Отырар ауданы — Түркістан облысының батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. Батысында Қызылорда облысымен, солтүстігінде Сауран ауданымен, шығысында Ордабасы ауданымен, оңтүстік-шығысында Арыс қаласына қарасты аумақпен, оңтүстігінде Шардара ауданымен, оңтүстік-батысында Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Жер аумағы 16,8 мың км² (облыстың 14,4%-ы). Тұрғын халқы 51,6 мың адам (2023). Әкімшілік орталығы — Шәуілдір ауылы.
Қазақстан ауданы | |||
Отырар ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны | 13 | ||
Ауыл саны | 37 | ||
Әкімі | Қайрат Жолдыбайұлы Жолдыбай | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы, №25 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары | 42°46′36″ с. е. 68°22′09″ ш. б. / 42.77667° с. е. 68.36917° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°46′36″ с. е. 68°22′09″ ш. б. / 42.77667° с. е. 68.36917° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | 1928 | ||
Жер аумағы | 16 757 км² | ||
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны | 51 640 адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы | қазақтар (99,63%), орыстар (0,28%), басқа ұлт өкілдері (0,09%) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Автомобиль коды | 13 | ||
Отырар ауданының әкімдігі | |||
|
Географиялық орны
Солтүстігінде Сауран ауданымен, шығысында Ордабасы ауданымен, оңтүстігінде Шардара ауданы және Арыс қаласымен, батысында Қызылорда облысының Жаңақорған ауданымен, оңтүстік-батысында Өзбекстанмен шектеседі.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісінің тарихи қалыптасуы
Ауданның қазіргі әкімшілік-аумақтық шекаралары XX ғасырдың алғашқы ширегінде қалыптаса бастады. Оған дейін осы аумақ Түркістан генерал-губернаторлығының құрамындағы Сырдария облысына (орталығы — Ташкент) қарады. Құрылымы 1867 жылы шілдеде бекітілген "Жетісу және Сырдария облыстарын Уақытша басқарудың Ережесіне" сәйкес анықталды да, оған бұрынғы Сырдария желісінің аудандары, сонымен қатар Ресейге қосылған Қоқан хандығының 7 уезі (Әулие ата, Қазалы, Құралы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Ходжент) және 2 аудан (Жызақ, Ұратөбе) енгізілді. Қазан революциясынан кейін аудан аумағында қайтадан құрылымдық өзгерістер басталды.
1920 жылы 26 тамызда Қырғыз (Қазақ) АКСР-ін құру туралы декрет қабылданды. Қазақ халқының көп бөлігі қоныстанған Жетісу және Сырдария облыстарының аумағы Түркістан АСКР-інің құрамында калды. 1924 жылы 11 қазанда Республикалық Коммунистік Партияның Орталық Комитетінің қаулысымен Орта Азия Кеңестік республикаларының межеленуі мақұлданып, нөтижесінде Әулие ата, Ақмешіт, Қазалы, Түркістан, Шымкент уездері және Ташкент уезінің 10 болысы, Мырзашөл уезінің 2 болысы, облысының 6 болысы бар Сырдария облысы Қазақстан құрамына енді. Кейінгі жылдары губернаторлық, округтік бөлініс кезінде аудан аумағындағы қазіргі ауылдык округтер мен елді мекендер — ұжымшылар ретінде біріге бастады. Сөйтіп, бүл өңірде алғашқы бес ұжымшар ұйымдастырылды. Олар: "Абад", "Кеңес", "Жаңаарық", "Отырар", "Қызыл Түркістан".
1932 жылы "Талапты", "Қарғалы", "Қоғам", "Байылдыр", "Ынталы" ұжымшарлары құрылды. 1934 жылы 27 желтоқсан күні № 106 бюро қаулысымен Шәуілдір ауданын құру туралы шешім қабылданып, Оңтүстік Қазақстан облысы партия комитетінің 1935 жылы 16 ақпандағы бюро қаулысында Түркістан және Шәуілдір аудандарының шекаралары белгіленді. Крупская атындағы, "Интернационал", Құлымбетов атындағы, "Ақтөбе", "Беларық", "Сталинабад", "Кеңес", "Отырар", "Қызыл Түркістан", "Талапты", "Ынталы", "Қоғам", "Байылдыр", "Қарғалы", "Ногин" (қазіргі Д.Алтынбеков), "КСРО-ның 60 жылдығы" кеңшарлары құрылды. Жер серіктестіктері, ұжымдық шаруашылықтар: Маяқұм, Құмкөл, Шеңгелді (Ұзынқұдық), Ақкөл, Балтакөл, Жаңашардара, Aқынтоғай, "Овцевод", "Ызакөл", "Сарыкөл", т.б. елді мекендер жаңа аудан құрамына енді. Алғашқы жылдары 5 ауылдық кеңес, 33 ұжымшар, жер серіктестіктері (барлығы 3710 үй) болды.
Аудан орталығы ретінде жаңадан ұйымдастырылған ұжымшарлардың ортасындағы Қаракөншек төбесі таңдап алынды. Шәуілдір ауданы партия комитетінің 1-ұйымдық мәжілісі 1935 жылы 12 ақпанында өтті. Бүл мәжіліске Н.Жөлелов, Д.Алтынбеков, Ұсабаев, Емельянов, Бұхаров, Антоненко, т.б. катысты. Аудандық партбюро құрылып, оның кұрамына аудандық партия комитеті хатшысы Н.Жәлелов, аудандық атқару комитеті төрағасы Д.Алтынбеков, Машина-трактор станциясы директоры Гайнуллин енгізілді. Осы қаулымен кеңестердің ұйымдастыру бюросы құрылып, оның төрағасы болып Д.Алтынбеков сайланды. 1962 жылы өлкелік әкімшілік-аумақтық бөліну кезінде Оңтүстік Қазақстан — Шымкент облысы болып өзгерді. Ӏрілендірілген өнеркәсіптік басқармалар ұйымдастырылып, Шәуілдір ауданы Арыс ауданының құрамына өтті.
1963 жылы бұрынғы Шәуілдір ауданы негізінде Қызылқұм ауданы ұйымдастырылды. Аудан құрамына Ақынтоғай, Жаңашардара, Задария, Қызылқұм, Маяқұм, Отырар, Тақыркөл, Темір, Шардара, Шеңгелді, Шымқорған, Шәуілдір, Сырдария, Ақтөбе ауылдық кеңестері енді. Сол жылы Шымқорған, Қызылқұм ауылдық кеңестері Өзбек КСР-нің Сырдария облысына, 1964 жылы Задария ауылдық кеңесі Бөген ауданына, Шеңгелді ауылдық кеңестері Шардара ауданына берілді. 1967 жылы құрылған Қандөз ауылдық кеңесі 1970 жылы Қызылорда облысының құрамына енді. 1964 жылы Қожатоғай, 1965 жылы Балтакөл, Талапты, 1971 жылы Шілік ауылдық кеңестері кұрылды.
1986 жылы ауданда 11 ауылдық кеңес болған. 1991 жылы 18 қаңтарда Қызылқұм — Отырар ауданы болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы 1993 жылы 9 желтоқсандағы "Жергілікті кеңестердің өкілеттігін шұғыл тоқтату туралы" Заңына сәйкес, ауданның ауылдық кеңестері кызметін тоқтатып, 1995 жылы 5 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің қаулысымен, өзіне бірнеше елді мекендерді қамтитын ауылдық кеңестер шекараларында ауылдық округтер құрылды.
Табиғаты
Тұран ойпатының орта тұсында орналасқан аудан жері негізінен жазық келеді. Оның басым бөлігін Сырдария өзенінің орта ағысымен Қызылқұм құмды алқабы алыл жатыр. Қызылқұмда көптеген құдықтар (Қасымбет, Дүйсенбай, Дәуренбек, т.б.), қыстаулар (Есенгелді, Босаға, Орынбай, т.б.) бар. Қаратау жотасының батысын және Қызылқұмның шығысын ала сексеуілді тоғайлар көмкерген. Сырдария аңғары мен Қызылқұмда Балақарақ, Мұрынқарақ, Қарақ, Қыл, Тастөбе, т.б. ежелгі тау жұрнақтары сақталған. Олардың кейбіреуінің пішіні төрткүлді келген. Қызылқұмның орта тұсында сусымалы шығыр құмнан тұратын Үрме өңірі орналаскан.
Геологиясы
Отырар ауданының жер қыртысын Тұран плитасының эпигерциндік құрылымынан (Сырдария депрессиясы) түзілген. Ӏргетасы мезокайнозой дәуіріне жатады. Оның терендігі ауданның оңтүстігінде 2000 метр, ал Сырдарияның оң жағалық аңғарында 1500 метрдей. Эпигерциндік платформаның антиклиналь осі ауданның шығыс бөлігінде (Қаратау жотасы маңында). Сырдария аңғарына дейінгі (шығыс бөлігі) орта және төмені төрттік жүйенің тау жыныстарынан тұрады. Тектоникалық құрылымы жағынан Қызылқұм бөлігі бірнеше құрылымдык қабаттан тұрады. Бүл өңірдің жер қыртысы бірнеше жарылыстармен қиылған палеозойдың магмалық шөгінді жыныстарынан құралған.
Қабаттар өз кезегінде Қызылқұм өңірінің палеозойлық табанын жаңартып, өте жалпақ белдерге (, Балтакөл, Босаға, Шөл-Шардара, т.б.), науаларға (Жауғаш, Арыс, Келес) бөлген. Жер асты суы жоғары бор шөгінділерінің құмды қат-қабатында. Палеоген-неоген сулы кешендегі су қабаттары 800—100 метр тереңдікте кездеседі және оның температурасы 50—75°С. Литологиялық тұрғыдан қабат құмды-саздақты. Бор қабатындағы (1800-2900 метрде) су температурасы 100°С, Юра қабатында (2900- 3200 метрде) 150°С-қа жетеді. Суы кремнийлі-термальді, минералды суларға жатады. Жер асты сулары Арыс, Қызылқұм және Оңтүстік Қаратау артезиан алаптарына тиесілі.
Суының кермектілігі: Қызылқұмда 3—5 г/л, Арыс—Сырдария аралығында 5—8 г/л. Жер асты грунт сулары 2—5 метр терендікте (Сырдария, Арыс өзені аңғарында), Қызылқұм өңірінде 5—8 метр, кейде 8—12 метр тереңдікте кездеседі. Артезиан сулары негізінен палеоген-неоген кабаттарында (30—50, кейде 80—105 метр). Отырар ауданының жер қойнауынан графит, тас көмір, алтын, уран, құрылыс материалдары барланған.
Климаты
Отырар ауданының климаты қоңыржай континенттік. Қары аз, қысы жұмсақ. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы ауданның солтүстігінде (Түркістан өңірінде) -5—7°С, оңтүстігінде (Қызылқұм өңірінде) -3—5°С, жаз айлары барлық өңірінде 26— 28°С. Қыс айларындағы төменгі температура -38°С, жаз айларында 52°С. Күн радиациясының жылдық жиынтық мөлшері 3200— 3400 сағ/жыл. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 170 милиметрден (Қызылқұм өңірінде) 300 милиметрге дейін. Қыстағы желдің басым бөлігі (45%) солтүстік-шығысқа, жазда солтүстікке (45%) келеді.
Аудан жері аркылы Қаратау жотасынан (солтүстік-шығыстан) әйгілі Арыстанды-Қарабас желі тұрады. Ол Арыстанды өзенінен бойлай оңтүстік-батысқа қарай бағытталған. Желдің күші 30—35 метр/секундқа дейін жетеді және кемінде 6—8 күн бойы қатарынан соғады. Қыста ауа температурасын тез төмендетіп жібереді (-22°С-қа дейін). Ал жазда соққан бұл жел аңызақты келеді. Нәтижесінде қуаңшылық болып, шаруашылыққа үлкен зиян келтіреді. Бүл желдің күштілігін осы салада зерттеу жүргізген ғалымдар Х.Ахмеджанов пен С.Төребаева: "Біріншіден, ауа ағыны Қызылту мен Шақпақ аралығындағы тау асуынан өткенде жылдамдығы артады, екіншіден, Арыстанды өзенінің арнасында тауаңғар ауа циркуляциясының өсерінен оның екпіні одан да күшейеді.
Арыс маңындағы ауа кысымы Мойынқұм үстіндегі қысымнан артық болған жағдайда жалпы атмосфералық циркуляция заңдылығы бойынша жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай соға бастайды. Бұл бағытта жел түнге қарағанда күндіз күштірек соғады" деп түсіндіреді.
Гидрологиясы
Аудан арқылы Сырдария және оның Қазақстандағы жалғыз ірі саласы — Арыс өзені ағып өтеді. Арыс өзені Көкмардан ауылы тұсында Сырдария өзеніне құяды. Өзеннің осы тұсын Құйган деп атайды және ол бүкіл Отырар оазисінің (шұратының) кіндігі саналады. Арыстың (оған 91 сала құяды) суымен ауданның 7,0 мың гектар жері суарылады және 50 мың гектар жерді суландыруға болады. Орталығы Тянь-Шаньнан бастау алатын Сырдария (ежелгі аты — ) Қазақстанда Машат, Келтемашат, Балабөген, Бөген, Шаян, Ақсу салаларына бөлінеді. Ортағасырлық автор Рузбехан өзінің еңбегінде Сырдария өзеніне: "Бұл өзен 300 ташка (2000 километр) дейін ағып Қарақұмның құмдарында жоғалып кетеді.
Өзен ағып өткен жерлерде жемдік шөптер мен көптеген каналдар тартылған. Ешбір жер жүзінің бір елінде Сырдария сияқты пайда келтіретін өзен жоқ; шөбінің қалыңдығы, өзен жағалауындағы өсімдіктің және жабайы құстардың көптігі жағынан оған тең келер өзен жоқ. Неше түрлі гүлге толған жағалауында әр түрлі құстар, жабайы есектер (құландар болуы керек — редакция), қарақұйрықтар және басқа да жануарлар мекендейді, сондай-ақ жел мен құйын өтпейтін арша өсетін тоғайлар бар" деген сипаттама берген. Көктемгі тасқында Сырдария және Арыс өзендері жағалауларынан асып, үлкен аумақты алып кетеді. Әли ибн әл-Хусейн әл-Мақсуди 947—950 жылдары құрастырған тарихи-географрафиялық шығармасында Отырар оазисіндегі (шұратындағы) су тасқыны туралы жазған. Мұндай су тасқыны қазіргі уақытта да болып тұрады.
1944 жылы Арыс өзені тасып, сағасындағы бірнеше ауылды, ал 1947 жылғы су тасқыны бүкіл аудандар және Сырдарияның ескі мойнын да басып қалды. 1969 жылы қыстың қатты болуы мен қардың көп жаууы, одан ауа райының күрт жылып кетуі су тасқынына себеп болды, нәтижесінде су Жалпақтөбе, жанындағы шұқырларды толтырды. Шәуілдір ауылы су астында калу қаупі төнді. Сырдария тасығанда өзінің екі қапталындағы тоғайды түгел су алып, мал жайылымын қысқартып, тасыған су дарияның екі жағындағы шағын көлдерді суға толтырады. 2004 жылы Сырдарияның арнасынан асуы Маякум ауылы тұрғындары шаруашылығына зиянын тигізді. Аудан жерінде үш өзен бойын¬да жаз айларында тартылып қалатын 17-ден аса үлкенді-кішілі көлдер бар. Бөген өзенінің аяғындағы Шошқакөл мен Сырдарияның оң жағындағы Сарыкөлде су жылдың төрт мезгілінде де онша өзгеріске түсе бермейді. Дарияның аңғарында Көккөл, Ақшығанақ, , Тақыркөл, Соркөл, , Қарасу, , Байраш, Көлқұдық, Жаманкөл, (Сарықамыс), Бөгенбай, Мәслихат, т.б. көлдері бар.
Көлдердің айналасы қысы-жазы мал жайылымына пайдаланылады. Қазіргі кезде кейбір көлдерден қосымша арық-тоғандар қазып, егістік жерлерге су алынуда. Бұларға қосымша Сырдарияның , , Ақсу деп аталатын тармақтары бар. Өгізсай Сырдың сол жағалауындағы дарияның ескі арнасы (ұзындығы 200 километрге, ені 80—300 метрге жуық). Ол Шардара бөгенінен бастау алып, Қызылқұм шөлінің Сырға жақын тұсындағы , тау тізбегінің етегін алып, Табабүлақ тұсынан Сырға жақындай түседі де, Шәуілдір, Әл-Фараби, Балтакөл ауылдарылың үстінен өтіп, Қызылорда облысында Жаңақорған ауданының жеріне енеді. Жаңақорған ауданындағы Қалғандария орны негізінен арнасы болғанға ұқсайды. Кейіннен халық бұл суы жоқ арнаның осы бөлігін Қалғандария деп атап кеткен болса керек.
Топырағы
Отырар ауданының топырақ жамылғысы негізінен сұр, сортанды сұр топырақты. Сырдария өзенінің аңғары шалғынды-аллювийлі сұр топырақты. Сол жағалық аңғарында (Қызылқұм өңіріне қарасты) құмдауытты сұр топырак қалыптасқан. Сыр бойындағы топырақ, негізінен, саздақты келген.
Өсімдігі
Аудан аумағында баялыш, күйреуік, теріскен, көкпек, құмды өңірлерде сексеуілді тоғай, өзен аңғарында шілікті-жиделі тоғайлар бар. Құмтөбелер аралығында фунт және кермек суы жақын жатқан жерлерде шұраттар (оазистер) кездеседі. Ауданның Сырдария өңірінде Қосарал аймағы бар. Бұдан басқа (жалпы аумағы 36 мың га) Майлытоғай, Қанттоғай, Топшақтытоғай, Қожатоғай, Байтоғай, Көтенарал, Қарабұлақ, Кертен, Қарасу, Алағұс, т.б. аумағы шағын оншақты орманды-тоғайлы жерлер кездеседі. Бұларда негізінен тораңғы, жиде, қаратал, ешкітал (шілік), жыңғыл, шеңгелдер өскен. Қызылқұм өңірінде аумағы 820 мың гектар болатын сексеуілді тоғай бар. Сонымен катар, аудан жерінде көпшілігі малдың азықтық қоры саналатын қара жусан, изен, балықкөз, атқұлақ, мия, қара сора, майсора, алабұта, қурай, қумай, кекіре, тарақбоз, сүттіген, рам, түйе, қарын, қоянсүйек, киікоты, т.б. өседі. Арыс өзені бойында дүние жүзіне әйгілі дәрмене дәрілік-шипалық шөбі өседі. Одан басқа адыраспан, мендуана, үшойық, жалбыз, жыңғыл, қырықбуын, қоңырау, тұмаршөп, т.б. дәрілік өсімдіктер бар.
Жануарлар дүниесі
Ауданда негізінен шөлді белдемге бейімделген тағы аң-құстар тіршілік етеді. Олар: қасқыр, шиебөрі, қарсақ, түлкі, доңыз (қабан), мәлін, қоян, борсық, қырғауыл, үйрек, қаз, ақ бөкен, т.б. Бұлардан басқа бауырымен жорғалаушылар мен кемірушілер көптеп кездеседі.
Халқы
1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
27793 | ▼19870 | ▲40510 | ▲43194 | ▲51378 | ▲54017 | ▼49865 | ▲50404 |
Тұрғындар саны - 53 975 адам (2019), оның ішінде қазақтар 99,64%, орыстар 0,31%, басқа ұлт өкілдері 0,05%. Жыныстық құрамы бойынша: ерлер 49,8%-ды, әйелдер 50,2%-ды құрайды (2018). Халық негізінен Сыр бойы және Арыс өзені аңғарында қоныстанған. Тұрғын халықтың орташа тығыздығы 1 километр квадрат жерге 3 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Шәуілдір (9021 адам), Темір (4793), Көксарай (5550), Арыс (4399), Балтакөл (4398), Маяқұм (4189), т.б. Әлеуметтік жағдайы бойынша: зейнеткерлер — 4890 адам, Екінші дүние жүздік соғыс ардагерлері — 67, Социалистік Еңбек Ері — 21, Батыр Аналар, Алтын, Күміс алқа иелері — 2233, Кеңес Одағының Батыры — 2, жұмыссыздық деңгейі 5%.
Әкімшілік бөлінісі
37 елді мекен 13 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Аққұм ауылдық округі | 1759 | ▼1517 | 86,2 | 900 | ▼822 | 91,3 | 859 | ▼695 | 80,9 |
Ақтөбе ауылдық округі | 1807 | ▼1734 | 96 | 902 | ▼893 | 99 | 905 | ▼841 | 92,9 |
Балтакөл ауылдық округі | 4001 | ▼3657 | 91,4 | 2007 | ▼1868 | 93,1 | 1994 | ▼1789 | 89,7 |
Көксарай ауылдық округі | 4962 | ▼4779 | 96,3 | 2540 | ▼2499 | 98,4 | 2422 | ▼2280 | 94,1 |
Қарақоңыр ауылдық округі | 3429 | ▼2835 | 82,7 | 1740 | ▼1471 | 84,5 | 1689 | ▼1364 | 80,8 |
Қарғалы ауылдық округі | 2287 | ▼2149 | 94 | 1188 | ▼1106 | 93,1 | 1099 | ▼1043 | 94,9 |
Қоғам ауылдық округі | 3029 | ▲4122 | 136,1 | 1539 | ▲2131 | 138,5 | 1490 | ▲1991 | 133,6 |
Маяқұм ауылдық округі | 3845 | ▼3322 | 86,4 | 1962 | ▼1743 | 88,8 | 1883 | ▼1579 | 83,9 |
Отырар ауылдық округі | 4089 | ▲4617 | 112,9 | 2095 | ▲2401 | 114,6 | 1994 | ▲2216 | 111,1 |
Талапты ауылдық округі | 5245 | ▼4958 | 94,5 | 2691 | ▼2550 | 94,8 | 2554 | ▼2408 | 94,3 |
Темір ауылдық округі | 4596 | ▼4123 | 89,7 | 2281 | ▼2125 | 93,2 | 2315 | ▼1998 | 86,3 |
Шәуілдір ауылдық округі | 8428 | ▲10195 | 121 | 4205 | ▲5097 | 121,2 | 4223 | ▲5098 | 120,7 |
Шілік ауылдық округі | 2388 | ▲2396 | 100,3 | 1145 | ▲1229 | 107,3 | 1243 | ▼1167 | 93,9 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 49865 | ▲50404 | 101,1 | 25195 | ▲25935 | 102,9 | 24670 | ▼24469 | 99,2 |
Экономикасы
Аудан өңірі шөлді-шөлейтті белдеулерде орналаскандыктан мұндағы су, суару (суғару) жүйесі ежелден маңызды шаруашылық саласы болып саналады. Ежелгі отырарлыктар ірі-ірі су жүйелерін салып, егіншілік кәсібін айтарлықтай дамытқан. Кейбір жеке адамдар мен шағын ауылдардың егіншілікпен айналысуға деген бастаманың көпшілік халык тарапынан колдау таппаған кездер де болған. Сондыктан XIX-XX ғасырларда бұл өңірде суы мол екі өзен болғанымен, егіншілік дамуы ішінара кенжелеп келген. Қызылқұм аймағы Тұран өлкесіндегі ірі мал жайылымы ретінде танылған. Құм ішінен сексеуілмен шегенделген терең құдықтар қазып, құмды өлкені халық мал жайылымына айналдырған. Ежелден егіншілікпен аты шыққан Отырар алқабы 1914 жылы ирригаторлардың назарын қайтадан өзіне аударды. Сол уақыттарда өңірде іздестіру-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін 1918 жылы Лениннің кол қойған декретіне байланысты Түркістан өлкесінде жаңадан су жүйелерін жасау және су жүйелерін жөндеу мақсатында 50 миллион сом қаржы бөлінді.
1928 жылы Шілік болысының тұрғындары алқапты суландыру мәселесін қайта қолға алды. Осы өңірдің азаматы Д.Алтынбеков алкапты суландыру жөнінде үлкен жұмыс атқарды. 1934 жылы оның басқаруымен казылды (ұзындығы 12 километр, терендігі 5— 6 метр). Сөйтіп, қазіргі Отырар ауданы аумағында алғашқы ұжымшарлар, артельдер мен техникалық өңдеу зауыттар құрыла бастады. 1936 жылы ауыспалы егістік картасы жасалып, ол алғаш рет Ногин атындағы ұжымшарда (қазіргі Көкмардан ауылы) жүзеге асырыла бастады. Суару жүйелері пайда болған соң жаңа жерлер игеріліп, 1937 жылы "Ұлы кесек", 1943 жылы "Отырар" ұжымшарларының жер аумақтары кеңейе түсті. Шаруашылықтар саны көбейіп, 1957 жылы олардың негізінде кеңшарлар ұйымдастырылды.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласы
Ауданда 2017 жылы 4023 кәсіпкерлік құрылым тіркелсе, оның ішінде заңды тұлғалар саны - 406 құрылым, жеке тұлғалар саны - 1277 құрылым, шаруа қожалықтары - 2340 болып отыр. Жалпы кәсіпкерлік салада бүгінгі таңда 6546 адам жұмысқа тартылып, 1700,1 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік құрылымдар саны - 37 құрылымға, осы салада жаңа жұмыс орындарының ашылуы - 161 орынға көбейсе, кәсіпкерлік құрылымдардың өндірген өнімі мен көрсеткен қызмет көлемі - 0,53 миллион теңгеге артып отыр.
Ауыл шаруашылығы
Ауылшаруашылығындағы жалпы өндірілген өнімкөлемі 16506,7 млн. теңгені құрады. Жалпы жылыжайлардың көлемі 15,6 га құрап, өткен жылдың деңнейінен 3 га артқан, тамшылатып суғару 3769,6 гақұрап, 21,2% ұлғайды. 2018 жылдың 1 қаңтарына КжОБ субъектілерінің саны 4023 бірлік, оның ішінде белсендісі 3620 бірлік (өсім 3,6%). КжОБ субъектілерінде 6546 адам жұмыспен қамтылған. 2018 жылдың 1 қаңдарына субъектілерінің өндірілген өнімінің көлемі (тауар және қызмет ) 17,011 млрд теңгені құрап, 2016 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 103,2 пайыз болды. Инвестиция көлемі 13898,9 млн. тенге құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 5146,2 млн. тенге құрап, 10240 шаршы метр тұрғын алаңы пайдалануға берілді.
Әлеуметтік-мәдениет саласы
Ауданда алғашқы мектеп 1926 жылы "Темір" темір жол станциясында ашылған. 1930 жылы Сталинабад, Кеңес, Ногин, Отырар, Қызыл Түркістан, 1932 жылы Ынталы, Қоғам, Талапты, Қарғалы, Шәуілдір бастауыш мектептері ашылды. Жыл сайын мектептер саны көбейе түсті. 1936 жылы ауданда 24 мектеп болды. Ал 1966 жылы мектептер саны 55-ке жетіп, онда 558 мұғалім жұмыс істеді. Қазір (2018) ауданда халыққа білім беру мекемелерінің саны 40-қа жетті. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны 38. 1 кәсіптік-техникалық мектеп бар. Одан басқа ауданда мәдениет ошақтарынан: 18 клуб, 1 мәдениет сарайы, 1 музей, 1 лицей-интернат, 1 орталық, 1 балалар, 23 ауылдық кітапхана тіркелген. Сондай-ақ әрбір мектептерде шағын музейлер ұйымдастырылған. Ауданның денсаулық сақтау ісі 1930 жылы іске асырыла бастады.
1937 жылы ауданда бір дәрігер және екі медбике ғана болған. Бүгінгі танда ауданда халыққа медициналық қызмет көрсететін 43 емдеу-профилактикалық мекемесі жұмыс істейді. Олардың қатарындағы 1 орталық аурухана, 1 өкпе аурулары диспансері, 7 ауылдық отбасылық амбулатория, 6 ауылдық дәрігерлік емхана, 13 СВА, 16 медпункт. Аудан аумағы арқылы өтеді. Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 361 километр. Аудан орталығы — Шәуілдір ауылынан Шымкент қаласына дейінгі қашықтық 145 километр.
Әлеуметтік сала көрсеткіштері
Жұмыссыздық деңгейі - 5,%, оның ішінде жастар арасында – 3 % (15-28 жас). Өзін-өзі жұмыспен қатығандар – 48,0%, немесе 8260 адам.
2017 жылдың қантар-желтоқсан айларында орташа айлық жалақы 98 635 теңгені құрады.
Дереккөздер
- Отырар ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ҚР халық санақтары
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Otyrar audany Tүrkistan oblysynyn batysynda ornalaskan әkimshilik aumaktyk bolinis Batysynda Қyzylorda oblysymen soltүstiginde Sauran audanymen shygysynda Ordabasy audanymen ontүstik shygysynda Arys kalasyna karasty aumakpen ontүstiginde Shardara audanymen ontүstik batysynda Өzbekstan Respublikasymen shektesedi Zher aumagy 16 8 myn km oblystyn 14 4 y Turgyn halky 51 6 myn adam 2023 Әkimshilik ortalygy Shәuildir auyly Қazakstan audanyOtyrar audanyEltanbasyӘkimshiligiOblysyTүrkistan oblysyAudan ortalygyShәuildirAuyldyk okrugter sany13Auyl sany37ӘkimiҚajrat Zholdybajuly ZholdybajAudan әkimdiginin mekenzhajyShәuildir auyly Zhibek zholy dangyly 25Tarihy men geografiyasyKoordinattary42 46 36 s e 68 22 09 sh b 42 77667 s e 68 36917 sh b 42 77667 68 36917 G O Ya Koordinattar 42 46 36 s e 68 22 09 sh b 42 77667 s e 68 36917 sh b 42 77667 68 36917 G O Ya Қurylgan uakyty1928Zher aumagy16 757 km Uakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny51 640 adam 2023 Ұlttyk kuramykazaktar 99 63 orystar 0 28 baska ult okilderi 0 09 Sandyk identifikatorlaryAvtomobil kody13Otyrar audanynyn әkimdigiGeografiyalyk ornySoltүstiginde Sauran audanymen shygysynda Ordabasy audanymen ontүstiginde Shardara audany zhәne Arys kalasymen batysynda Қyzylorda oblysynyn Zhanakorgan audanymen ontүstik batysynda Өzbekstanmen shektesedi Әkimshilik aumaktyk bolinisinin tarihi kalyptasuyAudannyn kazirgi әkimshilik aumaktyk shekaralary XX gasyrdyn algashky shireginde kalyptasa bastady Ogan dejin osy aumak Tүrkistan general gubernatorlygynyn kuramyndagy Syrdariya oblysyna ortalygy Tashkent karady Қurylymy 1867 zhyly shildede bekitilgen Zhetisu zhәne Syrdariya oblystaryn Uakytsha baskarudyn Erezhesine sәjkes anyktaldy da ogan buryngy Syrdariya zhelisinin audandary sonymen katar Resejge kosylgan Қokan handygynyn 7 uezi Әulie ata Қazaly Қuraly Perovsk Tүrkistan Shymkent Hodzhent zhәne 2 audan Zhyzak Ұratobe engizildi Қazan revolyuciyasynan kejin audan aumagynda kajtadan kurylymdyk ozgerister bastaldy 1920 zhyly 26 tamyzda Қyrgyz Қazak AKSR in kuru turaly dekret kabyldandy Қazak halkynyn kop boligi konystangan Zhetisu zhәne Syrdariya oblystarynyn aumagy Tүrkistan ASKR inin kuramynda kaldy 1924 zhyly 11 kazanda Respublikalyk Kommunistik Partiyanyn Ortalyk Komitetinin kaulysymen Orta Aziya Kenestik respublikalarynyn mezhelenui makuldanyp notizhesinde Әulie ata Akmeshit Қazaly Tүrkistan Shymkent uezderi zhәne Tashkent uezinin 10 bolysy Myrzashol uezinin 2 bolysy oblysynyn 6 bolysy bar Syrdariya oblysy Қazakstan kuramyna endi Kejingi zhyldary gubernatorlyk okrugtik bolinis kezinde audan aumagyndagy kazirgi auyldyk okrugter men eldi mekender uzhymshylar retinde birige bastady Sojtip bүl onirde algashky bes uzhymshar ujymdastyryldy Olar Abad Kenes Zhanaaryk Otyrar Қyzyl Tүrkistan 1932 zhyly Talapty Қargaly Қogam Bajyldyr Yntaly uzhymsharlary kuryldy 1934 zhyly 27 zheltoksan kүni 106 byuro kaulysymen Shәuildir audanyn kuru turaly sheshim kabyldanyp Ontүstik Қazakstan oblysy partiya komitetinin 1935 zhyly 16 akpandagy byuro kaulysynda Tүrkistan zhәne Shәuildir audandarynyn shekaralary belgilendi Krupskaya atyndagy Internacional Қulymbetov atyndagy Aktobe Belaryk Stalinabad Kenes Otyrar Қyzyl Tүrkistan Talapty Yntaly Қogam Bajyldyr Қargaly Nogin kazirgi D Altynbekov KSRO nyn 60 zhyldygy kensharlary kuryldy Zher seriktestikteri uzhymdyk sharuashylyktar Mayakum Қumkol Shengeldi Ұzynkudyk Akkol Baltakol Zhanashardara Akyntogaj Ovcevod Yzakol Sarykol t b eldi mekender zhana audan kuramyna endi Algashky zhyldary 5 auyldyk kenes 33 uzhymshar zher seriktestikteri barlygy 3710 үj boldy Audan ortalygy retinde zhanadan ujymdastyrylgan uzhymsharlardyn ortasyndagy Қarakonshek tobesi tandap alyndy Shәuildir audany partiya komitetinin 1 ujymdyk mәzhilisi 1935 zhyly 12 akpanynda otti Bүl mәzhiliske N Zholelov D Altynbekov Ұsabaev Emelyanov Buharov Antonenko t b katysty Audandyk partbyuro kurylyp onyn kuramyna audandyk partiya komiteti hatshysy N Zhәlelov audandyk atkaru komiteti toragasy D Altynbekov Mashina traktor stanciyasy direktory Gajnullin engizildi Osy kaulymen kenesterdin ujymdastyru byurosy kurylyp onyn toragasy bolyp D Altynbekov sajlandy 1962 zhyly olkelik әkimshilik aumaktyk bolinu kezinde Ontүstik Қazakstan Shymkent oblysy bolyp ozgerdi Ӏrilendirilgen onerkәsiptik baskarmalar ujymdastyrylyp Shәuildir audany Arys audanynyn kuramyna otti 1963 zhyly buryngy Shәuildir audany negizinde Қyzylkum audany ujymdastyryldy Audan kuramyna Akyntogaj Zhanashardara Zadariya Қyzylkum Mayakum Otyrar Takyrkol Temir Shardara Shengeldi Shymkorgan Shәuildir Syrdariya Aktobe auyldyk kenesteri endi Sol zhyly Shymkorgan Қyzylkum auyldyk kenesteri Өzbek KSR nin Syrdariya oblysyna 1964 zhyly Zadariya auyldyk kenesi Bogen audanyna Shengeldi auyldyk kenesteri Shardara audanyna berildi 1967 zhyly kurylgan Қandoz auyldyk kenesi 1970 zhyly Қyzylorda oblysynyn kuramyna endi 1964 zhyly Қozhatogaj 1965 zhyly Baltakol Talapty 1971 zhyly Shilik auyldyk kenesteri kuryldy 1986 zhyly audanda 11 auyldyk kenes bolgan 1991 zhyly 18 kantarda Қyzylkum Otyrar audany bolyp ozgertildi Қazakstan Respublikasy 1993 zhyly 9 zheltoksandagy Zhergilikti kenesterdin okilettigin shugyl toktatu turaly Zanyna sәjkes audannyn auyldyk kenesteri kyzmetin toktatyp 1995 zhyly 5 kantarda Ontүstik Қazakstan oblysy әkiminin kaulysymen ozine birneshe eldi mekenderdi kamtityn auyldyk kenester shekaralarynda auyldyk okrugter kuryldy TabigatyTuran ojpatynyn orta tusynda ornalaskan audan zheri negizinen zhazyk keledi Onyn basym boligin Syrdariya ozeninin orta agysymen Қyzylkum kumdy alkaby alyl zhatyr Қyzylkumda koptegen kudyktar Қasymbet Dүjsenbaj Dәurenbek t b kystaular Esengeldi Bosaga Orynbaj t b bar Қaratau zhotasynyn batysyn zhәne Қyzylkumnyn shygysyn ala sekseuildi togajlar komkergen Syrdariya angary men Қyzylkumda Balakarak Murynkarak Қarak Қyl Tastobe t b ezhelgi tau zhurnaktary saktalgan Olardyn kejbireuinin pishini tortkүldi kelgen Қyzylkumnyn orta tusynda susymaly shygyr kumnan turatyn Үrme oniri ornalaskan Geologiyasy Otyrar audanynyn zher kyrtysyn Turan plitasynyn epigercindik kurylymynan Syrdariya depressiyasy tүzilgen Ӏrgetasy mezokajnozoj dәuirine zhatady Onyn terendigi audannyn ontүstiginde 2000 metr al Syrdariyanyn on zhagalyk angarynda 1500 metrdej Epigercindik platformanyn antiklinal osi audannyn shygys boliginde Қaratau zhotasy manynda Syrdariya angaryna dejingi shygys boligi orta zhәne tomeni torttik zhүjenin tau zhynystarynan turady Tektonikalyk kurylymy zhagynan Қyzylkum boligi birneshe kurylymdyk kabattan turady Bүl onirdin zher kyrtysy birneshe zharylystarmen kiylgan paleozojdyn magmalyk shogindi zhynystarynan kuralgan Қabattar oz kezeginde Қyzylkum onirinin paleozojlyk tabanyn zhanartyp ote zhalpak belderge Baltakol Bosaga Shol Shardara t b naualarga Zhaugash Arys Keles bolgen Zher asty suy zhogary bor shogindilerinin kumdy kat kabatynda Paleogen neogen suly keshendegi su kabattary 800 100 metr terendikte kezdesedi zhәne onyn temperaturasy 50 75 S Litologiyalyk turgydan kabat kumdy sazdakty Bor kabatyndagy 1800 2900 metrde su temperaturasy 100 S Yura kabatynda 2900 3200 metrde 150 S ka zhetedi Suy kremnijli termaldi mineraldy sularga zhatady Zher asty sulary Arys Қyzylkum zhәne Ontүstik Қaratau artezian alaptaryna tiesili Suynyn kermektiligi Қyzylkumda 3 5 g l Arys Syrdariya aralygynda 5 8 g l Zher asty grunt sulary 2 5 metr terendikte Syrdariya Arys ozeni angarynda Қyzylkum onirinde 5 8 metr kejde 8 12 metr terendikte kezdesedi Artezian sulary negizinen paleogen neogen kabattarynda 30 50 kejde 80 105 metr Otyrar audanynyn zher kojnauynan grafit tas komir altyn uran kurylys materialdary barlangan Klimaty Otyrar audanynyn klimaty konyrzhaj kontinenttik Қary az kysy zhumsak Қantar ajynyn zhyldyk ortasha temperaturasy audannyn soltүstiginde Tүrkistan onirinde 5 7 S ontүstiginde Қyzylkum onirinde 3 5 S zhaz ajlary barlyk onirinde 26 28 S Қys ajlaryndagy tomengi temperatura 38 S zhaz ajlarynda 52 S Kүn radiaciyasynyn zhyldyk zhiyntyk molsheri 3200 3400 sag zhyl Zhauyn shashynnyn zhyldyk ortasha molsheri 170 milimetrden Қyzylkum onirinde 300 milimetrge dejin Қystagy zheldin basym boligi 45 soltүstik shygyska zhazda soltүstikke 45 keledi Audan zheri arkyly Қaratau zhotasynan soltүstik shygystan әjgili Arystandy Қarabas zheli turady Ol Arystandy ozeninen bojlaj ontүstik batyska karaj bagyttalgan Zheldin kүshi 30 35 metr sekundka dejin zhetedi zhәne keminde 6 8 kүn bojy katarynan sogady Қysta aua temperaturasyn tez tomendetip zhiberedi 22 S ka dejin Al zhazda sokkan bul zhel anyzakty keledi Nәtizhesinde kuanshylyk bolyp sharuashylykka үlken ziyan keltiredi Bүl zheldin kүshtiligin osy salada zertteu zhүrgizgen galymdar H Ahmedzhanov pen S Torebaeva Birinshiden aua agyny Қyzyltu men Shakpak aralygyndagy tau asuynan otkende zhyldamdygy artady ekinshiden Arystandy ozeninin arnasynda tauangar aua cirkulyaciyasynyn oserinen onyn ekpini odan da kүshejedi Arys manyndagy aua kysymy Mojynkum үstindegi kysymnan artyk bolgan zhagdajda zhalpy atmosferalyk cirkulyaciya zandylygy bojynsha zhel ontүstik batystan soltүstik shygyska karaj soga bastajdy Bul bagytta zhel tүnge karaganda kүndiz kүshtirek sogady dep tүsindiredi Gidrologiyasy Audan arkyly Syrdariya zhәne onyn Қazakstandagy zhalgyz iri salasy Arys ozeni agyp otedi Arys ozeni Kokmardan auyly tusynda Syrdariya ozenine kuyady Өzennin osy tusyn Қujgan dep atajdy zhәne ol bүkil Otyrar oazisinin shuratynyn kindigi sanalady Arystyn ogan 91 sala kuyady suymen audannyn 7 0 myn gektar zheri suarylady zhәne 50 myn gektar zherdi sulandyruga bolady Ortalygy Tyan Shannan bastau alatyn Syrdariya ezhelgi aty Қazakstanda Mashat Keltemashat Balabogen Bogen Shayan Aksu salalaryna bolinedi Ortagasyrlyk avtor Ruzbehan ozinin enbeginde Syrdariya ozenine Bul ozen 300 tashka 2000 kilometr dejin agyp Қarakumnyn kumdarynda zhogalyp ketedi Өzen agyp otken zherlerde zhemdik shopter men koptegen kanaldar tartylgan Eshbir zher zhүzinin bir elinde Syrdariya siyakty pajda keltiretin ozen zhok shobinin kalyndygy ozen zhagalauyndagy osimdiktin zhәne zhabajy kustardyn koptigi zhagynan ogan ten keler ozen zhok Neshe tүrli gүlge tolgan zhagalauynda әr tүrli kustar zhabajy esekter kulandar boluy kerek redakciya karakujryktar zhәne baska da zhanuarlar mekendejdi sondaj ak zhel men kujyn otpejtin arsha osetin togajlar bar degen sipattama bergen Koktemgi taskynda Syrdariya zhәne Arys ozenderi zhagalaularynan asyp үlken aumakty alyp ketedi Әli ibn әl Husejn әl Maksudi 947 950 zhyldary kurastyrgan tarihi geografrafiyalyk shygarmasynda Otyrar oazisindegi shuratyndagy su taskyny turaly zhazgan Mundaj su taskyny kazirgi uakytta da bolyp turady 1944 zhyly Arys ozeni tasyp sagasyndagy birneshe auyldy al 1947 zhylgy su taskyny bүkil audandar zhәne Syrdariyanyn eski mojnyn da basyp kaldy 1969 zhyly kystyn katty boluy men kardyn kop zhauuy odan aua rajynyn kүrt zhylyp ketui su taskynyna sebep boldy nәtizhesinde su Zhalpaktobe zhanyndagy shukyrlardy toltyrdy Shәuildir auyly su astynda kalu kaupi tondi Syrdariya tasyganda ozinin eki kaptalyndagy togajdy tүgel su alyp mal zhajylymyn kyskartyp tasygan su dariyanyn eki zhagyndagy shagyn kolderdi suga toltyrady 2004 zhyly Syrdariyanyn arnasynan asuy Mayakum auyly turgyndary sharuashylygyna ziyanyn tigizdi Audan zherinde үsh ozen bojyn da zhaz ajlarynda tartylyp kalatyn 17 den asa үlkendi kishili kolder bar Bogen ozeninin ayagyndagy Shoshkakol men Syrdariyanyn on zhagyndagy Sarykolde su zhyldyn tort mezgilinde de onsha ozgeriske tүse bermejdi Dariyanyn angarynda Kokkol Akshyganak Takyrkol Sorkol Қarasu Bajrash Kolkudyk Zhamankol Sarykamys Bogenbaj Mәslihat t b kolderi bar Kolderdin ajnalasy kysy zhazy mal zhajylymyna pajdalanylady Қazirgi kezde kejbir kolderden kosymsha aryk togandar kazyp egistik zherlerge su alynuda Bularga kosymsha Syrdariyanyn Aksu dep atalatyn tarmaktary bar Өgizsaj Syrdyn sol zhagalauyndagy dariyanyn eski arnasy uzyndygy 200 kilometrge eni 80 300 metrge zhuyk Ol Shardara bogeninen bastau alyp Қyzylkum sholinin Syrga zhakyn tusyndagy tau tizbeginin etegin alyp Tababүlak tusynan Syrga zhakyndaj tүsedi de Shәuildir Әl Farabi Baltakol auyldarylyn үstinen otip Қyzylorda oblysynda Zhanakorgan audanynyn zherine enedi Zhanakorgan audanyndagy Қalgandariya orny negizinen arnasy bolganga uksajdy Kejinnen halyk bul suy zhok arnanyn osy boligin Қalgandariya dep atap ketken bolsa kerek Topyragy Otyrar audanynyn topyrak zhamylgysy negizinen sur sortandy sur topyrakty Syrdariya ozeninin angary shalgyndy allyuvijli sur topyrakty Sol zhagalyk angarynda Қyzylkum onirine karasty kumdauytty sur topyrak kalyptaskan Syr bojyndagy topyrak negizinen sazdakty kelgen Өsimdigi Audan aumagynda bayalysh kүjreuik terisken kokpek kumdy onirlerde sekseuildi togaj ozen angarynda shilikti zhideli togajlar bar Қumtobeler aralygynda funt zhәne kermek suy zhakyn zhatkan zherlerde shurattar oazister kezdesedi Audannyn Syrdariya onirinde Қosaral ajmagy bar Budan baska zhalpy aumagy 36 myn ga Majlytogaj Қanttogaj Topshaktytogaj Қozhatogaj Bajtogaj Kotenaral Қarabulak Kerten Қarasu Alagus t b aumagy shagyn onshakty ormandy togajly zherler kezdesedi Bularda negizinen torangy zhide karatal eshkital shilik zhyngyl shengelder osken Қyzylkum onirinde aumagy 820 myn gektar bolatyn sekseuildi togaj bar Sonymen katar audan zherinde kopshiligi maldyn azyktyk kory sanalatyn kara zhusan izen balykkoz atkulak miya kara sora majsora alabuta kuraj kumaj kekire tarakboz sүttigen ram tүje karyn koyansүjek kiikoty t b osedi Arys ozeni bojynda dүnie zhүzine әjgili dәrmene dәrilik shipalyk shobi osedi Odan baska adyraspan menduana үshojyk zhalbyz zhyngyl kyrykbuyn konyrau tumarshop t b dәrilik osimdikter bar Zhanuarlar dүniesi Audanda negizinen sholdi beldemge bejimdelgen tagy an kustar tirshilik etedi Olar kaskyr shiebori karsak tүlki donyz kaban mәlin koyan borsyk kyrgauyl үjrek kaz ak boken t b Bulardan baska bauyrymen zhorgalaushylar men kemirushiler koptep kezdesedi Halky1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021 27793 19870 40510 43194 51378 54017 49865 50404 Turgyndar sany 53 975 adam 2019 onyn ishinde kazaktar 99 64 orystar 0 31 baska ult okilderi 0 05 Zhynystyk kuramy bojynsha erler 49 8 dy әjelder 50 2 dy kurajdy 2018 Halyk negizinen Syr bojy zhәne Arys ozeni angarynda konystangan Turgyn halyktyn ortasha tygyzdygy 1 kilometr kvadrat zherge 3 adamnan keledi Iri eldi mekenderi Shәuildir 9021 adam Temir 4793 Koksaraj 5550 Arys 4399 Baltakol 4398 Mayakum 4189 t b Әleumettik zhagdajy bojynsha zejnetkerler 4890 adam Ekinshi dүnie zhүzdik sogys ardagerleri 67 Socialistik Enbek Eri 21 Batyr Analar Altyn Kүmis alka ieleri 2233 Kenes Odagynyn Batyry 2 zhumyssyzdyk dengeji 5 Әkimshilik bolinisi37 eldi meken 13 auyldyk okrugke biriktirilgen Halkynyn sany 2009 2021 Auyldyk okrugteri 2009 2021 2021 2009 ga pajyzben Erler 2009 Erler 2021 2021 2009 ga pajyzben Әjelder 2009 Әjelder 2021 2021 2009 ga pajyzbenAkkum auyldyk okrugi 1759 1517 86 2 900 822 91 3 859 695 80 9Aktobe auyldyk okrugi 1807 1734 96 902 893 99 905 841 92 9Baltakol auyldyk okrugi 4001 3657 91 4 2007 1868 93 1 1994 1789 89 7Koksaraj auyldyk okrugi 4962 4779 96 3 2540 2499 98 4 2422 2280 94 1Қarakonyr auyldyk okrugi 3429 2835 82 7 1740 1471 84 5 1689 1364 80 8Қargaly auyldyk okrugi 2287 2149 94 1188 1106 93 1 1099 1043 94 9Қogam auyldyk okrugi 3029 4122 136 1 1539 2131 138 5 1490 1991 133 6Mayakum auyldyk okrugi 3845 3322 86 4 1962 1743 88 8 1883 1579 83 9Otyrar auyldyk okrugi 4089 4617 112 9 2095 2401 114 6 1994 2216 111 1Talapty auyldyk okrugi 5245 4958 94 5 2691 2550 94 8 2554 2408 94 3Temir auyldyk okrugi 4596 4123 89 7 2281 2125 93 2 2315 1998 86 3Shәuildir auyldyk okrugi 8428 10195 121 4205 5097 121 2 4223 5098 120 7Shilik auyldyk okrugi 2388 2396 100 3 1145 1229 107 3 1243 1167 93 9ZhALPY SANY 49865 50404 101 1 25195 25935 102 9 24670 24469 99 2EkonomikasyAudan oniri sholdi sholejtti beldeulerde ornalaskandyktan mundagy su suaru sugaru zhүjesi ezhelden manyzdy sharuashylyk salasy bolyp sanalady Ezhelgi otyrarlyktar iri iri su zhүjelerin salyp eginshilik kәsibin ajtarlyktaj damytkan Kejbir zheke adamdar men shagyn auyldardyn eginshilikpen ajnalysuga degen bastamanyn kopshilik halyk tarapynan koldau tappagan kezder de bolgan Sondyktan XIX XX gasyrlarda bul onirde suy mol eki ozen bolganymen eginshilik damuy ishinara kenzhelep kelgen Қyzylkum ajmagy Turan olkesindegi iri mal zhajylymy retinde tanylgan Қum ishinen sekseuilmen shegendelgen teren kudyktar kazyp kumdy olkeni halyk mal zhajylymyna ajnaldyrgan Ezhelden eginshilikpen aty shykkan Otyrar alkaby 1914 zhyly irrigatorlardyn nazaryn kajtadan ozine audardy Sol uakyttarda onirde izdestiru zertteu zhumystary zhүrgiziledi Kenes okimeti ornagannan kejin 1918 zhyly Leninnin kol kojgan dekretine bajlanysty Tүrkistan olkesinde zhanadan su zhүjelerin zhasau zhәne su zhүjelerin zhondeu maksatynda 50 million som karzhy bolindi 1928 zhyly Shilik bolysynyn turgyndary alkapty sulandyru mәselesin kajta kolga aldy Osy onirdin azamaty D Altynbekov alkapty sulandyru zhoninde үlken zhumys atkardy 1934 zhyly onyn baskaruymen kazyldy uzyndygy 12 kilometr terendigi 5 6 metr Sojtip kazirgi Otyrar audany aumagynda algashky uzhymsharlar artelder men tehnikalyk ondeu zauyttar kuryla bastady 1936 zhyly auyspaly egistik kartasy zhasalyp ol algash ret Nogin atyndagy uzhymsharda kazirgi Kokmardan auyly zhүzege asyryla bastady Suaru zhүjeleri pajda bolgan son zhana zherler igerilip 1937 zhyly Ұly kesek 1943 zhyly Otyrar uzhymsharlarynyn zher aumaktary keneje tүsti Sharuashylyktar sany kobejip 1957 zhyly olardyn negizinde kensharlar ujymdastyryldy Shagyn zhәne orta kәsipkerlik salasy Audanda 2017 zhyly 4023 kәsipkerlik kurylym tirkelse onyn ishinde zandy tulgalar sany 406 kurylym zheke tulgalar sany 1277 kurylym sharua kozhalyktary 2340 bolyp otyr Zhalpy kәsipkerlik salada bүgingi tanda 6546 adam zhumyska tartylyp 1700 1 mln tengenin onimi ondirildi Өtken zhyldyn osy merzimimen salystyrganda tirkelgen kәsipkerlik kurylymdar sany 37 kurylymga osy salada zhana zhumys oryndarynyn ashyluy 161 orynga kobejse kәsipkerlik kurylymdardyn ondirgen onimi men korsetken kyzmet kolemi 0 53 million tengege artyp otyr Auyl sharuashylygyAuylsharuashylygyndagy zhalpy ondirilgen onimkolemi 16506 7 mln tengeni kurady Zhalpy zhylyzhajlardyn kolemi 15 6 ga kurap otken zhyldyn dennejinen 3 ga artkan tamshylatyp sugaru 3769 6 gakurap 21 2 ulgajdy 2018 zhyldyn 1 kantaryna KzhOB subektilerinin sany 4023 birlik onyn ishinde belsendisi 3620 birlik osim 3 6 KzhOB subektilerinde 6546 adam zhumyspen kamtylgan 2018 zhyldyn 1 kandaryna subektilerinin ondirilgen oniminin kolemi tauar zhәne kyzmet 17 011 mlrd tengeni kurap 2016 zhyldyn esepti kezenimen salystyrganda 103 2 pajyz boldy Investiciya kolemi 13898 9 mln tenge kurady Қurylys zhumystarynyn kolemi 5146 2 mln tenge kurap 10240 sharshy metr turgyn alany pajdalanuga berildi Әleumettik mәdeniet salasyAudanda algashky mektep 1926 zhyly Temir temir zhol stanciyasynda ashylgan 1930 zhyly Stalinabad Kenes Nogin Otyrar Қyzyl Tүrkistan 1932 zhyly Yntaly Қogam Talapty Қargaly Shәuildir bastauysh mektepteri ashyldy Zhyl sajyn mektepter sany kobeje tүsti 1936 zhyly audanda 24 mektep boldy Al 1966 zhyly mektepter sany 55 ke zhetip onda 558 mugalim zhumys istedi Қazir 2018 audanda halykka bilim beru mekemelerinin sany 40 ka zhetti Mektepke dejingi bilim beru mekemelerinin sany 38 1 kәsiptik tehnikalyk mektep bar Odan baska audanda mәdeniet oshaktarynan 18 klub 1 mәdeniet sarajy 1 muzej 1 licej internat 1 ortalyk 1 balalar 23 auyldyk kitaphana tirkelgen Sondaj ak әrbir mektepterde shagyn muzejler ujymdastyrylgan Audannyn densaulyk saktau isi 1930 zhyly iske asyryla bastady 1937 zhyly audanda bir dәriger zhәne eki medbike gana bolgan Bүgingi tanda audanda halykka medicinalyk kyzmet korsetetin 43 emdeu profilaktikalyk mekemesi zhumys istejdi Olardyn kataryndagy 1 ortalyk auruhana 1 okpe aurulary dispanseri 7 auyldyk otbasylyk ambulatoriya 6 auyldyk dәrigerlik emhana 13 SVA 16 medpunkt Audan aumagy arkyly otedi Avtomobil zholdarynyn zhalpy uzyndygy 361 kilometr Audan ortalygy Shәuildir auylynan Shymkent kalasyna dejingi kashyktyk 145 kilometr Әleumettik sala korsetkishteri Zhumyssyzdyk dengeji 5 onyn ishinde zhastar arasynda 3 15 28 zhas Өzin ozi zhumyspen katygandar 48 0 nemese 8260 adam 2017 zhyldyn kantar zheltoksan ajlarynda ortasha ajlyk zhalaky 98 635 tengeni kurady DerekkozderOtyrar audanynyn zhajylymdardy baskaru zhәne olardy pajdalanu zhonindegi 2020 2021 zhyldarga arnalgan zhosparyn bekitu turaly Қazakstan Respublikasy halkynyn zhynysy zhәne zhergilikti zherdin tipine karaj sany 2023 zhylgy 1 kantarga Қazakstan Respublikasy halkynyn zhekelegen etnostary bojynsha sany 2022 zhyl basyna Resej imperiyasy KSRO halyk sanaktary ҚR halyk sanaktary 2021 zhylgy ulttyk halyk sanagynyn korytyndylary Otyrar Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2005 ISBN 9965 17 272 2