Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қоғамдық-саяси жағдай
Республиканың партия ұйымын Ж.Шаяхметов басқарды. Ол ҚК(б)П ОК—нің 1946 жылғы 20—22 маусымдағы Пленумында сайланды. Соғыстан кейінгі кезеңде Коммунистік партия идеологиялық жұмысты күшейтуге кірісті. 1946 жылы БК(б)П ОК-нің «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы, «Драмалық театрлардың репертуары және оны жақсарту шаралары туралы», «Большая жизнь» кинофильмі туралы» қаулылары жарық көрді.
Қазақстанда аталған қаулыларды негізге алған саяси науқан 1946 жылғы 26 қыркүйекте Алматыда өткен әдебиет пен өнер қайраткерлерінің жиналысынан бастау алды. Жазушылардың шығармашылығы саясаттан тыс, социалистік реализм принциптерінен ауытқығандығы үшін сыналды. Жазушы Ә.Тәжібаевты «Біз де қазақпыз» кітабында патшалар мен хандарды мадақтағаны үшін сынға алды. Мұндай жиналыстар республикалың барлық облыстарында өте бастады. Журналдар идеолоғиялык зиянды еңбектерді басқаны үшін кінәлі деп табылды. Театрлар буржуазиялық драматургтер пьесаларын, мысалы, Лопе де Вега, Шеридан, Бомарше, т.б. сахналағаны үшін жазғырылды.
ҚКЖО (Қазақстан кеңестік Жазушылар одағы) белсенді жүргізілген саяси науқан нәтижесінде 1947 жылы қазіргі заман тақырыбына лайық тудыру жөнінде міндеттеме алуға мәжбүр болды. 1947 жылдың 21 қаңтарында ҚК(б)П ОК-нің «Қазақ КСР ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулысы шықты. Көп ұзамай ҒА-да партия жиналысы өтті. Тіл және әдебиет институтының ғылыми зерттеулер жоспары қайта қаралды, революцияға дейінгі қазақ әдебиетіне байланысты тақырып алынып тасталды. М.Әуезовтің шығармашылық және ғылыми қызметі сыңға алынды. Ол орысқа қарсы, реакцияшыл, кертартпа көзқарасты насихаттаушы ретінде айыпталды. Қаулының мәнін түсіндіру үшін Алматыда ғылым, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің жиналысы шакырылды. 1948 жылы 23 ақпанда Қазақстан композиторлар одағының жалпы жиналысы өтті. Е.Брусиловский, В.Великанов сияқты сазгерлер «Орыс музыкасы классиктерінің тәжірибесін мансұқ еткені үшін» сынға алынды.
1948 жылы тамызда Қазақстанда Қазақ КСР ҒА ҚК(б)П ОК-нің келісімімен барлық биологиялық және медицина ғылымдары институттары мен секторларының ғылыми-зерттеу еңбектері жоспарын қайта қарауға бұйрық берді. 1948 жылы 21 қыркүйекте ҚК(б)П ОК-нің Бюросы республикадағы агробиология ғылымының жағдайын тексеру туралы шешім қабылдады.
ҚК(б)П-ның кезекті IV съезі 1949 жылдың 25 ақпаны мен 1 наурыз аралығында Алматыда өтті. Съезде КСРО құрамындағы республиканың экономикасы мен мәдениетін одан әрі дамыта түсу жолдары анықталды, партиялық- және көпшілік-саяси жұмыстарды жандандыра түсу қарастырылды. 1951 жылы 10 сәуірде ҚК(б)П ОК-нің «Правда» газетінде жарияланған «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан сөз ету туралы» атты мақала жөнінде қаулысы шықты. Бұл қаулы республикадағы тарих ғылымының бұдан былайғы дамуына кері әсер етті. Тарихшы Е.Бекмаханов қуғынға ұшырады. Ол партия қатарынан шығарылды, «кеңеске қарсы әрекеті үшін» қызметінен босатылып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Сталиннің жеке басына табыну әшкереленген соң ғана ақталды. Республиканың Қ.Сәтбаев, А.Жұбанов, А.Н.Самойлович, Е.Исмаилов, Б.Сүлейменов, Қ.Жұмалиев, т. б. көптеген көрнекті ғалымдары құғын-сүргінге ұшырады.
Халық шаруашылығы (1945—1953 жылдары)
IV бесжылдық жылдарында (соғыстан кейінгі бірініші бесжылдық 1946—1950 жылдары) капиталистік елдермен әскери текетірес жағдайында И.В.Сталин халық шаруашылығы үшін аса қажетті төрт бағытты атап көрсетті: металл — қару-жарақ және кәсіпкерлерге арналған құрал-жабдықтар шығару үшін; жанармай-отын — зауыт, фабрикалар мен транспорттың қызметін қамтамасыз ету үшін; мақта — әскерлерге киім-кешек шығару үшін; астық — әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін.
1947 жылдың желтоқсанында КСРО министрлер Кеңесі мен ҚК(б)П ОК-нің «Ақша реформасын өткізу және өнеркәсіп, азық-түлік тауарларына карточканы жою туралы» қаулысы шықты. Нәтижесінде ашық саудаға көшіп, бірыңғай мемлекеттік бөлшек сауда бағалары белгіленді. Тұтыну тауарларының тапшылығы жағдайында, жеңіл өнеркәсіпті шұғыл дамытуға бағытталған шараларға қарамастан «Б» тобының салаларында жағдай өте нашар күйде қалды. 1950 жылы республикада бар болғаны 65 жеңіл өнеркәсіп орны болды.
1951 жылдың 15—18 желтоқсанында Қазақстан Коммунистік партиясының кезекті V съезі болып өтті. Съезде шаруашылық және мәдени құрылыстар саласында бірқатар кемшіліктер жіберілгендігі анықталды. Ж.Шаяхметов ҚК(б)П ОК-нің Бірінші хатшысы болып қайта сайланды. Тың эпопеясы. Сталин қайтыс болғаннан кейін (1953 жылы 1 нayрыз) жеке басқа табынуға карсы науқан басталды. 1954 жылдың 5-6 ақпанында өткен Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумында Ж.Шаяхметов хатшылық қызметтен босатылды.
Тың көтерілгенге дейін Қазақстан мемлекетке 1,3—1,5 млн т, жақсы шыққан жылдары 2 млн т астық берсе, 70-жылдары орташа жылдық норма 14 млн т болды, оның 6-7 т-ын ғана республика өз қажетіне жүмсай алды. Тың игергеннен бері республика күріш те өсіре бастады Астық сапасы біртіндеп жақсарды. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы ғылымының дамуы өз әсерін тигізді. Шортандыдағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметі жемісті нәтиже бергені белгілі. Бұл институтты көп жылдар бойы академик А.И.Бараев басқарды. Қазақстанның селекционерлері астық дақылдарының құрғақшылыққа және аязға тәзімді сорттарын көптеі шығарды.
Тың игеру Қазақстанның өндіргіш күштерін дамыту мәселесіндегі қарама-қайшылықтарды шиеленістіре түсті. Тың игеруге өте көп мөлшерде материалдық және қаржы қоры жұмсалды. Республика 1954 — 1956 жылдары көптеген тракторлар мен астық комбайндарын, жүк таситын және арнаулы машиналар, электр станцияларын, трактоp соқаларын, дәнсепкіштер сатып алды. 1954—1958 жылдары мемлекет ауыл шаруашылығын механикаландыру, өндірістік құрылыс мекемелерін салу үшін 9,7 млрд сомнан астам қаржы жұмсады. Соның нәтижесінде тың жердің өндірістік инфрақұрылымы республиканың өзге аймағына қарағанда қарқынды дамыды. Қазақстанның оңтүстік және батыс облыстары бұл салада қысым көрді. Бұл жақта өндіргіш күштер тапшылығы өсті, әлеуметтік-экономикалық жағынан да тың игерілген аудандардан артта қалушылық байқалды.
Өндірісті басқарудың тетіктерін жақсарту мақсатында Коммунистік партия 1957 жылдың ақпанында басқарудың салалық емес, аумақтық принципіне көшті. Қазақстанда төмендегідей Халық шаруашылығы кеңестері (ХШК) құрылды: Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Семей, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Гурьев. ХШК бұрынғы әдіспен жұмыс істеуді жалғастырды. Мекеме басшылары мен еңбекшілер орталықтан басқару әдісіне бой үйретіп үлгерген еді. Ауыл шаруашылығын Көтеру арқылы халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мөселесін партия өз басшылығына алды. Бұл үшін КОКП үлкен-үлкен үш ауқымды бағдарламаны алға ұсынды:
- тың игеруді одан өрі жалғастыру;
- жүгері мен басқа да мәдени егіс түрлерін кеңінен өсіру;
- ет пен сүт өнімдерін молайту мақсатында мал шаруашылығын өркендетудің аса ауқымды бағдарламасын қолға алу.
1957 жылғы қыркүйектен — 1960 жылғы қаңтарға дейін республика партия ұйымын басқарды. КОКП ОК-нің Пленумы (1958 жылы ақпан) машина-трактор станцияларын таратын, техникасын ұжымшарларға сатқан дұрыс деп тапты. Қазақстан ұжымшарлары мемлекеттен трактор, комбайн, т.б. ауыл шаруашылығы техникаларын — барлығы 160 млн сомға сатып алуға мәжбүр болды. Ал бұл техникалардың басым көпшілігі тозып біткен болатын, Беляевтің тұсында тың өлкесін құру дайындығы аяқталды.
Қазақстан 1960—1980 жылдарда. 1959 жылдың 14-15 қаңтарында өткен ҚК(б)П-ньң ІХ съезі КСРО-ның 1959—1965 жылдарға арналған халық шаруашылығын өркендетудің жетіжылдық жоспарынын жобасын талқылауға арналды. 1960 жылы 19 каңтарда Қазақстан компартиясы ОК-нің пленумы өтті. Д.А.Қонаев ҚК(б)П ОК-нің бірінші хатшысы болып сайланды. 1960 жылдың 10—12 наурызында ҚКП-ның X съезі өтті. Съезде жетіжылдық жоспарды мерзімінен бұрьш орындаудың іс-шаралары анықталды. Қазақстан Компартиясы ОК-нің Бірінші хатшысы болып тағы да Д.А.Қонаев сайланды. КОКП-ның жаңа Бағдарламасы — коммунистік қоғам орнату бағдарламасын қабылдауды міндетіне алған КОКП-ның 1961 жылдың 17—31 қазаны аралығында өткен XXII съезі карсаңында Қазақстанда партияның XI съезі (27—29 қыркүйек) ашылды. Партия Жарғысына сәйкес аталмыш съезден соң әр бес жыл сайын съезд өтіп отырды.
Екі жылдан кейін, яғни 1964 жылдың караша айында өткен КОКП ОК-нің Пленумы партияны аумақтық-өндірістік белгілер бойынша қайта құру кағидаларын мақұлдады. Нақтылап айтсақ, бұл шара партия басшылығының өзгеруіне байланысты жүргізілді. 1964 Жылдың қазанында Н.С.Хрущев басшылықтан кетті де, оның орнына әуелі бірінші хатшы, ал 1966 жылдан бастап КОКП ОК-нің Бас хатшысы болып Л.И.Брежнев сайланды. Бұл орында ол 1982 жылға дейін отырды.
60-жылдардың ортасындағы шаруашылық реформасы. Л.И.Брежневтің тұсында елде реформа жүргізу әрекеті байқалды. Экономика саласында 60-жылдардың ортасында халық шаруашылығы экономикалық тиімділік пен жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшуді колға ала бастады. Ендігіде өндіріс орындарындағы жұмыстың негізгі көрсеткіші өндірген өнімнің жалпы мөлшерімен емес, керісінше, оны қаншалықты дәрежеде өткізе білудің әдіс-тәсілімен өлшенетін болды. Халық шаруашылығы кеңесі таратылып, Орталық өндірістік министрліктер қайта қалпына келтірілді. Өндіріс мекемелерінің басы- байлылығы көзделіп, міндетті түрдегі экономикалық көрсеткіштердің енны мейлінше қысқартылды. Оның есесіне өндірілген өнімнің бағасын Баға жөніндегі мемлекеттік белгілеп отырды. Ал мемлекеттік жабдықтаудың құрылуы жоғарыда айтып өткен өндіріс мекемелерінің Пасыбайлылығына қарама-карсы әсер етті. Кеңестік экономикалық ғылымда, шындап келгенде, «Жеке меншіктің социалистік түрі» деген ұғым шындап колға алынған емес. Халықтық жеке меншікті иемдену құқығы Коммунистік партия басшылығындағы мемлекет қолында болды. Сондықтан да XX ғасырдың 60-жылдарындағы реформалар басталмай жатып аяқсыз қалды. Ал республикамыз партияның орталық органдары белгілеген шешімдер шеңберінде шектелді.
1977 жылғы 7 қазанда КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі жаңа Конституцияны бекітті, ол 1936 жылғы Конституцияның орнына келді. Конституцияда ел «социализмнің дамуы» сатысына көтерілді деп қорытынды жасалды. Бұл жаңа термин 80-жылдардың басында «коммунизмге өту» идеясын кемсітушілік жағдайында енгізілген.
Конституцияда КОКП-ның басқарушы және бағыттаушы рөлі бекітілді (6-бап), мәдениет пен спорт саласында қоғамдық ұйымдардың да рөлі арта түсті.
Д.А.Қонаевтың басшылығымен қазақтар партияның да, өкіметтің де жетекшілік қызметтеріне көптеп тартыла бастады. Сол кездерде сан жағынан орыстардың жергілікті кадрлардан басымдығы бұрынғыдай, емес азая бастады. Бұл әсіресе 1971 жылдан кейін, Д.А.Қонаев партияның Саяси бюросының толық мүшесі болып сайланғаннан кейін күшейе түсті.
Бүгінде, Кеңес өкіметі кезіндегі республика партия қызметкерлерінің қызметіне талдау жасай отырып, мынадай қорытынды жасауға болады. Орталықтың қысымына қарамастан, республика басшылығы Қазақстанды қандай жағдайда да дамыта түсуге ұмтылды. 1960—1970 жылдары Қазақстанда өнеркәсіптік сипаттағы ғана емес, мәдени-тұрмыстық саладағы да құрылыстар мен объектілерді салу қарқынды жүрді. Бұлар — Медеу спорт кешені, Қазақстан қалаларындағы шағын тұрғын аудандар, мәдениет сарайлары, ірі әмбебап дүкендер, т.б. көптеген құрылыстар. Бұл кезеңде құрылған экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени құрылым кейінгі кезде Тәуелсіз Қазақстанның күш алып кетуіне негіз болды.
XX ғасырдың 70—80-жылдарындағы социалистік экономиканың дамуы. 1970—1980 жылдарда өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында өсу қарқынының баяулауы байқалды. Ал сырт көзге осіресе 70-жылдары өнеркәсіптің дамуы өте қарқынды болып көрінді. Қазақстан түсті металлургияның негізгі базасы болып есептелді, кең байтақ елде жылу-энергетикалық кешен қалыптасты, химия саласы ұлғайды, қара металлургия өсе түсті. Кен байыту секторы айтарлықтай ілгеріледі, жоғары технологиялық өнім өндіру, керісінше, жоққа тән еді.
Мұндай жағдайда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін азайту жалғыз жол болып табылады. Ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін басшылық көптеген реформалар жүргізді. 70-жылдардағы Коммунистік партия пленумдарының басым көпшілігі ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін қарауға арналды. Партия жыл сайын капитал салу көлемін ұлғайтты, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу деңгейін қайта қарастырды, тыңайтқыштар мен улы химикаттарды кеңінен қолдануды ұсынды, суландыру бағдарламасын іске қосты, т.б. Алайда аталған шаралар ауыл шаруашылығы салаларын дамытудағы жағымсыз көріністі жоя алмады. Өйткені елдегі ұжымдық (шындығында, мемлекеттік) шаруашылық өндірістің дамуын қамтамасыз етуге емес, дайын өнімді иеленуге бағытталғанды.
Ядролық сынақ алаңдары
Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан АҚШ пен КСРО арасындағы әскери-стратегиялық бәсеке едөуір маңызға ие бола бастады. 1947 жылдың 21 тамызында КСРО мемлекеті арнайы қаулымен атомдық зерттеу сынак алаңын ашу туралы шешім қабылдады. Таңдау Қазақ даласына, оның ішінде Семей қаласы маңына түсті. Сол жылдың күзінде сынақ алаңының құрылысы басталып та кетті. 1949 жылдың тамыз айында ядролық жүргізіле бастады.
Азғыр атом сынақ алаңы Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарайтын үш мыңға жуық адам қоныстанған бір кездегі «Балқұдық» кеңшарының аумағында орналасты. Жарылыстар тұрғындарды басқа жерге көшірместен, елді ортасында жүргізілді. Сынақ алаңында 17 рет жер асты жарылысы болды. Алғашқы жарылыс 500-дей тұрғыны бар Азғыр ауылынан 1,5 шакырым қашықтықта 160 метр тереңдікте болған. Жарылыстан соң осы алаңнан 20 тәулік бойы ауаға көтерілген улы заттар 5,4 млн люциді құраған. Бұдан кейінгі жарылыстарда да жер астындағы шұңқырлардан екі тәуліктен 11 айға дейін радиактивті заттардың ауаға шығып тұрғаны тіркелген.
Азғыр атом сынақ алаңында жарылыс 1979 жылы тоқтатылды, бірақ ондағы экологиялық жағдай қалыпқа келген жоқ. Азғырдағы кейбір жарылыс алаңдарында топырақта цезий нормадан 220 есе, плутонийда калыптағыдан 240 есеге дейін артық екендігін көрсеткен.
Байқоңыр ғарыш айлағы
Байқоңыр ғарыш айлағы планетадағы 19 айлақтың бірі. Ол Қызылорда және бұрынғы Жезқазған облыстарының көлемді аумағына, Төретам темір жол станциясының маңында орналасқан. Оның салыну тарихы соғыстан кейінгі халықаралық жағдайдың ушығып кетуіне байланысты. Кеңес өкіметі елдің қауіпсіздігін нығайту үшін бірқатар шаралар қолдануға мәжбүр болды. 1947 жылы 18 қазанда Капустин Ярдағы ұшыру қондырғысынан бірінші баллистикалық зымыран ұшырылды.
Арал мен Балқаштың өзекті мәселелері
1995 жылға дейін Арал теңізі өзінің байырғы көлемінің төрттен үшінен айырылды. Су деңгейі 19 метрге дейін төмендеді. Құрғап қалған теңіз табаны 33 мың шаршы шакырымға дейін жетті. Арал маңы аймағына қатысты кеңестік шаруашылық жоспарының қателігі салдарынан мыңдаған тонна тұз бен ауыл шаруашылығы химикаттары ауаға таралды. Бұл аймақтың кең жазығы мақта мен күріш егуге, одан мол өнім алуға барынша қолайлы деп табылып, Амудария мен Сырдария ағысын Шардара су қоймасына бұру арқылы егістік жер барынша ұлғайтылды. Мұның соңы табиғаттың о бастағы тепе-теңдігін бұзып, Арал маңы экологиясының нашарлауына әкеліп соқты.
Теңіздің тартылуымен бірге аймақтың климаты да өзгерді. Бұрын Арал өзінше климат реттегіш рөлін атқаратынды. Оның айдыны Сібірден соқкан суық желді жұмсартып, жаз айларының ыстығын басуға әсер ететін. Су айдынының айтарлықтай тартылуы салдарынан аймактағы ауа райы шұғыл континентті болып кетті. Қысқа жаз құрғақ әрі аптапты, ал қысы суық әрі ұзаққа созылатын болды.
Осы жағдайларға байланысты БҰҰ 1993 жылдан бастап Аралдың өзекті мәселесін шешудің жолдарын қарастыра бастады. Бірақ бұл тым кеш еді. Арал теңізі тағдырын шешуге оның маңайында орналасқан мемлекеттермен қатар дүниежүзілік қауымдастық та атсалысуда. 1994 жылы үш аймақаралық ұйым: Арал теңізі мәселесі бойынша мемлекетаралық Кеңес, Аралды құтқарудың халықаралық қоры және экологиялық комиссия құрылды. Бұл халықаралық ұйымдар Арал аймағы елдерімен — Қазақстан және Өзбекстанмен бірігіп әрекет етуде.
Балқаш көлінің экологиялық жағдайы тұрмыстық қоқыстар мен Балқаш мыс қорыту комбинатының өнеркәсіп қалдықтарына да байланысты. Балқаш бассейні бірыңғай табиғат, экологиялык және экономикалық жүйе ретінде қорғауды және тиімді пайдалануды талап етеді. Республика Экоресурстар министрлігі жанынан 1996 жылдың 214 шілдесінде балық түрлерін сақтау және балық аулауды реттеу мақсатындағы Іле-Балқаш бассейні басқармасы құрылды. Аталған басқарма бірегей көлді экологиялық сақтау жөнінде шаралар кешенін жүзеге асыруға бағытталған. Ендігі Балқаш тағдыры осы басқарманың қалай жұмыс істеуіне тікелей байланысты. Балқаш көлі пумағында Алматы, Қарағанды, Жамбыл синқты үш бірдей облыс барын, оларда 3 млн-ға жуық халық тұрып жатқанын ескерсек, мұның маңызы арта түспек. Дағдарыс жағдайларының күшеюі. Қазақстандағы экологиялық мәселелердің осыншалықты асқынуын тек экономиканы басқарудың кемшіліктерінен іздесек, әбестік болар еді. Мұнда кеңес қоғамындағы саяси тоқыраудың азды-көпті үлесі бар. Бұл тоқырау 1980 жылдың басында мына төмендегі мәселелер арқылы көбірек көрініс тапты:
- еңбек тәртібінің босаңси бастауы;
- ведомстволықтың күшеюі;
- көпшілік арасында ішімдіктің бел алуы;
- негізгі мәселелерді шешуде жұртшылық пікір-ұсыныстарының ескерілмеуі.
