Мақат ауданы — Атырау облысының орталық аумағындағы әкімшілік бөлік. 1924 жылы құрылған. Жер аумағы 9,1 мың км². Халқы 29,6 мың адам (2023). Құрамында 2 кент, 2 ауыл бар. Орталығы — Мақат кенті.
Қазақстан ауданы | |||
Мақат ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны | 1 | ||
Кенттік әкімдіктер саны | 2 | ||
Ауыл саны | 4 | ||
Әкімі | Азамат Саматұлы Мәмбетов | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Мақат кенті, Сәтбаев көшесі, №1 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Құрылған уақыты | 1924-1963, 1966-1988, 1990 | ||
Жер аумағы | 9,1 мың км² (7-ші орын) | ||
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны | 29 635 адам (2023)(5-ші орын) | ||
Тығыздығы | 3,3 адам/км² | ||
Ұлттық құрамы | қазақтар 97,81 % | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды | +7 71236 | ||
Автомобиль коды | 06 | ||
Мақат ауданының әкімдігі | |||
| |||
|
Жалпы сипаттама
Аудан батысында Махамбет ауданы және Атырау қаласымен, солтүстігінде Қызылқоға ауданымен, оңтүстігінде Жылыой ауданымен шектеседі.
Аудан аумағы Каспий маңы ойпатының оңтүстік шығысында, Каспий теңізінің солтүстік шығыс жағалауында орналаскан. Ойпат дүниежүзілік мұхит деңгейінен 28 м. төменде жатыр.
Жер бедері көбіне тегіс, аз тілімделінген, топырағы тұзды. еліміздегі ен ірі жазықтардың бірі болып есептеледі. Аудан аумағында айта қаларлықтай биіктіктік кездеспейді. Аудан жері теңізге қарай біртіндеп кұлдилай беретін жазықтық болып келеді. Бүкіл аумағы теңіз деңгейінен төмен жатыр: солтүстігінде -10 м. болып, оңтүстігінде -22 м-ге дейін барады.
Мақат ауданы аумағында , ортаңғы және бор дәуірлерінің жыныстарында түзілген тұзды күмбездерде шоғырланған ірі 23 мұнай, газ кен орындары бар. Одан басқа калий тұзы және гипс кен орындары да кездеседі. Ірі мұнай кен орындарына Бекбике, Қошқар, Сағыз, Мақат, Доссор, Таңатар, Байшонас, Комсомол, Ескене, Қарсақ, Ботақан, т.б. жатады.
Тарихы
1928 жылы 17 қаңтарда Гурьев округінің құрамында орталығы Доссор ауылы болып, Доссор ауданы құрылды. 1931 жылы аудан таратылып, Жилокоса ауданына қосылды (Қазақ АКСР ОАҚ 01.01.1932 бекіткен). 1938 жылы Гурьев облысының құрылуына байланысты аудан қайта құрылып, Мақат ауданы аталды. 1963 жылы аудан таратылып, Ембі ауданына берілді. 1966 жылы қайта құрылды. 1979 жылы аудан орталығы Доссордан Мақат кентіне көшірілді. 1988 жылы аудан қайта таратылып, 1990 жылы қайта құрылды.
Климаты
Мақат ауданының климаты тым континенттік және құрғақ; қысы біршама суық (қараша — наурыз айларында). Ауа райының орташа температурасы қаңтарда –10°С (кейде –35 — 40°С-қа дейін төмендейді), шілдеде 25°С (кейде 40°С-тан да жоғары). Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 — 175 мм. Тымық күндер аз. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5 — 5 м/с, қатты желдер де (10 — 15 м/с-қа дейін) болып тұрады.
Өзен-сулары
Аудан көлемінде тұрақты ағынды су көзі жоқ. Жер беті суларынан тек ауданның шығыс бөлігі бойымен ағып өтетін суы тұзды Сағыз өзені ғана бар. Бұл өзеннің өзі де көктемгі қар суларымен ғана толығып отырады. Тереңде жатқан жер асты суларының минералдығы жоғары.
Өсімдіктері мен жануарлары
Егіншілікке жарамсыз сор, сортаңды, бозғылт және сұр топырақ қабаттарында, көбінесе, жусан, көкпек, бұйырғын жантақ, қаңбақөседі. Жануарлар дүниесін шөлге бейім кемірушілер мен бауырымен жорғалаушылар құрайды. Қасқыр, түлкі, қарсақ, киік, сарышұнақтар, қосаяқ, жылан, кесіртке; құстардан қарақұс, , торғай кездеседі.
Халқы
1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1999 | 2009 | 2023 |
---|---|---|---|---|---|---|
27012 | ▼23474 | ▲24418 | ▼23079 | ▲25193 | ▲29269 | ▲29635 |
Мақат ауданының халқы түгелімен дерлік қалалық жерде қоныстанған. Халықтың 1 км²-ге шаққандағы орташа тығыздығы 5,3 адам. Оның басым көпшілігі қазақтар (97,6%). Басқа ұлт өкілдерінен орыстар, өзбектер, т.б. тұрады.
Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 4 елді мекен 2 кенттік әкімдік пен 1 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Бәйгетөбе ауылдық округі | Бәйгетөбе ауылы | 2 | 1838 |
Доссор кенттік әкімдігі | Доссор кенті | 1 | ▲13806 |
Мақат кенттік әкімдігі | Мақат кенті | 1 | ▼13837 |
Ірі елді мекендері
Атауы | Статусы | Халқы (2021) |
---|---|---|
Мақат | кент | ▼13837 |
Доссор | кент | ▲13806 |
Бәйгетөбе | ауыл | 1577 |
Шаруашылығы
Мақат ауданында, негізінен, мұнай мен газ өнеркәсібі дамыған. Мұнай өнеркәсібін мұнда алғаш рет 1911 жылы орыс-ағылшын кәсіпорны ұйымдастырды. 1917 жылға дейін оның құрамында тек қана Доссор (1911) мен Мақат (1915) мұнай кәсіпшіліктері жұмыс істеді. 1920 жылы олар “Ембімұнай” тресіне біріктірілді. Кейіннен оның құрамы жаңадан ұйымдасқан Байшонас, Сағыз, Комсомол, Қошқар, т.б. мұнай кәсіпшіліктерімен толықты. Мұнай тасымалын іске асыру мақсатында 1939 — 40 жылы Атырау — Ор темір жол мен мұнай құбыры және оны өзге кәсіпшіліктермен қосатын мұнай құбырының тарамдары салынды. Аудандағы ірі кәсіпорындар қатарына Мақат мұнай басқармасы, локомотив депосы, Мақат темір жол желілік басқармасы, Мақат темір жол станциясы, Доссор мұнай басқармасы, “Доссормұнаймаш” ЖШС, т.б. жатады.
Пайдалы қазбалары
Аудан аумағы геологиялық кұрылымы жөнінен Онтүстік Ембі мұнайлы-газ аймағына жатады.
Қазақстанда мұнай өнеркәсібінің дамуы Доссор кенішінен бастау алады. Кен орнында 1911 жылы 31 сәуірде Жайық-Каспий мұнай қоғамы бұрғылаған №3 ұңғымадан қуатты мұнай атқылаған. Осы күннен бастап, мұнайлы алқапты игеру жеделдетіп қолға алынады. Соның нәтижесінде 1915 жылы Мақат кеніші іске қосылады. Қазіргі уақытта аудан аумағында 14 кен орнынан мұнай өндіріледі. Жаңа кеніштер ашу мүмкіндігі мол. Геофизикалық және геологиялық зерттеулер тұз үсті және тұз асты жер қыртыстарының бәрінде де мұнай-газ белгілері бар екенін көрсеткен.
Қорлары анықталып, әлі де игерілмей жатқан пайдалы қазбалар да жоқ емес. Аудан аумағында онға тарта қоңыр көмірлі кен қабаттары бар екені белгілі. Есепке алынған қоры 80 млн.тоннадан асады. Бірақ олар әлі де толықтай зерттеліп, шаруашылық кәдесіне жаратыла қойған жоқ.
Ауданда құрылысқа қажетті құм, кірпіш соғатын топырақ, керамзит және цемент өңдіретін шикізаттың барлығы анықталған. Мақат маңайында тас қалайтын ерітінділер үшін, сондай-ақ аса жауапты емес бетон құюға жарайтын құм бар екені белгілі. Оның қоры 20 млн.текше метрге жетеді деп есептелген. Мақат, Доссор, Қошқар жерлерінде тас илейтін топырақ қорының бар екені ертеден мәлім. Доссор мен Мақатта шағын кірпіш цехтары тұрғызылып, біраз жыл бойы өнім алынды. Есептеулерге қарағанда бағалы шикізаттың қоры аудан аумағында 100 млн.текше метрден асады. Іздестіру-бағалау және барлау жұмыстарына кеңінен пайдаланатын бор, саз, мергел жыныстарының көлемі 340 млн.текше метрдей деп болжанған.
Мақат ауданында ас тұзы мен калий тұзының жеткілікті қоры бар. Сондай-ақ, емдік балшық пен бұрғылау ерітіндісіне пайдаланатын шикізаттың көлемі мыңдаған текше метрмен өлшенеді. Қарабатан көлінің балшығын Атырау қаласындағы шипажайлар емдік мақсатқа кеңінен пайдалануда.
Әлеуметтік нысандары
Білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінен жалпы білім беретін 12 мектеп,мәдениет үйі, 4 клуб, аудандық аурухана мен емхана, Доссор кенттік ауруханасы, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 2 отбасылық амбулатория бар. 1937 жылдан бастап “Мұнайшы” атты аудандық газет шығады. Аудан жері арқылы Мақат — Бейнеу — Қоңырат, Мақат — Индербор т. ж. және Атырау — Мақат — Қандыағаш — Ақтөбе, Доссор — Құлсары, Доссор — Байшонас, Мақат — Сағыз автомобиль жолдары өтеді.
Ауданда 10 клуб, мәдениет үйі, 3 кітапхана, жалпы білім беретін 12 мектеп, 8 емдеу- сауықтыру мекемелері бар. Политехникалық колледжде 300 жас әр түрлі мамандық алуда.
Әкімдері
- Сәлімжан Нақпаев 2000-2003
- Нұрлан Жантоқов 2003-2007
- Амангелді Барақатов 2007-2008
- Сырым Рысқалиев 2008-2010
- Қилымғали Қайненов 2010-2012
- Амангелді Барақатов 2012-2013
- Ерболат Омаров 2013-2015
- Берікқали Сәрсенғалиев 2015-2018
- Жұмабай Қарағаев 2018-2019
- Шәкір Кейкин 2019-2022
- Ринат Ибрагимов 2022-2024
- Азамат Мәмбетов 2024-
Дереккөздер
- Макат: индустрия и сельхозка в плюсе
- [https://stat.gov.kz/api/getFile/?docId=ESTAT478686 Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- Мақат ауданы: Шежіре.-Алматы: "Исламнұр" баспасы 2004. ISBN 9965-9628-0-4
- Атырау (Гурьев) облысының әкімшілік-аумақтық бөліну тарихы туралы анықтамалық (1920—2000 ж.)
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Makat audany Atyrau oblysynyn ortalyk aumagyndagy әkimshilik bolik 1924 zhyly kurylgan Zher aumagy 9 1 myn km Halky 29 6 myn adam 2023 Қuramynda 2 kent 2 auyl bar Ortalygy Makat kenti Қazakstan audanyMakat audanyEltanbasyӘkimshiligiOblysyAtyrau oblysyAudan ortalygyMakatAuyldyk okrugter sany1Kenttik әkimdikter sany2Auyl sany4ӘkimiAzamat Samatuly MәmbetovAudan әkimdiginin mekenzhajyMakat kenti Sәtbaev koshesi 1Tarihy men geografiyasyҚurylgan uakyty1924 1963 1966 1988 1990Zher aumagy9 1 myn km 7 shi oryn Uakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny29 635 adam 2023 5 shi oryn Tygyzdygy3 3 adam km Ұlttyk kuramykazaktar 97 81 orystar 1 43 baskalary 0 76 Sandyk identifikatorlaryTelefon kody 7 71236Avtomobil kody06Makat audanynyn әkimdigiZhalpy sipattamaAudan batysynda Mahambet audany zhәne Atyrau kalasymen soltүstiginde Қyzylkoga audanymen ontүstiginde Zhylyoj audanymen shektesedi Audan aumagy Kaspij many ojpatynyn ontүstik shygysynda Kaspij tenizinin soltүstik shygys zhagalauynda ornalaskan Ojpat dүniezhүzilik muhit dengejinen 28 m tomende zhatyr Zher bederi kobine tegis az tilimdelingen topyragy tuzdy elimizdegi en iri zhazyktardyn biri bolyp esepteledi Audan aumagynda ajta kalarlyktaj biiktiktik kezdespejdi Audan zheri tenizge karaj birtindep kuldilaj beretin zhazyktyk bolyp keledi Bүkil aumagy teniz dengejinen tomen zhatyr soltүstiginde 10 m bolyp ontүstiginde 22 m ge dejin barady Makat audany aumagynda ortangy zhәne bor dәuirlerinin zhynystarynda tүzilgen tuzdy kүmbezderde shogyrlangan iri 23 munaj gaz ken oryndary bar Odan baska kalij tuzy zhәne gips ken oryndary da kezdesedi Iri munaj ken oryndaryna Bekbike Қoshkar Sagyz Makat Dossor Tanatar Bajshonas Komsomol Eskene Қarsak Botakan t b zhatady Tarihy1928 zhyly 17 kantarda Gurev okruginin kuramynda ortalygy Dossor auyly bolyp Dossor audany kuryldy 1931 zhyly audan taratylyp Zhilokosa audanyna kosyldy Қazak AKSR OAҚ 01 01 1932 bekitken 1938 zhyly Gurev oblysynyn kuryluyna bajlanysty audan kajta kurylyp Makat audany ataldy 1963 zhyly audan taratylyp Embi audanyna berildi 1966 zhyly kajta kuryldy 1979 zhyly audan ortalygy Dossordan Makat kentine koshirildi 1988 zhyly audan kajta taratylyp 1990 zhyly kajta kuryldy KlimatyMakat audanynyn klimaty tym kontinenttik zhәne kurgak kysy birshama suyk karasha nauryz ajlarynda Aua rajynyn ortasha temperaturasy kantarda 10 S kejde 35 40 S ka dejin tomendejdi shildede 25 S kejde 40 S tan da zhogary Zhauyn shashynnyn zhyldyk ortasha molsheri 150 175 mm Tymyk kүnder az Zheldin zhyldyk ortasha zhyldamdygy 4 5 5 m s katty zhelder de 10 15 m s ka dejin bolyp turady Өzen sularyAudan koleminde turakty agyndy su kozi zhok Zher beti sularynan tek audannyn shygys boligi bojymen agyp otetin suy tuzdy Sagyz ozeni gana bar Bul ozennin ozi de koktemgi kar sularymen gana tolygyp otyrady Terende zhatkan zher asty sularynyn mineraldygy zhogary Өsimdikteri men zhanuarlaryEginshilikke zharamsyz sor sortandy bozgylt zhәne sur topyrak kabattarynda kobinese zhusan kokpek bujyrgyn zhantak kanbakosedi Zhanuarlar dүniesin sholge bejim kemirushiler men bauyrymen zhorgalaushylar kurajdy Қaskyr tүlki karsak kiik saryshunaktar kosayak zhylan kesirtke kustardan karakus torgaj kezdesedi Halky1939 1959 1970 1979 1999 2009 202327012 23474 24418 23079 25193 29269 29635 Makat audanynyn halky tүgelimen derlik kalalyk zherde konystangan Halyktyn 1 km ge shakkandagy ortasha tygyzdygy 5 3 adam Onyn basym kopshiligi kazaktar 97 6 Baska ult okilderinen orystar ozbekter t b turady Әkimshilik bolinisiAudandagy 4 eldi meken 2 kenttik әkimdik pen 1 auyldyk okrugke biriktirilgen Әkimshilik birlik Ortalygy Eldi mekenderi Halky 2021 Bәjgetobe auyldyk okrugi Bәjgetobe auyly 2 1838Dossor kenttik әkimdigi Dossor kenti 1 13806Makat kenttik әkimdigi Makat kenti 1 13837Iri eldi mekenderiAtauy Statusy Halky 2021 Makat kent 13837Dossor kent 13806Bәjgetobe auyl 1577SharuashylygyMakat audanynda negizinen munaj men gaz onerkәsibi damygan Munaj onerkәsibin munda algash ret 1911 zhyly orys agylshyn kәsiporny ujymdastyrdy 1917 zhylga dejin onyn kuramynda tek kana Dossor 1911 men Makat 1915 munaj kәsipshilikteri zhumys istedi 1920 zhyly olar Embimunaj tresine biriktirildi Kejinnen onyn kuramy zhanadan ujymdaskan Bajshonas Sagyz Komsomol Қoshkar t b munaj kәsipshilikterimen tolykty Munaj tasymalyn iske asyru maksatynda 1939 40 zhyly Atyrau Or temir zhol men munaj kubyry zhәne ony ozge kәsipshiliktermen kosatyn munaj kubyrynyn taramdary salyndy Audandagy iri kәsiporyndar kataryna Makat munaj baskarmasy lokomotiv deposy Makat temir zhol zhelilik baskarmasy Makat temir zhol stanciyasy Dossor munaj baskarmasy Dossormunajmash ZhShS t b zhatady Pajdaly kazbalaryAudan aumagy geologiyalyk kurylymy zhoninen Ontүstik Embi munajly gaz ajmagyna zhatady Қazakstanda munaj onerkәsibinin damuy Dossor kenishinen bastau alady Ken ornynda 1911 zhyly 31 sәuirde Zhajyk Kaspij munaj kogamy burgylagan 3 ungymadan kuatty munaj atkylagan Osy kүnnen bastap munajly alkapty igeru zhedeldetip kolga alynady Sonyn nәtizhesinde 1915 zhyly Makat kenishi iske kosylady Қazirgi uakytta audan aumagynda 14 ken ornynan munaj ondiriledi Zhana kenishter ashu mүmkindigi mol Geofizikalyk zhәne geologiyalyk zertteuler tuz үsti zhәne tuz asty zher kyrtystarynyn bәrinde de munaj gaz belgileri bar ekenin korsetken Қorlary anyktalyp әli de igerilmej zhatkan pajdaly kazbalar da zhok emes Audan aumagynda onga tarta konyr komirli ken kabattary bar ekeni belgili Esepke alyngan kory 80 mln tonnadan asady Birak olar әli de tolyktaj zerttelip sharuashylyk kәdesine zharatyla kojgan zhok Audanda kurylyska kazhetti kum kirpish sogatyn topyrak keramzit zhәne cement ondiretin shikizattyn barlygy anyktalgan Makat manajynda tas kalajtyn eritindiler үshin sondaj ak asa zhauapty emes beton kuyuga zharajtyn kum bar ekeni belgili Onyn kory 20 mln tekshe metrge zhetedi dep eseptelgen Makat Dossor Қoshkar zherlerinde tas ilejtin topyrak korynyn bar ekeni erteden mәlim Dossor men Makatta shagyn kirpish cehtary turgyzylyp biraz zhyl bojy onim alyndy Esepteulerge karaganda bagaly shikizattyn kory audan aumagynda 100 mln tekshe metrden asady Izdestiru bagalau zhәne barlau zhumystaryna keninen pajdalanatyn bor saz mergel zhynystarynyn kolemi 340 mln tekshe metrdej dep bolzhangan Makat audanynda as tuzy men kalij tuzynyn zhetkilikti kory bar Sondaj ak emdik balshyk pen burgylau eritindisine pajdalanatyn shikizattyn kolemi myndagan tekshe metrmen olshenedi Қarabatan kolinin balshygyn Atyrau kalasyndagy shipazhajlar emdik maksatka keninen pajdalanuda Әleumettik nysandaryBilim beru zhәne densaulyk saktau mekemelerinen zhalpy bilim beretin 12 mektep mәdeniet үji 4 klub audandyk auruhana men emhana Dossor kenttik auruhanasy 6 feldsherlik akusherlik punkt 2 otbasylyk ambulatoriya bar 1937 zhyldan bastap Munajshy atty audandyk gazet shygady Audan zheri arkyly Makat Bejneu Қonyrat Makat Inderbor t zh zhәne Atyrau Makat Қandyagash Aktobe Dossor Қulsary Dossor Bajshonas Makat Sagyz avtomobil zholdary otedi Audanda 10 klub mәdeniet үji 3 kitaphana zhalpy bilim beretin 12 mektep 8 emdeu sauyktyru mekemeleri bar Politehnikalyk kolledzhde 300 zhas әr tүrli mamandyk aluda ӘkimderiSәlimzhan Nakpaev 2000 2003 Nurlan Zhantokov 2003 2007 Amangeldi Barakatov 2007 2008 Syrym Ryskaliev 2008 2010 Қilymgali Қajnenov 2010 2012 Amangeldi Barakatov 2012 2013 Erbolat Omarov 2013 2015 Berikkali Sәrsengaliev 2015 2018 Zhumabaj Қaragaev 2018 2019 Shәkir Kejkin 2019 2022 Rinat Ibragimov 2022 2024 Azamat Mәmbetov 2024 DerekkozderMakat industriya i selhozka v plyuse https stat gov kz api getFile docId ESTAT478686 Қazakstan Respublikasy halkynyn zhynysy zhәne zhergilikti zherdin tipine karaj sany 2023 zhylgy 1 kantarga Қazakstan Respublikasy halkynyn zhekelegen etnostary bojynsha sany 2022 zhyl basyna Makat audany Shezhire Almaty Islamnur baspasy 2004 ISBN 9965 9628 0 4 Atyrau Gurev oblysynyn әkimshilik aumaktyk bolinu tarihy turaly anyktamalyk 1920 2000 zh Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VI tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet