Azərbaycanca AzərbaycancaБеларускі БеларускіDansk DanskDeutsch DeutschEspañola EspañolaFrançais FrançaisIndonesia IndonesiaItaliana Italiana日本語 日本語Қазақ ҚазақLietuvos LietuvosNederlands NederlandsPortuguês PortuguêsРусский Русскийසිංහල සිංහලแบบไทย แบบไทยTürkçe TürkçeУкраїнська Українська中國人 中國人United State United StateAfrikaans Afrikaans
Қолдау
www.wp1.kk-kz.nina.az
  • Уикипедия

Басқа мағыналар үшін Аққу айрық деген бетті қараңыз Аққулар лат Cygnus қазтәрізділер отряды үйрек тұқымдасының жеке туыс

Аққу

Аққу
www.wp1.kk-kz.nina.azhttps://www.wp1.kk-kz.nina.az
image Басқа мағыналар үшін Аққу (айрық) деген бетті қараңыз.

Аққулар (лат. Cygnus) — қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар.

Аққулар
image
Сыбырлақ аққу (Cygnus olor)
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Қазтәрізділер
Тұқымдасы: Үйрек
Кіші тұқымдасы: Қаздар
Тайпасы: Cygnini
Тегі: Cygnus
Иоганн Маттеус Бехштейн, 1803
Түрлері

6-7

Cygnanser , 1957

Қазақстанда аққудың (Cugnus) үш түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі.

Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді. Қысқа сирағы денесінің арт жағында орналасқан. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай ақ түсті (тек Аустралия мен Тасманияда кездесетін бір түрі ғана шымқай қара). Салмағы 5-10 кг, ең ірісі 13 кг-ға жетеді. Қанатының ұзындығы 150 – 180 см. Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Аққу – жұп құрып тіршілік етеді. Ұясына (су жағалауындағы өсімдіктердің арасындағы) 3 – 7-ге дейін жұмыртқа салады, оны көбіне аналығы басады. 29 – 40 күнде ширақ балапандар шығады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды. Жылына бір рет түлейді. Ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен қоректенеді. Аққу – жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.

Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді. Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы», Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Қорқыт атаның, Қожеке Назарұлының, , Ықылас Дүкенұлының, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Болат Аюхановтың «Аққу биі» халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді. Аспан әлеміндегі шоқжұлдыздың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде аққуға байланысты даналық ұғымдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, теңеулер жиі кездеседі: «Аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас», «Сүйріктей аққу мойын», «Аққудай ару», т.б. Аққудың қауырсыны әсемдік үшін пайдаланылады.

Аққудың алты-жеті түрі бар, оның бесеуі Солтүстік жартышарды мекендесе, біреуі экватордың оңтүстік бетін қоныс етеді. Қазақстанды мекендейтін екеуі – сыбырлақ және сұңқылдақ аққулар. Кіші аққу тундрадан қыстайтын жерлеріне ұшқан кезде Қазақстанда кездеседі.

Қазақтар аққуды киелі құс деген:

  • Аққу құсы әдемі құс болғандықтан, жалпы ақ түсті болып келеді - сұлулыққа теңеген. Қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген.
  • Құстардың ішінен жұптасып өмір сүретін бірден-бір құс.
  • Егер Жұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі адамша қайғырып,ауырып өлуге барған. Осы жағдайдан кейін екінші аққуға қосылмайтын болған.
image
Тундрадағы аққулар

Осыдан қазақ халқы "Аққуды атуға болмайды", "Махаббаттарың айдында жүзген қос аққудай болсын" -деген дана сөздер қалдырған.

Аққу үш-төрт жасқа дейін аққа емес, сұр қу (егер осылай айту мүмкін болса) боп өседі. Түсі көктен, көгілдірден гөрі күлге не шаңға аунатып алғандай сұрғылттанып тұрады. “Бесік баласы бес тү­лейді” деген мақалға сай ол да үш-төрт түлеп барып, шын аққуға айналады.

Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айларында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлақ деген екі түрі кездеседі. Тұмсығының жиегінде үлкенді- кішілі тісшелері болғандықтан тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады. Негізінен, су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Аққу ұясын жұптасып қамысы нулы, суы таза, тұщы көл жағасында салады. 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып шығарады. Балапандары ширақ келеді. Ал аталығы ұясын, балапандарын қорғайды. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды. Халқымыз жас жұбайларды қос аққуға осы себептен теңеген.

Дереккөздер

  1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. — Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
  2. Қазақ Энциклопедиясы
  3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Cygnus


image Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы.
Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.

уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер

Baska magynalar үshin Akku ajryk degen betti karanyz Akkular lat Cygnus kaztәrizdiler otryady үjrek tukymdasynyn zheke tuysyna zhatatyn ote symbatty kustar AkkularSybyrlak akku Cygnus olor Dүniesi ZhanuarlarZhamagaty HordalylarTaby ҚustarSaby ҚaztәrizdilerTukymdasy ҮjrekKishi tukymdasy ҚazdarTajpasy CygniniTegi Cygnus Iogann Matteus Behshtejn 1803Tүrleri6 7Cygnanser 1957 Қazakstanda akkudyn Cugnus үsh tүri sunkyldak akku sybyrlak akku kishi akku kezdesedi Mojny men denesinin uzyndygy ten әri iilip kelgen Denesi sozylynky basy onsha үlken emes tumsygy tik әri zhalpaktau keledi Қyska siragy denesinin art zhagynda ornalaskan Қauyrsyny tygyz әri үlpildek mamykty shymkaj ak tүsti tek Australiya men Tasmaniyada kezdesetin bir tүri gana shymkaj kara Salmagy 5 10 kg en irisi 13 kg ga zhetedi Қanatynyn uzyndygy 150 180 sm Tirshiliginin kop uakytyn suda otkizedi zhaksy zhүzedi birak sүngi almajdy kurlykka sirek shygady Akku zhup kuryp tirshilik etedi Ұyasyna su zhagalauyndagy osimdikterdin arasyndagy 3 7 ge dejin zhumyrtka salady ony kobine analygy basady 29 40 kүnde shirak balapandar shygady olarga zhuptasyp kamkorlyk zhasajdy Zhylyna bir ret tүlejdi Eresekteri su osimdikterimen kejde sudagy omyrtkasyz zhәndiktermen al balapandary su zhәndikterimen korektenedi Akku zhyl kusy Қys zhyly kezde akkudyn biraz toby Kaspij tenizinin soltүstik shygys zhagalauynda Aktau kalasynyn manynda kystap shygady Akkudy kazak halky ezhelden kasterlep bakyttyn bastamasy zhaksylyktyn zharshysy pәktiktin sululyktyn belgisi dep eseptejdi әri kieli kus toresi sanap ogan eshuakytta ok atpajdy Akkudyn atalygyn sapar balapanyn kogildir mojnyn sungak dep dәriptejdi Sәken Sejfullinnin Akkudyn ajyrylysuy Mukagali Makataevtyn Akkular ujyktaganda Қorkyt atanyn Қozheke Nazarulynyn Ykylas Dүkenulynyn Nurgisa Tilendievtin Akku kүjleri Bolat Ayuhanovtyn Akku bii halkymyzdyn akkuga degen sүjispenshiliginin belgisi bolyp eseptelinedi Aspan әlemindegi shokzhuldyzdyn biri Akku zhuldyzy dep atalady Halkymyzdyn auyz әdebietinde akkuga bajlanysty danalyk ugymdar anyz әngimeler makal mәtelder teneuler zhii kezdesedi Akku kustyn toresi zhalgyz zhatyp ottamas Sүjriktej akku mojyn Akkudaj aru t b Akkudyn kauyrsyny әsemdik үshin pajdalanylady Akkudyn alty zheti tүri bar onyn beseui Soltүstik zhartyshardy mekendese bireui ekvatordyn ontүstik betin konys etedi Қazakstandy mekendejtin ekeui sybyrlak zhәne sunkyldak akkular Kishi akku tundradan kystajtyn zherlerine ushkan kezde Қazakstanda kezdesedi Қazaktar akkudy kieli kus degen Akku kusy әdemi kus bolgandyktan zhalpy ak tүsti bolyp keledi sululykka tenegen Қazaktyn әdemi kyzdaryn akkuga tenegen Қustardyn ishinen zhuptasyp omir sүretin birden bir kus Eger Zhubynan ajyrylyp kalsa ne bireui kaza bolsa ekinshisi adamsha kajgyryp auyryp oluge bargan Osy zhagdajdan kejin ekinshi akkuga kosylmajtyn bolgan Tundradagy akkular Osydan kazak halky Akkudy atuga bolmajdy Mahabbattaryn ajdynda zhүzgen kos akkudaj bolsyn degen dana sozder kaldyrgan Akku үsh tort zhaska dejin akka emes sur ku eger osylaj ajtu mүmkin bolsa bop osedi Tүsi kokten kogildirden gori kүlge ne shanga aunatyp algandaj surgylttanyp turady Besik balasy bes tү lejdi degen makalga saj ol da үsh tort tүlep baryp shyn akkuga ajnalady Nauryzdyn basy men sәuirdin ayagynda oralyp kazan ajlarynda ushyp ketedi Қazakstanda dybys shygaru ereksheligine bajlanysty sunkyldak sybyrlak degen eki tүri kezdesedi Tumsygynyn zhieginde үlkendi kishili tissheleri bolgandyktan tumsygy zhalpak әri sүzgi kyzmetin atkarady Negizinen su osimdiginin zhapyragymen tamyrymen kejde usak zhәndiktermen de korektenedi Akku uyasyn zhuptasyp kamysy nuly suy taza tushy kol zhagasynda salady 3 7 zhumyrtkany 35 40 kүn basyp shygarady Balapandary shirak keledi Al atalygy uyasyn balapandaryn korgajdy Bir ereksheligi zhuptaryn olgenshe zhazbajdy Halkymyz zhas zhubajlardy kos akkuga osy sebepten tenegen DerekkozderҚazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2 Қazak Enciklopediyasy Oryssha kazaksha tүsindirme sozdik Biologiya Zhalpy redakciyasyn baskargan professor E Aryn Pavlodar 2007 1028 b ISBN 9965 08 286 3 Ortakkorda bugan katysty media fajldar bar Category Cygnus Bul biologiya bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz

Жарияланған күні: Қазан 12, 2024, 00:13 am
Ең көп оқылған
  • Ақпан 14, 2025

    Киндербойерн

  • Наурыз 16, 2025

    Кинденхайм

  • Ақпан 15, 2025

    Кингс Кангва

  • Ақпан 16, 2025

    Киелісай көшесі (Астана)

  • Наурыз 18, 2025

    Киев қысқа көшесі (Астана)

Күнделікті
  • 1899 жыл

  • 2 шілде

  • Биология

  • Ғылым

  • Украина мен АҚШ арасындағы минералдық ресурстар жөніндегі келісім

  • 23 ақпан

  • Германиядағы парламент сайлауы (2025)

  • Бундестаг

  • Наурыз мейрамы

  • 1394

NiNa.Az - Студия

  • Уикипедия

Ақпараттық бюллетеньге тіркелу

Біздің пошталық тізімге жазылу арқылы сіз әрқашан бізден соңғы жаңалықтарды аласыз.
Байланысу
Бізбен хабарласыңы
DMCA Sitemap Feeds
© 2019 nina.az - Барлық құқықтар сақталған.
Авторлық құқық: Dadaş Mammedov
Жоғарғы