Құрбандық —
- Алла жолына арнап шалынатын мал. Құрбандыққа мал шалу дәстүрі ислам тарихында өз ұлы Исмаилды Алла ризалығы үшін құрбан етпек болған Ибраһим пайғамбарға байланысты шыққан. Құрбан айт кезіндегі құрбандық үшін малдың үш түрін: түйе, сиыр, қой не болмаса ешкі союға болады. Құс союға болмайды, ал жылқы малы Имам Ағзам жолы бойынша соғыс көлігі саналып, құрбандыққа жатпайды. Құрбандыққа қой мен ешкінің бір жасқа толғаны, түйенің бес, сиыр мен өгіздің екі жастағысы сойылады. Бұлардың дене мүшелері түгел әрі сау болуы шарт. Құрбандық етінің үштен бірі отбасына қалдырылады, екінші жартысы тұрмысы нашар ағайын-туысқа, үшінші бөлігі кембағалдарға таратылады.
- Алла ризалығы үшін, сондай-ақ ел, жер, Отан қорғау жолында атқарылатын ерекше іс-әрекеттер.
Құрбан (араб.: -«жақындау»), Шариғаттағы терминдік мағынасы - Аллаһ Тағаланың ризашылығына жақындау ниетімен Құрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың аты. Құрбандық шалудың пайдалары мен хикметтері.
1. Аллаһ Тағаланың әмірлерін орындау әрдайым ризашылығына жақындатып, ақыретте сый-сыяпатына кенелтеді. Құрбандық шалу да Аллаһ Тағаланың арнайы әмірі болғандықтан бұл әмірді ықыласпен орындаушы ризашылығына қауышып, ана дүниеде жүзінің жарқын болып, мол сауапқа шомары сөзсіз. Пайғамбарымыз хадисінде бұл ақиқатты былай деп түсіндіреді: «Адам баласы Құрбан айт күнінде (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Аллаһ Тағалаға жақындаған емес. Қайы ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Аллаһ Тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар».
Пайғамбарымыз (с.а.у.) басқа хадистерінде Аллаһ ризашылығы үшін шалынған құрбанның әрбір қылы үшін сауап бар екенін былай деп сүйіншілеген: Сахабалар Расулымызға (с.а.у.):
- - Уа, Аллаһтың Елшісі құрбандық деген не? - деп сұрақ қойды.
- - Құрбандық - сендердің Ибраһим (а.с.) бабаларыңның сүннеті, - деді.
- - Одан бізге қандай сауап бар?
- - Әрбір тал қылшығы үшін сауап аласыңдар.
- - Қойдың жүнінен ше?
- - Қойдың жүнінің әрбір тал қылшығына да сауап жазылады (ибн Мажа, Сәуәбуладахи, 3118).
Аллаһ Тағала құрбанның ағызылған қанына немесе етіне мұқтаж емес. Шалған құрбанның еті немесе қайы Аллаһ Тағаланың құзырына жетпейді. Бірақ оның әмірін ләббайк деп орындаудағы ықылас пен ниет Аллаһ Тағалаға жетіп, ризашылығына себеп болады. Бұл шындықты Құран Кәрім былай деп баяндайды: «Олардың (құрбан малдарының) еттері де, қандары да Аллаһ Тағалаға жетпейді. Бірақ Оған сендердің тақуалықтарың ғана жетеді» («Саффат», 107-аят).
2. Құрбандық шалу - Ибраһим Пайғамбардай (ах.) жалғасып келе жатқан сүннет. Ибраһим Пайғамбар (ах.) Аллаһ Тағалаға берген сөзінде тұрып, бауыр еті баласы Исмайлды Ұлы Жаратушысының жолында пида ете алатындығын паш етіп, қиын сынақтан өтті. Құрбандық шалу сол ғибратты оқиғаның бір көрінісі.
3. Адам баласы Құрбан айтта Құрбандық шалу арқылы Ұлы Жаратушысының өзіне берген сансыз нығметтерінің түкірін өтеп, күнәларына кешірім тілейді.
4. Жаратылысында өзімшілдік, сараңдық сияқты кейбір жаман сипаттардың дәнегі бар жалпы адам баласы Құрбан айтта тек қана Аллаһ Тағаланың ризашылығы үшін кедей бауырларына жәрдем беру арқылы аталмыш болымсыз сипаттардың дәнегінің түбін балтамен тауып, оның орнына бойындағы бауырмалдық, жомарт, кішіпейіл сияқты кәмілдіктің белгісі саналатын сипаттар дәнегінің өніп-өсіп, жетілуі үшін су себеді.
Құрбан айтта құрбандық шалудың үкімі
Ханафи мазһабында Құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбандық шалу - уәжіп. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Намаз оқы және құрбан шал» («Кәусар», 3-аят) - деп, әмір етіп, құрбандық шалудың уәжіптігін білдіреді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» - деп бұйырған. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Құрбан шалыңдар! Өйткені ол Ибраһим әкелеріңнің сүннеті», - деуі құрбандық шалудың уәжіптігіне теріс емес. Өйткені «сүннет» жолы деген мағынаны білдіреді. Бізге уәжіп болған құрбандық шалу - Ибраһимнің (ах.) жалғаса келген жолы деген мағынаны меңзейді. Құрбандық шалу белгілі бір адамға уәжіп болу үшін төмендегі шарттар керек.
- Мұсылман болу.
- Құрбан айт уақытында жолаушы болмау.
- Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болу. Нисап мөлшері - 85 грамм алтын, яки құнына тең келетін ақша.
Зекет ғибадаты сияқты құрбанның уәжіп болуы үшін нисап мөлшеріне жеткен малға бір жыл толуы шарт емес. Құрбандық шалған уақытта міндетті түрде ниет ету керек. Өйткені малды ғибадат үшін соятыны сияқты, тек қана егін пайдалану үшін де союға болады.
Құрбандық шалудың уақыты Құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін бастадың, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Үзір себептерге байланысты Құрбан айт намазына бара алмай қалған адамның, намаз оқып болатындай уақыт өткеннен кейін құрбанның шала беруіне болады. Пайғамбарымыздан (с.а.у.) Құрбандық шалудың уақытына байланысты бірнеше хадис риуаят етілген. Бәрә ибну А'зибтің риуаяты бойынша: «Аллаһтың Елшісі (с.а.у.): «Біздің бұл күнде алғашқы жасайтын ісіміз – намаз оқу, сосын қайтып келіп, Құрбандығымызды шалу. Кім осылай істесе біздің сүннетімізге ергені. Ал кімде-кім бұдан бұрын құрбанын шалатын болса, бұл құрбанының отбасына берілген еттен айырмашылығы жоқ. Бұның құрбан болуы мүмкін емес». Басқа бір хадисте: «Кімде-кім намаздан бұрын құрбанын шалса, қайтадан шалсын», - деп, намаздан бұрын шалынған малдың құрбандыққа есептелмейтінін ескертеді.
Құрбандыққа шалуға болатын мал
Тек қой, ешкі, сиыр және түйе малдарын ғана құрбандыққа шалуға болады. Құрбандық ретінде шалынатын қой және ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы керек. Алты-жеті айлық кепе қозы бір жасар қой сияқты семіз, етті болса, құрбандықдыққа жарайды. Қой мен ешкінің еркегін, сиырдың ұрғашысын шалу абзал. Елік, арқар сияқты айдар мен тауық, қораз, қаз, үйрек сияқты құстар құрбандық ретінде сойылмайды.
Құрбандыққа шалынған малдың еті мен терісі
Бай болсын, кедей болсын Құрбан айтта шалған Құрбандығының етін жеуіне болады. Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату - мұстахап. Бір бөлігі - туған-туыс, бай болса да көршілеріне сыйға тартылады, екінші бөлігі - кедей және мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі - өзінің отбасына, бала-шағасына беріледі. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде Құрбанның еті турасында былай дейді: «Құрбанның етінен өздерің жеңдер, әрі міскіндер мен кедейлерге жегізіңдер» («Хаж», 28-аят). Пайғамбарымыздың (с.а.у.) шалған Құрбанның етін қалай таратқаны турасында Ибну Аббас былай деп риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) шалған Құрбандығының үштен бірін - отбасына, үштен бірін - кедей көршілеріне, қалған үштен бірін садақа ретінде тарататын». Уәжіп болсын, нәпіл болсын Құрбандыққа шалынған малдың егін, терісін, сирақ-басын және сүтін сату - мәкрүһ. Құрбан малының аталмыш бөлшектері сатылған жағдайда құны кедейлерге садақа ретінде беріледі. Құрбанға шалынған малдың ешқандай бөлшегінен қасаптың ақысы ретінде төлеуге болмайды. Хазіреті Әлидің былай дегені риуаят етілді: «Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) түйелер Құрбандыққа шалынған уақытта басында тұруымды және терілері мен жүндерін таратуымды әмір етті. Олардың ешбір нәрсесін қасап ақысы ретінде беруге маған тыйым салды. «Қасап ақысын біз өзіміз береміз», - деді. (Муслим, Хаж, 348). Құрбандыққа шалынған малдың терісін кедейлерге, қайырымдылық қорларына беруге болады. Құрбандықта қан ағызу негіз болғандықтан мал сойып, қан ағызбаса, Құрбандық міндеті мойнынан түспейді. Өлген кісі өзінің атына Құрбан шалуды тапсырып кетпесе де, сауабын өліге бағыштау ниетімен Құрбан айт күндерінде Құрбан шалуға болады. Шалған Құрбанның етінен жеуіне рұқсат. Бірақ елінің тапсырып кеткен өсиетін орындау ниетімен шалған Құрбанның етінен жеуге болмайды. Етін толық садақа ретінде тарату керек.
Ақиқа
Жаңа туған сәбидің басындағы шашын «ақиқа» - дейді. Аллаһ Тағаланың нәсіп еткен перзентіне шүкір ретінде шалынатын мал да «ақиқа» Құрбаны делінеді. Ақиқа Құрбанын сәбидің туған күнінен бастап, балиғат жасына толғанға дейін шалуға болады. Бірақ сәбиге жеті күн толғанда шалу абзал. Сәбидің туғанына жеті күн болғанда аты қойылып, шашы алынады. Алынған шаштың салмағында алтын немесе күмісті садақа ретінде беру - сүннет. Құрбанның да сол күні шалынуы - мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) екі немересі Хазіреті Хұсайн және Хасан үшін ақиқа Құрбанын шалғаны риуаят етіледі. Құрбан айтта Құрбандыққа жарайтын малдар ақиқа Құрбанына да жарайды. Қыз балалар үшін де ақиқа Құрбанын шалады. Ақиқа Құрбанның иесі етінен жеуіне және басқаларға садақа ретінде таратуына болады. Ақиқа Құрбанын шалар кезде: «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар. Аллаһым, бұл сенің ризалығың үшін шалынған пәленшенің ақиқа Құрбаны» - делінеді.
Құрбандық әдептері
- Құрбандық ретінде шалынатын малды қинамау үшін өткір пышақ қолдану керек. Малды сою үшін жерге жатқызғаннан кейін пышақты көз алдында жалақтатып қайрау - мәкрүһ. Ал, қинамай сою - сүннет. Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді: «Малды бауыздаған уақытта жақсылап бауыздаңдар.Кімде-кім мал сойса, пышағын жақсылап қайрасын және тезірек бауыздап малды рахатына қауыштырсын» (Муслим, Сайд,57).
- Құрбандық ретінде шалынатын мал құбылаға қарата жатқызылып, дұға ретінде мына аят оқылады:«Инна салати уа нусуки уа махиана уа мәмәти лилләһи Раббил-а'аламина лә шәрика ләһ»(«Әнғам», 162-аят). «Күмәнсіз менің намазым және басқа ғибадаттарым, өмірім де, өлімім де бүкіл әлемдердің Раббы Аллаһ үшін. Оның еш серігі жоқ».
- Одан кейін: «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар ля илаһа иллаллоһу, уАллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд» - деп, тәкбір айтып,«Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» - деп бауыздалады. Тек қана Құрбандықтың иесінің ғана «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» - деуі жеткілікті емес. Құрбандықты бауыздаған адам да «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» - деуі керек.Әдейі ұмытпаған «Бисмиллаһ» деп айтпаса, Құрбандығының етін жеуге болмайды.Өйткені Аллаһтың аты айтылып, бауыздалмаған малдың етін жеу - харам. Құрбандықтың иесі Құрбандықты бауыздайын деп жатқан қасаптың қолының үстіне қолын қойып, бірге бауыздаса, екеуінің де «Бисмиллаһ» деп айтулары керек.
- Сойылатын мал Құрбандық ниетімен бауыздалу керек. Малдың жаны шыққаннан кейін барып қана терісі сыпырылады. Жаны шықпай жатып басын кесіп алып тастау немесе терісін сыпыру - мәкрүһ.
Бірігіп құрбандық шалу
Қой немесе ешкіні тек қана бір адам құрбандық ретінде шала алады. Ал сиыр немесе түйені, яғни ірі қараны бір кісінің жалғыз өзі үшін шалуына болатын сияқты жеті кісіге арнай, ортақ шалуларына болады. Құрбанды ортақтасып шалған уақытта әрбір адам құрбандық шалу ниетімен ортақтасуы керек. Бір кісі құрбандық үшін, ал екінші бір кісі тек қана етін алу ниетімен ортақтасса, шалынған мал барлық ортақтар үшін құрбандық болып есептелмейді.
Дереккөздер
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қurbandyk Alla zholyna arnap shalynatyn mal Қurbandykka mal shalu dәstүri islam tarihynda oz uly Ismaildy Alla rizalygy үshin kurban etpek bolgan Ibraһim pajgambarga bajlanysty shykkan Қurban ajt kezindegi kurbandyk үshin maldyn үsh tүrin tүje siyr koj ne bolmasa eshki soyuga bolady Қus soyuga bolmajdy al zhylky maly Imam Agzam zholy bojynsha sogys koligi sanalyp kurbandykka zhatpajdy Қurbandykka koj men eshkinin bir zhaska tolgany tүjenin bes siyr men ogizdin eki zhastagysy sojylady Bulardyn dene mүsheleri tүgel әri sau boluy shart Қurbandyk etinin үshten biri otbasyna kaldyrylady ekinshi zhartysy turmysy nashar agajyn tuyska үshinshi boligi kembagaldarga taratylady Alla rizalygy үshin sondaj ak el zher Otan korgau zholynda atkarylatyn erekshe is әreketter Қurban arab zhakyndau Sharigattagy termindik magynasy Allaһ Tagalanyn rizashylygyna zhakyndau nietimen Қurban ajt kүnderinde shalynatyn arnajy maldyn aty Қurbandyk shaludyn pajdalary men hikmetteri 1 Allaһ Tagalanyn әmirlerin oryndau әrdajym rizashylygyna zhakyndatyp akyrette syj syyapatyna keneltedi Қurbandyk shalu da Allaһ Tagalanyn arnajy әmiri bolgandyktan bul әmirdi ykylaspen oryndaushy rizashylygyna kauyshyp ana dүniede zhүzinin zharkyn bolyp mol sauapka shomary sozsiz Pajgambarymyz hadisinde bul akikatty bylaj dep tүsindiredi Adam balasy Қurban ajt kүninde kurban shalyp kan agyzudan da sүjikti baska ispen Allaһ Tagalaga zhakyndagan emes Қajy agyzylgan mal kiyamet kүni mүjizderi tuyaktary zhәne zhүnderimen keledi Agyzylgan kan zherge tambaj zhatyp Allaһ Tagalanyn kuzyrynda үlken makamga zhetedi Sondyktan kurbandaryndy konil rizashylygymen shalyndar Pajgambarymyz s a u baska hadisterinde Allaһ rizashylygy үshin shalyngan kurbannyn әrbir kyly үshin sauap bar ekenin bylaj dep sүjinshilegen Sahabalar Rasulymyzga s a u Ua Allaһtyn Elshisi kurbandyk degen ne dep surak kojdy Қurbandyk senderdin Ibraһim a s babalarynnyn sүnneti dedi Odan bizge kandaj sauap bar Әrbir tal kylshygy үshin sauap alasyndar Қojdyn zhүninen she Қojdyn zhүninin әrbir tal kylshygyna da sauap zhazylady ibn Mazha Sәuәbuladahi 3118 Allaһ Tagala kurbannyn agyzylgan kanyna nemese etine muktazh emes Shalgan kurbannyn eti nemese kajy Allaһ Tagalanyn kuzyryna zhetpejdi Birak onyn әmirin lәbbajk dep oryndaudagy ykylas pen niet Allaһ Tagalaga zhetip rizashylygyna sebep bolady Bul shyndykty Қuran Kәrim bylaj dep bayandajdy Olardyn kurban maldarynyn etteri de kandary da Allaһ Tagalaga zhetpejdi Birak Ogan senderdin takualyktaryn gana zhetedi Saffat 107 ayat 2 Қurbandyk shalu Ibraһim Pajgambardaj ah zhalgasyp kele zhatkan sүnnet Ibraһim Pajgambar ah Allaһ Tagalaga bergen sozinde turyp bauyr eti balasy Ismajldy Ұly Zharatushysynyn zholynda pida ete alatyndygyn pash etip kiyn synaktan otti Қurbandyk shalu sol gibratty okiganyn bir korinisi 3 Adam balasy Қurban ajtta Қurbandyk shalu arkyly Ұly Zharatushysynyn ozine bergen sansyz nygmetterinin tүkirin otep kүnәlaryna keshirim tilejdi 4 Zharatylysynda ozimshildik sarandyk siyakty kejbir zhaman sipattardyn dәnegi bar zhalpy adam balasy Қurban ajtta tek kana Allaһ Tagalanyn rizashylygy үshin kedej bauyrlaryna zhәrdem beru arkyly atalmysh bolymsyz sipattardyn dәneginin tүbin baltamen tauyp onyn ornyna bojyndagy bauyrmaldyk zhomart kishipejil siyakty kәmildiktin belgisi sanalatyn sipattar dәneginin onip osip zhetilui үshin su sebedi Қurban ajtta kurbandyk shaludyn үkimiHanafi mazһabynda Қurban ajtta shamasy zhetkenderge kurbandyk shalu uәzhip Allaһ Tagala Қuran Kәrimde Namaz oky zhәne kurban shal Kәusar 3 ayat dep әmir etip kurbandyk shaludyn uәzhiptigin bildiredi Pajgambarymyz s a u Kimde kim mүmkinshiligi bola tura kurban shalmasa bizdin namaz okityn zherimizge zhakyndamasyn dep bujyrgan Pajgambarymyzdyn s a u Қurban shalyndar Өjtkeni ol Ibraһim әkelerinnin sүnneti deui kurbandyk shaludyn uәzhiptigine teris emes Өjtkeni sүnnet zholy degen magynany bildiredi Bizge uәzhip bolgan kurbandyk shalu Ibraһimnin ah zhalgasa kelgen zholy degen magynany menzejdi Қurbandyk shalu belgili bir adamga uәzhip bolu үshin tomendegi sharttar kerek Musylman bolu Қurban ajt uakytynda zholaushy bolmau Negizgi kazhetterden tys nisap molsherindegi karzhyga ie bolu Nisap molsheri 85 gramm altyn yaki kunyna ten keletin aksha Zeket gibadaty siyakty kurbannyn uәzhip boluy үshin nisap molsherine zhetken malga bir zhyl toluy shart emes Қurbandyk shalgan uakytta mindetti tүrde niet etu kerek Өjtkeni maldy gibadat үshin soyatyny siyakty tek kana egin pajdalanu үshin de soyuga bolady Қurbandyk shaludyn uakyty Қurban ajttyn birinshi kүni ajt namazynan kejin bastadyn ajttyn үshinshi kүni akshamga az uakyt kalganga dejin zhalgasady Үzir sebepterge bajlanysty Қurban ajt namazyna bara almaj kalgan adamnyn namaz okyp bolatyndaj uakyt otkennen kejin kurbannyn shala beruine bolady Pajgambarymyzdan s a u Қurbandyk shaludyn uakytyna bajlanysty birneshe hadis riuayat etilgen Bәrә ibnu A zibtin riuayaty bojynsha Allaһtyn Elshisi s a u Bizdin bul kүnde algashky zhasajtyn isimiz namaz oku sosyn kajtyp kelip Қurbandygymyzdy shalu Kim osylaj istese bizdin sүnnetimizge ergeni Al kimde kim budan buryn kurbanyn shalatyn bolsa bul kurbanynyn otbasyna berilgen etten ajyrmashylygy zhok Bunyn kurban boluy mүmkin emes Baska bir hadiste Kimde kim namazdan buryn kurbanyn shalsa kajtadan shalsyn dep namazdan buryn shalyngan maldyn kurbandykka eseptelmejtinin eskertedi Қurbandykka shaluga bolatyn malTek koj eshki siyr zhәne tүje maldaryn gana kurbandykka shaluga bolady Қurbandyk retinde shalynatyn koj zhәne eshki kem degende bir zhasar siyr eki zhasar tүje bes zhasar boluy kerek Alty zheti ajlyk kepe kozy bir zhasar koj siyakty semiz etti bolsa kurbandykdykka zharajdy Қoj men eshkinin erkegin siyrdyn urgashysyn shalu abzal Elik arkar siyakty ajdar men tauyk koraz kaz үjrek siyakty kustar kurbandyk retinde sojylmajdy Қurbandykka shalyngan maldyn eti men terisi Baj bolsyn kedej bolsyn Қurban ajtta shalgan Қurbandygynyn etin zheuine bolady Қurbandykka shalyngan maldyn etin үsh bolikke bolip taratu mustahap Bir boligi tugan tuys baj bolsa da korshilerine syjga tartylady ekinshi boligi kedej zhәne muktazh adamdarga үshinshi boligi ozinin otbasyna bala shagasyna beriledi Allaһ Tagala Қuran Kәrimde Қurbannyn eti turasynda bylaj dejdi Қurbannyn etinen ozderin zhender әri miskinder men kedejlerge zhegizinder Hazh 28 ayat Pajgambarymyzdyn s a u shalgan Қurbannyn etin kalaj taratkany turasynda Ibnu Abbas bylaj dep riuayat etti Pajgambarymyz s a u shalgan Қurbandygynyn үshten birin otbasyna үshten birin kedej korshilerine kalgan үshten birin sadaka retinde taratatyn Uәzhip bolsyn nәpil bolsyn Қurbandykka shalyngan maldyn egin terisin sirak basyn zhәne sүtin satu mәkrүһ Қurban malynyn atalmysh bolshekteri satylgan zhagdajda kuny kedejlerge sadaka retinde beriledi Қurbanga shalyngan maldyn eshkandaj bolsheginen kasaptyn akysy retinde toleuge bolmajdy Hazireti Әlidin bylaj degeni riuayat etildi Allaһtyn Elshisi s a u tүjeler Қurbandykka shalyngan uakytta basynda turuymdy zhәne terileri men zhүnderin taratuymdy әmir etti Olardyn eshbir nәrsesin kasap akysy retinde beruge magan tyjym saldy Қasap akysyn biz ozimiz beremiz dedi Muslim Hazh 348 Қurbandykka shalyngan maldyn terisin kedejlerge kajyrymdylyk korlaryna beruge bolady Қurbandykta kan agyzu negiz bolgandyktan mal sojyp kan agyzbasa Қurbandyk mindeti mojnynan tүspejdi Өlgen kisi ozinin atyna Қurban shaludy tapsyryp ketpese de sauabyn olige bagyshtau nietimen Қurban ajt kүnderinde Қurban shaluga bolady Shalgan Қurbannyn etinen zheuine ruksat Birak elinin tapsyryp ketken osietin oryndau nietimen shalgan Қurbannyn etinen zheuge bolmajdy Etin tolyk sadaka retinde taratu kerek AkikaZhana tugan sәbidin basyndagy shashyn akika dejdi Allaһ Tagalanyn nәsip etken perzentine shүkir retinde shalynatyn mal da akika Қurbany delinedi Akika Қurbanyn sәbidin tugan kүninen bastap baligat zhasyna tolganga dejin shaluga bolady Birak sәbige zheti kүn tolganda shalu abzal Sәbidin tuganyna zheti kүn bolganda aty kojylyp shashy alynady Alyngan shashtyn salmagynda altyn nemese kүmisti sadaka retinde beru sүnnet Қurbannyn da sol kүni shalynuy mustahap Pajgambarymyz s a u eki nemeresi Hazireti Husajn zhәne Hasan үshin akika Қurbanyn shalgany riuayat etiledi Қurban ajtta Қurbandykka zharajtyn maldar akika Қurbanyna da zharajdy Қyz balalar үshin de akika Қurbanyn shalady Akika Қurbannyn iesi etinen zheuine zhәne baskalarga sadaka retinde taratuyna bolady Akika Қurbanyn shalar kezde Bismillaһi Allaһu әkbar Allaһym bul senin rizalygyn үshin shalyngan pәlenshenin akika Қurbany delinedi Қurbandyk әdepteriҚurbandyk retinde shalynatyn maldy kinamau үshin otkir pyshak koldanu kerek Maldy soyu үshin zherge zhatkyzgannan kejin pyshakty koz aldynda zhalaktatyp kajrau mәkrүһ Al kinamaj soyu sүnnet Pajgambarymyz bir hadisinde bylaj dejdi Maldy bauyzdagan uakytta zhaksylap bauyzdandar Kimde kim mal sojsa pyshagyn zhaksylap kajrasyn zhәne tezirek bauyzdap maldy rahatyna kauyshtyrsyn Muslim Sajd 57 Қurbandyk retinde shalynatyn mal kubylaga karata zhatkyzylyp duga retinde myna ayat okylady Inna salati ua nusuki ua mahiana ua mәmәti lillәһi Rabbil a alamina lә shәrika lәһ Әngam 162 ayat Kүmәnsiz menin namazym zhәne baska gibadattarym omirim de olimim de bүkil әlemderdin Rabby Allaһ үshin Onyn esh serigi zhok Odan kejin Allaһu әkbar Allaһu әkbar lya ilaһa illalloһu uAllaһu әkbar Allaһu әkbar ua lillaһil hamd dep tәkbir ajtyp Bismillaһi Allaһu әkbar dep bauyzdalady Tek kana Қurbandyktyn iesinin gana Bismillaһi Allaһu әkbar deui zhetkilikti emes Қurbandykty bauyzdagan adam da Bismillaһi Allaһu әkbar deui kerek Әdeji umytpagan Bismillaһ dep ajtpasa Қurbandygynyn etin zheuge bolmajdy Өjtkeni Allaһtyn aty ajtylyp bauyzdalmagan maldyn etin zheu haram Қurbandyktyn iesi Қurbandykty bauyzdajyn dep zhatkan kasaptyn kolynyn үstine kolyn kojyp birge bauyzdasa ekeuinin de Bismillaһ dep ajtulary kerek Sojylatyn mal Қurbandyk nietimen bauyzdalu kerek Maldyn zhany shykkannan kejin baryp kana terisi sypyrylady Zhany shykpaj zhatyp basyn kesip alyp tastau nemese terisin sypyru mәkrүһ Birigip kurbandyk shaluҚoj nemese eshkini tek kana bir adam kurbandyk retinde shala alady Al siyr nemese tүjeni yagni iri karany bir kisinin zhalgyz ozi үshin shaluyna bolatyn siyakty zheti kisige arnaj ortak shalularyna bolady Қurbandy ortaktasyp shalgan uakytta әrbir adam kurbandyk shalu nietimen ortaktasuy kerek Bir kisi kurbandyk үshin al ekinshi bir kisi tek kana etin alu nietimen ortaktassa shalyngan mal barlyk ortaktar үshin kurbandyk bolyp eseptelmejdi DerekkozderIslam Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 322 1Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul Islam turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz