Орта жүздегі патшалық реформаларға қарсылық. Саржан Қасымұлы бастаған қозғалыс (1825—1836 жылдары)

Қазақтардың 1773—1775 жылдары Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы, батыр Сырым Датұлының көтерілісі Қазақстандағы хандық билік жүйесінің әлсірей бастағанын көрсетті. Халық арасында ықпалы кеміген хан патша үкіметінің билеп-төстеу саясатын ойдағыдай іске асыра алмады. Бұл жағдай билеу жүйесінің жаңа тәртібін қажет етті. Патша үкіметі 1822 жылы Орта жүзде «Сібір қазақтары туралы» Жарғы енгізу арқылы хандық билікті жойды.
Біріншіден, бұл патшалық реформа дәстүрлі билік құрылымдарын бұза отырып, қазақ қоғамындағы бұрынғы қайшылықтарды одан әрі тереңдете түссе, екіншіден, Ресейдің әскери-әкімшілік отарлауына кең түрде жол ашып берді.
Орта жүзде хандық жүйенің жойылуы және Қарқаралы (1824 жылы), мен Көкшетау (1824 жылы) округтерінің ашылуы және т.б. әскери-әкімшілік шараларға қарсы күресті Абылай ұрпақтары бастады.
Оның басында тұрған Қасым сұлтан Абылайұлы және оның балалары ( Саржан, , Кенесарылар жиырма жылдан астам уақыт бойы патшалық тәртіпке карсы табанды күрес жүргізді. Абылай ұрпақтарының қолдауына сүйене отырып, үкіметке қарсы наразылықты бірінші болып, Көкшетау округінің аға сұлтаны Ғұбайдолла Уәлиұлы ұйымдастырды. Алайда патша үкіметі Ғұбайдолланы тез қолға түсіріп, Сібірге жер аударып жібереді. Дегенмен Шыңғыс ұрпақтары бастаған қарсылық қозғалыстар одан әрі өрби түсті. Осы кезеңде ( Саржан Қасымұлы басқарған Қарқаралы округінде де 1825 жылдың көктемінен бастап үкіметке қарсы толқулар басталды. Бұл толқулардың мақсаты — Абылай ұрпақтары сұлтандар билік жүргізетін Қазақ хандығын қайта орнату, округтік приказдардың көзін құрту еді.
Саржан өзінің інісі Есенгелдімен ауылдарды аралап, өкіметке қарсы күресуге үндеу тастады. Ұлғайған халық наразылығын басуға Батыс Сібір генерал-губернаторы П.М.Капцевич жазалау қосынын жасақтады. Карбышев бастаған 200 қазақ жасағы Қарқаралы округінің Қарпық болысына жіберілді. 1825—1826 жылдар жазалаушы күштер мен көтерілісшілер арасындағы қақтығыстармен өтті. Саржанның қол астына Шыңғысұлы Сартай сұлтан бастаған топтар келіп қосылды. Саржанның қол астында сұлтан , жас сұлтан Кенесары Қасымұлы да өз сарбаздарымен соғыс қимылдарын жүргізді. Патша әкімшілігі болса өз тарапынан бүлікшіл сұлтандардың іс-әрекетін бақылай отырып, мүмкін болған жағдайда қолға түсіріп, әскери соттың құзырына беру керек деп шешті.
Үкімет көтерілісшілерді жазалау үшін олардың ізіне түсетін ірі қазақ жасақтарын қырға шығаруды кейінге қалдырды. 1827—1830 жылдары көтеріліс Ұлытау өңіріне тарады да, жаңа құрылған округ аумағын наразы топтар тастап шықты. Ал патша үкіметі қазақ даласында округтер ашуды жалғастыра берді. 1826 жылы Баянауыл, 1832 жылы Ақмола, 1831 жылы Аягөз (Сергиополь) округтерін негіздеу арқылы Орталық Азия иеліктеріне жақындай түсті.
Ресей отаршылдығына қарсы күресте қазақ қоғамы тағы да өз ішінде өзара қарсы топқа бөлінді. Қарқаралы округінің аға сұлтаны Саржанның әрбір қимылын Омбы әкімшілігіне хабарлап, қарсы көмек жіберуді өтінумен болды. Ал Саржан бастаған көтерілісшілер өз кезегінде отаршыл әкімшілікті қолдаған сұлтандармен күресе жүріп, орыс керуендеріне алым-салық төлетіп, разьезд бен бекеттерге шабуыл жасады. Бұған қосымша Саржан сұлтан және оның жақтастары Қоқан хандығымен байланыс орнатады. Солтүстіктен келе жатқан қауіпке бірігіп күресуге бел шешіп кіріседі. Алайда қырға шыққан патшалық жасақтардың қимылы да қарқынды бола түсті. Патша әскерлерінің қысымымен Саржан Орта жүзді тастап шығып, Ұлы жүз иеліктеріне келеді, осы жақтағы шашыраңқы қазақ күштерін өз жағына тартуды көздейді. Саржанның бұл әрекеті Қоқан билеушісін алаңдатпай коймады.
1836 жылы жазда Ташкентте Саржан сұлтан және оның інілері Ержан, Есенгелділер опасыздықпен өлтірілді.
Саржан көтерілісінің саяси мазмұны бұған дейінгі көтерілістерге қарағанда тереңірек болды. Ол Абылай хан ұрпағы ретінде Қазақ хандығын қайта қалпына келтіруді мақсат тұтты.
Саржан Қасымұлы өлімінен кейін де патша отаршылдығына қарсы күрес бір сәт те толастамады. Саржаннан кейінгі он жылға созылған күресті Саржанның кіші інісі Кенесары одан әрі жалғастырып әкетті. Саржан бастаған Орта жүздегі көтеріліс алдағы келе жатқан жалпыұлттық азаттық қозғалыстың от жалынының тек ұшқыны іспеттес еді.
Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлы бастаған қозғалыс
XIX ғасырдың 20—30-жылдары патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы Кіші жүздегі наразылықты Жоламан Тіленшіұлы басқарды. Жер үшін, тартып алынған жайылымдар үшін күрес оның негізгі мазмұнына айналды. Осы жылдары Жаңа Елек әскери шебінің құрылуы барысында 7—10 мың шаршы шақырымға дейінгі жер қазақтардан тартып алынды. Бұл жаңа шекара шебі Орынбор әскери-шекара шебінің бір бөлігі ретінде құрылды. Жаңа Елек шебі 29 форпост, , бекіністерден тұрды. Үкімет бұл жерлерге Орал, Орынбор орыс-қазақтарын, шаруаларды көшіріп әкеліп қоныстандырды. 1835 жылы тағы бір жаңа шептің салынуымен 12 мың шаңырақ қыпшақ және жағалбайлы рулары жерсіз қалдырылды.
Табын руының жайылымдары Елек өзені ауданында орналасқан болатын. 1822 жылдан бастап патша үкіметі қазақтарды Елек пен Орал арасындағы шұрайлы жайылымдарға өткізбеді.
Жоламанның әкесі Тіленші кезінде Сырымның жақтасы ретінде көтеріліске белсене қатысқан болатын. Ал Жоламанмен бірге көтеріліске Сырым Датұлының баласы Жүсіп те қатысты. Демек, көтерілістер арасындғы ұрпақтар сабақтастығы сақталды. Жоламан да, Жүсіп те батырлардың, азаттық күрес көсемдерінің ұрпақтары ретінде олар бастаған күресті одан әрі жалғастырып әкетті. Жоламан Тіленшіұлымен бірге табын руының батырлары Дәуіт Асауұлы, Алдаш Байғаниндер болды. Ал 1838 жылдың соңына қарай оған шекті руының батыры Есет Көтібарұлы келіп қосылғандығы мұрағат деректерінен белгілі.
Жоламан батыр тархан атағы бар табын руының басшысы бола жүріп, патша үкіметінің алдында қазақтардың құқын қорғауға кіріседі. Басында Орынбор губернаторы Эссенге 1822—1823 жылдары бірнеше рет хат жазып, әділеттілік орнатуын талап етеді. Қазақтардың өмірлік қажеттілігі — жерін бейбіт түрде қайтарып ала алмайтындығына көзі жеткен соң қарулы күрес жолына түседі. Ол өзінің Ресеймен соғыс жүргізуінің себебін Елек өзені бойындағы шептің салынуынан деп түсіндіреді.
Ор-Троицк бекіністерінен Торғай өзеніне қарай ығысқан қазақ шаруалары жер тапшылығынан мейлінше қиыншылық көрді.
1835 жылға қарай Жоламан батырды қолдаушылар қатары өсіп, оны табын, тама, Жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын, қыпшақ рулары қолдай бастады. Орта жүзде Кенесары Қасымұлы көтерілісі басталған кезде Жоламан оған көмекке ұмтылды. Сөйтіп, Кіші жүз бен Орта жүз күштерін біріктірушіге айналды. Ол қырға ішкерілеп еніп, Кенесары көтерілісіне қосылуға үндеді.
Ал 1838 жылы Бөкей ордасындағы көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы Кіші жүзге келген кезде көтеріліс одан әрі өрши түсті.
1838 жылдың ортасына таман шекара шебінен Ор мен Троицкіге дейінгі аралықты көтеріліс оты шарпыды. Көтерілісшілер жаппай Торғай мен Ырғыз аудандарына көше бастады. Ол өз қол астына Ресей өктемдігіне қарсы 3 мыңға жуық сарбаздарды топтастыра алды.
Жоламан батыр жасақтарын жоюға патшалық әкімшілік үш бағытта жасақтар шығарғанымен, батырды қолға түсіре алмады. Орта жүздегі Кенесары көтерілісінің Орынбор өлкесіне ауысуына байланысты жазалаушы күштер кейін қайтуға мәжбүр болды.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837— 1847 жылдары)

Қазақ даласындағы тізбектеле салынып жатқан бекіністер құрылысына, патшалық әкімшілік реформаларға, шұрайлы жерлерді басып алу қиянатына қарсы күрестер біртіндеп қайта өрбіген Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске ұласты. Сонау ұлт-азаттық күрестің қайнар бастауында тұрған Сырым, Саржан, Жоламан, Исатай мен Махамбеттердің күрес дәстүрін одан әрі жалғастырды. Олардың қолындағы азаттық туы қайта желбіреді.
Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы, әуелде сұлтан кейіннен хан Кенесары (1802—1847 жылдары) бұрынғы Көкшетау облысының Көкшетау елді мекенінде дүниеге келді.
Кенесары күреске жастайынан араласты. Атасы Абылайдың, әкесі Қасымның ел тәуелсіздігі жолындағы күресін жалғастыруды алдына мақсат етіп қойды.
Кенесары көтерілісінің басты мақсатын көрсететін құжаттар «бүлікшіл сұлтанның» император I Николайға, Орынбор және Сібір губернаторларына жазған хаттарынан анық байқалады. Олар:
—Абылай хан тұсындағы Қазақ иеліктерінің аумақтық тұтастығын, ұлттың бірлігін қалпына келтіру;
—Қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты қоршауға алуды тоқтату, Қазақстанның Ресейдің құрамына кіріп үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау;
—Түркістан, Әулиеата қалаларымен қоса Ұлы жүздің көп бөлігін Қоқан езгісінен азат ету міндеті тұрды.
Кенесары ордасында тұтқында болған барон Услар оның сыртқы келбетін былайша суреттейді: «Кенесары орта бойлы, арықтау келген, бет-пішінінде қалмақтың белгілері бар, қысыңқы көздерінен ақыл-ой мен қулық қабат аңғарылады, келбетінен көп жағдайда қатаңдық байқалмайды».
Революцияға дейінгі зерттеуші Н.Середа «Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымұлының бүлігі (1838—1847 жылдары)» деген еңбегінде Кенесарының жеке басын, оның қолбасшылық дарынын өте жоғары бағалайды, мемлекеттік тұлға дәрежесіне көтереді.
Көріп отырғанымыздай, көтерілістің басталу кезіне қарай Кенесары күрестің қатал мектебінен өтіп, бай өмірлік тәжірибе жинақтаған болатын. Ол өзінің алдындағы ағаларының кейбір қателіктерінен сабақ алып, қайталамауға тырысты.
Ол, біріншіден, аса қуатты Ресей мемлекетімен күресу үшін үш жүздің күшін біріктіру қажет екенін түсінді. Және осы жолда тек қарулы күрес қана емес, сонымен қатар дипломатиялық айла-тәсілдерге барды. Мысалы, бетпе-бет соғыстың қиындығын сезіне отырып, Сібір және Орынбор әкімшіліктерімен келіссөздер жүргізді. Екіншіден, сыртқы жауға қарсы тұра алатын күшті мемлекет құру үшін жекелеген сұлтандардың, билердің қарсылығын, қазақ қоғамындағы алауыздықты, екі майданға бөлінушілікті жою қажет деп тапты.
Кейбір сұлтан, би, рубасыларының қарсылығына қарамастан Кенесары шындығында үш жүздің ру тармақтарының көпшілік бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Кенесары әскерлерінің саны кейбір жағдайларда 20 мыңға жетті. Негізгі күші Орта жүз қазақтарынан тұрды.
Көтеріліс басталған кезден-ақ бұқаралық сипатқа ие болды. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдағы азаттық қозғалыстар тарихында тұңғыш рет бүкіл Қазақстанды қамтыды. Бүкіл халық үш жүздің ханы ретінде Кенесарыны мойындағанын мұрағат құжаттары да растайды.
Он жылға созылған көтерілістің басты қозғаушы күші — қазақ бұқарасы еді. Оған күшейіп отырған отарлық езгіден қысым көрген қатардағы егіншілер де, рубасылары да, сұлтандар да қатысты. Қазақ жерлерін әскери-әкімшілік отарлауға қарсы күреске наразы халықтың барлық әлеуметтік топтары қатысты. Басты мақсатына қарай ол ұлт-азаттық көтеріліс болды.
Кенесары әскерлерінің жеке жасақтарын басқарғандар арасында белгілі халық батырлары Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Жоламан Тіленшіұлы, Бұхарбай, Жанайдар, Басығара, Аңғал, Жәуке, Байсейіт, Сұраншы батырлар болды.
Кенесарының жақын серіктерінің қатарында оның туыстары да белсене қатысты. Кенесарының інілері Наурызбай мен Әбілғазы, әпкесі Бопай және жиені Әділғазылар көтерілістің белсенді айналды. Кенесарының қасында Саржанның балалары, т.б. туыстары болды. Осылардың арасынан ерекше көрінген Наурызбай еді. Наурызбай көтеріліс бойы Кенесарының басы-қасында болып, жан серігіне айналды. Кенесарының кіші інісі. Жас кезінен-ак өзінің ержүрек жауынгерлігімен көзге түседі. Наурызбай өзінің тобымен Кенесарының барлық ірі әскери шайқастарына қатысты. Көптеген ел аузындағы аңыз-жырларда Кенесары мен Наурызбай есімдері бірге аталады. Кенесарыға арналған тарихи жырлардың ішіндегі ең атақтысы Нысанбайдың «Кенесары — Наурызбай» дастаны.
- Орысқа анталаған ұстатпады,
- Кенекең талай шапты, бір шаппады.
- Аруақты Кенесары, Наурызбайға
- Жортқанда қарсы келіп жан батпады.
- «Ағыбай батыр» поэмасынан
Наурызбай 1847 жылы ағасы Кенесарымен бірге қырғыз жеріндегі қақтығыста мерт болды. Олардың өлімі туралы да ел ауызында қисса- дастандар көп.
Өзінің әскери ерлігімен Кенесарының әпкесі Бопайдың да аты шықты. Ол алғашқы күндерден-ақ өзінің жұбайы, алты баласы және туған-туыстарын ертіп көтерілісшілерге қосылды. Бопай 600 адамдық зекет жинайтын ерекше топты басқарды. Сонымен қатар барлық ірі шайқастарға қатысып, Кенесарының басты ақылшы-кеңесшісіне айналды.
Ал орысшаға жүйрік тағы да бір інісі Әбілғазы Кенесарының Ресей орындарымен хат-қағаз алмасу ісін жүргізіп отырды.
Көтеріліске қатысушылардың құрамы көп ұлтты еді. Онда қазақтар, орыстар, өзбектер, қырғыздар, поляктар, т.б. болды.
Көтерілістің басталуы және барысы
1837 жылы қараша айында Кенесары Петропавл қаласынан шыққан керуенге еріп келе жатқан Ақтау бекінісіне қарасты орыс-қазақтар тобына тұңғыш рет шабуыл жасады.
Әскери қимылдар 1838 жылдың көктемінде қайта жанданып, көтерілісшілер Ақмола приказын қоршап, өртеп жіберді.
Ақмола приказының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы мен бекініс коменданты Карбышев өртенген бекіністен зорға құтылып шығады. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүзді шарпыған көтеріліс енді Кіші жүзге ойысты. Осылайша Торғай далаларына келу арқылы, кезінде Исатай Тайманұлы көтерілісіне қатысқандармен, Жоламан Тіленшіұлы батыр бастаған топтармен бас қосу көзделді.
1841 жылы қыркүйекте үш жүздің ықпалды би-сұлтандары Кенесарыны хан етіп сайлады. Осылайша қазақ жерінде мемлекеттілік қайта орнады.
1841 жылдың күзінде көтерілісшілер тобы Ташкентке аттанып, Созақ, Жаңақорған, Жүлек бекіністері алынды.
Кенесары ұйымдастырған мемлекет феодалдық мемлекет болды. Белгілі қазақ руларының, батырларының, сұлтандарының, жақын туыстарының қатысуымен хандық кеңес құрды. Дегенмен Әбілқайыр хан кезіндегі ақсақалдар кеңесінен өзгешелігі: барлық билік тізгіні Кенесарының қолында болды. Белгілі билер сотын жойып, оның орнына хандық сотты енгізді. Арнайы топ қаржы, алым-салық мәселесін, хандық кеңестің шешімдерінің орындалуын қадағалап отырды.
Экономикалық салада жер шаруашылығымен айналысуды қолдады. Кенесары саудадан түсетін салықтың пайдалы екеніне көзі жеткендіктен керуендерді тонаудан гөрі оларға қонақжайлылық танытты.
Кенесары әскерінде қатаң тәртіп орнатылды. Атақты батырлар мен әскери кеңестің мүшелері басқарған жекелеген жасақтар жүздіктерден, мыңдықтардан тұрды. Мұндай басқару жүйесі көшпелі халықтардағы дала соғысына барынша қолайлы еді.
Патша үкіметі 1843 жылға дейін ірі жазалаушы күштер жасақтай қоймады. Алайда көтерілістің аумағы, даму барысы, Солтүстік Кавказдағы тау халықтарының патша үкіметін Кенесарыға қарсы тұрақты армия шығаруға итермеледі.
Кенесарыға қарсы шыққан әскери құрамалардың ішінде Ахмет Жантөреұлы, Баймағамбет Айшуақұлы, т. б. сұлтандармен болған 1844 жылғы 20—21 шілдедегі ұрыста Кенесарыға қарсы 44 сұлтан ұрыс даласында мерт болды.
Ал патшалық Ресеймен жүргізілген келіссөздер нәтиже бере қоймады. 1845 жылдың жазында көтерілісшілерді Орынбор өлкесінен ығыстырып шығару мақсатында Ырғыз және Торғай бекіністері салынды. Кенесарының Сарыарқаны тастап шығуына тура келді. Кенесарының Сарыарқадан Ұлы жүзге қарай бет алуының бір себебі — Қоқан хандығындағы қазақ руларын өз жағына тарту еді.
Кенесарының Жетісуға келуі тұрғындардың арасында үлкен толқу туғызды. Үйсін, жалайыр, дулат руларының бір бөлігі көтерілісшілерді жақтады. Кенесарыға аға сұлтан Құнанбай Өскенбаев, Барақ Солтабайұлы мен генерал-майор Н.Ф.Вишневскийдің жасағы қарсы шықты.
Күші басым әскерлерден ығысқан Кенесары Балқаш көлі аумағын тастап, Іле арқылы Алатау мен Шу өзеніне жақындады. Кенесарыны Ұлы жүздің Саурық, Тойшыбек, Сұраншы батырлары барынша қолдады. Кенесары өз өкілдерін қырғыз манаптарына аттандырып, Қоқан хандығы мен орыс отаршылдарына бірігіп күресуге шақырды.
Алайда Ресей мен Қоқан бектерінің арасында екі жүзді саясат ұстанған қырғыз манаптары Кенесары ұсынысын жауапсыз қалдырды. Ал патша үкіметінің өкілдері өз кезегінде қырғыздар мен Алатау өңіріндегі қазақтарды бір-біріне айдап салумен болды.
Кенесары 1847 жылы қырғыз жеріне басып кірді. Көтерілістің отаршылдыққа қарсы азаттық сипаты өзгере бастады. Кенесарының өз қарсыластарына қаталдығы, жазықсыз қырғыз ауылдарын тонауы оған деген қарсылықты өршіте түсті. 1847 жылы қазіргі Бішкекке жақын Майтөбе деген жерде қырғыз манаптарының әскерімен шайқаста Кенесары және оның жақтастары мерт болды.
Дереккөздер
- Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық - гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық/М.Қойгелдиев, Ө.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. ISBN 9965-36-106-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Orta zhүzdegi patshalyk reformalarga karsylyk Sarzhan Қasymuly bastagan kozgalys 1825 1836 zhyldary Emelyan Pugachyov Қazaktardyn 1773 1775 zhyldary Pugachev bastagan sharualar sogysyna katysuy batyr Syrym Datulynyn koterilisi Қazakstandagy handyk bilik zhүjesinin әlsirej bastaganyn korsetti Halyk arasynda ykpaly kemigen han patsha үkimetinin bilep tosteu sayasatyn ojdagydaj iske asyra almady Bul zhagdaj bileu zhүjesinin zhana tәrtibin kazhet etti Patsha үkimeti 1822 zhyly Orta zhүzde Sibir kazaktary turaly Zhargy engizu arkyly handyk bilikti zhojdy Birinshiden bul patshalyk reforma dәstүrli bilik kurylymdaryn buza otyryp kazak kogamyndagy buryngy kajshylyktardy odan әri terendete tүsse ekinshiden Resejdin әskeri әkimshilik otarlauyna ken tүrde zhol ashyp berdi Orta zhүzde handyk zhүjenin zhojyluy zhәne Қarkaraly 1824 zhyly men Kokshetau 1824 zhyly okrugterinin ashyluy zhәne t b әskeri әkimshilik sharalarga karsy kүresti Abylaj urpaktary bastady Onyn basynda turgan Қasym sultan Abylajuly zhәne onyn balalary Sarzhan Kenesarylar zhiyrma zhyldan astam uakyt bojy patshalyk tәrtipke karsy tabandy kүres zhүrgizdi Abylaj urpaktarynyn koldauyna sүjene otyryp үkimetke karsy narazylykty birinshi bolyp Kokshetau okruginin aga sultany Ғubajdolla Uәliuly ujymdastyrdy Alajda patsha үkimeti Ғubajdollany tez kolga tүsirip Sibirge zher audaryp zhiberedi Degenmen Shyngys urpaktary bastagan karsylyk kozgalystar odan әri orbi tүsti Osy kezende Sarzhan Қasymuly baskargan Қarkaraly okruginde de 1825 zhyldyn kokteminen bastap үkimetke karsy tolkular bastaldy Bul tolkulardyn maksaty Abylaj urpaktary sultandar bilik zhүrgizetin Қazak handygyn kajta ornatu okrugtik prikazdardyn kozin kurtu edi Sarzhan ozinin inisi Esengeldimen auyldardy aralap okimetke karsy kүresuge үndeu tastady Ұlgajgan halyk narazylygyn basuga Batys Sibir general gubernatory P M Kapcevich zhazalau kosynyn zhasaktady Karbyshev bastagan 200 kazak zhasagy Қarkaraly okruginin Қarpyk bolysyna zhiberildi 1825 1826 zhyldar zhazalaushy kүshter men koterilisshiler arasyndagy kaktygystarmen otti Sarzhannyn kol astyna Shyngysuly Sartaj sultan bastagan toptar kelip kosyldy Sarzhannyn kol astynda sultan zhas sultan Kenesary Қasymuly da oz sarbazdarymen sogys kimyldaryn zhүrgizdi Patsha әkimshiligi bolsa oz tarapynan bүlikshil sultandardyn is әreketin bakylaj otyryp mүmkin bolgan zhagdajda kolga tүsirip әskeri sottyn kuzyryna beru kerek dep sheshti Үkimet koterilisshilerdi zhazalau үshin olardyn izine tүsetin iri kazak zhasaktaryn kyrga shygarudy kejinge kaldyrdy 1827 1830 zhyldary koterilis Ұlytau onirine tarady da zhana kurylgan okrug aumagyn narazy toptar tastap shykty Al patsha үkimeti kazak dalasynda okrugter ashudy zhalgastyra berdi 1826 zhyly Bayanauyl 1832 zhyly Akmola 1831 zhyly Ayagoz Sergiopol okrugterin negizdeu arkyly Ortalyk Aziya ielikterine zhakyndaj tүsti Resej otarshyldygyna karsy kүreste kazak kogamy tagy da oz ishinde ozara karsy topka bolindi Қarkaraly okruginin aga sultany Sarzhannyn әrbir kimylyn Omby әkimshiligine habarlap karsy komek zhiberudi otinumen boldy Al Sarzhan bastagan koterilisshiler oz kezeginde otarshyl әkimshilikti koldagan sultandarmen kүrese zhүrip orys keruenderine alym salyk toletip razezd ben beketterge shabuyl zhasady Bugan kosymsha Sarzhan sultan zhәne onyn zhaktastary Қokan handygymen bajlanys ornatady Soltүstikten kele zhatkan kauipke birigip kүresuge bel sheship kirisedi Alajda kyrga shykkan patshalyk zhasaktardyn kimyly da karkyndy bola tүsti Patsha әskerlerinin kysymymen Sarzhan Orta zhүzdi tastap shygyp Ұly zhүz ielikterine keledi osy zhaktagy shashyranky kazak kүshterin oz zhagyna tartudy kozdejdi Sarzhannyn bul әreketi Қokan bileushisin alandatpaj kojmady 1836 zhyly zhazda Tashkentte Sarzhan sultan zhәne onyn inileri Erzhan Esengeldiler opasyzdykpen oltirildi Sarzhan koterilisinin sayasi mazmuny bugan dejingi koterilisterge karaganda terenirek boldy Ol Abylaj han urpagy retinde Қazak handygyn kajta kalpyna keltirudi maksat tutty Sarzhan Қasymuly oliminen kejin de patsha otarshyldygyna karsy kүres bir sәt te tolastamady Sarzhannan kejingi on zhylga sozylgan kүresti Sarzhannyn kishi inisi Kenesary odan әri zhalgastyryp әketti Sarzhan bastagan Orta zhүzdegi koterilis aldagy kele zhatkan zhalpyulttyk azattyk kozgalystyn ot zhalynynyn tek ushkyny ispettes edi Kishi zhүzdegi Zholaman Tilenshiuly bastagan kozgalysXIX gasyrdyn 20 30 zhyldary patsha үkimetinin otarlyk sayasatyna karsy Kishi zhүzdegi narazylykty Zholaman Tilenshiuly baskardy Zher үshin tartyp alyngan zhajylymdar үshin kүres onyn negizgi mazmunyna ajnaldy Osy zhyldary Zhana Elek әskeri shebinin kuryluy barysynda 7 10 myn sharshy shakyrymga dejingi zher kazaktardan tartyp alyndy Bul zhana shekara shebi Orynbor әskeri shekara shebinin bir boligi retinde kuryldy Zhana Elek shebi 29 forpost bekinisterden turdy Үkimet bul zherlerge Oral Orynbor orys kazaktaryn sharualardy koshirip әkelip konystandyrdy 1835 zhyly tagy bir zhana sheptin salynuymen 12 myn shanyrak kypshak zhәne zhagalbajly rulary zhersiz kaldyryldy Tabyn ruynyn zhajylymdary Elek ozeni audanynda ornalaskan bolatyn 1822 zhyldan bastap patsha үkimeti kazaktardy Elek pen Oral arasyndagy shurajly zhajylymdarga otkizbedi Zholamannyn әkesi Tilenshi kezinde Syrymnyn zhaktasy retinde koteriliske belsene katyskan bolatyn Al Zholamanmen birge koteriliske Syrym Datulynyn balasy Zhүsip te katysty Demek koterilister arasyndgy urpaktar sabaktastygy saktaldy Zholaman da Zhүsip te batyrlardyn azattyk kүres kosemderinin urpaktary retinde olar bastagan kүresti odan әri zhalgastyryp әketti Zholaman Tilenshiulymen birge tabyn ruynyn batyrlary Dәuit Asauuly Aldash Bajganinder boldy Al 1838 zhyldyn sonyna karaj ogan shekti ruynyn batyry Eset Kotibaruly kelip kosylgandygy muragat derekterinen belgili Zholaman batyr tarhan atagy bar tabyn ruynyn basshysy bola zhүrip patsha үkimetinin aldynda kazaktardyn kukyn korgauga kirisedi Basynda Orynbor gubernatory Essenge 1822 1823 zhyldary birneshe ret hat zhazyp әdilettilik ornatuyn talap etedi Қazaktardyn omirlik kazhettiligi zherin bejbit tүrde kajtaryp ala almajtyndygyna kozi zhetken son karuly kүres zholyna tүsedi Ol ozinin Resejmen sogys zhүrgizuinin sebebin Elek ozeni bojyndagy sheptin salynuynan dep tүsindiredi Or Troick bekinisterinen Torgaj ozenine karaj ygyskan kazak sharualary zher tapshylygynan mejlinshe kiynshylyk kordi 1835 zhylga karaj Zholaman batyrdy koldaushylar katary osip ony tabyn tama Zhagalbajly zhappas alshyn argyn kypshak rulary koldaj bastady Orta zhүzde Kenesary Қasymuly koterilisi bastalgan kezde Zholaman ogan komekke umtyldy Sojtip Kishi zhүz ben Orta zhүz kүshterin biriktirushige ajnaldy Ol kyrga ishkerilep enip Kenesary koterilisine kosyluga үndedi Al 1838 zhyly Bokej ordasyndagy koterilis basshysy Isataj Tajmanuly men Mahambet Өtemisuly Kishi zhүzge kelgen kezde koterilis odan әri orshi tүsti 1838 zhyldyn ortasyna taman shekara shebinen Or men Troickige dejingi aralykty koterilis oty sharpydy Koterilisshiler zhappaj Torgaj men Yrgyz audandaryna koshe bastady Ol oz kol astyna Resej oktemdigine karsy 3 mynga zhuyk sarbazdardy toptastyra aldy Zholaman batyr zhasaktaryn zhoyuga patshalyk әkimshilik үsh bagytta zhasaktar shygarganymen batyrdy kolga tүsire almady Orta zhүzdegi Kenesary koterilisinin Orynbor olkesine auysuyna bajlanysty zhazalaushy kүshter kejin kajtuga mәzhbүr boldy Kenesary Қasymuly bastagan ult azattyk kozgalys 1837 1847 zhyldary Kenesary Қasymuly Қazak dalasyndagy tizbektele salynyp zhatkan bekinister kurylysyna patshalyk әkimshilik reformalarga shurajly zherlerdi basyp alu kiyanatyna karsy kүrester birtindep kajta orbigen Kenesary Қasymuly bastagan koteriliske ulasty Sonau ult azattyk kүrestin kajnar bastauynda turgan Syrym Sarzhan Zholaman Isataj men Mahambetterdin kүres dәstүrin odan әri zhalgastyrdy Olardyn kolyndagy azattyk tuy kajta zhelbiredi Abylaj hannyn nemeresi Қasym torenin balasy әuelde sultan kejinnen han Kenesary 1802 1847 zhyldary buryngy Kokshetau oblysynyn Kokshetau eldi mekeninde dүniege keldi Kenesary kүreske zhastajynan aralasty Atasy Abylajdyn әkesi Қasymnyn el tәuelsizdigi zholyndagy kүresin zhalgastyrudy aldyna maksat etip kojdy Kenesary koterilisinin basty maksatyn korsetetin kuzhattar bүlikshil sultannyn imperator I Nikolajga Orynbor zhәne Sibir gubernatorlaryna zhazgan hattarynan anyk bajkalady Olar Abylaj han tusyndagy Қazak ielikterinin aumaktyk tutastygyn ulttyn birligin kalpyna keltiru Қazak zherlerin bekinister men zhana okrugtik bileu arkyly zhan zhakty korshauga aludy toktatu Қazakstannyn Resejdin kuramyna kirip үlgermegen onirlerinin derbestigin saktau Tүrkistan Әulieata kalalarymen kosa Ұly zhүzdin kop boligin Қokan ezgisinen azat etu mindeti turdy Kenesary ordasynda tutkynda bolgan baron Uslar onyn syrtky kelbetin bylajsha surettejdi Kenesary orta bojly aryktau kelgen bet pishininde kalmaktyn belgileri bar kysynky kozderinen akyl oj men kulyk kabat angarylady kelbetinen kop zhagdajda katandyk bajkalmajdy Revolyuciyaga dejingi zertteushi N Sereda Қyrgyz sultany Kenesary Қasymulynyn bүligi 1838 1847 zhyldary degen enbeginde Kenesarynyn zheke basyn onyn kolbasshylyk darynyn ote zhogary bagalajdy memlekettik tulga dәrezhesine koteredi Korip otyrganymyzdaj koterilistin bastalu kezine karaj Kenesary kүrestin katal mektebinen otip baj omirlik tәzhiribe zhinaktagan bolatyn Ol ozinin aldyndagy agalarynyn kejbir katelikterinen sabak alyp kajtalamauga tyrysty Ol birinshiden asa kuatty Resej memleketimen kүresu үshin үsh zhүzdin kүshin biriktiru kazhet ekenin tүsindi Zhәne osy zholda tek karuly kүres kana emes sonymen katar diplomatiyalyk ajla tәsilderge bardy Mysaly betpe bet sogystyn kiyndygyn sezine otyryp Sibir zhәne Orynbor әkimshilikterimen kelissozder zhүrgizdi Ekinshiden syrtky zhauga karsy tura alatyn kүshti memleket kuru үshin zhekelegen sultandardyn bilerdin karsylygyn kazak kogamyndagy alauyzdykty eki majdanga bolinushilikti zhoyu kazhet dep tapty Kejbir sultan bi rubasylarynyn karsylygyna karamastan Kenesary shyndygynda үsh zhүzdin ru tarmaktarynyn kopshilik boligin oz tuy astyna biriktire aldy Kenesary әskerlerinin sany kejbir zhagdajlarda 20 mynga zhetti Negizgi kүshi Orta zhүz kazaktarynan turdy Koterilis bastalgan kezden ak bukaralyk sipatka ie boldy XVIII gasyrdyn sony men XIX gasyrdagy azattyk kozgalystar tarihynda tungysh ret bүkil Қazakstandy kamtydy Bүkil halyk үsh zhүzdin hany retinde Kenesaryny mojyndaganyn muragat kuzhattary da rastajdy On zhylga sozylgan koterilistin basty kozgaushy kүshi kazak bukarasy edi Ogan kүshejip otyrgan otarlyk ezgiden kysym korgen katardagy eginshiler de rubasylary da sultandar da katysty Қazak zherlerin әskeri әkimshilik otarlauga karsy kүreske narazy halyktyn barlyk әleumettik toptary katysty Basty maksatyna karaj ol ult azattyk koterilis boldy Kenesary әskerlerinin zheke zhasaktaryn baskargandar arasynda belgili halyk batyrlary Agybaj Iman Amangeldi Imanovtyn atasy Zholaman Tilenshiuly Buharbaj Zhanajdar Basygara Angal Zhәuke Bajsejit Suranshy batyrlar boldy Kenesarynyn zhakyn serikterinin katarynda onyn tuystary da belsene katysty Kenesarynyn inileri Nauryzbaj men Әbilgazy әpkesi Bopaj zhәne zhieni Әdilgazylar koterilistin belsendi ajnaldy Kenesarynyn kasynda Sarzhannyn balalary t b tuystary boldy Osylardyn arasynan erekshe koringen Nauryzbaj edi Nauryzbaj koterilis bojy Kenesarynyn basy kasynda bolyp zhan serigine ajnaldy Kenesarynyn kishi inisi Zhas kezinen ak ozinin erzhүrek zhauyngerligimen kozge tүsedi Nauryzbaj ozinin tobymen Kenesarynyn barlyk iri әskeri shajkastaryna katysty Koptegen el auzyndagy anyz zhyrlarda Kenesary men Nauryzbaj esimderi birge atalady Kenesaryga arnalgan tarihi zhyrlardyn ishindegi en ataktysy Nysanbajdyn Kenesary Nauryzbaj dastany Oryska antalagan ustatpady Keneken talaj shapty bir shappady Aruakty Kenesary Nauryzbajga Zhortkanda karsy kelip zhan batpady Agybaj batyr poemasynan dd dd dd dd dd dd dd dd dd dd dd dd dd dd dd dd Nauryzbaj 1847 zhyly agasy Kenesarymen birge kyrgyz zherindegi kaktygysta mert boldy Olardyn olimi turaly da el auyzynda kissa dastandar kop Өzinin әskeri erligimen Kenesarynyn әpkesi Bopajdyn da aty shykty Ol algashky kүnderden ak ozinin zhubajy alty balasy zhәne tugan tuystaryn ertip koterilisshilerge kosyldy Bopaj 600 adamdyk zeket zhinajtyn erekshe topty baskardy Sonymen katar barlyk iri shajkastarga katysyp Kenesarynyn basty akylshy kenesshisine ajnaldy Al orysshaga zhүjrik tagy da bir inisi Әbilgazy Kenesarynyn Resej oryndarymen hat kagaz almasu isin zhүrgizip otyrdy Koteriliske katysushylardyn kuramy kop ultty edi Onda kazaktar orystar ozbekter kyrgyzdar polyaktar t b boldy Koterilistin bastaluy zhәne barysy1837 zhyly karasha ajynda Kenesary Petropavl kalasynan shykkan keruenge erip kele zhatkan Aktau bekinisine karasty orys kazaktar tobyna tungysh ret shabuyl zhasady Әskeri kimyldar 1838 zhyldyn kokteminde kajta zhandanyp koterilisshiler Akmola prikazyn korshap ortep zhiberdi Akmola prikazynyn aga sultany Қonyrkulzha Қudajmendiuly men bekinis komendanty Karbyshev ortengen bekinisten zorga kutylyp shygady 1838 zhyldyn zhazy men kүzinde Orta zhүzdi sharpygan koterilis endi Kishi zhүzge ojysty Osylajsha Torgaj dalalaryna kelu arkyly kezinde Isataj Tajmanuly koterilisine katyskandarmen Zholaman Tilenshiuly batyr bastagan toptarmen bas kosu kozdeldi 1841 zhyly kyrkүjekte үsh zhүzdin ykpaldy bi sultandary Kenesaryny han etip sajlady Osylajsha kazak zherinde memlekettilik kajta ornady 1841 zhyldyn kүzinde koterilisshiler toby Tashkentke attanyp Sozak Zhanakorgan Zhүlek bekinisteri alyndy Kenesary ujymdastyrgan memleket feodaldyk memleket boldy Belgili kazak rularynyn batyrlarynyn sultandarynyn zhakyn tuystarynyn katysuymen handyk kenes kurdy Degenmen Әbilkajyr han kezindegi aksakaldar kenesinen ozgesheligi barlyk bilik tizgini Kenesarynyn kolynda boldy Belgili biler sotyn zhojyp onyn ornyna handyk sotty engizdi Arnajy top karzhy alym salyk mәselesin handyk kenestin sheshimderinin oryndaluyn kadagalap otyrdy Ekonomikalyk salada zher sharuashylygymen ajnalysudy koldady Kenesary saudadan tүsetin salyktyn pajdaly ekenine kozi zhetkendikten keruenderdi tonaudan gori olarga konakzhajlylyk tanytty Kenesary әskerinde katan tәrtip ornatyldy Atakty batyrlar men әskeri kenestin mүsheleri baskargan zhekelegen zhasaktar zhүzdikterden myndyktardan turdy Mundaj baskaru zhүjesi koshpeli halyktardagy dala sogysyna barynsha kolajly edi Patsha үkimeti 1843 zhylga dejin iri zhazalaushy kүshter zhasaktaj kojmady Alajda koterilistin aumagy damu barysy Soltүstik Kavkazdagy tau halyktarynyn patsha үkimetin Kenesaryga karsy turakty armiya shygaruga itermeledi Kenesaryga karsy shykkan әskeri kuramalardyn ishinde Ahmet Zhantoreuly Bajmagambet Ajshuakuly t b sultandarmen bolgan 1844 zhylgy 20 21 shildedegi urysta Kenesaryga karsy 44 sultan urys dalasynda mert boldy Al patshalyk Resejmen zhүrgizilgen kelissozder nәtizhe bere kojmady 1845 zhyldyn zhazynda koterilisshilerdi Orynbor olkesinen ygystyryp shygaru maksatynda Yrgyz zhәne Torgaj bekinisteri salyndy Kenesarynyn Saryarkany tastap shyguyna tura keldi Kenesarynyn Saryarkadan Ұly zhүzge karaj bet aluynyn bir sebebi Қokan handygyndagy kazak rularyn oz zhagyna tartu edi Kenesarynyn Zhetisuga kelui turgyndardyn arasynda үlken tolku tugyzdy Үjsin zhalajyr dulat rularynyn bir boligi koterilisshilerdi zhaktady Kenesaryga aga sultan Қunanbaj Өskenbaev Barak Soltabajuly men general major N F Vishnevskijdin zhasagy karsy shykty Kүshi basym әskerlerden ygyskan Kenesary Balkash koli aumagyn tastap Ile arkyly Alatau men Shu ozenine zhakyndady Kenesaryny Ұly zhүzdin Sauryk Tojshybek Suranshy batyrlary barynsha koldady Kenesary oz okilderin kyrgyz manaptaryna attandyryp Қokan handygy men orys otarshyldaryna birigip kүresuge shakyrdy Alajda Resej men Қokan bekterinin arasynda eki zhүzdi sayasat ustangan kyrgyz manaptary Kenesary usynysyn zhauapsyz kaldyrdy Al patsha үkimetinin okilderi oz kezeginde kyrgyzdar men Alatau onirindegi kazaktardy bir birine ajdap salumen boldy Kenesary 1847 zhyly kyrgyz zherine basyp kirdi Koterilistin otarshyldykka karsy azattyk sipaty ozgere bastady Kenesarynyn oz karsylastaryna kataldygy zhazyksyz kyrgyz auyldaryn tonauy ogan degen karsylykty orshite tүsti 1847 zhyly kazirgi Bishkekke zhakyn Majtobe degen zherde kyrgyz manaptarynyn әskerimen shajkasta Kenesary zhәne onyn zhaktastary mert boldy Derekkozder Қazakstan tarihy Asa manyzdy kezenderi men gylymi mәseleleri Zhalpy bilim beretin mekteptin kogamdyk gumanitarlyk bagytyndagy 11 synybyna arnalgan okulyk M Қojgeldiev Ө Toleubaev Zh Қasymbaev t b Almaty Mektep baspasy 2007 ISBN 9965 36 106 1Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet