Бейнеу ауданы – Маңғыстау облысының солтүстігіндегі әкімшілік бірлік. Аудан орталығы - Бейнеу ауылы. Аудан көлемі 40,5 мың км2. Ақтаудан Бейнеуге дейінгі арақашықтық - 470 км.
Қазақстан ауданы | |||
Бейнеу ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны | 10 | ||
Ауыл саны | 11 | ||
Әкімі | Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Бейнеу ауылы, Тәжіұлы көшесі, №10/1 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Құрылған уақыты | 1973 | ||
Жер аумағы | 40 519 км² (3-ші орын) | ||
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны | 72 484 адам (2023)(2-ші орын) | ||
Тығыздығы | 1,8 адам/км² (5-ші орын) | ||
Ұлттық құрамы | қазақтар (98,66%), қарақалпақтар (0,78%), өзбектер (0,30%), орыстар (0,05%), басқалары (0,21%) 2022 ж. | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Пошта индексі | 130100-130108 | ||
Автомобиль коды | 12 | ||
Бейнеу ауданының әкімдігі | |||
|
Тарихы
1973 жылдың 20 наурызы – бүкіл маңғыстаулықтар үшін ақ түйенің қарны жарылып, аспаннан нұр жауған күн. Бұл күні Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақ ССР-інің құрамында Жезқазған және Маңғышлақ облыстарын құру туралы» Жарлығы шықты:
“ | «...2. Қазақ ССР-інің құрамында, орталығы Шевченко қаласында, Маңғышлақ облысы құрылсын: оның құрамына Гурьев облысының Шевченко, Жаңаөзен және Форт-Шевченко қалалары, қалалық кеңестеріне бағынатын қалалық поселкелермен және ауылдық кеңестерімен қоса Маңғыстау ауданы енгізілсін. Маңғышлақ облысының құрамында мынадай жаңа аудандар құрылсын: 1. Орталығы Бейнеу қалалық поселкесінде болатын Бейнеу ауданы құрылсын: оның құрамына Маңғышлақ облысының Маңғыстау ауданындағы Бейнеу қалалық поселкесі, Ақжігіт және Каменный ауылдық кеңестері, Гурьев облысының Ембі ауданындағы Опорный және Сарықамыс поселкелері енгізілсін; 2. Орталығы Ералиев қалалық поселкесі болатын Ералиев ауданы құрылсын: оның құрамына Маңғышлақ облысының Өзен ауданындағы Ералиев, Ақсу және Жетібай қалалық поселкелері, Шевченко қалалық кеңесінің Маңғыстау қалалық поселкесі енгізілсін. 3. Маңғышлақ облысының Жаңаөзен қаласы облысқа бағынатын қала болып қайта құрылсын: 4. Өзен ауданының Өзен қалалық поселкесі Жаңаөзен қалалық кеңесінің қамтуына берілсін. Гурьев облысының Өзен ауданы таратылсын» | ” |
, Алматы, Үкімет үйі, 20 наурыз 1973 жыл |
Сөйтіп, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Адай округін таратпау жөнінде арпалысып құрбан болған Тобанияз бастаған боздақтардың арманы жүзеге асты.
Жарлықтың жариялануымен бірге облыс, аудандарды ұйымдастыру бюролары құрылды. Бейнеу аудандық ұйымдастыру бюросын А. Өтеуов басқарды. Сәуірдің 5-жұлдызында Маңғыстау, Ембі аудандарының осы аумақтағы депутаттары аудандық кеңестің сессиясын өткізіп, аудандық атқару комитетін құрып, оның төрағалығына сайлады. Ал, 11-сәуірде аудан коммунистерінің бірінші партия конференциясы шақырылып, онда аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығына Арон Махуұлы Өтеуов сайланды.
1973 жылдың басында ауданда 17 мың халық тұрды. Маңғыстау мен Қарақұм кеңшарларында 79 мың қой, 2660 жылқы, 2220 түйе болды. «Прорванефть» мұнайгаз өндіру басқармасы сол жылы 1 миллион 255 мың тонна «қара алтын» өндірді.
Мал шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында 1973 жылдың желтоқсанында «Сам» кеңшары (директоры Қуаныш Ғалымов), 1983 жылы «Сыңғырлау» (директоры Наурыз Балмұханов) құрылды. Осылайша үш бірдей Кеңестер Одағының батыры М. Бегенов пен Ж. Қалдықараев, Б. Қалиев туып өскен, үш социалистік Еңбек Ері Ж. Мергенбаева, Ә. Махутов, Ө. Құлбатыров, бір Даңқ орденінің толық иегері Б. Ауданбаев және басқа да айтулы азаматтар тер төккен аймақта аудан құрылып, толықтай қалыптасты.
Аудан 1981-85 жылдары КОКП Орталық Комитетінің, КСРО Министрлер Кеңесінің, ВЦСПС-тің және БЛКЖО Орталық Комитетінің бүкілодақтық социалистік жарыс қорытындысымен аудандарға берілетін ауыспалы Қызыл Туын бес жыл қатарынан жеңіп алды. Ол ту қазір аудандық мұражайда мәңгілікке сақтаулы.
Бүгінде 57700 халық тұратын ауданда Ақжігіт, Сарға, Сыңғырлау, Есет, Тұрыш, Сам, Бейнеу, Боранқұл, Төлеп, Ноғайты, Тәжен ауылдық округтері бар.
Географиясы
Солтүстігінде Атырау облысының Жылыой ауданы, шығысында Ақтөбе облысының Байғанин ауданы, оңтүстік-шығысында Өзбекстанның Қарақалпақстан автономиялы республикасы, оңтүстігінде Маңғыстау ауданымен шектеседі.
Аудандағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Заманымыздың кемеңгер тұлғасы, жазушы Әбіш Кекілбаев Бейнеу аймағы туралы былай деген:
“ | «Осыдан үш миллион жыл бұрын Африкада экватор бойында, ағаш басынан түсіп, денесін тіктеп жүріп, өз бетімен әрекетке көшкен адам нәсілі осыдан бір миллион жыл бұрын Таяу Шығыс арқылы көшкен мұздың соңынан аңдарды қуалап, Еуропа мен Азияға аяқ басқанда әуелі кеп тұрақтаған жерлері осы Қаратеңіз бен Атырау бойлары болатын. Кавказ нәсілдестер күллі Еуропаға Қаратеңіз аумағынан, ең алғашқы адамдардың рамапитиктер деп аталатын шығыс бұтағы көбіне-көп осы Атыраудан айналаға шашыраған-ды» деп болжам айтып, «...Төңірегің тұнып тұрған керемет, төңірегің тұнып тұрған хикая, төңірегің тола ғажайып дастан!...» деп таңдай қаға таңданған Маңғыстау Үстірті – шығысында Асмантай, Матай, Көксеңгірден басталып, батысында Қарашүңгіл, Қарақұмнан кәрі Каспийге сұғынатын, солтүстігінде Төңірекшың, Тортай, Тоқсанбаймен шектесіп, оңтүстігінде Тәңке, Төлепке тірелетін - Бейнеу аймағы.
| ” |
Бейнеудің екінші қорымында көзі тірісінде елінің жел жақтағы панасы, ық жақтағы саясы бола білген азамат, жаудан елді арашалаған батыр, дауда әділетті арашалаған қазы, озбырлықтан обал мен сауапты арашалаған пірәдар, әлсізге – медет, күштіге – айбат, зарыққанға – жебеу, тарыққанға – демеу, асқанға – тосқан, сасқанға – сая, ұрпаққа – ұстаз, ұлысқа – ұран, ел иесі, жер киесі, Пірдің соңы – Бекет Ата Мырзағұлұлының өз қолымен тұрғызған мешіті бар.
«Ұлы жібек жолының» бір тармағы бойында орналасқан ең ежелгі керуенсарайлардың бірі – Білеулі. Ол – бүгінгі Бейнеу ауданының Өзбекстанмен шектесетін шекарасында тұрған тарихи жәдігерлік.
Білеуліден әрі қарай өткен жол Қоңыратқа бағыт түзейді де, Бейнеуге қарай бет алған жүз шақырымдай далалық жол белгілі бекет, ескі қорым тіреледі.
Құсшыдан алпыс шақырымдай жердегі керуенсарайлардың шоғырланған жері – . Мұнда бірнеше керуенсарайлардың қалдығы бар. Бұл – біздің ата-бабаларымыздың батысында Римнің, шығысында Қытайдың хабарын біліп, өркениеттің бел ортасында отырғанын дәлелдейді. Бейнеу – Ұлы Жібек жолының бойындағы бел жазатын елеулі бекет болған.
Дүниежүзі ғалымдарын таңдандырған жаңалық, ол – Тоқсанбай тауынан табылған ең ежелгі қала. Қаланың жер қыртыстары үш қабаттан тұрады. Ең астыңғы қабаты осыдан төрт мың жыл бұрынғы қола дәуіріндегі отырықшы қонысты (қала орнын) дәлелдейді. Бұған дейін мұндай қала орындары Малайзияда () және Орал тауында (Арқайым, ) ғана табылған-ды. Ал Бейнеу ауданына қарайтын Тоқсанбай тауының үстіндегі қала орны олардан да бұрынғы ежелгі дәуір жәдігері болып шықты. Бұл – Қазақстан, көршілес елдер, тіпті дүниежүзі үшін үлкен жаңалық. Екінші мәдени қабатында біздің эрамызға дейінгі бір мыңыншы, ал үшінші қабатында біздің эрамыздың ІХ-Х ғасырларындағы ортағасырлық сақтар тұрмысын дәлелдейтін материалдар табылған.
дәуірінде Алтын ордаға бағынған орыс князьдері Қарақорымдағы Ұлы ханға тағзым етіп, жарлық алуға бару үшін Бейнеу үстімен сапар шегетін болған. Алтын орда астанасы Қарақорым мен беттеген керуендердің есебі жоқ болатын. Сол кезде шыққан керуен Үргенішке қырық күнде, ал Сарайшықтан шыққан керуен Үргенішке отыз күнде жететін еді дейді. Бұл керуен сапарының біраз жолы қазіргі Бейнеу ауданы территориясы үстімен өтеді.
Аржағы – Киев, , Мәскеу князьдіктерінен шығатын керуен жолының бір тармағы – Тархан - Сарай-Берке – Сарайшық – Таскешу – Ақмешіт – Есет – Белдеулі – Тұрыш – – Барақ – Құсшы – Білеулі - Қоңырат арқылы, ал екінші тармағы Сарай-Берке – Сарайшық – Таскешу – Ақмешіт – – – – Бейнеу – Сам – Құсшы – Білеулі – Қоңырат арқылы Хиуа асып Үнді, Қытайға дейін кете береді. Осы бекет-керуен сарайлардың Қарашүңгіл, Білеуліге дейінгі аралығы бүгінгі Бейнеу ауданының жері. Сол керуен жолының сүрлеуімен дәл қазір теміржол өтеді.
Экономикасы
Өндіріс саласы
Өндіріс саласында «, «КАСКо», «Мейрбуш», «Би Эн Джи», «Люсент Петролеум», «Табынай», «Равнинное Ойл» компаниялары жұмыс жасаса, «Толқыннефтегаз» және «Қазполмунай» серіктестіктерінің активтері « Ұлттық компаниясының» «КазМұнайТеңіз» АҚ-ына сенімділікпен басқаруға беріліп, «БейнеуМұнайГаз» кәсіпорны құрылды. Аудан бойынша өткен жылы аудан бойынша 307,1 мың тонна мұнай мен 1,2 млрд. текше метр газ өндірілді, бұл облыстағы мұнайдың 2,1%, газдың 62% құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда мұнай 45,1 мың тоннаға немесе 17,2%-ке көп өндірілсе, газ 18,4 млн. текше метрге немесе 1,5%-ке көп өндірілді. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 15,1 млрд. теңгеге, өнеркәсіп өнімінің көлемі 63,7 млрд. теңгеге жетті.
Аудан өндірісінде басым сипат алатын 29 ұлу тас өндіру карьерлерінде, 600-ге жуық адам жұмыс жасайды. Карьерлер 2011 жылы 597,5 мың текше метр ұлу тас өндірді.
Ауыл шаруашылығы
2011 жылы сиыр 1,2 %-ке, қой мен ешкі 3,6%-ке, жылқы 6,3%-ке, түйе 2,4 %-ке өсті. Қазіргі таңда қолда 4210 бас сиыр, 162112 бас кой мен ешкі, 8840 бас жылқы, 15222 бас түйе бар. Жыл басынан бері 3 фермер қожалығы құрылып, олардың саны 258-ге жетті, бюджетке 4,3 млн. теңге салық төленді.
Аудандағы шараларға Республикалық бюджеттен 26,7 млн. теңге бөлінді, малдарды бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, 2450 бас ірі қара малы сырғаланып, оларға ветеринариялық паспорт жасақталып, селолық округтер бойынша электрондық базаға енгізілді. Бейнеу селосында «мал қорымының» құрылысы аяқталып, Бейнеу, Сам орман шаруашылығы мекемелерінің әкімшілік ғимараттарының құрылысы жүргізілді.
Транспорты
Мұнай-газ өндірумен қоса мұнай мен газды тасымалдау саласында «ҚазТрансОйл», «ҚазТрансГаз» ұлттық компанияларының құрылымдық басқармалары, оларда мыңға тарта адам жұмыс жасайды. Алдағы жылдары Қазақстанды индустрияландыру картасына енгізілген, жылына 5 млрд. текше метр газ тасымалданатын ұзындығы 1475 шақырымдық, жалпы құны 500 млрд. теңге болатын «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырын салу үшін 1 млрд. доллар көлемінде жарғылық қор құрылды. Жобаны жүзеге асыруға Қазақстан жағынан «Қазтрансгаз» акционерлік қоғамы, ал Қытай жағынан «Транс Эйжа Гэз Пайплайн» компаниясы қатысады. Жарғылық қордың қазақстандық бөлігі республикалық бюджеттен қаржыландырылады, оған қосымша 3 млрд. доллар көлемінде қарыз тартылады.
2012 жылы аяқталатын бірінші кезеңде 1164 шақырымдық «Бозой-Шымкент» учаскесі мен «Бозой компрессорлық стансасы» салынады. Бұдан соң «Бейнеу-Бозой» учаскесі мен «Қараөзек компрессорлық стансасы» іске қосылып, газ құбыры 2015 жылы толықтай пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстарына 3,5 мыңға жуық маман тартылып, құбыр пайдалануға берілген соң 500 тұрақты жұмыс орны пайда болады.
Ауданда «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелері жұмыс жасайды. Еліміздегі ірі, әрі перспективалы жобалардың бірі саналатын құны 2,3 млрд. доллар болатын ұзындығы 988 шақырым «Бейнеу-Жезқазған» темір жол желісінің техникалық экономикалық негіздемесі дайын. «Бейнеу-Шалқар» аралығында ұзындығы 471 км., құны 153,5 млрд. теңгені құрайтын теміржол желісі мен ұзындығы 501 км., құны 93,7 млрд. теңгені құрайтын автомобиль жолын салу жуық арада басталады деп күтілуде.
2007 жылы құны 7,6 млрд.теңге болатын 122,6 шақырымдық Бейнеу-Атырау тас жол бағытындағы Боранқұл-Бейнеу тас жолы пайдалануға берілді. 2010 жылы Бейнеу-Ақтау тас жолының құрылысы басталып, оған Премьер-Министр К. Масимов қатысты.
Білім беру жүйесі
Ауданның 26 жалпы білім беретін орта мектебінде 11988 бала оқиды, 1538 педагогикалық қызметкер жұмыс істейді, 20 балабақшада 2043 бүлдіршін тәрбиеленеді. 2011 жылы дарынды оқушылармен жұмыс жасайтын аудандық білім бөлімінің жанынан «Дарын орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ашылды.
Бейнеу селосында 140 орындық балабақша пайдалануға берілсе, қазіргі таңда 140 орындық балабақшаның құрылысы, Ақжігітте 100 орындық балабақшаның, Төлепте 17 орындық балабақшаның құрылыстары жүргізілуде. Мектептер спорт залдарымен толықтай қамтылған. Аудан мектептерінде 41 компьютер класы, 372 орындық лингафон, 384 орындық жаңа үлгідегі лингафондық-мультимедия кабинеті, 18 қашықтықтан оқытудың спутниктік қондырғысы, 23 мектепте интернет желісі мен 24 интерактивті тақта, 1085 электрондық оқулық және соңғы үлгідегі 10 химия, 21 биология, 11 физика кабинеттері бар.
Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде 7 мамандық бойынша күндізгі бөлімде 504, сырттай бөлімде 363 студент оқиды. Өнер мектебінің жанынан құрылған аула клубының 5 тобында 300 бала тәрбиеленуде.
Халқы
2019 жылдың 1 қаңтарына ауданның халық саны 69,6 мың адам.
Этнос | Саны, адам | Пайыздық үлесі, % |
---|---|---|
Қазақтар | 69 639 | 98,88 |
Қарақалпақтар | 405 | 0,58 |
басқа этностар | 368 | 0,54 |
Санақ жылы | Саны, адам |
---|---|
1989 | 23 472 |
1999 | 26 548 |
2009 | 46 937 |
2015 | 62 586 |
2019 | 69 639 |
Әкімшілік бөлінісі
Аудан құрамындағы 3 ауылдық округ пен 7 ауыл әкімшілігіне 11 елді мекен біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Бейнеу ауылдық округі | Бейнеу ауылы | 1 | ▲55842 |
Ақжігіт ауылдық әкімдігі | Ақжігіт ауылы | 1 | ▼2031 |
Боранқұл ауылдық әкімдігі | Боранқұл ауылы | 1 | ▲7277 |
Есет ауылдық әкімдігі | Есет ауылы | 1 | ▼771 |
Сам ауылдық округі | Сам ауылы | 2 | ▼701 |
Сарға ауылдық әкімдігі | Сарға ауылы | 1 | ▲1543 |
Сыңғырлау ауылдық әкімдігі | Сыңғырлау ауылы | 1 | ▼531 |
Тәжен ауылдық округі | Тәжен ауылы | 1 | ▼237 |
Төлеп ауылдық әкімдігі | Төлеп ауылы | 1 | ▲966 |
Тұрыш ауылдық әкімдігі | Тұрыш ауылы | 1 | ▲686 |
Аудан әкімдері
- Басшы Әзірханов 1992-2017
- Бейнеубек Әбілов 2017-2023
- Рақымжан Шалбаев 2023-
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- Қазақстан почталық индекстері
- - Аудан тарихы Мұрағатталған 5 қазанның 2016 жылы.
- - Ауданның әлеуметтік-экономикалық төлқұжаты Мұрағатталған 5 қазанның 2016 жылы.
- - 1989 жылғы Бүкіл кеңестік халық санағының қорытындылары. Мичиган университеті 2009. 1 том
- - 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 22 сәуірдің 2021 жылы.
- Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі. Қазақстан Республикасы тұрғындарының облыстар, қалалар мен аудандар, жынысы мен жас ерекшелігі топтары, этностық бөлігі бойынша 2015 жылдың басындағы саны Мұрағатталған 18 қыркүйектің 2020 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bejneu audany Mangystau oblysynyn soltүstigindegi әkimshilik birlik Audan ortalygy Bejneu auyly Audan kolemi 40 5 myn km2 Aktaudan Bejneuge dejingi arakashyktyk 470 km Қazakstan audanyBejneu audanyEltanbasyӘkimshiligiOblysyMangystau oblysyAudan ortalygyBejneuAuyldyk okrugter sany10Auyl sany11ӘkimiShalbaev Rahymzhan YskakulyAudan әkimdiginin mekenzhajyBejneu auyly Tәzhiuly koshesi 10 1Tarihy men geografiyasyҚurylgan uakyty1973Zher aumagy40 519 km 3 shi oryn Uakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny72 484 adam 2023 2 shi oryn Tygyzdygy1 8 adam km 5 shi oryn Ұlttyk kuramykazaktar 98 66 karakalpaktar 0 78 ozbekter 0 30 orystar 0 05 baskalary 0 21 2022 zh Sandyk identifikatorlaryPoshta indeksi130100 130108Avtomobil kody12Bejneu audanynyn әkimdigiTarihy1973 zhyldyn 20 nauryzy bүkil mangystaulyktar үshin ak tүjenin karny zharylyp aspannan nur zhaugan kүn Bul kүni Қazak SSR Zhogargy Kenesi Prezidiumynyn Қazak SSR inin kuramynda Zhezkazgan zhәne Mangyshlak oblystaryn kuru turaly Zharlygy shykty 2 Қazak SSR inin kuramynda ortalygy Shevchenko kalasynda Mangyshlak oblysy kurylsyn onyn kuramyna Gurev oblysynyn Shevchenko Zhanaozen zhәne Fort Shevchenko kalalary kalalyk kenesterine bagynatyn kalalyk poselkelermen zhәne auyldyk kenesterimen kosa Mangystau audany engizilsin Mangyshlak oblysynyn kuramynda mynadaj zhana audandar kurylsyn 1 Ortalygy Bejneu kalalyk poselkesinde bolatyn Bejneu audany kurylsyn onyn kuramyna Mangyshlak oblysynyn Mangystau audanyndagy Bejneu kalalyk poselkesi Akzhigit zhәne Kamennyj auyldyk kenesteri Gurev oblysynyn Embi audanyndagy Opornyj zhәne Sarykamys poselkeleri engizilsin 2 Ortalygy Eraliev kalalyk poselkesi bolatyn Eraliev audany kurylsyn onyn kuramyna Mangyshlak oblysynyn Өzen audanyndagy Eraliev Aksu zhәne Zhetibaj kalalyk poselkeleri Shevchenko kalalyk kenesinin Mangystau kalalyk poselkesi engizilsin 3 Mangyshlak oblysynyn Zhanaozen kalasy oblyska bagynatyn kala bolyp kajta kurylsyn 4 Өzen audanynyn Өzen kalalyk poselkesi Zhanaozen kalalyk kenesinin kamtuyna berilsin Gurev oblysynyn Өzen audany taratylsyn Almaty Үkimet үji 20 nauryz 1973 zhyl Sojtip Kenes okimetinin algashky zhyldarynda Adaj okrugin taratpau zhoninde arpalysyp kurban bolgan Tobaniyaz bastagan bozdaktardyn armany zhүzege asty Zharlyktyn zhariyalanuymen birge oblys audandardy ujymdastyru byurolary kuryldy Bejneu audandyk ujymdastyru byurosyn A Өteuov baskardy Sәuirdin 5 zhuldyzynda Mangystau Embi audandarynyn osy aumaktagy deputattary audandyk kenestin sessiyasyn otkizip audandyk atkaru komitetin kuryp onyn toragalygyna sajlady Al 11 sәuirde audan kommunisterinin birinshi partiya konferenciyasy shakyrylyp onda audandyk partiya komitetinin birinshi hatshylygyna Aron Mahuuly Өteuov sajlandy 1973 zhyldyn basynda audanda 17 myn halyk turdy Mangystau men Қarakum kensharlarynda 79 myn koj 2660 zhylky 2220 tүje boldy Prorvaneft munajgaz ondiru baskarmasy sol zhyly 1 million 255 myn tonna kara altyn ondirdi Mal sharuashylygyn odan әri damytu maksatynda 1973 zhyldyn zheltoksanynda Sam kenshary direktory Қuanysh Ғalymov 1983 zhyly Syngyrlau direktory Nauryz Balmuhanov kuryldy Osylajsha үsh birdej Kenester Odagynyn batyry M Begenov pen Zh Қaldykaraev B Қaliev tuyp osken үsh socialistik Enbek Eri Zh Mergenbaeva Ә Mahutov Ө Қulbatyrov bir Dank ordeninin tolyk iegeri B Audanbaev zhәne baska da ajtuly azamattar ter tokken ajmakta audan kurylyp tolyktaj kalyptasty Audan 1981 85 zhyldary KOKP Ortalyk Komitetinin KSRO Ministrler Kenesinin VCSPS tin zhәne BLKZhO Ortalyk Komitetinin bүkilodaktyk socialistik zharys korytyndysymen audandarga beriletin auyspaly Қyzyl Tuyn bes zhyl katarynan zhenip aldy Ol tu kazir audandyk murazhajda mәngilikke saktauly Bүginde 57700 halyk turatyn audanda Akzhigit Sarga Syngyrlau Eset Turysh Sam Bejneu Borankul Tolep Nogajty Tәzhen auyldyk okrugteri bar GeografiyasySoltүstiginde Atyrau oblysynyn Zhylyoj audany shygysynda Aktobe oblysynyn Bajganin audany ontүstik shygysynda Өzbekstannyn Қarakalpakstan avtonomiyaly respublikasy ontүstiginde Mangystau audanymen shektesedi Audandagy tarihi mәdeni eskertkishterZamanymyzdyn kemenger tulgasy zhazushy Әbish Kekilbaev Bejneu ajmagy turaly bylaj degen Osydan үsh million zhyl buryn Afrikada ekvator bojynda agash basynan tүsip denesin tiktep zhүrip oz betimen әreketke koshken adam nәsili osydan bir million zhyl buryn Tayau Shygys arkyly koshken muzdyn sonynan andardy kualap Europa men Aziyaga ayak baskanda әueli kep turaktagan zherleri osy Қarateniz ben Atyrau bojlary bolatyn Kavkaz nәsildester kүlli Europaga Қarateniz aumagynan en algashky adamdardyn ramapitikter dep atalatyn shygys butagy kobine kop osy Atyraudan ajnalaga shashyragan dy dep bolzham ajtyp Toniregin tunyp turgan keremet toniregin tunyp turgan hikaya toniregin tola gazhajyp dastan dep tandaj kaga tandangan Mangystau Үstirti shygysynda Asmantaj Mataj Koksengirden bastalyp batysynda Қarashүngil Қarakumnan kәri Kaspijge sugynatyn soltүstiginde Tonirekshyn Tortaj Toksanbajmen shektesip ontүstiginde Tәnke Tolepke tireletin Bejneu ajmagy Bejneudin ekinshi korymynda kozi tirisinde elinin zhel zhaktagy panasy yk zhaktagy sayasy bola bilgen azamat zhaudan eldi arashalagan batyr dauda әdiletti arashalagan kazy ozbyrlyktan obal men sauapty arashalagan pirәdar әlsizge medet kүshtige ajbat zarykkanga zhebeu tarykkanga demeu askanga toskan saskanga saya urpakka ustaz ulyska uran el iesi zher kiesi Pirdin sony Beket Ata Myrzagululynyn oz kolymen turgyzgan meshiti bar Ұly zhibek zholynyn bir tarmagy bojynda ornalaskan en ezhelgi keruensarajlardyn biri Bileuli Ol bүgingi Bejneu audanynyn Өzbekstanmen shektesetin shekarasynda turgan tarihi zhәdigerlik Bileuliden әri karaj otken zhol Қonyratka bagyt tүzejdi de Bejneuge karaj bet algan zhүz shakyrymdaj dalalyk zhol belgili beket eski korym tireledi Қusshydan alpys shakyrymdaj zherdegi keruensarajlardyn shogyrlangan zheri Munda birneshe keruensarajlardyn kaldygy bar Bul bizdin ata babalarymyzdyn batysynda Rimnin shygysynda Қytajdyn habaryn bilip orkeniettin bel ortasynda otyrganyn dәleldejdi Bejneu Ұly Zhibek zholynyn bojyndagy bel zhazatyn eleuli beket bolgan Dүniezhүzi galymdaryn tandandyrgan zhanalyk ol Toksanbaj tauynan tabylgan en ezhelgi kala Қalanyn zher kyrtystary үsh kabattan turady En astyngy kabaty osydan tort myn zhyl buryngy kola dәuirindegi otyrykshy konysty kala ornyn dәleldejdi Bugan dejin mundaj kala oryndary Malajziyada zhәne Oral tauynda Arkajym gana tabylgan dy Al Bejneu audanyna karajtyn Toksanbaj tauynyn үstindegi kala orny olardan da buryngy ezhelgi dәuir zhәdigeri bolyp shykty Bul Қazakstan korshiles elder tipti dүniezhүzi үshin үlken zhanalyk Ekinshi mәdeni kabatynda bizdin eramyzga dejingi bir mynynshy al үshinshi kabatynda bizdin eramyzdyn IH H gasyrlaryndagy ortagasyrlyk saktar turmysyn dәleldejtin materialdar tabylgan dәuirinde Altyn ordaga bagyngan orys knyazderi Қarakorymdagy Ұly hanga tagzym etip zharlyk aluga baru үshin Bejneu үstimen sapar shegetin bolgan Altyn orda astanasy Қarakorym men bettegen keruenderdin esebi zhok bolatyn Sol kezde shykkan keruen Үrgenishke kyryk kүnde al Sarajshyktan shykkan keruen Үrgenishke otyz kүnde zhetetin edi dejdi Bul keruen saparynyn biraz zholy kazirgi Bejneu audany territoriyasy үstimen otedi Arzhagy Kiev Mәskeu knyazdikterinen shygatyn keruen zholynyn bir tarmagy Tarhan Saraj Berke Sarajshyk Taskeshu Akmeshit Eset Beldeuli Turysh Barak Қusshy Bileuli Қonyrat arkyly al ekinshi tarmagy Saraj Berke Sarajshyk Taskeshu Akmeshit Bejneu Sam Қusshy Bileuli Қonyrat arkyly Hiua asyp Үndi Қytajga dejin kete beredi Osy beket keruen sarajlardyn Қarashүngil Bileulige dejingi aralygy bүgingi Bejneu audanynyn zheri Sol keruen zholynyn sүrleuimen dәl kazir temirzhol otedi EkonomikasyӨndiris salasy Өndiris salasynda KASKo Mejrbush Bi En Dzhi Lyusent Petroleum Tabynaj Ravninnoe Ojl kompaniyalary zhumys zhasasa Tolkynneftegaz zhәne Қazpolmunaj seriktestikterinin aktivteri Ұlttyk kompaniyasynyn KazMunajTeniz AҚ yna senimdilikpen baskaruga berilip BejneuMunajGaz kәsiporny kuryldy Audan bojynsha otken zhyly audan bojynsha 307 1 myn tonna munaj men 1 2 mlrd tekshe metr gaz ondirildi bul oblystagy munajdyn 2 1 gazdyn 62 kurady Aldyngy zhylmen salystyrganda munaj 45 1 myn tonnaga nemese 17 2 ke kop ondirilse gaz 18 4 mln tekshe metrge nemese 1 5 ke kop ondirildi Negizgi kapitalga salyngan investiciya kolemi 15 1 mlrd tengege onerkәsip oniminin kolemi 63 7 mlrd tengege zhetti Audan ondirisinde basym sipat alatyn 29 ulu tas ondiru karerlerinde 600 ge zhuyk adam zhumys zhasajdy Karerler 2011 zhyly 597 5 myn tekshe metr ulu tas ondirdi Auyl sharuashylygy 2011 zhyly siyr 1 2 ke koj men eshki 3 6 ke zhylky 6 3 ke tүje 2 4 ke osti Қazirgi tanda kolda 4210 bas siyr 162112 bas koj men eshki 8840 bas zhylky 15222 bas tүje bar Zhyl basynan beri 3 fermer kozhalygy kurylyp olardyn sany 258 ge zhetti byudzhetke 4 3 mln tenge salyk tolendi Audandagy sharalarga Respublikalyk byudzhetten 26 7 mln tenge bolindi maldardy birdejlendiru zhumystary zhүrgizilip 2450 bas iri kara maly syrgalanyp olarga veterinariyalyk pasport zhasaktalyp selolyk okrugter bojynsha elektrondyk bazaga engizildi Bejneu selosynda mal korymynyn kurylysy ayaktalyp Bejneu Sam orman sharuashylygy mekemelerinin әkimshilik gimarattarynyn kurylysy zhүrgizildi TransportyMunaj gaz ondirumen kosa munaj men gazdy tasymaldau salasynda ҚazTransOjl ҚazTransGaz ulttyk kompaniyalarynyn kurylymdyk baskarmalary olarda mynga tarta adam zhumys zhasajdy Aldagy zhyldary Қazakstandy industriyalandyru kartasyna engizilgen zhylyna 5 mlrd tekshe metr gaz tasymaldanatyn uzyndygy 1475 shakyrymdyk zhalpy kuny 500 mlrd tenge bolatyn Bejneu Bozoj Shymkent magistraldy gaz kubyryn salu үshin 1 mlrd dollar koleminde zhargylyk kor kuryldy Zhobany zhүzege asyruga Қazakstan zhagynan Қaztransgaz akcionerlik kogamy al Қytaj zhagynan Trans Ejzha Gez Pajplajn kompaniyasy katysady Zhargylyk kordyn kazakstandyk boligi respublikalyk byudzhetten karzhylandyrylady ogan kosymsha 3 mlrd dollar koleminde karyz tartylady 2012 zhyly ayaktalatyn birinshi kezende 1164 shakyrymdyk Bozoj Shymkent uchaskesi men Bozoj kompressorlyk stansasy salynady Budan son Bejneu Bozoj uchaskesi men Қaraozek kompressorlyk stansasy iske kosylyp gaz kubyry 2015 zhyly tolyktaj pajdalanuga beriledi Қurylys zhumystaryna 3 5 mynga zhuyk maman tartylyp kubyr pajdalanuga berilgen son 500 turakty zhumys orny pajda bolady Audanda Қazakstan Temir zholy ulttyk kompaniyanyn kurylymdyk bolimsheleri zhumys zhasajdy Elimizdegi iri әri perspektivaly zhobalardyn biri sanalatyn kuny 2 3 mlrd dollar bolatyn uzyndygy 988 shakyrym Bejneu Zhezkazgan temir zhol zhelisinin tehnikalyk ekonomikalyk negizdemesi dajyn Bejneu Shalkar aralygynda uzyndygy 471 km kuny 153 5 mlrd tengeni kurajtyn temirzhol zhelisi men uzyndygy 501 km kuny 93 7 mlrd tengeni kurajtyn avtomobil zholyn salu zhuyk arada bastalady dep kүtilude 2007 zhyly kuny 7 6 mlrd tenge bolatyn 122 6 shakyrymdyk Bejneu Atyrau tas zhol bagytyndagy Borankul Bejneu tas zholy pajdalanuga berildi 2010 zhyly Bejneu Aktau tas zholynyn kurylysy bastalyp ogan Premer Ministr K Masimov katysty Bilim beru zhүjesiAudannyn 26 zhalpy bilim beretin orta mektebinde 11988 bala okidy 1538 pedagogikalyk kyzmetker zhumys istejdi 20 balabakshada 2043 bүldirshin tәrbielenedi 2011 zhyly daryndy okushylarmen zhumys zhasajtyn audandyk bilim boliminin zhanynan Daryn ortalygy memlekettik kommunaldyk kәsiporny ashyldy Bejneu selosynda 140 oryndyk balabaksha pajdalanuga berilse kazirgi tanda 140 oryndyk balabakshanyn kurylysy Akzhigitte 100 oryndyk balabakshanyn Tolepte 17 oryndyk balabakshanyn kurylystary zhүrgizilude Mektepter sport zaldarymen tolyktaj kamtylgan Audan mektepterinde 41 kompyuter klasy 372 oryndyk lingafon 384 oryndyk zhana үlgidegi lingafondyk multimediya kabineti 18 kashyktyktan okytudyn sputniktik kondyrgysy 23 mektepte internet zhelisi men 24 interaktivti takta 1085 elektrondyk okulyk zhәne songy үlgidegi 10 himiya 21 biologiya 11 fizika kabinetteri bar Bejneu gumanitarlyk ekonomikalyk kolledzhinde 7 mamandyk bojynsha kүndizgi bolimde 504 syrttaj bolimde 363 student okidy Өner mektebinin zhanynan kurylgan aula klubynyn 5 tobynda 300 bala tәrbielenude Halky2019 zhyldyn 1 kantaryna audannyn halyk sany 69 6 myn adam Etnos Sany adam Pajyzdyk үlesi Қazaktar 69 639 98 88Қarakalpaktar 405 0 58baska etnostar 368 0 54Sanak zhyly Sany adam1989 23 4721999 26 5482009 46 9372015 62 5862019 69 639Әkimshilik bolinisiAudan kuramyndagy 3 auyldyk okrug pen 7 auyl әkimshiligine 11 eldi meken biriktirilgen Әkimshilik birlik Ortalygy Eldi mekenderi Halky 2021 Bejneu auyldyk okrugi Bejneu auyly 1 55842Akzhigit auyldyk әkimdigi Akzhigit auyly 1 2031Borankul auyldyk әkimdigi Borankul auyly 1 7277Eset auyldyk әkimdigi Eset auyly 1 771Sam auyldyk okrugi Sam auyly 2 701Sarga auyldyk әkimdigi Sarga auyly 1 1543Syngyrlau auyldyk әkimdigi Syngyrlau auyly 1 531Tәzhen auyldyk okrugi Tәzhen auyly 1 237Tolep auyldyk әkimdigi Tolep auyly 1 966Turysh auyldyk әkimdigi Turysh auyly 1 686Audan әkimderiBasshy Әzirhanov 1992 2017 Bejneubek Әbilov 2017 2023 Rakymzhan Shalbaev 2023 DerekkozderҚazakstan Respublikasy halkynyn zhynysy zhәne zhergilikti zherdin tipine karaj sany 2023 zhylgy 1 kantarga Қazakstan Respublikasy halkynyn zhekelegen etnostary bojynsha sany 2022 zhyl basyna Қazakstan pochtalyk indeksteri Audan tarihy Muragattalgan 5 kazannyn 2016 zhyly Audannyn әleumettik ekonomikalyk tolkuzhaty Muragattalgan 5 kazannyn 2016 zhyly 1989 zhylgy Bүkil kenestik halyk sanagynyn korytyndylary Michigan universiteti 2009 1 tom 2009 zhylgy Қazakstan Respublikasy halkynyn Ұlttyk sanagynyn korytyndylary Astana 2011 1 tom Muragattalgan 22 sәuirdin 2021 zhyly Қazakstan Respublikasynyn Statistika agenttigi Қazakstan Respublikasy turgyndarynyn oblystar kalalar men audandar zhynysy men zhas ereksheligi toptary etnostyk boligi bojynsha 2015 zhyldyn basyndagy sany Muragattalgan 18 kyrkүjektin 2020 zhyly