Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов (22 наурыз 1902 жыл — 31 желтоқсан 1985 жыл) — қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов | |
Туған кездегі есімі | Ғабді әл-Ғабит (Құдайдың құлы) |
---|---|
Лақап аты | Елтін–Жал |
Туған күні | |
Туған жері | Қазіргі Жаңажол ауылы, Жамбыл ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ресей империясы |
Қайтыс болған күні | 31 желтоқсан 1985 (83 жас) |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | КСРО |
Ұлты | қазақ |
Мансабы | |
Бағыты | |
Жанры | |
Шығармалардың тілі |
Қазақ КСР ҒА академигі (1958), Социалистік Еңбек Ері (1974), Қазақстан халық жазушысы.
Қазақстан жазушылары Одағының төрағасы (1961), КСРО Жазушылар Одағының хатшысы, КСРО Жоғары Кеңесінің 5-шақырылымының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі депутаты.
Өмірбаяны
Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылында дүниеге келген. Орта жүздің керей тайпасының Сибан руынан шыққан.
Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат танып, жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіреді.
Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер-ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді.
Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осында өткізген 1923 – 1926 жылдары Орынбордағы жұмысшы факультетінде Сәбит Мұқановпен бірге оқыды және Сәкен Сейфуллинмен танысты.
1927 жылы Омбы ауылшаруашылығы интернатын бітірді;
1927 – 1928 жылы Бурабай орман шарушылық техникумында оқытушы қызметінде;
1928 – 1932 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы қызметінде;
1933 жылы - Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі қызметінде;
1934 жылдан “Қазақ әдебиеті” және “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) (1935) газеттерінде бас редактор қызметінде;
1936 жылы - Қазақ Өлкелік комитетінде баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде;
1937 жылдан Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметінде;
1938 –1955 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыстармен айналысқан;
1956 – 1957 жылы “Ара – Шмель” журналының бас редакторы;
1956 – 1961 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы;
1958 жылдан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комитеттің мүшесі;
1964 – 1966 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы болып;
1959–1985 жылдары КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған.
Шығармашылығы
Алғаш 1925 жылы «Едіге» әңгімесі «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланды. Мүсіреповтің тұңғыш повестерінің қатарына 1928 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген “Тулаған толқында” мен “Американ бидайығы” атты шығармалары жатады. Жас жазушының болашағынан үміт күттірген бұл туындылар азаматтық тақырыпты толғайды. “Тулаған толқында” повесі сюжеттік құрылысының босаңдығына қарамастан, жас қаламгердің пейзаждық, юморлық, диалог жасағыштық шеберліктерін байқатып, суреткерлік қырын танытқан шығармасы болды.
М. әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Алғашқы шығармаларынан-ақ жазушылық шеберлігімен танылды. “Қос шалқар” (1928), “Көк үйдегі көршілер” (1929), “Өмір ертегісі” (1930), “Алғашқы адымдар” (1932), “Шұғыла” (1934), “Үздіксіз өсу” (1934), “Жайлау жолында” (1936), “Тұтқын қыз” (1938), “Жеңілген Есрафил” (1939), тағы басқа әңгіме, повестерінде еңбек адамдарының қиындыққа толы қажырлы өмірі мен азамат соғысы, ұжымдастыру кезіндегі дүрбелең оқиғалар легі суреттеледі.
Мүсірепов әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында қазақ әйелінің жиынтық бейнесін жасады. Көптеген әңгіме, новеллаларында Әйел — Ананың бейнесін асқақтатып, әлем әдебиетіндегі Әйел — Ана тұлғаларының галереясын байыта түсті. Ол “Ананың анасы” (1933), “Өлімді жеңген ана” (1933), “Ашынған ана”, “Ананың арашасы” (1934), “Ер ана” (1942), “Ақлима” (1944), “Әмина”, “Ана жыры”, “Ана” шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді. Ана жайында жазылған алғашқы әңгімелері М.Горький сарынында алынғанымен, ана бейнесі қазақы қасиеттерімен көркем өрнектелген. Мүсірепов қаламынан туған Қапия, Ақлима секілді ана образдары арқылы қазақ өмірінің шынайы көріністері сипатталады.
Мүсіреповтің алғашқы романы — “Қазақ солдаты”. 1945 жылы “Қазақ батыры” деген атпен жарық көрген повесін жазушы өңдеп, толықтырып, 1950 жылы қайта жариялады. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында II дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Романның басты кейіпкері — Қайрош Сарталиевтің прототипі Қайырғали Смағұлов 1941—45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті.
“Оянған өлке” (1953) тарихи романында қазақ халқының 19 ғасырдағы өмірі үлкен суреткерлікпен өрнектелген, қазақ жеріне өндіріс орындарының орнай бастауы шынайы сипатталған. Шығармада жазушы ескілікті әдет-ғұрыптарды сынап, кейбір кертартпа дәстүрлердің қазақ даласында азая бастағандығын көрсетті. Қазақ топырағындағы Қарағанды шахтасы мен Ақбұйрат мыс қорыту зауытының құрылуы мен жаңа өмірге ұмтылған адамдар тағдыры, характер шиеленістері, түрлі қақтығыстар – барлығы романда көрініс тапты. Үш томға лайықталған еңбектің алғашқы кітабы Жұман мен Игілік секілді қазақ байларының, орыс байлары мен жұмысшы тобының тартысты қатынастарын жан-жақты көрсету арқылы қазақ даласының бүкіл бір дәуірін суреттейді. Көркем филос. толғауы басым роман қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы ретінде танылды.
“Оянған өлкенің” заңды жалғасы болып табылатын “Жат қолында” (1984) романы 30 жылдан соң жарық көрді. Бұл кітапты өз алдына дербес шығарма деуге де болады. Өйткені романда суреттелген өмір кезеңі де жаңа, кейіпкерлері де соны. Роман өндіріс ошақтарын ағылшындар мен француздардың билеп-төстеуі мен сол тұстағы (19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басы) халық тұрмысын тарихи тұрғыдан терең бейнелеуімен, Орталық Қазақстан өңіріндегі әлеум. өмірдің шындығын кең ауқымда байыпты түрде суреттеуімен құнды. Жазушы бейнелеп отырған дүбірлі оқиғаларға толы тарихи мезгіл сол тұста өмір сүрген жекелеген адамдардың сомдалған тұлғалары, сан алуан әрекеттері, тағдырлары арқылы оқырманның көңіл айнасынан өтіп, көз алдына елестеп отырады.
Көлемді романдармен қатар Мүсірепов прозада шағын жанрды да дамыта түсті. “” (1956), “” (1956), “Сөз жоқ, соның іздері” (1962), “Өмір жорығы” (1963), “Айгүл қойшының бір күні” (1964), “Айжан қойшының түндері”, “Бірінші фонтан”, “Қыран жыры” (1967), “Жапон балладасы” (1967), тағы басқа шығармаларында сан түрлі мәселелерді көтеріп, әрқилы образдарды жасады. “Арқаның, Көздің, Тастың әңгімелері” арқылы, ондағы көркем бейнелер негізінде адамзатқа шексіз қайғы-қасірет әкелуші адамдарды әшкереледі.
Оның “Кездеспей кеткен бір бейне” повесі (1966, ҚР Мемл. сыйл., 1970) — классикалық шығарма. Повесть Мүсіреповтің шынайы сөз зергері ретіндегі қаламгерлік қарымын, талант қуатын танытты. Қара сөзбен жазылған поэма іспетті бұл шығармада азаматтық ерлік пен ақындық асыл өнер, адамгершілік биіктік пен махаббат терең лиризммен әсем өрнектелген. Адам бейнесін, мінез-құлқын, іс-әрекетін әдемі штрих-детальдармен беруде жазушы ірі көркемдік табысқа жеткен. Бас кейіпкер Еркебұланның жігерлі тұлғасы, оның рухани әлемінің алуан сырлары көркемдік бояумен әсем өрнектелген. Оның прототипі ретінде ақын Сәкен Сейфуллин алынған. Терең лиризммен, сан түрлі сезім толқындарымен тебірене жырланған Еркебұлан бейнесі қазақ әдебиетіндегі ұнамды образдар қатарын байытып, сөз өнерінде үлкен жетістік саналды.
Қаламгердің көп ізденіс, үлкен дайындықпен келген образы — Ұлпан бейнесі (“Ұлпан” романы, 1974), ол — қазақ әдебиетіндегі қайталанбас, оқшау тұрған әдеби образ. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер-күшінің молдығымен көрінетін Ұлпан бейнесін жасауға жазушы өмір бойы іштей дайындалып, көп ізденіп, толғанғаны байқалады. Ол күнделігінде: “Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі, тағысын тағы.” деп жазды. Шығармадағы Ұлпан мен Есеней ойдан шығарылған образдар емес, тарихта болған адамдар. Сонымен қатар туынды арқауына алынған 19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік-тарихи өмірі тарихи жан-жақты зерделеніп, іріктелген оқиға, мәліметтер.
Мүсіреповтің драматургия саласына сіңірген еңбегі де орасан зор. Оның “Қыз Жібек” (1934), “Қозы Көрпеш — Баян Сұлу” (1939), “Ақан Сері — Ақтоқты” (1941) пьесалары лиро-эпостық жырлар негізінде туындаған. Фольклорлық шығармалардың идеялық, тақырыптық желісін сақтай отырып, ол тың өрнекті дүниелер жасады. Жазушы пьесалары қазақ театры репертуарынан тұрақты орын алды. “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” ұйғыр, корей театрларының сахналарында, Украинадағы театрында және Мәскеу қаласындағы театрларда, Франциядағы Нанси қаласы театрында (1984) қойылды. Бұл спектакль Париж қаласында өткен театр фестивалінде 1-орын алды (1981).
Мүсірепов сондай-ақ “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” сияқты опера либреттоларының да авторы. Ол тарихи тұлғалар өмірінен “Амангелді” (1939), “Ақан сері – Ақтоқты” (1942), “Болашаққа аманат”, “Қыпшақ қызы Аппақ”, “Қайран Майра” атты драмалық шығармалар жазды. Мүсірепов драматургиясы шиеленіскен әлеуметтік тартысқа құрылған, қимыл-әрекеттері ширақ, диалогтары дәлме-дәл, монологтары ақындық пафоспен рухтанған серпінді, тілі құнарлы да бейнелі: осы қасиеттер кейіпкерлер характерлерін терең ашуда қолайлы қызмет атқарған. Сценарийін , В.Ивановпен бірігіп жазған “Амангелді” фильмі (1938) қазақ кино өнерінің алғашқы баспалдағы саналса, “Махаббат туралы дастан”, “Қыз Жібек” (1970) фильмдері қазақ кино өнерінің алтын қорынан орын алған туындылар. Мүсірепов – қазақ әдебиетінде очерк, публицистика жанрларын дамытуға да үлкен үлес қосты. Оның “Уақыт іздері” (1977) атты еңбегі идеялық соңдылығымен ерекшеленді. Жазушы очерктерінің басым көпшілігі мазмұн тереңдігімен, шынайы көркемдігімен өзі өмір сүрген заманның талабына толық үндес келіп отырды. Мүсірепов 1970 жылдан күнделік жазуды әдетке айналдырған. Оның архивінде (мұражайындағы) жазушының 300-ден астам қойын кітапшалары сақталған. 1997 ж. Мүсіреповтің “Күнделік” атты кітабы жарық көрді (құрастырған Ә.Нарымбетов).
Жазушы қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының дамуына зор үлес қосты. Оның әдебиет мәселелері жайында жазған еңбектері 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап өмірінің соңғы кезеңіне дейін мерзімді баспасөз бетінде қазақ, орыс тілдерінде үздіксіз жарияланып тұрды. Әдеби-сын мақалалары “Суреткер парызы” (1970), “Заман және әдебиет” (1982), “Дәуір дидары” (1986), “Әдебиет – кәсіп емес, өнер” (1987) атты кітаптарында жинақталып, жарық көрді. Мұнда ол әдебиет пен өнердің 20 ғасырдағы даму кезеңіне, сондай-ақ олардың жекелеген елеулі құбылыстарына биік позиция тұрғысынан қарап, ғылыми топшылаулар жасады. Әдебиет тарихына талдау жасап, сөз өнерінің әрбір табысын халықтың рухани қазынасына қосылған құнды дүние ретінде бағалады. Жоғары көркемдік идея мен шығармашылық шеберлікті әдебиет пен өнердің әрбір туындысын талдау үстінде берік, айнымас өлшем ретінде ұстанып, әдеби шығарманың халықтық асыл мұра болып қалуы үшін белсенді түрде үздіксіз күресті.
Көркем аудармада О. Генри, , , , , , У.Шекспир, , , , , , , , тағы басқа қаламгерлер пьесаларын қазақ тіліне аударды. Мүсірепов белгілі ғалым Г.Ломидзе атап көрсеткендей: “Ол керемет дәлдікпен әрі үйлесімділікпен жұмыс істейтін өте нәзік, өрнекті шебер. Мүсірепов қаламынан жанды бейне, тірі пішін сомдалып, ол суреттеген адам мінез-құлқы мен құбылыстарға кең тыныс, ауқымдылық тән” суреткер болды.
Қоғам және мемлекет қайраткері
Мүсірепов – көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері. 1932 жылдың 4 шілдесінде ол республикаға танымал адамдармен бірлесе отырып, халықтың басына төнген аштық нәубеті жайында БКП(б) қазақ өлкелік комитетіне “Бесеудің хатын” жолдады. Хаттың мазмұны мен көтерген келелі мәселесі Мүсіреповтің қай кезеңде де болмасын халқының қамы үшін күресіп, қоғам алдындағы парызын адал орындаған азамат болғандығын айғақтай түседі.
1990 жылы Мүсірепов атындағы республикалық балалар мен жасөспірімдер театрында “Бесеудің хаты” спектаклін қойды, пьеса авторы – , қоюшы-режисер ). Мүсіреповтің қоғам қайраткері ретіндегі, қарапайым адам қатарындағы адамгершілік ұстанымдарын айғақтайтын іс-қимылдары жетерлік. Соның бірі 1937 жылы Қазақстан Жазушылар одағындағы жиналыста тағдыры талқыға түсіп, ұсталып бара жатқан Б.Майлинге араша түсіп, “Бейімбет жау болса, мен де жаумын” деген сөзі бүгінгі күні аңызға айналған. Осының салдарынан ол 1938 жылы партия қатарынан шығарылды. Ол сондай-ақ Азия және Африка елдері жазушыларының Ташкент, Бейрут, Дели, Алматы конференцияларының белсенді ұйымдастырушыларының бірі болды.
Жазушы бейбітшілік күрескері ретінде Алматы мен Мәскеуде ғана емес, Париж, Рим, Джакарта, Токио, Каир, тағы басқа қалаларда өткен халықаралық конференцияларда сөз сөйлеп, күрделі мәселелерді көтерді. Ол 5-сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің, бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған.
Бесінші сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің және 6, 7, 8, 9, 10, 11-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.1974 – 75 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
Сценарийлері
- 1938 - Амангелді
- 1942 - №12 әскери киножинақ
- 1950 -
- 1954 - Қозы Көрпеш - Баян Сұлу
- 1969-1970 - Қыз Жібек
- 1972 - Арман асуы
- 1977 - Кездеспей кеткен бір бейне
Марапаттары
- "Кездеспей кеткен бір бейне" кітабы үшін 1968 ж. Абай атындағы республикалық сыйлық алды.
- Қазақстан Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығын (1977) алды.
- 3 мәрте Ленин (1962, 1972, 1974),
- 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту (1957),
- “Халықтар достығы” (1982) ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
- Мүсірепов есімі Солтүстік Қазақстан облысындағы бір ауданға, Алматыдағы бір бульварға, Нұр-Сұлтандағы көшелердің біріне берілді.
- Қазақ мемлекеттік Балалар мен жасөспірімдер театрына есімі берілген, сондай-ақ театр алдына ескерткіш-мүсіні қойылған (2002).
- 2002 жылы 100-жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде тойланды.
- 100-жылдығына орай пошта маркасы мен естелік тиыны шықты.
Дереккөздер
- Қазақстан жазушылары. Анықтамалық. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1982, 166 бет
- Қазақ шежіресі. 2 том. Орта жүз-жан арыс, Теңізбай Үсенбаев,.
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
- Ғ.Мүсірепов фильмографиясы
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Сілтемелер
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Gabit Musrepov |
- Автобиографиялық әңгіме
- Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов Мұрағатталған 23 шілденің 2020 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ғabit Mahmutuly Mүsirepov 22 nauryz 1902 zhyl 31 zheltoksan 1985 zhyl kazaktyn halyk zhazushysy dramaturg synshy memleket zhәne kogam kajratkeri Ғabit Mahmutuly MүsirepovTugan kezdegi esimiҒabdi әl Ғabit Қudajdyn kuly Lakap atyEltin ZhalTugan kүni22 nauryz 1902 1902 03 22 Tugan zheriҚazirgi Zhanazhol auyly Zhambyl audany Soltүstik Қazakstan oblysy Resej imperiyasyҚajtys bolgan kүni31 zheltoksan 1985 1985 12 31 83 zhas Қajtys bolgan zheriAlmaty Қazak KSRAzamattygy KSRO RKFSR 1917 1922 Resej imperiyasy 1902 1917 ҰltykazakMansabyzhazushy synshy memleket zhәne kogam kajratkeriBagytydramaturgiya prozaZhanryәngime povest roman drama Shygarmalardyn tilikazak Қazak KSR ҒA akademigi 1958 Socialistik Enbek Eri 1974 Қazakstan halyk zhazushysy Қazakstan zhazushylary Odagynyn toragasy 1961 KSRO Zhazushylar Odagynyn hatshysy KSRO Zhogary Kenesinin 5 shakyrylymynyn zhәne Қazak KSR Zhogargy Kenesi deputaty ӨmirbayanyҒabit Mүsirepov bүgingi Soltүstik Қazakstan oblysynyn Zhambyl audanyndagy Zhanazhol auylynda dүniege kelgen Orta zhүzdin kerej tajpasynyn Siban ruynan shykkan Algashkyda auyl moldasynan arabsha hat tanyp zhastajynan әueli eki zhyldyk auyldyk orys mektebin kejin tort zhyldyk zhogary baskysh orys mektebin bitiredi Orys mektebinde zhүrgende orystyn atakty akyn zhazushylarynyn shygarmalaryn okyp bilui auyl mektebinde ozin okytkan әdebietshi mugalim Beket Өtetileuovtyn әser ykpaly bolashak zhazushynyn әdebietke erekshe ykylas audaruyna septigin tigizedi Orynbordagy rabfakta okyp zhүrgende ol әdebi bilimin estetikalyk sezimin odan sajyn zhetildire tүsedi Osynda otkizgen 1923 1926 zhyldary Orynbordagy zhumysshy fakultetinde Sәbit Mukanovpen birge okydy zhәne Sәken Sejfullinmen tanysty 1927 zhyly Omby auylsharuashylygy internatyn bitirdi 1927 1928 zhyly Burabaj orman sharushylyk tehnikumynda okytushy kyzmetinde 1928 1932 zhyldary Қazak memlekettik baspasynyn bas redaktory kyzmetinde 1933 zhyly Қazak AKSR Halyk agartu komissariaty oner sektorynyn mengerushisi kyzmetinde 1934 zhyldan Қazak әdebieti zhәne Socialistik Қazakstan kazirgi Egemen Қazakstan 1935 gazetterinde bas redaktor kyzmetinde 1936 zhyly Қazak Өlkelik komitetinde baspasoz bolimi mengerushisinin orynbasary kyzmetinde 1937 zhyldan Қazakstan Kompartiyasy sayasi agartu boliminin mengerushisi kyzmetinde 1938 1955 zhyldary biryngaj shygarmashylyk zhumystarmen ajnalyskan 1956 1957 zhyly Ara Shmel zhurnalynyn bas redaktory 1956 1961 zhyldary Қazakstan Zhazushylar odagy baskarmasynyn 1 hatshysy 1958 zhyldan KSRO Ministrler Kenesi zhanyndagy әdebiet oner zhәne arhitektura salalary bojynsha Lenindik zhәne Memlekettik syjlyk zhonindegi komitettin mүshesi 1964 1966 zhyldary Қazakstan Zhazushylar odagy baskarmasynyn 1 hatshysy bolyp 1959 1985 zhyldary KSRO Zhazushylar odagy baskarmasynyn hatshysy kyzmetterin atkargan ShygarmashylygyAlgash 1925 zhyly Edige әngimesi Enbekshi kazak gazetinde zhariyalandy Mүsirepovtin tungysh povesterinin kataryna 1928 zhyly Қyzylorda kalasynda zharyk korgen Tulagan tolkynda men Amerikan bidajygy atty shygarmalary zhatady Zhas zhazushynyn bolashagynan үmit kүttirgen bul tuyndylar azamattyk takyrypty tolgajdy Tulagan tolkynda povesi syuzhettik kurylysynyn bosandygyna karamastan zhas kalamgerdin pejzazhdyk yumorlyk dialog zhasagyshtyk sheberlikterin bajkatyp suretkerlik kyryn tanytkan shygarmasy boldy M әngime zhanrynyn orkendeuine үlken үles kosty Algashky shygarmalarynan ak zhazushylyk sheberligimen tanyldy Қos shalkar 1928 Kok үjdegi korshiler 1929 Өmir ertegisi 1930 Algashky adymdar 1932 Shugyla 1934 Үzdiksiz osu 1934 Zhajlau zholynda 1936 Tutkyn kyz 1938 Zhenilgen Esrafil 1939 tagy baska әngime povesterinde enbek adamdarynyn kiyndykka toly kazhyrly omiri men azamat sogysy uzhymdastyru kezindegi dүrbelen okigalar legi suretteledi Mүsirepov әr kezende zhazylgan ana takyrybyndagy tuyndylarynda kazak әjelinin zhiyntyk bejnesin zhasady Koptegen әngime novellalarynda Әjel Ananyn bejnesin askaktatyp әlem әdebietindegi Әjel Ana tulgalarynyn galereyasyn bajyta tүsti Ol Ananyn anasy 1933 Өlimdi zhengen ana 1933 Ashyngan ana Ananyn arashasy 1934 Er ana 1942 Aklima 1944 Әmina Ana zhyry Ana shygarmalary arkyly soz onerine zhana korkemdik ornek әkeldi Ana zhajynda zhazylgan algashky әngimeleri M Gorkij sarynynda alynganymen ana bejnesi kazaky kasietterimen korkem ornektelgen Mүsirepov kalamynan tugan Қapiya Aklima sekildi ana obrazdary arkyly kazak omirinin shynajy korinisteri sipattalady Mүsirepovtin algashky romany Қazak soldaty 1945 zhyly Қazak batyry degen atpen zharyk korgen povesin zhazushy ondep tolyktyryp 1950 zhyly kajta zhariyalady Bul shygarma bүkil kazak әdebietinin proza salasynda II dүniezhүzilik sogys takyrybyna arnalgan tungysh tuyndy zhәne kazak әdebietindegi sogys takyrybynda zhazylgan tandauly shygarmalardyn sanatynan lajykty ornyn algan asa eleuli enbek boldy Romannyn basty kejipkeri Қajrosh Sartalievtin prototipi Қajyrgali Smagulov 1941 45 zhyldardagy sogyska bastan ayak katysyp Kenes Odagynyn batyry atagyna ie bolgan adam Sogys kezindegi halyktyn baskynshylarga karsy patriottyk sezimi men kүresin shynajy bejnelegen romanda zhazushy ozindik shygarmashylyk ornekpen otty zhyldardyn korkem shezhiresin zhasady Naktyly kejipkerlerdin zhinaktalgan bejnesi arkyly bүkil halyktyn eldin erlik bitimin korsetti Oyangan olke 1953 tarihi romanynda kazak halkynyn 19 gasyrdagy omiri үlken suretkerlikpen ornektelgen kazak zherine ondiris oryndarynyn ornaj bastauy shynajy sipattalgan Shygarmada zhazushy eskilikti әdet guryptardy synap kejbir kertartpa dәstүrlerdin kazak dalasynda azaya bastagandygyn korsetti Қazak topyragyndagy Қaragandy shahtasy men Akbujrat mys korytu zauytynyn kuryluy men zhana omirge umtylgan adamdar tagdyry harakter shielenisteri tүrli kaktygystar barlygy romanda korinis tapty Үsh tomga lajyktalgan enbektin algashky kitaby Zhuman men Igilik sekildi kazak bajlarynyn orys bajlary men zhumysshy tobynyn tartysty katynastaryn zhan zhakty korsetu arkyly kazak dalasynyn bүkil bir dәuirin surettejdi Korkem filos tolgauy basym roman kazak prozasynyn shoktygy biik tuyndysy retinde tanyldy Oyangan olkenin zandy zhalgasy bolyp tabylatyn Zhat kolynda 1984 romany 30 zhyldan son zharyk kordi Bul kitapty oz aldyna derbes shygarma deuge de bolady Өjtkeni romanda surettelgen omir kezeni de zhana kejipkerleri de sony Roman ondiris oshaktaryn agylshyndar men francuzdardyn bilep tosteui men sol tustagy 19 gasyrdyn sony men 20 gasyrdyn basy halyk turmysyn tarihi turgydan teren bejneleuimen Ortalyk Қazakstan onirindegi әleum omirdin shyndygyn ken aukymda bajypty tүrde suretteuimen kundy Zhazushy bejnelep otyrgan dүbirli okigalarga toly tarihi mezgil sol tusta omir sүrgen zhekelegen adamdardyn somdalgan tulgalary san aluan әreketteri tagdyrlary arkyly okyrmannyn konil ajnasynan otip koz aldyna elestep otyrady Kolemdi romandarmen katar Mүsirepov prozada shagyn zhanrdy da damyta tүsti 1956 1956 Soz zhok sonyn izderi 1962 Өmir zhorygy 1963 Ajgүl kojshynyn bir kүni 1964 Ajzhan kojshynyn tүnderi Birinshi fontan Қyran zhyry 1967 Zhapon balladasy 1967 tagy baska shygarmalarynda san tүrli mәselelerdi koterip әrkily obrazdardy zhasady Arkanyn Kozdin Tastyn әngimeleri arkyly ondagy korkem bejneler negizinde adamzatka sheksiz kajgy kasiret әkelushi adamdardy әshkereledi Onyn Kezdespej ketken bir bejne povesi 1966 ҚR Meml syjl 1970 klassikalyk shygarma Povest Mүsirepovtin shynajy soz zergeri retindegi kalamgerlik karymyn talant kuatyn tanytty Қara sozben zhazylgan poema ispetti bul shygarmada azamattyk erlik pen akyndyk asyl oner adamgershilik biiktik pen mahabbat teren lirizmmen әsem ornektelgen Adam bejnesin minez kulkyn is әreketin әdemi shtrih detaldarmen berude zhazushy iri korkemdik tabyska zhetken Bas kejipker Erkebulannyn zhigerli tulgasy onyn ruhani әleminin aluan syrlary korkemdik boyaumen әsem ornektelgen Onyn prototipi retinde akyn Sәken Sejfullin alyngan Teren lirizmmen san tүrli sezim tolkyndarymen tebirene zhyrlangan Erkebulan bejnesi kazak әdebietindegi unamdy obrazdar kataryn bajytyp soz onerinde үlken zhetistik sanaldy Қalamgerdin kop izdenis үlken dajyndykpen kelgen obrazy Ұlpan bejnesi Ұlpan romany 1974 ol kazak әdebietindegi kajtalanbas okshau turgan әdebi obraz Өzinin bar ereksheligimen korkemdik bitimimen estetikalyk әser kүshinin moldygymen korinetin Ұlpan bejnesin zhasauga zhazushy omir bojy ishtej dajyndalyp kop izdenip tolgangany bajkalady Ol kүndeliginde Menin ojymda Ұlpan 40 zhyl birge zhasasyp zhүrdi Men ol bejneni әr kyrynan korsetuge tyrystym ojy sezimi syrt sureti zhas kezi esejgen kezi minezi mejirimi tagysyn tagy dep zhazdy Shygarmadagy Ұlpan men Esenej ojdan shygarylgan obrazdar emes tarihta bolgan adamdar Sonymen katar tuyndy arkauyna alyngan 19 gasyrdyn 2 zhartysyndagy kazak halkynyn әleumettik tarihi omiri tarihi zhan zhakty zerdelenip iriktelgen okiga mәlimetter Mүsirepovtin dramaturgiya salasyna sinirgen enbegi de orasan zor Onyn Қyz Zhibek 1934 Қozy Korpesh Bayan Sulu 1939 Akan Seri Aktokty 1941 pesalary liro epostyk zhyrlar negizinde tuyndagan Folklorlyk shygarmalardyn ideyalyk takyryptyk zhelisin saktaj otyryp ol tyn ornekti dүnieler zhasady Zhazushy pesalary kazak teatry repertuarynan turakty oryn aldy Қozy Korpesh Bayan sulu ujgyr korej teatrlarynyn sahnalarynda Ukrainadagy teatrynda zhәne Mәskeu kalasyndagy teatrlarda Franciyadagy Nansi kalasy teatrynda 1984 kojyldy Bul spektakl Parizh kalasynda otken teatr festivalinde 1 oryn aldy 1981 Mүsirepov sondaj ak Қyz Zhibek Қozy Korpesh Bayan sulu siyakty opera librettolarynyn da avtory Ol tarihi tulgalar omirinen Amangeldi 1939 Akan seri Aktokty 1942 Bolashakka amanat Қypshak kyzy Appak Қajran Majra atty dramalyk shygarmalar zhazdy Mүsirepov dramaturgiyasy shielenisken әleumettik tartyska kurylgan kimyl әreketteri shirak dialogtary dәlme dәl monologtary akyndyk pafospen ruhtangan serpindi tili kunarly da bejneli osy kasietter kejipkerler harakterlerin teren ashuda kolajly kyzmet atkargan Scenarijin V Ivanovpen birigip zhazgan Amangeldi filmi 1938 kazak kino onerinin algashky baspaldagy sanalsa Mahabbat turaly dastan Қyz Zhibek 1970 filmderi kazak kino onerinin altyn korynan oryn algan tuyndylar Mүsirepov kazak әdebietinde ocherk publicistika zhanrlaryn damytuga da үlken үles kosty Onyn Uakyt izderi 1977 atty enbegi ideyalyk sondylygymen erekshelendi Zhazushy ocherkterinin basym kopshiligi mazmun terendigimen shynajy korkemdigimen ozi omir sүrgen zamannyn talabyna tolyk үndes kelip otyrdy Mүsirepov 1970 zhyldan kүndelik zhazudy әdetke ajnaldyrgan Onyn arhivinde murazhajyndagy zhazushynyn 300 den astam kojyn kitapshalary saktalgan 1997 zh Mүsirepovtin Kүndelik atty kitaby zharyk kordi kurastyrgan Ә Narymbetov Zhazushy kazak әdebiettanu gylymy men synynyn damuyna zor үles kosty Onyn әdebiet mәseleleri zhajynda zhazgan enbekteri 20 gasyrdyn 20 zhyldarynan bastap omirinin songy kezenine dejin merzimdi baspasoz betinde kazak orys tilderinde үzdiksiz zhariyalanyp turdy Әdebi syn makalalary Suretker paryzy 1970 Zaman zhәne әdebiet 1982 Dәuir didary 1986 Әdebiet kәsip emes oner 1987 atty kitaptarynda zhinaktalyp zharyk kordi Munda ol әdebiet pen onerdin 20 gasyrdagy damu kezenine sondaj ak olardyn zhekelegen eleuli kubylystaryna biik poziciya turgysynan karap gylymi topshylaular zhasady Әdebiet tarihyna taldau zhasap soz onerinin әrbir tabysyn halyktyn ruhani kazynasyna kosylgan kundy dүnie retinde bagalady Zhogary korkemdik ideya men shygarmashylyk sheberlikti әdebiet pen onerdin әrbir tuyndysyn taldau үstinde berik ajnymas olshem retinde ustanyp әdebi shygarmanyn halyktyk asyl mura bolyp kaluy үshin belsendi tүrde үzdiksiz kүresti Korkem audarmada O Genri U Shekspir tagy baska kalamgerler pesalaryn kazak tiline audardy Mүsirepov belgili galym G Lomidze atap korsetkendej Ol keremet dәldikpen әri үjlesimdilikpen zhumys istejtin ote nәzik ornekti sheber Mүsirepov kalamynan zhandy bejne tiri pishin somdalyp ol surettegen adam minez kulky men kubylystarga ken tynys aukymdylyk tәn suretker boldy Қogam zhәne memleket kajratkeriMүsirepov kornekti kogam memleket kajratkeri 1932 zhyldyn 4 shildesinde ol respublikaga tanymal adamdarmen birlese otyryp halyktyn basyna tongen ashtyk nәubeti zhajynda BKP b kazak olkelik komitetine Beseudin hatyn zholdady Hattyn mazmuny men kotergen keleli mәselesi Mүsirepovtin kaj kezende de bolmasyn halkynyn kamy үshin kүresip kogam aldyndagy paryzyn adal oryndagan azamat bolgandygyn ajgaktaj tүsedi 1990 zhyly Mүsirepov atyndagy respublikalyk balalar men zhasospirimder teatrynda Beseudin haty spektaklin kojdy pesa avtory koyushy rezhiser Mүsirepovtin kogam kajratkeri retindegi karapajym adam kataryndagy adamgershilik ustanymdaryn ajgaktajtyn is kimyldary zheterlik Sonyn biri 1937 zhyly Қazakstan Zhazushylar odagyndagy zhinalysta tagdyry talkyga tүsip ustalyp bara zhatkan B Majlinge arasha tүsip Bejimbet zhau bolsa men de zhaumyn degen sozi bүgingi kүni anyzga ajnalgan Osynyn saldarynan ol 1938 zhyly partiya katarynan shygaryldy Ol sondaj ak Aziya zhәne Afrika elderi zhazushylarynyn Tashkent Bejrut Deli Almaty konferenciyalarynyn belsendi ujymdastyrushylarynyn biri boldy Zhazushy bejbitshilik kүreskeri retinde Almaty men Mәskeude gana emes Parizh Rim Dzhakarta Tokio Kair tagy baska kalalarda otken halykaralyk konferenciyalarda soz sojlep kүrdeli mәselelerdi koterdi Ol 5 sajlangan KSRO Zhogargy Kenesinin birneshe mәrte Қazak KSR Zhogargy Kenesinin deputaty bolgan Besinshi sajlangan KSRO Zhogargy Kenesinin zhәne 6 7 8 9 10 11 sajlangan Қazak KSR Zhogargy Kenesinin deputaty boldy 1974 75 zhyly Қazak KSR Zhogargy Kenesinin toragasy kyzmetin atkardy Scenarijleri1938 Amangeldi 1942 12 әskeri kinozhinak 1950 1954 Қozy Korpesh Bayan Sulu 1969 1970 Қyz Zhibek 1972 Arman asuy 1977 Kezdespej ketken bir bejneMarapattary Kezdespej ketken bir bejne kitaby үshin 1968 zh Abaj atyndagy respublikalyk syjlyk aldy Қazakstan Akademiyasynyn Sh Uәlihanov atyndagy syjlygyn 1977 aldy 3 mәrte Lenin 1962 1972 1974 2 mәrte Enbek Қyzyl Tu 1957 Halyktar dostygy 1982 ordenderimen koptegen medaldarmen marapattalgan Mүsirepov esimi Soltүstik Қazakstan oblysyndagy bir audanga Almatydagy bir bulvarga Nur Sultandagy koshelerdin birine berildi Қazak memlekettik Balalar men zhasospirimder teatryna esimi berilgen sondaj ak teatr aldyna eskertkish mүsini kojylgan 2002 2002 zhyly 100 zhyldygy YuNESKO dengejinde tojlandy 100 zhyldygyna oraj poshta markasy men estelik tiyny shykty DerekkozderҚazakstan zhazushylary Anyktamalyk Almaty Zhazushy baspasy 1982 166 bet Қazak shezhiresi 2 tom Orta zhүz zhan arys Tenizbaj Үsenbaev Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 II tom Ғ Mүsirepov filmografiyasy Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8SiltemelerOrtakkorda bugan katysty media fajldar bar Category Gabit MusrepovAvtobiografiyalyk әngime Ғabit Mahmutuly Mүsirepov Muragattalgan 23 shildenin 2020 zhyly