Жамал Омарова (8 наурыз 1912 жыл, Түркістан облысы, Жаңажол ауданы, Қауыншы жер – 15 қыркүйек 1976 жыл, Алматы) — Қазақстан халық әртісі. Өмір жолын көркеменерпаздар үйірмесінен бастады. Мектеп қабырғасында-ақ тамылжыта ән салып, көзге түсе бастаған жас Жамал 1925 жылы Ташкентте өткен Орта Азиялық балалар олимпиадасында әншілік өнерімен көзге түсіп, бірінші жүлдеге ие болған. Шанышқылы тайпасы руынан.
Жамал Омарова | |||||
Жалпы мағлұмат | |||||
---|---|---|---|---|---|
Туған күні | |||||
Туған жері | Қауыншы, Жаңажол ауданы, Түркістан облысы, Ресей империясы | ||||
Қайтыс болған күні | |||||
Қайтыс болған жері | |||||
Азаматтығы | |||||
Мамандығы | |||||
Марапаттары | |
Өнер жолы
1925-27 жылы Ташкенттегі қазақ, қырғыз, өзбек жастарына арналған педагогикалық училищеде оқыды. Жамал Алматыға Мәскеуде өткен қазақ өнері онкүндігінің аз-ақ алдында келген. Келген бетте Қазақ музыка драма театрының (қазіргі Қазақ опера және балет театры) құрамына қабылданды. Ол Мақпал ("Шұғада"), Қамқа ("Қыз Жібекте"), Айман ("Айман-Шолпанда") образдарын жасады. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің тұңғыш онкүндігі біздің халқымыздың болашақ өнеріне ашылған алтын қақпа іспеттес болды. Сонда көзге түсіп, көп көңілінен шыққандардың ішінде атақты әншіміз Жамал Омарова да бар еді. Мұнда Жамал Омарова үш ән шырқаған: "Ертіс","Қараторғай", "Ләтипа". Бұрын мұндай әдемі дауысты қазақ әнін тыңдамаған, талап-талғамы жоғары Мәскеу жұртшылығының риза болғаны соншалық, әр әнді әдеттен тыс екі реттен орындатып, үсті-үстіне қол соғып отырғанда, ложаға келген екен.
Осыдан бір жыл бұрын ғана Қазақстанның 15 жылдық тойында Алматыға келіп, мерекелік концертте болып, әнші өнерін тыңдаған Михаил Иванович: "Ән салған қараторғай ма? Олай болса, қайта тыңдайық" деген. Сөйтіп "Қараторғай" әнін мәскеуліктер үш дүркін тыңдаған екен. Осы кезде Жамал Омарова 24 жаста ғана еді. Ол кісі сахнаға келерде ешқандай да музыка мектебінде немесе арнаулы оқу орнында оқып, даярлықтан өтпеген. Тумысында табиғаттың өзі қазақтың кең даласындай кең тынысты үн сыйлаған. Құлаққа жағымдылығы, жүрекке қонымды, жұмсақтығына қарай, халық ондай дауысты "мақпал дауыс" деп атайды. 1937 жылы қазақ филармониясының әнші-солисі болды. 1939 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық эстрада әртістерінің конкурсына қатысқан. Осы жылдары жоғарыда аталған атақты үш әнді және "Екі жирен", "Ой-гөк", "Ақ дариға", "Жалғыз арша", "Қорлан", "Кәмила" сияқты әндерді орындап жүрген. Қилы замандардан халық жадында ұмытылмай сақталып келе жатқан бұл әндер әншінің орындауында қайта жанданып, ауылдан ауылға, ауыздан ауызға тарайды. Әнші халық әндерін орындағанда дауысын әдейі құбылтып, боямалап, кейбір әншілерде кездесетін жасандылыққа салынып әуреленбейтін.
Әндерді халықтың өзі білетін мәнерінен шығармай-ақ, үнінің назды, сазды, қоңыржайлығымен жүректерге жеткізе орындаған. Осы қасиеті Жамал Омарованы қазақ халқының сүйікті әншісі еткен. Тағы бір ерекшелігі, әндерін көп тілде шырқауында болатын. Репертуарын орыс, украин, беларус, тәжік, өзбек, татар, қырғыз, грузин, армян, басқа да халықтар әндерімен байытқан.
Кейінгі жылдардағы репертуарында казақтың халық әндері: "Ақ дариға", "Бипыл", "Ләтипа", қазақ кеңес композиторларының шығармалары: "Менің елім", "Алтай", "Оңтүстікте ақ алтын", "Гүлденген Қазақстан", "Ұстазым" т.б. әндері болған.
Ұлы Отан соғысы жылдары
1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысы жылдары майдандағы жауынгерлерге концерт беріп, патриоттық сезімдегі әндерді орындады. Солтүстік Батыстағы майдан шептеріне дейін барып, жауған оқ пен жанған оттың арасында жүрген жауынгерлерге ойын-сауық көрсеткен, оларды жауды жеңуге жігерлендірген.
Марапаттары
Әнші еңбегі жоғары бағаланып, 1942 жылы деген құрметті атақ берілген. Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен және ондаған медальдармен марапатталған. КСРО Мәдениет министрлігінің "Мәдениеттің озық қызметкері" значогымен үш дүркін наградталуының өзі оның өнер өрінде ерекше орын алғанын сипаттайды.
Жамал Омарова атына берілген Шымкент қаласында музыка мектебі, Алматы қаласында көше бар.
Дереккөздер
- “Шанышқылы – көне тайпа”, Керімбай Боранбаев, Өнер баспасы. 2004
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhamal Omarova 8 nauryz 1912 zhyl Tүrkistan oblysy Zhanazhol audany Қauynshy zher 15 kyrkүjek 1976 zhyl Almaty Қazakstan halyk әrtisi Өmir zholyn korkemenerpazdar үjirmesinen bastady Mektep kabyrgasynda ak tamylzhyta әn salyp kozge tүse bastagan zhas Zhamal 1925 zhyly Tashkentte otken Orta Aziyalyk balalar olimpiadasynda әnshilik onerimen kozge tүsip birinshi zhүldege ie bolgan Shanyshkyly tajpasy ruynan Zhamal OmarovaZhalpy maglumatTugan kүni1912 1912 Tugan zheriҚauynshy Zhanazhol audany Tүrkistan oblysy Resej imperiyasyҚajtys bolgan kүni1976 1976 Қajtys bolgan zheriAlmatyAzamattygy KSROMamandygyәnshiMarapattaryӨner zholy1925 27 zhyly Tashkenttegi kazak kyrgyz ozbek zhastaryna arnalgan pedagogikalyk uchilishede okydy Zhamal Almatyga Mәskeude otken kazak oneri onkүndiginin az ak aldynda kelgen Kelgen bette Қazak muzyka drama teatrynyn kazirgi Қazak opera zhәne balet teatry kuramyna kabyldandy Ol Makpal Shugada Қamka Қyz Zhibekte Ajman Ajman Sholpanda obrazdaryn zhasady 1936 zhyly Mәskeude otken kazak onerinin tungysh onkүndigi bizdin halkymyzdyn bolashak onerine ashylgan altyn kakpa ispettes boldy Sonda kozge tүsip kop konilinen shykkandardyn ishinde atakty әnshimiz Zhamal Omarova da bar edi Munda Zhamal Omarova үsh әn shyrkagan Ertis Қaratorgaj Lәtipa Buryn mundaj әdemi dauysty kazak әnin tyndamagan talap talgamy zhogary Mәskeu zhurtshylygynyn riza bolgany sonshalyk әr әndi әdetten tys eki retten oryndatyp үsti үstine kol sogyp otyrganda lozhaga kelgen eken Osydan bir zhyl buryn gana Қazakstannyn 15 zhyldyk tojynda Almatyga kelip merekelik koncertte bolyp әnshi onerin tyndagan Mihail Ivanovich Әn salgan karatorgaj ma Olaj bolsa kajta tyndajyk degen Sojtip Қaratorgaj әnin mәskeulikter үsh dүrkin tyndagan eken Osy kezde Zhamal Omarova 24 zhasta gana edi Ol kisi sahnaga kelerde eshkandaj da muzyka mektebinde nemese arnauly oku ornynda okyp dayarlyktan otpegen Tumysynda tabigattyn ozi kazaktyn ken dalasyndaj ken tynysty үn syjlagan Қulakka zhagymdylygy zhүrekke konymdy zhumsaktygyna karaj halyk ondaj dauysty makpal dauys dep atajdy 1937 zhyly kazak filarmoniyasynyn әnshi solisi boldy 1939 zhyly Mәskeude otken Bүkilodaktyk estrada әrtisterinin konkursyna katyskan Osy zhyldary zhogaryda atalgan atakty үsh әndi zhәne Eki zhiren Oj gok Ak dariga Zhalgyz arsha Қorlan Kәmila siyakty әnderdi oryndap zhүrgen Қily zamandardan halyk zhadynda umytylmaj saktalyp kele zhatkan bul әnder әnshinin oryndauynda kajta zhandanyp auyldan auylga auyzdan auyzga tarajdy Әnshi halyk әnderin oryndaganda dauysyn әdeji kubyltyp boyamalap kejbir әnshilerde kezdesetin zhasandylykka salynyp әurelenbejtin Әnderdi halyktyn ozi biletin mәnerinen shygarmaj ak үninin nazdy sazdy konyrzhajlygymen zhүrekterge zhetkize oryndagan Osy kasieti Zhamal Omarovany kazak halkynyn sүjikti әnshisi etken Tagy bir ereksheligi әnderin kop tilde shyrkauynda bolatyn Repertuaryn orys ukrain belarus tәzhik ozbek tatar kyrgyz gruzin armyan baska da halyktar әnderimen bajytkan Kejingi zhyldardagy repertuarynda kazaktyn halyk әnderi Ak dariga Bipyl Lәtipa kazak kenes kompozitorlarynyn shygarmalary Menin elim Altaj Ontүstikte ak altyn Gүldengen Қazakstan Ұstazym t b әnderi bolgan Ұly Otan sogysy zhyldary1941 1945 zh Ұly Otan sogysy zhyldary majdandagy zhauyngerlerge koncert berip patriottyk sezimdegi әnderdi oryndady Soltүstik Batystagy majdan shepterine dejin baryp zhaugan ok pen zhangan ottyn arasynda zhүrgen zhauyngerlerge ojyn sauyk korsetken olardy zhaudy zhenuge zhigerlendirgen MarapattaryӘnshi enbegi zhogary bagalanyp 1942 zhyly degen kurmetti atak berilgen Lenin ordenimen Enbek Қyzyl Tu ordenimen zhәne ondagan medaldarmen marapattalgan KSRO Mәdeniet ministrliginin Mәdeniettin ozyk kyzmetkeri znachogymen үsh dүrkin nagradtaluynyn ozi onyn oner orinde erekshe oryn alganyn sipattajdy Zhamal Omarova atyna berilgen Shymkent kalasynda muzyka mektebi Almaty kalasynda koshe bar Derekkozder Shanyshkyly kone tajpa Kerimbaj Boranbaev Өner baspasy 2004 Tarihi tulgalar Tanymdyk kopshilik basylym Mektep zhasyndagy okushylar men kopshilikke arnalgan Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet