Ниет (ағылш. intention) – адам әрекетінің нақтылы мақсатын, мазмұнын бейнелейтін қозғаушы мақсаттылық. Ниет мәлім себептен болуы мүмкін, ал ол тұрақты түрде әрекетте іске асуға кіріссе мақсатқа айналады. Кісіні нысанаға бағыттайтын да, істің мән-мәнісін белгілейтін де ниет есептеледі. Ниеттің мазмұны адамның қылығы мен пиғылын көрсетеді. Ниет субстанция болса, қылық пен пиғыл – оның акциденциялары.
Тілек ниеттендіру мағынасына ие. Тілек айтушы өзінің Ниетін білдіргісі келеді. Ал, үлкен құрметті адамның тілегі бата делінеді, ол ниетті ғана емес, бағыт-бағдар көрсетуді де білдіреді. Бата арқылы жұртшылыққа, әсіресе жастар мен балаларға тәрбие беру қазақ халқының тұрмысына сіңген дәстүр есептеледі. Көңіл құбылмалы болса, да ниет негізінен тұрақтырақ болады. Ниет адамның табиғатынан хабар беретіндіктен, мақсаты мен талпынысына негіз болатындықтан, оны түбірімен өзгерту қиын, бірақ өзгермейтін қатып қалған ниет те жоқ.
Ниеттің дұрыс болмауы өзімшілдік, ашкөздік, әдепсіздік секілді этикалық ар-намыс ережесіне қайшы келеді. Ар адамның қазығы, ол ниеттің де өлшемі. Сондықтан ниет тек арға сай, арлы болғанда ғана ізгілік есептеледі. Ниет тазалығы ізгілік ретінде ерекше адами талап. Қателік, адасу, кінәлі болу тек ниеттің шектен шығуы мен жөнсіздігінен болады. Адамда қатып қалған тағдыр жоқ, адам қатал жазымышқа бағынбайды, тағдыр тек мүмкіндік арнасы ғана. Зұлымдықты қара ниетті, бұзық ниетті адамдар көбірек жасайды, бірақ бұл ниеті жақсы адамдар зұлым болмайды дегендік емес, өйткені жақсы ниетпен зұлымдық жасау да тарихта көп кездеседі. Көптеген тарихи зұлымдықтар жақсы ниетті іске асыру үшін жасалғаны о бастан белгілі, мұндағы мәселе шолақ ойлы надандыққа, немесе қате ұстанымдарды басшылыққа алуға, нашар сенімге арқандалуда жатыр. Сөйтіп ниеті жақсы, бірақ істегені жамандық сынды парадокс, тіпті абсурд жағдайлар да пайда болады.
Адам айналасын ғана емес, өз-өзін де білгісі келеді, бірақ адам бір күрделі феномен. Адамдарды дұрыс жолға салып, ниеттерін тазарту (ғалымдардың атасы Аристотель оны катарсис деп атаған,) үшін дүниеде философтар, әулиелер, ғалымдар ойлаумен, зерттеумен шұғылданады. Адамдар өздерін түсіну мақсатында соларға ден қойып, соларды тыңдаған, оқып, түсінбек болған. Жан жомарттығы, кісілігі мол адам Ниетінің таза болатыны әуел бастан белгілі, бірақ әлеум. хәл, тұрмыс адамдарды не қилы талқыға түсіреді, сөйтіп Ниет бұзылады, бірақ адамдардың өз Ниеттерін тазарту мүмкіндіктері үнемі болады.
Интенция (лат. intentio, ұмтылу) ұғымы - сананың затқа бағытталуын немece зат бейнесiнің ойда сақталуын сипаттайды. Интенция сананың мәнін бiлдiретiн ерекше қасиет деп есептелiнедi. Бұл ұғым ежелгі грек философиясында iлiмi бойынша ең жоғарғы рухани күш, зерде, ынта-жiгердiң негізi деп саналды. Сенека интенция ұғымын рухтың қозғалу жолдарын бейнелеуге қолданады. Томас Аквинат интенцияны танымның қаруы, сана осы интенция арқылы объектiнi түйсiнiп, оны интеллектуалды және интеллигибелдi игередi дейдi. Интенция жөніндегі iлiм Ф. Брентаноның философиясы мен Гуссерль Феноменологиясына негiз болды.
Сілтемелер
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім
- Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 5
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Niet agylsh intention adam әreketinin naktyly maksatyn mazmunyn bejnelejtin kozgaushy maksattylyk Niet mәlim sebepten boluy mүmkin al ol turakty tүrde әrekette iske asuga kirisse maksatka ajnalady Kisini nysanaga bagyttajtyn da istin mәn mәnisin belgilejtin de niet esepteledi Niettin mazmuny adamnyn kylygy men pigylyn korsetedi Niet substanciya bolsa kylyk pen pigyl onyn akcidenciyalary Tilek niettendiru magynasyna ie Tilek ajtushy ozinin Nietin bildirgisi keledi Al үlken kurmetti adamnyn tilegi bata delinedi ol nietti gana emes bagyt bagdar korsetudi de bildiredi Bata arkyly zhurtshylykka әsirese zhastar men balalarga tәrbie beru kazak halkynyn turmysyna singen dәstүr esepteledi Konil kubylmaly bolsa da niet negizinen turaktyrak bolady Niet adamnyn tabigatynan habar beretindikten maksaty men talpynysyna negiz bolatyndyktan ony tүbirimen ozgertu kiyn birak ozgermejtin katyp kalgan niet te zhok Niettin durys bolmauy ozimshildik ashkozdik әdepsizdik sekildi etikalyk ar namys erezhesine kajshy keledi Ar adamnyn kazygy ol niettin de olshemi Sondyktan niet tek arga saj arly bolganda gana izgilik esepteledi Niet tazalygy izgilik retinde erekshe adami talap Қatelik adasu kinәli bolu tek niettin shekten shyguy men zhonsizdiginen bolady Adamda katyp kalgan tagdyr zhok adam katal zhazymyshka bagynbajdy tagdyr tek mүmkindik arnasy gana Zulymdykty kara nietti buzyk nietti adamdar kobirek zhasajdy birak bul nieti zhaksy adamdar zulym bolmajdy degendik emes ojtkeni zhaksy nietpen zulymdyk zhasau da tarihta kop kezdesedi Koptegen tarihi zulymdyktar zhaksy nietti iske asyru үshin zhasalgany o bastan belgili mundagy mәsele sholak ojly nadandykka nemese kate ustanymdardy basshylykka aluga nashar senimge arkandaluda zhatyr Sojtip nieti zhaksy birak istegeni zhamandyk syndy paradoks tipti absurd zhagdajlar da pajda bolady Adam ajnalasyn gana emes oz ozin de bilgisi keledi birak adam bir kүrdeli fenomen Adamdardy durys zholga salyp nietterin tazartu galymdardyn atasy Aristotel ony katarsis dep atagan үshin dүniede filosoftar әulieler galymdar ojlaumen zertteumen shugyldanady Adamdar ozderin tүsinu maksatynda solarga den kojyp solardy tyndagan okyp tүsinbek bolgan Zhan zhomarttygy kisiligi mol adam Nietinin taza bolatyny әuel bastan belgili birak әleum hәl turmys adamdardy ne kily talkyga tүsiredi sojtip Niet buzylady birak adamdardyn oz Nietterin tazartu mүmkindikteri үnemi bolady Intenciya lat intentio umtylu ugymy sananyn zatka bagyttaluyn nemece zat bejnesinin ojda saktaluyn sipattajdy Intenciya sananyn mәnin bildiretin erekshe kasiet dep eseptelinedi Bul ugym ezhelgi grek filosofiyasynda ilimi bojynsha en zhogargy ruhani kүsh zerde ynta zhigerdin negizi dep sanaldy Seneka intenciya ugymyn ruhtyn kozgalu zholdaryn bejneleuge koldanady Tomas Akvinat intenciyany tanymnyn karuy sana osy intenciya arkyly obektini tүjsinip ony intellektualdy zhәne intelligibeldi igeredi dejdi Intenciya zhonindegi ilim F Brentanonyn filosofiyasy men Gusserl Fenomenologiyasyna negiz boldy SiltemelerҚozgaushy kүsh Parasat TilekDerekkozderҚazak Enciklopediyasy 7 tom 2 bolim Қazak Sovet Enciklopediyasy 1975 Tom 5