1985 жылдың сөуірінен бастап КОКП, коғамның жетекші күші есебінде «Қайта құру» бағытын қолға алды. «Қайта құру» КСРО-ның қоғамдық-саяси және экономикалық өмірін түбегейлі өзгертуге тиіс болатын. Нәтижесінде жариялылыққа, сөз бостандығына, орталық пен одақтық республикалардың өзара қарым-қатынасын қайта қарауға, Коммунистік партияның айтарлықтай сынға ұшырауына, саяси жариялыққа, ең соңында көппартиялық жүйеге жол ашып берді. КОКП Кеңес Одағының козғаушы және бағыттаушы күші беделінен айырылды. Коммунистік партияның банкротқа үшырауы алдымен оның қоғамды экономикалық тығырықтан алып шыға алмауынан көрінді.
Қазақстан Коммунистік партиясының тарихы оның іс-әрекеті мен қызметіне баға беруде тек ақ пен қара жағын ғана назарда ұстағаны болмаса, кеңес дәуірінде өз дәрежесінде зерттелген жоқ. Іс жүзінде партия тарихының бірқатар өзекті мәселелері қозғаусыз қалып отырды. Қайта құру кезеңінде (1985—1991 жылдары) ұжымдастыру, ұлт мәселесі көптеген еңбектерде жарық көріп, біздің еліміздің шынайы өткеніне көз жеткізуге деген қызығушылық байқалды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда партия қызметі елдің экономикалық және қоғамдық-саяси қызметі негізінде зерттеле бастады.
80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басындағы Коммунистік партиядағы дағдарыс
1985 жылы көктеміне қарай елде экономикалық реформа жүргізу қажеттігі айқын сезілді. М.Горбачевтің билікке келуімен КСРО-да реформалар кезеңі басталды. 1985 жылы сәуірдегі КОКП ОК Пленумында «Жеделдету» және «Жариялылық» ұрандары көтерілді. Жеделдету экономиканы дамыту қарқынын жеделдетуді көздеді, бұл өкіметтің ел экономикасындағы проблемаларды шешуге дәстүрлі көзқарасын білдіретін еді. Жариялылық дегеніміз — жоғары сатыдағы басшыларды сынауға беруден басталып, тарихи санаға еркіндік әперіп, сөз бостандығына алып келді. Жариялылық ресми емес ұйымдардың ашық бойкөрсетуіне көмектесті. Коммунистік партия қоғамның ресми пікірін білдіруші рөлінен айырылды. Партия көзқарасына келіспеушілік білдіруге жол ашылды. Нәтижесінде партияның өз ішінде бөліну, ыдырау байқала бастады.
Коммунистік партияның дағдарысы қатардағы коммунистердің болып жатқан өзгерістерге түсінбеушілігінен басталды. Партия дағдарысы, ең алдымен, дүниетаным дағдарысы. Қазақстандағы партия ұйымдарының мүшелері партиядан шығып, оның қатары сирей бастады.
1991 жылғы көктемнен бастап КОКП ОК-і саяси білім беретін оқу орындары мен ғылыми жүйені реформалауға кірісті. Осы арқылы партия өз қызметін жаңғыртып, қоғамның дамуына ғылыми болжам жасауды жүзеге асыруға, кадр саясатын жетілдіруге тырысты. Алайда уақыт өтіп кеткен еді, көпшілік жерде шығынды азайту үшін парткабинеттер мен коғамдық саяси орталықтар асығыс жабыла бастады, өйткені көптеген үгітшілер жергілікті жерлерде адамдардың нарықтық экономика, партияның әлеуметтік саясаты турасындағы сурақтарына жауап бере алмайтын.
Компартияның ішіндегі кейбір кертартпа күштер Орталыққа ел билігіндегі тоталитарлық күшін қайтаруға тырысты. 1991 жылы тамыз айында мемлекеттік төңкеріс әрекеті жасалды. Радио және теледидар арқылы вице-президент Г.Янаев М.Горбачевтің «денсаулығының нашарлауына байланысты» КСРО-дағы барлық билік 6 айға ТЖМК (Төтенше жағдай женіндегі мемлекеттік комитет) қолына көшкендігін мәлімдеді.
Қазақ КСР Президенті Н.Назарбаев 1991 жылы 19 тамыз күні Қазақстан халқына арналған сөзінде Қазақстан аумағында төтенше жағдай енгізілмейтіндігі, Қазақ КСР Конституциясы және мемлекеттік егемендік туралы Мәлімдемеге сәйкес барлық билік кеңес органдарының қолына өтетіндігі жайлы мәлімдеді.
Компартияның күш жұмсау әдісі арқылы барлық билікті өз қолына қайта алу әрекеті оның коғам алдындағы беделінен біржолата айырды. Республикадағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақ КСР Президенті Н.Назарбаев 1991 жылы 22 тамызда саяси партиялардың, өзге де қоғамдық ұйымдар мен прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, заң, мемлекеттік арбитраж, сот және кеден органдарындағы қоғамдық қозғалыстардың әрекетіне тыйым салған Жарлық шығарды. Мемлекеттік органдарды партиядан бөлектеу ісі саяси күштердің құқық корғау және әділ сот органдарына әсер етуіне жол бермеу мақсатын көздеді.
1991 жылы 24 тамыз күні КОКП ОК-нің Саяси бюросына Н.Назарбаевтан оның құрамынан шығатындығы жөніндегі мәлімдемесі түсті, 1991 жылы 25 тамызда «Қазақ КСР аумағындағы КОКП мүлісі туралы» Жарлық жарық көріп, ол бойынша республика аумағындағы барлық КОКП мүлкі мемлекет меншігі деп жарияланды. 28 тамыз күні ҚКП ОК-нің V Пленумы шақырылып, онда КОКП-ның қазіргі жағдайы талқыланды. Кезектен тыс партия съезін шақыруға шешім қабылданып, оны даярлайтын ұйымдастыру комитеті құрылды, ҚКІI ОК-нің қызметі тоқтатылды.
1991 жылы 7 қыркүйекте ҚКП төтенше XVIII съезі ашылып, 591 адам делегат болып келді. Күн тәртібінде елдегі және КОКП-дегі саяси жағдайға байланысты Қазақстан компартиясының мәселесі қаралды. Съезд 760 мың адам мүше болып табылатын Қазақстан коммунистік партиясы КОКП құрамынан шығып, жеке саяси ұйым болатындығы жөнінде қаулы қабылдады. Ұзақ дау-таластан кейін оны Социалистік партия деп өзгерту туралы шешім шығарылды.
Дереккөздер
- Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық - гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық/М.Қойгелдиев, Ө.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. ISBN 9965-36-106-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — Қазақстан тарихы бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ekinshi dүniezhүzilik sogystan kejingi kogamdyk sayasi zhagdajRespublikanyn partiya ujymyn Zh Shayahmetov baskardy Ol ҚK b P OK nin 1946 zhylgy 20 22 mausymdagy Plenumynda sajlandy Sogystan kejingi kezende Kommunistik partiya ideologiyalyk zhumysty kүshejtuge kiristi 1946 zhyly BK b P OK nin Zvezda zhәne Leningrad zhurnaldary turaly Dramalyk teatrlardyn repertuary zhәne ony zhaksartu sharalary turaly Bolshaya zhizn kinofilmi turaly kaulylary zharyk kordi Қazakstanda atalgan kaulylardy negizge algan sayasi naukan 1946 zhylgy 26 kyrkүjekte Almatyda otken әdebiet pen oner kajratkerlerinin zhinalysynan bastau aldy Zhazushylardyn shygarmashylygy sayasattan tys socialistik realizm principterinen auytkygandygy үshin synaldy Zhazushy Ә Tәzhibaevty Biz de kazakpyz kitabynda patshalar men handardy madaktagany үshin synga aldy Mundaj zhinalystar respublikalyn barlyk oblystarynda ote bastady Zhurnaldar ideologiyalyk ziyandy enbekterdi baskany үshin kinәli dep tabyldy Teatrlar burzhuaziyalyk dramaturgter pesalaryn mysaly Lope de Vega Sheridan Bomarshe t b sahnalagany үshin zhazgyryldy ҚKZhO Қazakstan kenestik Zhazushylar odagy belsendi zhүrgizilgen sayasi naukan nәtizhesinde 1947 zhyly kazirgi zaman takyrybyna lajyk tudyru zhoninde mindetteme aluga mәzhbүr boldy 1947 zhyldyn 21 kantarynda ҚK b P OK nin Қazak KSR gylym akademiyasynyn Til zhәne әdebiet institutynyn zhumysyndagy oreskel sayasi katelikter turaly kaulysy shykty Kop uzamaj ҒA da partiya zhinalysy otti Til zhәne әdebiet institutynyn gylymi zertteuler zhospary kajta karaldy revolyuciyaga dejingi kazak әdebietine bajlanysty takyryp alynyp tastaldy M Әuezovtin shygarmashylyk zhәne gylymi kyzmeti synga alyndy Ol oryska karsy reakciyashyl kertartpa kozkarasty nasihattaushy retinde ajyptaldy Қaulynyn mәnin tүsindiru үshin Almatyda gylym әdebiet pen oner kajratkerlerinin zhinalysy shakyryldy 1948 zhyly 23 akpanda Қazakstan kompozitorlar odagynyn zhalpy zhinalysy otti E Brusilovskij V Velikanov siyakty sazgerler Orys muzykasy klassikterinin tәzhiribesin mansuk etkeni үshin synga alyndy 1948 zhyly tamyzda Қazakstanda Қazak KSR ҒA ҚK b P OK nin kelisimimen barlyk biologiyalyk zhәne medicina gylymdary instituttary men sektorlarynyn gylymi zertteu enbekteri zhosparyn kajta karauga bujryk berdi 1948 zhyly 21 kyrkүjekte ҚK b P OK nin Byurosy respublikadagy agrobiologiya gylymynyn zhagdajyn tekseru turaly sheshim kabyldady ҚK b P nyn kezekti IV sezi 1949 zhyldyn 25 akpany men 1 nauryz aralygynda Almatyda otti Sezde KSRO kuramyndagy respublikanyn ekonomikasy men mәdenietin odan әri damyta tүsu zholdary anyktaldy partiyalyk zhәne kopshilik sayasi zhumystardy zhandandyra tүsu karastyryldy 1951 zhyly 10 sәuirde ҚK b P OK nin Pravda gazetinde zhariyalangan Қazakstan tarihy mәselelerin markstik lenindik turgydan soz etu turaly atty makala zhoninde kaulysy shykty Bul kauly respublikadagy tarih gylymynyn budan bylajgy damuyna keri әser etti Tarihshy E Bekmahanov kugynga ushyrady Ol partiya katarynan shygaryldy keneske karsy әreketi үshin kyzmetinen bosatylyp 25 zhylga bas bostandygynan ajyryldy Ol Stalinnin zheke basyna tabynu әshkerelengen son gana aktaldy Respublikanyn Қ Sәtbaev A Zhubanov A N Samojlovich E Ismailov B Sүlejmenov Қ Zhumaliev t b koptegen kornekti galymdary kugyn sүrginge ushyrady Halyk sharuashylygy 1945 1953 zhyldary IV beszhyldyk zhyldarynda sogystan kejingi birinishi beszhyldyk 1946 1950 zhyldary kapitalistik eldermen әskeri teketires zhagdajynda I V Stalin halyk sharuashylygy үshin asa kazhetti tort bagytty atap korsetti metall karu zharak zhәne kәsipkerlerge arnalgan kural zhabdyktar shygaru үshin zhanarmaj otyn zauyt fabrikalar men transporttyn kyzmetin kamtamasyz etu үshin makta әskerlerge kiim keshek shygaru үshin astyk әskerdi azyk tүlikpen kamtamasyz etu үshin 1947 zhyldyn zheltoksanynda KSRO ministrler Kenesi men ҚK b P OK nin Aksha reformasyn otkizu zhәne onerkәsip azyk tүlik tauarlaryna kartochkany zhoyu turaly kaulysy shykty Nәtizhesinde ashyk saudaga koship biryngaj memlekettik bolshek sauda bagalary belgilendi Tutynu tauarlarynyn tapshylygy zhagdajynda zhenil onerkәsipti shugyl damytuga bagyttalgan sharalarga karamastan B tobynyn salalarynda zhagdaj ote nashar kүjde kaldy 1950 zhyly respublikada bar bolgany 65 zhenil onerkәsip orny boldy 1951 zhyldyn 15 18 zheltoksanynda Қazakstan Kommunistik partiyasynyn kezekti V sezi bolyp otti Sezde sharuashylyk zhәne mәdeni kurylystar salasynda birkatar kemshilikter zhiberilgendigi anyktaldy Zh Shayahmetov ҚK b P OK nin Birinshi hatshysy bolyp kajta sajlandy Tyn epopeyasy Stalin kajtys bolgannan kejin 1953 zhyly 1 nayryz zheke baska tabynuga karsy naukan bastaldy 1954 zhyldyn 5 6 akpanynda otken Қazakstan Kommunistik partiyasy Ortalyk Komitetinin plenumynda Zh Shayahmetov hatshylyk kyzmetten bosatyldy Tyn koterilgenge dejin Қazakstan memleketke 1 3 1 5 mln t zhaksy shykkan zhyldary 2 mln t astyk berse 70 zhyldary ortasha zhyldyk norma 14 mln t boldy onyn 6 7 t yn gana respublika oz kazhetine zhүmsaj aldy Tyn igergennen beri respublika kүrish te osire bastady Astyk sapasy birtindep zhaksardy Қazakstandagy auyl sharuashylygy gylymynyn damuy oz әserin tigizdi Shortandydagy astyk sharuashylygy gylymi zertteu institutynyn kyzmeti zhemisti nәtizhe bergeni belgili Bul institutty kop zhyldar bojy akademik A I Baraev baskardy Қazakstannyn selekcionerleri astyk dakyldarynyn kurgakshylykka zhәne ayazga tәzimdi sorttaryn koptei shygardy Tyn igeru Қazakstannyn ondirgish kүshterin damytu mәselesindegi karama kajshylyktardy shielenistire tүsti Tyn igeruge ote kop molsherde materialdyk zhәne karzhy kory zhumsaldy Respublika 1954 1956 zhyldary koptegen traktorlar men astyk kombajndaryn zhүk tasityn zhәne arnauly mashinalar elektr stanciyalaryn traktop sokalaryn dәnsepkishter satyp aldy 1954 1958 zhyldary memleket auyl sharuashylygyn mehanikalandyru ondiristik kurylys mekemelerin salu үshin 9 7 mlrd somnan astam karzhy zhumsady Sonyn nәtizhesinde tyn zherdin ondiristik infrakurylymy respublikanyn ozge ajmagyna karaganda karkyndy damydy Қazakstannyn ontүstik zhәne batys oblystary bul salada kysym kordi Bul zhakta ondirgish kүshter tapshylygy osti әleumettik ekonomikalyk zhagynan da tyn igerilgen audandardan artta kalushylyk bajkaldy Өndiristi baskarudyn tetikterin zhaksartu maksatynda Kommunistik partiya 1957 zhyldyn akpanynda baskarudyn salalyk emes aumaktyk principine koshti Қazakstanda tomendegidej Halyk sharuashylygy kenesteri HShK kuryldy Almaty Shygys Қazakstan Batys Қazakstan Қaragandy Semej Қostanaj Ontүstik Қazakstan Aktobe Gurev HShK buryngy әdispen zhumys isteudi zhalgastyrdy Mekeme basshylary men enbekshiler ortalyktan baskaru әdisine boj үjretip үlgergen edi Auyl sharuashylygyn Koteru arkyly halyktyn turmys zhagdajyn zhaksartu moselesin partiya oz basshylygyna aldy Bul үshin KOKP үlken үlken үsh aukymdy bagdarlamany alga usyndy tyn igerudi odan ori zhalgastyru zhүgeri men baska da mәdeni egis tүrlerin keninen osiru et pen sүt onimderin molajtu maksatynda mal sharuashylygyn orkendetudin asa aukymdy bagdarlamasyn kolga alu 1957 zhylgy kyrkүjekten 1960 zhylgy kantarga dejin respublika partiya ujymyn baskardy KOKP OK nin Plenumy 1958 zhyly akpan mashina traktor stanciyalaryn taratyn tehnikasyn uzhymsharlarga satkan durys dep tapty Қazakstan uzhymsharlary memleketten traktor kombajn t b auyl sharuashylygy tehnikalaryn barlygy 160 mln somga satyp aluga mәzhbүr boldy Al bul tehnikalardyn basym kopshiligi tozyp bitken bolatyn Belyaevtin tusynda tyn olkesin kuru dajyndygy ayaktaldy Қazakstan 1960 1980 zhyldarda 1959 zhyldyn 14 15 kantarynda otken ҚK b P nn IH sezi KSRO nyn 1959 1965 zhyldarga arnalgan halyk sharuashylygyn orkendetudin zhetizhyldyk zhosparynyn zhobasyn talkylauga arnaldy 1960 zhyly 19 kantarda Қazakstan kompartiyasy OK nin plenumy otti D A Қonaev ҚK b P OK nin birinshi hatshysy bolyp sajlandy 1960 zhyldyn 10 12 nauryzynda ҚKP nyn X sezi otti Sezde zhetizhyldyk zhospardy merziminen bursh oryndaudyn is sharalary anyktaldy Қazakstan Kompartiyasy OK nin Birinshi hatshysy bolyp tagy da D A Қonaev sajlandy KOKP nyn zhana Bagdarlamasy kommunistik kogam ornatu bagdarlamasyn kabyldaudy mindetine algan KOKP nyn 1961 zhyldyn 17 31 kazany aralygynda otken XXII sezi karsanynda Қazakstanda partiyanyn XI sezi 27 29 kyrkүjek ashyldy Partiya Zhargysyna sәjkes atalmysh sezden son әr bes zhyl sajyn sezd otip otyrdy Eki zhyldan kejin yagni 1964 zhyldyn karasha ajynda otken KOKP OK nin Plenumy partiyany aumaktyk ondiristik belgiler bojynsha kajta kuru kagidalaryn makuldady Naktylap ajtsak bul shara partiya basshylygynyn ozgeruine bajlanysty zhүrgizildi 1964 Zhyldyn kazanynda N S Hrushev basshylyktan ketti de onyn ornyna әueli birinshi hatshy al 1966 zhyldan bastap KOKP OK nin Bas hatshysy bolyp L I Brezhnev sajlandy Bul orynda ol 1982 zhylga dejin otyrdy 60 zhyldardyn ortasyndagy sharuashylyk reformasy L I Brezhnevtin tusynda elde reforma zhүrgizu әreketi bajkaldy Ekonomika salasynda 60 zhyldardyn ortasynda halyk sharuashylygy ekonomikalyk tiimdilik pen zhosparlaudyn zhana zhүjesine koshudi kolga ala bastady Endigide ondiris oryndaryndagy zhumystyn negizgi korsetkishi ondirgen onimnin zhalpy molsherimen emes kerisinshe ony kanshalykty dәrezhede otkize biludin әdis tәsilimen olshenetin boldy Halyk sharuashylygy kenesi taratylyp Ortalyk ondiristik ministrlikter kajta kalpyna keltirildi Өndiris mekemelerinin basy bajlylygy kozdelip mindetti tүrdegi ekonomikalyk korsetkishterdin enny mejlinshe kyskartyldy Onyn esesine ondirilgen onimnin bagasyn Baga zhonindegi memlekettik belgilep otyrdy Al memlekettik zhabdyktaudyn kuryluy zhogaryda ajtyp otken ondiris mekemelerinin Pasybajlylygyna karama karsy әser etti Kenestik ekonomikalyk gylymda shyndap kelgende Zheke menshiktin socialistik tүri degen ugym shyndap kolga alyngan emes Halyktyk zheke menshikti iemdenu kukygy Kommunistik partiya basshylygyndagy memleket kolynda boldy Sondyktan da XX gasyrdyn 60 zhyldaryndagy reformalar bastalmaj zhatyp ayaksyz kaldy Al respublikamyz partiyanyn ortalyk organdary belgilegen sheshimder shenberinde shekteldi 1977 zhylgy 7 kazanda KSRO nyn Zhogargy Kenesi zhana Konstituciyany bekitti ol 1936 zhylgy Konstituciyanyn ornyna keldi Konstituciyada el socializmnin damuy satysyna koterildi dep korytyndy zhasaldy Bul zhana termin 80 zhyldardyn basynda kommunizmge otu ideyasyn kemsitushilik zhagdajynda engizilgen Konstituciyada KOKP nyn baskarushy zhәne bagyttaushy roli bekitildi 6 bap mәdeniet pen sport salasynda kogamdyk ujymdardyn da roli arta tүsti D A Қonaevtyn basshylygymen kazaktar partiyanyn da okimettin de zhetekshilik kyzmetterine koptep tartyla bastady Sol kezderde san zhagynan orystardyn zhergilikti kadrlardan basymdygy buryngydaj emes azaya bastady Bul әsirese 1971 zhyldan kejin D A Қonaev partiyanyn Sayasi byurosynyn tolyk mүshesi bolyp sajlangannan kejin kүsheje tүsti Bүginde Kenes okimeti kezindegi respublika partiya kyzmetkerlerinin kyzmetine taldau zhasaj otyryp mynadaj korytyndy zhasauga bolady Ortalyktyn kysymyna karamastan respublika basshylygy Қazakstandy kandaj zhagdajda da damyta tүsuge umtyldy 1960 1970 zhyldary Қazakstanda onerkәsiptik sipattagy gana emes mәdeni turmystyk saladagy da kurylystar men obektilerdi salu karkyndy zhүrdi Bular Medeu sport kesheni Қazakstan kalalaryndagy shagyn turgyn audandar mәdeniet sarajlary iri әmbebap dүkender t b koptegen kurylystar Bul kezende kurylgan ekonomikalyk gylymi tehnikalyk zhәne mәdeni kurylym kejingi kezde Tәuelsiz Қazakstannyn kүsh alyp ketuine negiz boldy XX gasyrdyn 70 80 zhyldaryndagy socialistik ekonomikanyn damuy 1970 1980 zhyldarda onerkәsip pen auyl sharuashylygynda osu karkynynyn bayaulauy bajkaldy Al syrt kozge osirese 70 zhyldary onerkәsiptin damuy ote karkyndy bolyp korindi Қazakstan tүsti metallurgiyanyn negizgi bazasy bolyp esepteldi ken bajtak elde zhylu energetikalyk keshen kalyptasty himiya salasy ulgajdy kara metallurgiya ose tүsti Ken bajytu sektory ajtarlyktaj ilgeriledi zhogary tehnologiyalyk onim ondiru kerisinshe zhokka tәn edi Mundaj zhagdajda auyl sharuashylygy oniminin kolemin azajtu zhalgyz zhol bolyp tabylady Auyl sharuashylygynyn tiimdiligin arttyru үshin basshylyk koptegen reformalar zhүrgizdi 70 zhyldardagy Kommunistik partiya plenumdarynyn basym kopshiligi auyl sharuashylygyn damytu mәselelerin karauga arnaldy Partiya zhyl sajyn kapital salu kolemin ulgajtty auyl sharuashylygy onimderin satyp alu dengejin kajta karastyrdy tynajtkyshtar men uly himikattardy keninen koldanudy usyndy sulandyru bagdarlamasyn iske kosty t b Alajda atalgan sharalar auyl sharuashylygy salalaryn damytudagy zhagymsyz korinisti zhoya almady Өjtkeni eldegi uzhymdyk shyndygynda memlekettik sharuashylyk ondiristin damuyn kamtamasyz etuge emes dajyn onimdi ielenuge bagyttalgandy Yadrolyk synak alandarySogystan kejingi zhyldarda Қazakstan AҚSh pen KSRO arasyndagy әskeri strategiyalyk bәseke edouir manyzga ie bola bastady 1947 zhyldyn 21 tamyzynda KSRO memleketi arnajy kaulymen atomdyk zertteu synak alanyn ashu turaly sheshim kabyldady Tandau Қazak dalasyna onyn ishinde Semej kalasy manyna tүsti Sol zhyldyn kүzinde synak alanynyn kurylysy bastalyp ta ketti 1949 zhyldyn tamyz ajynda yadrolyk zhүrgizile bastady Azgyr atom synak alany Atyrau oblysynyn Қurmangazy audanyna karajtyn үsh mynga zhuyk adam konystangan bir kezdegi Balkudyk kensharynyn aumagynda ornalasty Zharylystar turgyndardy baska zherge koshirmesten eldi ortasynda zhүrgizildi Synak alanynda 17 ret zher asty zharylysy boldy Algashky zharylys 500 dej turgyny bar Azgyr auylynan 1 5 shakyrym kashyktykta 160 metr terendikte bolgan Zharylystan son osy alannan 20 tәulik bojy auaga koterilgen uly zattar 5 4 mln lyucidi kuragan Budan kejingi zharylystarda da zher astyndagy shunkyrlardan eki tәulikten 11 ajga dejin radiaktivti zattardyn auaga shygyp turgany tirkelgen Azgyr atom synak alanynda zharylys 1979 zhyly toktatyldy birak ondagy ekologiyalyk zhagdaj kalypka kelgen zhok Azgyrdagy kejbir zharylys alandarynda topyrakta cezij normadan 220 ese plutonijda kalyptagydan 240 esege dejin artyk ekendigin korsetken Bajkonyr garysh ajlagyBajkonyr garysh ajlagy planetadagy 19 ajlaktyn biri Ol Қyzylorda zhәne buryngy Zhezkazgan oblystarynyn kolemdi aumagyna Toretam temir zhol stanciyasynyn manynda ornalaskan Onyn salynu tarihy sogystan kejingi halykaralyk zhagdajdyn ushygyp ketuine bajlanysty Kenes okimeti eldin kauipsizdigin nygajtu үshin birkatar sharalar koldanuga mәzhbүr boldy 1947 zhyly 18 kazanda Kapustin Yardagy ushyru kondyrgysynan birinshi ballistikalyk zymyran ushyryldy Aral men Balkashtyn ozekti mәseleleri1995 zhylga dejin Aral tenizi ozinin bajyrgy koleminin tortten үshinen ajyryldy Su dengeji 19 metrge dejin tomendedi Қurgap kalgan teniz tabany 33 myn sharshy shakyrymga dejin zhetti Aral many ajmagyna katysty kenestik sharuashylyk zhosparynyn kateligi saldarynan myndagan tonna tuz ben auyl sharuashylygy himikattary auaga taraldy Bul ajmaktyn ken zhazygy makta men kүrish eguge odan mol onim aluga barynsha kolajly dep tabylyp Amudariya men Syrdariya agysyn Shardara su kojmasyna buru arkyly egistik zher barynsha ulgajtyldy Munyn sony tabigattyn o bastagy tepe tendigin buzyp Aral many ekologiyasynyn nasharlauyna әkelip sokty Tenizdin tartyluymen birge ajmaktyn klimaty da ozgerdi Buryn Aral ozinshe klimat rettegish rolin atkaratyndy Onyn ajdyny Sibirden sokkan suyk zheldi zhumsartyp zhaz ajlarynyn ystygyn basuga әser etetin Su ajdynynyn ajtarlyktaj tartyluy saldarynan ajmaktagy aua rajy shugyl kontinentti bolyp ketti Қyska zhaz kurgak әri aptapty al kysy suyk әri uzakka sozylatyn boldy Osy zhagdajlarga bajlanysty BҰҰ 1993 zhyldan bastap Araldyn ozekti mәselesin sheshudin zholdaryn karastyra bastady Birak bul tym kesh edi Aral tenizi tagdyryn sheshuge onyn manajynda ornalaskan memlekettermen katar dүniezhүzilik kauymdastyk ta atsalysuda 1994 zhyly үsh ajmakaralyk ujym Aral tenizi mәselesi bojynsha memleketaralyk Kenes Araldy kutkarudyn halykaralyk kory zhәne ekologiyalyk komissiya kuryldy Bul halykaralyk ujymdar Aral ajmagy elderimen Қazakstan zhәne Өzbekstanmen birigip әreket etude Balkash kolinin ekologiyalyk zhagdajy turmystyk kokystar men Balkash mys korytu kombinatynyn onerkәsip kaldyktaryna da bajlanysty Balkash bassejni biryngaj tabigat ekologiyalyk zhәne ekonomikalyk zhүje retinde korgaudy zhәne tiimdi pajdalanudy talap etedi Respublika Ekoresurstar ministrligi zhanynan 1996 zhyldyn 214 shildesinde balyk tүrlerin saktau zhәne balyk aulaudy retteu maksatyndagy Ile Balkash bassejni baskarmasy kuryldy Atalgan baskarma biregej koldi ekologiyalyk saktau zhoninde sharalar keshenin zhүzege asyruga bagyttalgan Endigi Balkash tagdyry osy baskarmanyn kalaj zhumys isteuine tikelej bajlanysty Balkash koli pumagynda Almaty Қaragandy Zhambyl sinkty үsh birdej oblys baryn olarda 3 mln ga zhuyk halyk turyp zhatkanyn eskersek munyn manyzy arta tүspek Dagdarys zhagdajlarynyn kүsheyui Қazakstandagy ekologiyalyk mәselelerdin osynshalykty askynuyn tek ekonomikany baskarudyn kemshilikterinen izdesek әbestik bolar edi Munda kenes kogamyndagy sayasi tokyraudyn azdy kopti үlesi bar Bul tokyrau 1980 zhyldyn basynda myna tomendegi mәseleler arkyly kobirek korinis tapty enbek tәrtibinin bosansi bastauy vedomstvolyktyn kүsheyui kopshilik arasynda ishimdiktin bel aluy negizgi mәselelerdi sheshude zhurtshylyk pikir usynystarynyn eskerilmeui 1985 zhyldyn souirinen bastap KOKP kogamnyn zhetekshi kүshi esebinde Қajta kuru bagytyn kolga aldy Қajta kuru KSRO nyn kogamdyk sayasi zhәne ekonomikalyk omirin tүbegejli ozgertuge tiis bolatyn Nәtizhesinde zhariyalylykka soz bostandygyna ortalyk pen odaktyk respublikalardyn ozara karym katynasyn kajta karauga Kommunistik partiyanyn ajtarlyktaj synga ushyrauyna sayasi zhariyalykka en sonynda koppartiyalyk zhүjege zhol ashyp berdi KOKP Kenes Odagynyn kozgaushy zhәne bagyttaushy kүshi bedelinen ajyryldy Kommunistik partiyanyn bankrotka үshyrauy aldymen onyn kogamdy ekonomikalyk tygyryktan alyp shyga almauynan korindi Қazakstan Kommunistik partiyasynyn tarihy onyn is әreketi men kyzmetine baga berude tek ak pen kara zhagyn gana nazarda ustagany bolmasa kenes dәuirinde oz dәrezhesinde zerttelgen zhok Is zhүzinde partiya tarihynyn birkatar ozekti mәseleleri kozgausyz kalyp otyrdy Қajta kuru kezeninde 1985 1991 zhyldary uzhymdastyru ult mәselesi koptegen enbekterde zharyk korip bizdin elimizdin shynajy otkenine koz zhetkizuge degen kyzygushylyk bajkaldy Tәuelsizdik algan algashky zhyldarda partiya kyzmeti eldin ekonomikalyk zhәne kogamdyk sayasi kyzmeti negizinde zerttele bastady 80 zhyldardyn sony men 90 zhyldardyn basyndagy Kommunistik partiyadagy dagdarys1985 zhyly koktemine karaj elde ekonomikalyk reforma zhүrgizu kazhettigi ajkyn sezildi M Gorbachevtin bilikke keluimen KSRO da reformalar kezeni bastaldy 1985 zhyly sәuirdegi KOKP OK Plenumynda Zhedeldetu zhәne Zhariyalylyk urandary koterildi Zhedeldetu ekonomikany damytu karkynyn zhedeldetudi kozdedi bul okimettin el ekonomikasyndagy problemalardy sheshuge dәstүrli kozkarasyn bildiretin edi Zhariyalylyk degenimiz zhogary satydagy basshylardy synauga beruden bastalyp tarihi sanaga erkindik әperip soz bostandygyna alyp keldi Zhariyalylyk resmi emes ujymdardyn ashyk bojkorsetuine komektesti Kommunistik partiya kogamnyn resmi pikirin bildirushi rolinen ajyryldy Partiya kozkarasyna kelispeushilik bildiruge zhol ashyldy Nәtizhesinde partiyanyn oz ishinde bolinu ydyrau bajkala bastady Kommunistik partiyanyn dagdarysy katardagy kommunisterdin bolyp zhatkan ozgeristerge tүsinbeushiliginen bastaldy Partiya dagdarysy en aldymen dүnietanym dagdarysy Қazakstandagy partiya ujymdarynyn mүsheleri partiyadan shygyp onyn katary sirej bastady 1991 zhylgy koktemnen bastap KOKP OK i sayasi bilim beretin oku oryndary men gylymi zhүjeni reformalauga kiristi Osy arkyly partiya oz kyzmetin zhangyrtyp kogamnyn damuyna gylymi bolzham zhasaudy zhүzege asyruga kadr sayasatyn zhetildiruge tyrysty Alajda uakyt otip ketken edi kopshilik zherde shygyndy azajtu үshin partkabinetter men kogamdyk sayasi ortalyktar asygys zhabyla bastady ojtkeni koptegen үgitshiler zhergilikti zherlerde adamdardyn naryktyk ekonomika partiyanyn әleumettik sayasaty turasyndagy suraktaryna zhauap bere almajtyn Kompartiyanyn ishindegi kejbir kertartpa kүshter Ortalykka el biligindegi totalitarlyk kүshin kajtaruga tyrysty 1991 zhyly tamyz ajynda memlekettik tonkeris әreketi zhasaldy Radio zhәne teledidar arkyly vice prezident G Yanaev M Gorbachevtin densaulygynyn nasharlauyna bajlanysty KSRO dagy barlyk bilik 6 ajga TZhMK Totenshe zhagdaj zhenindegi memlekettik komitet kolyna koshkendigin mәlimdedi Қazak KSR Prezidenti N Nazarbaev 1991 zhyly 19 tamyz kүni Қazakstan halkyna arnalgan sozinde Қazakstan aumagynda totenshe zhagdaj engizilmejtindigi Қazak KSR Konstituciyasy zhәne memlekettik egemendik turaly Mәlimdemege sәjkes barlyk bilik kenes organdarynyn kolyna otetindigi zhajly mәlimdedi Kompartiyanyn kүsh zhumsau әdisi arkyly barlyk bilikti oz kolyna kajta alu әreketi onyn kogam aldyndagy bedelinen birzholata ajyrdy Respublikadagy turaktylykty kamtamasyz etu maksatynda Қazak KSR Prezidenti N Nazarbaev 1991 zhyly 22 tamyzda sayasi partiyalardyn ozge de kogamdyk ujymdar men prokuratura memlekettik kauipsizdik ishki ister zan memlekettik arbitrazh sot zhәne keden organdaryndagy kogamdyk kozgalystardyn әreketine tyjym salgan Zharlyk shygardy Memlekettik organdardy partiyadan bolekteu isi sayasi kүshterdin kukyk korgau zhәne әdil sot organdaryna әser etuine zhol bermeu maksatyn kozdedi 1991 zhyly 24 tamyz kүni KOKP OK nin Sayasi byurosyna N Nazarbaevtan onyn kuramynan shygatyndygy zhonindegi mәlimdemesi tүsti 1991 zhyly 25 tamyzda Қazak KSR aumagyndagy KOKP mүlisi turaly Zharlyk zharyk korip ol bojynsha respublika aumagyndagy barlyk KOKP mүlki memleket menshigi dep zhariyalandy 28 tamyz kүni ҚKP OK nin V Plenumy shakyrylyp onda KOKP nyn kazirgi zhagdajy talkylandy Kezekten tys partiya sezin shakyruga sheshim kabyldanyp ony dayarlajtyn ujymdastyru komiteti kuryldy ҚKII OK nin kyzmeti toktatyldy 1991 zhyly 7 kyrkүjekte ҚKP totenshe XVIII sezi ashylyp 591 adam delegat bolyp keldi Kүn tәrtibinde eldegi zhәne KOKP degi sayasi zhagdajga bajlanysty Қazakstan kompartiyasynyn mәselesi karaldy Sezd 760 myn adam mүshe bolyp tabylatyn Қazakstan kommunistik partiyasy KOKP kuramynan shygyp zheke sayasi ujym bolatyndygy zhoninde kauly kabyldady Ұzak dau talastan kejin ony Socialistik partiya dep ozgertu turaly sheshim shygaryldy DerekkozderҚazakstan tarihy Asa manyzdy kezenderi men gylymi mәseleleri Zhalpy bilim beretin mekteptin kogamdyk gumanitarlyk bagytyndagy 11 synybyna arnalgan okulyk M Қojgeldiev Ө Toleubaev Zh Қasymbaev t b Almaty Mektep baspasy 2007 ISBN 9965 36 106 1Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul Қazakstan tarihy bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz