Құлпынай (лат. Fragarіa moschata) – раушангүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Кейбір мәліметтер бойынша құлпынай бүлдіргеннің екі түрінің буданы болып саналады. Биіктігі 30 – 35 см, жапырағы үш тармақты, ірі, ашық жасыл, қалың түпті. Гүл сабақтары жапырақтардан биік орналасады, гүлі ақ, дара жынысты. Жемісі – жидек, тәтті, хош иісті. Мамырда гүлдеп, маусымда жеміс береді. Құлпынай суыққа төзімді, бірақ ұзақ уақыт болатын суықта, әсіресе, қарсыз жылдары түптері үсіп кетеді. Құрғақшылыққа төзімсіз, көлеңкелеу жерде жақсы өседі. Жеміс беруі бүлдіргенге қарағанда төмен. Құлпынайдың Шпанка, Миланская, Гүлжан, т.б. сорттары бар. Жабайы құлпынай Испания, Италия, т.б. Еуропа елдері аумақтарында кездеседі.
Өсімдік туралы
Құлпынай – бүлдіргендер тобы, раушангүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 20-35 см, сабағы тік, жапырақтары үш салалы, ашық жасыл түсті. Өскен кезде мұртшалары пайда болып, мұртшалар арқылы өсімдік тез арада көлденең жайылады. Құлпынайдың гүлдері 5-12 күлтелі, ақ түсті. Гүлдері әрқашан жапырақтарының үстіңгі бетінде орналасады. Гүлсағақтары қысқа. Жидегі қызыл түсті, хош иісті. Жидегінің сыртқы қабатында орналасатын тұқымдарының саны 200-ге дейін жетеді. Құлпынай – жарықсүйгіш өсімдік. Құлпынайдың табиғи түрі тек Еуропада өседі. Бізде екпе түрлері ғана өседі. Сұрпына қарай ерте көктемде, жазда, күзде жеміс береді. Сонымен қатар жаз бойы, күздің суық күндеріне дейін жеміс беретін сұрыптары бар.
Қолданылуы
Құлпынай дәрумендерге аса бай. Құрамындағы С дәруменінің мөлшері цитрус өсімдіктеріне қарағанда анағұрлым көп. Сонымен қатар минералдар мен микроэлементтері де көп: темір, магний, калий, кальций, мырыш, марганец, фосфор, кремний, мыс, йод бар. Құлпынай дәрумен жетіспеушілікке өте пайдалы. Ағзаны тазартып, зәрді және терді айдайды. Құрамындағы антиоксиданттар қартаю процесін тежейді. Иммунитетті күшейтіп, қан аздыққа көмектеседі. Микробқа қарсы қасиеті жоғары болғандықтан, асқазан ауруы бар адамдарға аса пайдалы. Темекі шегетіндерде қатерлі ісік пайда болуы ықтимал, сондықтан құлпынайды көп жеу керек. Жөтел және өкпе аурулары кезінде құлпынайдың жапырақтарын қайнатып ішсе, тез арада жазылып кетуге болады. Құлпынайды десерт ретінде жейді. Құлпынайдың пайдасын арттыру және организмге сіңімдірек болу үшін, қаймақпен немесе кілегеймен жеу керек. Құлпынайдан шырын, тосап, джем жасайды. Хош иісі үшін парфюмерияда қолданады.
Құлпынай туралы тақпақ
Нарттай болып құлпынай
Пісіпті ғой, шіркін –ай!
Құлпынайдың дәмінен
Татуға жұрт ынтық-ай!
Болар сусын десең де,
Тоймайсың канша жесең де.
Жасайды одан әтір де,
Жапырағы ем жөтелге.
Тағы қараңыз
Сілтемелер
- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жидектер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8
- “Қазақ Энциклопедиясы”, VI-том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қulpynaj lat Fragaria moschata raushangүlder tukymdasyna zhatatyn kop zhyldyk shoptesin osimdikter Kejbir mәlimetter bojynsha kulpynaj bүldirgennin eki tүrinin budany bolyp sanalady Biiktigi 30 35 sm zhapyragy үsh tarmakty iri ashyk zhasyl kalyn tүpti Gүl sabaktary zhapyraktardan biik ornalasady gүli ak dara zhynysty Zhemisi zhidek tәtti hosh iisti Mamyrda gүldep mausymda zhemis beredi Қulpynaj suykka tozimdi birak uzak uakyt bolatyn suykta әsirese karsyz zhyldary tүpteri үsip ketedi Қurgakshylykka tozimsiz kolenkeleu zherde zhaksy osedi Zhemis berui bүldirgenge karaganda tomen Қulpynajdyn Shpanka Milanskaya Gүlzhan t b sorttary bar Zhabajy kulpynaj Ispaniya Italiya t b Europa elderi aumaktarynda kezdesedi ҚulpynajӨsimdik turalyҚulpynaj bүldirgender toby raushangүlder tukymdasyna zhatatyn kop zhyldyk shoptesin osimdik Biiktigi 20 35 sm sabagy tik zhapyraktary үsh salaly ashyk zhasyl tүsti Өsken kezde murtshalary pajda bolyp murtshalar arkyly osimdik tez arada koldenen zhajylady Қulpynajdyn gүlderi 5 12 kүlteli ak tүsti Gүlderi әrkashan zhapyraktarynyn үstingi betinde ornalasady Gүlsagaktary kyska Zhidegi kyzyl tүsti hosh iisti Zhideginin syrtky kabatynda ornalasatyn tukymdarynyn sany 200 ge dejin zhetedi Қulpynaj zharyksүjgish osimdik Қulpynajdyn tabigi tүri tek Europada osedi Bizde ekpe tүrleri gana osedi Surpyna karaj erte koktemde zhazda kүzde zhemis beredi Sonymen katar zhaz bojy kүzdin suyk kүnderine dejin zhemis beretin suryptary bar ҚoldanyluyҚulpynaj dәrumenderge asa baj Қuramyndagy S dәrumeninin molsheri citrus osimdikterine karaganda anagurlym kop Sonymen katar mineraldar men mikroelementteri de kop temir magnij kalij kalcij myrysh marganec fosfor kremnij mys jod bar Қulpynaj dәrumen zhetispeushilikke ote pajdaly Agzany tazartyp zәrdi zhәne terdi ajdajdy Қuramyndagy antioksidanttar kartayu procesin tezhejdi Immunitetti kүshejtip kan azdykka komektesedi Mikrobka karsy kasieti zhogary bolgandyktan askazan auruy bar adamdarga asa pajdaly Temeki shegetinderde katerli isik pajda boluy yktimal sondyktan kulpynajdy kop zheu kerek Zhotel zhәne okpe aurulary kezinde kulpynajdyn zhapyraktaryn kajnatyp ishse tez arada zhazylyp ketuge bolady Қulpynajdy desert retinde zhejdi Қulpynajdyn pajdasyn arttyru zhәne organizmge sinimdirek bolu үshin kajmakpen nemese kilegejmen zheu kerek Қulpynajdan shyryn tosap dzhem zhasajdy Hosh iisi үshin parfyumeriyada koldanady Қulpynaj turaly takpakNarttaj bolyp kulpynaj Pisipti goj shirkin aj Қulpynajdyn dәminen Tatuga zhurt yntyk aj Bolar susyn desen de Tojmajsyn kansha zhesen de Zhasajdy odan әtir de Zhapyragy em zhotelge Tagy karanyzҚulpynaj tosaby Қulpynaj salyngan kausyrma Shie Alma Almurt BananSiltemelerGүlstan osimdikter turaly sajt Muragattalgan 20 akpannyn 2012 zhyly DerekkozderҚ 74 Қulzhabaeva G Ә Өsimdikter әlemi oku әdistemelik kesheni Zhidekter Didaktikalyk material Almaty 2011 16 b ISBN 978 601 7237 31 8 Қazak Enciklopediyasy VI tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet