Әбілғазы Баһадүр Хан(1603 — 1664) — Хиуа ханы (1645—63), тарихшы-шежіреші. Әбілғазы Хорезм хандығының астанасы Жошы ұрпағынан тараған Арабмұхамед ханның отбасында туған.
Өмірі
Әкесі Арабмұхамед хан 1602 жылы Хорезм ханы болып жарияланған. Шешесі Мейірбану да Шыңғыс хан әулетінен шыққан, Арал теңізі маңындағы қазақ руларының ханы Жанғазы сұлтанның қызы. әкесі салдырған Арысхан медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алған. Медреседе халық ауыз әдебиетін, тарихты оқып зерттеді, әскери өнер, мемлекеттік басқару ісін меңгерді. 16 жасқа шыққанда әкесі оны үйлендіріп, Үргеніштің жарты бөлігін билеткен. Арабмұхамед ханның қартайған шағында балалары арасында билікке талас басталды. 17 жасынан бұл талас-тартысқа Әбілғазы да араласты. Оның аяғы ағайынды адамдар арасындағы қарулы қақтығысқа ұштасты. Сондай соғыстың бірінде 1621 жылы Әбілғазы ауыр жарақаттанып, Әмударияны жалғыз жүзіп өтіп, қашып құтылады. Маңғыстаудағы түрікмендерді, қазақ хандары Есім мен Тұрсынды паналайды. Әбілғазы Ташкентте Тұрсынхан сарайында 2 жыл тұрып, еліне қайтып келген соң, 1628 жылы ағаларының қолына түсіп, Иранға жер аударылды. 10 жылдай Исфахан қаласында айдауда болған. 1638 жылы Исфаханнан қашып шығып, түрікмен руларының арасында жасырынып жүрген. 1640—1641 жылы Жем өзені бойындағы Қалмақ ханы Хо-Өрліктің ордасында тұрған. Осы жерден Арал қазақтары көп сыйлық беріп, Әбілғазыны қалмақ ханынан сұрап алып, өздеріне хан көтерді. 1643 жылы бастаған Арал қазақтары Хиуа ханы Аспандиярға қарсы көтерілгенде Әбілғазы солармен бірге болған. Екі жыл бойы Хиуаға дамылсыз шабуыл жасап, ақыры қазақ, өзбек, қарақалпақтардың күшімен 1645 жылы Хиуаны алып, хан болып жарияланды. Хан тағына отырғаннан кейін де көп жылдар түрікмен тайпаларымен соғыс жүргізді, Хиуа хандығы жеріне баса-көктеп кірген қалмақтарға қарсы қиян-кескі ұрыс жүргізді, Бұхараға шабуыл жасады. Тек 1663 жылы ғана хандық билігін ұлы Ануш Мұхамедке беріп, бейбіт істермен айналысуға мүмкіндік алып, шығармашылық жұмысқа кірісті.Әбілғазы өз заманының білімді адамдарының бірі, зиялылардың ұстазы болды.
- Ол өзі туралы:"Құдай тағала мырзалық қылып, маған біраз нәрселер берген. Мен, әсіресе, үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі — әскери өнер, яғни әскерді басқару, оның тәртібі ; Eкіншісі — ақындық өнер, яғни түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түрік тілінде меснеуи, қасида, ғазел, рубаят тәрізді өлең шығара алу, араб, парсы, түрік сөздерінің мағынасын жетік білу; Үшіншісі — бұрын Сауд Арабиясы, Иран, Тұран, Моңғолияны билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білу" деп жазды.
Шежіре
Әбілғазы жазған “Шежіре-и Тарахима” (“Түрікмен шежіресі”, 1661 жылы) және “Шежіре-и Түрк” (“Түрік шежіресі”, 1665 ) атты тарихи екі шығарма шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды. “Шежіре-и түрк” ғыл. ортаға 18 ғасырдың бас кезінде мәлім болды. Кітаптың қолжазбасын Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл тауып, оны Бұхар ахунына орысша аудартқан. Көп өзгерістерге ұшырамай, қазіргі қазақ тіліне өте ұқсас таза көне түрік тілінде жазылған қолжазба алғаш рет француз (1726), орыс (1770, 1780) және неміс (1780) тілдерінде кітап болып шықты. 1825 жылы шежіренің араб әрпімен жазылған түпнұсқасы граф араласуымен Қазанда басылып шыққаннан кейін ғана ғыл. айналымға қосылды. Академик Х. Френ бұл басылымды ээ“шығыстану ғылымының даңқын шығаратын үлкен іс”ээ деп бағалады. 1854 жылы “Шығыс тарихшылары кітапханасының” 3- томына жасаған орысша аударманы кіргізді. Жоғарыдағы нұсқасы мен Даль коллекциясынан Азия музейіне түскен жаңа қолжазбаны пайдаланып, оның салыстырмалы нұсқасын екі кітап етіп бастырып шығарды (1871 — 1874). Бұл шығарма — Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазы ханның “Түрік шежіресі” — тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма.
Дереккөздер
- Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Әbilgazy Baһadүr Han 1603 1664 Hiua hany 1645 63 tarihshy shezhireshi Әbilgazy Horezm handygynyn astanasy Zhoshy urpagynan taragan Arabmuhamed hannyn otbasynda tugan Әbilgazy Baһadүr Han ӨmiriӘkesi Arabmuhamed han 1602 zhyly Horezm hany bolyp zhariyalangan Sheshesi Mejirbanu da Shyngys han әuletinen shykkan Aral tenizi manyndagy kazak rularynyn hany Zhangazy sultannyn kyzy әkesi saldyrgan Aryshan medresesinde okyp gulama galymdardan dәris algan Medresede halyk auyz әdebietin tarihty okyp zerttedi әskeri oner memlekettik baskaru isin mengerdi 16 zhaska shykkanda әkesi ony үjlendirip Үrgenishtin zharty boligin biletken Arabmuhamed hannyn kartajgan shagynda balalary arasynda bilikke talas bastaldy 17 zhasynan bul talas tartyska Әbilgazy da aralasty Onyn ayagy agajyndy adamdar arasyndagy karuly kaktygyska ushtasty Sondaj sogystyn birinde 1621 zhyly Әbilgazy auyr zharakattanyp Әmudariyany zhalgyz zhүzip otip kashyp kutylady Mangystaudagy tүrikmenderdi kazak handary Esim men Tursyndy panalajdy Әbilgazy Tashkentte Tursynhan sarajynda 2 zhyl turyp eline kajtyp kelgen son 1628 zhyly agalarynyn kolyna tүsip Iranga zher audaryldy 10 zhyldaj Isfahan kalasynda ajdauda bolgan 1638 zhyly Isfahannan kashyp shygyp tүrikmen rularynyn arasynda zhasyrynyp zhүrgen 1640 1641 zhyly Zhem ozeni bojyndagy Қalmak hany Ho Өrliktin ordasynda turgan Osy zherden Aral kazaktary kop syjlyk berip Әbilgazyny kalmak hanynan surap alyp ozderine han koterdi 1643 zhyly bastagan Aral kazaktary Hiua hany Aspandiyarga karsy koterilgende Әbilgazy solarmen birge bolgan Eki zhyl bojy Hiuaga damylsyz shabuyl zhasap akyry kazak ozbek karakalpaktardyn kүshimen 1645 zhyly Hiuany alyp han bolyp zhariyalandy Han tagyna otyrgannan kejin de kop zhyldar tүrikmen tajpalarymen sogys zhүrgizdi Hiua handygy zherine basa koktep kirgen kalmaktarga karsy kiyan keski urys zhүrgizdi Buharaga shabuyl zhasady Tek 1663 zhyly gana handyk biligin uly Anush Muhamedke berip bejbit istermen ajnalysuga mүmkindik alyp shygarmashylyk zhumyska kiristi Әbilgazy oz zamanynyn bilimdi adamdarynyn biri ziyalylardyn ustazy boldy Ol ozi turaly Қudaj tagala myrzalyk kylyp magan biraz nәrseler bergen Men әsirese үsh tүrli onerdi zhete mengerdim Birinshisi әskeri oner yagni әskerdi baskaru onyn tәrtibi Ekinshisi akyndyk oner yagni tүrli olen kurylysyn saktaj otyryp tүrik tilinde mesneui kasida gazel rubayat tәrizdi olen shygara alu arab parsy tүrik sozderinin magynasyn zhetik bilu Үshinshisi buryn Saud Arabiyasy Iran Turan Mongoliyany bilegen patshalardyn omiri men memlekettik manyzdy isterin olarda bolgan irili uakty okigalardy zhatka bilu dep zhazdy ShezhireӘbilgazy zhazgan Shezhire i Tarahima Tүrikmen shezhiresi 1661 zhyly zhәne Shezhire i Tүrk Tүrik shezhiresi 1665 atty tarihi eki shygarma shygystanuda onyn ishinde tүrkitanu men kazaktanuda keninen tanymal boldy Shezhire i tүrk gyl ortaga 18 gasyrdyn bas kezinde mәlim boldy Kitaptyn kolzhazbasyn Resejde tutkynda zhүrgen shved oficerleri Tobyl tauyp ony Buhar ahunyna oryssha audartkan Kop ozgeristerge ushyramaj kazirgi kazak tiline ote uksas taza kone tүrik tilinde zhazylgan kolzhazba algash ret francuz 1726 orys 1770 1780 zhәne nemis 1780 tilderinde kitap bolyp shykty 1825 zhyly shezhirenin arab әrpimen zhazylgan tүpnuskasy graf aralasuymen Қazanda basylyp shykkannan kejin gana gyl ajnalymga kosyldy Akademik H Fren bul basylymdy ee shygystanu gylymynyn dankyn shygaratyn үlken is ee dep bagalady 1854 zhyly Shygys tarihshylary kitaphanasynyn 3 tomyna zhasagan oryssha audarmany kirgizdi Zhogarydagy nuskasy men Dal kollekciyasynan Aziya muzejine tүsken zhana kolzhazbany pajdalanyp onyn salystyrmaly nuskasyn eki kitap etip bastyryp shygardy 1871 1874 Bul shygarma Shyngys hannan buryngy zhәne odan kejingi dәuirlerde Orta Aziya Қazakstan Tayau Shygys elderinde bolgan okigalar men sol tustagy el baskargan handar zhүrgizgen sayasat turaly zhylnama Enbekte kazak halkyn kuragan rular men tajpalardyn kone tarihy turmys tirshiligi men mәdenieti zhajly kundy derekter keltirilgen Әbilgazy hannyn Tүrik shezhiresi tarihi derektik әdebi zhәne tildik zhagynan ozge shezhire enbekterden shoktygy biik turatyn shygarma DerekkozderMangystau enciklopediyasy Almaty 1997 Ajbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H Otyrar Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2005 ISBN 9965 17 272 2 Қazak ulttyk enciklopediyasyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet