Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев (1 сәуір, 1925, Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер (қазіргі Нұрғиса Тілендиев ауылы) - 15 қазан, 1998, Алматы) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Қазақ КСР халық әртісі (1975), КСРО халық әртісі (1984), Халық Қаһарманы (1998).
Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | Шилікемер (қазіргі Нұрғиса Тілендиев ауылы) ауылы, Іле ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР, КСРО |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Мемлекет | |
Мамандықтары | |
Аспаптары | |
Жанрлары | |
Ұжымдары | "Отырар сазы" этно–фольклорлық ансамблі |
Өмірбаяны
- Шапырашты тайпасының Шам руынан.
- Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырақ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі.
- Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді.
- Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961)
- қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) бас дирижер, көркемдік жетекші.
- 1964-68 жылдары Абай атындағы опера және балет театрының директоры.
- 1968-81 жылдары «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді.
- тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды.
- Жары Тіленді келіні Дариға - актриса.
- Қызы - Тіленді Динара.
Туындылары
Нұрғиса Атабайұлы қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет. Сүйікті шығармаларынан
- «Достық жолымен» (1958)
- «Менің Қазақстаным» контатасын (1959)
- Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961)
- «Ата толғауы»
- оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962)
- «Халық қуанышы» (1963)
- «Қайрат» (1964)
- «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның
- «Аққу»
- «Аңсау»
- «Арман»
- «Ата толғауы»
- «Әлқисса»
- «Қорқыт туралы аңыз»
- «Көш керуені»
- «Махамбет»
- «Фараби сазы» сияқты күйлері
- «Саржайлау»
- «Алатау»
- «Ақжайық»
- «Ақ құсым»
- «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған.
Нұрғиса Атабайұлы музыкасын жазған М.Әуезовтың, Ш.Аймановтың, Т.Ахтановтың, Ә.Тәжібаевтың пьесалары, сондай-ақ
- «Қыз Жібек»
- «Қилы кезең»
- «Менің атым Қожа»
- «Қарлығаштың құйрығы неге айыр»
- «Ақсақ құлан» фильмдері әлдеқашан қазақ сахнасы мен экран өнерінің классикасына айналған.
Ол Абайдың
- «Әсемпаз болма әрнеге...»
- «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...»
- «Ішім өлген, сыртым сау...»
- «Қызарып, сұрланып...» өлеңдеріне ән шығарған.
Сонымен қатар қазақ ақындарының өлеңдеріне
- «Ғашыққа мойын қой»
- «Абай арманы»
- «Әйгерімнің әні»
- «Ақынның пайғамбары - Абай ата» әндерін жазды.
Музыкалық мәдениет
Нұрғиса Атабайұлы қазақтың музыкалық мәдениетіндегі сал серілік дәстүрдің соңғы тұяғы. Ол өнер туындату барысында уақыттың идеологиялық өктемдігіне, ассимиляцияшыл әсіре үрдісіне мүлде мойын ұсынбастан, өзінің тәңір дарытқан төлтума қалпынан қылдай ауытқымай жүріп, шығармашылық даралығын сақтап қала алды. Бұл ретте, Нұрғиса жерден қуат алатын Антей сияқты, қазақтың музыкалық дәстүріне табанын нық тіреп тұрып, өзінің арман аңсарын еш жасқанбастан дыбысқа айналдыра білді. Ол өз заманының музыкалық танымын терең игерген кәсіпқой музыкант бола тұра суырыпсалмалық дәстүрді ұдайы шабыт тұғыры етіп отырды. Былайша айтқанда, көргенді күйттеп, естігенді жаттап отыратын оркестрлік қасаңдыққа Нұрғиса буырқанған шабыт еркіндігін дарыта білді. Бұл ретте, Нұрғиса сахараның ақ бас абыздары сияқты, өз үнін көп дауысқа тұншықтырмай, өз лебізін көп даңғазаға ілестірмей, қазақтың дәстүрлі музыкалық тіліндегі дарашыл қасиетті (монодийность) тәу етіп өтті. Нұрғисаның композитор, дирижер, орындаушы ретіндегі ойы көпке ортақ, тілі көпке түсінікті. Егер, салсерілер өнері адамның жан жүрегіне бағытталуымен дараланса, сол ұлы дәстүр Нұрғисаның да барша шығармашылық болмысында аста төк болып, шалқып шашылып жатты. Дәл осы тұрғыда Нұрғиса қазақтың дәстүрлі музыкасының әрін тайдырмастан, нәрін жоғалтпастан тек қана өзіне тән профессионализмді қалыптастыра алды.
Толығырақ
Н. Тілендиев тұңғыш рет қазақтың төл музыкасын төл аспаптарымен оркестрлік үлгіде дыбыстау арқылы, әрі қалай дамытудың тамаша үлгісін көрсетті. Енді, орындаушы Нұрғиса, яғни домбырашы Нұрғиса туралы. Қашанда айғақсыз деректің бәрі қиялмен қоңсылас, болжаммен кіндіктес. Айғақты дерек атаулы шын тарихтың тапжылмас іргетасы. Қазақ маңдайына біткен ұлы күйші – композиторлардың, шүкір қатары қалың. Бүгінге жеткен күй мұрасына да кенде емеспіз. Дегенмен, сұлулыққа іңкәр көңіл кейде қиялдайды: шіркін – ай, осынау құдірет күйлерді сол шығарушы құдіреттердің өзі қалай тартты екен деп. Өкініштісі, арыдағы дәулескер күйшілерден жеткен «қолтаңба» жоқ. Қолдан – қолға көшіп жеткен күйлеріне қанағат. Домбырашы – орындаушылық өнерді көксегенде де, сол көненің күйлерін көкірегіне қонақтатып, бүгінгі күнімізге жеткізген саңлақтардың өнеріне жұбанамыз. Жай ғана жұбанып қоймаймыз, орындаушылық ұлы дәстүрдің жығасы қисаймай, барша сән – салтанатымен, барша шеберлік – шалымымен жеткеніне де күмәнсіз сенеміз. Сендірмей қоймайтын құдірет – бүгінгі күй құмар қауым Дина Нұрпейіскеліні, Қали Жантілеу, , Жаппас Қаламбай, Төлеген Момбек, Нұрғиса Атабайұлы, Мағауия Хамза, Ырысбай Ғабди, Қаршыға Ахмедьяр, Әзидолла Есқали, Талас Әсемқұл, Шәміл Әбілтай, Секен Тұрысбек, Сыматай Үмбетбай, Мұхаметжан Тілеухан сияқты күйші – орындаушылықтың жылжыған жорғасы мен жылмиған жүйріктерін естіп – көріп отыр. Бұлардың әр қайсысы бір – бір мектеп, әр қайсысының саусағына ілесіп сан ғасырдың шеберлік – шалымы жеткен. Сонан соң, бұлардың бәрі де жай ғана жаттап тартатын жайдақ орындаушылар емес, күйші – орындаушылар. Яғни, күй туындататындар, содан да, олар тартатын күйінің ішіне түсіп, кейіпкеріне айналып тартады. Олар арыдағы құдірет күйшілердің өзі тіріліп келіп тыңдаса, өкіндірмейтін дүлдүлдер. Міне, осындай дүлдүл орындаушылардың бірі ғана емес, бірегейі – Нұрғиса. «Солақайдың сойынан сақтан» дегендей, Нұрғиса солақай домбырашы болған. Мұның өзі оң қол саусақтарының пернелерге қапысыз қадалатын икемділігін пайдаланып, мөлдір дыбыстар шығаруына дес берген сияқты. Ол бар айтарын домбыра арқылы жеткізген қайталанбас домбырашы.
Күй сезіну
Қазақ домбырашылары күй өнерін көз арқылы, қол арқылы және құлақ арқылы жұғады деп отырады. Осылардың ішінде күйді құлақпен сіңіретіндердің жөні бөлек. Себебі, көз – көргенінен танбайды, қол – ұстағанынан – айырылмайды. Яғни, күйді көз бен қол арқылы жұғысты еткендер, әдетте, қасаң қайталаушылыққа ұрынады. Ал, құлаққа сіңген күй, сөз жоқ, санаға да сіңеді. Санаға сіңген күй жүректі тербеп, жүрекпен тартылмақ. Нұрғиса болса, күйді құлақпен сіңіріп, жүрекпен тартатын домбырашы. Оның тартқан күйлері жүректен шыққан соң да жүректерді баурап жатады. Нұрғиса домбырашы – орындаушы ретінде қазақтың күйшілік мектептеріне тән төл ерекшеліктерді терең танып – түсінген; сол танып – түсінгенін дыбыстай алар әдіс–тәсілдерді қапысыз меңгерген. Ол Алтайдың тік күйлерін, Арқаның қоңыр күйлерін, Сыр бойының бойлауық күйлерін, Жетісудың жайсаң күйлерін, Атыраудың адуын күйлерін тартқанда, солардың қай–қайсысының да әрін тайдырмай, нәрін жоғалтпай, сәні мен салтанатын келістіріп тарта алған санаулы ғана саңлақтардың бірі. Егер Нұрғиса композитор да болмай, қоғам қайраткері де болмай, тек қана домбырашы – орындаушы болса, ол сонда да қазақтың мәдени – рухани шежіресіндегі көрнекті тұлға ретінде төрден орын алар еді.
Дарын
Тілендіұлы Нұрғисаның бойындағы осындай Тәңір дарытқандай көп қырлы, алуан сырлы аста–төк дарынның сыр–себебі кім–кімге де ден қойдыртса керек. Әрине, ондай сыр–себептің негізі қашанда туған топырақ, шыққан тек, өсіп-өнген ортамен кіндіктес. Бұл ретте, Нұрғисаны жарық дүниеге келген сәттен бастап–ақ әнге бөлеп, жырмен құндақтап, күймен тербеткен Жетісудың өнерпаздық дәстүрін тағдырлы себептің зоры десе жөн. Мұндайда көктей шолып болса да, Жетісудың өнер мектебіне тұғыр болған тұлғалардың атын атап, түсін түстеп өті қажет. Бұл ретте, әрине, Сүйінбай, Жамбыл, Құлмамбет, Бақтыбай, Бармақ, Үмбетәлі, Қалқа, Кенен, Қуат, Балтағұл, сияқты айыр көмей ақындар, Кебекбай, Сапақ, Ноғайбай, Бөлтірік сияқты от ауызды, орақ тілді шешендер, Қанадан, Байсерке, Бердібек сияқты дәулескер күйшілер, Дәурен сал, Қырмызы, Жидебай, Балқыбек сияқты толлықсып–бұлықсыған сал–серілер, Ұлбике, Әлмен, Ақкүміс, Ләтипа, Жаңылдық сияқты жезтаңдай қыз–келіншектер алдымен еске түседі. Олар қалыптастырған ұлы өнер мектебі, ұлағатты өнеге Нұрғисадай туа біткен дарынды жөргегінде тыныш жатқызуы мүмкін емес еді. Осы орайда, Нұрғисаны ақ көйлекпен туған, ақжолтай жан деуге болады. Ол өнерпаздықтың ұлы дәстүрін талбойына сіңірген әкесі – Тілендінің бауырында өсті. Тәңірдің тіліндей күй сарындарын әке алдында отырып бала көкірегіне қонататты. Нұрғисаның анасы Салиха әйгілі Кенен ақынның қарындасы, ол кісі де төңірегін әншілігімен тәнті еткен. Сол кісінің сызылта салатын сұлу әндеріне бала Нұрғиса жан–жүрегін тербелтіп өсті.
Мүшел жасқа толар–толмас кезінің өзінде–ақ ауылындағы қазақ пен қырғыздың, орыс пен татардың музыкалық аспаптарын тегіс қолынан өткізіп, алуан түрлі ән мен күйді құйқылжыта тартқанда ауыл–аймағы аузын ашып, көзін жұматын болды. Есейе келе Нұрғиса әншіліктің ақиығы Кененнен бата алып, жыр жампозы Жамбылдың сарқытын ішті. Мұның бәрі де Нұрғиса өнерпаздығының себепшісі, бастау бұлағы деуге әбден болады. Алайда, үлкен өнердің сара жолына қадам бастыртқан, тағдырдың жазуындай орайлы сәтке Нұрғиса он төрт жасында кезікті. Кезігушісі – қазақ музыкасына пайғамбардай шапағаты тиген әйгілі Ахмет Жұбан еді. Жеті қабат жер астынан жаңа ғана бұлқынып шығып, булыға ағып, енді ғана жүлге тарта бастаған кәусар бұлақтың тегеурінін жазбай танитын қарт бағбан сияқты, бала Нұрғисаның бойындағы бұла дарынды дана Ахмет те бірден таниды. Таниды да, Нұрғисаны қолынан жетектеп алып келіп, қазақ ұлт аспаптар оркестрінің домбырашылар тобына қосады. Бұл, жазмыш дегенді қойсайшы, оркестр құрамындағы өңшең дәулескер домбырашылардың ішінен домбырашылықтың дүлдүлі Қали Жантілеудің оң жағынан Нұрғисаға орын тиеді. Қалидың алдын көрген құйма құлақ Нұрғиса кешікпей–ақ, бұрын күйді қызығып тартса, енді күйді құнығып тартатын болады, бұрын күйді еліріп тартса, енді күйді елігіп тартады. Міне, осының бәрі де Нұрғиса әлеміне тапжылмас тұғыр болды, осының бәрі де Нұрғиса дарынының сарқылмас қайнар көзі еді.
Тілендіұлы Нұрғиса өзінің барша қабілет – дарынын халқының рухын асқақтатуға арнады. Бұл жолда ол халқымен етене тіл табысып, халқының сырласы да, мұңдасы да бола алды. Оның музыкасы баланың да, дананың да жүрегіне жол тауып, дүйім жұрттың рухани жан серігіне айналды. Ол атақ – даңқ іздеген жоқ, атақ – даңқ оны іздеп тапты. Қазақстан композиторларының ішінде тұңғыш рет Халық қаһарманы атағын алды. Кез – келген кесек дарынның күмәнсіз орындалатыны сияқты, бұған дүйім жұрт қалтқысыз көңілмен қуана қол соқтырған Нұрғисаны біртуар дарын, қайталанбас тұлға ретінде көзінің тірісінде – ақ әйгілі замандастары бірауыздан мойындады. Олар Нұрғисаны мақтаған жоқ, халықтың мәдени – рухани өміріндегі құбылыс ретінде Нұрғисамен мақтанды.
Ұлылардың сөзі
''«Менің ием, жолбарысым Тілендінің баласы Нұрғисаға кетті. Түсімде соның алақанын жалап тұр екен. Ендігі иесі сол болар». |
''«Музыка – адамзаттың әмбебап тілі ғой. Ол біздің жан – дүниемізді байытып, әсіресе, ұлттық сана – салтымызға баулитын сиқырлы күш. Мен Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын тыңдаған сайын осындай ойға қалам». |
- Нұрсұлтан Назарбаев: «Тілендиев жазған күйлер тыңдаушысын қуанта да алады, жұбата да біледі; толғандыра отырып ойландырады; әлдилей отырып әдемі әсерге бөлейді, онда атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік асыл қасиеттер, инабат иірімдері, мейірім мен рахым шапағаты жаныңды баурайды; онда мұқалмас жігер, қанаттандырар қайрат, өрлік пен өжеттік, ұлттық рух, намыс бар; меніңше, Тілендиевтің күйлері бүгінгі тыңдаушысын қалай бейжай қалдырмаса, енді он, жиырма, жүз жылдан кейін де дәл бүгінгі құдірет күшін солай сақтайды; өйткені ол ықылым заманғы бабалар рухымен, арман – мақсатымен сабақтас».
- Қанабек Байсейітов:
«Нұрғисаның тұла бойы толған дыбыс қой, оның денесінен бір жапырақ етті үзіп алып, лақтырып тастасаң, ол екеш оған дейін бүлкілдеп, өлең айтып жатады». |
''«Нұрғисаның талантты екенін, тұла бойы толған ән, әуен, саз екенін білу үшін онымен бір рет дидарласып, кездессе де жетіп жатыр... Осы бір ақжарқын, аржайы, ашық жігіттің қарапаймы дыбысқа қалай жан бітіріп жібергеніне таңданасың. Еш нәрсеге көңілі селт етпейтін осы дүниедегі ең бір енжар, самарқау жүретін кісіні де жағасынан ұстап алып жұлқып – жұлқып қалғандай, құдіретті күшті қаптатып жіберетініне сенер – сенбесіңді білмейсің». |
- Еркеғали Рахмадиев:
'' «Н.Тілендиев бір ғасырда бір туып, ғасырлар бойы өзінің өнерімен халқының ортасында өмір сүретін тұлға». |
- Әбіш Кекілбаев:
''«Домбырашы Нұрғисаның қолына домбыра тисе, теңіз төрінде дауыл көтерілгендей, алай мен дүлейдің аласапыранына түсіп, дирижер Нұрғисаның қолына оркестр тисе, Алатау жапырылып, Атлант сапырылып кеткендей, аламан – асырдың астында қалдырып, композитор Нұрғиса билік алса, аспан ашылып, шуақ шашылып, дүние жарқырап жүре беретін қазіргі дәуренімізді көре қалғандардың өксімей, ести қалғандардың көксемей өтуі еш мүмкін емес. Жүректің дүлгіріне, қиялдың қиырына, арманның тұңғиығына ондай терең бойлай алатындар тым сирек еді – ау». |
'' «Нұрғиса Тілендиев – қазақ даласын сахнаға айналдырып сазға бөленен жасампаз; музыка өнерінің ашылмай кеткен жұмбағы, шешілмей кеткен сыры; таусылмайтын кені, тот баспайтын асылы, сарқылмайтын бұлағы, сөнбейтін шырағы, талмайтын пырағы, қалқайған құлағы; лапылдаған жүрегі, құламайтын тірегі, ақиқат шындығы, асқақ үні; алтын діңгегі, мінсіз ұстасы; өшпейтін өнегесі, азбайтын рухы; әннің тіккен туы, асқар тауы, күйдің соққан желі, қара дауылы, ақ бораны; мауқымызды басқан, әні елге ем болған балгер; бармағынан бал тамған арқалы домбырашы, кеудесінен күй қоздаған күй – құдірет». |
- Жәнібек Кәрменов:
''«Сөз жоқ, Нұрғиса Тілендиев оқшау дара тұлға. Зор талант иесі. Халқымыздың ақындық, әншілік, шешендік, күйшілік, композиторлық рухы, күш қуаты бір басында тоғысқан жаратылысы жомарт біртуар жан». |
Осы ой – толғамдардың алып – қосары жоқ, бәрі де ақиқат сөздер. Ойдың орамын Тілендіұлы Нұрғисаның өз сөзімен түйіндеуге болар: «Кейде мен өзімді әке – шешеден тумағандай сезінем. Өйткені, халық алақанына салып, өмір бойы аялап келеді,» - дейді екен. Бұл да шығар күндей шындық.
«Арман»
Бір ауылда той болып, сол тойға Тілендіұлы Нұрғиса арнайы шақырылыпты. Өзі той болған соң, оған Нұрғиса шақырылған соң, әрине, күй тартылады. Күйді, әрине, Нұрғиса тартады. Елдің де күткені сол, күй тартылған сайын тыңдаушы жұрттың айызы қанып, желпіне түседі. Жұрт желпініп, қошамет көрсеткен сайын Нұрғисаның арқасы қозып, домбырасын қырық құбылтады. Тыңдаушының делебесі одан сайын қозады. Жұрт осылайша мәз–мейрам болып жатқанда, бір ақ сақалды қарт құйған мүсіндей болып, шеттеу отырады. Бейне бір тас керең адам секілді, тартылып жатқан күйге селт етпейді. Әрбір күйді тартқан сайын қолпашты қардай боратқан көпшілік Нұрғисаны одан сайын қолқалай түседі. Еті қызып алған Нұрғиса домбыраны төсіне қойып, басына шығарып, шырқ үйіріп тартады. Тыңдаушы көпшіліктің есі шығып, одан сайын үздіге түседі.
Тек, әлгі шеткерірек отырған ақ сақалды қарт сол құйған мүсін сияқты қалпынан селт етер емес. Нұрғиса болса арқаланып алған, домбырасын одан сайын бебеулетіп, одан арман безілдете түседі. Әлден уақытта делебесі қозған бір жас жігіт: «Нұрғиса, сіз күйді башайыңызбен тартады дейді ғой, башайыңызбен тартыңызшы!» деп өзеурейді. Нұрғиса болса сұраушыны жалындырмайды, кебісті қағып тастап, домбыраны башайымен қағады. Жұрт қыран–топан, айран–асыр, таң–тамаша.
Бірақ, шеткеріде отырған қарт қана, селт етпестен, сол тұнжыраған қалпынан танбайды. Содан, күйдің неше атасы тартылып, әннің неше атасы айтылып, тыңдаушының құмары қанып, түннің бір мезгілі болған кезде Нұрғиса тынығып, дем алмақшы болады. Қонақтарды алдын–ала сайланған үйлерге бөліп–бөліп жатқызу үшін тарата бастайды. Нұрғиса болса, бағанағы құйған мүсіндей тұнжыр қарттың үйіне бөлінеді. Үйге келеді. Тап–тұйнақтай қонақ түсетін үй екен. Нұрғисаның көзіне төрде ілулі тұрған қозы қарын қызыл домбыра алдымен шалынады. Домбыра көрсе Нұрғисада тағат қала ма, қызыл домбыраны қолына алып, шертіп көрсе, домбыраның көмейі күмбірлеп, көкірегі өксиді екен. Нұрғиса қызықғып кетеді де, үй иесіне: «Ақсақал, бір күй тартып берейінші!» дейді. Үй иесі самарқау қалпымен Нұрғисаның бетіне барлай қарап алады да: «Тартсаң тарт, шырағым. Тек, үйдің берекесін алмай, адам құсап тартшы!» - дейді. Қарттың үні мүлде түңілгендей, дені дұрыс күй тыңдаудан күдерін үзгендей болып естіледі.
Нұрғиса болса дүние төңкеріліп түскендей «Ах!» дейді. Күн ұзынғы қолпаштың, күн ұзынғы марапаттың бәрі желге ұшқандай, бәрі жалған сияқты жаны құлазып сала береді. Ол аздай–ақ, сол сәт әкесі Тіленді марқұмның дәл жаңағы қарт сияқты «Күйдің берекесін алмай, күйін келтіріп тартар болар» деп отыратын сөзі есіне түсіп, одан сайын құмығыды. Тап бір әке өсиетін аттанғандай, күйші әкесінің арманына қылау түсіріп алғандай, жан–дүниесі әп–сәтте әптер–дәптер болады. Сол сәт көкірігінен «Ах, арман–ай!» деген сөздің қалай лықсып шыққанын өзі де аңғармай қалады. Нұрғиса тұғырдағы қырандай дүр сілкініп, есін жияды. Сол қалпында домбыраны үгітіп жіберердей құшырлана бауырына басып отырып, жөргектен құлағына сіңген ескі сарынды сұңқылдатып қоя береді. Күй қолымен емес, жүрегімен тартылады. Тереңнен тепсініп шыққан шұңғыла сарын гөй–гөйлеп, небір нақышты иірім–қайырымдар өзінен-өзі құйылып арманымен қауышқандай сезіне беріледі.
Күй аяқталады. Нұрғиса қарсы алдында қақшиып отырған қартқа қарайды. Қарттың қабағы ашылып, жанары шоқтай жайнап, мүлде басқа күйге түскен. Сол қалпы ботадай елпілдеп: «Ой, бәрекелді, өркенің өссін, қарағым!» дейді. Нұрғиса сонда ғана өзіне өзі келгендей болып, көңілі орнына түседі...
Сөйтсе, бұл қартыңыз соғысқа барғанға дейін тыңдаушысын тәнті еткен дәулескер домбырашы екен. Соғыстан сол қолы шынтағынан кесіліп оралыпты. Қол кесілгенмен, көкірек сау, күйге ынтық көңілін өзінше аулап, домбырасын баптап қояды екен. Міне, осы қарттың алдында тартқан күйін Нұрғиса кейін «Арман» деп атап жұртқа жайса керек.
Марапаттары
- Қазақстанның халық әртісі
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері
- КСРО ның халық әртісі.
- Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
- Отан ордені
- II дәрежелі Отан соғысы ордені
- Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Дереккөздер
- Қазақ шежіресі. 2 том. Орта жүз-жан арыс, Теңізбай Үсенбаев,.
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Nurgisa Atabajuly Tilendiev 1 sәuir 1925 Almaty oblysy Ile audany Shilikemer kazirgi Nurgisa Tilendiev auyly 15 kazan 1998 Almaty kazaktyn әjgili kүjshi kompozitory dirizher dәulesker dombyrashy Қazak KSR halyk әrtisi 1975 KSRO halyk әrtisi 1984 Halyk Қaһarmany 1998 Nurgisa Atabajuly TilendievNegizgi akparatTugan kүni1 sәuir 1925 1925 04 01 Tugan zheriShilikemer kazirgi Nurgisa Tilendiev auyly auyly Ile audany Almaty oblysy Қazak KSR KSROҚajtys bolgan kүni15 kazan 1998 1998 10 15 73 zhas Қajtys bolgan zheriAlmaty ҚazakstanMemleket Қazakstan KSRO 1925 1991 Mamandyktarykүjshi kompozitor dirizher dombyrashyAspaptarydombyra fortepianoZhanrlaryoperaҰzhymdary Otyrar sazy etno folklorlyk ansambliӨmirbayanyShapyrashty tajpasynyn Sham ruynan Tuyp osken zheri Almaty oblysynyn Ile audanyna karasty Shilikemer auyly Topyrak bujyrgan zheri Zhambyl kesenesinin irgesi Mәskeudin P I Chajkovskij atyndagy konservatorisynyn dirizherlik fakultetin prof N P Anosovyn klasy bojynsha bitirdi Қazaktyn Abaj atyndagy opera zhәne balet teatrynda 1953 1961 kazaktyn Қurmangazy atyndagy Memlekettik Akademiyalyk halyk aspaptar orkestrinde 1961 1964 bas dirizher korkemdik zhetekshi 1964 68 zhyldary Abaj atyndagy opera zhәne balet teatrynyn direktory 1968 81 zhyldary Қazakfilm kinostudiyasy muzyka redakciyasynyn bas redaktory bolyp istedi tikelej ozinin ujymdastyruymen dүniege kelgen Otyrar sazy halyk aspaptary orkestrinde 1981 1998 bas dirizher kyzmetin atkardy Zhary Tilendi kelini Dariga aktrisa Қyzy Tilendi Dinara TuyndylaryNurgisa Atabajuly kazaktyn muzykalyk mәdenietine kompozitor dirizher oryndaushy retinde oshpes iz kaldyrgan suretker Ol 500 den astam muzykalyk tol tuyndylardyn avtory Osynau mol muranyn zhanrlyk ayasy da kajran kaldyrady әn kүj romans uvertyura poema kontata opera balet Sүjikti shygarmalarynan Dostyk zholymen 1958 Menin Қazakstanym kontatasyn 1959 Қ Қozhamyarovpen birlesip zhazgan Altyn taular operasyn 1961 Ata tolgauy orkestr үshin zhazylgan shygarmalaryn 1962 Halyk kuanyshy 1963 Қajrat 1964 Zhenis soldaty 1975 siyakty uvertyuralaryn atauga bolady Onyn Akku Ansau Arman Ata tolgauy Әlkissa Қorkyt turaly anyz Kosh kerueni Mahambet Farabi sazy siyakty kүjleri Sarzhajlau Alatau Akzhajyk Ak kusym Өz elim siyakty ondagan әnderi halyktyk boyau nakyshynyn kanyktygymen ozindik koltanbasynyn ajkyndygymen zhurtshylyktyn sүjip tyndajtyn ruhani kazynasyna ajnalgan Munyn syrtynda kyryktan astam pesaga zhәne zhiyrmadan astam filmge muzyka zhazgan Nurgisa Atabajuly muzykasyn zhazgan M Әuezovtyn Sh Ajmanovtyn T Ahtanovtyn Ә Tәzhibaevtyn pesalary sondaj ak Қyz Zhibek Қily kezen Menin atym Қozha Қarlygashtyn kujrygy nege ajyr Aksak kulan filmderi әldekashan kazak sahnasy men ekran onerinin klassikasyna ajnalgan Ol Abajdyn Әsempaz bolma әrnege Zhasymda gylym bar dep eskermedim Ishim olgen syrtym sau Қyzaryp surlanyp olenderine әn shygargan Sonymen katar kazak akyndarynyn olenderine Ғashykka mojyn koj Abaj armany Әjgerimnin әni Akynnyn pajgambary Abaj ata әnderin zhazdy Muzykalyk mәdenietNurgisa Atabajuly kazaktyn muzykalyk mәdenietindegi sal serilik dәstүrdin songy tuyagy Ol oner tuyndatu barysynda uakyttyn ideologiyalyk oktemdigine assimilyaciyashyl әsire үrdisine mүlde mojyn usynbastan ozinin tәnir darytkan toltuma kalpynan kyldaj auytkymaj zhүrip shygarmashylyk daralygyn saktap kala aldy Bul rette Nurgisa zherden kuat alatyn Antej siyakty kazaktyn muzykalyk dәstүrine tabanyn nyk tirep turyp ozinin arman ansaryn esh zhaskanbastan dybyska ajnaldyra bildi Ol oz zamanynyn muzykalyk tanymyn teren igergen kәsipkoj muzykant bola tura suyrypsalmalyk dәstүrdi udajy shabyt tugyry etip otyrdy Bylajsha ajtkanda korgendi kүjttep estigendi zhattap otyratyn orkestrlik kasandykka Nurgisa buyrkangan shabyt erkindigin daryta bildi Bul rette Nurgisa saharanyn ak bas abyzdary siyakty oz үnin kop dauyska tunshyktyrmaj oz lebizin kop dangazaga ilestirmej kazaktyn dәstүrli muzykalyk tilindegi darashyl kasietti monodijnost tәu etip otti Nurgisanyn kompozitor dirizher oryndaushy retindegi ojy kopke ortak tili kopke tүsinikti Eger salseriler oneri adamnyn zhan zhүregine bagyttaluymen daralansa sol uly dәstүr Nurgisanyn da barsha shygarmashylyk bolmysynda asta tok bolyp shalkyp shashylyp zhatty Dәl osy turgyda Nurgisa kazaktyn dәstүrli muzykasynyn әrin tajdyrmastan nәrin zhogaltpastan tek kana ozine tәn professionalizmdi kalyptastyra aldy TolygyrakN Tilendiev tungysh ret kazaktyn tol muzykasyn tol aspaptarymen orkestrlik үlgide dybystau arkyly әri kalaj damytudyn tamasha үlgisin korsetti Endi oryndaushy Nurgisa yagni dombyrashy Nurgisa turaly Қashanda ajgaksyz derektin bәri kiyalmen konsylas bolzhammen kindiktes Ajgakty derek atauly shyn tarihtyn tapzhylmas irgetasy Қazak mandajyna bitken uly kүjshi kompozitorlardyn shүkir katary kalyn Bүginge zhetken kүj murasyna da kende emespiz Degenmen sululykka inkәr konil kejde kiyaldajdy shirkin aj osynau kudiret kүjlerdi sol shygarushy kudiretterdin ozi kalaj tartty eken dep Өkinishtisi arydagy dәulesker kүjshilerden zhetken koltanba zhok Қoldan kolga koship zhetken kүjlerine kanagat Dombyrashy oryndaushylyk onerdi koksegende de sol konenin kүjlerin kokiregine konaktatyp bүgingi kүnimizge zhetkizgen sanlaktardyn onerine zhubanamyz Zhaj gana zhubanyp kojmajmyz oryndaushylyk uly dәstүrdin zhygasy kisajmaj barsha sәn saltanatymen barsha sheberlik shalymymen zhetkenine de kүmәnsiz senemiz Sendirmej kojmajtyn kudiret bүgingi kүj kumar kauym Dina Nurpejiskelini Қali Zhantileu Zhappas Қalambaj Tolegen Mombek Nurgisa Atabajuly Magauiya Hamza Yrysbaj Ғabdi Қarshyga Ahmedyar Әzidolla Eskali Talas Әsemkul Shәmil Әbiltaj Seken Turysbek Symataj Үmbetbaj Muhametzhan Tileuhan siyakty kүjshi oryndaushylyktyn zhylzhygan zhorgasy men zhylmigan zhүjrikterin estip korip otyr Bulardyn әr kajsysy bir bir mektep әr kajsysynyn sausagyna ilesip san gasyrdyn sheberlik shalymy zhetken Sonan son bulardyn bәri de zhaj gana zhattap tartatyn zhajdak oryndaushylar emes kүjshi oryndaushylar Yagni kүj tuyndatatyndar sodan da olar tartatyn kүjinin ishine tүsip kejipkerine ajnalyp tartady Olar arydagy kudiret kүjshilerdin ozi tirilip kelip tyndasa okindirmejtin dүldүlder Mine osyndaj dүldүl oryndaushylardyn biri gana emes biregeji Nurgisa Solakajdyn sojynan saktan degendej Nurgisa solakaj dombyrashy bolgan Munyn ozi on kol sausaktarynyn pernelerge kapysyz kadalatyn ikemdiligin pajdalanyp moldir dybystar shygaruyna des bergen siyakty Ol bar ajtaryn dombyra arkyly zhetkizgen kajtalanbas dombyrashy Kүj sezinuҚazak dombyrashylary kүj onerin koz arkyly kol arkyly zhәne kulak arkyly zhugady dep otyrady Osylardyn ishinde kүjdi kulakpen siniretinderdin zhoni bolek Sebebi koz korgeninen tanbajdy kol ustaganynan ajyrylmajdy Yagni kүjdi koz ben kol arkyly zhugysty etkender әdette kasan kajtalaushylykka urynady Al kulakka singen kүj soz zhok sanaga da sinedi Sanaga singen kүj zhүrekti terbep zhүrekpen tartylmak Nurgisa bolsa kүjdi kulakpen sinirip zhүrekpen tartatyn dombyrashy Onyn tartkan kүjleri zhүrekten shykkan son da zhүrekterdi baurap zhatady Nurgisa dombyrashy oryndaushy retinde kazaktyn kүjshilik mektepterine tәn tol erekshelikterdi teren tanyp tүsingen sol tanyp tүsingenin dybystaj alar әdis tәsilderdi kapysyz mengergen Ol Altajdyn tik kүjlerin Arkanyn konyr kүjlerin Syr bojynyn bojlauyk kүjlerin Zhetisudyn zhajsan kүjlerin Atyraudyn aduyn kүjlerin tartkanda solardyn kaj kajsysynyn da әrin tajdyrmaj nәrin zhogaltpaj sәni men saltanatyn kelistirip tarta algan sanauly gana sanlaktardyn biri Eger Nurgisa kompozitor da bolmaj kogam kajratkeri de bolmaj tek kana dombyrashy oryndaushy bolsa ol sonda da kazaktyn mәdeni ruhani shezhiresindegi kornekti tulga retinde torden oryn alar edi DarynTilendiuly Nurgisanyn bojyndagy osyndaj Tәnir darytkandaj kop kyrly aluan syrly asta tok darynnyn syr sebebi kim kimge de den kojdyrtsa kerek Әrine ondaj syr sebeptin negizi kashanda tugan topyrak shykkan tek osip ongen ortamen kindiktes Bul rette Nurgisany zharyk dүniege kelgen sәtten bastap ak әnge bolep zhyrmen kundaktap kүjmen terbetken Zhetisudyn onerpazdyk dәstүrin tagdyrly sebeptin zory dese zhon Mundajda koktej sholyp bolsa da Zhetisudyn oner mektebine tugyr bolgan tulgalardyn atyn atap tүsin tүstep oti kazhet Bul rette әrine Sүjinbaj Zhambyl Қulmambet Baktybaj Barmak Үmbetәli Қalka Kenen Қuat Baltagul siyakty ajyr komej akyndar Kebekbaj Sapak Nogajbaj Boltirik siyakty ot auyzdy orak tildi sheshender Қanadan Bajserke Berdibek siyakty dәulesker kүjshiler Dәuren sal Қyrmyzy Zhidebaj Balkybek siyakty tollyksyp bulyksygan sal seriler Ұlbike Әlmen Akkүmis Lәtipa Zhanyldyk siyakty zheztandaj kyz kelinshekter aldymen eske tүsedi Olar kalyptastyrgan uly oner mektebi ulagatty onege Nurgisadaj tua bitken daryndy zhorgeginde tynysh zhatkyzuy mүmkin emes edi Osy orajda Nurgisany ak kojlekpen tugan akzholtaj zhan deuge bolady Ol onerpazdyktyn uly dәstүrin talbojyna sinirgen әkesi Tilendinin bauyrynda osti Tәnirdin tilindej kүj saryndaryn әke aldynda otyryp bala kokiregine konatatty Nurgisanyn anasy Saliha әjgili Kenen akynnyn karyndasy ol kisi de toniregin әnshiligimen tәnti etken Sol kisinin syzylta salatyn sulu әnderine bala Nurgisa zhan zhүregin terbeltip osti Mүshel zhaska tolar tolmas kezinin ozinde ak auylyndagy kazak pen kyrgyzdyn orys pen tatardyn muzykalyk aspaptaryn tegis kolynan otkizip aluan tүrli әn men kүjdi kujkylzhyta tartkanda auyl ajmagy auzyn ashyp kozin zhumatyn boldy Eseje kele Nurgisa әnshiliktin akiygy Kenennen bata alyp zhyr zhampozy Zhambyldyn sarkytyn ishti Munyn bәri de Nurgisa onerpazdygynyn sebepshisi bastau bulagy deuge әbden bolady Alajda үlken onerdin sara zholyna kadam bastyrtkan tagdyrdyn zhazuyndaj orajly sәtke Nurgisa on tort zhasynda kezikti Kezigushisi kazak muzykasyna pajgambardaj shapagaty tigen әjgili Ahmet Zhuban edi Zheti kabat zher astynan zhana gana bulkynyp shygyp bulyga agyp endi gana zhүlge tarta bastagan kәusar bulaktyn tegeurinin zhazbaj tanityn kart bagban siyakty bala Nurgisanyn bojyndagy bula daryndy dana Ahmet te birden tanidy Tanidy da Nurgisany kolynan zhetektep alyp kelip kazak ult aspaptar orkestrinin dombyrashylar tobyna kosady Bul zhazmysh degendi kojsajshy orkestr kuramyndagy onshen dәulesker dombyrashylardyn ishinen dombyrashylyktyn dүldүli Қali Zhantileudin on zhagynan Nurgisaga oryn tiedi Қalidyn aldyn korgen kujma kulak Nurgisa keshikpej ak buryn kүjdi kyzygyp tartsa endi kүjdi kunygyp tartatyn bolady buryn kүjdi elirip tartsa endi kүjdi eligip tartady Mine osynyn bәri de Nurgisa әlemine tapzhylmas tugyr boldy osynyn bәri de Nurgisa darynynyn sarkylmas kajnar kozi edi Tilendiuly Nurgisa ozinin barsha kabilet darynyn halkynyn ruhyn askaktatuga arnady Bul zholda ol halkymen etene til tabysyp halkynyn syrlasy da mundasy da bola aldy Onyn muzykasy balanyn da dananyn da zhүregine zhol tauyp dүjim zhurttyn ruhani zhan serigine ajnaldy Ol atak dank izdegen zhok atak dank ony izdep tapty Қazakstan kompozitorlarynyn ishinde tungysh ret Halyk kaһarmany atagyn aldy Kez kelgen kesek darynnyn kүmәnsiz oryndalatyny siyakty bugan dүjim zhurt kaltkysyz konilmen kuana kol soktyrgan Nurgisany birtuar daryn kajtalanbas tulga retinde kozinin tirisinde ak әjgili zamandastary birauyzdan mojyndady Olar Nurgisany maktagan zhok halyktyn mәdeni ruhani omirindegi kubylys retinde Nurgisamen maktandy Ұlylardyn soziZhambyl Zhabaev Menin iem zholbarysym Tilendinin balasy Nurgisaga ketti Tүsimde sonyn alakanyn zhalap tur eken Endigi iesi sol bolar Dinmuhamed Қonaev Muzyka adamzattyn әmbebap tili goj Ol bizdin zhan dүniemizdi bajytyp әsirese ulttyk sana saltymyzga baulityn sikyrly kүsh Men Nurgisa Tilendievtin shygarmalaryn tyndagan sajyn osyndaj ojga kalam Nursultan Nazarbaev Tilendiev zhazgan kүjler tyndaushysyn kuanta da alady zhubata da biledi tolgandyra otyryp ojlandyrady әldilej otyryp әdemi әserge bolejdi onda atadan balaga miras bolyp kele zhatkan adamgershilik asyl kasietter inabat iirimderi mejirim men rahym shapagaty zhanyndy baurajdy onda mukalmas zhiger kanattandyrar kajrat orlik pen ozhettik ulttyk ruh namys bar meninshe Tilendievtin kүjleri bүgingi tyndaushysyn kalaj bejzhaj kaldyrmasa endi on zhiyrma zhүz zhyldan kejin de dәl bүgingi kudiret kүshin solaj saktajdy ojtkeni ol ykylym zamangy babalar ruhymen arman maksatymen sabaktas Қanabek Bajsejitov Nurgisanyn tula bojy tolgan dybys koj onyn denesinen bir zhapyrak etti үzip alyp laktyryp tastasan ol ekesh ogan dejin bүlkildep olen ajtyp zhatady Әbdizhәmil Nurpejisov Nurgisanyn talantty ekenin tula bojy tolgan әn әuen saz ekenin bilu үshin onymen bir ret didarlasyp kezdesse de zhetip zhatyr Osy bir akzharkyn arzhajy ashyk zhigittin karapajmy dybyska kalaj zhan bitirip zhibergenine tandanasyn Esh nәrsege konili selt etpejtin osy dүniedegi en bir enzhar samarkau zhүretin kisini de zhagasynan ustap alyp zhulkyp zhulkyp kalgandaj kudiretti kүshti kaptatyp zhiberetinine sener senbesindi bilmejsin Erkegali Rahmadiev N Tilendiev bir gasyrda bir tuyp gasyrlar bojy ozinin onerimen halkynyn ortasynda omir sүretin tulga Әbish Kekilbaev Dombyrashy Nurgisanyn kolyna dombyra tise teniz torinde dauyl koterilgendej alaj men dүlejdin alasapyranyna tүsip dirizher Nurgisanyn kolyna orkestr tise Alatau zhapyrylyp Atlant sapyrylyp ketkendej alaman asyrdyn astynda kaldyryp kompozitor Nurgisa bilik alsa aspan ashylyp shuak shashylyp dүnie zharkyrap zhүre beretin kazirgi dәurenimizdi kore kalgandardyn oksimej esti kalgandardyn koksemej otui esh mүmkin emes Zhүrektin dүlgirine kiyaldyn kiyryna armannyn tungiygyna ondaj teren bojlaj alatyndar tym sirek edi au Myrzataj Zholdasbekov Nurgisa Tilendiev kazak dalasyn sahnaga ajnaldyryp sazga bolenen zhasampaz muzyka onerinin ashylmaj ketken zhumbagy sheshilmej ketken syry tausylmajtyn keni tot baspajtyn asyly sarkylmajtyn bulagy sonbejtin shyragy talmajtyn pyragy kalkajgan kulagy lapyldagan zhүregi kulamajtyn tiregi akikat shyndygy askak үni altyn dingegi minsiz ustasy oshpejtin onegesi azbajtyn ruhy әnnin tikken tuy askar tauy kүjdin sokkan zheli kara dauyly ak borany maukymyzdy baskan әni elge em bolgan balger barmagynan bal tamgan arkaly dombyrashy keudesinen kүj kozdagan kүj kudiret Zhәnibek Kәrmenov Soz zhok Nurgisa Tilendiev okshau dara tulga Zor talant iesi Halkymyzdyn akyndyk әnshilik sheshendik kүjshilik kompozitorlyk ruhy kүsh kuaty bir basynda togyskan zharatylysy zhomart birtuar zhan Osy oj tolgamdardyn alyp kosary zhok bәri de akikat sozder Ojdyn oramyn Tilendiuly Nurgisanyn oz sozimen tүjindeuge bolar Kejde men ozimdi әke shesheden tumagandaj sezinem Өjtkeni halyk alakanyna salyp omir bojy ayalap keledi dejdi eken Bul da shygar kүndej shyndyk Arman Bir auylda toj bolyp sol tojga Tilendiuly Nurgisa arnajy shakyrylypty Өzi toj bolgan son ogan Nurgisa shakyrylgan son әrine kүj tartylady Kүjdi әrine Nurgisa tartady Eldin de kүtkeni sol kүj tartylgan sajyn tyndaushy zhurttyn ajyzy kanyp zhelpine tүsedi Zhurt zhelpinip koshamet korsetken sajyn Nurgisanyn arkasy kozyp dombyrasyn kyryk kubyltady Tyndaushynyn delebesi odan sajyn kozady Zhurt osylajsha mәz mejram bolyp zhatkanda bir ak sakaldy kart kujgan mүsindej bolyp shetteu otyrady Bejne bir tas keren adam sekildi tartylyp zhatkan kүjge selt etpejdi Әrbir kүjdi tartkan sajyn kolpashty kardaj boratkan kopshilik Nurgisany odan sajyn kolkalaj tүsedi Eti kyzyp algan Nurgisa dombyrany tosine kojyp basyna shygaryp shyrk үjirip tartady Tyndaushy kopshiliktin esi shygyp odan sajyn үzdige tүsedi Tek әlgi shetkerirek otyrgan ak sakaldy kart sol kujgan mүsin siyakty kalpynan selt eter emes Nurgisa bolsa arkalanyp algan dombyrasyn odan sajyn bebeuletip odan arman bezildete tүsedi Әlden uakytta delebesi kozgan bir zhas zhigit Nurgisa siz kүjdi bashajynyzben tartady dejdi goj bashajynyzben tartynyzshy dep ozeurejdi Nurgisa bolsa suraushyny zhalyndyrmajdy kebisti kagyp tastap dombyrany bashajymen kagady Zhurt kyran topan ajran asyr tan tamasha Birak shetkeride otyrgan kart kana selt etpesten sol tunzhyragan kalpynan tanbajdy Sodan kүjdin neshe atasy tartylyp әnnin neshe atasy ajtylyp tyndaushynyn kumary kanyp tүnnin bir mezgili bolgan kezde Nurgisa tynygyp dem almakshy bolady Қonaktardy aldyn ala sajlangan үjlerge bolip bolip zhatkyzu үshin tarata bastajdy Nurgisa bolsa baganagy kujgan mүsindej tunzhyr karttyn үjine bolinedi Үjge keledi Tap tujnaktaj konak tүsetin үj eken Nurgisanyn kozine torde iluli turgan kozy karyn kyzyl dombyra aldymen shalynady Dombyra korse Nurgisada tagat kala ma kyzyl dombyrany kolyna alyp shertip korse dombyranyn komeji kүmbirlep kokiregi oksidi eken Nurgisa kyzykgyp ketedi de үj iesine Aksakal bir kүj tartyp berejinshi dejdi Үj iesi samarkau kalpymen Nurgisanyn betine barlaj karap alady da Tartsan tart shyragym Tek үjdin berekesin almaj adam kusap tartshy dejdi Қarttyn үni mүlde tүnilgendej deni durys kүj tyndaudan kүderin үzgendej bolyp estiledi Nurgisa bolsa dүnie tonkerilip tүskendej Ah dejdi Kүn uzyngy kolpashtyn kүn uzyngy marapattyn bәri zhelge ushkandaj bәri zhalgan siyakty zhany kulazyp sala beredi Ol azdaj ak sol sәt әkesi Tilendi markumnyn dәl zhanagy kart siyakty Kүjdin berekesin almaj kүjin keltirip tartar bolar dep otyratyn sozi esine tүsip odan sajyn kumygydy Tap bir әke osietin attangandaj kүjshi әkesinin armanyna kylau tүsirip algandaj zhan dүniesi әp sәtte әpter dәpter bolady Sol sәt kokiriginen Ah arman aj degen sozdin kalaj lyksyp shykkanyn ozi de angarmaj kalady Nurgisa tugyrdagy kyrandaj dүr silkinip esin zhiyady Sol kalpynda dombyrany үgitip zhibererdej kushyrlana bauyryna basyp otyryp zhorgekten kulagyna singen eski saryndy sunkyldatyp koya beredi Kүj kolymen emes zhүregimen tartylady Terennen tepsinip shykkan shungyla saryn goj gojlep nebir nakyshty iirim kajyrymdar ozinen ozi kujylyp armanymen kauyshkandaj sezine beriledi Kүj ayaktalady Nurgisa karsy aldynda kakshiyp otyrgan kartka karajdy Қarttyn kabagy ashylyp zhanary shoktaj zhajnap mүlde baska kүjge tүsken Sol kalpy botadaj elpildep Oj bәrekeldi orkenin ossin karagym dejdi Nurgisa sonda gana ozine ozi kelgendej bolyp konili ornyna tүsedi Sojtse bul kartynyz sogyska barganga dejin tyndaushysyn tәnti etken dәulesker dombyrashy eken Sogystan sol koly shyntagynan kesilip oralypty Қol kesilgenmen kokirek sau kүjge yntyk konilin ozinshe aulap dombyrasyn baptap koyady eken Mine osy karttyn aldynda tartkan kүjin Nurgisa kejin Arman dep atap zhurtka zhajsa kerek MarapattaryҚazakstannyn halyk әrtisi Қazakstan Respublikasy Memlekettik syjlygynyn iegeri KSRO nyn halyk әrtisi Қazakstan Respublikasy Prezidentinin zharlygymen N Tilendiulyna 1998 zhyly Halyk Қaһarmany atagy berildi Otan ordeni II dәrezheli Otan sogysy ordeni Қazakstannyn enbek sinirgen oner kajratkeri DerekkozderҚazak shezhiresi 2 tom Orta zhүz zhan arys Tenizbaj Үsenbaev Abaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9 Tarihi tulgalar Tanymdyk kopshilik basylym Mektep zhasyndagy okushylar men kopshilikke arnalgan Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2 Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet