Зекет (араб.: زكاة – тазарту) — мұсылмандардың бес парызының бірі, немесе мұсылмандықтың төртінші шарты, қоғамдағы кедейлерге берілетін міндетті садақа. Шариғат бойынша, кәмелетке толған ауқатты мұсылмандар ғана жылына бір рет малының, дүние-мүлкінің, дәулетінің қырықтан бір бөлігін Зекет ретінде беруге міндетті.
Зекет мөлшері
Зекет берілсе, бай адам мал-мүлкінің кірінен, кедейлер алдындағы борышынан тазарады. Зекет берілмесе, кедейдің қақы желінген болып табылады.
Зекет мына нәрселер үшін беріледі:
- алтын-күміс,
- төрт түлік мал,
- ақша,
- сауда-саттық тауарлары.
Бұлар белгілі бір мөлшерге толуы қажет. Зекетке толатын мөлшерді “” деп атайды. Мысалы, қой саны үшін белгіленген “нисап”: 40-тан 121-ге дейін 1 қой, 121-ден 399-ға дейін 2 қой, 400-ден бастап жүзден бірі Зекет түрінде садақаға берілуі керек. Сиырдың саны 30-ға жетсе, “нисапқа” толған болып, 30-дан 39-ға дейін 1 тайынша, 40-тан 59-ға дейін 1 құнан өгіз не құнажын сиыр, 60-тан 69-ға дейін 2 тайынша, 100-ден 202-ге дейін 4 тайынша, не 3 құнан өгіз, не 3 құнажын сиыр, бұдан жоғары сандарға жеткенде әр 30-дан бір тайынша, не әр 40-тан 1 құнан өгіз, не құнажын сиыр Зекетке беріледі. Түйенің саны 5-ке жетсе “нисапқа” толады. 5-тен 9-ға дейін 1 қой, 10-нан 14-ке дейін 2 қой, т.б., 196-дан 200-ге дейін 4 бесті інген Зекетке беріледі де, одан жоғары санға жеткеннен кейін әр 50 түйеге 1 дөнежін інгеннен есептеледі. Айналымдағы алтын-күмістен өз салмағының 40-тан бірі Зекетке беріледі. Сондай-ақ, 20 мысқал (96 г) алтынның, яки 200 дирҺам (641 г) күмістің бағасындай сауда мүлкінен де, ақшадан да 40-тан бір мөлшерінде Зекет беріледі.
Кімге берілуі тиіс
Құран Кәрімде айтылғандай, Зекет сегіз түрлі кісілерге: кедейлерге, міскіндерге (қолында түгі жоқ тақыр кедейлерге, жетім-жесірлерге), Зекет жинаушыларға, жаңа мұсылмандарға, құлды азат етуге, борыштыларға (қарызын төлеуге шамасы келмейтіндерге), мүсәпірлерге (үйіне жете алмай, жолда қалғандарға) таратылуға тиіс. Зекет беруші Зекетті берген уақытта Зекет үшін беретіндігін ниет етуі, яғни ішінен ойлауы шарт. Ал Зекет алушының Зекет екендігін білуі шарт емес. Зекетті бергеннен кейін міндетсу немесе ренжітіп, кемсітіп беру, сондай-ақ, мақтан үшін беру Зекеттің қайыр-сауабын зая кетіреді.
Зекеттің пайдалары мен хикметтері
- 1. Алла Тағала Құранда өзінің әмірлерін орындап, тыйым салынған нәрселерден тыйылған құлдарын ақыретте сый-сыяпатқа кенелтіп, өзінің мархаметіне бөлейтіндігі турасында сөз беріп, уәде еткен. Зекет те Алла Тағаланың бұйырған әмірлерінің біреуі,сондықтан орындаушысы уәде етілген сый-сыяпатқа кенеліп, Алланың ризашылығына кенелері сөзсіз. Сонымен қатар 3екет – Тәубе сүресінің 103-аятында білдірілгендей күнәлардың кешірілуіне
себеп. «Олардың малдарын көбейт және өздері күнәлардан тазалануы үшін мұсылмандардың малдарынан садақа ал».
- 2. Жалпы адам баласының бойында дүние-мүлік, байлыққа деген қомағайлық пен қанағатсыздық және байлығымен басқаларға тәкаппарлану, паңдану сияқты
жаман сипаттар бар.
- 3. Зекет ғибадаты адамды осы өзімшілдік, сараңдық, дүниеқорлық,тәкаппарлық сияқты жиіркенішті қылықтардан сақтап, кішіпейілдік, жомарттық және кеңпейілдік сияқты жақсы сипаттарға тәрбиелейді, баулиды. Табысының бір бөлігін тек қана Алла ризалығы үшін пақыр отандастары мен діндестеріне тегін беретіндей көңілге ие болған мұсылман баласы әрқашан елін, халқын, отанын ойлайтын азаматқа айналары сөзсіз. 3екет – қоғамдағы бай мен кедейдің арасындағы байланысты жақсартып, бауырмалдыққа тәрбиелейді. Бай кедейлерге мейірімділікпен қарап, байлығының белгілі бір бөлігін оларға тегін бергендіктен,кедей де оларға құрметпен қарап, олардың байлығы мен дүние-мүліктеріне сұқ көзбен қарап, қызғаныш, қастандық ойламайды. Осылайша қоғам бақытты, сенімді ғұмыр кешеді.
- 4. 3екет – қоғамдағы кедей-кепшіктердің орташа өмір сүрулеріне ықпал жасап, мемлекетті әлсіздіктен сақтайды.
- 5. 3екет – капиталдың тек қана байлардың арасында айналып тұратын күш болуына бөгет жасайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.)«Зекет – Исламның көпірі» – деп (әудем.) өмірдегі табиғи түрде бай, кедей деп бөлінудің 3екет арқылы бір дастарқан басына жиналатындығын ишарат еткен. Өйткені 3екет – бай мен кедейді жақындастыратын маңызды ғибадат. Ислам діні «Мен тоқ болайын, басқасы аштықтан өлсе әлсін» немесе «Сен әурешілік ішінде күн кеш, мен нығметтер мен ләззаттар ішінде рақаттанайын, сен жұмыс істе, мен жейін, сенен жұмыс, менен жеу» – деген сияқты тек қана қара басын ойлайтын өзімшілдік түсініктерге қарсы шығу арқылы қоғамның байлары мен кедейлері арасында от тұтанатын болымсыздықтарға іс насырға шаппас бұрын бөгет жасайды. 3екет – кірістің таратылуындағы теңсіздікті жоқ қылып, әділеттікті орнататын, байларға жүктелген сауабы мол маңызды ғибадат. Қысқасы, 3екет – хадисте айтылғандай байдың мейірімділік жағалауы мен кедейдің құрмет жағалауын жалғайтын илаһи көпір.
- 6. 3екет ғибадаты – Алла Тағаланың берген байлық нығметіне шүкір болып саналады.3екет беруші мұсылман әрқашан қолындағы байлықтың Алла Тағала тарапынан берілген жақсылық екенін түсініп, өзінен де зерек, қабілетті, денсаулығы мықты талай адамдардың бұл нығметтен мақрұм екенін түсініп, сол нығметтерді өзіне нәсіп еткен Алла Тағалаға шүкір етуі керек. Әр нығмет өзіне сай шүкір талап етеді. Ілімнің шүкірі – оны басқаға үйретумен,дене мүшеміздің шүкірі – ораза ұстап, намаз оқу тәрізді ғибадаттармен орындалатыны сияқты, байлық нығметінің де шүкірі мұқтаждарға көмектесіп, зекет беру арқылы жүзеге асады. Яғни, байлық нығметінің шүкірі ауызбен айтылатын «Аллаға шүкір» деген сөзбен ғана шектелмейді.
- 7. 3екет пәле-жаладан, апаттан, ауру-сырқаудан сақтап, байлықтың құрып кетуіне тосқауыл жасайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Малдарыңды зекет беру арқылы қорғаңдар, ауруларыңды садақа беру арқылы емдеңдер, бастарыңа келетін пәлелерге тілейтін дұғаларыңмен дайындалыңдар» – деп түсіндіреді.
- 8. 3екет – қоғамдағы ұрлық-қарлық, алдап-сулау, адам тонау, кісі өлтіру сияқты жаман әдеттердің кеңінен жайылуына бөгет қояды. Мұқтаж адамдардың өмір сүрулеріне керекті деп табылатын аса қажеттері зекет сияқты заңды жолмен қамтамасыз етілгендіктен, қоғамдағы аталмыш болымсыз көріністер өздігінен тоқтайды.
- 9. Қоғам барлық мүшесімен бүтін саналады. Әркім өзіне кіріс кіргізу барысында қоғамның басқа мүшелерінен тікелей немесе жанама түрде пайдаланады. Белгілі бір қоғамда емес, жапан далада жеке басы өмір сүргенде қолындағы байлығы пайда болар ма еді? Сондықтан байдың байлығында
кедейдің де есесі бар екенін ұмытпаған жөн. Беретін зекет – қоғамға деген рахмет пен сол байлық нығметін нәсіп еткен Ұлы Жаратушыға шүкір етудің белгісі.
- 10. Шайтан адамды «3екет берсең, аш-жалаңаш, кедей болып қаласың» – деп қорқытып, азғырып-пысқырады. Шындығында 3екет малдың азаюына емес, көбейіп,
өсіп-өнуіне себеп. Құранда бұл шындық былай баяндалады: «Шайтан сендерді кедейлікпен қорқытады да арсыздықты әмір етеді. Ал Алла Тағала сендерге өз қасынан жарылқауды, кеңшілікті уәде етеді. Алла аса кең, толық білуші» («Бақара»,268-аят), «Алла өсімді жояды да сауданы арттырады. Әрі Алла барлық қарсы келуші күнәһарды жақсы көрмейді» («Бақара»,276-аят). Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде берілген садақаның байлықты азайтпайтынын айтады: «Садақа малдан ештеңе азайтпайды» (Муслим, Бирр, 69).
- 11. 3екет берген адамның жүрегін, ішкі сезімін керемет қуаныш билеп, ерекше ләззат кұшағына кіргендей күй кешіп, өмірдің қысымынан, дүние - мүліктің ауыртпалығынан, жүректің қаттылығынан шығады.3екет мұсылмандарды жалқаулыққа, масылдыққа, жатып ішерлікке тәрбиелеп дағдыландырмайды. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Берген қол – алған қолдан қайырлы» - деп мұсылмандарды әрқашан тер төгіп, еңбек етуге шақырады.
Зекет ғибадатының үкімі
3екет ғибадаты Ислам дініндегі негізгі бес ғибадаттық ішінен орын теуіп, һижраның екінші жылы Рамазан оразасынан кейін Шәууәл айында парыз болды.
Парыздығының дәлелдері
(Құран Кәрім,Сүннет, Ижмағ).
1. Құран Кәрім «Намаз оқыңдар, Зекет беріңдер...» («Бақара», 34; 83-аяттар.)«(Мұхаммед Ғ.С.) олардың малдарынан садақа ал да, ол арқылы оларды тазартып, берекелендіресің. Оларға дұға қыл.Өйткені, сенің дұғаң олар үшін бір тоқтау.Алла толық естуші, аса білуші» («Тәубе»,ЮЗ-аят) «Шын мәнінде садақалар (зекеттер), Алла тарапынан бір парыз: Қолы тар пақырларға, түгі жоқ міскіндерге,жаңа мұсылмандарға, құлды азат етуге,борыштыларға, Алла жолына және жолда қалғандарға беріледі. Алла әр нәрсені білуші хикмет иесі» («Тәубе», 60-аят).
2. Сүннет Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Ислам діні бес негізден тұрады: Алладан басқа тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммедтің (с.а.у.) Алла тарапынан жіберілген елші екендігіне куәлік келтіру, намаз оқу,зекет беру, рамазан оразасын ұстау, шамасы келсе қажылыққа бару» (Тирмизи, Иман 36;Бухари, Иман 1; Муслим, Иман 217.)
3. Ижмағ Ислам ғұлама, мүштаһиттері 3екет ғибадатының парыздығына бір көзқарас білдірген. Тіпті сахабалар зекетті бермейміз дегендерге қарсы соғыс ашу керек деген пікір айтқан. Кімде-кім зекет ғибадатының парыздығын қабылдамаса, діннен шығады. Ал, парыздығын қабылдап орындамаса, күнәһар болады.3екеттің белгілі-бір адамға парыз болуы үшін төмендегі шарттардың орындалуы тиіс.
Мұсылман болуы
Басқа ғибадаттар сияқты зекет ғибадатында да беруші адамның ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен,азат мұсылман болуы шарт. Мұсылман мемлекетінде өмір сүретін басқа дінді ұстанушыларға және балиғат жасына жетпеген балалар мен ақыл-есі дұрыс еместерге зекет беру парыз емес.Ханафи мазһабынан тыс басқа мазһабтарда балиғат жасына жетпеген балалар мен ақыл-есі дұрыс еместерге де зекет беру парыз. Олардың малдарының зекетін уәлилері береді.
Нисап көлеміне жететін немесе одан көп байлыққа ие болу
3екеттің парыз болуы үшін күнделікті тіршілікте қолданылатын негізгі қажеттер мен қарыздардан тыс, нисап көлеміне жететін байлыққа ие болуы керек. Нисап дегеніміз – зекетті парыз ететін белгілі байлық мөлшері.3екет берілетін малдардың түрлері мен зекет беруді парыз ететін нисап көлемі:
- 1. Алтында: жиырма динар, яғни, 85 гр.
- 2. Күмісте: екі жүз дирһам, яғни, 595 гр.
- 3. Түйеде: бес.
- 4. Сиырда: отыз.
- 5. Қой мен ешкіде: қырық.
- 6. Сауда заттарында: 85 гр. алтын немесе 595 гр. күмістің құнына тең болса.
- 7. Ақшада: 85 гр. алтын немесе 595 гр.
күмістің құнына тең болса.
- 8. Бау-бақша және егіс өнімдері.
Зекетке берілетін малдың өсімділігі
3екет берілетін малға ай санауымен бір жыл толуы керек. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Бір жыл толмай малға зекет берілмейді» (Әбу Дәуд, 3., 5), – дейді. Бір жыл – зекет малдарының көбейіп, өсетін уақыты. Жыл толу мәселесінде Имам Әбу Ханифаның көзқарасына сүйенсек, зекет берілетін малдар екіге бөлінеді,
а) алтын, күміс, барлық ақша түрлері және жылдың көбінде қырда жайылатын малдар мен сауда заттары;
ә) барлық егістік, бау-бақша өнімдері мен қазба байлықтар. Бірінші бөлімдегі зекет малдарының зекеті берілу үшін толық бір жыл толуы шарт, өйткені малдардың төлдеп, сауда заттарының кіріс кіргізетін уақыты кем дегенде бір жыл. Ал екінші бөлімдегі зекет малдарының зекеті берілуі үшін бір жыл толуы шарт емес. Өйткені егіс пен бау-бақшадан бірнеше айда өнім алуға болады. Сол сияқты қазба байлықты бір жылда бірнеше рет алуға болатындықтан,бұларға нисап мөлшері мен бір жыл толу шарты қосылмайды. Ал Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің бұл мәселедегі көзқарасына сүйенсек, шамамен бір тоннаға жетпейтін және қолда бір жыл сақтауға шыдамайтын егіс өнімдері мен жеміс-жидектерден зекет алынбайды.3екет парыз болу үшін, ханафи мазһабында, көлемі жылдың басында әрі жыл- дың аяғында толық болуы шарт.
Мысалға, бір адам негізгі қажеттерінен тыс 100 гр. алтынға ие болса, бір жыл толғаннан кейін 50 гр. азайса, бұл адамға зекет беру парыз емес. Бірақ жылдың ортасында азайып, жылдың аяғында нисап көлеміне қайта жетсе, зекет беріледі. Мысалға, алты айдан кейін 50 гр. азайса,бірақ жылдың аяғында 120 гр. шықса,жылдың басындағы 100 гр-ның немесе жылдың ортасындағы 50 ғр-ның 3-ті берілмей, жылдың аяғындағы 120 гр-ның зекеті беріледі.3екет берілетін байлық, мал-дәулет бір жыл толғаннан кейін көбейіп өссе, көбейген бөлімінің зекеті дәл сол жылы берілмейді.Көбейген бөлімінің зекеті келесі жылы дәл сол уақытта беріледі. Мысалға, бір адамның қолында өткен жылғы Рамазан айының он бесінде 100 мың теңге болса, бұл көлем биылғы жылы Рамазан айының он бесіне дейін 140 мың теңгеге көбейіп, Рамазан айының жиырмасында 160 мыңға жетсе, 140 мың теңгенің ғана зекеті сол жылы беріледі.3екеттің парыз болуы үшін малға бір жыл толуы керек дедік, бірақ пақыр, кедей-кепшіктердің жағдайын ойлап, бір жыл толмай да зекет бере беруге болады.
Бірақ, бір жылда екі рет зекет берілмейді. Қарыздың барлық түрі – зекеттің парыздығына бөгет жасайды. Мысалға, бір адам негізгі қажеттерінен тыс 100 гр. алтынға ие болды делік. Бірақ бұл адамның басқа біреуге 20 гр. көлемінде қарызы болса, бұл адамға зекет парыз емес. Өйткені қарыздан тыс қалған малдың мөлшері нисап көлеміне (85 гр. шамасындағы алтынның құны) жетпейді. Бір жыл немесе бірнеше жыл үшін берілмеген зекет есесі қарыз болып саналады және міндетті түрде өтелуі тиіс. Өтелгеннен кейін қалған ақшаның құны нисап мөлшеріне жетіп жатса ғана, сол жыл үшін зекет беріледі. Қарыз иесі борыштының қарызын кешкен жағдайда, кешірілген қарызды қосқанда барлық ақшасының мөлшері нисап мөлшеріне жетіп жатса, зекет беру – парыз. Қарыз иесі қарызын кешкен күнге бір жыл толғаннан кейін зекет береді.
Құрбандық, пітір-садақа, кәффарат, қажылық сияқты мұсылманның мойнындағы қарыздар Алла мен құлдарының арасында болғандықтан зекеттің нисап мөлшеріне әсерін тигізбейді. Мысалы, белгілі бір адамның байлығы нисап мөлшеріне жетіп тұрса, бірақ мойнында аталмыш қарыздары болса және бұл қарыздарды өтеген жағдайда, қалған ақшасы нисап мөлшеріне жетпей қалса да, зекет беру парыз болып қала береді. 3екет беруші адам зекеті берілетін байлыққа толық ие болуы керек. Басқа біреуге кепілдікке берілген малға зекет берілмейді. Сатып алынып, әлі қолына тие қоймаған малға зекет беріледі. Жоғалып, қайта табылған малға жоғалған жылдары үшін зекет берілмейді.
Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) хадисінде былай деген:
«Димар малға зекет берілмейді».
Димар мал – иелігінде бола тұра, қайта қайтып, қолына тиюі үміт етілмеген мал, яғни, иелігінде бола тұра, қолданылуы мүмкін емес мал.== Зекеттің дұрыс орындалуы үшін қойылған шарттар==
- 1. Ниет. Жалпы ғибадаттар сияқты зекет ғибадатында да ниет ету шарт. 3екетті басқа нәпіл садақалардан ерекшелендіретін де осы ниет екені сөзсіз.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде былай деген: «Барлық амалдар ниетке байланысты»(Муслим, Имара, 155; Бұхари, Бәдул - Уахи,1.). 3. есесін кедейлерге берген уақытта немесе 3екет есесін бөлген уақытта бұның 3екет екенін жүрегімен ниет ету керегі туралы төрт мәзһаб ғалымдары бір көзқараста.Тілмен ниет ету шарт емес. Кедейге 3екет беру ниетімен бір нәрсе берген уақытта көңіліне келмес үшін бұл саған берген сыйлығымыз деп тапсырса 3-тің дұрыстығына еш зиян келтірмейді.Зекет берілген адам да өзіне тапсырылған 3екеттің 3екет екенін біліп-білмеуі маңызды емес. Басқа мұсылмандарға үлгі болу үшін 3екетті жария түрде берген жөн. Бір нәрсені кедейге берген уақытта зекет ниетімен бермей, сосын барып, берілген зат жылдық 3екеттің орнына жүре берсін деп ниет еткен жағдайда, берген нәрсесі әлі жұмсалмай кедейдің қолында болса,зекет ретінде қабылданады. Ал егер жұмсалып кетсе қайта 3екет беруіне тура келеді. Бір адам зекет есесін бөліп койғаннан кейін жоғалып, ұрланып немесе басқа бір жағдаймен жойылып кетсе, 3екет парызы мойнынан түспейді. Өйткені 3екет есесі – кедейлерге иелендіру арқылы берілген жағдайда ғана зекет ретінде қабылданады.
Бір адам 3екетті ниет етпей анда-санда кедейлерге бір нәрселер беріп тұрса,зекет парызы мойнынан түспейді.3екет тек қана Аллаһ ризашылығы үшін берілуі тиіс.Зекетті адамдарға көрсету үшін немесе мақтану үшін беруге болмайды. Берген 3екетін міндетсініп, паңданатындардың 3екеті Аллаһтың алдында қабыл болмайды. «Ей, иман еткендері Аллаһқа және ақырет күніне сенбестен, тек қана адамдарға(мақтанып), көрсету үшін мал жұмсаған адамдарға ұқсап, берген садақаларыңды (берілген адамға) міндетсініп, ренжіту арқылы бұзбаңдар, Оның (берген садакасын міндетсініп, берген адамдарды ренжіткендерің) мысалы, үстінде топырағы бар тайғанақ тас сияқты, оған нөсер жауа қалса(топырағын шайып), құр тас күйінде қалдырады. Мұндай адамдар істеген ешбір істерінің сауабы мен карымын ала алмайды.Аллаһ қарсы келген елді тура жолға салмайды».(«Бақара», 264-аят).
Зекет ғибадатының дұрыс болуының тағы бір шарты
3екет есесін Құранда белгіленген адамдарға иелендіру арқылы беру. Сондықтан дастарқан жайып, кедейлерге тамақ беру зекет емес, жай ғана садақа ретінде есептеледі. Өйткені, тамақтандыру кедейлердің тамақ жеулеріне рұқсат қана болып, иелендіру деп есептелмейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде: «Маған зекет бер» – деген адамға былай жауап берген: «Ұлы Алла зекеттің берілетін орындары жайында пайғамбарының да, басқаның да үкіміне разы болмай, өзі берді. Оны сегіз топқа бөлді. Егер сол сегіз топтың ішінде болсаң, саған есеңді берейін» (ӘбуДәуд,3.,24.).3екеттің берілетін орындарын Алла Тағала «Тәубе» сүресінің алпысыншы аятында тағайындап, білдіреді: «Шын мәнінде садақалар (зекеттер) кедей-кепшіктерге, түгі жоқ міскіндерге, зекетті жинауға тағайындалған адамдарға, көңілдері жібітілуі мақсат етілгендерге (жаңа мұсылмандарға),құлдарды азат етуге, қарызға батқандарға, Алла жолына және қиналған жолаушыларға берілуі Алла тарапынан парыз етілді» («Тәубә», 60-аят).
Бұл аятта айтылған сегіз топты былай түсіндіруге болады:
- 1 – 2 . Пақырлар мен міскіндер. Пақыр деп – нисап мөлшеріне жететін байлығы жоқ адамдарға, міскін деп – түгі жоқ адамдарға айтылады.
- 3. 3екет жинауға тағайындалған арнайы адамдар. Зекеттің жиналуы, сақталуы, есептелуі, лайық адамдарға таратылып, тапсырылуы сияқты жұмыстар үшін мемлекет тарапынан тағайындалған адамдар.
- 4. Муәллафатул-қулууб. Мұсылман болу бақытына әлі кенелмеген кейбір адамдардың жаманшылығынан сақтану үшін және ислам дінін жаңадан қабылдаған иманы әлсіз адамдардың, тіпті әлі исламды қабылдамаған кейбір адамдардың көңілін жібіту үшін пайғамбарымыз (с.а.у.) кедей болсын,
ауқатты болсын, оларға зекеттен белгілі есе беріп отырған. Міне, осы аталмыш үш топ Құранда айтылып, зекеттен белгілі бір есе тағайындалған «муалләфатул-қулууб» тобына жатады.Бірақ Хазреті Омар дәуірінде бұл топқа берілетін зекет есесі тоқтатылған. Себебі, ислам діні қанатын кең жайғаннан кейін бұлардың көңілін исламға жібітіп, жаманшылықтарынан сақтанудың қажеті аз болды. Бірақ кейбір ғалымдардың фәтуасына сүйенсек, қажет болған жағдайда, қайтадан бұл топқа зекет беруге болады.
- 5. Құлдар. Қожайынынан азат болу үшін белгілі ақшаға келіскен құлдарға зекет беріледі. Бұл ислам дінінің құлдарды азат ету жолында жұмсаған еңбектерінің бір көрінісі.
- 6. Қарызға батқандар. Қарызынан тыс, нисап мөлшеріндегі малға ие болмаған немесе басқасында алатын қарызы болып, қайтарып алуы мүмкін болмағандар қарызды адамдардың тобына жатады. Пақырға зекет бергеннен гөрі қарызының салдарынан қиыншылық көріп жатқан адамдарға зекет беру – абзал. Өйткені қарызынан құтылу – қарызды үшін басты міндет.
- 7. Алла жолында ілім іздегендер. Бұл топқа Алла ризалығы үшін ілім іздеушілер, Алла Тағаланың дінін қорғау және жастарымызды имандылық,
адалдық, адамгершілік, әділдік сияқты жақсы сипаттарға тәрбиелеу үшін жалпы қоғамымызға пайдалы болып шешілетін қайырлы істер үшін бар күштерін салып, еңбек етушілер кіреді.
- 8. Қаржылары бітіп, жолда қалғандар. Негізгі тұратын жерлерінде ақшалары бар, яғни бай болса да бұларға зекет беріледі(қажылар, ілім ізденушілер т.б. сияқты). Ханафи мазһабы ғалымдарының көбісінің пікіріне сүйенсек, зекеттің есесін сегіз топтың барлығына бірден беру шарт емес. Яғни, осы сегіз топтың біреуіне ғана берілсе де,зекет ғибадаты орындалады. Ханафи және Шафиғи мәзһабында бір адам зекетін толық немесе бірнеше адам зекеттерін жинап бір пақырға, яки міскінге берулеріне болады. Бірақ бір адамға нисап мөлшерінде немесе нисап мөлшерінен артық беру – мәкрүһ.
- Егер зекет есесі бірнеше адамға бөлініп берілген жағдайда өте аз болып, берілген адамдардың ешқайсысының қанжығасына пайдалы болып байланбаса біреуіне ғана берген жөн. Әйелдің нәпақасын қамтамасыз ету күйеуінің міндеті болғандықтан, күйеуі пақыр әйеліне малының зекетін беруге болмайды.Имам Әбу Ханифа хазіреттің пікіріне сүйенсек, бай әйел малының зекетін мұқтаж күйеуіне беруге болмайды. Ал Имам Әбу Юсуф және Имам Мұхаммедтің пікіріне сүйенсек, беруіне болады. Қайын ата және қайын ене – күйеу балаларын, күйеу балалары – қайын аталары мен қайын енелеріне малдарының зекеттерін берулеріне болады.
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,2010 ISBN 9965-26-322-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zeket arab زكاة tazartu musylmandardyn bes paryzynyn biri nemese musylmandyktyn tortinshi sharty kogamdagy kedejlerge beriletin mindetti sadaka Sharigat bojynsha kәmeletke tolgan aukatty musylmandar gana zhylyna bir ret malynyn dүnie mүlkinin dәuletinin kyryktan bir boligin Zeket retinde beruge mindetti Zeket molsheriZeket berilse baj adam mal mүlkinin kirinen kedejler aldyndagy boryshynan tazarady Zeket berilmese kedejdin kaky zhelingen bolyp tabylady Zeket myna nәrseler үshin beriledi altyn kүmis tort tүlik mal aksha sauda sattyk tauarlary Bular belgili bir molsherge toluy kazhet Zeketke tolatyn molsherdi dep atajdy Mysaly koj sany үshin belgilengen nisap 40 tan 121 ge dejin 1 koj 121 den 399 ga dejin 2 koj 400 den bastap zhүzden biri Zeket tүrinde sadakaga berilui kerek Siyrdyn sany 30 ga zhetse nisapka tolgan bolyp 30 dan 39 ga dejin 1 tajynsha 40 tan 59 ga dejin 1 kunan ogiz ne kunazhyn siyr 60 tan 69 ga dejin 2 tajynsha 100 den 202 ge dejin 4 tajynsha ne 3 kunan ogiz ne 3 kunazhyn siyr budan zhogary sandarga zhetkende әr 30 dan bir tajynsha ne әr 40 tan 1 kunan ogiz ne kunazhyn siyr Zeketke beriledi Tүjenin sany 5 ke zhetse nisapka tolady 5 ten 9 ga dejin 1 koj 10 nan 14 ke dejin 2 koj t b 196 dan 200 ge dejin 4 besti ingen Zeketke beriledi de odan zhogary sanga zhetkennen kejin әr 50 tүjege 1 donezhin ingennen esepteledi Ajnalymdagy altyn kүmisten oz salmagynyn 40 tan biri Zeketke beriledi Sondaj ak 20 myskal 96 g altynnyn yaki 200 dirҺam 641 g kүmistin bagasyndaj sauda mүlkinen de akshadan da 40 tan bir molsherinde Zeket beriledi Kimge berilui tiisҚuran Kәrimde ajtylgandaj Zeket segiz tүrli kisilerge kedejlerge miskinderge kolynda tүgi zhok takyr kedejlerge zhetim zhesirlerge Zeket zhinaushylarga zhana musylmandarga kuldy azat etuge boryshtylarga karyzyn toleuge shamasy kelmejtinderge mүsәpirlerge үjine zhete almaj zholda kalgandarga taratyluga tiis Zeket berushi Zeketti bergen uakytta Zeket үshin beretindigin niet etui yagni ishinen ojlauy shart Al Zeket alushynyn Zeket ekendigin bilui shart emes Zeketti bergennen kejin mindetsu nemese renzhitip kemsitip beru sondaj ak maktan үshin beru Zekettin kajyr sauabyn zaya ketiredi Zekettin pajdalary men hikmetteri1 Alla Tagala Қuranda ozinin әmirlerin oryndap tyjym salyngan nәrselerden tyjylgan kuldaryn akyrette syj syyapatka keneltip ozinin marhametine bolejtindigi turasynda soz berip uәde etken Zeket te Alla Tagalanyn bujyrgan әmirlerinin bireui sondyktan oryndaushysy uәde etilgen syj syyapatka kenelip Allanyn rizashylygyna keneleri sozsiz Sonymen katar 3eket Tәube sүresinin 103 ayatynda bildirilgendej kүnәlardyn keshiriluine sebep Olardyn maldaryn kobejt zhәne ozderi kүnәlardan tazalanuy үshin musylmandardyn maldarynan sadaka al 2 Zhalpy adam balasynyn bojynda dүnie mүlik bajlykka degen komagajlyk pen kanagatsyzdyk zhәne bajlygymen baskalarga tәkapparlanu pandanu siyakty zhaman sipattar bar 3 Zeket gibadaty adamdy osy ozimshildik sarandyk dүniekorlyk tәkapparlyk siyakty zhiirkenishti kylyktardan saktap kishipejildik zhomarttyk zhәne kenpejildik siyakty zhaksy sipattarga tәrbielejdi baulidy Tabysynyn bir boligin tek kana Alla rizalygy үshin pakyr otandastary men dindesterine tegin beretindej konilge ie bolgan musylman balasy әrkashan elin halkyn otanyn ojlajtyn azamatka ajnalary sozsiz 3eket kogamdagy baj men kedejdin arasyndagy bajlanysty zhaksartyp bauyrmaldykka tәrbielejdi Baj kedejlerge mejirimdilikpen karap bajlygynyn belgili bir boligin olarga tegin bergendikten kedej de olarga kurmetpen karap olardyn bajlygy men dүnie mүlikterine suk kozben karap kyzganysh kastandyk ojlamajdy Osylajsha kogam bakytty senimdi gumyr keshedi 4 3eket kogamdagy kedej kepshikterdin ortasha omir sүrulerine ykpal zhasap memleketti әlsizdikten saktajdy 5 3eket kapitaldyn tek kana bajlardyn arasynda ajnalyp turatyn kүsh boluyna boget zhasajdy Pajgambarymyz s a u Zeket Islamnyn kopiri dep әudem omirdegi tabigi tүrde baj kedej dep bolinudin 3eket arkyly bir dastarkan basyna zhinalatyndygyn isharat etken Өjtkeni 3eket baj men kedejdi zhakyndastyratyn manyzdy gibadat Islam dini Men tok bolajyn baskasy ashtyktan olse әlsin nemese Sen әureshilik ishinde kүn kesh men nygmetter men lәzzattar ishinde rakattanajyn sen zhumys iste men zhejin senen zhumys menen zheu degen siyakty tek kana kara basyn ojlajtyn ozimshildik tүsinikterge karsy shygu arkyly kogamnyn bajlary men kedejleri arasynda ot tutanatyn bolymsyzdyktarga is nasyrga shappas buryn boget zhasajdy 3eket kiristin taratyluyndagy tensizdikti zhok kylyp әdilettikti ornatatyn bajlarga zhүktelgen sauaby mol manyzdy gibadat Қyskasy 3eket hadiste ajtylgandaj bajdyn mejirimdilik zhagalauy men kedejdin kurmet zhagalauyn zhalgajtyn ilaһi kopir 6 3eket gibadaty Alla Tagalanyn bergen bajlyk nygmetine shүkir bolyp sanalady 3eket berushi musylman әrkashan kolyndagy bajlyktyn Alla Tagala tarapynan berilgen zhaksylyk ekenin tүsinip ozinen de zerek kabiletti densaulygy mykty talaj adamdardyn bul nygmetten makrum ekenin tүsinip sol nygmetterdi ozine nәsip etken Alla Tagalaga shүkir etui kerek Әr nygmet ozine saj shүkir talap etedi Ilimnin shүkiri ony baskaga үjretumen dene mүshemizdin shүkiri oraza ustap namaz oku tәrizdi gibadattarmen oryndalatyny siyakty bajlyk nygmetinin de shүkiri muktazhdarga komektesip zeket beru arkyly zhүzege asady Yagni bajlyk nygmetinin shүkiri auyzben ajtylatyn Allaga shүkir degen sozben gana shektelmejdi 7 3eket pәle zhaladan apattan auru syrkaudan saktap bajlyktyn kuryp ketuine toskauyl zhasajdy Pajgambarymyz s a u Maldaryndy zeket beru arkyly korgandar aurularyndy sadaka beru arkyly emdender bastaryna keletin pәlelerge tilejtin dugalarynmen dajyndalyndar dep tүsindiredi 8 3eket kogamdagy urlyk karlyk aldap sulau adam tonau kisi oltiru siyakty zhaman әdetterdin keninen zhajyluyna boget koyady Muktazh adamdardyn omir sүrulerine kerekti dep tabylatyn asa kazhetteri zeket siyakty zandy zholmen kamtamasyz etilgendikten kogamdagy atalmysh bolymsyz korinister ozdiginen toktajdy 9 Қogam barlyk mүshesimen bүtin sanalady Әrkim ozine kiris kirgizu barysynda kogamnyn baska mүshelerinen tikelej nemese zhanama tүrde pajdalanady Belgili bir kogamda emes zhapan dalada zheke basy omir sүrgende kolyndagy bajlygy pajda bolar ma edi Sondyktan bajdyn bajlygynda kedejdin de esesi bar ekenin umytpagan zhon Beretin zeket kogamga degen rahmet pen sol bajlyk nygmetin nәsip etken Ұly Zharatushyga shүkir etudin belgisi 10 Shajtan adamdy 3eket bersen ash zhalanash kedej bolyp kalasyn dep korkytyp azgyryp pyskyrady Shyndygynda 3eket maldyn azayuyna emes kobejip osip onuine sebep Қuranda bul shyndyk bylaj bayandalady Shajtan senderdi kedejlikpen korkytady da arsyzdykty әmir etedi Al Alla Tagala senderge oz kasynan zharylkaudy kenshilikti uәde etedi Alla asa ken tolyk bilushi Bakara 268 ayat Alla osimdi zhoyady da saudany arttyrady Әri Alla barlyk karsy kelushi kүnәһardy zhaksy kormejdi Bakara 276 ayat Pajgambarymyz s a u bir hadisinde berilgen sadakanyn bajlykty azajtpajtynyn ajtady Sadaka maldan eshtene azajtpajdy Muslim Birr 69 11 3eket bergen adamnyn zhүregin ishki sezimin keremet kuanysh bilep erekshe lәzzat kushagyna kirgendej kүj keship omirdin kysymynan dүnie mүliktin auyrtpalygynan zhүrektin kattylygynan shygady 3eket musylmandardy zhalkaulykka masyldykka zhatyp isherlikke tәrbielep dagdylandyrmajdy Өjtkeni Pajgambarymyz s a u Bergen kol algan koldan kajyrly dep musylmandardy әrkashan ter togip enbek etuge shakyrady Zeket gibadatynyn үkimi3eket gibadaty Islam dinindegi negizgi bes gibadattyk ishinen oryn teuip һizhranyn ekinshi zhyly Ramazan orazasynan kejin Shәuuәl ajynda paryz boldy Paryzdygynyn dәlelderi Қuran Kәrim Sүnnet Izhmag 1 Қuran Kәrim Namaz okyndar Zeket berinder Bakara 34 83 ayattar Muhammed Ғ S olardyn maldarynan sadaka al da ol arkyly olardy tazartyp berekelendiresin Olarga duga kyl Өjtkeni senin dugan olar үshin bir toktau Alla tolyk estushi asa bilushi Tәube YuZ ayat Shyn mәninde sadakalar zeketter Alla tarapynan bir paryz Қoly tar pakyrlarga tүgi zhok miskinderge zhana musylmandarga kuldy azat etuge boryshtylarga Alla zholyna zhәne zholda kalgandarga beriledi Alla әr nәrseni bilushi hikmet iesi Tәube 60 ayat 2 Sүnnet Pajgambarymyz s a u bylaj degen Islam dini bes negizden turady Alladan baska tәnir zhok ekendigine zhәne Muhammedtin s a u Alla tarapynan zhiberilgen elshi ekendigine kuәlik keltiru namaz oku zeket beru ramazan orazasyn ustau shamasy kelse kazhylykka baru Tirmizi Iman 36 Buhari Iman 1 Muslim Iman 217 3 Izhmag Islam gulama mүshtaһitteri 3eket gibadatynyn paryzdygyna bir kozkaras bildirgen Tipti sahabalar zeketti bermejmiz degenderge karsy sogys ashu kerek degen pikir ajtkan Kimde kim zeket gibadatynyn paryzdygyn kabyldamasa dinnen shygady Al paryzdygyn kabyldap oryndamasa kүnәһar bolady 3ekettin belgili bir adamga paryz boluy үshin tomendegi sharttardyn oryndaluy tiis Musylman boluy Baska gibadattar siyakty zeket gibadatynda da berushi adamnyn akyl esi durys baligat zhasyna zhetken azat musylman boluy shart Musylman memleketinde omir sүretin baska dindi ustanushylarga zhәne baligat zhasyna zhetpegen balalar men akyl esi durys emesterge zeket beru paryz emes Hanafi mazһabynan tys baska mazһabtarda baligat zhasyna zhetpegen balalar men akyl esi durys emesterge de zeket beru paryz Olardyn maldarynyn zeketin uәlileri beredi Nisap kolemine zhetetin nemese odan kop bajlykka ie bolu 3ekettin paryz boluy үshin kүndelikti tirshilikte koldanylatyn negizgi kazhetter men karyzdardan tys nisap kolemine zhetetin bajlykka ie boluy kerek Nisap degenimiz zeketti paryz etetin belgili bajlyk molsheri 3eket beriletin maldardyn tүrleri men zeket berudi paryz etetin nisap kolemi 1 Altynda zhiyrma dinar yagni 85 gr 2 Kүmiste eki zhүz dirһam yagni 595 gr 3 Tүjede bes 4 Siyrda otyz 5 Қoj men eshkide kyryk 6 Sauda zattarynda 85 gr altyn nemese 595 gr kүmistin kunyna ten bolsa 7 Akshada 85 gr altyn nemese 595 gr kүmistin kunyna ten bolsa 8 Bau baksha zhәne egis onimderi Zeketke beriletin maldyn osimdiligi 3eket beriletin malga aj sanauymen bir zhyl toluy kerek Өjtkeni Pajgambarymyz s a u hadisinde Bir zhyl tolmaj malga zeket berilmejdi Әbu Dәud 3 5 dejdi Bir zhyl zeket maldarynyn kobejip osetin uakyty Zhyl tolu mәselesinde Imam Әbu Hanifanyn kozkarasyna sүjensek zeket beriletin maldar ekige bolinedi a altyn kүmis barlyk aksha tүrleri zhәne zhyldyn kobinde kyrda zhajylatyn maldar men sauda zattary ә barlyk egistik bau baksha onimderi men kazba bajlyktar Birinshi bolimdegi zeket maldarynyn zeketi berilu үshin tolyk bir zhyl toluy shart ojtkeni maldardyn toldep sauda zattarynyn kiris kirgizetin uakyty kem degende bir zhyl Al ekinshi bolimdegi zeket maldarynyn zeketi berilui үshin bir zhyl toluy shart emes Өjtkeni egis pen bau bakshadan birneshe ajda onim aluga bolady Sol siyakty kazba bajlykty bir zhylda birneshe ret aluga bolatyndyktan bularga nisap molsheri men bir zhyl tolu sharty kosylmajdy Al Әbu Yusuf pen Muhammedtin bul mәseledegi kozkarasyna sүjensek shamamen bir tonnaga zhetpejtin zhәne kolda bir zhyl saktauga shydamajtyn egis onimderi men zhemis zhidekterden zeket alynbajdy 3eket paryz bolu үshin hanafi mazһabynda kolemi zhyldyn basynda әri zhyl dyn ayagynda tolyk boluy shart Mysalga bir adam negizgi kazhetterinen tys 100 gr altynga ie bolsa bir zhyl tolgannan kejin 50 gr azajsa bul adamga zeket beru paryz emes Birak zhyldyn ortasynda azajyp zhyldyn ayagynda nisap kolemine kajta zhetse zeket beriledi Mysalga alty ajdan kejin 50 gr azajsa birak zhyldyn ayagynda 120 gr shyksa zhyldyn basyndagy 100 gr nyn nemese zhyldyn ortasyndagy 50 gr nyn 3 ti berilmej zhyldyn ayagyndagy 120 gr nyn zeketi beriledi 3eket beriletin bajlyk mal dәulet bir zhyl tolgannan kejin kobejip osse kobejgen boliminin zeketi dәl sol zhyly berilmejdi Kobejgen boliminin zeketi kelesi zhyly dәl sol uakytta beriledi Mysalga bir adamnyn kolynda otken zhylgy Ramazan ajynyn on besinde 100 myn tenge bolsa bul kolem biylgy zhyly Ramazan ajynyn on besine dejin 140 myn tengege kobejip Ramazan ajynyn zhiyrmasynda 160 mynga zhetse 140 myn tengenin gana zeketi sol zhyly beriledi 3ekettin paryz boluy үshin malga bir zhyl toluy kerek dedik birak pakyr kedej kepshikterdin zhagdajyn ojlap bir zhyl tolmaj da zeket bere beruge bolady Birak bir zhylda eki ret zeket berilmejdi Қaryzdyn barlyk tүri zekettin paryzdygyna boget zhasajdy Mysalga bir adam negizgi kazhetterinen tys 100 gr altynga ie boldy delik Birak bul adamnyn baska bireuge 20 gr koleminde karyzy bolsa bul adamga zeket paryz emes Өjtkeni karyzdan tys kalgan maldyn molsheri nisap kolemine 85 gr shamasyndagy altynnyn kuny zhetpejdi Bir zhyl nemese birneshe zhyl үshin berilmegen zeket esesi karyz bolyp sanalady zhәne mindetti tүrde otelui tiis Өtelgennen kejin kalgan akshanyn kuny nisap molsherine zhetip zhatsa gana sol zhyl үshin zeket beriledi Қaryz iesi boryshtynyn karyzyn keshken zhagdajda keshirilgen karyzdy koskanda barlyk akshasynyn molsheri nisap molsherine zhetip zhatsa zeket beru paryz Қaryz iesi karyzyn keshken kүnge bir zhyl tolgannan kejin zeket beredi Қurbandyk pitir sadaka kәffarat kazhylyk siyakty musylmannyn mojnyndagy karyzdar Alla men kuldarynyn arasynda bolgandyktan zekettin nisap molsherine әserin tigizbejdi Mysaly belgili bir adamnyn bajlygy nisap molsherine zhetip tursa birak mojnynda atalmysh karyzdary bolsa zhәne bul karyzdardy otegen zhagdajda kalgan akshasy nisap molsherine zhetpej kalsa da zeket beru paryz bolyp kala beredi 3eket berushi adam zeketi beriletin bajlykka tolyk ie boluy kerek Baska bireuge kepildikke berilgen malga zeket berilmejdi Satyp alynyp әli kolyna tie kojmagan malga zeket beriledi Zhogalyp kajta tabylgan malga zhogalgan zhyldary үshin zeket berilmejdi Muhammed Pajgambar s a u hadisinde bylaj degen Dimar malga zeket berilmejdi Dimar mal ieliginde bola tura kajta kajtyp kolyna tiyui үmit etilmegen mal yagni ieliginde bola tura koldanyluy mүmkin emes mal Zekettin durys oryndaluy үshin kojylgan sharttar 1 Niet Zhalpy gibadattar siyakty zeket gibadatynda da niet etu shart 3eketti baska nәpil sadakalardan erekshelendiretin de osy niet ekeni sozsiz Pajgambarymyz s a u hadisinde bylaj degen Barlyk amaldar nietke bajlanysty Muslim Imara 155 Buhari Bәdul Uahi 1 3 esesin kedejlerge bergen uakytta nemese 3eket esesin bolgen uakytta bunyn 3eket ekenin zhүregimen niet etu keregi turaly tort mәzһab galymdary bir kozkarasta Tilmen niet etu shart emes Kedejge 3eket beru nietimen bir nәrse bergen uakytta koniline kelmes үshin bul sagan bergen syjlygymyz dep tapsyrsa 3 tin durystygyna esh ziyan keltirmejdi Zeket berilgen adam da ozine tapsyrylgan 3ekettin 3eket ekenin bilip bilmeui manyzdy emes Baska musylmandarga үlgi bolu үshin 3eketti zhariya tүrde bergen zhon Bir nәrseni kedejge bergen uakytta zeket nietimen bermej sosyn baryp berilgen zat zhyldyk 3ekettin ornyna zhүre bersin dep niet etken zhagdajda bergen nәrsesi әli zhumsalmaj kedejdin kolynda bolsa zeket retinde kabyldanady Al eger zhumsalyp ketse kajta 3eket beruine tura keledi Bir adam zeket esesin bolip kojgannan kejin zhogalyp urlanyp nemese baska bir zhagdajmen zhojylyp ketse 3eket paryzy mojnynan tүspejdi Өjtkeni 3eket esesi kedejlerge ielendiru arkyly berilgen zhagdajda gana zeket retinde kabyldanady Bir adam 3eketti niet etpej anda sanda kedejlerge bir nәrseler berip tursa zeket paryzy mojnynan tүspejdi 3eket tek kana Allaһ rizashylygy үshin berilui tiis Zeketti adamdarga korsetu үshin nemese maktanu үshin beruge bolmajdy Bergen 3eketin mindetsinip pandanatyndardyn 3eketi Allaһtyn aldynda kabyl bolmajdy Ej iman etkenderi Allaһka zhәne akyret kүnine senbesten tek kana adamdarga maktanyp korsetu үshin mal zhumsagan adamdarga uksap bergen sadakalaryndy berilgen adamga mindetsinip renzhitu arkyly buzbandar Onyn bergen sadakasyn mindetsinip bergen adamdardy renzhitkenderin mysaly үstinde topyragy bar tajganak tas siyakty ogan noser zhaua kalsa topyragyn shajyp kur tas kүjinde kaldyrady Mundaj adamdar istegen eshbir isterinin sauaby men karymyn ala almajdy Allaһ karsy kelgen eldi tura zholga salmajdy Bakara 264 ayat Zeket gibadatynyn durys boluynyn tagy bir sharty3eket esesin Қuranda belgilengen adamdarga ielendiru arkyly beru Sondyktan dastarkan zhajyp kedejlerge tamak beru zeket emes zhaj gana sadaka retinde esepteledi Өjtkeni tamaktandyru kedejlerdin tamak zheulerine ruksat kana bolyp ielendiru dep eseptelmejdi Pajgambarymyz s a u bir hadisinde Magan zeket ber degen adamga bylaj zhauap bergen Ұly Alla zekettin beriletin oryndary zhajynda pajgambarynyn da baskanyn da үkimine razy bolmaj ozi berdi Ony segiz topka boldi Eger sol segiz toptyn ishinde bolsan sagan esendi berejin ӘbuDәud 3 24 3ekettin beriletin oryndaryn Alla Tagala Tәube sүresinin alpysynshy ayatynda tagajyndap bildiredi Shyn mәninde sadakalar zeketter kedej kepshikterge tүgi zhok miskinderge zeketti zhinauga tagajyndalgan adamdarga konilderi zhibitilui maksat etilgenderge zhana musylmandarga kuldardy azat etuge karyzga batkandarga Alla zholyna zhәne kinalgan zholaushylarga berilui Alla tarapynan paryz etildi Tәubә 60 ayat Bul ayatta ajtylgan segiz topty bylaj tүsindiruge bolady 1 2 Pakyrlar men miskinder Pakyr dep nisap molsherine zhetetin bajlygy zhok adamdarga miskin dep tүgi zhok adamdarga ajtylady 3 3eket zhinauga tagajyndalgan arnajy adamdar Zekettin zhinaluy saktaluy eseptelui lajyk adamdarga taratylyp tapsyryluy siyakty zhumystar үshin memleket tarapynan tagajyndalgan adamdar 4 Muәllafatul kuluub Musylman bolu bakytyna әli kenelmegen kejbir adamdardyn zhamanshylygynan saktanu үshin zhәne islam dinin zhanadan kabyldagan imany әlsiz adamdardyn tipti әli islamdy kabyldamagan kejbir adamdardyn konilin zhibitu үshin pajgambarymyz s a u kedej bolsyn aukatty bolsyn olarga zeketten belgili ese berip otyrgan Mine osy atalmysh үsh top Қuranda ajtylyp zeketten belgili bir ese tagajyndalgan muallәfatul kuluub tobyna zhatady Birak Hazreti Omar dәuirinde bul topka beriletin zeket esesi toktatylgan Sebebi islam dini kanatyn ken zhajgannan kejin bulardyn konilin islamga zhibitip zhamanshylyktarynan saktanudyn kazheti az boldy Birak kejbir galymdardyn fәtuasyna sүjensek kazhet bolgan zhagdajda kajtadan bul topka zeket beruge bolady 5 Қuldar Қozhajynynan azat bolu үshin belgili akshaga kelisken kuldarga zeket beriledi Bul islam dininin kuldardy azat etu zholynda zhumsagan enbekterinin bir korinisi 6 Қaryzga batkandar Қaryzynan tys nisap molsherindegi malga ie bolmagan nemese baskasynda alatyn karyzy bolyp kajtaryp aluy mүmkin bolmagandar karyzdy adamdardyn tobyna zhatady Pakyrga zeket bergennen gori karyzynyn saldarynan kiynshylyk korip zhatkan adamdarga zeket beru abzal Өjtkeni karyzynan kutylu karyzdy үshin basty mindet 7 Alla zholynda ilim izdegender Bul topka Alla rizalygy үshin ilim izdeushiler Alla Tagalanyn dinin korgau zhәne zhastarymyzdy imandylyk adaldyk adamgershilik әdildik siyakty zhaksy sipattarga tәrbieleu үshin zhalpy kogamymyzga pajdaly bolyp sheshiletin kajyrly ister үshin bar kүshterin salyp enbek etushiler kiredi 8 Қarzhylary bitip zholda kalgandar Negizgi turatyn zherlerinde akshalary bar yagni baj bolsa da bularga zeket beriledi kazhylar ilim izdenushiler t b siyakty Hanafi mazһaby galymdarynyn kobisinin pikirine sүjensek zekettin esesin segiz toptyn barlygyna birden beru shart emes Yagni osy segiz toptyn bireuine gana berilse de zeket gibadaty oryndalady Hanafi zhәne Shafigi mәzһabynda bir adam zeketin tolyk nemese birneshe adam zeketterin zhinap bir pakyrga yaki miskinge berulerine bolady Birak bir adamga nisap molsherinde nemese nisap molsherinen artyk beru mәkrүһ Eger zeket esesi birneshe adamga bolinip berilgen zhagdajda ote az bolyp berilgen adamdardyn eshkajsysynyn kanzhygasyna pajdaly bolyp bajlanbasa bireuine gana bergen zhon Әjeldin nәpakasyn kamtamasyz etu kүjeuinin mindeti bolgandyktan kүjeui pakyr әjeline malynyn zeketin beruge bolmajdy Imam Әbu Hanifa hazirettin pikirine sүjensek baj әjel malynyn zeketin muktazh kүjeuine beruge bolmajdy Al Imam Әbu Yusuf zhәne Imam Muhammedtin pikirine sүjensek beruine bolady Қajyn ata zhәne kajyn ene kүjeu balalaryn kүjeu balalary kajyn atalary men kajyn enelerine maldarynyn zeketterin berulerine bolady Derekkozder Қazak Enciklopediyasy 4 tom 3 bolim Islam Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 322 1Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet