Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабай (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) — алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы.
Мағжан Бекенұлы Жұмабай | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Ұлты | Қазақ |
Қызметі | Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі |
Жұбайы | Зылиха |
Өмірбаяны
Арғын тайпасының Атығай руының Құдайберді тармағынан шыққан.
Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910–1913 жылдары Уфа қаласындағы Ғалия медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С. Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.
Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. Садақ журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.
Бірлік ұйымы жұмысына белсене араласып, Балапан қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, Қазақ газетіне өз өлеңдерін жариялайды.
1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
Алаш партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. Үш Жүз партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.
1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919–1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, Шолпан, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады.
1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады.
1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Мағжанның 1922 жылы Қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы Еңбекші Қазақ газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды.
Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең жазды. Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабаевқа” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды.
Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, “уралап айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен М.Жұмабаев қатаң сынға алынды. Мағжан 1927 – 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.
1929 жылы М.Жұмабаев “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.
Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда М.Жұмабаев Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, 19 наурызда ату жазасына кесілді .
Мағжан шығармашылығы
Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны “хакім” деп атады, ұлы ақынның “мың жыл жұтса дәмі кетпес” сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Жұмабайұлы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді (“Шын сорлы”), халқын өнер-білімге шақырды (“Ләззат қайда?”, “Жазғы таң”, “Өнер-білім қайтсе табылар”, “Балалық шақ”, “Қазағым”, “Қарағым”, “Осы күнгі күй”, “Мен сорлы”).
Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады (“Жас келін, “Зарлы сұлу”, “Сүйгеніме”, “Алданған сұлу”). Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін М.Жұмабаев ұлт-азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктерге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі – отаршылдық деген шешімге келді.
Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым-қайғыға ұласады, ақыры келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды (“Туған жерім – Сасықкөл”). Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп романтикалық әуенге бөленген жорық идеясы туды (“Жарыма”, “Есімде... тек таң атсын”, “Жаралы жан”, “Мен жастарға сенемін”, т.б.).
Мағжан шығармаларындағы романтикалық сарын, әсіресе, оның символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын көрінеді. Ақын символизмі болашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды, келешек суретін салу саясатшылардың емес, ақындардың қолында деген сенімге айналды (“От”, “Пайғамбар”, “Күншығыс”, “Жаралы жан”, “Айға”, т.б.). Ақын дыбыс-буынның соны үндестіктерін тауып, қазақ жырын байыта түсті (“Шолпы”). Мағжан поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі – түркі тақырыбы. Түркі халықтарының бірлігі тақырыбы М.Жұмабаев поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті.
Ақын дүниетанымына Қызылжардағы Бегішев медресесінде оқуы көп ықпал етті. Ол жас өрен жүрегіне түрікке деген бауырмалдық сезім туғызды. “Шолпан” жинағындағы “Орал тауы” өлеңінде:
“ |
| ” |
, – деп жазды. Ерекше атап өтетін бір жәйт – Мағжанның түрік халқының шет ел басқыншыларына қарсы азаттық қозғалысына үн қосуы. Мұнда реалистік, романтикалық сарындар бір-бірімен астасып, бірге өріліп отырады.
Түрік тақырыбы қазақ халқының ұлт-азаттық тақырыбына ұласып, отаршылдыққа қарсы күреске алып келді (“Орал тауы”, “Алыстағы бауырыма”, “Жер жүзінде”, “Қазақ тілі”, “Тез барам!”, “Түркістан”, “Орал”). Сондай-ақ, Мағжанның “Пайғамбар” өлеңінде “Ғұн – түріктің арғы атасы” десе, “Түркістан” атты өлеңінде “Түркістан – ер түріктің бесігі ғой” деп асқақ рухпен жырлады.
Түрікшілдік сезімі 1919 – 1923 жылы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған түрік халқының азаттық соғысына арналған “Алыстағы бауырыма” атты өлеңінде айрықша байқалады. Оның бұл өлеңін Мұстафа Шоқай “Яш Түркістан” журналында (1930, №1) жариялай отырып, оны түрікшілдік күресі үшін ең қымбатты және ең пайдалы өлең деп бағалады.
Мағжантану ғылымы
Мағжан – философ ақын. Ақынның философиялық көзқарасы өз өлеңдерінде жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік тәрізді қарама-қайшылықты философиялық ұғымдарды шебер шендестіре білуінен байқалады. Ол дүниені біртұтас құбылыс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде суреттейді. Табиғатсыз, жаратылыссыз адам жоқ. Ал табиғат адамсыз да күн көре береді. Бірақ сана оған бағынбайды, дене бағынса да сезім бағынбайды. Сондықтан ол бұлқынады, серпіледі, үстем болғысы келеді (“От”).
Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білуде ақын, ең алдымен, ненің болса да мән-мазмұнына үңіледі, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстардың ішкі құпия астарын ұғынғысы келеді. Жұмабайұлының ойынша ақын деген болжап білмес жолға сапар шеккен пір, кейде жын, кейде бала, сол сапарда ол қиындықты қайыспай көтеретін, не дүниені тәрк етіп, бәрінен безінетін жан (“Қиял құлы мен бір ақын”). Ақын “Қорқыт” поэмасында философиядағы мәңгілік тақырып – өмір мен өлім мәселесін Қорқыт пен ажалдың аңдысуы түрінде суреттейді. Ажал – хақ, сондықтан да өмір жібінің түйінінде өлімді болмай қоймайтын өмір ақиқаты ретінде қабылдау қажет деп санайды ол.
Мағжан поэзиясы
Мағжан қазақ лирикасының сыршылдығын тереңдетті, адамның нәзік сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе, махаббат лирикасына тән (“Сүй, жан сәулем”, т.б.). М.Жұмабаев – әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі (“Айда атыңды, Сәрсембай”, “Шойын жол”). Ол техикалық прогреске қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Техника жетістіктерін қызыға жырлай отырып, туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді.
Мағжанның әйгілі өлеңдерінің бірі "Мен Жастарға Сенемін" болып табылады: Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн!
Мағжан поэмалары
Мағжан қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психология әлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын шеберлікпен кестелеп өрнектей білді. М.Жұмабаев поэмаларына лирикалық тереңдік пен кең құлаштылық бірдей тән.
Жеке адам мен ұлт тағдырын драм. сюжетте үйлестіріп, көркемдік зор қуатпен жырлай білді (“Батыр Баян”, “Оқжетпестің қиясында”, “Қойлыбайдың қобызы”, “Өтірік ертегі”, “Шын ертегі”).
Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы – халыққа білім беру, педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап “Педагогика” (1922, 1923), “Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні” (1925) еңбектерін жариялады. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға жәрдемдесті.
Мағжан публицистикасы
Мағжан аударма саласына үлкен мән берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В. Кольцов, М.Ю. Лермонтов, А.А. Фет, И.И. Дмитриев, И.П. Мятлов, А.А. Блок өлеңдерін, А.М. Горький, В.В. Иванов, Д.Н. Мамин-Сибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Таңдаулы прозалық шығармалар аударумен қоса М.Жұмабаев “Шолпанның күнәсі” әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді.
Қайтыс болғаннан кейін
Кеңестік жүйенің қуғын-сүргінінің құрбаны болған Мағжан есімін ақтау ісі 1958 жылы қолға алынды. Осы жылы ресми комиссия құрылып, ақынның таңдамалы лирикаларын жариялау жөнінде ұйғарым жасалды. Бірақ одан нәтиже шықпай, Мағжан шығармалары басылмай қала берді.
1960 жылы Түркістан әскери окр. әскери трибуналының алқасы шешімімен М.Жұмабаев толығымен, біржола ақталды. Мағжан есімі ақталса да ол жөнінде Қазақстан Жазушылар одағы мен ғылыми мекемелерге хабарланбады. Осылайша, Қазақстан халқы ұзақ уақыт бойы М.Жұмабаев шығармаларымен жете таныса алмай келді.
Түркияда ақын кітаптары жарық көргенімен, олар қазақ оқырмандарының қолына тимеді. 1969 жылы Мағжанмен қызметтес, таныс болған адамдар Мағжанды ақтау, шығармаларын жариялау керектігі жөнінде Қазақстан басшыларына хат та жолдаған болатын.
Бірақ Мағжанның шығармалары 1989 жылы ғана қайтадан жариялана бастады. 1995 жылдан М.Базарбаев, С.Қирабаев, Х.Абдуллин, Ш.Елеукенов, Б.Дәрімбет, Шөмішбай Сариев бастаған ғалымдар тобы Жұмабайұлының 3 томдық шығармаларын шығаруды қолға алды.
Мағжан Жұмабаев шығармашылығын тереңірек зерттеу еліміздің егемендік алуынан бергі кезеңде ғана нақтылы жолға қойылды. Мағжан есімін мәңгі есте қалдыру бағытында да біршама жұмыстар атқарылды. Алматы және Петропавл қалаларында бір-бір көшеге Мағжан Жұмабаев есімі берілді. Петропавл қаласында және ақынның туған ауылында ескерткіш қойылған. Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Булаев ауданы Мағжан Жұмабаев ауданы болып аталды (2000). Мектеп оқушылары арасында жыл сайын республикалық Мағжан оқулары өтеді.
Мағжан Жұмабаевтың мемориалдық мұражайы
Ақынның 100 жылдық мерейтойына арналып 1993 жылы ашылған. Ол Мағжан Жұмабаев аудандағы өзінің туып-өскен Сарытомар ауылында орналасқан. Мұражай бұрынғы Мағжан Жұмабаев атындағы кеңшардың мектебінде. Ондағы жиналған қорлар мен материалдар ақынның шығармашылық өміріне арналған. Құжаттардың көшірмесі Алматы, Петропавл, Омбы қалаларында және кейбір аудандарда сақталған. Мұражайдың жалпы аумағы 60м2.
Қазақтың Ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың ескерткiшi
Мағжан Жұмабаев және Интернационал көшелерiнiң қиылысында орналасқан алаңда Солтүстiк Қазақстан жерiнде туған көрнектi қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың ескерткiшi орнатылған. Оның авторы — Қазақстан Республикасының жетекшi мүсiншiсi, халықаралық конкурстардың лауреаты және дипломанты, Суретшiлер одағының мүшесi Марат Әйнеков.
Ескерткiш Мағжанның граниттен жасалған отырған бейнедегi үшметрлiк мүсiнiн ұсынады. Ақынның иығында ұшқыр ойдың нышаны — қаршыға. Ақын ой үстiнде отыр, оның ойы болашаққа бағытталған. Мүсiн қоңыр түстi күртi гранитiнен орындалған. Мүсiнмен жұмыс iстегенде авторға Мағжанды көрген және жадында ұстаған ақынның жалғыз туысы — көмек қылған. Оның кескiн-келбетi Мағжанға өте ұқсас. Ескерткiш 1993 жылы ақынның 100-жылдығына ашылған.
Киношежіре
Жанр: деректі фильм. Өндіріс: “Қазақтелефильм”
Жанр: деректі фильм. Өндіріс: “Қазақтелефильм”
Жанр: деректі фильм. Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы
Басылымдары
- Қазақтың көңіл күйі, өлең, “Үзік” жинағында, Орал, 1912;
- Шолпан, өлеңдер, Қазан, 1912;
- Өлеңдері, Қ.-О., 1922;
- Өлеңдері, Таш., 1923;
- Шығармалары, А., 1989;
- Таңдамалы, А., 1992;
- Шығармалар, 3 т., А., 1995.
- Жумабаев М. Стихи. Буклет. (К 100-летию поэта. Пер. на рус. Сост. К.Бакбергенов). Алматы: Жазушы, 1993.
- Магжан Жумабаев. «Пророк» (Стихи и поэмы в пер. на рус. Сост. Б. Канапьянов). Алматы: «Жибек Жолы», 2002. - 400 стр.
- Жұмабаев М. Адассам елім деп адастым. Өлеңдер. Я солнцем огненным рожден. Стихи / Мағжан Жұмабаев. – Алматы: RS, 2011. – 146 б. – каз., рус. – (Бірінші республикалық Мағжан өнер фестиваліне орай).
- Жұмабаев М. Батыр Баян. – Петропавл: «Полиграфия» АҚ, 2008. – 36 б.
- Жұмабаев М. Өлеңдері, прозасы және әдеби зерттеулер / Құрастырған Ж.Сүлейменов. – Петропавл, 2006. – 428 б.
- Жумабаев М. Исповедь / Пер. с каз. А.Кодара. - Петропавловск, 2011. - 376 с.
- Мағжан: әдеби-көркем көпшілік журнал. 2007.
- Нұрқатов А. 3 т. Идея және образ: әдеби-сын мақалалар. Шығармалар жинағы. – Алматы, 2010. – 416 б.
- Кәкімбек Салықов. «Мағжанға тағзым», 2008.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Дереккөздер
- "Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде". Т. Х : Арғын.
- Мағжанның соңына шам алып түскен үш адам бар – Бақыткамал Қанарбаева, мағжантанушы(қолжетпейтін сілтеме)
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
- Қазақ энциклопедиясы, 4 том; Әдеб.: Аймауытов Ж., Мағжанның ақындығы туралы. “Лениншіл жас” журналы, ғ5, 1923; Тоғжанов Ғ., Жүсіпбектің сыны, Мағжанның ақындығы туралы, М., 1926; Тоғжанов Ғ., Әдебиет және сын мәселелері, Қ.-О., 1929; Мұқанов С., XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-бөлім, Ұлтшылдық, байшылдық дәуірі, А., 1932; Мағжан Жұмабаевтың, Ахмет Байтұрсынұлының және Жүсіпбек Аймауытұлының творчестволық мұрасын зерттеу жөніндегі комиссияның қорытындысы. “Социалистік Қазақстан” газеті, 1988, №298; Елеукенов Ш., Мағжан, А., 1995; Қойгелдиев М., Алаш қозғалысы, А., 1995; Нұрпейісов К., Алаш һәм Алашорда, А., 1995.
- Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Сілтемелер
- Мағжан Жұмабаев Әдебиет порталы сайтында
- Жүсіпбек Аймауытов: Мағжанның ақындығы туралы
- Мағжан Жұмабаев өлеңдері
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Magzhan Әbilmagzhan Bekenuly Zhumabaj 25 mausym 1893 Soltүstik Қazakstan oblysy kazirgi Magzhan Zhumabaev audany Sasykkol zhagasy 19 nauryz 1938 Almaty alash kozgalysynyn kajratkeri akyn kazak әdebietinin zharkyn zhuldyzy Magzhan Bekenuly ZhumabajTugan kүni25 mausym 1893 1893 06 25 Tugan zheriSoltүstik Қazakstan oblysyҚajtys bolgan kүni19 nauryz 1938 1938 03 19 44 zhas Қajtys bolgan zheriAlmatyҰltyҚazakҚyzmetiAlash kozgalysynyn kajratkeri akyn kazak әdebietinin kornekti okiliZhubajyZylihaӨmirbayanyArgyn tajpasynyn Atygaj ruynyn Қudajberdi tarmagynan shykkan Atasy Zhumabaj kazhy Әkesi Beken saudamen ajnalyskan dәuletti adam bolgan Anasynyn esimi Gүlsim Magzhan auyl moldasynan sauatyn ashyp 1905 1910 zhyldary Қyzylzhardagy Petropavl 1 meshit zhanynda belgili tatar ziyalysy musylman halyktarynyn azattygy zholynda kүresken M Begishevtin ujymdastyruymen ashylgan medresede okydy Medresede Begishevten Shygys halyktarynyn tarihynan dәris aldy kazak tatar әdebietterin Firdousi Sagdi Hafiz Omar Һajyam Nizami Nauai sekildi shygys akyndarynyn dastandaryn okyp үjrendi Baspadan 1909 zhyly shykkan Abaj olenderin okyp Atakty akyn sozi altyn hakim Abajga degen olen zhazdy 1910 1913 zhyldary Ufa kalasyndagy Ғaliya medresesinde bilim aldy Onda tatar zhazushysy Ғ Ibragimovten dәris alyp belgili kajratker S Zhantorinmen tygyz karym katynas ornatady bolashak kornekti zhazushy B Majlinmen tanysady Ibragimovtin komegimen 1912 zhyly Қazan kalasyndagy Kәrimovter baspasynda Sholpan atty tungysh olender zhinagy basylyp shygady Sadak zhurnalyn shygaruga katysady ogan ozinin olenderin zhariyalajdy 1913 1916 zhyldary Omby mugalimder seminariyasynda okydy Birlik ujymy zhumysyna belsene aralasyp Balapan kolzhazba zhurnalyn shygaruga katysady Ә Bokejhan A Bajtursynuly M Dulatuly sekildi alash kajratkerlerimen bajlanys ornatyp Қazak gazetine oz olenderin zhariyalajdy 1917 zhyly Akpan tonkerisinen kejin kalyptaskan sayasi zhagdajga saj kogamdyk omirge belsene aralasyp Akmola oblystyk kazak sezin otkizudi ujymdastyrushylardyn katarynda boldy Osy zhyly sәuirde Akmola oblysy kazak komiteti kuramyna sajlandy Mәskeu kalasynda otken Bүkilresejlik musylman sezine katysty Birinshi zhalpykazak sezinin sheshimi bojynsha Bүkilresejlik Қuryltaj zhinalysyna deputattykka kandidat retinde usynyldy Alash partiyasynyn Akmola oblysynyn komitetinin mүshesi boldy Үsh Zhүz partiyasy okilderinin zhalgan ajyptauymen bir ajga zhuyk abaktyga otyryp shykty Ekinshi zhalpykazak sezine delegat retinde katysyp onda oku mәselesi bojynsha kurylgan komissiyaga toragalyk etti 1918 1919 zhyldary Petropavl uezdik zemstvo baskarmasynda kyzmet etti 1919 1923 zhyldary Akmola guberniyalyk Bostandyk tuy gazetinde Sholpan Sana zhurnaldarynda Akzhol gazetinde kyzmet istep zhүrip halyk agartu zhumysyna belsene aralasady Sol kezende kalyn kauymga tanys poemasy Batyr Bayandy zhazyp zharykka shygarady 1923 1927 zhyldary Mәskeude Zhogary әdebiet korkemoner institutynda okidy Onda orys әdebietin Batys Europa әdebietin teren zerttep orys mәdeniet kajratkerlerimen zhete tanysyp kopshiligimen dostyk karym katynasta bolady Mәskeude okyp zhүrgende onyn shygarmalary orynsyz synga ushyrady 1924 zhyly 24 karashada Mәskeu kalasyndagy Shygys enbekshileri kommunistik universitetinde kazak zhastarynyn zherlestik ujymynda zhinalys otip olar Magzhannyn 1922 zhyly Қazanda 1923 zhyly Tashkentte basylyp shykkan zhyr zhinaktaryn talkyga saldy Onda akyn shygarmalaryn teriske shygaratyn kauly kabyldandy Bul kauly Enbekshi Қazak gazetinin 1925 zhyly 14 akpandagy sanynda basyldy Orynsyz synnan konili zhabykkan akyn Sәlem hat degen olen zhazdy Ol Tilshi gazetinde zhariyalandy Enbekshi kazak gazetinin 1924 zhyly 19 zheltoksanyndagy sanynda S Mukanovtyn Sәlem hat zhazgan azamat Magzhan Zhumabaevka degen eskertpemen Sәlemge sәlem degen zhauap oleni basyldy Zhana kurylyska zhana turmyska katysty naktyly olen zhazbasa da uralap ajkajlamadyn degen kinәmen tap kүresine belsene aralasyp kedej sozin sojlemedin degen ajyppen M Zhumabaev katan synga alyndy Magzhan 1927 1929 zhyly Burabajda odan son Қyzylzharda okytushylyk kyzmetter atkarady 1929 zhyly M Zhumabaev Alka atty zhasyryn ujym kurgany үshin degen ajyptaularmen Mәskeudegi Butyrka tүrmesine kamalyp 10 zhyl ajdauga kesiledi 1936 zhyly M Gorkij men E Peshkovanyn aralasuymen bostandyk alyp Қazakstanga kajtady Petropavl kalasynda mektepte orys tili men әdebietinen sabak beretin mugalim bolyp zhumys istejdi Kop uzamaj kalalyk oku isinin mengerushisi ony sayasi sebepterge bajlanysty degen ajyppen mugalimdik kyzmetten bosatady 1937 zhyly nauryzda M Zhumabaev Almatyga keledi Audarma isimen ajnalysady 1938 zhyly kajtadan kamauga alynyp 19 nauryzda atu zhazasyna kesildi Magzhan shygarmashylygyAkyn tungysh oleninen bastap әleumettik takyrypka den kojyp agartushylyk ult azattyk demokratiyashyl bagytty ustandy Abaj poeziyasynyn oshpes manyzyn birden tanyp ony hakim dep atady uly akynnyn myn zhyl zhutsa dәmi ketpes sozin zhana zhagdajda ilgeri damytty Batys pen Shygystyn ruhani kazynasyn sabaktastyru negizinde kazak poeziyasyn takyryp tүr men mazmun zhagynan bajytty Zhumabajuly el ishindegi әleumettik mәselelerdi koterdi Shyn sorly halkyn oner bilimge shakyrdy Lәzzat kajda Zhazgy tan Өner bilim kajtse tabylar Balalyk shak Қazagym Қaragym Osy kүngi kүj Men sorly Birkatar olenderin mahabbat takyrybyna arnady Zhas kelin Zarly sulu Sүjgenime Aldangan sulu Өz poeziyasynyn algashky kadamdarynan bastap aktyk demi bitkenge dejin M Zhumabaev ult azattyk takyrybyn үzbej tolgandy ony oz poeziyasynyn ozegi etti Bүkil halykty tap topka zhiktemej Қazak elin әlemdik mәdeni zhetistikterge kol zhetkizuge kandaj kүsh kedergi degen saual kojyp ogan basty kedergi otarshyldyk degen sheshimge keldi Bastapky kezde bul takyryp tugan zherdin tabigatyn tamashalaudan baryp kajran zherdin endigi kүni ne bolady degen uajym kajgyga ulasady akyry kelip kindik kany tamgan nuly suly olkeni zhaulap zhatkan kara shekpendi otarshyldykka karsy narazylyk oty bolyp tutandy Tugan zherim Sasykkol Akyn halkymen birge kүjzeldi osydan kelip romantikalyk әuenge bolengen zhoryk ideyasy tudy Zharyma Esimde tek tan atsyn Zharaly zhan Men zhastarga senemin t b Magzhan shygarmalaryndagy romantikalyk saryn әsirese onyn simvolistik arnada zhazgan olenderinen ajkyn korinedi Akyn simvolizmi bolashak perdesin ashatyn zhana mifologiya tugyzdy keleshek suretin salu sayasatshylardyn emes akyndardyn kolynda degen senimge ajnaldy Ot Pajgambar Kүnshygys Zharaly zhan Ajga t b Akyn dybys buynnyn sony үndestikterin tauyp kazak zhyryn bajyta tүsti Sholpy Magzhan poeziyasyndagy kunarly arnanyn biri tүrki takyryby Tүrki halyktarynyn birligi takyryby M Zhumabaev poeziyasynyn әuelden kalyptaskan altyn arkauy ispetti Akyn dүnietanymyna Қyzylzhardagy Begishev medresesinde okuy kop ykpal etti Ol zhas oren zhүregine tүrikke degen bauyrmaldyk sezim tugyzdy Sholpan zhinagyndagy Oral tauy oleninde Қosylyp batyr tүrik balalary Taptatpa zholyn kesip tizginge oral dep zhazdy Erekshe atap otetin bir zhәjt Magzhannyn tүrik halkynyn shet el baskynshylaryna karsy azattyk kozgalysyna үn kosuy Munda realistik romantikalyk saryndar bir birimen astasyp birge orilip otyrady Tүrik takyryby kazak halkynyn ult azattyk takyrybyna ulasyp otarshyldykka karsy kүreske alyp keldi Oral tauy Alystagy bauyryma Zher zhүzinde Қazak tili Tez baram Tүrkistan Oral Sondaj ak Magzhannyn Pajgambar oleninde Ғun tүriktin argy atasy dese Tүrkistan atty oleninde Tүrkistan er tүriktin besigi goj dep askak ruhpen zhyrlady Tүrikshildik sezimi 1919 1923 zhyly Mustafa Kemal Atatүrik bastagan tүrik halkynyn azattyk sogysyna arnalgan Alystagy bauyryma atty oleninde ajryksha bajkalady Onyn bul olenin Mustafa Shokaj Yash Tүrkistan zhurnalynda 1930 1 zhariyalaj otyryp ony tүrikshildik kүresi үshin en kymbatty zhәne en pajdaly olen dep bagalady Magzhantanu gylymyMagzhan filosof akyn Akynnyn filosofiyalyk kozkarasy oz olenderinde zhaksylyk pen zhamandyk әdildik pen әdiletsizdik tәrizdi karama kajshylykty filosofiyalyk ugymdardy sheber shendestire biluinen bajkalady Ol dүnieni birtutas kubylys retinde alyp adamdy sol uly tabigat zharatylystyn bir tuyndysy bolshegi retinde surettejdi Tabigatsyz zharatylyssyz adam zhok Al tabigat adamsyz da kүn kore beredi Birak sana ogan bagynbajdy dene bagynsa da sezim bagynbajdy Sondyktan ol bulkynady serpiledi үstem bolgysy keledi Ot Қubylystyn mәnin ken kolemde zhalpyga birdej kalypta tani bilude akyn en aldymen nenin bolsa da mәn mazmunyna үniledi әrdajym zhalpy adamzatka tәn әuenge boj urady tabigattyn oz zanyna gana bagynatyn kubylystardyn ishki kupiya astaryn ugyngysy keledi Zhumabajulynyn ojynsha akyn degen bolzhap bilmes zholga sapar shekken pir kejde zhyn kejde bala sol saparda ol kiyndykty kajyspaj koteretin ne dүnieni tәrk etip bәrinen bezinetin zhan Қiyal kuly men bir akyn Akyn Қorkyt poemasynda filosofiyadagy mәngilik takyryp omir men olim mәselesin Қorkyt pen azhaldyn andysuy tүrinde surettejdi Azhal hak sondyktan da omir zhibinin tүjininde olimdi bolmaj kojmajtyn omir akikaty retinde kabyldau kazhet dep sanajdy ol Magzhan poeziyasy Magzhan kazak lirikasynyn syrshyldygyn terendetti adamnyn nәzik sezimderine til bitire bildi Bul kasiet onyn әsirese mahabbat lirikasyna tәn Sүj zhan sәulem t b M Zhumabaev әlemdik poeziyada ekologiyalyk takyrypty algash zhyrlaushylardyn biri Ajda atyndy Sәrsembaj Shojyn zhol Ol tehikalyk progreske karsy bolgan zhok onyn ulttyk mәdeni ruhani dәstүrlerdi buzuyna karsy edi Tehnika zhetistikterin kyzyga zhyrlaj otyryp tugan zherdin әsem tabigatynan ajyrylyp kalmauga үndedi Magzhannyn әjgili olenderinin biri Men Zhastarga Senemin bolyp tabylady Arystandaj ajbatty Zholbarystaj kajratty Қyrandaj kүshti kanatty Men zhastarga senemin Magzhan poemalary Magzhan kazak poemasynyn bayandau stilin sheshendik mәnerin ozgertu kazhet ekendigin algash ajtkandardyn biri boldy Қazak poemasyn suretkerlik arnaga burdy Adam zhanynyn psihologiya әleminin kupiya syrlaryn iirimderin damu dialektikasyn sheberlikpen kestelep ornektej bildi M Zhumabaev poemalaryna lirikalyk terendik pen ken kulashtylyk birdej tәn Zheke adam men ult tagdyryn dram syuzhette үjlestirip korkemdik zor kuatpen zhyrlaj bildi Batyr Bayan Okzhetpestin kiyasynda Қojlybajdyn kobyzy Өtirik ertegi Shyn ertegi Akyn shygarmashylygynyn үlken bir arnasy halykka bilim beru pedagogika salasy Mektep okushylaryna mugalimderge arnap Pedagogika 1922 1923 Bastauysh mektepte ana tilin okytu zhoni 1925 enbekterin zhariyalady Akan seri Bazar zhyrau Әbubәkir Divaev turaly zertteu enbekter zhazyp auyz әdebieti үlgilerin zhinauga zhәrdemdesti Magzhan publicistikasy Magzhan audarma salasyna үlken mәn berdi I Gete G Gejne Әbu Firas A V Kolcov M Yu Lermontov A A Fet I I Dmitriev I P Myatlov A A Blok olenderin A M Gorkij V V Ivanov D N Mamin Sibiryak t b әngimelerin kazak tiline audardy Tandauly prozalyk shygarmalar audarumen kosa M Zhumabaev Sholpannyn kүnәsi әngimesi arkyly kazak әdebietine psihologiyalyk taldau sana agymy әdisterin engizdi Magzhan Zhumabajulynyn kurmetine pochta markasyҚajtys bolgannan kejinKenestik zhүjenin kugyn sүrgininin kurbany bolgan Magzhan esimin aktau isi 1958 zhyly kolga alyndy Osy zhyly resmi komissiya kurylyp akynnyn tandamaly lirikalaryn zhariyalau zhoninde ujgarym zhasaldy Birak odan nәtizhe shykpaj Magzhan shygarmalary basylmaj kala berdi 1960 zhyly Tүrkistan әskeri okr әskeri tribunalynyn alkasy sheshimimen M Zhumabaev tolygymen birzhola aktaldy Magzhan esimi aktalsa da ol zhoninde Қazakstan Zhazushylar odagy men gylymi mekemelerge habarlanbady Osylajsha Қazakstan halky uzak uakyt bojy M Zhumabaev shygarmalarymen zhete tanysa almaj keldi Tүrkiyada akyn kitaptary zharyk korgenimen olar kazak okyrmandarynyn kolyna timedi 1969 zhyly Magzhanmen kyzmettes tanys bolgan adamdar Magzhandy aktau shygarmalaryn zhariyalau kerektigi zhoninde Қazakstan basshylaryna hat ta zholdagan bolatyn Birak Magzhannyn shygarmalary 1989 zhyly gana kajtadan zhariyalana bastady 1995 zhyldan M Bazarbaev S Қirabaev H Abdullin Sh Eleukenov B Dәrimbet Shomishbaj Sariev bastagan galymdar toby Zhumabajulynyn 3 tomdyk shygarmalaryn shygarudy kolga aldy Magzhan Zhumabaev shygarmashylygyn terenirek zertteu elimizdin egemendik aluynan bergi kezende gana naktyly zholga kojyldy Magzhan esimin mәngi este kaldyru bagytynda da birshama zhumystar atkaryldy Almaty zhәne Petropavl kalalarynda bir bir koshege Magzhan Zhumabaev esimi berildi Petropavl kalasynda zhәne akynnyn tugan auylynda eskertkish kojylgan Soltүstik Қazakstan oblysynyn buryngy Bulaev audany Magzhan Zhumabaev audany bolyp ataldy 2000 Mektep okushylary arasynda zhyl sajyn respublikalyk Magzhan okulary otedi Magzhan Zhumabaevtyn memorialdyk murazhajy Akynnyn 100 zhyldyk merejtojyna arnalyp 1993 zhyly ashylgan Ol Magzhan Zhumabaev audandagy ozinin tuyp osken Sarytomar auylynda ornalaskan Murazhaj buryngy Magzhan Zhumabaev atyndagy kenshardyn mektebinde Ondagy zhinalgan korlar men materialdar akynnyn shygarmashylyk omirine arnalgan Қuzhattardyn koshirmesi Almaty Petropavl Omby kalalarynda zhәne kejbir audandarda saktalgan Murazhajdyn zhalpy aumagy 60m2 Қazaktyn Ұly akyny Magzhan Zhumabaevtyn eskertkishi Қazaktyn Ұly akyny Magzhan Zhumabaevtyn eskertkishi Magzhan Zhumabaev zhәne Internacional koshelerinin kiylysynda ornalaskan alanda Soltүstik Қazakstan zherinde tugan kornekti kazak akyny Magzhan Zhumabaevtyn eskertkishi ornatylgan Onyn avtory Қazakstan Respublikasynyn zhetekshi mүsinshisi halykaralyk konkurstardyn laureaty zhәne diplomanty Suretshiler odagynyn mүshesi Marat Әjnekov Eskertkish Magzhannyn granitten zhasalgan otyrgan bejnedegi үshmetrlik mүsinin usynady Akynnyn iygynda ushkyr ojdyn nyshany karshyga Akyn oj үstinde otyr onyn ojy bolashakka bagyttalgan Mүsin konyr tүsti kүrti granitinen oryndalgan Mүsinmen zhumys istegende avtorga Magzhandy korgen zhәne zhadynda ustagan akynnyn zhalgyz tuysy komek kylgan Onyn keskin kelbeti Magzhanga ote uksas Eskertkish 1993 zhyly akynnyn 100 zhyldygyna ashylgan Kinoshezhire 1990 rezhisseri Қ Umarov Zhanr derekti film Өndiris Қazaktelefilm 1994 Alashorda rezhisseri Қ Umarov Zhanr derekti film Өndiris Қazaktelefilm 2009 Alashorda rezhisseri Қ Umarov Zhanr derekti film Өndiris Қazakfilm Shәken Ajmanov atyndagyBasylymdaryҚazaktyn konil kүji olen Үzik zhinagynda Oral 1912 Sholpan olender Қazan 1912 Өlenderi Қ O 1922 Өlenderi Tash 1923 Shygarmalary A 1989 Tandamaly A 1992 Shygarmalar 3 t A 1995 Zhumabaev M Stihi Buklet K 100 letiyu poeta Per na rus Sost K Bakbergenov Almaty Zhazushy 1993 Magzhan Zhumabaev Prorok Stihi i poemy v per na rus Sost B Kanapyanov Almaty Zhibek Zholy 2002 400 str Zhumabaev M Adassam elim dep adastym Өlender Ya solncem ognennym rozhden Stihi Magzhan Zhumabaev Almaty RS 2011 146 b kaz rus Birinshi respublikalyk Magzhan oner festivaline oraj Zhumabaev M Batyr Bayan Petropavl Poligrafiya AҚ 2008 36 b Zhumabaev M Өlenderi prozasy zhәne әdebi zertteuler Қurastyrgan Zh Sүlejmenov Petropavl 2006 428 b Zhumabaev M Ispoved Per s kaz A Kodara Petropavlovsk 2011 376 s Magzhan әdebi korkem kopshilik zhurnal 2007 Nurkatov A 3 t Ideya zhәne obraz әdebi syn makalalar Shygarmalar zhinagy Almaty 2010 416 b Kәkimbek Salykov Magzhanga tagzym 2008 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Derekkozder Қazakstan tarihy etnikalyk zertteulerde T H Argyn Magzhannyn sonyna sham alyp tүsken үsh adam bar Bakytkamal Қanarbaeva magzhantanushy kolzhetpejtin silteme Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6 Қazak enciklopediyasy 4 tom Әdeb Ajmauytov Zh Magzhannyn akyndygy turaly Leninshil zhas zhurnaly g5 1923 Togzhanov Ғ Zhүsipbektin syny Magzhannyn akyndygy turaly M 1926 Togzhanov Ғ Әdebiet zhәne syn mәseleleri Қ O 1929 Mukanov S XX gasyrdagy kazak әdebieti I bolim Ұltshyldyk bajshyldyk dәuiri A 1932 Magzhan Zhumabaevtyn Ahmet Bajtursynulynyn zhәne Zhүsipbek Ajmauytulynyn tvorchestvolyk murasyn zertteu zhonindegi komissiyanyn korytyndysy Socialistik Қazakstan gazeti 1988 298 Eleukenov Sh Magzhan A 1995 Қojgeldiev M Alash kozgalysy A 1995 Nurpejisov K Alash һәm Alashorda A 1995 Қazak tili Enciklopediya Almaty Қazakstan Respublikasy Bilim mәdeniet zhәne densaulyk saktau ministrligi Қazakstan damu instituty 1998 zhyl 509 bet ISBN 5 7667 2616 3SiltemelerMagzhan Zhumabaev Әdebiet portaly sajtynda Zhүsipbek Ajmauytov Magzhannyn akyndygy turaly Magzhan Zhumabaev olenderi