Булаев ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысындағы әкімшілік аудан. Жерінің аумағы 7,8 мың км². Тұрғыны 49,6 мың адам (1999). Аудан бір қалалық, 24 ауылдық әкімшілік округке бөлінген. Орталығы — Булаев қаласы Аудан жері Батыс Сібір ойпатының оңтүстік бөлігіндегі Есіл даласының шығысында орналасқан. Жер бедері жазық (абсолюттік биіктігі 100 — 130 м). Климаты тым континенттік. Қаңтардың орташа температурасы –18ӘС, шілдеде 18ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 280 — 350 мм шамасында. Аудан жерінде көлдер көп. Тұщы көлдер (, Қамысты, ) солтүстігіндегі орманды жерлерде; ащы көлдер оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында (Камышлово, , Келтесор) кездеседі. Тың игеру жылдары мұнда бірнеше кішігірім тоғандар салынған. Есіл өзенінен ұзындығы 2,0 км су құбыры тартылған. Ауданның солтүстігіндегі сұр және күлгін топырақты жерлерінде қайыңды, теректі орман, оңтүстігіндегі қара және карбонатты қара топырақты даласында бетегелі-селеулі шөптер өседі. Жануарлар дүниесінен: қасқыр, түлкі, қарсақ, орманда (ауданның 11% аумағын алады) — бұлан, елік, құр, шіл, т.б., тұщы көлдерде — қаз,аққу, үйрек мекендейді. Халқының тығызд. 1 км²-ге 7,0 адамнан келеді. Аудан негізінен егіншілікке және мал өсіруге маманданған. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жері 637,0 мың га (1997), оның 491,3 мың га-сы егістік, 6,2 мың га техникалық дақылдар, 4 мың га жерін картоп, 140,5 мың га-сы мал жайылымын құрайды. Етті-сүтті ірі қара мал өсіруге маманданған. Мал шаруашылығының 56%-ін ірі қара мал, шошқа 38,8%-ін, қалғанын қой және жылқы шаруашылығы құрайды. Булаев ауданында май, нан, құрама жем зауыттары, тамақ өнеркәсібі комбинаттары, тігін фабрикасы, т.б. бірнеше акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жұмыс істейді. Жалпы және арнайы білім беретін 39 мектеп, 67 дәрігерлік-амбулаториялық пункт, 4 аурухана, 6 санитарлық-дәрігерлік амбулатория бар. Булаев қаласының жанынан Транссібір т. ж. магистралі мен мемлекетаралық маңызы бар автомобиль жолы өтеді. Ауданның Сарытомар ауылында жыл сайын республикалық Мағжан Жұмабай оқулары өтеді.
Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bulaev audany Soltүstik Қazakstan oblysynyn soltүstik shygysyndagy әkimshilik audan Zherinin aumagy 7 8 myn km Turgyny 49 6 myn adam 1999 Audan bir kalalyk 24 auyldyk әkimshilik okrugke bolingen Ortalygy Bulaev kalasy Audan zheri Batys Sibir ojpatynyn ontүstik boligindegi Esil dalasynyn shygysynda ornalaskan Zher bederi zhazyk absolyuttik biiktigi 100 130 m Klimaty tym kontinenttik Қantardyn ortasha temperaturasy 18ӘS shildede 18ӘS Zhauyn shashynnyn zhyldyk ortasha molsheri 280 350 mm shamasynda Audan zherinde kolder kop Tushy kolder Қamysty soltүstigindegi ormandy zherlerde ashy kolder ontүstik batysy men soltүstik shygysynda Kamyshlovo Keltesor kezdesedi Tyn igeru zhyldary munda birneshe kishigirim togandar salyngan Esil ozeninen uzyndygy 2 0 km su kubyry tartylgan Audannyn soltүstigindegi sur zhәne kүlgin topyrakty zherlerinde kajyndy terekti orman ontүstigindegi kara zhәne karbonatty kara topyrakty dalasynda betegeli seleuli shopter osedi Zhanuarlar dүniesinen kaskyr tүlki karsak ormanda audannyn 11 aumagyn alady bulan elik kur shil t b tushy kolderde kaz akku үjrek mekendejdi Halkynyn tygyzd 1 km ge 7 0 adamnan keledi Audan negizinen eginshilikke zhәne mal osiruge mamandangan Auyl sharuashylygyna pajdalanylatyn zheri 637 0 myn ga 1997 onyn 491 3 myn ga sy egistik 6 2 myn ga tehnikalyk dakyldar 4 myn ga zherin kartop 140 5 myn ga sy mal zhajylymyn kurajdy Etti sүtti iri kara mal osiruge mamandangan Mal sharuashylygynyn 56 in iri kara mal shoshka 38 8 in kalganyn koj zhәne zhylky sharuashylygy kurajdy Bulaev audanynda maj nan kurama zhem zauyttary tamak onerkәsibi kombinattary tigin fabrikasy t b birneshe akcionerlik kogamdar men ondiristik kooperativter zhumys istejdi Zhalpy zhәne arnajy bilim beretin 39 mektep 67 dәrigerlik ambulatoriyalyk punkt 4 auruhana 6 sanitarlyk dәrigerlik ambulatoriya bar Bulaev kalasynyn zhanynan Transsibir t zh magistrali men memleketaralyk manyzy bar avtomobil zholy otedi Audannyn Sarytomar auylynda zhyl sajyn respublikalyk Magzhan Zhumabaj okulary otedi Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 II tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet