Бекбике мұнай кен орны (Бек-Бике) — Каспий маңы ойысының ернеуі маңы белдемінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі мұнай кен орны. Атырау облысында, Атырау қаласынан солтүстік-шығыста 140 км жерде орналасқан. Құрылым геофизикалық тәсілдермен, құрылымдық карта жасау бұрғылауымен 1912 және 1943 жылдары дайындалып, кен орны 1926 жылы ашылған.
Геологиялық құрылымы
Кен орнықос қанатты тұз күмбезді құрылымнан орын алған. Төменгі бор шөгінділерінде үш, ортаңғы юра шөгінділерінде бір мұнайлы горизонт бөлінген. Төменгі юрадағы өнімді горизонттар 275–420 м тереңдіктерде, ортаңғы юрадағы горизонт 600 м тереңдікте жатыр. Төменгі бор жатындарының биіктігі 20-35, юралық жатындікі 30 м. Мұнай-су жапсары төменгі бор жатындарында -310–455 м, юраға тиесілі жатында -640 м белгілер арқылы өтеді.
Жатыс сипаты
Жатындары қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған. Горизонттар терригендік шөгінділерден құралған, жинауыштары кеуекті. Төменгі бор горизонттарының мұнайға қаныққан қалыңдығы 2–4 м, юра горизонтынікі 2 м. Жинауыштардың кеуектілігі 30–45%, өтімділігі 0,8 мкм2, мұнайға қанығу коэффициенті 0,63. Юра горизонты мұнайының бастапқы шығымы 4 м3/тәу. Бастапқы қойнауқаттық қысым 2,4–5,3 МПа, температура 20–30°С.
Құрамы
Мұнайдың тығыздығы 889–893 кг/м3. Мұнайы аз күкіртті (0,15%), аз парафинді (0,4%), аз шайырлы (9%). Жатын режимі суарынды. Қойнауқаттық сулары хлор-кальцийлі, тығыздығы 1122-1155 кг/м3, минералдану дәрежесі 15,7 г/м-ден 19,4 г/л-ге дейін. Кен орны 1948 жылдан игерілуде.
Дереккөздер
- Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bekbike munaj ken orny Bek Bike Kaspij many ojysynyn erneui many beldeminin ontүstik shygys boligindegi munaj ken orny Atyrau oblysynda Atyrau kalasynan soltүstik shygysta 140 km zherde ornalaskan Қurylym geofizikalyk tәsildermen kurylymdyk karta zhasau burgylauymen 1912 zhәne 1943 zhyldary dajyndalyp ken orny 1926 zhyly ashylgan Geologiyalyk kurylymyKen ornykos kanatty tuz kүmbezdi kurylymnan oryn algan Tomengi bor shogindilerinde үsh ortangy yura shogindilerinde bir munajly gorizont bolingen Tomengi yuradagy onimdi gorizonttar 275 420 m terendikterde ortangy yuradagy gorizont 600 m terendikte zhatyr Tomengi bor zhatyndarynyn biiktigi 20 35 yuralyk zhatyndiki 30 m Munaj su zhapsary tomengi bor zhatyndarynda 310 455 m yuraga tiesili zhatynda 640 m belgiler arkyly otedi Zhatys sipatyZhatyndary kojnaukattyk tektonikalyk turgydan kalkalangan Gorizonttar terrigendik shogindilerden kuralgan zhinauyshtary keuekti Tomengi bor gorizonttarynyn munajga kanykkan kalyndygy 2 4 m yura gorizontyniki 2 m Zhinauyshtardyn keuektiligi 30 45 otimdiligi 0 8 mkm2 munajga kanygu koefficienti 0 63 Yura gorizonty munajynyn bastapky shygymy 4 m3 tәu Bastapky kojnaukattyk kysym 2 4 5 3 MPa temperatura 20 30 S ҚuramyMunajdyn tygyzdygy 889 893 kg m3 Munajy az kүkirtti 0 15 az parafindi 0 4 az shajyrly 9 Zhatyn rezhimi suaryndy Қojnaukattyk sulary hlor kalcijli tygyzdygy 1122 1155 kg m3 mineraldanu dәrezhesi 15 7 g m den 19 4 g l ge dejin Ken orny 1948 zhyldan igerilude DerekkozderҚazakstannyn munaj enciklopediyasy 2 tomdyk Almaty Munajshy Қogamdyk kory 2005 ISBN 9965 9765 1 1