda zhergilikti organdar Muzykalyk mekemelerdi ujymdastyruga basa konil boldi Bul halykty sayasi agartu mindetterine bajlanysty edi 1919 zhyly Akmolada muzykalyk mektep al kelesi zhyly teatr muzyka zhәne bi үjirmeleri bar Halyk үji ashyldy Osy zhyly Vernyjda zhergilikti garnizonnyn mәdeni agartu kollegiyasy zhanynan P M Vinogradovtyn bastamasymen Қyzyl әskerler hory ujymdastyryldy Ұzamaj ak kalada әsker pәlimderi men parkterde ojnajtyn simfoniyalyk orkestr zhumys istej bastady 1920 zhyly Orynborda muzyka mektebi men muzyka kitaphanasy sondaj ak halyk aspaptary orkestrleri үshin korkemdik repertuar kurastyratyn komissiya ujymdastyryldy Petropavlda osy zhyly halyktyk konservatoriya ashyldy Bul zhyldary ujymdastyrylgan muzykalyk mekemeler radio men teledidardyn ornyna halykka ideologiyalyk tәrbie berude manyzdy rol atkardy Halyk arasynan talantty oryndaushylardy izdep tauyp kenestik muzykalyk uzhymdarga tartu үshin sletter men bajkaular otkizile bastady Қazakstannyn koptegen audandary men oblystarynda әnshiler akyndar muzykanttar bajkauy turakty otkizilip turdy 1922 zhyly Қarkaralyda otken bajkauda birinshi oryndy talantty әnshi ielendi 1924 zhydy Petropavlda iri akyn sazger әri әnshi katyskan slet otti 1923 zhyly Mәskeuge Ә Қashaubaev I Bajzakov E Өmirzakov Ғ Ajtpaeva Қ Bajzhanov Қ Zhandarbekov t b kazak әnshileri men muzykanttary shakyrylyp koncert kojdy 1925 zhyly zhana astana Қyzylordada Әmire Қashaubaev Isa Bajzakov Elubaj Өmirzakov t b katysuymen kazan halyk muzykasynyn үlken koncerti otti Қazak muzyka mәdenietin zertteu zhәne nasihattau isinde kazak muzyka folkloryn kazhymaj zhinaushy sazger Aleksandr Viktorovich Zataevichtin 1869 1936 roli үlken Orynborga 1920 zhyly kelgen ol 3 zhyl ishinde 1500 den astam kazak әnderi men kүjlerin zhazyp aldy Respublika үkimeti A V Zataevichtin enbegin zhogary bagalap ogan 1923 zhyly 9 tamyzda Қazak AKSR nin Halyk әrtisi atagyn berdi Ol barlygy 2300 shygarma zhazyp algan onyn ishinde ujgyr dүngen ozbek karakalpak tatar korej ulttyk muzykalary da bar Қazak halkynyn 1000 әni degen algashky zhinagy 1925 zhyly Orynborda al Қazak halkynyn 500 әni men kүji degen ekinshi zhinagy 1931 zhyly Almatyda zharyk kordi Ol zhinagan kazak halkynyn baj muzykalyk kazynasy dүnie zhүzi elderin Қazakstannyn ozindik muzyka onerimen tanystyrdy 1926 zhyly Қyzylordada kazak teatry ashylyp Қazakstannyn muzykalyk ortalygyna ajnaldy Ol ozinin algashky onzhyldygy bojynda negizinen muzykalyk teatr boldy Қazak korermenderin tartu үshin teatrda spektaklden kejin koncert beriletin 1931 zhyly Almatyda kuatty radio taratu stanciyasy zhumys istej bastady Radioortalykta tүngysh kazak kәsipkoj hory ujymdastyryldy Ұlttyk oner kadrlaryn dayarlau үshin Almatyda 1932 zhyly teatr muzyka tehnikumy ashyldy Bul respublikadagy tungysh oner oku orny edi sondyktan onda zhumys isteu үshin kazak tilin biletin zhәne muzykadan teoriyalyk bilimi bar zhigerli adamdar kazhet boldy Sondaj mamandardyn biri Ahmet Қuanuly Zhubanov edi 1933 zhyly 29 sәuirde gylymi zertteu kabineti men Almaty muzykalyk dramalyk tehnikumynyn muzykalyk tәzhiribelik sheberhanasyna muzykalyk folklordy zertteu zhәne kazak halyk aspaptarynyn үnin zhetildiru mindeti zhүkteldi Zhumyska A Zhubanov basshylyk zhasap E Brusilovskij zhәne agajyndy Prokofij men Emanuel Romanenkolar siyakty mamandar tartyldy Қurmangazy Dәuletkerej Abyl Tәttimbet Қazangap Ykylas Sarmalaj Sejtek t b kүjshilerdin koptegen kүjleri zhazylyp alynady A Zhubanov kәsibi muzykalyk bilim zhүjesinde dombyrada zhәne kobyzda notamen ojnaudy үjretu kazhettigi zhoninde mәsele koterdi Zhemisti enbek nәtizhesinde kolemi zhәne dybystaluy әr tүrli dombyralar kvartetin prima tenor alt zhәne bas dombyralaryn zhasap shygardy A Zhubanovtyn basshylygymen tehnikumnyn 11 studenti kishigirim dombyra orkestrin kurdy 1934 zhyly mausymda halyk oner kajratkerlerinin I sleti boldy Dombyra ansamblin esepke ala otyryp Қazak OAK nin toralkasy Agartu halkomy zhanynan halyk oneri kajratkerlerinin I sletine katysushylardan halyk aspaptarynyn ulttyk orkestrin kuru Orkestrdi respublikalyk byudzhetten karzhylandyruga kosu turaly kauly kabyldady Orkestr kuramyna tehnikum studentterimen katar halyk muzykasynyn sheberleri engizildi Dirizheri zhәne korkemdik zhetekshisi A Zhubanov boldy 1935 zhyly osy orkestrdin negizinde Zhambyl atyndagy Қazak memlekettik filarmoniyasy kuryldy Filarmoniya respublikadagy muzykalyk koncerttik zhumystyn ujymdastyrushy ortalygy boldy 1935 zhyldyn zhazynda halyk aspaptary orkestri Қazakstan bojynsha tungysh gastrolge shykty Orkestrdin repertuaryndagy Kurmangazynyn Saryarka Serper Balbyrauyn Dәuletkerejdin Қosalka kүjlerin halyk zhyly kabyldady 1936 zhyly mamyrda Mәskeude Қazakstan әdebieti men onerinin onkүndigi otti 23 mamyrda Үlken teatrda otken korytyndy koncertte partiya men үkimet basshylary katysty A Zhubanov baskargan orkestr ozinin en tandauly shygarmalaryn oryndady 1936 zhyly 3 karashada Қazak AKSR OAK nin kaulysymen A Zhubanovka zhәne solist әnshiler U Қabigozhin men L Muhitovka respublikaga enbek sinirgen әrtis atagy berildi A Zhubanov orkestrge orys zhәne shetel klassikasyn M I Glinkanyn P I Chajkovskijdin Қarganyn mәtkesi F Shuberttin Muzykalyk sәt operalarynan үzindiler engizdi 1938 zhyldyn kazan ajynan bastap orkestrge Latif Hamidi zhetekshilik etti Sojtip 30 zhyldardyn sonyna dejin Қazakstannyn kosipkoj muzyka oneri damu үstinde boldy Bilimdi korlandyru daryndy oryndaushylardy anyktau muzykalyk uzhymdar үshin talantty zhastardy tandap alu zhumystary zhүrgizildi 30 zhyldardyn sonyna karaj respublikada kalyptaskan kәsipkoj muzykalyk mәdeniette Қazakstan halyktarynyn ulttyk mәdenietinin ozindik belgileri әli de saktalgan bolatyn Ұly Otan sogysy kezindegi Қazakstan muzykasy Mәdeni kyzmet korsetu maksatymen 1941 zhyly Almatyda majdandyk koncert brigadalary ujymdastyryldy Olardyn kuramynda respublikanyn kornekti әnshi akterleri Kүlәsh Zh Elebekov M Erzhanov Ғ Қurmangaliev Zh Omarova E Өmirzakov Ү Turdykulova Ә B Үmbetbaev M Abdullin B Artykova N Әbishev Sh Bejsekova Қ Lekerov bishiler Sh Zhienkulova Z Rozmuhamedova dombyrashy L Muhitov boldy Koncerttik brigadalardy zhazushylar Ә Әbishev Ғ Mustafin Ғ Ormanov ҚazSSR Halkomsovy zhanyndagy oner isteri zhonindegi baskarmanyc bastygy S E Tolybekov direktor F A F A Kuzmich t b baskardy Tyl men majdan arasyndagy bajlanystyn nygaya tүsui үshin majdannan tylga kelgen delegaciyalardyn da manyzy zor boldy 1942 1943 zhyldary Қazakstanga majdannan 16 delegaciya al 1944 zhyly 6 delegaciya kelip ketgi Olardyn ishince Қazakstavda zhasaktalgan 8 gvardiyalyk atkyshtar Stalingradtyk dunajlyk 73 gvardiyalyk 391 310 314 atkyshtar diviziyalarynyn t b әskeri bolimder men kuramalardyn zhauyngerleri boddy Olar kәsiporyndarda kolhoz sovhozdarda oku oryndary men gylymi mekemelerde bolyp oz bolimshelerinin zhauyngerlik zholy polktes zholdastarynyn erlikteri turaly ajtyp berdi Қazakstan enbekshileri delegaciyalarynyn majdanga baruy әri majdangerlerdin tylga kelip ketui demalyska kelgen Sovet Odagynyn Batyrlarymen etkizilgen kezdesuler majdan men tyldyn bajlanysyn buryngydan nygajtty Sovet zhauyngerlerin majdanda kaһarmandykpen sogysuga tyl enbekkerlerin zhankiyarlyk enbekke zhigerlendirdi Kenes odagynyn kuramynda bolgan zhyldardagy Қazakstan muzykasy Brusilovskij Қyz Zhibek sekildi algashky kazak operalaryn zhazdy I N Nadirovtyn Teren kol 1939 A A Zilberdin Beket 1940 V V Velikanovtyn Tutkyn kyz 1939 Brusilovskijdin Er Targyn 1937 operalary Қazak muzykasynyn kezekti zhetistikteri boldy 2 dүniezhүzilik sogys zhyldary kazak kompozitorlary Gvardiya alga Brusilovskij Amangeldi Brusilovskij M Tolebaev Abaj Zhubanov L Hamidi M Tolebaev sekildi kүrdeli tuyndylar berdi Opera zhanrymen katar kompozitorlar Saryarka Brusilovskij Abaj Zhubanov Қazak simfoniyasy Velikanov Rizvangүl Қ Қozhamiyarov Zhajlauda Қ Musin atty simfoniyalyk shygarmalar poema Kommunizm ottary Kenestik Қazakstan atty kantatalar zhazdy Brusilovskij men Ғ Zhubanova orkestr men zheke muzykalyk aspapka arnalgan koncert zhanrynda da eleuli enbek etti Қazak muzykasynyn zhetistikteri kәsibi zhәne korkemonerpazdar uzhymdarynyn katysuymen Mәskeude otken әdebiet pen oner onkүndikterinde 1936 1958 korsetildi Қazak muzykasyn sheteldikterge algash pash etushilerdin biri Ә Қashaubaev boldy Ol Parizhde Majndagy Frankfurtte әn shyrkady 60 70 zhyldary Қazakstan kompozitorlary uzhymdyk tәsilmen birkatar operalyk shygarmalar zhazdy Birak bul shygarmashylyk tәsildin eleuli kemshilikteri boldy Sonyn bastysy bir shygarmanyn әr tүrli nakyshta zhazyluy edi Sondyktan kompozitorlar bul tәsilden bas tartyp S Muhamedzhanov 1964 E Rahmadiev Alpamys 1972 Zhubanova Enlik Kebek 1975 Қozhamiyarov Sadyr Paluan 1977 atty operalyk shygarmalar zhazdy Zhubanova Қozhamiyarov M Sagatov balet zhanrynda enbek etti Brusilovskij besinshi altynshy Қozhamiyarov birinshi ekinshi Zhubanova Zhiger atty simfoniyalaryn zhazdy Rahmadiev Dajrabaj Қudasha duman simfoniyalyk kүjlerin usyndy Қazak muzykasy үshin bul kүj zhanrynyn ozindik zhanalygy bolatyn 60 70 zhyldarda әn zhanrynda zhemisti enbek etken B Bajkadamovtyn Ә Espaevtyn M Mangytaevtyn Sh Қaldayakovtyn Ә Bejseuovtin T Bazarbaevtyn E Hasangalievtin shygarmalary halyk iltipatyna bolendi Kejingi zhyldary opera simfoniya balet salasynda S Muhamedzhanov Akan seri Aktokty B Zhubaniyazov Mahambet Zhubanova Rahmadiev S Kibirova Үsh toraj A Serkebaev Moj brat Maugli S Erkinbekov Mәngi alau aspaptyk kameralyk zhәne vokaldyk muzykada Zh Dastenov Mangytaev Sagatov Zh Tursynbaev T Muhamedzhanov t b kompozitorlar zhemisti enbek etti Қazakstan oner sheberleri Vengriyada 1970 1973 Germaniyada 1970 1972 1975 Polshada 1971 1975 Mongoliyada 1971 Chehoslovakiyada 1972 1974 Kubada keninen tanymal boldy Aziyada Singapur Malajziya Shri Lanka 1973 Үndistan Europa elderinde Finlyandiya 1971 Franciya Germaniya 1972 Italiya 1976 Shveciyada 1970 1984 otkizilgen KSRO mәdenieti kүnderinde Қazakstannyn enbek sinirgen uzhymdary hor kapellasy әn bi ansambli klassikalyk bi ansambli Otyrar sazy orkestri Gүlder Dos Mukasan Araj ansamblderi Sazgen etnografiyalyk ansambli t b katysty KSRO halyk Bibigүl Ahmetkyzy Tolegenova Roza Baglanova Ermek Serkebaev zhәne Roza Zhamanova kojgan koncertterin shet el korermenderi zhogary bagalady 70 zhyldarda Қazak muzykasynyn talantty zhas onerpazdary bүkilodaktyk zhәne dүniezhүzilik muzyka sahnasyna shykty Olardyn katarynda Paganini atyndagy halykaralyk skripkashylar bajkauynyn Italiya Genuya 1971 laureaty E Nakypbekova Glinka atyndagy bүkilodaktyk әnshiler bәjgesinin Mәskeu 1976 laureaty M Musabaev osy bajkaudyn diplomanty R Zhubatyrova bүkilodaktyk dirizherler bajkauynyn Mәskeu 1976 laureaty Gerbert fon Karoyan korynyn halykaralyk bajkauynyn diplomanty 1978 T Әbdirәshev Glinka atyndagy bүkilodaktyk әnshiler bajkauy 1975 men R Shuman atyndagy halykaralyk әnshiler bajkauynyn Germaniya Cvikkau 1977 zhәne Rio de Zhanejroda otken әnshilerdin halykaralyk bajkauynyn Braziliya 1979 laureaty halykaralyk skripkashylar bajkauynyn Belgrad 1977 diplomanty zhәne halykaralyk skripkashylar bajkauynyn Tokio 1982 laureaty A Musahodzhaeva Glinka atyndagy bүkilodaktyk әnshiler bajkauynyn Mәskeu 1977 laureaty әnshi Ғ Қ Esimov Bolgariyada otken halykaralyk estrada әnderi bajkauynyn Bolgariya Sofiya 1977 Altyn Orfej zhүldesin zhenip alyp Altyn mikrofon atty halykaralyk bajkauda Tүrkiya Stambul 1979 ekinshi oryndy ielengen әnshi R Rymbaeva Zh B Viotti atyndagy halykaralyk pianinoda ojnaushylar bajkauynyn Verchelli 1980 үzdik I syjlygyna ie bolgan G Қadyrbekova zhәne Zh Tibo atyndagy bajkaudyn Franciya Parizh 1983 zhenimpazy atangan Halykaralyk skripkashylar bajkauynyn Parizh 1985 laureaty G Myrzabekova t b bar 1988 99 zhyldary Franciyadagy kazak kүnderinde Zh Әubәkirova zheke koncertimen M Bisengaliev skripka A Boribaev violonchel T Ormantaev pianino M Muhamedkyzy men N Үsenbaeva ekeui de әnshi oz onerlerin korsetti 2003 zhyly mamyrda kompozitor B Zhumaniyazovtyn Mahambet operasynyn librettosy B Amanshindiki betashar kojylymy otti Қazaktyn muzyka mәdenieti ayasynda muzykatanu gylymy da kanatyn ken zhajdy Zataevich Zhubanov Erzakovich I Dubovskij Yu Aravin sekildi aga buyn galymdardyn Қazak muzykasyn zertteuge koskan үlesteri kop Olardyn izin basa Z Қospakov T Bekhozhina Ә Muhambetova S Elemanova S Kүzembaeva B Қarakulov t b oner zertteushileri shykty Bүginde Қazak muzykasy ayagyna nyk turgan әlem mәdenietinde ozindik orny ajkyndalgan oner salasyna ajnaldy A V Zataevich M Erzhanov Zhүsipbek Elebekov Sh Қaldayakov Gүlder ansambli Dos Mukasan Roza BaglanovaTәuelsiz Қazakstan muzykasy Қazakstannyn kazirgi damu barysynda muzyka mәdenietinin kop tarmakty kurylymy kalyptasty Respublikada Evropalyk zhanrdagy oryndaushylyk zhәne kompozitorlyk shygarmashylykpen kosa әuendi shygarudyn zhana dәstүrli әlemdik kopshilik muzyka rok estrada dzhaz zhәne әlemdik koncessiyalardyn dini muzykasy Қazakstandy mekendegen halyktardyn ujgyrlardyn kәristerdin nemisterdin dungandardyn orystardyn tatarlardyn auyssha kәsibi folklory negiz saldy Respublikada әrtүrli korkemdik profildegi oryndaushy uzhymdar Memlekettik simfoniyalyk orkestr Қurmangazy atyndagy kazaktyn halyk aspaptar orkestri hor kapellasy halyk bi ansambli Memlekettik kvartet estradalyk ansamblder үrmeli zhәne dzhazdyk orkestri pajda boldy Қazakstan әlemdik masshtabtagy klassikalyk muzykany oryndaushylar otany Ol E Serkebaev B Tolegenova Ғ Esimov Ә Dinishev G Қadyrbekova A Musahodzhaeva Zh Әubәkirova shetelderdegi kazak muzykalyk diasporasynyn zhuldyzdary M Bejsengaliev E Қurmangaliev agajyndy Nakypbekovalar Bүgingi kүni Respublikada k Bajsejitova zhәne A Zhubanov atyndagy arnauly balalar mektebi Қurmangazy atyndagy Almaty Memlekettik Konservatoriyasy Astanadagy Ұlttyk muzyka Akademiyasy Abaj atyndagy memlekettik opera zhәne balet teatry Zhambyl atyndagy Қazak Memlekettik filarmoniyasy Қazakkoncert M Әuezov atyndagy әdebiet zhәne oner Instituty zhәne baska da muzykalyk bilimi gylymi zhәne mәdeni mekemeler bar Muzyka bүgin men bolashakty otkendi zhalgastyrushy altyn buyn mindetin atkaryp otyr Қazakstandyk muzyka festivalderiZhyl sajyn bizdin tәuelsiz respublikamyz Zhiger Aziya dauysy halykaralyk sajysyn al halyk muzykanttaryn dәstүrli muzykanyn halykaralyk festivalin zhas oryndaushylar festivalin ujymdastyrylatyn Derekkozderhttp www tarih begalinka kz kk history modern history Tarihi hronika http sheriazdanov ucoz kz publ tarikh so ys zhyldarynda y aza stan m denieti men ylymy 4 1 0 187 Sogys zhyldaryndagy Қazakstan mәdenieti men gylymy http musicheritage nlrk kz index php kz menu show 11 Muragattalgan 13 kazannyn 2016 zhyly Қazaktyn muzykalyk mәdenieti