Есеней Естемесұлы (1798, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы — 1870/71, сонда) — аға сұлтан, би. Орта жүз құрамындағы Керей тайпасынан шыққан.
Жастайынан ел ісіне араласып, шешендігімен, әділдігімен көзге түскен Есенейді басқармасы керей-сыбан ауылдарының биі, старшина етіп тағайындайды.
- Есеней 1832 ж. 10 желтоқсанда керей болысының старшындары Т.Барлыбаев және Қ.Мамашевтармен бірге Батыс Сібір губернаторлығының басқармасына арызхат жолдайды. Бұл хатта шептік казак-орыстардың қазақтарына жасаған қысымшылығы халықтың наразылығын туғызып отырғаны айтылып, мұндай істерге тыйым салынуын және қазақтарға қалааралық базарлар мен жәрмеңкелерде еркін сауда-саттық жүргізуге рұқсат беруін талап етті.
- 1834 жылы қазы болып сайланған Есеней, көп ұзамай “тынышсыз мінезі” үшін бұл қызметінен босатылды (1836).
- 1842 ж. 18 тамызда ол болыс болып сайланып, 10 жылға жуық уақыт қызмет атқарады.
- 1852 ж. шілдеде Есеней Құсмұрын дуанының аға сұлтаны болып сайланып, 3 жылдың орнына 7 жыл қызмет етеді.
- 1859 ж. 12 мамырда Құсмұрын дуаны таратылып, Атбасар дуанының құрылуына байланысты Есеней Сібір қазақтары облысы басқармасының кеңесшісі болып тағайындалды.
- Есеней өмірінің соңғы жылдары ауруына ұшырап, сол аурудан қайтыс болады.
Есенейдің әйелі Ұлпан — Ғ. Мүсіреповтің “Ұлпан” романының басты кейіпкері. Есеней мен Ұлпанның бейіті Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жаңажол аулынан солтүстікке қарай 4 шақырым жердегі Бай ауылы аталатын Есенейдің өз қыстауында.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Esenej Estemesuly 1798 Soltүstik Қazakstan oblysy Zhambyl audany 1870 71 sonda aga sultan bi Orta zhүz kuramyndagy Kerej tajpasynan shykkan Zhastajynan el isine aralasyp sheshendigimen әdildigimen kozge tүsken Esenejdi baskarmasy kerej syban auyldarynyn bii starshina etip tagajyndajdy Esenej 1832 zh 10 zheltoksanda kerej bolysynyn starshyndary T Barlybaev zhәne Қ Mamashevtarmen birge Batys Sibir gubernatorlygynyn baskarmasyna aryzhat zholdajdy Bul hatta sheptik kazak orystardyn kazaktaryna zhasagan kysymshylygy halyktyn narazylygyn tugyzyp otyrgany ajtylyp mundaj isterge tyjym salynuyn zhәne kazaktarga kalaaralyk bazarlar men zhәrmenkelerde erkin sauda sattyk zhүrgizuge ruksat beruin talap etti 1834 zhyly kazy bolyp sajlangan Esenej kop uzamaj tynyshsyz minezi үshin bul kyzmetinen bosatyldy 1836 1842 zh 18 tamyzda ol bolys bolyp sajlanyp 10 zhylga zhuyk uakyt kyzmet atkarady 1852 zh shildede Esenej Қusmuryn duanynyn aga sultany bolyp sajlanyp 3 zhyldyn ornyna 7 zhyl kyzmet etedi 1859 zh 12 mamyrda Қusmuryn duany taratylyp Atbasar duanynyn kuryluyna bajlanysty Esenej Sibir kazaktary oblysy baskarmasynyn kenesshisi bolyp tagajyndaldy Esenej omirinin songy zhyldary auruyna ushyrap sol aurudan kajtys bolady Esenejdin әjeli Ұlpan Ғ Mүsirepovtin Ұlpan romanynyn basty kejipkeri Esenej men Ұlpannyn bejiti Soltүstik Қazakstan oblysy Zhambyl audany Zhanazhol aulynan soltүstikke karaj 4 shakyrym zherdegi Baj auyly atalatyn Esenejdin oz kystauynda DerekkozderҚazak enciklopediyasy III tom 12 tarau Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz